Инфоурок / Другое / Другие методич. материалы / Мақала "Павлодар жер-су атаулары арқылы сөзжасамды оқыту"
Обращаем Ваше внимание: Министерство образования и науки рекомендует в 2017/2018 учебном году включать в программы воспитания и социализации образовательные события, приуроченные к году экологии (2017 год объявлен годом экологии и особо охраняемых природных территорий в Российской Федерации).

Учителям 1-11 классов и воспитателям дошкольных ОУ вместе с ребятами рекомендуем принять участие в международном конкурсе «Я люблю природу», приуроченном к году экологии. Участники конкурса проверят свои знания правил поведения на природе, узнают интересные факты о животных и растениях, занесённых в Красную книгу России. Все ученики будут награждены красочными наградными материалами, а учителя получат бесплатные свидетельства о подготовке участников и призёров международного конкурса.

ПРИЁМ ЗАЯВОК ТОЛЬКО ДО 15 ДЕКАБРЯ!

Конкурс "Я люблю природу"

Мақала "Павлодар жер-су атаулары арқылы сөзжасамды оқыту"



Московские документы для аттестации!

124 курса профессиональной переподготовки от 4 795 руб.
274 курса повышения квалификации от 1 225 руб.

Для выбора курса воспользуйтесь поиском на сайте KURSY.ORG


Вы получите официальный Диплом или Удостоверение установленного образца в соответствии с требованиями государства (образовательная Лицензия № 038767 выдана ООО "Столичный учебный центр" Департаментом образования города МОСКВА).

ДИПЛОМ от Столичного учебного центра: KURSY.ORG


библиотека
материалов

Павлодар жер-су атаулары арқылы сөзжасамды оқыту


Минап Г.

Инновациялық үлгідегі гимназиялық

сыныптары бар №39 жалпы орта білім беру мектебі, Павлодар қаласы


Тіліміздегі сөзжасам тәсілдерінің қалыптасқан үш түрі синтетикалық немесе морфологиялық, аналитикалық немесе синтаксистік, лексика-семантикалық немесе мағына өзгерту тәсілі бар екені белгілі. Сөзжасамның өнімді қызметі тіл білімінің лексика саласында, соның ішінде ономастикада анық байқалады [1, 23 б.]. Сондықтан жер-су атауларын зерттеушілер өз ғылыми еңбектерінде сөзжасам бойынша топтастыратын тәсілін бұрыннан қолданып келеді. Осы үш тәсілді оқушыларға тез меңгерту үшін Павлодар өңірі жер-су атауларын пайдалануға болады. Бұл оқушының сабаққа деген қызығушылығын арттырады, сонымен қатар ізденуге, өздігінен талдау жасауға және тақырып атауына ғылыми көзқарас қалыптастырады. Себебі оқушы кез келген топонимді ала отырып, оған талдау жасайды, талдау жасай отырып, ол атаудың этимологиясын, семантикасын, сөзжасамдық тәсілін зерттейді.

Топоним мейлі аналитикалық, мейлі синтетикалық жолмен жасалса да, өзіндік (топонимжасамдық) мағынаға ие болуы тиіс. Ол үшін «сөзжасамдық бірліктердің байланысқа түсуінің нәтижесінде солардың мағынасының негізінде жасалған біртұтас лексикалық мағына пайда болуы керек» [2, 212 б.].

Ол сөзжасамдық мағына ең алдымен, туынды мағына. Ол екі себепші негіздің бірігуі не қосарлануы немесе негізгі сөз тудырушы жұрнақ жалғану арқылы пайда болған, әрі осы себепші негіз мағына арқылы уәжделетін екіншілік мағына [3, 84 б.].

Демек, топонимжасамға қатысатын әр сыңардың мағынасы, шығу төркіні анық болса, онда жаңа аталу да анық, айқын болмақ. Мысалы, Қыраш деген ороним құрамындағы қыр «созылып жатқан биік жер, жол» мағынасы мен -аш, -еш, -ш, -ыш, -іш кішірейткіш мән беретін жұрнақтық мағына қосылып, «шағын, аласа ғана қыр» деген жаңа мағына туған. Мұнда әуелгі мағыналар да, туынды мағыналары да тайға таңба басқандай айқын байқалып тұр.

Белгілі бір аймақтың топонимдерін зерттеуде топонимдік материалдыра ұқсас келетін зерттеулерде қолданылған әдіс-тәсілдерді басшылыққа алу нәтижелі талдауға әкелетіні сөзсіз. Осыған орай, көптеген зерттеушілер тарапынан (В.Н. Попова, О.А. Султаньяев, Т. Жанұзақов) қолдау тапқан лексика-семантикалық классификацияны негізге алсақ, өлкеміздегі топонимдерді екі семантикалық типте қарастыруға болады.

Біріншісі – адамдарың іс-әрекеті, тұрмысы және қоғамдық өміріне қатысты атаулар, екіншісі, жаратылысқа қатысты атаулар.

1) Аймақтағы адамдардың қоғамдық-әлеуметтік өмірі мен тұрмысына қатысты топонимдерді бірнеше топқа бөліп жүйелесек:

а) Туыстық, ағайын-жекжаттық т.б. қарым-қатынасты білдіретін атаулар: Байжігіт – бай (с.е.) + жігіт (з.е.), Қонақ, Қызкөл – қыз (з.е.) + көл (з.е.), Балалы – бала (з.е.) + -лы – белгінің барлығын, молдығын білдіретін жұрнақ т.б.

ә) Халықтың тұрмыс-тіршілігіне байланысты атаулар: Ағашорын – ағаш (з.е.) +орын (з.е.), Жамантұз – жаман(с.е.)+тұз(з.е.), Кетпен(з.е.), Сабынды – сабын (з.е.)+ -ды – сын есім тудырушы жұрнақ т.б.

б) Құрамында әлеуметтік топ атаулары бар топонимдер: Кедей, Қожа Ахмет, Қожеке – қожа (з.е.)+ -еке – сыйлау, құрметтеу мәнді жұрнақ, Молдажан, Мырза т.б.

в) Түске байланысты атаулар (жасалу жолдары сын есім+зат есім): Ақтөбе, Алабота, Қарабұла, Қаратүн, Қызылжар, Қызылқақ, Сарыөзек т.б.

г) Құрамында адамдардың дене мүшесін білдіретін атаулары бар топонимдер: Беласар, Тұмсық, Желке, Төрткөз, Қаракөз, Мұрын, Кіндікті, Қарамұрын – қара(с.е.)+мұрын(з.е.) т.б.

д) Сондай-ақ адамдардың жан дүниесіне, мінез-құлқына қатысты сөздер де кездесетін атаулар көптеп кездеседі: Достар – дос(з.е.)+-тар – көптік жалғау, Досжан – дос(з.е.)+жан(з.е.), Жалғыз(с.е.), Жаман(с.е.) т.б.

2) Аймақтағы жаратылысқа қатысты атаулар тобы:

а) Аймаққа тән өсімдіктер бірлестігі өлкенің атаулар дүниесіне өз көрінісін берген. Өсімдік атаулары аймақтағы топонимдер құрамында өнімді қолданылатын және олар мекендегі өсімдіктердің өзіндік ерекшеліктерін сипаттап отырады. Фитонимдердің өздерін төмендегідей бөлуге болады. Қамыс: Суқамыс – су (з.е.) + қамыс (з.е.) екі сөздің бірігуі арқылы жасалып, «судың қамысы» екенін білдіреді; Шілік (жатағантал): Шілікті – шілік (з.е.) + -ті – бір нәрсенің бар не мол екенін көрсетеді т.б.;Ши: Шилікөл – ши (з.е.) + -лі – белгінің бар екенін, молдығын білдіретін қосымша, Көлши – көл (з.е.) + ши (з.е.) т.б.; Бидай: Бидайық көл, Қарабидайық көл, Ақбидайық қоныс, Қосбидайық қоныс, Елубидайық (санын білдіреді), Тасбидайық қон. (тасқа өскендіктен), т.б.; Ағаш: Ағашүй (з.е.+з.е.), Ағашорын (з.е.+з.е.) е.м. Келесі атаулар с.е. + з.е. жолдарымен жасалған. Құла+ғаш, Қызыл+ағаш қон., Төс+ағаш ойк., Сұлу+ағаш ойк. (сыртқы көрінісіне бейланысты) т.б.

ә) Павлодар облысының аумағы жануарлар дүниесінің көптігімен ерекшеленеді. Негізгі кәсібі мен шаруашылығы болып табылатын өлке топонимиясының түзілуіне төрт түлік мал мен соған байланысты таным-түсініктер де себепші болған. Жылқы: Жылқы(з.е.)+бұлақ (з.е.), Жылқытай; Ат: Бурыл (с.е.)+ат (з.е.), Тор(торы, с.е.) + ат (з.е.), Көк (с.е.)+ат (з.е.)+кел (ет.)+ -ген – есімшенің жұрнағы; Бие: Боз(с.е.)+бие (з.е.) қон., Ала(с.е.)+бие(з.е) қон., Қара(с.е.)+бие(з.е.) қон. т.б.;Жорға: Маң+жорға; Жабағы: Жабағы (з.е.)+ -лы – белгінің бар не молдығын білдіретін жұрнақ, қонысы, Қара (с.е.)+жабағы (з.е.)+ -лы – белгінің бар не молдығын білдіретін қосымша т.б.; Тай: Тай қон., Қара(с.е.)+тай(з.е.) е.м., Ақтай қон т.б. Түйе: Түйе өзені, Түйе+жарғақ қон., Ақ+түйе+сор көл, Түйе (з.е.)+ -ші – мамандық мәнді жұрнақ т.б.; Бота: Бота(з.е.)+жу(ет.)+-ыл – өздік етістің жұрнағы, -ған – есімшенің жұрнағы, екі сөзден біріккен, Ақ+бота, Нар+бота; т.б.; Нар: Нар(з.е.)+шөккен(ет.), Нар(з.е.)+өлген (ет.)қон.; Тайлақ: Ақ(с.е.)+тайлақ(з.е.) көл, Сары(с.е.)+тайлақ(з.е.) қон.; Қой: Қой(з.е.) -ды – табыс септігінің жұрнағы+бақ (ет.)+ -қан – есімшенің жұрнағы, Қой(з.е.)+ -лы – сын есім тудырушы жұрнақ; Ешкі: Қара(с.е.)+серке(з.е), Ешкі(з.е.)+тал(з.е.), Көк(с.е.)+лақ(з.е.) сөздерінен бірігіп жасалған т.б.

б) Далада тіршілік ететін жан-жануарлар әлеміне байланысты атаулар: Қасқыр: Қасқыр (з.е) қон., Қасқыр (з.е.)+ ал(ет.)+ -ған – есімшенің жұрнағы т.б.; Қоян: Қоян(з.е.)+ -ды – сын есім тудырушы жұрнақ, бір нәрсенің бар не молдығын білдіретін қосымша арқылы жасалған қон.,бұлақ. Қоян(з.е.)+-ды – сын есім тудырушы жұрнақ арқылы жасалып, тіркескен атау, Кіші Қоян (з.е.)+ -ды – сын есім тудырушы жұрнақ арқылы жасалып, тіркескен қон. т.б.

в) Құс атауларына қатысты қалыптасқан топонимдер: Бүркіт+ті, Бүркіт+ті+сор, Жаңа Қара+құс, Шағала+лы, Үлкен және Кіші Шағала+лы; Үйрекпен байланысты Ұя+лы, Шүрегей т.б.

г) Балық аулау шаруашылығына байланысты, Павлодар өңірінде балыққа қатысты жер-су атаулары кездеседі: Шортан көлі, Шабақ+ты көлі, Балық+ты көлі, Балық+бай көлі т.б.

ғ) Жәндіктерге байланысты атаулар да бар: Шыбын+ды, Маса+лы тауы, Масашат е.м., Маса қонысы. Құрт атауымен байланысты атаулар: Құрт+ты өзек өзені, Қара+су құрт+ты өз., Құрт+ты су көлі т.б.

Павлодар өңіріндегі жер-су атауларының синтетикалық тәсілмен жасалған атаулары біршама, жіктелуі қосымшадағы кестеде көрсетілген.   Топонимдердің квантативтік (сандық) құрылымын талдау – құрылымдық талдаудың негізі деп қарастыруға болады. Квантативтік немесе сандық талдауда топонимдер құрамындағы түбір морфемалардың санына қарай топтастырылады. Сондықтан өлкедегі мекен атауларын құрамындағы түбір морфемалардың санына қарай бір компонентті топонимдер және екі компонентті топонимдер деп топтастыруға болады.

Өлкенің жер-су атауларының қалыптасуына бір компонентті атаулар біршама мол кездеседі. Оның өзін таза түбірден және туынды түбірден жасалатын деп екіге бөліп қарастыруға болады.

а) Таза түбірден жасалған топонимдер мен гидронимдер: Әміре, Апан, Арал, Жәдік, Қабан, Кедей, Құм, Қонақ, Көнек, Майдан, Мырза, Тақта, Тұмсық, Шөп, Дөң, Тұз т.б.

ә) Аффикс туынды түбірден жасалған топонимдер мен гидронимдер.

Аффикстердің ішінде ең өнімдісі – -лы, -лі, -ды, -ді, -ты, -ті туынды сын есімдер жұрнақтары (белгінің бар екенін не молдығын білдіретін қосымша).

Түркі тілді топонимдер туралы әдебиеттерде бұл жұрнақтар туралы аз айтылған жоқ. Атап айтқанда, В.Н. Попова, О.А. Султаньяев, Т. Жанұзақов т.б. ғалымдар қатыстық сын есім жұрнағы бар топоним бір нәрсенің бар және мол екенін атап көрсеткенін мақұлдады. Бұл жұрнақ көне түркі жазба ескерткіштерінде де осы мәнде кездеседі: Бұқа+лы, Бөрі+лі т.б.

-лы, -лі, -ды, -ді, -ты, -ті: жұрнақтарының жалқы есімдерде, оның ішінде жер-су атауларында жиі кездеседі. Айдар+лы, Арқар+лы, Байқұт+ты т.б.; -алы, -әлі (кісі аттарында кезедесетін жұрнақтар): Дербісәлі, Есенәлі т.б.; -лық (есептік сан есімнен қатыстық заттық ұғым атауын жасайтын жұрнақ) ең өнімді жұрнақ болғанмен топонимдер мен гидронимдерде көп қолданыла бермейді, тек Ертіс ауданындағы Бірлік бұрынғы ауылдық мекеннің атауы кездеседі; -тық (дерексіз мәнді зат атауларын жасайтын жұрнақ): Достық – Павлодар ауданындағы елді мекен; -кер/-гер (мамандық, кәсіп мәнді жұрнақ): Талап+кер, Дара+гер, Жұмыс+кер т.б.; -ған/-ген (есімшенің өткен шақтықтық жұрнағы): Маймақ+қон+ған, Өрт+қама+ған, Қалмақ+қыр+ған, Сауырық+кес+кен т.б.;-ші (мамандық, кәсіп мәнді жұрнақ): Түйеші Баянауыл ауданындағы қоныс, елді мекен: -шыл (адам қасиеттерін білдіретін жұрнақ): Ұйымшыл – Ертіс ауданындағы елді мекен; -ша (кішірейту мәнді жұрнақ): Айдарша – Лебяжі ауданындағы көл; -шік (кішірейту мәнді жұрнақ): Төбешік – Шарбақты ауданындағы қоныс.

Аналитикалық тәсілдің нәтижесіндегі туынды сөздер – күрделі сөздер. Олар аталған тәсілдің ішкі бірнеше жолымен жасала отырып, күрделі бір ұғымды нақтылайтын, бір ғана лексика-грамматикалық мағынадағы сөздер.

Күрделі аталымдардың бір-бірімен тіркесуі, бірігуі, кірігуі, қосарлануы жайдан-жай бола салмайды. Бұл құбылыс белгілі бір лексика-семантикалық жағдайға негізделіп, жүзеге асады. Белгілі бір сөздердің бірін-бірі тауып, үйлесіп тіркесуі олардың белгілі қасиетіне, ішкі мазмұнына байланысты болады.

Күрделі атауларды құрастырушы сыңарлардың бір сыңары тірек, ұйымдастырушы сыңардың тегін, түсін, белгісін, қызметін, сапасын, санын, қасиетін, мекенін, ортасын, неге қатысты екендігін, пішінін т.б. ерекшеліктері мен қасиеттерін айқындап тұрады [4, 84 б.].

Қазақ тілінің көрнекті ғалымы Қ.Жұбанов күрделі сөздерді екі түбірдің қосылуы (бірігуі) және қосарлануы арқылы жасалатынын айта кетіп, оларға мынадай анықтама береді: «Бірнеше сөздер қосылып, бір екпінге – ең соңғысының екпініне бағынып, кейде бәрінің не біреуінің бұрынғы мағынасы өзгеріп, сондықтан бәрі жиналып, бір-ақ нәрсенің аты болып, бір-ақ мағына беретін, сөйлемде бір-ақ мүше болып, бір-ақ сөздің орнына жүретін болса, осыны кіріккен дейміз» [5, 65 б.].

Енді осы қасиеттердің топонимиядағы көрінісіне тоқталсақ. Жер-су атауларының аналитикалық тәсілі арқылы жасалуында сөздерді біріктіру тәсілі негізгі тәсілдерің бірі болып табылады.

Біріккен сөздер – әуелдегі еркін сөз тіркесінің, сонан соң тіркесті сөздердің соңғы даму сатысы, тіркесті сөздердің тұтасқан мағыналық және жалпы грамматикалық қызметтерінің бірлігі [6, 152 б.].

Өлкенің жер-су атауларының қалыптасуына сөздердің бірігуі арқылы жасалған екі компонентті топтар өте үлкен қызмет атқарады.

Екі компонетті топонимдер де (жоғарыда бір компонетті аталып өтті) ешбір жұрнақсыз таза екі түбірдің бірігуінен жасалған, тіркесу арқылы жасалған, қосарлану арқылы жасалған және аффикстер арқылы жасалған екі компонентті топонимдер деп бөліп қарастыруға болады.

Олар көбінесе төмендегідей үлгіде жасалады:

Зат есім + зат есімнің бірігуі арқылы жасалған жер-су аттары: Найза+қамыс, Найза+тас, Ағаш+орын, Кіндік+көл, Мырза+көл т.б.

Сын есім + зат есімнің бірігуі арқылы жасалған жер-су аттары: Ақ+түйе, Ала+тұмсық, Бай+жігіт, Жаман+тұз, Жаңа+дәуір т.б.

Сан есім + зат есімнің бірігуі арқылы жасалған жер-су аттары: Үш+сай, Төрт+үй, Төрт+құдық, Төрт+сай, Төрт+сақау, т.б.

Зат есім + етістіктің бірігуі арқылы жасалған жер-су аттары (бірлі-жарым ғана кездеседі): Тай+күйген, Тай+сойған, Тас+қалаған, Тау+басар, Теке+қойған, Той+қылған, Төре+қонған, Қоян+қашты, Ат+сойған, Жау+ғашты, Шелек+қалған т.б.

Жер-су атауларын жасауда аналитикалық тәсіл топонимжасамның ең өнімді тәсілдерінің бірі болып табылады. Күрделі атаулардың құрамы бірнеше ұғымдардың мағынасынан тұратыны, түрлі ұғымның тоғысуынан жүзеге асатынын көрсетеді, солардың ішінде заттың күрделі атауларының көпшілігінің бірінші сыңарлары сын, сан есімдерінен жасалады, бұл әсіресе топонимияда жиі қолданылатын өнімді тәсілдерінің бірі болып табылады.

Өңірдегі жер-су атауларын көбінесе күрделі атаулар, көбіне екі сөздің бірігуі арқылы жасалған. Қосарланған және тіркескен жер-су атаулары біраз ғана кездеседі. Сонымен қатар жұрнақ жалғану арқылы жасалған топонимдер де көптеп кездестірдік. Оқушыларға сөзжасамдық тәсілдерді меңгерту барысында, жер-су атауларын қолдана отырып оқыту тиімдірек болады. Оқушылар әрі өңіріміздің атауларымен таныс болады, әрі лингвистикалық тұрғыда осы атауларды зерттей алады.













Қолданылған әдебиеттер


  1. Қазіргі қазақ тілінің сөзжасам жүйесі. Алматы: Ғылым, 1989.–368 б.

  2. Қазақ грамматикасы: Фонетика. Сөзжасам. Морфология. Синтаксис. – Астана: «Астана полиграфия», 2002. – 784 б.

  3. Салқынбай А.Б. Қазақ тілінің сөзжасамы. Оқу құралы. – Алматы: Қазақ университеті, 2003. – 271 б.

  4. Қасым Б.Қ. Сөзжасам: семантика, уәждеме. Оқу құралы. – Алматы, 2003. – 167 б.

  5. Жұбанов Қ. Қазақ тілі жөніндегі зерттеулер. Алматы: Ғылым, 1966. – 180 б.

  6. Шакаман Ы.Б. Күрделі сөздердің сөзжасамдық негізі. // Қаз ҰУ хабаршысы. Филология сериясы. №5 (77). 2004.

5


Очень низкие цены на курсы переподготовки от Московского учебного центра для педагогов

Специально для учителей, воспитателей и других работников системы образования действуют 65% скидки при обучении на курсах профессиональной переподготовки.

После окончания обучения выдаётся диплом о профессиональной переподготовке установленного образца с присвоением квалификации (признаётся при прохождении аттестации по всей России).

Подайте заявку на интересующий Вас курс сейчас: KURSY.ORG


Краткое описание документа:

Тіліміздегі сөзжасам тәсілдерінің қалыптасқан үш түрі синтетикалық немесе морфологиялық, аналитикалық немесе синтаксистік, лексика-семантикалық немесе мағына өзгерту тәсілі бар екені белгілі. Сөзжасамның өнімді қызметі тіл білімінің лексика саласында, соның ішінде ономастикада анық байқалады [1, 23 б.]. Сондықтан жер-су атауларын зерттеушілер өз ғылыми еңбектерінде сөзжасам бойынша топтастыратын тәсілін бұрыннан қолданып келеді. Осы үш тәсілді оқушыларға тез меңгерту үшін Павлодар өңірі жер-су атауларын пайдалануға болады. Бұл оқушының сабаққа деген қызығушылығын арттырады, сонымен қатар ізденуге, өздігінен талдау жасауға және тақырып атауына ғылыми көзқарас қалыптастырады. Себебі оқушы кез келген топонимді ала отырып, оған талдау жасайды, талдау жасай отырып, ол атаудың этимологиясын, семантикасын, сөзжасамдық тәсілін зерттейді.  

                Топоним мейлі аналитикалық, мейлі синтетикалық жолмен жасалса да, өзіндік (топонимжасамдық) мағынаға ие болуы тиіс. Ол үшін «сөзжасамдық бірліктердің байланысқа түсуінің нәтижесінде солардың мағынасының негізінде жасалған біртұтас лексикалық мағына пайда болуы керек» 

Общая информация

Номер материала: 553339

Похожие материалы

Получите наградные документы сразу с 38 конкурсов за один орг.взнос: Подробнее ->>