Инфоурок Другое СтатьиӘлемдегі ең асыл жан - ана

Әлемдегі ең асыл жан - ана

Скачать материал

Әлемдегі ең асыл жан   - ана

1.     8-наурыз Халықаралық әйелдер мерекесін атап өту.
2. Анаға деген мейірімді, сүйіспеншілікті арттыру, үлкенге ізет, кішіге үлгі бола білуге үйрету.
3. Оқушы бойында ізгілік, инабатгылық,биязылық сияқты қазақ қызына тән жақсы қасиеттерді қалыптастыруға тәрбиелеу.
Көрнекілігі:Зал мерекеге сай әсем безендірілген. Шарлар, слайд.

 І   Жүргізуші:
- Армысыздар, бақытты балалық шағымыздың шат көңілді өтуіне барлық жағдайды жасап отырған аяулы да ардақты аналар! Сіздерді 8-наурыз халықаралық әйелдер мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз!

    Құрметті аналар,біздің мектептің ұстаздары,қыздары!8-наурыз халықаралық әйелдер күні мерекесі құтты болсын!Сіздерге әрқашан сыр бермес денсаулық,өмірдің шапағатын тілейміз! Бұл күні өздеріңізге бағытталған тілектер періштенің құлағына шалынсын...Әрдайым мейірім шуағын шашып жүре беріңіздер.
ІІ   Жүргізуші:
Қымбатты ұстаз-аналар, арулар! Көңілдеріңізге көктем шуағындай сезім мен нұр құйып,тағы да 8-наурыз халықаралық әйелдер күні келді.Осынау көркем мерекенің қай кезде де орны бөлек.Олай болатыны,аналарға деген ыстық сезім,алғыс пен құрмет ешқашан сөнбек емес.Олар-өмірдің гүлі,көңілдің жыры,әр отбасының алтын діңгегі.Мынау тынымсыз тіршілік пен кең дүниенің өзі тек аналармен ажарлы. Бүгінгі арайлап атқан нұрлы таңмен бірге әрбір сәби жүрегі өзің деп соқса,бүгінгі мерекелік кешіміз де аналарға арналады.
Біз ғана емес,қадір тұтқан бабалар.
Аналардан туған небір даналар.
Ана деген тіршіліктің тірегі,
Армысыздар,қасиетті аналар!
Адам бойындағы жақсы қасиет күннің нұрынан, ананың ақ сүтінен жаралған.Сондықтан құрметті асыл аналар, қадірлі әжелер бүгінгі «Әлемдегі ең асыл жан   - ана» атты мерекелік кешіміз сіздердің құрметтеріңізге арналады.

І  жүргізуші: Құрметті асыл аналар, әжелер мен қыздар!
Сіздерді көктемнің алғашқы айында еліміздің барлық жерінде тойланатын
8 - наурыз әжелер, аналар, қыздар мейрамымен шын жүректен құттықтаймыз.
ІІ  жүргізуші: Сіздерге әлемнің нұрын, өмірдің гүлін, көктемнің шуағын тілейміз. Мына жарық дүниенің мәні де, сәні де сіздерсіздер!
І жүргізуші: Ананың тілегі, ананың жүрегі, ананың махаббаты, ананың ыстық құшағынан қасиетті ештеңе жоқ. Ең ыстық күннің нұры да, ананың шапағат мейіріміне жетпейді.
ІІ  жүргізуші:
Анаңды Меккеге үш рет арқалап барсаң да, қарызын өтей алмайсың.
І  жүргізуші: Иә, дұрыс айтасың. Біздің әрқайсымыз үшін өмірдегі ең жақын, ең әзиз жан ол – анамыз.

ІІ  жүргізуші: Бүгінгі 8 - наурыз – аналар мерекесіне арналған «Әлемдегі ең асыл жан   - ана»  атты мерекелік кешімізді ашық деп жариялауға рұқсат етіңіздер! Барлық өнеріміз аналар сіздер үшін.


І   Жүргізуші:

Мереке құтты болсын, аналарым,
Мәпелеп,еркелеттің,аяладың
Лебізіңе алғысты айта келе
Ән жырымды қабыл ал аналарым!
ІІ   Жүргізуші:

Қош келіпсіз, құрметті ата-аналар,
Жүздеріңнен мейіріммен нұр тамар.
Алдарыңда жауқазындай құлпыраған.
Балғын шақты біз бақытты балалар!
Әлемнің жарығын сыйлаған аналардың құрметіне  Маратова  Меңсұлу «Ана бақыты» әнімен қабыл алыңыздар.

ІІ  Жүргізуші:
Ана дейміз б
әріміз де аңқылдап.
Ана дейді жас с
әби де жарқылдап.
Ана деген – б
әйтерегі өмірдің 
Ана деген – алтын
қазық, алтын бақ.

І  Жүргізуші:

Мерекеге арналады бүгін билер.
К
өтерілсін, қанекей, көңіл күйлер.
Алдары
ңызда қазіргі үнді биі,
Та
ң қалдырып қанекей би билеңдер, –демекші   мың бұралған қыздарымызды қарсы  алыңыздар!

2- жүргізуші, Әйел-Ана, Әйел-Өмір, Әйел-тіршілік өзегі. Өмір бесігінде іңгә тербетіп, адамзат баласына ұрпақ сыйлар ұлы құдірет иесінің есімі әрқашанда қастерлі, сөзі-өсиет, тұғыры биік. «Анаңды Меккеге үш рет арқалап апарсаң да қарызыңнан құтыла алмайсың» деген ұлы ғұламалардың сөзі бар. Шынымен солай. Адамзат жүріп өткен небір ауыр жол, алмағайып заманнан ұрпағын аман-есен бүгінгі күнге жеткізген әйел-ана құдіретін жырмен өрнектеп, әнмен әлпештеп, сөзбен айтып тауысу мүмкін емес. Ана-болашақтың демеушісі,ұлттың жебеушісі,сәбилердің бақыты.
Көңілің Алатаудың ақ қарындай,
Мейрімің күннің шуақ шақтарындай.
Қалайша аяулы ана тына алармын,
Ән болып сағыныштан ақтарылмай,-деп абзал аналарымыз бен қырмызы қыздарымыздың құрметіне Аружанның  орындауындағы «Анашым» атты әнін қабыл алыңыздар.

І  жүр. Тіршілікке нәр берген ана сүті қандай құдіретті. Әлемдегі жақсылық көзі, адамдық қасиет, ақ тілек мейірбандықтың бәрі ана деген сөзбен астасып жатыр.
Аяулысың, ауылымның асылдары,
Жайнасын көңілдердің жасыл бағы.
Сендер үшін ән менен күй, өлең мен би,
Сендер үшін мереке шашулары,- дегендей, алдарыңызда Нұрдаулет пен Әдемі.

І  жүр.

Асыл анам, сенен қуат алайын
Алдым сенен алтын таңның арайын
Сенің ғана жанарыңда тұратын
Мейірімді қайдан ғана табайын?

Тағы да мерекелеріңізбен

2ж.

Кедеймін деп қысылма,
Өнерің болса қолыңда.
Өнерлінің ырысы,
Жарқырап жатар жолында,- деп кезекті  біздің  байсалды да байыпты ұлдарға  береміз.

1ж,

Ақ тілекшім, ақ жолдайым, ақ жүректі анашым.
Бәйек болып, қабағамды бағасың,
Сан айналып, өтсем дағы, таба алмаспын әлемнен.
Сендей жанашыр.
Есейсемде аңсатады алақаның аялы,
Еске салып сәби күнді баяғы.
Айналайын деген сөзің жүрегімде анашым,
Мәңгі қалады.

2ж.

Аяулысың, ауылымның асылдары,
Жайнасын көңілдердің жасыл бағы.
Сендер үшін ән менен күй, өлең мен би,
Сендер үшін мереке шашулары,-деп алдарыңызға  «  Әке –ана » атты әнімен алдарыңызда  Жанатбек пен Гүлнәзия . Қарсы алайық.

1-жүргізуші:

Аяулысың, ауылымның асылдары,

 Жайнасын көңілдердің жасыл бағы.

 Сендер үшін ән менен күй, өлең мен би,

 Сендер үшін мереке шашулары,

ІІ   Жүргізуші:

Ана деген – бастауы ұлылықтың.
Ана деген - рәмізі сұлулықтың.
Ана деген - бір жыр бар шырқалатын,
Асқақтатар биікке ұрпақ атын.

   Жанұяның жылуын суытпай, тал бесікті тербей отырып, тебірене толғар бесік жыры ,аңыз ертегілері мен жақұт жырлары арқылы ұрпағының бойына адамдық қасиеттерді дарытып отырған аналардың құдіретті сезімдеріне арналған ұлдарымыздың құттықтау тілегін  қабыл алыңыздар.

Ұлдардың құттықтауы.

2ж.

Барша ана құтты болсын мерекеңіз,
Әрқашанда ана сізбен берекеміз.
Ақтасақ ақ сүтіңді, асыл анам,
Сонда біз кісілікке теңесеміз,-

1-жүргізуші:

Ана дейміз бәрімізде аңқылдап,
Ана дейді жас сәбиде жарқылдап,
Ана деген бәйтерегі өмірдің,
Ана деген алтын қазық алтын бақ!

Қыздардың биі

1ж.

Сезімін неткен ыстық балаң аты
Төрт бөліп түн ұйқынды қарағансын
Қаншама азап шектин сәби ушін
Мен саған қарыздармын жан анашым

 ІІ Жүргізуші:

Ару - Ана өмірдің асылдары,
Жайнасын көңілімнің жасыл бағы.
Сендер үшін ән мен жыр шырқалуда,
Сендер үшін мереке шашулары.
   (Анель мен Аружан Т.)

1ж.

Құттақтау сөздің аяулы аналарымызға береміз.   Ардақты да, аяулы ана балаларыңыз сіздердің лебіздеріңізді тыңдағысы келеді.

ІІ Жүргізуші:

Әлемнің жарығын,
Сыйладың сен маған.
Даланың әр гүлін,
Жинадың сен маған.
Тіршілікке нәр берген ана сүті қандай құдіретті. Әлемдегі жақсылық көзі, адамдық қасиет, ақ тілек мейірбандықтың бәрі ана деген сөзбен астасып жатыр. Ананың да өз анасы бар. Сондықтан  бәріміз бірге аналарыызға арнап ән шырқайық.

1ж.

Ардақты ана, аяулы ана, қымбаттым,
Тәтті ұйқыңды бөліп талай түн қаттың
Өміріме нәрін берді ақ сүтің,
Кең құшағың аясындай гүл бақтың.
Ер жеткізіп елге берген баласын,
Ақылдысың, ардақтысың, данасың!
Қарайтыным қас-қабағың бір сенің,
Қайратыңнан қайта көрме, анашым,-дей отырып, мерекелік құттықтау сөзді класс жетекшіміз Нұржанат Қайратқызына береміз.

ІІ Жүргізуші:

Құрметті қонақтар, біздің бүгінгі шағын ғана мерекелік кешіміз өз мәресіне жетті. Шуақты күндерде кездескенше

1ж. Қош,сау болыңыздар.

 

 

 

 

 


 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Әлемдегі ең асыл жан - ана"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Юрист

Получите профессию

Няня

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 664 963 материала в базе

Скачать материал

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 27.04.2016 2197
    • DOCX 322.1 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Икласова Нуржанат Кайратовна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Икласова Нуржанат Кайратовна
    Икласова Нуржанат Кайратовна
    • На сайте: 8 лет
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 56359
    • Всего материалов: 11

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой