Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Свидетельство о публикации

Автоматическая выдача свидетельства о публикации в официальном СМИ сразу после добавления материала на сайт - Бесплатно

Добавить свой материал

За каждый опубликованный материал Вы получите бесплатное свидетельство о публикации от проекта «Инфоурок»

(Свидетельство о регистрации СМИ: Эл №ФС77-60625 от 20.01.2015)

Инфоурок / География / Конспекты / Мақала. Тақырыбы: "Географияны оқытудың тиімді әдіс-тәсілдері"
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 28 июня.

Подать заявку на курс
  • География

Мақала. Тақырыбы: "Географияны оқытудың тиімді әдіс-тәсілдері"

библиотека
материалов

Географияны оқытудың тиімді әдіс-тәсілдері.
Біз ұстаздар қауымы қандай болмасын жаңалыққа құлақ түре жүретініміз айқын. Жаңа технологияларды сабақта қолданудың тиімділігін қашан да жолға қоярымыз анық. Қазіргі кезде білім беру үрдісінде көптеген технологиялар қолданылады. Соның бірі «Оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлауды дамыту» техногиясын басшылыққа аламын.Әр мұғалімнің алдындағы мақсаты,ең қасиетті міндеті-рухани бай,жан-жақты дамыған дарынды тұлға қалыптастыру және өз пәнінен білім беріп қана қоймай,әр баланың мүмкіндігін ашу,оны шығармашылық тұлғаға жетелеу.Міне,біз бүгінгі таңда «Білім берудегіКембридж тәсілдерінің теориялық негіздері»осы жоғарыда айтылған ұстанымды ұстаймыз.Яғни,мұндағы бала өзі ізденуші,бір-біріне үйретуші,ал мұғалім бағыт беруші, нұсқаушы.Бұл тәсілдің басқа технологиялардан ерекшелігі жеті модуль арқылы іске асады.Әйгілі зерттеушіЛ.С.Выготскийдің «Дәстүрлі оқыту-бала дамуына тек қондырғы болып,дамуға стихиялы әсер етсе,яғни, «дамудың соңында жүрсе»,жаңаша оқыту-«дамытуды өзімен бірге ала жүреді»-деген болатын.Сондықтан тек дәстүрлі оқытумен шектеліп қалмай,мұғалім әрқашан ізденісте болып,өзіне және шәкірттеріне тиімді жақтарын қарастырып отыруы тиіс. «Сабақ-оқытушының педагогикалық мәдениетінің айнасы»,деп А.Сухомлинский айтқандай,осы жеті модульдің ішінде өзімнің пәніме тиімдісі,жарыққа шығарары,баланың қызығушылығын оятары,білімін жетілдірері қайсы екен деп көп ойлағаным рас.Саралай келе әр сабақта бірнеше модульді бірден қолдануға болатынын анықтадым.
География пәнін оқушыларға оқытып үйретуде мұғалім үнемі өзінің ой - өрісін кеңейтуге, біліміне білім қосуға тиіс және оқытудың жаңа технологияларын меңгеруі қажет.
Мектеп оқушыларының танымдық белсенділігі мен ізденімпаздығын қалыптастыру мәселесінде белгілі ғалым Сократтың оқыту үрдісіне көңіл бөлемін. Оқу сапасын арттыру үшін күнделікті сабақта жаңа технологияларды пайдаланамын.
Осы негізде география пәнін оқытуда «сыни тұрғыдан ойлау» жобасы стратегияларын қолдану тиімді деп санаймын. Бұл – американдық ғалымдардың идеялары негізінде құрылған жоба. Сыни ойлау дегеніміз – оқушының қоршаған ортаға, ақпарат әлеміне, өзінің іс – әрекетіне сын тұрғысынан қарауын жетілдіру деген сөз.
«Сыни тұрғыдан ойлау» жобасының стратегияларын пайдалану өз сабақтарымда тиімділігі сол, оқушылар бұдан өздерін бақылап, талдау жасап үйренеді. Білімді Өз еңбектері арқылы ой елегінен өткізе отырып,
алады.
Мысалы, 8 – сынып «Табиғат зоналары»
1. Қызығушылығын ояту:
Білім турнирі /сұрақ - жауап/
1. Қазақстанның ең жақсы игерілген табиғат зонасы?/ орманды дала /
2. Дала зонасының топырағы?/ қара және қызыл қоңыр/
3. Егін шаруашылығы үшін шамалы пайдаланылатын табиғат зонасы? /шөлейт/
4. Үстірт, Бетпақдала, Сырдария өзендерінің оңтүстік жағалауында орналасқан сазды зона?/шөл/
2. «Кім тез» ойыны. Сөзжұмбақ шешу.
3. А/ Географиялық диктант
1. Өзендері түгелдей дерлік......... суымен толығады...........,............,............. өзендерінің суы халықтың тұрмыс қажеті үшін ғана емес, өнеркәсіп мақсаты үшін де пайдаланылады.
2. Қазақстандағы............... дала топырағының............................. жазығындағы............... дала топырағынан айырмасы -........................ сортаң болып келеді.
3. Дала зонасының өзендерінің деңгейі................ Зонаны..............,............,..............,...............,..................,................,..................,............... және бірнеше шағын өзендер кесіп өтеді.
4. Шөлейтте......... және............... шаруашылығы басым дамыған. Ойдым - ойдым суармалы жерлерде..................,.................... өсіріледі.
Әрбір сабақтың қалай өткенін мұғалім кері байланыс арқылы білуге болады.
6. Кері байланыс
1. Мен бүгін істей алдым
2. Маған қ и ы н болды
3. Мені таң қалдырды
4. Қызықты болды
5. Мен енді істей аламын
Көптеген сыныптарда тақырыптар мазмұнына сәйкес білім бекіту мақсатында мынадай кестені толтыруға болады:
Не білеміз? Не білгім келеді? Не білдім?

Сын тұрғысынан ойлау жобасы мынадай үш құрылымнан тұрады.
Қызығушылығын ояту
Мағынаны тану
Ой толғаныс
Оқушының дербес ойлауын дамыту үшін география сабағындағы бұл технологияның тиімділігі бұрынғы білім мен жаңа ұғым ұштастырылады. Ал соңғы кезеңде оқушы өз шығармашылығынан қабілетін таныта алады. Мұнда оқушыға ойланып толғануға уақыт берілуі керек, ойын айтуға оқушы шығармашылығын қалыптастыратынын атап өту керек. «Қызығушылығын ояту» кезеңінде алдыңғы өткен тақырыпты тексеру мақсатында тест жұмыстарын өткізу арқылы оқушы білім деңгейін қадағалап, жаңа сабақты бастар алдында «Топтастыру» стратегиясы арқылы оқушылармен бірлесе жұмыс жасауға болады. Сабақтың қай құрылымында болмасын осындай стратегияларды қолданғанда «Мен не үйретемін?», және «Оқушы үйреніп шығады? деген сұрақтарды есінен шығармауы керек. «Мағынаны тану» кезеңінде оқушыларды топқа бөлу арқылы сұрақтар дайындап оны «Куббизм» стратегиясы арқылы жүзеге
басыруға болады.Бұл стратегияда геометриялық фигура кубик пайдаланылады.Тақырыпқа байланысты кубиктің алты қабырғасына тапсырма жазылады,әр топтың алдына жеке-жеке тастап топқа қандай тапсырма берілетінін айқындайды.Мысалы:1География ғылымы нені зерттейді? 2.География ғылымын алғаш рет қашан,қай ғалым енгізді? Бұл технологияның келесі бір кезеңі – ой толғаныс. Мұнда «Венн» диаграммасын қолдану арқылы тақырыптардың ұқсастығымен мен айырмашылығын көрсетуге болады. Осы кезеңде пікір - сайыс немесе «5 минуттық эссе» жаздыруға болады. Мұндағы мақсат оқушылардың өзіндік көзқарасын қалыптастыру. Эссе жазғанда сабаққа қабілеті төмен деген оқушылардың 5 - 6 сөйлемнен тұратын ойын жазса, соның өзінде оқушыны сабаққа тарта білгеніміз.INSERT-түртіп алу жүйесі.Тексті түсіну үшін қажет бірден-бір құрал.INSERT оқушыларға өзі оқыған әңгімені түсінгенін тексеруге,өз ойын айтуға басшылық етеді.Бұл стратегия ойлау мен үйренуге бағытталған екінші кезеңі мағынаны тани білу сатысында қолданылады.Бұл кезеңде оқушы өз бетімен осы тақырып бойынша жұмыс жасауы керек.
INSERT кестесі

Мен үшін түсінікті

V

Мен үшін түсініксіз

-

Жаңа ақпарат

+

Мені жұмбақтандырады?

?


5 жолды өлең стратегиясы.Ой толғаныс кезінде қоданылады.Ақпартты түйіндеп айту,терең ойды,сезімді қысқа сөзбен қамту маңызды өнер.Бұл іс-әрекет тақырып туралы толғаныстан терең,бай түсініктің негізінде болуын талап етеді.Бұл ақпаратты синтездейтін және материалды қысқа ғана түсіндіретін немесе тақырыпты толғандыратын 5 жолдан тұратын өлең.Өлеңді жазудың негізі шарттарын айтып,оқушыға бұл тапсырманыорындауына 5-7 минуттай уақыт беріледі.Жұптасып әрқайсысы жазғанын сөйлеп түсіндіруге,дәлелдеуге себепші болады және тақырыпты сын тұрғысынан қарап шолуға мүмкіндік береді.5 жолды өлеңнің жазылу шарты:
1.Бірінші жол тақырыпты суреттейтін бір ғана сөзден тұруы керек.
(зат есім)
2.Екінші жол тақырыпты суреттейтін екі сөзден тұрады.
(сын есім)
3.Тақырыптың іс-әрекетін көсететін үш сөзден тұруы керек.
(етістік)
4.Төртінші жол тақырыпқа деген қатысты білдіретін 4сөз тіркесі болуы керек.
5.Соңғы жол тақырыптың мәнін көрсететін бір синоним.
Мысалы:
1-жол.Табиғат
2-жол.Көркемсің,әсемсің
3-жол.Өзгереді,құбылады,құлпырады
4-жол.Табиған,қандай көркем,әсемсің
5-жол.Тіршілік.
Сынып оқушыларын бағалау барысында оқушылардың білімін тексеру оңай жұмыс емес.Пәнге деген қызығушылығын арттыру мақсатында қолданылған бағалаудың түрлері:
1.Өзін-өзі бағалау.
2.Жұптық бағалау.
3.Топтық бағалау.
Сонымен қатар,мұғалім тарапынан да оқушы жіті бақыланып,күнделікті формативті бағалауы болады:Үлестірмелер(фишка,жетон,смайлик,т.б.), Критерий арқылы бағалау,Эмоция(«жарайсыз», «жауабыңызға тәнтіміз», «шіркін-ай»,т.б.) арқылы бағалау. Оқушының өзін-өзі бағалауы дамып,оны тек сабақ барысында ғана емес,кез-келген өмірдегі болып жатқан қайшылықтарға өзіндік бағалау жүргізе алатын тұлға қалыптасады.
Рефлекция кезеңінде оқушылар алған жаңа ақпараттарды,жаңа білімдерін реттейді,өз пікірлерін дәлелдеп айтады.
Білім беру мазмұнын жаңарту, оқыту әдістерін жетілдіру оқушылар мен мұғалімдердің өзара қарым - қатынасын жоғары деңгейде ұйымдастыру секілді міндеттердің қай - қайсысы да әрекетсіз іске аспайды.Атап айтқанда,сабақта қолданылатын стратегиялар көмегімен жеке тұлға ретінде жан-жақты дамыған,шығармашылық ойлау қабілеті жоғары білімді жеке тұлға қалыптастыру.Жаңашыл мұғалім болу үшін жаңа әдіс-тәсілдерді меңгерген білімді тапқыр болу керек.



Пайдаланған әдебиеттер:
1.Мұғалімге арналған нұсқаулық
2.География,биология журналы 2010жыл
3.Жаңа форматта білім беру үлгілері.Алматы,2013ж













































«Шамалған станциясындағы қазақ орта мектебі мектепке дейінгі шағын орталықпен коммуналдық мемлекеттік мекемесі»








Тақырыбы:Географияны оқытудың тиімді әдіс- тәсілдері.























Орындаған:География пәні мұғалімі Балтуреева.Л.Т

Алматы 2015 оқу жылы


Подайте заявку сейчас на любой интересующий Вас курс переподготовки, чтобы получить диплом со скидкой 50% уже осенью 2017 года.


Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ

Автор
Дата добавления 25.12.2015
Раздел География
Подраздел Конспекты
Просмотров468
Номер материала ДВ-284360
Получить свидетельство о публикации
Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх