Инфоурок Другое Другие методич. материалы«Ұлт бірлігі – ұлы байлық»

«Ұлт бірлігі – ұлы байлық»

Скачать материал

Тақырыбы: «Ұлт бірлігі – ұлы байлық»

Мақсаты: Еліміздің өсіп - өркендеуіне қал-қадірінше үлес қосып келе жатқан ұлттар мен ұлыстардың  арасындағы достық пен ынтымақтастықты дәріптеу.

Көрнекі құралдар: буклеттер, достық жайлы мақал - мәтел, өлең жолдары, нақыл сөздер. «Көп ұлтты болуымыз – біздің байлығымыз, мақтанышымыз...

Тату елге тыныштық орнайды, бейбiт елде ғана береке болады...»Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВ

Техникалық құрал - жабдықтар: үнтаспа, баян, интербелсенді  тақта

І жүргізуші:  Қайырлы күн құрметті білімнің нәрін, тәрбиенің дәмін танытқан «Ұстаз» атты ұлы есімнің иелері!  Ертең-ақ есігімізді қаққалы тұрған, жүздерімізге шуақ, бойымызға қуат әкелер 1-мамыр Қазақстан  Халықтарының  ынтымағы мен бірлігі күні құтты болсын!.

ІІ жүргізуші

«Көп ұлтты болуымыз – біздің байлығымыз, мақтанышымыз...

Тату елге тыныштық орнайды, бейбiт елде ғана береке болады...» деп елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы айқандай бүгінгі біздің «Ұлт бірлігі – ұлы байлық» атты мерекелік шарамызға қош келдіңіздер!

1-жүргізуші:

Назданып бүгін өмір нұрлы күні,
Қыр беттің  қызғалдаққа тұнды гүлі.
Мамыр боп, айбары асып асқақтайды,
Еңбек, Бақыт, Береке, Бірлік күні
2-жүргізуші:

Қаһарман, қас батырға дабылы сай,
Арманға жетелейтін ағыны бай.
Мен сені қуанышпен қарсы аламын,
Ажарың ақ-шуақты мамырым-ай.

1 ж. Құрметті ұстаздар, бүгінгі мерекелік танымдық сағатымыз одан әрі, Қазақстанды мекен еткен бауырлас ұлт өкілдерінің өздері туралы таныстыруларымен, достықтың туы астындағы тыныштықпен бірлікті насихаттау бағытында жалғасады..

2 ж. Мерекелік шарамызды ашып беру үшін 2(9) «жа» тобының топ жетекшісі, 22 қыздың аманатын арқалаған екінші анамыз Күнайым Түйешіқызын ортаға шақырамыз

- Қош келдіңіздер айта отырып, сіздерге  бүгін мықты, мызғымас бірліктің айнасы –Қазақ ұлтының өкілдері болып жайғасыңыздар демекпін. Алдарыңызда қонақжай қазақтың дастарханы, дәм ала отырып,  топ студенттерінің дайындаған кезекті шарасына назар салыңыздар.

1 ж.  Назарымызды экранға аударалық Танымдық ойын:  «Сандар сөйлейді»

1995ж.18 қазан. Қазақстан президенті  Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтің жарлығы бойынша 1 мамыр - Қазақстан халқының бірлігі күні  деп жарияланды. 

1996ж. 1- мамыр    Осы жылдан бастап 1- мамыр    ынтымақ күні болып тойланады.

1995 ж. наурыз  Дүние жүзіне үлгі болып отырған, ұлтаралық татулық пен тұрақтылықтың  феномені – Қазақстан халықтары  Ассамблеясы құрылды. Бұл ешбір елде болмаған ерекше, саяси маңызы зор құрылым.

130 саны  - Қазақстан аумағында тұрып жатқан 130 - дан астам ұлт пен ұлыс өкілдері киелі қара шаңырақта тату-тәтті, береке мен бірлікте,  бейбітшілік  пен  ынтымақта өмір сүріп  жатқандығын тойлайды.

1992 ж.  4 маусым  Еліміздің  рәміздері  қабылданған күн.

1995ж.  30 тамыз  Ата  Заңы қабылданды.

Танымдық  ойынның  барысында бәріміз  білгеніміді ортаға салып, көп нәрседен хабардар болып  Ендеше  бұл мереке туралы  ақпараттандық.

І жүргізуші Біздің колледжіміз

Бұл – ынтымағы тұрмысына ырыс, татулығы бірлігіне тыныс бір тұтас еліміздің ортақ мейрамы. Олай болса, осынау ортақ шапағат пен шаттықтың мерекесі елімізге құт, көңілдерге қуаныш сыйласын!

ІІ жүргізуші

Ендеше, алғашқы мерекелік шашуымызды қазақтың төгілген биінен бастайық

Қазақ биі «Той бастар» алдарыңызда Айдана Болатқызы

І жүргізуші қазақ шаңырағына қонаққа келген орыс ұлтының өкілдеріне кезек береміз.

