Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Школьному психологу / Презентации / Мамандық таңдаудың психологиялық негіздері
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 24 мая.

Подать заявку на курс
  • Школьному психологу

Мамандық таңдаудың психологиялық негіздері

библиотека
материалов

Мамандық таңдаудың психологиялық негіздері



Бастауыш мектеп – баланы оқуға үйрету мен тәрбиелеу, оның тұлға ретінде өзін - өзі ашуға, жалпы дамуының қалыптасуына жағдай жасайтын негізгі саты. Жалпы адамның мектептегі білім алу кезеңі және тұтас педагогикалық үрдіс сапалы нәтижеге жету үшін бастауыш сыныптардағы оқу – тәрбие үрдісі қазіргі заман талаптарына сай құрылуы шарт. Мектептегі кез келген жаңарулар бастауыш мектептен бастау алады. Сондықтан бастауыш мектеп мұғаліміне қойылар талап пен жауапкершілік те салмақты. Білімнің іргетасы да балаға бастауыш сыныптарда қаланады.

Қазақтың біртуар ұлдарының бірі Ахмет Байтұрсынов «Адамға тіл, құлақ, қол қандай керек болса, бастауыш мектепте үйренетін білімдер де сондай керекті», - деген болатын. Олай болса қатардағы қазақ азаматын болашақ ұлттық маманды даярлау осы бастауыш мектептен басталады.

Педагогикалық технология, оқыту технологиясы туралы мәселелер соңғы жылдары педагог – ғалымдардың назарын аударып, әр түрлі қырынан зерттелуде. Оқытудың жаңа технологиясының бастапқы бір формасы болып табылатын бағдарламалап оқыту мәселелері А.И.Берг, В.П.Беспалько, Б.С.Блум, М.В.Кларин, И.Я.Лернер, В.Оконь, Б.Скинлер, Н.Ф.Талызина және тағы басқалардың еңбектерінде көрініп дамыды.

Баланың кейінгі және болашақтағы білім бастауыш буындағы білімнің сапалылығына тікелей байланысты. Кіші мектеп жасындағы оқушының негізгі ерекшелігі – білімді қызығушылықпен алуы. Ол үшін сабақты бала талпынатындай және қызығатындай етіп ұйымдастыру керек. Алдына қойған мақсатқа жету үшін мұғалім кезкелген технологияны таңдауға ерікті. Математика пәні – реалды ақиқатының ең маңызды саласы және адамның алуан түрлі коммуникативтік жағдайларға еркін араласып қатысу, сауатты бағдарлай алу қабілетін дамытып, жасанды (математика) тілдер туралы қалыптастыруға, дүниені математикалық өрнектер арқылы бейнелеп қабылдауға мүмкіндік ашатын жетекші пән ретінде қарастырылады. Бастауыш саты – оқушы да, оның интелектісі дамуының іргетасы – оқу әрекеті қалыптасуының қуатты жүретін кезеңі. Оқу әрекетінің мазмұны оқу тапсырмалары түрінде құрылып отыр. Оқушы әртүрлі оқу тапсырмаларының өздігінен шешіп орындаудан ортақ тәсілдерін оқу әрекетін бақылап – бағалауды нәтижесін эталонмен салыстыруды меңгереді.

Болашақтың бүгінгіден де нұрлы болуына ықпал етіп, адамзат қоғамын алға апаратын күш тек білімде ғана. Қай елдің болмасын өсіп - өркендеуі, өркениетті дүниеде өзіндік орын алуы оның ұлттық білім жүйесінің деңгейіне, даму бағытына байланысты.

Бүгінгі таңда республикадағы және аймақтағы экономикалық нарықтық қатынастардың қалыптасу жағдайына сәйкес мектептегі математиканы оқыту мазмұнын жетілдіру, оқытудың озық технологияларын қолдану – айрықша өзекті проблемаларға айналып отыр.

Қазіргі заман талаптары мектеп оқушыларының шығармашылық қабілеттерін, білім алудағы дербестігін мақсатты түрде дамытып отыру міндетін қойып отыр. Жалпы білім беретін мектептің бастауыш сатысындағы білім мазмұны тұжырымдамасында «білім мазмұнын жаңартудың ғылыми негізіне бастауыш сынып оқушысының белгілі бір қажетті біліктер мен дағдылардың иесі, оқу әрекетінің субъектісі, әртүрлі мәдениеттермен өз көзқарасы тұрғысынан диалогқа түсетін автор және жас ерекшелігіне сәйкес өз жолын қалыптастыруға күш жұмсап, еңбектенетін бала деп қарастыратын, осыған орай көп қырлы құрылымды білім – тәрбие мазмұнын анықтап құруға көмектесетін қазіргі заманғы дамыта отырып оқыту идеясы» алынатындығы атап көрсетілген.

Қазіргі заманғы дамыта оқыту жағдайында математикалық жаттығулардың оқушылардың оқу – танымдық қызметін ұйымдастыру тұрғысынан алғандығы негізгі түрлерін саралаудың қажеттігі келіп туындайды. Шын мәнісінде, Қазақстан Республикасы бастауыш білімнің мемлекеттік стандартына сәйкес, математикалық білімнің жаңа мазмұны біртекті және әртүрлі екі деңгейді қамтиды. Олар: міндетті және мүмкін деңгейлер.


Краткое описание документа:

Қазақтың біртуар ұлдарының бірі  Ахмет  Байтұрсынов  «Адамға  тіл,  құлақ,  қол  қандай  керек  болса,  бастауыш  мектепте  үйренетін  білімдер  де  сондай  керекті», - деген болатын.  Олай болса қатардағы  қазақ  азаматын  болашақ  ұлттық  маманды  даярлау  осы  бастауыш  мектептен  басталады.

Педагогикалық  технология,  оқыту  технологиясы  туралы  мәселелер  соңғы  жылдары  педагог – ғалымдардың  назарын  аударып,  әр  түрлі  қырынан  зерттелуде.  Оқытудың  жаңа  технологиясының  бастапқы  бір  формасы  болып  табылатын  бағдарламалап  оқыту  мәселелері  А.И.Берг,  В.П.Беспалько,  Б.С.Блум,  М.В.Кларин,  И.Я.Лернер,  В.Оконь,  Б.Скинлер,  Н.Ф.Талызина  және  тағы  басқалардың  еңбектерінде  көрініп  дамыды.

 

Автор
Дата добавления 30.01.2015
Раздел Школьному психологу
Подраздел Презентации
Просмотров364
Номер материала 350986
Получить свидетельство о публикации

Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ

Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх