Инфоурок Другое Другие методич. материалыМамандыққа саяхат 2 сынып

Мамандыққа саяхат 2 сынып

Скачать материал

Сабақтың тақырыбы:

Мамандыққа саяхат

Мұғалімнің аты-жөні:Жапаргалиева М.М Күні:   

СЫНЫП:  2 В

 

Қатысқан оқушылар  саны: 

 

Қатыспаған оқушылар саны: 0

Сабақ негізделген оқу мақсаттары

·         Оқушылардың ойлау қабілеттерін дамыта отырып, болашақ мамандыққа байланысты ұғымдарын тереңдетіп, қызығушылықтарын арттыру. Жұмыстың мазмұнымен, мағынасы  айрықшаланатын мамандық әлемінің түрлілігі туралы түсінік қалыптастыру.

·         Оқушылардың бойына жақсы қасиеттерді сіңіру, мамандық таңдай білуге, еңбексүйгіштікке тәрбиелеу.

Сабақ  нәтижесі:

 

Оқушылардың барлығы мынаны орындай алады: Мамандық түрлерін ажырата алады. Жазба жұмыс жасайды. Сұраққа жауап береді. Оқушылардың көбісі мынаны орындай алады:

Топтық жұмысты брлесе орындайды.Өз бетінше жұмыс жасайды. Сұраққа жауап береді. Қосымша үлестірме ресурстармен  жұмыс жасайды.    

Оқушылардың кейбіреуі мынаны орындай алады:

Әрбір мамандық иесінің қоғамдағы орнын және оның маңызын  айтады, дәлелдер келтіре алады.

Бағалау  критерийі

Жеке, жұптық, топтық тапсырмаларды орындай алады. Сабақ барысында  тыңдаушының назарын өзіне аудара алады.

Ресурстар

мамандық туралы суреттер, мамандық аттары жазылған карточка, слайд көрсету.

Әдіс-тәсілдер

Сұрақ-жауап, әңгімелеу, түсіндіру, ойын, көрнекілік. Рефлексия.

Пәнаралық байланыс

Музыка, қазақ тілі, әдебиеттік оқу.

Алдыңғы оқу

 

Сабақтың жоспары

Жоспарланғануақыт

Сабақ барысы :

Бағалау түрлері

Басталуы

5  минут

Психолдогиялық ахуал:

Біз ұшқыш та, ғарышкер,
Батыл жандар намыскер,
Көк күмбезін құшамыз,
Ғарышқа да ұшамыз.

Топқа бөлу:

«Кір жаятын жіп» әдісі арқылы топтарға бөлу.

Видео көрсету.

Бүгінгі тәрбие сағатымыздың тақырыбы қандай болады деп ойлайсыңдар?

Дұрыс айтасыңдар. Олай болса ашық тәрбие сағатымыздың тақырыбы: «Мамандыққа саяхат», яғни біз бүгінгі тәрбие сағатымызда мамандықтар туралы білімдерімізді кеңейтіп, олар туралы көбірек білетін боламыз. Мамандық деген не? Қалай түсінесіңдер? 
- Мамандық - қарапайым өмір сүру көзі болып табылатын және қандай да бір дайындықты, жауапкершілікті талап ететін еңбек қызметінің маңызды бөлігі.
- Балалар, 12-сәуірде қай мамандық иелерінің мерекесі болды? 
- 12-сәуір ғарышкерлердің мерекесі.
- Дұрыс. Олар ғарышқа немен ұшады? Ал олар ғарышкер болмас бұрын кім болды? Иә, олар алдымен ұшқыш болды. Ал ұшқыштар немен ұшады? Ендеше біз де бүгінгі саяхатымызда ұшақпен ұшамыз (3-слайд).
1. «Мамандық иелері» қалашығы
• Тренинг: «Бұл кім?» Мамандық иелері туралы жұмбақтар шешу. Сол мамандық иелерінің еңбегі туралы айту. (Оқушыларға интерактивті тақтада мамандық иелері көрсетіледі.

Алатаяқ ұстаған,
Жол тәртiбiн нұсқаған.
Өмiрiңдi күзеткен,
Ысқырығы күштi адам. (Полиция қызметкері)

Өңкей сығай екi топта,
 Таласып жүр бiр допқа. (Футболшылар)

Жолының көп азабы,
Сондадағы тынбайды.
Жаңалықты жазады,
Көпшiлiктi тыңдайды. (Журналист)

Кең байтақ туған жерiме,
Кетпесiн деп жат iз өтiп.
Тыныштық тiлеп елiме,
Отанды кiм тұр күзетiп? (Жауынгер)

Бiлiмнiң жол басшысы,
Шәкiрттiң қолбасшысы. (Мұғалiм)

Айлар бойы жүзедi,
Жердi көрмей жүредi.
Ақ жал таумен алысқан,
Адамды кiм бiледi? (Теңiзшi)

Күмiс қанат, сұңқары,

 Көкке еркiн сүңгидi.
Бұлттан да тым әрi,
Кеткен жанды кiм дейдi? (Ұшқыш)

Өрнектеп, сәндеп,
Тiгiстерiн бүгетiн.
Солпысын жөндеп,
Кiм көйлек тiгедi? (Тiгiншi)

 Қалпағы ақ қарасаң,
Дәрiгер емес, бiрақ ол.
Дәм мәзiрiн қаласаң,
Алға ұсынып тұрады ол. (Аспаз)

Жалтылдап қалағы,
Салатын кiм қаланы? (Кiрпiш қалаушы)

Өскен шашты жаратпайтын,
Қайшысы бар жалақтайтын. (Шаштараз)

Оның тiккен бұйымы,
Аяғыңды қаптайды,
Шыға қалса жұлымы,
Әдемiлеп баптайды. (Етiкшi)

Ортасында сан халық,
Белдескенде жан салып.
Жерге тимей жотасы,
Атанған күш атасы,
Айбаттыны кiм дейдi,
Қайраттыны кiм дейдi? (Балуан)

Дабылға тез жететiн,
Жалынға сүңгiп кететiн.
Қақалса да түтiнге,
Тайсалмайтын батыл кiм,
Жасқанбайтын батыр кiм? (Өрт сөндiрушi)

Екi шекпен күмбiрлеп,
Көңiл сазын сапырады,
Тұлпар шабыс дүмбiрлеп,
Желпiндiрiп отырады. (Күйшi)
2. «Құралдар» қалашығы
Ойын: «Кімнің құралы?»

Әр топқа түрлі мамандық иелеріне қажет құралдарды қойып ойын шартын түсіндіремін. Топ мүшелері екі түрлі мамандық иесіне қажет құралдарды екі үстелге бөліп жинайды (шаштараз-аспаз, мұғалім-дәрігер).
3. «Армандар» қалашығы
• «Кім болам?»Оқушылар көздерін жұмып өздерін болашақта кім болатынын елестетеді және ойларымен бөліседі.

Сергіту сәті:
- Мынау – менің жүрегім, 
Бәрі осыдан басталған.
Мынау – басым ақылды,
Бәрін осы басқарған.
Мынау – менің оң қолым,
Мынау – менің сол қолым,
Барлық істі атқарған.
4.«Сөздер» қалашығы
• Ойын: «Сөйлеп тұрған кім?» Балалар біз қазір мына сөздерді естіп қандай мамандық иесі сөйлеп тұрғанын анықтайықшы: 
- Бүгінгі сабағымыздың тақырыбы: «Көбейту мен бөлу – өзара кері амалдар»
- Көптеген жаңа әндер жаздырдым, бейнебаян түсіртіп жатырмын.
- Балалар, дәрумендер қабылдап, тазалықты сақтап жүрсеңдер, ауырмайсыңдар.
- Қылмысқа, құқықбұзушылыққа жол бермейміз.
- Ең әдемі, сәнді киім үлгілерін жасадым.
- Балалар, балмұздақ алыңдар, өте дәмді!
- Жүріңіз қай жаққа апарып тастайын? 
- Шашыңызды қандай үлгіде қиып берейін? 
- Мен қуырдақ қуырып жатырмын,қазір дайын болып қалады.
5.«Ой қорыту» қалашығы

Мамандық дегеніміз не? Әр топ мамандық туралы өз ойларын постерге түсіреді.

Мамандық дегеніміз – адамның еңбек қызметінің түрі.

Мамандық таңдау да мектеп қабырғасынан басталады. Сондықтан бүгін өзіміз қалаған мамандық туралы өз ойымызды айтамыз.

Әсмепаз болма әрнеге

Өнерпаз болсаң арқалан

Сен де бір кірпіш дүниеге

Кетігін тапта бар қалан,

деп өмірден өз орнын тауып, елімізге қажетті кәсіп иесі болу бәріміздің арманымыз.

Біздің таңдауымыз да әртүрлі. Біреуің ертең ақын, екіншің инженер, үшіншің құрылысшы боласың. Жаман мамандық жоқ. Мамандықтың бәрі жақсы.

    -Абай атамыз айтқандай «болмасаң да ұқсап бақ, бір ғалымды сүйсеңіз. Ондай болмақ қайда деп, айтпа ғылым сүйсеңіз» дегендей алға ұмтылып арманымызға жетіп, мамандық иесі болайық.

 

 

Оқушылар жіптен өздеріне ұнаған мамандық иесіне сай сурет алады.

 

 

 

 

 

 

 

 

Үйге тапсырма: Өз Отбасы мүшелерің мамандығы  туралы фотоальбом жаса.

Саралау – Оқушыларды тапсырмалар арқылы саралаймын.

 

Бағалау – Бағалау парақшасы арқылы оқушы өз- өзін бағалайды.

 

Пəнаралық байланыс

Көркем еңбек,  жаратылыстану.

Қорытынды бағамдау

Қандай екі нəрсе табысты болды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?

1:

 

2:

Қандай екі нəрсе сабақты жақсарта алды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?

1:

2:

Сабақ барысында мен сынып немесе жекелеген оқушылар туралы менің келесі сабағымды

жетілдіруге көмектесетін не білдім?

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Мамандыққа саяхат 2 сынып"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Педагог-психолог

Получите профессию

Интернет-маркетолог

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 665 357 материалов в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 10.11.2020 945
    • DOCX 624 кбайт
    • 36 скачиваний
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Мельников Сергей Иванович. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Мельников Сергей Иванович
    Мельников Сергей Иванович
    • На сайте: 3 года и 4 месяца
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 76089
    • Всего материалов: 197

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Няня

Няня

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс профессиональной переподготовки

Руководство электронной службой архивов, библиотек и информационно-библиотечных центров

Начальник отдела (заведующий отделом) архива

600 ч.

9840 руб. 5600 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 25 человек

Курс повышения квалификации

Специалист в области охраны труда

72/180 ч.

от 1750 руб. от 1050 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 34 человека из 21 региона
  • Этот курс уже прошли 155 человек

Курс профессиональной переподготовки

Организация деятельности библиотекаря в профессиональном образовании

Библиотекарь

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3650 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 283 человека из 66 регионов
  • Этот курс уже прошли 850 человек

Мини-курс

Методы анализа и прогнозирования по финансовой отчетности

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Методология физического воспитания

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Психология аддикции: понимание и распознование

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 27 человек из 19 регионов