1.      Өздерін таныстырады;

2.      Ұлттық салт-дәстүрлерінен көрініс қояды;

3.      Ұлттық тағамдарын таныстырып, ұсынады

4.      Өнерлерін көрсетеді;

ІІ жүргізуші

 Қашанда жүзіміз жарқын, көңіліміз шат болып жүру үшін ұлтаралық ынтымақтастықты нығайту, жалған   айтпай   берген   уәдені   орындау   басты парызымыз екенін ұмытпайық. Жасасын  достықты  жақтаған Қазақ елі!

Украин  мәдени орталығының  өкілдеріне кезек берелік

 Ата - бабамыз сақтап келген ауызбірлік пен ынтымақты біз де, бізден кейінгі ұрпақта сақтаулары керек. Сонда ғана елімізде бейбіт өмір. шат көңіл, жайқалған дала, гүлденген қала болмақшы.

Украин ұлтының өкілдеріне кезек келді:

Мүмкіндікті пайдалана отырып айтарым: қашанда жүзіміз жарқын, көңіліміз шат болып жүру үшін ұлтаралық ынтымақтастықты нығайту, жалған   айтпай   берген   уәдені   орындау   басты парызымыз екенін ұмытпайық. Құдайға шүкір, конституциялық құқығымыз да ел қатарлы қорғалуда.   Біз қазақстандықтар бейбіт өмірде, жақсы тұрмыста адамша өмір сүргенді қалаймыз. Ешкім ешқашанда ұрыс-керіс, жанжал, айғай-шумен жақсы тұрмыс жасай алмайды. Жасасын достықты жақтаған Қазақ елі

1.      Өздерін таныстырады;

2.      Ұлттық салт-дәстүрлерінен көрініс қояды;

3.      Ұлттық тағамдарын таныстырып, ұсынады

4.      Өнерлерін көрсетеді;

 

Өзбек ұлтының өкілдері: Өзбекті сарт деп те атайды. Ең алдымен өзіміздің Қазақстан Республикасының азаматы болғанымды мақтан тұтатынымды айтқым келеді. Қазақ пен өзбек бір тамырдан шыққан халықпыз ғой, қыз алып, қыз берісіп, тату-тәтті өмір сүрудеміз. Жүрегі кең, бауырмал қазақ елінен өз тарапымызға айтылған ауыр сөз, бөтен ой естіген емеспіз. Мен елімнің амандығын, осы бетпен алға жүре беруін тілеймін!

1.      Өздерін таныстырады;

2.      Ұлттық салт-дәстүрлерінен көрініс қояды;

3.      Ұлттық тағамдарын таныстырып, ұсынады

4.      Өнерлерін көрсетеді;

 Испандықтар да бізідің ортамызда,

Кезек келді келіңіздер ортамызға деп сән –салтанатпен сіздерге де құлақ түреміз

 

 

Фотогалерия

Тәрбиелік  шараның

соңындағы фото суреттер

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 


                                                                                                                                     

1-      студент Қайсарлығы қара тасты үгіткен,

Қаһарынан қас дұшпаны үріккен.

Қайрымдылығы тас жүректі жібіткен,

Арғы тегі Алаштан тараған, керегесін ағаштан кұраған елміз.

Тағдырдың тезіне, қолдан жасалған тозақтың өзіне шыдаған елміз.

Бабалар рухына бас иіп, Алладан медет сұраған елміз.

            Халқы жомарт, даласы дархан, орманы қорған, таулары қалқан болған ақ бесік атамекені бар, сол мекенде жусанның жұпарын иіскеген, өздігінен ешкімге тиіспеген елміз.

            Шыдамның шегіне жеткенде, намыс оты еті түгілі сүйегінен өткенде, кеудесінде жанар тауы жарылып, көзінің алды қанталап, өзіне қарай анталап тұрған жаудың алысқанының аузына ұрып, жұлысқанының жұлынын жұлып бір-ақ тоқтаған қазақпыз.

            2-студент : Атырау-Алтай арасын, Алатау-Арқа даласын, Ана сүтін арда емген ақ пейіл қазақ баласы баяғы заманнан ата-жұрттың киесі қонып, осы даланың иесі болып келеді. Қазақ қазақ болғалы нені бастан кешпеді, жалындаған намысына су бүрікті, өшпеді, қылбұрау сап шыңғыртты, сағынды талай сындыртты. Өз ішімізден шыққан алауыздықтан бірін-бірі абақтыға тықкан күнді де көп көрдік. Талайды бастан өткердік. Тырнағын ішіне бүгіп келгенге сендік, бодандыққа үгіттегенге ердік. Ұлтының қамын ойлаған алтын айдар ұлдарымызды өз қолымыздан жығып бердік. Бүгінге қанагат, өткенге салауат айтып, жаңағы қаралы жылдар мен жаралы күндерді қарт тарихтың қойнына тапсырдық.

            3- студент: Запыран жұтқан жылдар оралмасын, еліміз жоғалмасын, тоналмасын. Заман тыныш, санаң дұрыс, қайран елім, енді қайтіп көрмесінші бодандықты басың! Тамыры терең рухың тас жарып шықты қайтадан, даламды тербеп байтақ үн, оянып қайта ой-санам, арылып алаң күдіктен, болашаққа үмітпен қарап, өмір атты айдында өрге жүзіп кемеміз, қарқындап есіп келеміз.

            4- студент: Қайта оралып өткенім, қайта жанып өшкенім, қайта түлеп көктедім. Ендігі бізге керегі ынтымақты-ырысты, берекелі-бірлікті, бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығарған, татулық туын ұстаған, басынан бағы ұшпаған еліндегі таныштықты, жеріндегі ырыс-құтты сақтайтын, басқа елдер санасатын, түсінісіп жарасатын терезесі тең, керегесі кең ел еді. Алыс-жақын шетелдерде, бабаларым ат ізін салмаған мекендер де Қазақстанды танып, назарына алып жатыр. Бірлігіме әлі талай ел қызығар!

            5- студент: Себебі сайын дала төріне, Сарыарқаның жеріне, сан ғасырлық тарихы бар елдігімізді білгізіп, Елордамызды тұрғызып алдық. Астананың келбетіне қарасаң, өзгеріс бар орасан. Сән-салтанат сұлулыққа малынған Сарыарқаның нақ төріне салынған көп қабатты зәулім үйлер ормандай, мәңгі биік рухымыз болғандай, ұрпақ үшін бой көтерген қорғандай, Елорданың келбетіне қазіргі қалай тұрсың толғанбай?! Жас қаламыз, Бас қаламыз, Астанамыз өсе берсін өскен сайын ұлтымыздың көгертеді көсегесін!

            6- студент: Намыстан жаратылған нағыз ұлт дара тұрған қазағым өзің едің, қайрылма қанатыңнан, айырылма тіл-дініңнен, арайлы болсын бір күнің бір күніңнен. Ошағың қисаймастан, шаңырағың шайқалмастан түтінің түзу шықсын түндігіңнен. Жас мемлекет саналсақ та, жан берісіп, жан алсақ та, сұқтанған суық көзден ата-жұртыңды аман сақта нар ұлдары қазақтың. Өйткені біздің далаға ынтызар болмайтын кімдер, бүкіл әлем қызығар орнайды күндер. Ананың жасы, Арудың ары, Батырдың қаны төгілген бұл даланы көздеріңнің қарашығындай қорғай біліңдер, бізден кейінгі ұрпақ! Өйткені біздің мемлекет кешегі бабаларым табыстаған, сәт сайын сағат сайын қарыштаған Тәуелсіз Қазакстан!

            (Осы кезде кездесуге қатысушылар бәрі бірігіп Қазақстанның Әнұранын орындайды)

            1-жүргізуші: Иә, біз қазақ деген көл-дариядай кеңбіз ғой, осыншама халықты шеттетпей, достық қарым-қатынаста, татулықта тұрып жатырмыз. "Кең болсаң, кем болмайсың" деген сөз әр қазақтың көкірегінде сайрап жатқан болар.

            2-жүргізуші: Әрине, қазақтың қай тойы батасыз аяқталған?! Олай болса, мен бүгінгі кездесуді Оразақын Асқар ағамыздың айтқан батасымен аяқтағым келеді.

Елбасымыз алысты көрсін,

Ел-жұртымыз табысты болсын.

Қыздарымыз сұлу,

¥лдарымыз намысты болсын.

Көршілеріміз тыныш болсын,

Малымыз төлдеп, дастарханымызға ырыс толсын.

Рудан өсіп, ұл өзін сыйлап,

Ала алсын асылын жинап,

Алаштың азаматтары бір ауызды болсын.

Мәдениетіміз мәңгі болсын,

Тұрмысымыз сәнді болсын.

Бәрін айт та, бірін айт,

Дербестігіміз мәңгі болсын!   (Әумин!)

            Ұлттар бірлі атты дастарханнан дәм алыңыздар! Келесі кездескенше аман-сау болыңыздар!

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "«Ұлт бірлігі – ұлы байлық»"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Специалист по занятости населения

Получите профессию

HR-менеджер

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 670 169 материалов в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 13.05.2017 1001
    • DOCX 707.5 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Рабай Кунайым Туйешиевна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Рабай Кунайым Туйешиевна
    Рабай Кунайым Туйешиевна
    • На сайте: 8 лет и 2 месяца
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 60501
    • Всего материалов: 15

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой