Инфоурок Другое КонспектыКонспект на тему "Ақтоғай топонимикасы"

Конспект на тему "Ақтоғай топонимикасы"

Скачать материал

Кіріспе

      

       Адамзат қоғамы табиғаттың негізгі құрамдас бөлігі бола тұрып, сан ғасырлар бойы табиғатпен тығыз байланыста болған. Сонымен қатар, ежелгі түркі халқы оның ішінде кейін пайда болған қазақ халқы да табиғатқа едәуір әсерін тигізіп отырған. Олар табиғатпен үйлесімділікте өмір сүрудің мол тәжірибесін жинаған  халық. Түркі халқы Еуразия құрлығының көп бөлігін жайлай отырып, оның табиғатына ерекше әсер еткен, оны біз қазіргі бізідің кезеңімізге дейін сақталып келген әртүрлі табиғи және жасанды нысандардың атауларынан ақ білеміз.

       Географиялық атаулар сол жердің физикалық географиялық ерекшеліктерін айқындап береді, сонымен қатар олар жергілікті халықтың сауаттылығын ғана айқындап қоймай, мұнымен бірге ол осы атаулар арқылы ұрпақтан ұрпаққа мирас болып қалып отырған. Міне осылайша қазақ даласының топырағында туып өскен жас өркен өзінің туған жері жайлы білімді табиғи нысандардың атауынан ақ біліп, өз тәжірибесін, туған өлкесі жайлы білімін толықтырып отырған. Қазақтың жер су атаулары ұлттық тіл мен этникалық мәдениеттің құрамды бөлігі ретінде танылып, халықтың тарихи жадынан үлкен орын алды. Жер-су аттарының тіл білімі, тарих және география секілді ірі үш ғылым саласының түйіскен жерінен шығуы оның күрделі сала екенін көрсетеді. 

       Бірнеше ғылымдардың (тарих, география, лингвистика)  түйісу кезеңінде,  кейінгі онжылдықта тіл білімінің жаңа саласы – ономастика пайда болды, ол заттардың атаулары туралы ғылым және оның бөлімдерінің бірі – топонимика болып табылады. «Топонимика» греку тілінен аударғанда «жерлердің атаулары» деген мағынаны береді, яғни географиялық объектілер (өзен, көл, теңіз, тау, елді мекендер және т.б.) жайлы ғылым. Бұл ғылымның негізгі міндеті – географиялық объектілер атауларының неге және қалай пайда болғаны туралы түсіндіру, сонымен қатар топонимикалық құжаттарды жинау, жүйелеу және ғылымға енгізу болып табылады.

Географиялық атаулардың негізгі міндеті – мекен-жайды анықтау деп есептейді топоним ғалымдар, алайда, бұл бір ғана себеп емес, топонимдердің атқаратын қызметі ұлан ғайыр, олардан көптеген ақпарат алуға болады: тұрғылықты халықтың тілдік ерекшелігін, халық миграциясын, аймақты қоныстандыру тарихын, атауларының пайда болуын, өзгертілуін барлығын тарихпен, халықтың дүниеге көзқарасымен, дінімен, шаруашылықты жүргізу салтымен, қоршаған табиғат ортасымен тығыз байланысты болып келеді.

Географиялық атаулар(топонимдер) – бұл ең алдымен сөз, ол тілдік заңдарға, грамматикаға бағынуы тиіс, алайда, топонимдер ерекше сөздер, олар тек қана бір ғана затқа тәуелді атау және орфография заңдарына әр кез бағына бермейді.

Қзақ ономастикасының жалпы мәселелеріне қатысты осы саланың негізін қалаушылар Ә. Абдрахманов, Е. Қойшыбаев, Т. Жанұзақов, О. Султаньяев, Е. КЕрімбаевтардың белгілі зерттеулерімен қатар соңғы он жиырма жыл ішінде аймақтық топонимика мәселелеріне қатысты жұмыстармен В. У. Махпиров, Г.Б. Мәдиева, Қ.Қ. Рысберген, Г. Сағидолда, Б. Тілеубердиев, Ж. Жартыбаев, Б. Бияров, М. Қожанов, Б. Бектасова, С.Қ. Иманбердиева, А. Әлімхан, т.б. сынды ғалымдар еңбегімен толыға түсті. Бұл зерттеулер лингвистикалық сипатта болғандығын атап көрсеткен орынды. Географиялық ғылымдар тұрғысынан сараланған арнайы зерттеу ретінде Ғ. К. Қоншақбаевтың географиялық терминологиялық мәселелеріне арналған еңбектерін айрықша атауға болады. Жалпы топонимдер табиғат ортасымен байланысы Э. М. Мурзаев, Ә. С. Бейсенова, С. А. Әбдірахманов, Б. А. Будагов, Ғ. Қонқашбаев, А. П. Горбунов, Ж. Д. Достай, К. Д. Каймулдинова, А. С. Омарбекова, Ә. Е. Аяпбекованың, А. У. Мақанова, Қ. Т. Сапаров еңбектерінде көрініс тапты. (1)

Осы ғалымдардың еңбектерінде жер-су атауларының жергілікті халықтың тұрмыс тіршілігімен, тілдік ерекшеліктерімен әр түрлі тарихи кезеңдермен, тұрғылықты халықтың әлеуметтік экономикалық жағдаймен байланысы тереңнен зерттелді.

Жоғарыда айтылған сөзімді қорытындылай айта кететін болсам, мен өзімнің бұл дипломдық жұмысымды Ақтоғай ауданы және оның географиялық объектілерінің шығу тегіне арнағым келіп отыр, яғни осы дипломдық жұмысым тұтастай топонимика тақырыбына арналады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1 Ақтоғай ауданы топонимдерінің қалыптасуының физикалық-географиялық және тарихи-географиялық алғышарттары

 

 

1.1  Ақтоғай ауданының физикалық-географиялық жағдайы және аймақ топонимиясының қалыптасуындағы ролі

 

Павлолдар облысы Қазақстанның Солтүстік-шығыс бөлігінде орналасып, ауданы 124,8 шаршы км-ге тең. Ал Павлодар облысында орналасқан Ақтоғай ауданы болса, Павлодар облысының 7,8 % - ын алып жатыр. Ақтоғай ауданы Батыс Сібір ойпатының Оңтүстік шетінде орналасқан. Пайдалы қазбалардан құм, башық бар. Ауа-райы әдеттегі қоңыржай ендіктегі шұғыл континенталды ауа-раймен сәйкес келеді. Аумағы, Оңтүстіктен Солтүстікке қарай қарай 510 231 с.е. – 520 751 с.е., және Батыстан Шығысқа қарай 730 551 – 750 901 ш.б. аралықтарын қамтиды. Ауданның әкімшілік орталығы – Ақтоғай ауылы. 13 ауылдық округтен тұрады. Ауданның Солтүстігінде Ертіс ауданымен, Оңтүстігінде Ақсу және Екібастұз қалаларының әкімшілік аумақтарымен, Батысында Ақмола және Солтүстік Қазақстан облыстарымен шектесіп, Шығысында Ертіс өзені арқылы Қашыр және Павлодар аудандарынан бөлінген. Ауданның шығыс шекарасынан әлемге әйгілі Ертіс өзені ағады. Географиялық орналамуының осындай ерекшеліктері ауданның географиялық атауларының, тарихының, тұрмыс-тіршілігінің өзінше көрініс табуына ықпал етті. Жоғарыдағы айтылған ерекшеліктерінің барлығы Ақтоғай ауданының өзінше ерекше бір үлкен аймақ екендігін көрсетеді.

Аудан территориясы толығымен Батыс Сібір жазығы мен Ертіс маңы жазығына еніп жатқандықтан жер бедерінде едәуір ерекшеліктер байқала қоймайды. Негізінен жері біркелкі жазықты болып келеді, орташа абсолюттік биіктігі 300 м-ден аспайды. Абсолюттік биіктігі 120 – 125 м-ге тең болса, салыстырмалы биіктігі 10 – 15 м-ге тең. Аудан территориясында Ақтөбе (200 м), Қоянды (150 м) сияқты ұсақ төбелер бар, бірақ олар да айқын көрінетін биіктіктерімен ерекшелене қоймайды. Жер бедері Батыстан Шығысқа қарай төмендей береді. Қиыр оңтүстік батыс бөлігінде жер бедері орташа биіктігі 300 м болса, аудан территориясының қалған бөлігінің биіктігі 200 м-ден аспайды. Биіктігі 30 м-ге жететін аймақ, аудан территориясының шамамен небары 5% - ын алып жатыр.

Батыс Сібір жазығы мен Ертіс маңы жазығында орналасқан Ақтоғай ауданы үшін жер бедерінің орташа биіктігі 200 – 100м болуыөте қалыпты-ақ. Осы жазықтардың ойпатты жерлерінде көптеген ағынсыз тұйық көлдер кездеседі. Ертіс өзенінің деңгейінен төмен жатқан Жалаулы, Шолақ, Шүрексор т.б. көлдерді атап кетуге болады. Қазаншұңқырда орналасқан көлдердің жағалау беткейлері көптеген терең жыралар, сайлармен тілімделген. (2)

 Ертіс өзенінің аңғары Ертіс маңы жазығынан сол жағалық және оң жағалық бөліктерге бөлінеді. Оң жағалауы жарқабақты болып келеді. Сол жағалауы кең қолаттармен ерекшеленіп, Ертіс өзеніне қарай төмендей береді. Солтүстік шығыс жайпақ жондармен жолдар тізбектерінен тұрады және арасында өскен қайыңды, қайыңды-көктеркті шоқ ормандар кездеседі. Оң жағалаудың шығыс бөлігі таспалы қарағай (реликт) ормандарымен ерекшеленеді. Ежелгі Ертіс өзені маңы жазығы үштік дәуірдің шөгінді жыныстарынан қалыптасқан. Гипсті, сазды, құмды, сары топырақты саздақты қабаттарымен жабылған жер қыртысының қалыңдығы 2000 м-ге жетеді. Бұл шөгінділер төрттік шөгінділермен: құм, саз, саздақтармен жабылып, жалпы қат-қабаты 4-20 м қалыңдықты құрайды. (1)

Ертіс өзенінің сол жағалауы ежелгі өзендер арналарының орнымен толығып тұрады, бірақ бұл осы сол жағалаудың жер бедерінде нашар көрініс тапқан. Бұл өзендердің кейбіреулері әлі күнге шейін бар, соның ішінде едәуір ұзындары Ақтоғай территориясындағы Ертіс өзеніне келіп құятын Өлеңті және Шідерті өзендері. Сол жағалауында жер бедерінің нашар тілімделген екенін жоғарыда атап өттік, тек Жалаулы, Қарасу, Шүрексор көлдерінің қазаншұңқырлары ғана салыстырмалы түрде айқын аңғарылады және осы көлдер Орталық Қазақстандағы ұсақ шоқылардан келген сулардың есебінен пайда болған өзендер деп есептеледі.       

Бұрынғы Куйбышев, Краснокутск болып алма-кезек аталып келген аудан мұндағы тұрғындардың көңіл қалауымен қазір Ақтоғай ауданы болып жаңа картаға түсірілді.

Бұл өңір – жері орташа есеппен 15,2 бонитет баллды, қара қоңыр топырақты, топырақ құнарын беретін қара шірік өте аз болғандықтан, негізінен сазды, кермекті сұр топырақты.

Мұнда жау шалғын,кермек (Қазақстанда оның он сегіз түрі өседі(, көмескі изен, кәдімгі бетеге, жусан,тырса, садақ боз жусан, қызғылт жусан, дәнді жусан сияқты жусанның көптеген түрлері (Қазақстанда оның 33 түрі өседі), қызылот арпабас, қылтықсыз арпабас, қияқ, жіңішке қияқ,сұр шытырма, түлкі құйрық қау, бұта түрінде өсетін сиырсілекей, бағалы мал азықтары: көк шисабақ, қоңырбасы жатаған бидайық, ақ баттауық, қалың қау, өлке шөбі, көп жылдық арам шөп – сұр сарықалуен (Қазақстанда оның он тоғыз түрі өседі), сондай-ақ, шатыраш, ақ бас жусан, күміс қаз табан, орал миясы тәріздес дәрілік шөптер өседі.

Ауа райының басты өзгешелігі – континенталды және құрғақшылықты болуы.Көктемде және жазда үнемі қатты жел тұратындықтан, ылғал ұзақ сақталмайды. Көктемнің соңында және күздің алғашқы күндерінен бестап топырақ бетін тоңазытатын салқын түседі, қысы қарлы аязды, боран жиі болады. Қыстыгүні көбінесе жел батыс және оңтүстік батыстан соғады.

Табиғат байлығы тіршілік көзі. Жазғытұрым Ерейменнің күнгейіндегі Сейтен, Нияз тауларының бөктерінен бастау алатын Шідерті мен Өлеңті өзендері тасығанда Әулиекөл, Бозайғыр көлі, Бәсентиін көлі, Тоқкөл, Өмірзақ көлі, Қылдыкөл және басқа бірнеше көлдерге су жайылатындықтан, бұл алқап «Ақкөл жайылма» деп аталған. Тасқынның екпіні «Ақкөл» өңіріндегі «Басқамыс» ауылы (тоғызыншы ауыл), Ортақоға, Қарақоға қара сулары, «Жалғызқұдық» ауылы (оныншы ауыл, «Шұға» колхозы), «Қарабидайық» ауылы («Жаңа талап» колхозы) төңірегіндегі Қарасу, Ақас өзендерінің, одан әрі Жалаулы көлінің арналарын толтырып, жайылатын еді, - дейтін табиғат байлығына қарық болған көнекөз қариялар. Су келетін мезгілді ауыл адамдары құлшына күтетін. Оларды табиғат құдыреті, дәлдігі таңдандыратын, тамсандыратын еді. Ғажабы сол – Шідерті мен Өлеңті өзендерініңарнасымен судың жайылуы жер жіби қоймайтын, сәуір айының басында басталатьыны. Тоң бетімен лықсыған су аумаққа ақтарыла жайылады да, жаздың орта шеніне дейін тұрып, жерге сіңеді. Ол жердегі өлке шөбі белуардан өсетін.

Айдын-шалқар көл беттерінде жылы жақтан қайтқан аққу, қаз, үйрек және басқа да көптеген құстар ұя салып, жұмыртқалап, тасқынмен келген балықтар уылдырығын шашып, өңірге береке беретін.

Қарт Ертістің осы өңірдегі сол жақ бойын Керей, Күрлеуіт, Итемген, Кенжебай, Хангелді, Ақтілестен тараған ұрпақтар иеленген.

Геологиялық құрылысы және пайдалы қазбалары. Ақтоғай ауданы Павлодар облысындағы бар Қазақтың қатпарлы елі – Сарыарқа мен Батыс Сібір жазығының оңтүстік шетінде орналасқан және қиыр Оңтүстік-батыс бөлігі Сарыарқаның шетіне ілінеді. Геологиялық құрылымын эффузивті, шөгінді жыныстар құрамы анықтайды. Стратиграфиялық қимасында палеозойға дейінгі төменгі, орта, жоғары, палеозой,мезозой, кайнозой түзілімдері кездеседі. Ежелгі палеозой жыныстары негізінен ауданның Оңтүстік-батыс бөлігінің әрқилы геологиялық тарихы бар пенепленді орталық Қазақстанның ұсақ шоқыларында кездеседі. Қатпар қалыптасуының бірнеше реттік процесстері теңіздің трансгрессиясы мен регрессиясымен аусып отырды. Палеозойдың аяғы мен мезозойдың басында Павлодар облысының аумағында геосинклинальді даму кезеңі аяқталып, жер қыртысының даму кезеңінде магнетизм, пневмогидротермальді процесстер әрекетінен жас Батыс Сібір платформасы қалыптасты. Мезозойдың ұзақ мерзімді континентальді кезеңі денудация процессінің болуына және соған байланысты қалың қыртыстың қалыптасуына оң ықпал етті. Батыс Сібір плитасының іргетасы мезозойлық, кайнозойлық,шөгінді жыныстармен жабылған, литосфералық тыстың қуаттылығы 2500 – 3000 м-ге дейін жетеді. Климаттың өзгерісі, мұз басу, тектоникалық тербелістер,эрозиялық-аккумулятивті процесстер төрттік кезеңде жер бедерінің негізгі пішіндерін қалыптастырды.

Кембрий-силур кезеңінің жыныстары болып негізінен метоморфозды  - сланцы, мәрмәрға айналған бор, яшма, профирит, туф. Каледон қатпарлығының нәтижесінде жыныстар құрамына ультранегізді жыныстар габбро мен диорит енді. Қазіргі кезде олар антиклинальдарда жер бетіне шығады және ол темір, мыс, никель, хром пайдалы қазбалардың болуымен ерекшеленеді.

Девонның аяғында теңіздік жыныстаржиналады, оның құрамында жер асты суларын жинаған бор көп кездеседі.

Ертіс өзені аңғарында теіңздік палеогендік батпақ, мергель, құмдақ жыныстары көптеп кездеседі.

Төрттік кезеңінде аудан территориясында, әсіресе Ертіс маңы ойпатында, құм, суглинки, галечники кездеседі. Оны тұрмыста құрылысматериалы ретінде қолдануға болады.

Ауданымыздың жер қойнауы бағалы металлдармен ас тұзына бай. Тұз тұнба, тұзды көлдердің саны көпшілік. Ауданның аумағында табиғи байлық тұз қорының бар болуын сипаттайтын топонимдерге: Бестұз, Тұз, Бастұз, Ащыкөл, Ащыбай, Соленка, т.б. мысал бола алады.

Ақтоғай ауданының аумағының жер бедері әркелкілігімен ерекшелене қоймайды, территориясының барлығын дерлік жазық жер алып жатыр. Дегенмен аудан территориясында жер бедерінің және геологиялық құрылысының ерекшеліктерін айқындайтын жер-суаттары жетерлік: Таскүйе, Сай, Қараой, (жайлау), Ақтөбе (тау), Жосалы, (өзен), Көктас (қоныс), т.б.  

Климаты. Еуразия құрлығының ортасында орналасқан Ақтоғай ауданының климаты шұғыл континентальды болып келеді, қысы суық, қары аз болады, орташа ұзақтығы 5 – 5,5 айға созылады. Қысының өте суығы соншалық кей жылдары қақаған қыс күндері ауа температурасы – 500С – қа шейін төмендеуі мүмкін. Қаңтар айының орташа температурасы  – 17; – 180С. Қар жамылғысының қалыңдығы – 10 – 20 см, қардың жату ұзақтығы 150 – 160 күнге созылады. Көктемгі-жазғы кезең құрғақ болады. Көктемгі үсік кеш түседі. Жазы ыстық әрі қысқа, ұзақтығы 3 ай. Құрғақ желдер, жауын-шашынның аз түсуімен ерекшеленеді. Ауа температурасы ең жоғары көтерілгенде  +400С – қа дейін жоғарылауы мүмкін. Шілде айының орташа температурасы +200С – қа тең. Жауын-шашынның 70% – ы жаз айларында түседі. Күзгі үсік ерте түседі.

Жыл бойына үнемі аңызғақ жел соғып тұрады. Ауаның орташа жылдық температурасы +2; +30С. Жауын-шашынның жылдық орташа мөлшері 250 – 300 мм.  Өсімдіктердің өсіп-өнуіне қолайлы вегетациялық кезең 160 – 170 күнге созылады.

Климатындағы ауа-райының қолайлы-қолайсыздығын білдіретін топонимдер: Мұздыалқа (ескі мекен), Мұздығопа (қоныс).

Аудан территориясы аса үлкен аумақты алып жатпағандықтан және жер бедері тегіс болғандықтан климатында едәуір әркелкілік байқала қоймайды.

Климатының қалыптасуында негізінен қоңыржай ендіктегі континентальді ауа массалары әсертетеді. Ол материктің өзінде қалыптасады, сол себепті қыс күндері ол өте суық, ал жаз күндері аса ысқықтығымен ерекшеленеді.

Ішкі сулары. Аудан аумағы түгелімен жазық болып келеді, геологиялық құрылымының даму ерекшеліктері, климаттың шұғыл континенттігі аймақтағы гидрологиялық желіні жүелі түрде сипаттайды.

 Ертіс өзені негізгі су магистралі болып табылады. Өзен Ақтоғай ауданының шығыс бөлігінде ағып өтеді. Ол теңіз деңгейінен 2400 м биіктіктен Моңғол Алтайынан бастау алады да, Алтайдың мұздықтарынан басталатын Қара Ертіс, Қу Ертіс, Бала Ертіс, Бұлғын-Шыңғыл, Қыран, Бұршын Қоба өзендерінің суын қосып алып, ағысы долы тау өзендерінде Қазақстан шекарасына шығады. Бұл жерден Алқабек саласы құйып, Марқакөлден ағып шыққан Қалжыр өзені қабылдап, Қара Ертіс деген атпен Зайсан көліне келіп құяды, осы жерде өзен бойында Қазақстандағы ең ірі жасанды су қоймасы – Бұқтырма бөгені құрылған. Ұзындығы 4551 км-де Ертіс өзені ағып шығады.  Ақтоғай ауданын өзеннің сол жағалауында орналасқан Ресей территориясы Объ өзеніне құяды. Арнасының ені 500 – 600 м, кейде 2150 – 3350 м, жайлмасының ені 15 – 18 км-ге жетеді.

Орталық Қазақстан, Павлодар облысын сумен қамтамасыз ететін ірі гидротехникалық құрылыс – Ертіс-Қарағанды каналы. Ертіс өзенінің сол жағалауынан Ақсу қаласы маңынан бастау алады.     

Өзеннің жағалауы шалғынды өсімдіктердің қорына бай, өзенде түрлі балық түрлері баршылық. Ертіс өзені аралас қоректенеді: көктемгі еріген сулармен жер асты суларынан басқа, жауын-шашынның суы және Алтай тауларының бұлақтарының да үлкен маңызы бар.

Өзен аудан территориясындағы негізгі өзен болғандықтан, ол жергілікті халықты ауыз сумен қамтамасыз етуде және ауыл шаруашылығында пайдалануда маңызы зор.

Бұдан басқа ауданда ірі өзендер жоқ, кіші өзендер де азшылық, олардың көпшілігі құрғап қалатын (без сточные) өзендер, олар: Қарасу, Байсымақ, Сазанбай, Исантерек, Батпақ Үшкөл, Жұмажан, т.б. Көлдері көп, алайда олардың көпшілігі тұздалған болып келеді, оның себебі жер жамылғысының тұзды болуынан. Көлдердің ащы-тұзды болып келуінде климаттың, әсері негізгі басты рольді атқарады. Бұл тағыда біздің шұғыл континентальді климатының басты ерекшелігі болып саналатын ыстық жаз бен суық қыстың әсерінен. Көлдердің қалыптасуына тек қана әсер ететін тек қана жер бедері емес, сонымен қатар жер қыртысының су өткізбеушілік қасиеті де.  Олардың ең ірілері: Жалаулы, Шүрексор, Шығанақ, Бестұз, Тайқоңыр.

Аудан территориясындағы өзендер өзінің пайда болуы, үлкендігі, химиялық құрамы, шаруашылықтағы маңызы және пайдалану саласына қарай әр-келкі болып келеді. Негізгі қорек көздері жер асты сулары мен жауын-шашын сулары. Павлодар облысындағы 1200 көлдің жүзден (107 көл) асасы Ақтоғай ауданында орналасқан. Оның ішінде облыс бойынша ең ірілерінің қатарына қосылатын Жалаулы (398 шаршы км.), Шүрексор көлдері бар. 107 көлдің 57 – сі ащы-тұзды көлдер қатарына жатады, яғни ол көлдердің 52,8 % - ын алады. Аудандағы Бестұз, Қарақасқа көлдерінің тұздары жергілікті халықтың тұрмыс тіршілігінде маңызды роль атқарады. Қалған 47,2 % - ы суының тұздылығы едәуір аз көлдер қатарына жатқызуға болғанмен, ол ауыз су ретінде пайдаға асырылмайды, себебі бұл көлдер көлемі бойынша өте кішкентай, лайлы көлдер болып келеді. Ал Ертіс өзені тек қана жағалау маңында тұратын халықты ғана тұщы сумен қанағаттандыра алады. Сол себепті де аудан территориясындағы жер асты суларының халық шаруашылығында маңызы зор.

Циркуляция сипаты, жатысына қарай, жарықшақ, пластты (қат), грунт (еспе) жер асты сулары болып бөлінеді. Тау жыныстары негізіне байланысты вертикальді және горизонтальді бағытта ағатын жер асты суларының химиялық құрамы өзгеріп отырады. Ақтоғай ауданының территориясында үштік және төрттік кезеңдердің пластты сулары кең таралған. Олар жеке-жеке бір жерлерге жиналып, өзінің құрамы бойынша әркелкі болып келеді. Үштік кезеңнің тұздалған балшығында қалыптасқан жер асты сулары қатты минералданған, оның кермектігі 55 неміс градусына тең болады.

Ертіс жайылмасында жер асты суларының тереңдік жатысы 0,5 – 5 м, терассаларында 10 -30 м-ге жетеді. Жер асты суларының режимін, су тасуы, атмосфералық жауын-шашынның сіңуі реттеп отырады. Жарықшақты сулар тереңдік жатысы 5 – 15 м, кейде 35 м-ге жетеді. Суының минералдану дәрежесіне табиғаттағы су айналымы әсер етеді.

Жер асты суы қорының мол болуы өзен, торының жиі болуына және көлдерідің көп болуына өз септігін тигізеді. Себебі Ақтоғай ауданының материктегі алатын орнына, жер бедеріне қарай отырып, беткі сулардың негізгі қорек көзі де осы жер асты сулары екенін байқау қиындық туғызбайды. Көшпелі мал шаруашылығымен айналысқан ежелгі қазақ қоғамы әр су нысанының ерекшеліктеріне қарай (түсі, көлемі, жағалауының табиғаты, жағалау сызығының ерекшеліктері, мекендейтін тіршілік дүниесі, т.б.) оларға атау беріп отырған: Алакөл, Ащыбай, Ұзынсор, Үлкенсор, Сасықсор, Шұңқыркөл, Қарқаралы, Қарақоға, т.б.

Топырақ жамылғысы – табиғаттың ерекше бір туындысы. Ол табиғаттың барлық туындысы. Ол табиғаттың барлық туындылары сияқты өлі не тірі табиғатқа жатпайды, ол – аралық дүние. Топырақты өлі табиғатқа жатқызар болсақ одан басқа табиғаттың небір тіршілік дүниесі нәр алып өсіп өніп шығады. Топырақсыз тіршілік жоқ. Тірі табиғатқа жатқызар едік, ол жансыз минералдардан тұратын зат. Топырақтың құрамы әркелкі болады, оның бойында тек қана жансыз минералдар ғана емес, сонвмен қатар құжынап жатқан сансыз көп миллиардтаған микроорганизмдер мен жәндіктер бар. (3) Ақтоғай ауданының топырағы солтүстіктен оңтүстікке қарай қара топырақтан қызылқоңыр топыраққа ауысады. Қарашіріндінің қуаттылығы 20 см-ге жетеді. Ертіс өзені аңғарында аллювиальді топырақ кездеседі. Топырағы егін шаруашылығын жүргізуге және жайылым ретінде пайдалануға өте қолайлы. Топырақтың ерекшеліктеріне қарай кездесетін топонимдер: Батпақ, Ақтөбесор, Қорыс, Көктас, т.б.

Өсімдік жамылғысы. Ақтоғай ауданы дала зонасында орналасқан және өсімдік жамылғысымен өте жақсы жамылған. Ауданымызда бетеге, селеу, жусан және тағы басқаөсімдіктер өседі. Дәрілік өсімдіктерден түймедақ, подорожник, тысячелистник өседі.

Ертіс өзені өңірін бойлай жалқарағай, терек, ақтерек, үйеңкі, қайың, осина; бұталардан мойыл, долана, итмұрын, тал тобылғы өседі. Өсімдіктердің өсу орнын, қай жерде шоғырланғанын байқапотырған аңғарғыш қазақ аталарымыз жер-су атауларына да өзіндік атау берген: Талды, Қоға, Басқамыс, Шілікті, Егінді, Қарақоға, Ақтоғай, т.б.

Жануарлар дүниесі.  Қазақстанның географиялық карталарында өзен, көл, қоныс, орографиялық нысандарда жиі кездесетін  жануарлар атаулары, қоршаған ортаның бұрынғы және қазіргі ландшафтысының қалыптасуында маңызды роль атқарады. Бакланское, Көкиткөл, Шортанкөл, Сазанбай, т.б. секілді өзен-көл атаулары, орографиялық нысандарда кездесетін аң-құс атауларынан Қоянды, Арқарлы, Бүркітті, Аюлы, Бөрілі, т.б. географиялық нысандардың көрінісін маңызды сипаттарымен толықтырып отыр. Өсімдік жамылғысымен бірге климаттық жағдайлар жануарлар дүниесінің біршімі таралуына әсер еткені байқалады. Аудане территориясында дала тышқаны, көртышқан, суыр, саршұнақ, қосаяқ, тәрізді, ұвсақ кемірушілер кездеседі. ΧΧ ғасырдың 30 – 40 жж Солтүстік Америкадан әкелінген ондатра (су тышқаны) Қазақстанның өзен-көлдеріне көндігіп те кеткен. Сол сияқты терісі бағалы, аңшылық мақсатында түлкі, қарсақ, қоян, сасық күзен, борсық, суыр ауланады.

Қандай да болмасын табиғат жағдайына бейімделген жануарлар дүниенің ареалы аумақтың географиялық атауларында кездесетіні анық. П.С. Паллас (1769 – 1770 ж) Ертіс өзені бойымен жүргізген ғылыми зерттеулерінде, орманды дала, дала зоналарында бөкен, құлан, марал, қабан, т.б. жануарларды көргенін жазады. Деректерді жинау барысында топонимдер құрамында марал, бөкен, қоян, түлкі, шошұа, аттарының қатысуы арқылы топонимдер анықталды. Аталған жануарлар арқылы қалыптасқан топонимдер бұрын осы жануарлар түрлерінің кең таралғанынжәне оларды тіршілікте пайдалануынан геоэкологиялық мол ақпарат бере алатындығымен палеэкологиялық зерттеуге кеңінен жол ашады.   

  Осы Ақтоғай ауданының географиялық объектерінің атауларының өзі ақ, оның физикалық географиялық ерекшеліктері жайлы мол мағлұмат береді.

Көлдердің атаулары жалпы топонимикада жеке бөлім болып лимнология ғылымы деп аталады. Сонымен қатар көлдердің атаулары да әр түрлі табиғи жағдайларға байланысты қойыла береді, мысал ретінде айта кетсем: жағалауының немесе түбінің  жер бедеріне,суының физикалық, химиялық қасиеттеріне, маңайындағы тіршілік дүниесіне, жағалауының тілімдену ерекшеліктеріне және тағысын тағы жағдайларға байланысты атауларын қоя береді.   Жер бедерінің ерекшеліктерініе және жағалауының тілімдену ерекшеліктеріне  байланысты қойылған көл атаулары:

Ақтөбесор – ащы-тұзды көл, Қойбағар көлінен оңтүстік-шығысқа, Жарсор көлінен солтүстік-батысқа  қарай орналасқан көл. Бұл көлдің атауынан  ол тек қана төбенің маңында орналасқанын ғана біліп қоймай, сонымен қатар бұл көлдің сорға айналғанын да білуге болады.

Балтасап – Жалаулы көлінен оңтүстік-шығысқа, Шығанақ көлінен солтүстік-батысқа қарай орналасқан көл. Жағалауы балтаның сабына ұқсас болып келетін көл деген мағынаны береді.

Баскөл – Ертіс өзенінің орта ағысының сол жағалауында, Жаңабет ауылынан солтүстік-батысқа қарай орналасқан көл. Орналасуына байланысты қойылған атау, яғни бас көл деген жоғарыдағы, басты көл деген мағынаны береді.

Бастұз – ащы-тұзды көл, Қойбағар көлінен солтүстік-батысқа, Қарқаралы көлінен оңтүстік-батысқа қарай орналасқан. Бұл көлдің атауы қос сөзден тұрады, сол себепті оның атауы тек қана жер бедеріне байланысты қойылған деп қоймай, сонымен қатар судың химиялық құрамын анықтайтын атау деуге де болады.  «Бас» сөзі жоғарыда орналасқан деген мағынаны берсе, ал «тұз» сөзі оның химиялық құрамын, яғни көлдің тұзды екені жайлы мәлімет береді.

Глубокое – Ертіс өзенінің орта ағысының сол жағасында, Мүткенов ауылынан оңтүстік-шығысқа қарай орналасқан көл. Атауынан көлдің түбінің терең орналасқанын байқаймыз.

Дөңгелексор – Жалпақсор көлінен солтүстік-шығысқа, Тайқоңыр көлінен солтүстік-шығысқа қарай орналасқан тұзды көл, атауы көлдің жағалауының дөңгелек пішініне байланысты «дөңгелек» және көлдің тұздылық дәрежесіне байланысты яғни химиялық құрамының ерекшеліктеріне байланысты «сор» деп аталады.

Жалпақкөл – Ертіс өзенінің орта ағысының сол жағасында, Мүткенов ауылынан оңтүстік-шығысқа қарай орналасқан. Көлдің атауы оның кең алқапты алып жатуына байланысты қогйылған, яғни ол да өзінше жер бедеріне байланысты қойылған деп есептеуге болады, себебі көл айдынының кең не тар болуы жер бедріне байланысты. Бұл ұғымды жанама түрде осы жер бедеріне байланысты қойылған деуге боады.

Жалпақсор – Қосерін көлінен оңтүстік-шығысқа, Тайқоңыр көлінен батысқа қарай орналасқан тұзды көл. Атауы қос сөзден тұрады, сол себепті екі мағынаны бідіреді, бірінші «жалпақ» сөзі өзеннің кең алқапты алып жатқанын білдірсе, келесі «сор» сөзі көлдің химиялық құрамының ерекшелігін, яғни оның тұзды екенін білдіреді.

Иірлі – Ертіс өзенінің орта ағысының сол жағалауында, Жаңабет ауылынан шығысқа қарай орналасқан. Атауы өзеннің иірімінің көп болумен байланысты қойылған.

Кочковое – Ертіс өзенінің сол жағасында, Қанай көлінен солтүстік-шығысқа қарай орналасқан. Атауының шығу тегі орыс тілінен алынған, орыс тіліндегі «кочка» сөзі қазақ тілінде «томар» деген мағына береді, яғни «Кочковое» сөзі орыс тілінен «томарлы» деп аударылады.

Көлденеңсор – Сасықсор көлінен солтүстік-батысқа, Жалаулы көлінен оңтүстік-шығысқа қарай орналасқанащы-тұзды көл. Атауының мағынасы – белгілі бір нысанға көлденең орналасқан суы сорға айналған көл деген мағынаны береді.

Кривая Ляга – Ертіс өзенінің орта ағысының сол жағасында, Чернорецкое ауылынан батысқа қарай және Ақтоғай мен Павлодардың шекарасында орналасқан көл. Атауы орыс тілінен енген сөз. «Кривая» сөзі қисық деген мағынаны береді, ал «ляга» сөзі сазды ой деген мағынада жиі қолданылады. Яғни бұл атаудың мағынасын  қисық сазды ойдағы көл деп түсінуге болады.

Кішкенесор – Ақтоғай ауданында осы аттас көлдер екеу, бірі Ақтөбесор көлінен оңтүстікке, Жапасор көлінен солтүстік-батысқа қарай орналасса, екіншісі Жамантұс көлінен оңтүстікке, Қарақасқа көлінен солтүстік-шығысқа қарай орналасқан. Екеуінің де мағынасы бір - аумағы кішкентай ғана болып келген сорға айналған көл.

Кіші Ойнақ – Тайқоңыр көлінен солтүстік-шығысқа, Қараоба ауылынан солтүстік-батысқа қарай орналасқан. Атауының мағынасынан көлдің кішкентай («Кіші») екенін ғана біліп қоймай, сонымен қатар оның маңында ойын ойнауға арналған ашық жер бар екенін («Ойнақ») байқаймыз.   

   Қараапан – Ақтөбесор көлінен оңтүстік-щығысқа, Ақтүйесор көлінен солтүстік-батысқа қарай орналасқан ащы-тұзды көл. «Қараапан» сөзінің жалпы мағынасы «Ескі қара құдық» дегенді білідреді. Көлдің бұлай аталу себептерінің бірі көл формасының ерекшелігінде, яғни аталған көл жағалауы жарлы, әрі тар болып келуіне байланысты болуы мүмкін.

Қарақасқа – Жамантұз көлдерінен оңтүстік-батысқа, Қарқаралы көлінен солтүстік-шығысқа қарай орналасқан. Көлдің атауы оның терең екенінен мәлімет береді. «Қара» сөзі жанама түрде терең деген мағынаны берсе, «қасқа» сөзі бұл жерде шөптің оспей қасқаланып қалғанын көрсетеді.

Қарқаралы – Бастұз көлінен солтүстік-шығысқа, Қарақасқа көлінен оңтүстік-батысқа қарай орналасқан ащы-тұзды көл. Қазақта Қарқара деген  қыз баланың бас киімі болып саналады. Адамның киімінің бұл түрінің көлге қойлу себебі, көлдің жағалауының жер бедерімен тығыз байланысты деп ойлаймын. Қарқара өзінің пішіні бойнша төбесі биік келген бас киім, сол себепті бұл көлдің жағалауы ойлы қырлы деп пайымдауға болады.

Қосерін – Ақтоғай ауданында осы аттас көлдер саны екеу, бірі Жамантұз көлдерінен шығысқа, Жалпақсор көлінен солтүстік-батысқа қарай орналасқан ащы-тұзды көл болса, екіншісі Үлкенсор көлінен солтүстік-батысқа, Сасықсор көлінен солтүстікке қарай орналасқан. Бұл маңайда бірі біріне жапсарлана, өте жақын орналасқан екі көл бар деп есептеуге болады. Көлдердің екіге бөлініп кетуі, жақын не бомаса алыс орналасуы жер бедеріне байланысты болғандықтан бұл көлдің атауын жер бедеріне байланысты пайда болған деп шештім.

Құманкөл – Ертіс өзенінің орта ағысының сол жағалауында, Жаңатаң ауылынан шығысқа қарай орналасқан, пішіні құманға ұқсас көл.

Мыңшұңқыр – Тобылғысор көлінен оңтүстік-батысқа Үлкенсор көлінен солтүстік-шығысқа қарай орналасқан ащы-тұзды көл. Мыңшұңқыр деп аталу себебі жағалауында не болмаса көлдің түбінің жер бедері ойлы шұңқырлы болып келген.

Перешейка – Ертіс өзенінің орта ағысының сол жағалауында, Жаңабет ауылынан солтүстік-шығысқа қарай орналасқан. «Перешейка» сөзі орыс тілінен келген сөз, эәне де қазақ тіліне аударғанда ол «мойнақ» деген мағынаны береді. Бұл да көлдің түбінің жер бедеріне байланысты.

Сапыкөл – Ертіс өзенінің орта ағысының сол жағалауында, Жаңатаң ауылынан шығысқа қарай орналасқан. «Сапыкөл» деп аталуының бір себебі «Сапы» сөзі «қылыш» деген мағына берсе, яғни бұл көлдің жағалауының пішінінің қылышқа ұқсас екендігін аңғартады.

  Спаренное – Ертіс өзенінің орта ағысының сол жағалауында, Чернорецкое ауылынан оңтүстік-батысқа қарай орналасқан. Орыс тілінен аударғандағы тура мағынасы «будандастырылған», ал көлге байланысты айтар болсақ бұл қосақталған көл деген мағынаны береді.

Ұзынсор – Жалаулы көлінен оңтүстік-шығысқа, Шығанақ көлінен солтүстік-шығысқа қарай орналасқан тұзды көл. Атауы бұл сорға айналған көлдің пішінінің ұзынша келгені туралы айтып береді.

Үлкенсор – Мыңшұңқыр көлінен оңтүстік батсқа, Сасықсор көлінен солтүстік-шығысқа қарай орналасқан тұзды көл. Аумағы кең сор деген мағынаны береді және бұл көлдің жер бедерінің ерекшелігін байқатады, бұл аймақтың жер бедері едәуір жайпақ екен.

Шоқпарсор – Қанай көлінен шығысқа, Қосерін көлінен солтүстік-шығысқа қарай орналасқан тұзды көл. Атауынан көлдің пішінінің шоқпарға ұқсас екенін байқаймыз, яғни бұл да оның жер бедерінің ерекшелігін және осы көл орналасқан жердің жер бедері қандай екені жайлы мәлімет береді.

Шолақсор – Қоянды тауынан солтүстік-шығысқа, Жақсытұз көлінен оңтүстік-шығысқа қарай орналасқан тұзды көл; Павлодар облысындағы Ақтоғай  ауданы мен Ақмола облысындағы Ерейментау аудандары шекарасында орналасқан тұзды көл. Бұл көлдің атауын тура мағынасында аударар болсақ «шолақ» яғни «қысқа» келген тұзды яғни сортаңданған көл деп аударуға болады.

Шұңқыркөл – Ертіс өзенінің сол жағасында, Қанай көлінен солтүстік-шығысқа қарай орналасқан көл. Көл генезисі бойынша шұңқырда пайда болған, ал атауынан алар болсақ ол терең шұңқырда пайда болғанын байқауға болады.

Ямка – көл Ертіс өзенінің сол жағасында, Мүткенов ауылынан оңтүстік-шығысқа қарай орналасқан. Атауы орыс тілінен шыққан «яма» сөзі «шұңқыр» деген мағынаны берсе «ямка» сөзі «шұңқыршық» яғни кішкене келген шұңқыр деген мағынаны береді. Жалпы бұл көлдің атауын кішкене шұңқырдың ойында пайда болған көл деп пайымдауға болады.

Ақтоғай ауданының табиғаты өте бай деп атап кеткенім қате болмас. Бір ғана жағалауының пішінінің ерекшелігіне және жер бедеріне байланысты қойылған көл атауларының өзі ақ қаншама екенінін байқадық. Міне осыдан да Ақтоғайдың жері оте бай екенін аңғаруға болады. Көлдер сияқты өзендер де топонимикада өзінше жеке ғылым болып саналады және оның өзіне тән жеке атауы бар, өзендерді ғылыми тілмен потонимдер деп атайды. Көлдердің жер бедеріне және де жағалауының пішініне байланысты бөлінгені сияқты өзендерді де осы критерийлер бойынша бөліп көрейік:

Құрттай – бастауын Жалпақсор көлінің оңтүстік-шығысынан алып, Тайқоңыр көлінің оңтүстік-батысындағы сорда жоғалады. Ағынсыз арна болып есептеледі. Өзінің ұзындығына байланысты аталған болуы керек.

Қызылжар – бастауы Жааңатаң ауылынан ауылынан солтүстік-батысқа қарай, Ломовая өзенінің сол жақ саласы, Ертіс өзенінің сол саласы. Атауының мағынасы мынаған келеді: өзеннің жағасы қызыл түсті әрі жарлы болып келеді.  

Үшайрық – Широкая Ляга көлінен басталады, Батпақ Үшкөл өзенінің оң құраушысы, көп тармағының сол саласы, Ертіс өзенінің сол тармағы; Ақтоғай, Павлодар аудандарына қарасты көл болып есептеледі. Атауы өзеннің үш арнаға бөліген екендігін аңғартады.

Көлдердің химиялық құрамына қарай мынадай атауларды кездестіруге болады: Жапалсор, Ұзынсор, Ащыбай, Бастұз, Қодарсор т.с.с. Көлдердің химиялық қасиеті дегенде халық негізінен оның тұздылығына көп көңіл аударады, сол себепті кездесіп отырған тұзды көлдер атауларының «сор», «тұз», «ащы» деген сыңарлары жалғанып отырады. Көл суларының тұздылығына байланысты кездеасетін атауларды жекелеп айтакетер болсақ:

Ақтөбесор – ащы-тұзды көл, Қойбағар көлінен оңтүстік-шығысқа, Жарсор көлінен солтүстік-батысқа  қарай орналасқан. Бұл көл сорға айналған, яғни бұл дегенміз ақтөбенің маңында орналасқан тұзды көл дегенді білдіреді. «Сор» дегеніміз қазақта тартылып қалған, яғни «сорылып» қалған көл дегенді білдіреді.

Ақтүйесор – Ақтөбесор көлінен оңтүстік-шығысқа, Жарсор көлінен солтүстік-батысқа қарай орналасқан ащы-тұзды көл. Мағынасы бойынша жағалауында ақ түйе жайылған сорға айналған көл деген мағынаны береді.

Ащыбай – Жалаулы көлінен оңтүстік-батысқа, Шолақсор көлінен солтүстік-батывсқа қарай орналасқан ащы-тұзды көл. Атауынан көлдің суының ащы алайда бай көл екенін білеміз.

Ащыкөл – Қанай көлінен солтүстік-шығысқа,Қожамжар ауылынан солтүстік-батысқа қарай орналасқан тұзды көл. Оның атауынан көлдің тұзы өте көп екенін аңғаруға болады.

Бастұз – Қойбағар көлінен солтүстік-батысқа, Қарқаралы көлінен оңтүстік-батысқа қарай орналасқан ащы-тұзды көл. Атауы жоғарыдағы тұзды көл деген мағынаны береді. «Тұз» деген сөздің өзінен ақ көлдің тұзы көп екеннін және ол жоғарыда орналасқанын байқауға болады.

Бозшасор – Жалпақсор көлінен оңтүстік-шығысқа, Жамантұз көлінен солтүстік қарай орналасқан ащы-тұзды көл. Бұл тұзды көлдің атауынан оның тек қана «сорлы» өзен екенін ғана біліп қоймай сонымен қатар суының түсі «ақ боз» екенін де білеміз.

    Дөңгелексор – Осы аттас тұзды көлдер Ақтоғай ауданында екеу, бірі: Жалпақсор көлінен солтүстік-шығысқа, Тайқоңыр көлінен солтүстік-шығысқа қарай орналасқан тұзды көл болса, екіншісі Сасықсор көлінен оңтүстік-батысқа Шығанақ көлінен солтүстік-шығысқа қарай орналасқан. Атауы көлдің жағалауының дөңгелек пішініне байланысты «дөңгелек» және көлдің тұздылық дәрежесіне байланысты яғни химиялық құрамының ерекшеліктеріне байланысты «сор» деп аталады.

Жалпақсор – Қосерін көлінен оңтүстік-шығысқа, Тайқоңыр көлінен батысқа қарай орналасқан тұзды көл. Атауы қос сөзден тұрады, сол себепті екі мағынаны бідіреді, бірінші «жалпақ» сөзі өзеннің кең алқапты алып жатқанын білдірсе, келесі «сор» сөзі көлдің химиялық құрамының ерекшелігін, яғни оның тұзды екенін білдіреді.

Жамансор – Осы аттас ащы-тұзды көлдер Ақтоғай ауданында екеу бірі: Жарсор көлінен солтүстік-шығысқа, Жамантұз көлінен солтүстік-батысқа қарай орналасқан болса, екіншісі: Ақтүйесор көлінен оңтүстік-шығысқа қарай орналасқан ащы-тұзды көл болып есептеледі.  Атау көлдің суының сапасы нашар, аяқ қана батып тұратын таяз, тұздалып кеткен көл екенін көрсетеді.

Жамантұз – Ақтоғай ауданында «Жамантұз» деген көлдер екеу, бірі, Қосерін көлінен батысқа, Қарақасқа көлінен солтүстік-шығысқа қарай орналасқан болса, екінші ащы-тұзды көл Қосерін көлінен батысқа, Қарақасқа көлінен солтүстік-шығысқа қарай орналасқан. Екі көлдің орналасу координаталары бірдей болғанынан олардың көршілес орналасқан көлдер екенін байқауға болады.

Жапалсор – Борлысор көлінен оңтүстік-батысқа, Ақтөбесор көлінен оңтүстік-шығысқа қарай орналасқан ащы-тұзды көл. «Жапалсор» көлінің атауы «Жапал» сол аймақты мекендеген ру атауынан шыққан болса, «сор» көлдің химиялық құрамын анықтайды. Бұл көлдің мпағынасын айқындап түсіндірер болсам, Жапал руының соры деген мағынаны береді.

 Көлденеңсор – Сасықсор көлінен солтүстік-батысқа, Жалаулы көлінен оңтүстік-шығысқа қарай орналасқанащы-тұзды көл. Атауының мағынасы – белгілі бір нысанға көлденең орналасқан суы сорға айналған көл деген мағынаны береді.

Кішкенесор – Ақтоғай ауданында осы аттас көлдер екеу, бірі Ақтөбесор көлінен оңтүстікке, Жапасор көлінен солтүстік-батысқа қарай орналасса, екіншісі Жамантұс көлінен оңтүстікке, Қарақасқа көлінен солтүстік-шығысқа қарай орналасқан. Екеуінің де мағынасы бір - аумағы кішкентай ғана болып келген сорға айналған көл.

Қодарсор – Мыңшұңқыр көлінен оңтүстік-батысқа, Үлкенсор көлінен солтүстікке қарай орналасқан тұзды көл. Көл атының шығу тегі «Қодар» есімді адамның тұзды көлі дегенді білдіреді.

Құмсақсор – Сасықсор көлінен солтүстік-батысқа, Жалаулы көлінен оңтүстік-шығысқа қарай орналасқан тұзды көл және де осы аттас тағы да бір көл бар, ол: Қойбағар көлінен оңтүстік-шығысқа, Ақтөбесор көлінен батысқа қарай орналасқан. Көлдің атауының шығу тегі «Құмды сор деген мағынаны береді.

Сасықсор – Үлкенсор көлінен оңтүстік-батысқа, Шығанақ көлінен солтүстік-шығысқа қарай орналасқан тұзды көл, бұл тұзды көлдің атауынан оның тек қана сорға айналған тұзды көл екенін ғана біліп қоймай сонымен қатар оның иісінде де ерекшеліктер бар екенін байқауға болады. Яғни бұл өзеннің атын былай түсінуге болады: өзіндік иісі бар сорға айналған көл деп түсінуге болады.

Тұз – Жалаулы көлінен оңтүстік-шығысқа, Шығанақ көлінен солтүстік-батысқа қарай орналасқан тұзды көл. Бұл көлдің атауынан көретініміз суы өте тұзды көл деген мағынаны береді, яғни көл тұтастай тұздан тұрады деп айтуға болады.

  Ұзынсор – Жалаулы көлінен оңтүстік-шығысқа, Шығанақ көлінен солтүстік-шығысқа қарай орналасқан тұзды көл. Атауы бұл сорға айналған көлдің пішінінің ұзынша келгені туралы айтып береді.

Үлкенсор – Мыңшұңқыр көлінен оңтүстік батсқа, Сасықсор көлінен солтүстік-шығысқа қарай орналасқан тұзды көл. Аумағы кең сор деген мағынаны береді және бұл көлдің жер бедерінің ерекшелігін байқатады, бұл аймақтың жер бедері едәуір жайпақ екен.

Шайғынсор – Тобылғысор көлінен солтүстік-шығысқа, Жамантұз көлінен солтүстік-батысқа қарай орналасқан ащы-тұзды көл. Атауы су әр-кез шайып тұратын сор деген мағынаны береді, яғни су шайып кеткен сор.

 Шоқпарсор – Қанай көлінен шығысқа, Қосерін көлінен солтүстік-шығысқа қарай орналасқан тұзды көл. Атауынан көлдің пішінінің шоқпарға ұқсас екенін байқаймыз, яғни бұл да оның жер бедерінің ерекшелігін және осы көл орналасқан жердің жер бедері қандай екені жайлы мәлімет береді.

Шолақсор – Қоянды тауынан солтүстік-шығысқа, Жақсытұз көлінен оңтүстік-шығысқа қарай орналасқан тұзды көл; Павлодар облысындағы Ақтоғай  ауданы мен Ақмола облысындағы Ерейментау аудандары шекарасында орналасқан тұзды көл. Бұл көлдің атауын тура мағынасында аударар болсақ «шолақ» яғни «қысқа» келген тұзды яғни сортаңданған көл деп аударуға болады.

Ақтоғай ауданында суының химиялық құрамы бойыншана байланысты аталған өзендер кездеспейді. Бұл аймақта өзендердің атауы тек қана  белгілі бір табиғи ресурсқа ғана байланысты қойылады.Ол барлық Ақтоғай ауданындағы өзендердің төрттен бір бөлігін алады.  Оған мысал ретінде мына өзендерді айта кетуіме болады: Батпақ Үшкөл, Қарасу, Сазанбай:

Батпақ Үшкөл – Үшайрық өзені және Верхняя Отнога ескі арнасының қосылуынан құралады, Көп тармағының сол саласы, Ертіс өзенінің сол тармағы. Өзеннің суы батпақты болып келетіндіктен бұл атауды осы бөлімге жатқызып отырмын, яғни ол өзеннің лайлы, батпақты екенін көрсетеді.

Қарасу – өзен бастауын Естай ауылынан солтүстік-шығыса қарай алып, Ломовая өзенінің оң құраушысы, Ертіс өзенінің сол саласы болып есептеледі.

Сазанбай - өзен басын Жаңатаң ауылының шығысынан алады, Қызылжар өзенінің оң жақ саласы, Ломовая өзенінің сол құраушысы, Ертіс өзенінің сол саласы.  Өзеннің сазаны көп балыққа өте бай өзен болып есептеледі.  

 

 

 

1.2  Аумақ топонимдерінің қалыптасуындағы тарихи-географиялық алғышарттар 

 

Ғалымдардың пайымдауларынша Солтүстік және Орталық Қазақстан аумақтарын көне заманда су басып тұрған. Палеозой дәуірінің екінші жартысында жалпы жер беті көтеріліп, теңіз солтүстікке қарай ауысып, соңынан батпақты жерлер мен көлдерді қалдырды.  Осы су көздерәінің жағалауларын қалың орманбасады. Уақыт өткен сайын, өсімдіктер қуарып, жерге түсіп, біртіндеп тас көмір қабаттарына айналды. Сондықтан Ақтоғай өңірінің көне тарихын қарастырғанда палеонтологтар көп зерттеген кайназой дәуірінен бастаған дұрыс деп ойлаймын. Кайназой – сүтқоректілер ғасыры. Жер бедерінің пішіні қазіргі замандағы жер бедеріне ұқсас болған деген толық негіздеме бар деуге болады. Мұз басуаумақтың көпшілік бөлігін әсірсе Ертіс жағалауында көлдер маңында басқанын және оның іздерін палеонтологтар дәлелдеген.

Орта плиоценге ірі сүтқоректілердің мынадай түрлері тән болатын: оңтүстік пілі,оверн мастодонты, қазба жылқылары, пребактриан түесі, бөкендер, қарақұйрық, жейран, дзерен, т.б.

Антропогеннің басында, яғни орта плиоценнің орта кезінде Қазақстан аумағында гиппарион хайуанаттар әлемінің мастодонттар мен палеотрагус керіктері ішінара жойыла бастайды.     

Әуел баста аудан – батысындағы Әулиелі Ақкөл жайылмасы (бұл қасиетті өлкеге зеректігімен, көрегендігімен, ақыл-ойының тереңдігімен осы өңірдің кәрі-жасының рухани демеушісі, тірегі болған Исабек-ишан хазірет келіп, мекендеген ( Ереймен тауының етегіне қабыса жалғасатын, солтүстік батысындағы жұрт аузында «Теңіз» деп аталған Жалаулы, Шығанақ көлдері жер сұлуы Көкшетау сілеміне шектесетін, аумақтың ортасында Тайқоңыр, Қарақасқа тұзды көлдері бар, солтүстігіндегі кәдімгі жазық даласы Ертіс ауданының жеріне ұласатын, шығысындағы Ертіс өзенінің 86 шақырымдай сол жақ бойымен (бұл тұста Ертіс өзені арнасының ені 500-800 метрге, тереңдігі 3-4 метрден 10-15 метрге дейінгі аралықта өзгереді), оңтүстігіндегі Ертістің бойындағы Ақсу өңірімен және оңтүстік батысындағы ғасырға жуық көмір қорымен белгілі Екібастұз кенішті мекенімен шектесетін кең жайлауы бар жалпы көлемі 16 мың 100 шаршы метр аумақты алып жатқан еді.

«Сарыарқа шексіз, шетсіз. Оның көп жеріне ат тұяғы тимеген. Сары даланы әуелеп ұшқан құс пен жорытқан аң ғана мекендеген», - деген ұшқары пікірлер айтылып та, жазылып та жүрді. Бұл – қазақ жері Кеңес өкіметі тұсында жанданды, игерілді деген саясатты санаға қондыру үшін ойдан шығарылған тұжырым. Қазір тарихшылар Орта жүздің жеті тайпасының (Арғын, Найман, Керей, Уақ, Тарақты, Қыпшақ және Қоңырат) бесеуі біздің облыс аумағында  мекендегенін анықтады. Олар – Арғыннан: Сүйіндік, Бегендік, Шегендік, Қанжығалы, Қозған, Бәсентиін; Найманнан: Бура Найман; Қыпшақтан: Бұлтың, Қосайдар, Сабығыр, Сағал, Жолаба; Керейден: Күрсары Керей; Уақтан: Шоға, Жансары, Бидалы, Байназар рулары.

Бұл аумақ ежелде Арғын мен Қыпшақ руларының жайлауы, қоныс мекені болған. Өздері көшіп-қонып, кең жайлауына малын жайған өңірді жұрт жер бедеріне қарай «қыр елі», «тоғай елі» деп атапты. Олардың қыстаулары қазіргі Қызылорда өңірінде болған. Халқымыздың даңқты ғалымы Шоқан Уәлихановтың айтуынша, XIV-XVI ғасырлардағы Арғындардың Сырдария бойна көшіп-қонуы, көне Қыпшақтардың көш-керуен жолы: Есіл, Ертіс, Объ өзендерінің бойына созылған екен.

IX-XV ғасырлардағы Парсы, Араб тарихшыларының жазбаларында біздің облыс аумағында IX-XI ғасырларда Қимақ қағанаты, XI-XIII ғасырларда Қазақ хандықтары билік жасағандығы көрсетілген.

«Жеті атасын білмеген – жетесіздік салдары», - деген дуалы ауыздан шыққан ұғымның тарихи тағылымы өлшеусіз құнды. Жеті атаның ұрпағы екі жүз жылдан астам өткен ғұмырды жалғастырады (ғылымда бір атаға 28,7 жыл береді) екен. Оны білу – тарихымызды таразылау, тектілігімізді мәңгілікке ұластыру.

Осылай зерделегенде ауданның қазіргі тұрғындарының жеті атасының үлкенінің өзі осы өңірдің алғашқы тұрғындарының ұрпақтары деуге негіз бар. Олар ежелгі қазақ шежіресінде көрсетілгендей, алғашқыда ру-ру болып көршілес, еншілес қоныстанған. Халықты қасиеттендіретін «Жеті аталық» туыстықты сақтау мақсатында Әжеке, Дәнен, Айтуар, Күшпен, Алтыбай, Ескене, Досқана, Қарабұжыр, Қорлыбай, Қойлыбай, Қанжығалының Сарысы және Қарасы, Қозған рулары, оларға жайлаулас қыпшақтар ауыл-ауыл болып кәсіп еткен. Кеңес өкіметі кезінде құрылған 8-ауылда («Қаражар») Алмашы, 9-ауылда («Басқамыс») Қорлыбай, Қойлыбайлар, 10-ауылда («Шұға») Әжеке, Дәнен, Бұлтыңнан тараған Қосайдар, Сағал, Сабығыр қыпшақтар, ТОЗ-да (ЖБӨ - жерді бірлесіп өңдеу, кейін «Жаңа талап» колхозы) Айтуар, Күшпен, 11-ауылда («Зеленая Роща») Қанжығалының Сарысы, Жолболды («Коминтерн»), Сүттіқұй («Новотройцк»), Шілікті, Көшербай ауылдарында Ескене, Досқана және Қарабұжыр Шідерті, Екібастұз, Ақжар ауылдарында Қозған рулары болғандығы, солардың ұрпақтарының бүгінгі күнге дейін аудан аумағындағы осы елді мекендерде тұрып жатқандығы айқын дәлел.

XVIII ғасырдың ортасында Қазақ елі Ресей бодандығына өтіп, Сібір облысы аталып, Омбы құрамына енген. Облыс ішкі және сыртқы округтерге, ал округтер болыстарға, болыстар ауылдарға, ауылдар кибиткаларға бөлінді. 1822 жылғы Ресей патшасының әкімшілік-аумақтық басқару жүйесі негізінде «Сібір қырғыздары туралы» Жарлығы шықты. Осы жарлықтың күшімен Патша өкіметі XVIII ғасырдың аяғына таяу біздің жерімізде әкімшілік басқару аумағын құруды аяқтады. Қазақстанда уездер құрылды. Солардың ішінде Павлодар уезі болды. 1833 жылы Баянауыл сыртқы округі (дуаны) құрылып, оның құрамына қазіргі Баянауыл, Екібастұз, Ақтоғай, Ақсу және Май аудандарының, сондай-ақ қазіргі Қарағанды облысының Ульянов және Молодежный аудандарының жерлері енді. Дуанның қарауында Ақкөл, Алқакөл, Шідерті, Жалаулы, Қараоба, Қызылағаш болыстары болыпты. Баянауыл сыртқы округінде Бұқар жырау Қалқаманұлы, Шоң би Едігеұлы, Шорман би Жұмабайұлы, Мұса Шорманұлы, Қазанғап би және басқалары аға сұлтан болған.

Осы болыстар құрамындағы елді мекендер тұрғындарының негізгі кәсібі мал шаруашылығы – ірі қара мал, қой-ешкі, жылқы, жер жағдайына қарай түйе өсіру болғанымен, егіншілікпен де айналысып, бидай, сұлы еккен. Балық аулаған. Қасқыр, түлкі және қарсақ терілерінен тымақ, ішік тігіп киген, аң терілерінен тымақ, ішік тігіп киген, аң терілерін Орынбор, Омбы, Қараөткел, Қоянды жәрмеңкелеріне апарып сатқан, айырбас жасаған. Орыс көпестері мен қазақ байлары бағалы аң терілерінен тігілген ішік, тон және тұлып киюді ұнатқандықтан, бұл бұйымдар өтімді болған.

XX ғасырдың басында Воронеж жер статисті Ф. Щербиннің басқаруымен Павлодар уезіне қарасты Ертіс өзенінің  сол жағындағы болыстар жерлеріне экспедиция жасалған. Мұрағат дерегіндегі олардың мәліметінде 1910 жылғы Ақкөл болысында 82 ауыл, 1422 шаруашылық жұмыс істегендігі, оларда 4694 ер адам және 4069 әйел адам тұрғаны, Алқакөл болысында 22 ауыл, 914 шаруашылық болғаны, 322 адам кәсіпшілікпен айналысқандығы көрсетілген, ал Шідерті болысы бойынша мәлімет көрсетілмеген.

Қазақ елі бодандыққа түскеннен бастап, Патша өкіметі орыс-казак әскерлерін енгізу арқылы отарлау, бекіністер салу саясатын шұғыл жүргізгенін тарихи деректерден білеміз. Кешіктірілмей жер иелену үшін Украинадан, Белоруссиядан, Волга жағалауынан және Ресейдің европалық бөлігінің орталық губернияларынан шаруаларды қоныстандырудың легі басталады.

Тәуелсіз Қазақстан демографтарының пайымдауына қарағанда, 1990 жылға дейінгі 300 жыл ішінде 7,6 миллион өзге ұлт өкілдері қазақ даласына қоныс аударған екен. Ақтоғай ауданына Ресей шаруаларының көші-қоны 1901-1915 жылдар аралығында өтті. Олар қоныстанған жерін өздерінің бәсірелі мекеніндей иеленіп, бұрынғы тұрақтарының аттарын қойды. Қазіргі Ақтоғай ауданының аумағында 1909 жылы – Харьковка (бұрынғы атауы Жартытам), 1910 жылы – Разумовка (бұрынғы атауы Өртқамаған), 1910-1914 жылдары Андриановка (бұрынғы атауы Қарақасқа), Новоалексеевка (бұрынғы атауы Жолболды), 1915 жылы Красноозерск  (бұрынғы атауы Ақтүйе), 1919 жылы Абросимовка (бұрынғы атауы Қарабұзау, қазір осы атауы қайта қойылды) селолары қазақ жері ортасынан осылайша орын алды.

1915 жылы алғашқы «Ветловая гора» атанған елді мекен – Ресей патшасының қазақ еліндегі бақылауға алған N 77 учаскесі. Бұл жерде шоғыр-шоғыр қалың тал-шыбықтар өсіпті. Ол алыстан көінетіндіктен, пароходтың тоқтауына белгі боларлық қолайлы жиек болған. Сондықтан, ол «Ветловая гора» пристаны аталыпты.

 «Ветловая гораның» үлкен мекенге айналуына осы арадан шамасы 45-50 шақырым жердегі «Тайқоңыр» тұзды көлінің тұрғындары ағайынды Тоқтас, Тоқтамыс деген байлардың кәсібінің ықпалы болған. Олар көлдің тұзын игеріп, осы пристань арқылы Омбыға жеткізіп, сауда жасаған. Қонысы «қыр еліне» ауған Карп Шахварстов деген шаруа қожайыны Новоалексеевкадан (қазір алғашқы атауы қайтарылған Жолболды) «Шұға» ауылына дейінгі аралықтағы Бестұз, Қарақасқа көлдерінен тұз шығарып, жергілікті тұрғындарды жұмысқа қабылдаған. Олар өз түйелерін, өгіздерін арбаға жегіп, осы пристанға тұз тасымалдаған. Жергілікті тұрғындар бұл жерді «Тұзүйген» (1907-1910 жылдары) деп атаған. Тұз өндірісі дами түскендіктен, Ресейден қоныс аударғандар саны мұнда көбейген. Қоныстанушылар бұл елді мекенді Краснокутск деп атаған. Аудан құрылғанда орталыққа сол Краснокутск атауы қалдырылыпты.

Аудан аумағындағы елді мекендердің бұрынғы және қазіргі атауларын мына кестеден байқауға болады.

 

Елді мекендер

Қоныс атауларының шығу мәні

Құрылған жылдары

Бұрынғы атаулары

Болыс атаулары

1

Абросимовка

Ресейден қоныс аударушылар қойған атау

1919

Қарабұзау

Алқакөл

2

Андрияновка

Ресейден қоныс аударушылар қойған атау

1910

Қарақасқа

Новоивановская

3

Большеивановская (Ивановка)

Ресейден қоныс аударушылар қойған атау

1907

Сүттіқұй

Новоивановская

4

Золотоношенка

Ресейден қоныс аударушылар қойған атау

1908

Бестүйе

Новоивановская

5

Краснокутск

Ресейден қоныс аударушылар қойған атау

1915

Тұзүйген

Песчанская

6

Красноозерск

Әдемі көл мағынасымен қойылған атау

1915

Ақтүйе

Песчанская

7

Краснорецк

Қызыл өзен болыпты

1915

Томар

 

8

Кубань

Кубаньнан келген казактар қойған атау

1906

Қараой

Алқакөл

9

Мулявское

Ресейден қоныс аударушылар қойған атау

1909

Қызылсуат

Песчанская

10

Новоалексеевка

Ресейдің Староалексеевкасынан қоныс аударушылар қойған атау

1908

Жолболды

Алексеевская

11

Ново-тройцк

Ресейден қоныс аударушылар қойған атау

1908

Шығанақ

Новоивановская

12

Разумовка (Болгарка)

Қоныс аударушылар қойған атау

1908

Шығанақ

Новоивановская

13

Усачева

Ресейден қоныс аударушылар өз аты-жөндерімен атаған

1910

 

Алқакөл

14

Харьковка

Ресейден қоныс аударушылар өз аты-жөндерімен атаған

1909

Жартытам

 

  

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2 Ақтоғай ауданы аумағының топонимдеріндегі табиғат жағдайларының бейнелену заңдылықтары

 

 

2.1 Табиғат жағдайларын сипаттайтын географиялық атаулар

 

Ақтоғай – қалаға ұқсас елді мекен, аудан орталығы және көптеген ұзынша келген ойпаттардың (аңғарлардың) атауы. Түркі тілінен аударғанда «ақ» – қалың өскен шөп және түркі-монғол тілінен «тоқай» - өзеннің бастау алатын жері, яғни «Ақтоғай» сөзі өзеннің бастау алатын жеріндегі шөбі шүйгін шалғын деген мағынаны білдіреді.

Ақтоғай – дримотопоним, тура мағынасында «ақ, таза, жарық орман, яғни шалғындық өсімдіктері бар қалың өзеннің бастауындағы орман». 

Елді мекен Ертіс жазығында орналасқан, 1907 жылдан бастап ауыл, 1967 жылдан бастап қала типтес елді мекен болса, 1937 жылы аудан орталығы атына ие болады. Павлодар қаласынан Солтүстік батысқа қарай  116 км қашықтықта , Павлодар-Русская поляна-Омск автомагистралінің жолында, Ертіс өзенінің сол жағалауында орналасқан. Елді-мекен арқылы Екібастұз-Кашыр және Ақтоғай-Шолақсор авто жолдарының бойында орналасқан. Географиялық координаталары 530 01I СЕ және 750 09I ШБ. Ең жақын маңдағы темір жол станциясы – Жолқұдық (119 км). Тұрғындардың жалпы саны – 4800 адам (1999ж) оның ішінде қазақтар – 2614 (54,4 %), орыстар – 1019 (21,2%), украиндықтар – 546 (11,3%). Елді мекендегі топырақ күңгірт-күлгін болып келеді.

Ақтоғай ауданының табиғат жағдайы әдеттегі қоңыржай ендіктегі табиғат жағдайларының суреттемелеріне ұқсас болып келеді. Қаңтар айының орташа температурасы – 17; – 180С, шілде айының орташа температурасы 20; 210С, жауын-шашынның орташа мөлшері 250-300 мм. Ақтоғай 1963-1993 жылдар аралығында Куйбышев ауданының басқармалық орталығы болып келген, ал 1963-93 жылдар аралығында Краснокутск ауданының, 1993 жылдан бастап Ақтоғай ауданының орталығы болып есептеліп отыр. 1993 жылға дейін елді мекен Краснокутск деп аталып келген.

 

 

 

 

 

 

   

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Конспект на тему "Ақтоғай топонимикасы""

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Режиссер-постановщик

Получите профессию

Бухгалтер

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 664 525 материалов в базе

Скачать материал

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 08.05.2016 1540
    • DOCX 171.5 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Камарова Кайнылкаят Тауекеловна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    • На сайте: 7 лет и 11 месяцев
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 4227
    • Всего материалов: 5

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

HR-менеджер

Специалист по управлению персоналом (HR- менеджер)

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Специалист в области охраны труда

72/180 ч.

от 1750 руб. от 1050 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 34 человека из 21 региона
  • Этот курс уже прошли 154 человека

Курс профессиональной переподготовки

Библиотечно-библиографические и информационные знания в педагогическом процессе

Педагог-библиотекарь

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3650 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 487 человек из 71 региона
  • Этот курс уже прошли 2 328 человек

Курс профессиональной переподготовки

Руководство электронной службой архивов, библиотек и информационно-библиотечных центров

Начальник отдела (заведующий отделом) архива

600 ч.

9840 руб. 5600 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 25 человек

Мини-курс

Маркетинг в сфере услуг: от управления до рекламы

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 29 человек из 14 регионов

Мини-курс

Педагогические идеи выдающихся педагогов и критиков

8 ч.

1180 руб. 590 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Культурное наследие России: язык и фольклор

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 17 человек