Инфоурок Начальные классы КонспектыӘліппемен қоштасу ертеңгілігі "Қош бол, сүйікті әліппем!" (1 сынып)

Әліппемен қоштасу ертеңгілігі "Қош бол, сүйікті әліппем!" (1 сынып)

Скачать материал

Қош бол, сүйікті Әліппем

Тақырыбы: Қош бол, сүйікті Әліппем!
Мақсаты:Білімділік:Оқушылардың сауат ашу пәнін оқу барысында алған білімдерін тиянақтау, өз өнерлерін ата - аналарға көрсету, белсенділігін арттырып, ұжымшылдығын күшейту.
Дамытушылық: Кеш барысында, тапсырмаларды орындау барысында өз ойларын еркін айтып, толық жауап беруін, қабылдауын, зейін қоюын, есте сақтауын дамыту.
Тәрбиелік: Адамгершілікке, ұқыптылыққа, бірін - бірі сыйлауға, кеш барысында өзін - өзі дұрыс ұстауға үйретіп, ана тілін сүйіп, қастерлеуге тәрбиелеу.
Көрнекілігі: Қазақ әліпбиі, суреттер, нақыл сөздер, «Әліппе», «Ана тілі» оқулықтарының мұқабасы, шарлар, слайд - шоу.
Барысы:
Мұғалім:Құрметті ата - аналар, ұстаздар, оқушылар Ана тілінің ғажайып әрі шынайы әлеміне бүлдіршіндерді дәл жетелейтін, оқуға, білімге деген ұмтылысқа шақыратын Әліппе оқулығы болса, міне, бүгін сол Әліппемен қоштасу ертеңгілігіне келіп отырсыздар. Әліппе бітіру тойларыңыз құтты болсын! Бүгінгі мерекемізге қош келдіңіздер! Кеше ғана мектеп табалдырығын имене аттаған жас бүлдіршіндер бүгінгі саналы оқушы болып, барлық ғылымның атасы, біздің болашағымыздың негізі – Әліппені бітіріп отырмыз. Мұғаліммен бірге оқушылармен қоса оқыған ата - аналар еңбегіміздің жемісін көрейік. Тойларыңыз тойға ұлассын!
1 - жүргізуші: 
Әли

Көз салып қараңызшы боймызға
Ортақ боп бүгінгі өскен ойымызға.
Қош келіпсіз, ұстаздар, ата - аналар,
Әліппемен қоштасу тойымызға.
2 - жүргізуші: Айым
Өтті оқу сан сабақ
Бүгін үлкен салтанат.
Оқулықпен достасып,
Әліппемен қоштаспақ,
Өсті білім, бойымыз.
Құтты болсын тойымыз.
3 - жүргізуші: Марғұлан
Уа, халайық, халайық!
Мұнда назар салайық!
Бүлдіршінің ортада
Қане қарсы алайық!
Оқушылар музыкамен ортаға кіреді.           БАЛАЛАР ӘЛІППЕ КІТАБЫНАН ШЫҒАДЫ

1 - жүргізуші: Әли 
Ассалаумағалейкүм, халайық!
2 - жүргізуші: 
Айым
Армысыздар қонақтар!
3 - жүргізуші: Марғұлан
Қош келдіңіздер, құрметті ата-аналар, ұстаздар! Енді біз өзіміз оқып, өзіміз жаза аламыз. Бұл, әрине, Әліппенің арқасы.

1 - жүргізуші: Әли 
Тойымызға шашу шашайық,

Кәмпит теріп алайық.

2 - жүргізуші: Айым
Белдеріңіз тек шашу жинауға ғана бүгілсің!
3 - жүргізуші: Марғұлан
Тойымызға шашу әкелген аяулы әжемізді ортаға шақырамыз!

ШАШУ ШАШЫЛАДЫ.
1 - жүргізуші:
Әли  Достарым, біздің мектептегі ең алғаш күндеріміз естеріңде ме?
2 - жүргізуші:
Айым Әрине есімізде, оны қалай ұмытасың?
3 - жүргізуші: Марғұлан Қане соны бір есімізге түсірейікші (осы жерде видео көрсетіледі)
1 - жүргізуші:
Әли  -Ал ,балалар, енді менің сұрағыма жауап беріңдерші, қазір сендер ойынды тастап, білім жолын таңдағандарыңа өкінбейсіңдер ме?
Балалар: ЖООООҚ

2 - жүргізуші: Айым : Керісінше біз өте қуаныштымыз!
3 - жүргізуші: Марғұлан:
Бүкіл қазақ баласы дәріптеген,
Қоштаспақпыз сүйікті Әліппемен.
Ризамыз бәрімізді таныстырған
Сөз бен дыбыс, әртүрлі әріптермен.
2 - жүргізуші:
Айым :
Іші толы әріпке
Білімдіге жарық не?
Хормен: бәрі
Болашаққа жол ашар
Ол сүйікті Әліппе!

1 - жүргізуші: Әли 
Олай болса, қымбатты Әліппені ортаға шақырайық.
Хормен:
Әліппе! Әліппе! Әліппе!
Әліппе:
Армысыңдар жас достар!
Армысыңдар, ата - ана!
Болашаққа жол бастар,
Әліппең келді ортаңа.
Жақсы білім көрімдік,
Болсын сізге халайық.
Не үйреніп, не білдік,
Қане, ортаға салайық!
Нұржан:

Ең алғаш қолға алғанда Әліппені
Қызығып қарай бердім әріптерді.
Мен үшін сыры жұмбақ бұл кітаптың
Ұстазым маған кілтін алып бердің

Жансая:
А - ны айтқанда дауысымыз дірілдеді
Ұстазым көз алдымда күлімдеді.
Күн сайын әріптердің атын білем,
Сөз оқимын айырып әріпті енді.

1 - жүргізуші: Әли 
Әліппе деген даңғыл жол
Апарар сені алысқа.
Жеңіл емес, ауыр жол
Тырысып бақ намысқа, - деп «Әліппе» әнін шырқайтын да кез келді.
ХОР. «Әліппе» әні
2 - жүргізуші:
Айым :
Кешегі сәби балаңыз
Жарады міне қараңыз
Ғылым, білім жолына
Енді қайық саламыз.
3 - жүргізуші: Марғұлан:

Мектебімнің есігін
Қыркүйекте ашқанбыз
Оқушы болып мектепке
Қуанып қадам басқанбыз

1 - жүргізуші: Әли
Барлық әріп бағалы
Айтсақ әділ бағаны
Әріпсіз сөз болмайды
Буын онсыз толмайды.
2-жүргізуші: Айым. Ал, қане, мына көпшілікке әріптердің сырын ашайық ,балалар!
А - әрпі.  Сабина
Менің үшін жақсы адам
Артық көрем басқадан,
Апа, ата сөздері
Қайсы әріптен басталған?
Н - әрпі. Нұржан
Ас біткеннің анасы
Қасиетті нан осы.
Қайсы әріптен басталған
Соңғы әрпін де қарашы.

Ғ - әрпі. Айлана
Ұқсайды өзі шалғыға
Елестет көз алдыңа,
Қане, ойланып табайық
Болды екен бұл қай әріп?
Р - әрпі. Рауан
Қырларда құр - деші,
Жайылып жүр - деші.
Ал енді өзің - ақ
Р - р - р - р - деші.
О - әрпі. Айым
О - кәдімгі дөңгелек
Кетпесін ол дөңгелеп.
М - әрпі.Әли
Түйе өркешіне қарайық
Ұқсайды оған қай әріп?
С - әрпі. Марғұлан
Білезікке қарайық
Ұқсайды оған қай әріп?
Ы - әрпі. Жанат
Кесе, шыны, пияла
Оларсыз шай құя ма?
Қасықсыз тамақ жемейміз

Бәрінің атын не дейміз?

І - әрпі. Милана
Ірімшікті жедің ғой
Тәтті екен дедің ғой
Оның аты біз жазған
Қайсы әріптен басталған?

З - әрпі. Асанәлі
Қаздан көре аласың
Қағаздан да табасың
Байқамасаң анықтап
Үш екен деп қаласың.
Ү - әрпі. Данель
Үйрек десе - бірінші,
Бүйрек десе - екінші.
Бұл қай әріп екенін
Біреу айтып берсінші.
Г - әрпі. Нурбол
Егіз десе - екінші,
Сегіз десе - үшінші
Бұл қай әріп екенін
Өзің қарап түсінші.
Ө - әрпі. Жанел
Өрікте сөздің басында
Бөрікте б - ның қасында.
Бұл қай әріп көріңдер,
Енді айтып беріңдер.
П - әрпі. Тоғжан

Ата - анаңмен барып сен
Пілді көрдің парктен
Осы атаулар зер салшы
Басталған қай әріптен?

Ә әрпі. Жансая.

Таныстырар әріппен

Мынау кітап - Әліппең

«Әліппе» деген аты оның

Басталған қай әріптен?
Әліппе:
Көп рахмет балалар,
Менен білім алдыңдар
Әр сөзімді жаттаған
Достар үшін мақтанам.
1 - жүргізуші: Әли
Қане келе қойыңдар
Мұнда ғажап ойын бар
Қане қайда әріптер
Мұнда бәрін алып кел
Әліппенің тойында
Әркім құмар ойынға!
2-жүргізуші: Айым: Ортаға 5 бала шақырылады. «Адасқан әріптер» ойынын ойнаймыз.

3-жүргізуші: Марғұлан:  Әр балаға әріптер беріледі, сол әріптерден сөз құрауларың керек.

Асық – қ, с,а,ы.   Бақа – а, б, а, қ.   Вагон – а,в,н,г,о.     Кітап –п,і,к,а,т.    Түйе –е,т,й,ү.

 

Айлана
Білім алып мектепте
Талай пәнді оқимыз
Шұға апайдың айтқанын
Зердемізге тоқимыз.

1 - жүргізуші: Әли 
- Математикадан да Шұға апайдың айтқанын есте сақтап аласыңдар ма?

2 - жүргізуші: Айым
- Әли, Марғұлан, математикадан білімімізді сынап көрсек қайтеді?
3 - жүргізуші: Марғұлан
Сынасақ сынайық! Ортаға Шұға апайды шақырайық!

МАТЕМАТИКАДАН ТАҚТАДА ТАПСЫРМАЛАРДЫ МҰҒАЛІМ ОРЫНДАТАДЫ.

-Математикадан білімдеріңнің байғазысы ретінде Жансаяның орындауында әсем биге кезек берейік!

Жансая би билейді.

Рауан :
Әліппе – білім анасы
Әліппе – кітап данасы
Әліппе бетін ашпаған
Адамның бар ма баласы.

Әліппе:
- Ал, достар, бүгін сендер енді менің жолымды әрі қарай жалғастыратын Ана тілі пәнімен танысасыңдар. Ана тілін ортаға шақырайық!
3-жүргізуші: Марғұлан:
Ана тілі ,ортаға келіңіз!
Ана тілі:
Туған елдің тілімін
Ақылыммен танылам
Түсіндірер бәрін де
Ана тілі мен болам.
Ана тілің – арың бұл
Ұятың боп тұр бетте
Өзге тілдің бәрін біл
Өз тіліңді құрметте.
- Сәлеметсіңдер ме, балалар! Мен сендердің келешекте сауатты азамат болатындарыңа сенемін!
2-жүргізуші: Айым
- Әліппе, біз сізбен қоштаспай тұрып, сізден алған білімді көрсеткіміз келеді.Сөзімізге құлақ түрсеңіз.

Әліппе:
- Ой ,қандай керемет, рахмет.

Әли:

1)    Қазақ әліпбиінде неше әріп бар?

2)    Ғарышкер сөзін буынға бөл.

3)    А әрпінен басталатын сөздер айт.

4)    Бұл не? (алхоры)

5)    Сиырдың төлін ата.

Айым:

1)    Тау сөзінде «у» қандай дыбыс?

2)Әже сөзіне дыбыстық талдау жаса.

3)Оқу құралдарын ата.

4)Бұл не? (керік)

      5)Түйенің төлін ата.

Марғұлан:

1)    Қазақстанның президенті кім?

2)    Сен қай қалада тұрасың?

3)    Туымыздың түсі қандай?

4)    Сыныбымызда неше бала бар?

5)    Нешінші мектепте оқисың?
Әліппе:

Әліппенің бетін жарық ет
Ұл - қызды түгел білімді ет
Келесі оқу жылына
Аман - есен түгел жет-деп тілек айтып, -алғысымды білдіріп, сендерді куәлікпен марапаттағым келіп отыр. Ол үшін  оқу ісінің орынбасары Баян Секенқызын ортаға шақырып, құттықтау сөз кезегін бергім келіп отыр!

Оқу ісі орынбасары сөз сөйлеп, марапаттайды.
Әліппе:
- Ал, мен енді сендермен қоштасамын. Қош болыңдар балалар! Сабақты жақсы оқыңдар!
Хормен:

-       Рахмет саған, Әліппе!
- Қош сау бол, Әліппе!
ХОР «Әліппе»әні
Сабина:
Әліппемен қош айтысып қаламыз,
Енді қолға Ана тілін аламыз.
Ата - ана қуанышқа ортақ бол,
Сауатты боп шықты міне балаңыз!
1 - жүргізуші: Әли
Баланың да тілегі,
Дананың да тілегі,
Шаншылмасын ешқашан,
Аналардың жүрегі.
2 - жүргізуші: Айым
Арманмен алыстарға аттанарда
Жас оралар іркіліп жанарларға
Жүрекке жылы сөзбен тілек айтар
Сөз берейік әкелер мен аналарға

3-жүргізуші:Марғұлан:

-Құттықтау сөз кезегі ата-аналарға да жетті!

(ата - аналарға сөз беріледі.)
Мұғалім:
- Уақыттарыңызды бөліп қунышымызға ортақтасып келгендеріңізге көп - көп рахмет! Қош сау болыңыздар!

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Әліппемен қоштасу ертеңгілігі "Қош бол, сүйікті әліппем!" (1 сынып)"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Ландшафтный дизайнер

Получите профессию

Няня

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Краткое описание документа:

Мақсаты:Білімділік:Оқушылардың сауат ашу пәнін оқу барысында алған білімдерін тиянақтау, өз өнерлерін ата - аналарға көрсету, белсенділігін арттырып, ұжымшылдығын күшейту.
Дамытушылық: Кеш барысында, тапсырмаларды орындау барысында өз ойларын еркін айтып, толық жауап беруін, қабылдауын, зейін қоюын, есте сақтауын дамыту.
Тәрбиелік: Адамгершілікке, ұқыптылыққа, бірін - бірі сыйлауға, кеш барысында өзін - өзі дұрыс ұстауға үйретіп, ана тілін сүйіп, қастерлеуге тәрбиелеу.
Көрнекілігі: Қазақ әліпбиі, суреттер, нақыл сөздер, «Әліппе», «Ана тілі» оқулықтарының мұқабасы, шарлар, слайд - шоу.
Барысы:
Мұғалім:Құрметті ата - аналар, ұстаздар, оқушылар Ана тілінің ғажайып әрі шынайы әлеміне бүлдіршіндерді дәл жетелейтін, оқуға, білімге деген ұмтылысқа шақыратын Әліппе оқулығы болса, міне, бүгін сол Әліппемен қоштасу ертеңгілігіне келіп отырсыздар. Әліппе бітіру тойларыңыз құтты болсын! Бүгінгі мерекемізге қош келдіңіздер! Кеше ғана мектеп табалдырығын имене аттаған жас бүлдіршіндер бүгінгі саналы оқушы болып, барлық ғылымның атасы, біздің болашағымыздың негізі – Әліппені бітіріп отырмыз. Мұғаліммен бірге оқушылармен қоса оқыған ата - аналар еңбегіміздің жемісін көрейік. Тойларыңыз тойға ұлассын!

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 665 188 материалов в базе

Скачать материал

Другие материалы

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 26.01.2015 715
    • DOCX 29.2 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Нуртазина Шуга Амангельдиновна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    • На сайте: 9 лет и 3 месяца
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 10527
    • Всего материалов: 3

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Копирайтер

Копирайтер

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс профессиональной переподготовки

Гигиенические требования к условиям реализации основной образовательной программы начального общего образования

Учитель начальных классов

600 ч.

9500 руб. 4450 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 71 человек из 35 регионов
  • Этот курс уже прошли 162 человека

Курс повышения квалификации

Особенности преподавания литературного чтения в условиях реализации ФГОС НОО

36 ч. — 144 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 47 человек из 22 регионов
  • Этот курс уже прошли 199 человек

Курс повышения квалификации

Новые методы и технологии преподавания в начальной школе по ФГОС

36 ч. — 180 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 954 человека из 81 региона
  • Этот курс уже прошли 7 708 человек

Мини-курс

Уникальный образ как педагога: основные принципы позиционирования

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 21 человек

Мини-курс

Взаимоотношения в семье и успех детей

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 26 человек из 19 регионов
  • Этот курс уже прошли 17 человек

Мини-курс

Основы русского языка: морфология, синтаксис, лексика

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 22 человека из 12 регионов
  • Этот курс уже прошли 14 человек