Инфоурок Другое СтатьиМатематика пәнін оқытудағы инновациялық әдістер мен білім сапасын көтерудің тиімді жолдары.

Математика пәнін оқытудағы инновациялық әдістер мен білім сапасын көтерудің тиімді жолдары.

Скачать материал

Математика пәнін оқытудағы инновациялық әдістер мен білім сапасын көтерудің тиімді жолдары.

 

Айтжанова А.Т.

Ақтөбе қаласы Благодар орта мектебінің математика пәні мұғалімі.

 

            XX ғасырдың аяғы мен  XXI ғасырдың басында әлемдік білім беру жүйесі жаңа бағытта даму жолына түсті. Соған сәйкес білім беру жүйесінде жаңа педагогикалық технологиялар пайда бола бастады. Тіпті бірқатар дамыған елдерде бұл идея ұлттық қағидаға айналған. Бүгінгі таңда мектептің де, мұғалімдердің де қасиетті міндеті-рухани бай, жан-жақты дамыған, жеке, дарынды тұлға даярлап шығару. Қазақстанның бәсекеге қабілеттілігін жүзеге асырудың тиімді жолдары Елбасының «Бәсекеге барынша қабілетті 50 елдің қатарына кіру стратегиясы» жолдауында айқындалған. Сонымен қатар «Кез келген мемлекеттің қуаты-халқында, оның білігі мен білімінде. Білім мен ғылым әлеуметтік жақсарудың құралы ғана емес, бүкіл прогресске апаратын даңғыл жол, »- деп Елбасы Н.Ә.Назарбаев өз Жолдауында  көрсеткендей білім беру үрдісінде оң өзгерістер ене бастады. Сондай өзгерістердің бірі жаңа құрылымды мектептің бой көтеруі. Жаңа мектептің бойын тіктеуге ұстаздардың шығармашылығы, ізденісі қажет екені белгілі.

            Жастарды оқытуға оларға кәсіби білім беруге, мамандарды жан-жақты даярлауға қоғам мен мемлекеттің бүгінгі таңда барынша назар аударуы да сондықтан. Елімізде жүргізіліп жатқан білім саясаты әлемдік білім кеңістігімен ықпалдасуға бағдарланған.Әлемдік білім кеңістігінен жалпы білім берудің басымдылық мақсаты-өзгермелі білім жағдайына тез бейімделетін өз жолын дұрыс таңдай білетін,оң шешім қабылдай алатын тұлғаны даярлау.

            Білім беруді дамытудың проблемалары – қазіргі педагогикалық теория, практика талаптарына сай, келетін, жеке тұлға, қоғам мен мемлекеттің білімге деген қажетін қанағаттандыра алатын білім берудің маңызды белгілерінің жиынтығы.

            Кейінгі жылдарда педагогика ғылымында жиі пайдалана бастаған жаңа ұғымдардың бірі инновация. Инновациялық оқытудың негізгі жаңалықтарды қалыптастыру, қолдану, жаңару, өзгеру мәнін береді. Инновациялық технологияларды қолдану арқылы жеке тұлғаның шығармашылық әлеуметін дамытудың нәтижесімен мүмкіндігі арта түседі.

Жаңа технологияны меңгеру мұғалімнің интелектуалды, кәсіптік адамгершілік, рухани азаматтық және де басқа көптеген адами қабілетінің қалыптасуына әсерін тигізеді, өзін-өзі дамытып, оқу-тәрбие үлгісін тиімді ұйымдастыруына көмектеседі.

Педагогикалық технологияларды талдау барысында мына факторлар ескерілуі тиіс:

·         алынып отырған технология жас ерекшелігіне сай болуы ;

·          тиімділігі, жүйелілігі және басқа жақтары.

            Қазіргі мектеп ғылым жетістіктері мен адам қызыметінің әртүрлі салаларының сұраныстарына сәйкес ертеңгі күннің қажеттіліктеріне сай бола отырып, мектеп бітіруші түлектің алдағы өміріне қажетті білімінің берік іргетасын қалауы керек. Сондықтан, білімдер мен икемділіктер білім жүйесін құруға арналуы тиіс. Жалпы, білім жүйесінде ақпараттық технологиялардың тереңдеп енуі оны оқыту әдістемесін ғана емес, мазмұнын да өзгерте бастады. Математика саласында математикалық әдістер мен математикалық ойлау ғана емес, жалпы ғылыми дүниетанымын да жаңаруда. Мектепте математикалық білім беру мазмұнын жаңарту мен оны оқыту әдістемесін жетілдіруден бұрын математикалық білім беру сапасын жолға қоюымыз қажет. Қазіргі кезде білім беру : пәндік – мазмұндық, мазмұндық – әрекеттік және мазмұндық – тұлғалық байланыста болуы керек.

            Сондай – ақ математикалық білім беру , математикалық сауаттылыққа түгелдей тәуелді. Ендеше математикалық білім беру туралы әңгімені математикалық сауатылық мәселесінен бастауымыз керек. Ал, сауатылық мәселесі математика пән мұғалімінің дайындық сапасының негізгі проблемасы. Бұл проблемалар:

            - Пән мұғалімінік теориялық әдістерінің жан – жақтылығы
            - Мұғалімнің кәсіби дайындық негіздері, (курстар, семинарлар т.б.)
            -  Пән дамуының ішкі қисындылығы, яғни логикалық ой – өрісінің жан – жақтылығы.

            Менің математик ретінде өз алдыма қойған мақсатым: «Оқытудың озық ақапараттық – иновациялық технологиялар әдістерінің тиімді жағын пайдаланып, математикалық білім жүйесін дамытп, сапалы білім беру». Оқушыларға білім беруді дамытуда білім сапасын төмендегідей анықтаймын:

            - толықтығы
            - тереңдігі
            - жеделдігі
            - икемділгі
            - нақтылығы
            - жалпыланғандығы
            - жүйелілігі
            - түсініктілігі
            - беріктігі

            Оқушылардың ойлау қабілетін тереңдету, пәнге қызығушылығын арттыру бағытында көп жылдардан бері педагогикалық зерттеу жұмыстарын жүргізіп келемін. Сол жасалған жұмыстарымның негізінде оқушының

            - есептің берлігенін толық оқып шығуға дағдыландыру
            - теорияны білу оны логикамен ұштастыру
            - шапшаң ойлау қабілетін қалыптастыру.
            - көру, есте сақтау қабілетін дамыту
            - есепті шығаруда тиімді жағын көруге баулу
            - пәнге деген құзырылылығын арттыру

            Білім мазмұнын орыс академигі И.Лернер айтқан тұрғыдан қарастырар болсақ, ол мынадай бөліктен тұрады: білім (мәліметтер мен деректер), икемділіктер мен дағдылар, шығармашылық іс – әрекеттер және көңіл – күй құндылықтары.

            Осы білім мазмұнының «мәліметтер мен деректер» атты алғашқы бөлігін (ұғымдарды анықтау, қасиеттерді түсіндіру барысында) гуманитарлық пәндерде көбірек сарапқа салынатын болса, «икемділіктер мен дағдылар» атты келесі бөлігі (ережені негіздеу, есеп шығару) жаратылыстану пәндерінде таразыға жиі түседі. Бұл бөліктің алғашқыға қарағанда салмағы ауырлау болады. «Шығармашылық іс – әрекеттер» атты білім мазмұнының үшінші бөлігі мектепте сыныптан тыс жұмыстарда, одан да инновациялық мектептерде ғана өз мәнінде қолға алынуда, ал жаңа буын оқулықтарындағы шығармашылық тапысырмалардың танымдық бағыты басымдау болып келеді, оның үстіне ондай тапсырмалардың сабақта қолдануға көп жағдайда, мұғалім шеберлігі мен қызығушылығына байланысты.

            Қазіргі таңда білім берудің әлеуметтік құрылымы маңызды элементтердің біріне айналып отыр. Дүниежүзінде білімнің рөлі артып, әр елдің өзіндік білім беру жүйесі тағайындалған. Бірақ, ол әлем халықтарының білім берудегі тәжірибесімен, бағыт-бағдарымен деңгейлес болуы қажет. Қазақстан Республикасындағы үлкен өзгерістердің білім беру саласында қамтылуы маңызды іс-шара болып табылады. Осы орайда білім беруді дамыту тұжырымдамасы Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытудағы маңызды құжат екендігі сөзсіз.

Білім беру жүйесінің басты – міндеті ұлттық және адамзаттық құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға, дамытуға және кәсіби шыңдауға бағытталған білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау, оқытудың жаңа технологиясын енгізу, білім беруді ақпараттандыру.

            Міне осындай маңызды мәселелерді шешуде жас ұрпақты сапалы да, саналы ой еңбегіне тәрбиелеуде математиканың алатын орны ерекше.
Қазіргі заман – математика ғылымының өте кең, жан-жақты тараған кезеңі.Ал талапқа сай математикалық мәдениеттіліктің деңгейін көтеру болып табылады.

Ал математиканың дамуына адамзат тіршілігінің дамуының басқа да түрлерін; тарихтың дамуын,өндірістік қатынастар мен өндірістік күштердің дамуы,мәдени тарихпен, техника, физика, астрономия, механика, философия тарихымен де тығыз байланысты. Демек, математиканың дамуына жетілдіріп,толықтырып, математика мен математикалық теориялардың, идеялардың дамуы емес – сол кездегі халықтың тұрмыс тіршілігінің деңгейіне сәйкес, білімнің дамуы зор ықпал етеді. Ал білімнің оқыту процесімен тығыз байланыстылығы мәлім. Сонымен қатар қоғам үшін де математиканың рөлі ерекше, себебі әр түрлі бағыттағы математикалық әдістерді қолданбаса ғылыми – прогресстің болуы мүмкін емес. Бұл жерде математикалық дайын ақпараттарды қолдану ғана емес, ғылым мен техниканың дамуына ықпал ететін жаңа туындыларға жол ашу, мүмкіндік жасау. Бұл үшін қажет болған жағдайда жаңа идеялар айтатын, математикалық сауаты жоғары мамандар дайындау қажет.

Қазіргі қоғамымызда болып жатқан түбірлі өзгерістерге байланысты әрбір мұғалім оқытудың сан қилы әдістері мен формаларын білуі қажет. Сабақ барысында шәкірттің білімге құштарлығын арттыру, өздігінен ойлау қабілетін жандандыру, еңбек етуге баулу, жауапкершілік сезімін қалыптастыру мұғалімнің басты талабы. Жаңа талаптарға сай көптеген оқыту технологиялары бар. Солардың бірі –профессор Ж.Қараевтың деңгейлеп саралап оқыту технологиясы. Бұл технология оқушының ой-өрісінің дамуына, пәнге деген қызығушылығын арттыруға мүмкіндік береді. Әрбір тарау бойынша деңгейлік тапсырмалар –дамыта оқыту идеясын жүзеге асыруға мүмкіндік береді, өйткені ол оқушының ойлауын, елестету мен еске сақтауын, белсенділігін, дағдысын, білім сапасын қамтамасыз етеді. Еліміздің, қоғамның экономикалық, саяси, мәдени дамуына үлес қосатын әлемдік өркениетке көтерілетін білімді де мәдениетті, парасатты азамат тәрбиелеп шығару ұстаздар қауымының бүгінгі таңдағы басты міндеті.

XXІ ғасырдың жан-жақты зерделі, дарынды, талантты адам қалыптастыру бағытындағы білім беру ісі –бүгінгі күн талабы. Бұл талапқа жету жолы - білім берудің тиімді жолдарын таңдай білу. Сондай жолдардың бірі – деңгейлік оқытудың математика сабағындағы тиімділігі. Оны меңгеру мұғалімнің өзін-өзі дамытып, оқу-тәрбие үрдісін ұйымдастыруына көмектеседі. Оқытудың жаңа технологияларын алдымен жете меңгеріп, одан соң оқу мазмұнына, оқушылардың жас және психологиялық ерекшеліктеріне қарай таңдап пайдаланудың маңызы зор. Осы технологияны қолдану негізінде әрбір бала бойындағы дара қабілет анықталады, әр оқушы әр сабақ кезінде жаңа білім қосып қана қоймай, соны өзі игеріп, ізденіп, пікір таластыру деңгейіне жетіп, даму үстінде болады.

Деңгейлік тапсырмаларды енгізгендегі басты мақсат – сынып оқушыларын «қабілетті» және «қабілетсіз» деп жасанды түрде әр түрлі топтарға бөлуді болдырмау. Осы арқылы деңгейлік және дербес оқыту принциптерімен қатар, барлық оқушыға қатысты ізгілендіру принципі де сақталады.

Деңгейлік тапсырмалар оқушылардың әр түрлі білім дәрежесіне сай ұсынылады.

Деңгейлік тапсырмаларды орындағанда мұғалім – бақылаушы, кеңесші.

Деңгейлік тапсырмаларды қолдануда оқушылардың ақыл-ой еңбегін жетілдіру талабы қойылады. Оқушыларға деңгейлік тапсырмалар оны орындау әдістемелік кешенімен ұсынылады
Бұл технологияда жұмыс міндеті үш деңгейлік және қосымша шығармашылық деңгей талаптарынан тұрады.

1-деңгей: міндетті, оқушылық;
            2-деңгей: алгоритмдік;
            3-деңгей: эвристикалық материалды саналы түрде меңгеру;
            4-денгей: шығармашылық – өз бетімен ауқымды оқу материалын меңгеру.
            1-деңгейдегі тапсырмаларға:
            1) Жаттап алуға лайықталған болуы керек;
            2) Алдыңғы сабақта жаңадан меңгерілген білімнің өңін өзгертпей қайталап, пысықтауына мүмкіндік беру тиіс;
            3) Тапсырмалар жаңа тақырып үшін тиімді және өмірмен байланысты болуы керек. Мұндай тапсырмаларды құрастырған кезде олардың танымдылығы мен қызығушылық жақтарына көңіл аударған жөн.

2-деңгейлі тапсырмаларға:
1) Өтіп кеткен материалды реттеуге және жүйелеуге берілген тапсырмалар;
2) Оқушылардың ойлау қабілетін жетілдіруге берілетін тапсырмалар. Бұлар: логикалық есептер, ребустер мен сөз жұмбақтар.
3-деңгейлік тапсырмаларға:
1) Танымдық – ізденім түрдегі тапсырмаларды орындау барысында оқушылар жаңа тақырып бойынша меңгерген алғашқы қарапайым білімділігін жетілдіріп, тереңдетумен қатар, ол тағы да жаңа білімді меңгеріп, өзі үшін жаңалық ашуы тиіс.
Эврика! Мұндай жұмыс – анализ бен синтез және салыстыру арқылы негізгісін анықтау, қорытындылау сияқты ой жұмыстарын қажет етеді.
2) Әртүрлі әдіс-тәсілдермен шешілетін есептер.
3) Өздігімен мысалдар мен есептер құрастыру және оны өздігімен шығару, өмірден алынған мәліметтер диаграмма, графиктер салу, жергілікті жағдайда өлшеу жұмыстарын жүргізу, көрнекі құралдар дайындауға берілетін тапсырмалар, ой қорытуға арналған, дағды қалыптастыратын тапсырмалар.
4-деңгей шығармашылық деңгей тапсырмалары:
1) Оқушылардың жинаған өмірлік тәжірибесі мен қалыптастырған ұғым, түсініктердің қиялы мен белсенді ой еңбегінің нәтижесінде жаңаша, бұған дейін болмаған, белгілі бір дәрежеде олардың басының икемділігін байқататын дүние жасап шығуына негізделген (теорема дәлелдеу, заңдылықтарды оқулыққа сүйенбей мұғалімнің көмегінсіз қорытып шығару).
2) Олимпиада есептерін шығару
3) Берілген тақырыпқа өз бетімен реферат, ғылыми жобалар қорғау.
Демек, бұл тапсырмалар – оқушылардың біліктілігі мен дағдысын қалыптастыру және оны бағалау деңгейі болады.

   Барлық оқушылар жұмысын бір мезгілде бастап әрқайсысы білім игерудегі өз қабілетіне қарай өз биігіне жетеді. Әр оқушының әр пәннен 100% үлгеріміне қол жеткізудің кепілі болады және әр оқу пәнінің барлық тақырыбы бойынша ең болмағанда міндетті 1-деңгейді игеруін толық жүзеге асырады. Бұл өз кезегінде, мемлекеттік стандарттың талаптарының орындалуына кепілдік беріп, Қазақстан Республикасының Білім туралы заңының талаптарына сай келеді және дәстүрлік оқытудағы оқушылардың артық жүктеме тарту проблемасын шешеді. Әр деңгейдің барлық тапсырмаларын дұрыс орындағаны үшін оқушылар сол деңгейді игергеніне сәйкес 12-балдық жүйемен ерекше бағаланады. Бұл жағдайда оқушы мұғалімнің көмегінсіз өз бетімен білім алып, өзін-өзі басқару арқылы өз бетімен дами алатын тұлғаға айнала бастайды деп табылады.

Қорытынды

   Қорытынды жасай отырып, деңгейлеп оқыту технологиясының негізгі ерекшелігін, ұтымдылығын, тиімділігін сабағымда қол жеткізген төмендегідей жетістіктермен көрсетуге болады:
- жаңа материалды оқып-үйренуге және оқып игеруге деген оқушылардың пәнге қызығушылығын тудырдым;

   - жаңа білімнің мазмұнын жоспарлағанда оқушыға берілетін тапсырма оқушының қабілетін ұштайтындай, ойын, қиялын дамытатындай етіп дайындауды үйрендім; оқушы өзін жеңімпаз ретінде сезіне алатындай тапсырмаларды әртүрлі күрделілік дәрежеде орындату арқылы оқушылардың білімін саралауды ұйымдастырдым; білімді дайын күйінде бермей, оқушының өзі білімді қарқынды ой еңбегін қажет ететін тапсырмаларды орындауы арқылы жетуін ұйымдастырдым;
- оқушылардың шығармашылық мүмкіндіктерін тудыратын, қабілеттерін жан-жақты дамытатын әр түрлі белсенді оқыту әдіс-тәсілдерді кеңінен қолдандым;
- оқушылардың білім алу нәтижелерін жүйелі талдап, бағалап қорытынды жасап отырдым.
Бүгінгі күннің ұстаздарына қоғамымыздың экономикалық, саяси, мәдени дамуына үлес қосатын әлемдік талапқа сай келетін білімді, мәдениетті азамат дайындап, тәрбиелеп шығару міндеті жүктеледі. Оқыту мен тәрбиелеудің жаңа технологияларын ізденіп әзірлену - ғалымдар мен тәжірибелі ұстаздардың бірлесе отырып атқарар ісі.


Пайдаланылған әдебиеттер:

1. Выготский Л.С. «Қазақстан Республикасының «Білім туралы Заңы»
2.Караев Ж.А. «Активизация познавательной деятельности учащихся в условиях применения

    компьютерной технологии обучения»
3. Беспалько В.П. «Слагаемые педагогической технологий»
4. Б.Баймұханов «Математика есептерін шығаруға үйрету» кітабы.
5. Ю.Н.Макарычев 8-сынып. Алгебра оқулығы.
6. Кларин В.М. «Развитие» педагогической технологий и «проблемы теории обучения».
7. Математика журналы №2, 2008 жыл, №5, 2009 жыл.
8. Математика және физика. №2003. 2006 жыл.

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Математика пәнін оқытудағы инновациялық әдістер мен білім сапасын көтерудің тиімді жолдары."

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Режиссер монтажа

Получите профессию

Бухгалтер

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 671 630 материалов в базе

Скачать материал

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 14.05.2017 2627
    • DOCX 41 кбайт
    • 47 скачиваний
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Айтжанова Алтыншаш Тажиевна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Айтжанова Алтыншаш Тажиевна
    Айтжанова Алтыншаш Тажиевна
    • На сайте: 6 лет и 11 месяцев
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 30804
    • Всего материалов: 15

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой