Инфоурок Другое КонспектыКонспект занятия "Өрт- тілсіз жау"

Конспект занятия "Өрт- тілсіз жау"

Скачать материал

Тақырыбы «От-біздің досымыз, от-біздің жауымыз».

 

Мақсаты:

Балаларға өрттің қаншалақты адам өміріне қауіпті екенін және оны үлкендердің  рұқсатынсыз пайдалануға болмайтынын, оттың пайдасы, сонымен қатар,  зияны да бар екенін айтып  түсіндіру.

Балаларды адам өмірін өрттен құтқарушы мамандығын құрметтеуге тәрбиелеу.

Өрт қауіпсіздік ережелерін сақтау туралы білімдерін дамыту.

 Шаттық шеңбер.

   Сәлем,  саған Алтын-күн!

   Сәлем,  саған Аспан ата!

   Сәлем,  саған  жер-ана!

   Сәлем барлық достарыма!

- Балалар, мен сіздерге жұмбақ жасырам, ал сіздер оның жауабын табуға көмектесіңдер, жарайма?

Жаурағанды күлдірер,
Аяғы жоқты жүргізер,
Өз еркіне жіберсең,
Дүниені бүлдірер. (от)

 - Дұрыс айтасыңдар, оның жауабы «от». Ендеше бүгінгі ұйымдастырылған оқу-іс-әрекетіміздің тақырыбы «От-біздің досымыз, от-біздің жауымыз» деп аталады.

 - Сіздер жанып жатқан отты көрдіңдер ме, балалар? 

 - Айтыңдаршы от қандай болады? (оттың суретін көрсету - жарық, ыстық, қауіпті)

 - Оттың қандай пайдасы бар? (от – жылу, жарық береді,   от арқылы тамақ пісіреді)

 - Ал отты немен жағамыз  ? (шырпымен)

Балалар , мен  бүгін оттың  қаншалықты пайдасы мен зияны бар  екенін  айтып берейін.  Балаларға суреттер көрсету.
Шырпы күнделікті өмірде қажет.  Шырпы арқылы біз от жағамыз. От өмірімізге қуат беріп, бойымызды жылытады.   Отсыз тіршілік жоқ. От жағылмаса, тамағымызда піспейді, үйімізде жылымайды.
Шырпы арқылы газ плитасын жағамыз.  Газ –   тұрмыс – тіршілігімізде үлкен роль атқарады. Оған тамақ пісіріп, шай қайнатамыз.

Тұрмысымызда тағы бір көп қолданатынымыз – Электр. Электр - жарық көзі. Яғни , электр қуаты болмаса күнделікті қолданып жүрген үтік, тоңазытқыш пен шаңсорғыш  жұмыс жасамайды, теледидар көрсетпейді. Бір күн үйімізге электр қуаты келмей қалса, дүниені қараңғы түнек басады.

Күтпеген сәт: Топқа аяғың дәкімен орап алған  қуыршақ Айсұлу кіреді.

-         Балалар, мен жанып тұрған газ плитасына аяғымды басып күйдіріп алдым, енді ол ауырып тұр .

-         Ал, сен жанып тұрған отты ұстауға болмайтынын білмейсің бе?

-         Жоқ, оны маған ешкім айтпады.

-         Ендеше, сен тыңда! Балалар, сендерде тыңдаңыздар! Оттың пайдасы мен зияны да бар. Өрт-тілсіз жау.  Мынау- шырпы. Шырпыны үлкендердің рұқсатынсыз алмау керек.  (зиянын атап айту, суреттер көрсету)

         Мынау- газ плитасы. Оны ұқыпты ұстап, жаға білуіміз керек.               Плитаның үстінде шәйнек, таба, кастрөл тұрса, ұстауға болмайды,  олар – ыстық. Газ плитасы тұрған бөлмені жиі - жиі желдету керек. Егер газдың күлімсіген иесін сезсең сіріңке жағуға, электр жүйесіндегі лампаны жағуға болмайды, ата - анаңа айтып ескерту керек.  Өйткені ата - анаң газ бөлімшесінің арнаулы мамандарын шақыртады .Тек үйдің есік - терезелерін ашып, желдету керек. (суреттер көрсету, газдың зиянын айтып түсіндіру)

Су қолмен электр құралдарына, розеткаға, тоқ қосқышқа жанасуға болмайды. Электр қуатын үнемдеу керек, оны да ұқыпты пайдаланбасақ, одан да өрт шығуы мүмкін. (суреттер көрсету)

Мынау – үтік. Оның шнурынан тартпа. Тоққа қосылғанда ол өте ыстық болады.

Мақал-мәтелдер

Ақжібек:    Сумен ойнама –батарсың,
                    Отпен ойнама –жанарсың
 Айша:        От пен су –тілсіз жау.
Аслан:        От жақпа-пісерсің,
                    Ор қазба –түсерсің.

Дидактикалық ойын: «Қауіпті затты көрсет»

Үйде қауіпсіздік сақтау ережесімен таныстыру.  

 -  Балалар, сіздер үйде жалғыз қалған кезде, байқаусызда өрт шығатын болса, тез арада «101» нөмеріне хабарласуыңыз керек. Сол кезде сіздерге өрт сөндіруші бөлімшесінен көмек келеді, яғни өрттен құтқарушы адамдар келіп өртті тоқтатады

 - Қане, «101» нөмерін телефоннан теріп көрейікші.  

(балалар тәрбиешімен бірге теріп көреді)

- Ал, отты су шашып сөндіретін машина қалай аталады?    

(өрт сөндіргіш машинаның суретін көрсету)

- Қараңдаршы, оның түсі қандай? (қызыл) Ал, бұл машина жүріп келе жатқанда қандай дыбыс береді?  (У-у-у, у-у-у)

- Ал, өрт сөндіретін адамдарды кімдер дейміз? (өрт сөндіруші адамдар)

- Балалар, сендер уйде жалғыз қалғанда шырпымен ойнауға, газды жағуға, үтікті тоққа қосуға, саусақтарыңызды және де басқа заттарды розеткаға салуға болмайды. Осы айтылғандарды есте сақтайық.

(Айсұлу алғысын білдіріп, балалармен қоштасады

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                                         

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Конспект занятия "Өрт- тілсіз жау""

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Управляющий рестораном

Получите профессию

Экскурсовод (гид)

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 664 189 материалов в базе

Скачать материал

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 04.06.2016 727
    • DOCX 16.8 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Айжанова Ботагоз Жиенбаевна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Айжанова Ботагоз Жиенбаевна
    Айжанова Ботагоз Жиенбаевна
    • На сайте: 7 лет и 10 месяцев
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 49511
    • Всего материалов: 5

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой