Инфоурок Иностранные языки КонспектыКонспект урока по казахскому языку для 8 класса с русским языком обучения

Конспект урока по казахскому языку для 8 класса с русским языком обучения

Скачать материал

Капизина Әлия Есімбекқызы

Ақмола облысы

Степногорск қаласындағы

А.М.Горький атындағы №2

жалпы орта білім беретін мектептің

қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі

 

8-сынып, қазақ тілі

 

Сабақтың тақырыбы: Сәулет өнерінің озық үлгісі.

Сабақтың мақсаты: Оқушылардың сөйлеу тілін дамыту, Қазақстанның ежелгі қалалары, тарихи-мәдени ескерткіштері, жалпы көне мәдениеті  туралы білімдерін тереңдету, Қожа Ахмет Йассауи кесенесі туралы мәлімет беріп, білімдерін дамыту. Топта бірлесіп жұмыс істеуге үйрету. Эстетикалық тәрбие беру. Отанына, туған жеріне деген сүйіспеншіліктерін арттыру.

Көрнекілік: фотосуреттер, бейнефильм, Power Point бағдарламасында жасалған презентация слайдтары, интерактивті тақта.

Пәнаралық байланыс: Тарих, география.

 

Сабақтың барысы.

І. Ұйымдастыру кезеңі: оқушыларды 3 топқа бөлу, сабақтың мақсатымен таныстыру.

ІІ. Өткен тақырыпты пысықтау:

- Өткен сабақта тарихи ғажайыптар туралы әңгімелескен болатынбыз. Топ мүшелері  алдын ала берілген тапсырма бойынша дайындап келген әңгімелерін ортаға салады. І  топ – «Қазақ даласынан табылып жатқан археологиялық ғажайыптар», ІІ топ – «Алтын адамның» табылу тарихы, ІІІ топ – «Алтын адам» - неге Алын адам? (слайдтарымен қоса).

ІІІ. Жаңа тақырыпты меңгерту.

Қызығушылықты ояту.

 Бүгінгі сабағымызды Елбасымыз   Н.Ә. Назарбаевтың сөзімен бастағым келіп тұр. «Біз - өзіміздің белгілі тарихымыз бен өзіндік болашағымыз бар евразиялық елміз»  (Интерактивті тақтадан Н.Назарбаевтың сөзі беріледі). Осы сөздердің ішіндегі қай сөздер сендерге ой салады, маңызды  көрініп тұр? 

Оқушылардың жауаптары: тарих, болашақ.

-          Тарихымыз бен болашағымызды не байланыстырады?

-          Әдебиет.

-          Тарихи, даңқты тұлғалар.

-          Тарихи оқиғалар.

-          Киелі жерлеріміз, тарихи-мәдени ескерткіштер.

-          Мәдениетіміз, т.б.

-          Тарихи-мәдени ескерткіштер деп атап кеттіңдер, еліміздегі қандай тарихи-мәдени ескерткіштерді білеміз?

(Оқушылардың жауаптары)

Мағынаны ашу.

 

 -  Қожа Ахмет Йасауи кесенесі туралы не білесіңдер? Ол қайда орналасқан? Неге бұл жер киелі жер деп саналады?

-          Қожа Ахмет Йасауи – кім?

-          Бүгінгі сабағымыздың тақырыбы «Сәулет өнерінің озық үлгісі» деп аталады. Сабақта біз кесененің неге «Сәулет өнерінің озық үлгісі» немесе «ғажайып ғимарат» деп аталатынын білеміз.

-          Қазір назарларыңызға Қожа Ахмет Иассауидың кесенесі туралы бейнефильмнен үзіндіні ұсынамыз.

(Бейнефильмнен үзінді көрсетіледі).

-          Ал, енді осы көргенімізді мәтінмен толықтырайық.

(Мәтін таратылады).

1) Мәтінмен жұмыс.

§  сөздік жұмысы. (Power Point бағдарламасында жасалған презентация арқылы)

СӘУЛЕТ ӨНЕРІ – АРХИТЕКТУРНОЕ ИСКУССТВО

ОЗЫҚ ҮЛГІСІ – ЛУЧШИЙ ОБРАЗЕЦ

ТАҒЗЫМ ЕТУ ОРНЫ -   МЕСТО ПОКЛОНЕНИЯ

ЗИРАТ – МОГИЛА

КҮЙГЕН ҚЫШ – ЖЖЕННЫЙ КИРПИЧ

ҚАЗАННЫҢ ЕРНЕУІНДЕ – ПО КРАЯМ КАЗАНА

§  Жаңа сөздермен сөз тіркестерін, сөйлем құрастыру

§  мәтінді мұғалімнің мәнерлеп оқуы

§  оқушылардың өз бетімен оқуы

§  сұрақтарға жауап беру:

-          Қожа Ахмет Йасауи – кесенесі қандай кесене?

-          Оны кім салдырған?

-          Кесенені қай жерге салғызады?

-          Ғимаратты қалай тұрғызған?

-          Ғимарат неше бөлмеден тұрады?

-          «Қазандық» деп аталатын бөлмеде не тұр?

-          Қазанның салмағы қанша?

-          Бұл кесенені неше жыл тұрғызған?

-          Ғимараттың салынғанына неше жыл болды?

-          Ол қалай сақталған?

-          Қазір кесене мұсылмандар үшін неге айналды?

 

( топтардың мүшелеріне  Түркістан туралы фотосуреттер таратылады)

-          Ал, енді осы мәтін бойынша топтық  жұмысымызды ары қарай жалғастырамыз. Мәтіндеріңді жауып қойыңдар. Мына суреттерді қолдана отырып, І топ І абзацты, ІІ топ ІІ абзацты, ІІІ топ үшінші абзацты естеріңе түсіріп, қайта құрастырасыңдар. Содан соң әрбір топтан бір-бір бала шығып, топта құрған мәтін бөліктеріңді айтып бересіңдер.

 

(Оқушылар айтып тұрғанда экраннан Қ. А. Йассауи кесенесі туралы суреттер көрсетіледі).

 

Жазба жұмысы: Әрбір топ өз абзацтарының бірінші сөйлеміне синтаксистік талдау жасайды.

 

Интерактивті тақтаның көмегімен  кроссворд шешу:

-          Кроссвордты дұрыс шешсеңдер, боялған торкөздерден Қожа Ахмет Йасауидың XII ғасырдағы көне түркі тілінде жазылған даналық кітабының атын оқи аласыңдар.

 

 

 

1

 

 

 

 

2

 

 

 

3

 

 

 

 

 

4

 

 

 

 

 

5

 

 

 

 

 

 

 

6

 

 

 

 

 

 

Қ

о

ж

а

А

х

м

е

т

Й

а

с

а

у

и

7

 

 

 

 

 

 

 

8

 

 

 

 

9

 

 

 

 

10

 

 

 

 

 

 

 

 

11

 

 

 

 

 

 

 

 

1.      Ғимараттың  құрылысын басқарған шебер. (Садыр)

2.      Түркістан қаласының  ІХ – Х  ғасырлардағы аталуы. (Йасы)

3.      Жер асты мешіті. (Қылует)

4.      Түркістанның орнында V – Х ғасырларда болған үлкен қала. (Шабғар)

5.      Мұражай бөлмелерінің бірі. (қазандық)

6.      Қожа Ахмет Яссауидың әкесінің аты. (Ибрагим)

7.      Қожа Ахмет Яссауидың кесенесі қай құрылықта  орналасқан?   (Орта Азия)

8.      Халық Түркістан қаласын қай қаламен салыстырады?   (Мекке)

9.      Кесененің жанындағы тарихи ғимарат. (Монша)

10.  Кесене сөзінің синонимі. (Ескерткіш)

11.  Кесенені салғызған атақты адам. (Әмір Темір)

(жасырын сөз – «Диуани хикмет»)

 

ІV. Қорытынды. Жақсы, балалар, кесене туралы білімдерімізді толықтырдық. Кесене туралы достарымызға, ата-аналарымызға айта аламыз ба? Кесене сендерді қызықтырды ма? Онда барғыларың келе ме? Мүмкіншілік болса, осындай киелі жерге барып, қасиетті адамдардың басына тағзым етіп отырыңдар. Өйткені тарихсыз болашақ жоқ. Біздің болашағымыз – сендерсіңдер. Сендер осындай тарихи ескерткіштерді қорғап, көркейтіп, арғы ұрпақтарымызға жеткізесіңдер. Болашақ туралы мен текке айтып тұрғаным жоқ. «Болашақ» бағдарламасымен шет елде білім алып, еліміздің көркейіп  дамуына ат салысатын мына, сендерсіңдер. Рахмет, сау болыңдар.

V. Үй жұмысы. Бағалау.  

 

 

 

Қолданылған әдебиет:

1.      Келімбетов Н. Ежелгі дәуір әдебиеті. – Алматы: Атамұра, 2005.

2.      Умарова Г.С.,Шарабасов С.Ғ. Қазақ әдебиетінің тарихы. – Астана: Фолиант, 2007.

3.      Қожа Ахмет Йасауи. Хикмет жинақ. – Алматы, 1998.

4.      Қожа Ахмет Йасауи. Диуани хикмет. – Алматы, 1993.

5.      Сайт материалдары: www.ata-mura.kz/.

6.      http://yasawi.kz/?p=83.

 

 

 

 

 

 

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Конспект урока по казахскому языку для 8 класса с русским языком обучения"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Специалист по работе с молодежью

Получите профессию

Секретарь-администратор

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 671 100 материалов в базе

Скачать материал

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 15.01.2017 576
    • DOCX 71.5 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Капизина Алия Есимбеккызы. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Капизина Алия Есимбеккызы
    Капизина Алия Есимбеккызы
    • На сайте: 7 лет и 5 месяцев
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 5149
    • Всего материалов: 3

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Экскурсовод

Экскурсовод (гид)

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс профессиональной переподготовки

Английский язык: теория и методика преподавания в профессиональном образовании

Преподаватель английского языка

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3650 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 65 человек из 29 регионов
  • Этот курс уже прошли 87 человек

Курс повышения квалификации

Основные методики обучения немецкому языку

36 ч. — 144 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 83 человека

Курс повышения квалификации

Специфика преподавания испанского языка с учетом требований ФГОС

36 ч. — 144 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 76 человек

Мини-курс

Создание контента и заработок в онлайн среде: регулирование, продвижение и монетизация

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 245 человек из 62 регионов
  • Этот курс уже прошли 71 человек

Мини-курс

Основы гештальт-терапии: история и теория

5 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 45 человек из 22 регионов
  • Этот курс уже прошли 17 человек

Мини-курс

Современные направления в архитектуре

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе