Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Физика / Конспекты / ЖАҢА ИННОВАЦИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАР КӨМЕГІМЕН ОҚУШЫЛАРДЫҢ ФИЗИКА САБАҒЫНА ҚЫЗЫҒУШЫЛЫҒЫН АРТТЫРУ
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 24 мая.

Подать заявку на курс
  • Физика

ЖАҢА ИННОВАЦИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАР КӨМЕГІМЕН ОҚУШЫЛАРДЫҢ ФИЗИКА САБАҒЫНА ҚЫЗЫҒУШЫЛЫҒЫН АРТТЫРУ

библиотека
материалов


ЖОСПАРЫ


КІРІСПЕ


І бөлім. Жаңа педагогикалық технологиялар .

1.1 Педагогикалық технологиялар деген не?

ІІ бөлім. Жаңа оқыту технологиялар көмегімен оқушылардың физика сабағына қызығушылығын арттыру .

2.1 Физика пәнін даралап саралай оқыту .
2.2 «Ток күші. Электр кернеуі. Электр тізбегі» тақырыбына даралап саралай оқыту технологиясын қолдану


ҚОРЫТЫНДЫ


Пайдаланылған әдебиеттер тізімі




























ЖАҢА ИННОВАЦИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАР КӨМЕГІМЕН ОҚУШЫЛАРДЫҢ ФИЗИКА САБАҒЫНА

ҚЫЗЫҒУШЫЛЫҒЫН АРТТЫРУ


Шілдебаева Айгүл Амангелдіқызы

Ш. Ермағанбетова атындағы № 246 орта мектептің физика

пәнінің мұғалімі


Келешек ұрпақты білім нәрімен сусындататын, білім мазмұнын жақсарту, оны заман талабына сай игеру, оларды ел азаматы болуға, ақыл – ойын жан-жақты дамытуға ұмтылуға тәрбиелеп, шығармашыл тұлға, әрі XXI ғасырдың белсенді жалғастырушысы ретінде қалыптастыруды көздейтін білім беруші – ұстаз [3]. .

Егеменді ел болып, іргемізді бүтіндеп отырған кезде болашақ еліміздің көсегесін көгертетін жас ұрпақтың ой – санасын жетілдіріп , жан-жақты дамыған тұлғаны қалыптастыру – біздің, яғни ұстаздар қауымының парызы.

Елімізде қазіргі таңда білім беру жүйесінде болып жатқан өзгерістерге орай, 12 жылдық білім беруге көшу табалдырығында тұрған сәтімізде, Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың еліміздің бәсекеге лайықты 50 елдің қатарына енуі туралы Жолдауының талаптарына сәйкес мұғалімге атқарар істер де көп, көтеретін жүк те ауыр. [6].

А.Дистервегтің баға беруінше – «нашар мұғалім оқушыға ақиқатты өзі береді (барлығын өзі айтып, түсіндіріп береді), ал жақсы мұғалім оқушының ақиқатты өзі іздеп табуын үйретеді».

Мұғалім әрдайым тек жеке бір пәнді оқытушы ғана емес, сонымен қатар жеке тұлғаны қалыптастырушы да болып табылады, сондықтан да сабақ үрдісінде тәрбиелік жағына да өте көп көңіл бөлу керек. Бүгінгі және ертеңгі Қазақстанға өте білімді, өзіне нық сенімді, өз ісінің жетік маман шеберлері қажет.

Мұғалім алдында тұрған мәселе – оқушылардың пәнге қызығушылығын ояту болып табылады, ендеше бұған қол жеткізетіндей жолдарды іздестіру барысында мен осы баяндамамның тақырыбын «Орта мектепте жаңа оқыту технологиялар көмегімен оқушылардың физика сабағына қызығушылығын арттыру» деп алдым.

Адамзат қоғамын алға апаратын құдіретті күш – білім. Ал жас мемлекетіміздің болашағы – бүгінгі мектеп оқушылары. Оларға бірдей талап қойып, олардың табиғи қабілеттерін , нақты мүмкіндіктерін анықтап, соған негіздеп оқыту – бүгінгі күннің өзекті мәселесі. Ол үшін әр мұғалім күнделікті ізденіс арқылы барлық жаңалықтар мен өзгерістерге батыл жол ашарлық қарым-қатынас жасаулары керек. Оқыту түрлерін, әдістері мен құралдарын одан әрі жетілдіріп, тиімді тәсілдерді нәтижелі қолданудың жолдарын іздестірулері қажет.

Қазіргі таңда әрбір мұғалімнің басты міндеті- жас ұрпақты оқыту мен


тәрбиелеуде жаңа педагокикалық технологияларды әрбір сабақта тиімді қолдану.

Оқу-тәрбие үрдісінде оқытудың жаңа технологияларын пайдаланғанда оқытудың нәтижелі , білімнің сапалы болатындығы және ең бастысы оқушылардың пәнге деген жауапкершілігі , қызығуы күшейеді, оқушының өз бетінше жұмыс істеуге ынтасы оянып, оның ізденушілік-шығармашылық, зерттеушілік қабілеттері артады.

Жаңа педагогикалық технологиялардың негізгі қағидалары : балаға ізгілік тұрғысынан қарау; оқыту мен тәрбиенің бірлігі ; баланың танымдық күшін қалыптастыру және дамыту ; баланың өз бетімен әрекеттену әдістерін меңгерту ; баланың танымдылық және шығармашылық икемдіктерін дамыту ; әр оқушыны оның қабілеті мен мүмкіндік деңгейіне қарай оқыту ; барлық оқушылардың дамуы үшін жүйелі жұмыс істеу ; оқу үрдісін оқушының сезінуі. [1].

Білім беру саласындағы технологиялық идеялар бұдан бірнеше жыл бұрын пайда болған. Бұл күнде оқыту технологиясы үлкен өзгеріске ұшырап отыр. Ұстаздар мен оқушыларға әр түрлі дидактикалық материалдармен қоса оқытудың техникалық құралдары жәрдемге келді.

«Технология» латынның «техне» - өнер, шеберлік, қолөнер және «логос» - ғылым деген сөзінен шыққан. Оқыту технологиясы педагогикалық әдістерге негізделген. 1960-1970 жылдардан бастап педагогика ғылымында «педагогикалық технология» деп аталатын жаңа ұғым пайда болды. Оның мағынасын ғалымдар түрліше анықтайды.

«Педагогикалық технология дегенімізтәжірибеде жүзеге асырылатын белгілі бір педагогикалық жүйенің жобасы, ал педагогикалық жағдайларға сай қолданылатын әдіс, тәсілдер – оның құрамды бөлігі ғана » (В. Беспалько) .

-педагогикалық технология – оқу-тәрбие үрдісінің шығармашылықпен терең ойластырылған көптеген факторлардың үйлесімділігін , оқыту мен тәрбиенің тиімділігін қамтамасыз ететін жанды құрамдас бөлігі (Ш.Таубаева, Б.Барсай) [4].

Қазақстанның тәуелсіз мемлекет ретінде қалыптасуы барысында орта білім берудің жүйелі реформалануы қоғамдық тұрғыдан үлкен маңызға ие. Білім беруді реформалауды жүзеге асырудың және бір маңызды сипаты қазіргі уақыттағы оқыту үрдісін технологияландырудың қажеттігінен туып отыр. Осыған орай, оқытудың әр түрлі педагогикалық технологиялары мектеп өміріне енгізіліп жатыр.

Физика сабағында оқушылардың шығармашылық қабілетін дамыту-


педагогикалық мәселелердің бірі. Бүгінгі таңда жас ұрпаққа пәнді тиімді ұғындырудың бірі – жаңа технология негіздері болып табылады.

Әр мұғалімнің өзіндік сабақ өткізу тәсілдері бар. Оқушыға терең білім беру үшін оқыту оқушының шамасына шақ ғылыми құрастырылған , нақты талаптарға сай болуы керек. Сабақтың барысын тиімді ұйымдастыру үшін , оқушы қызметін белсенді ету , оқушылардың ойлау қабілетін дамыту және өз бетімен жұмыс жасауға дағдыландыру барысында өз іс-тәжірибемде даралап саралай оқыту технологиясын қолданамын. Деңгейлеп оқыту мақсаты – әрбір оқушы өзінің даму деңгейінде оқу материалын меңгергенін қамтамасыз етеді. Оқушылар өздік жұмыстарын орындап, білімдерін мониторингтік жүйе арқылы өздері бағалап, диагностикалауға қол жеткізеді.

Дәстүрлі оқытуда мұғалім оқушыға дайын, дұрыс ақпарат беріп , оқушы тек тыңдап ақпаратты қабылдаушы болса , ал оқытудың даралап саралай оқыту жағдайында оқушыларды алуан түрлі әдіс – тәсілдер арқылы оларды өздігінен жұмыс жасауға, яғни оқушыны еңбек ете білуге қалыптастырамыз. Бұл технологияның тағы бір ерекшелігі дарынды балалармен тұрақты және жүйелі жұмыс істеу мүмкіндігі болып табылады.

Даралап саралай оқыту технологиясының тиімді жақтары:

  • Деңгейге бөліп оқыту үшін сабақ жаңаша жоспарланады.

  • Әрбір оқушыға өз мүмкіндіктерін пайдалана отырып , білім алуына жағдай жасауға мүмкіндік береді , іздену арқылы білімін байытады;

  • Сыныптағы барлық оқушы жұмыспен қамтамасыз етіледі және әр оқушының белсенділігі мен қызығушылығы артады;

  • Оқушылар нақты өз деңгейінде бағаланады;

  • Жауапкершілікті сезіне отырып, оқушы ізденімпаздылығы, шығармашылығы мен дарынының шыңдалуын тәрбиелейді.

  • Оқушылардың ерекшеліктеріне қарай олармен саралай жұмыс істеуге мүмкіндік береді ;

«Даралап саралай оқыту » технологиясының талабы бойынша жаңа тақырыпты меңгеру үрдісі үш кезеңнен немесе екі бөлімнен тұрады: синектикалық және нәтижеге бағытталған бөлімдерден.

Синектикалық бөлімде (1-кезең, 2-кезең) оқушы білімді өз

еркімен алуға дағдыланады. Ол үшін мұғалім тиімді интерактивті әдістер арқылы проблемалық ситуациялар туғызып, оқушылардың топтық жұмыстарының нәтижесінде олардың өз бетімен тақырыпты түсінуіне қолайлы жағдай туғызады, танымдық қызметін басқарып ілгері жетелеп отырады. Соңында оқушылар өздері қорытындысын шығарып, практикалық жұмыстармен бекітеді.

Білім сапасын көтеру үшін оны әділ өлшейтін сенімді бағалау құралы керек және білім беру саласында жаппай қолданыс тапқаны жөн. Жоғарыда аталғандай сенімді бағалау құралы бұл технологияда

қарастырылып жасалған, бұл бағалау құралы жаңа тақырыпты меңгеру үрдісінің нәтижеге бағытталған бөлімінде (III-кезең) қолданыс табады.

«Даралап саралай оқыту » педагогикалық технологиясын қолдану барысында оқушылардың білімі үшінші кезеңнің 1-деңгей, 2-деңгей, 3-деңгей тапсырмаларын барлық оқушыларға басынан бастап орындату арқылы бағаланады. Ол үшін тақтаға оқушылар тізімі жазылған « ашық журнал» қызмет етеді. Барлық оқушы өз жұмысын ең төменгі деңгейдегі тапсырма орындаудан бастайды да , оның орындауына сәйкес келесі деңгейге көшіп отырады. Сабақтың тиімділігін арттырудағы негізгі тәсілдердің бірі – оқушыларға деңгейлік тапсырма беру.

Деңгейлік тапсырмалардың қаншалықты дұрыс орындалуын

ұстаздың тексеруінен кейін, оқушы ашық журналға + белгісін қойып отырады. Қалған тапсырмаларды үй тапсырмасы ретінде алады. Негізгі қорытынды келесі сабақтың басында шығарылып, барлық жиған ұпайға сәйкес баға сынып журналына қойылады.

Бұл технологияда білімді игерудің үш деңгейі қарастырылады: ең төменгі деңгей (базалық) , бағдарламалық, күрделенген деңгей , сондықтан әрбір оқушы оларды меңгеруі тиіс.

Ж. Қараевтың даралап саралай оқыту технологиясында төмендегідей 4 деңгей көрсетілген :

1) Репродуктивтік деңгей – жалпыға бірдей стандарт негізінде тапсырма беріледі. Мұндай тапсырмалар оқушылардың алдыңғы сабақтарда алған білімдеріне және оқушыға байланысты.

2) Алгоритмдік деңгей – мұнда оқушы мұғалімнің түсіндіруімен қабылданған ақпаратты пайдалана отырып орындайды.

3) Эвристикалық деңгейге оқушы ізденіп , қосымша әдебиеттерді қолдана отырып жауап береді;

4) Шығармашылық деңгей – оқушының таза өзіндік шығармашылығын байқатады.

Әр деңгейдің барлық тапсырмаларын дұрыс орындағаны үшін

оқушылар сол деңгейді игергеніне сәйкес ұпай алады: бірінші деңгей үшін – 5 ұпай, екінші деңгей үшін +4 ұпай, үшінші деңгей үшін +3ұпай. Бірінші деңгейдің тапсырмасын орындап үлгерген оқушы екінші, үшінші деңгейдің тапсырмасын орындайды. Әр деңгей тапсырмасы күрделеніп отырады.

Ең жоғары деңгейдің тапсырмаларын осы пән бойынша дарынды оқушы орындай алады. ( яғни олимпиада есептері, т.б.)

Жоғарыда айтылғандардың барлығы білімді оқушыны қалыптасты-рудағы жүргізілетін жұмыстар. Ал мұғалімнің шеберлігін шыңдауда педагогикалық оқулар, шығармашылық жұмыстар, ғылыми-әдістемелік семинарлар ерекше орын алады[8]. Өзім меңгерген Ж.А.Қараевтың «Даралап саралай оқыту» атты педагогикалық технологиясын 8 «А» сыныбында қолданып жүрмін.

Бұл технологияны өз тәжірибеме енгізген кезде физика пәні 7 сыныптан бастап оқытылатындықтан алғаш оқушылар пән бойынша деңгейлік тапсырмаларды орындауды үйренді. Оқушының өзін-өзі бағалау картасы жасалып, жеке-жеке берілді және оқушыларға бұл картаны өздеріне толтыруға үйреттім. Бұл картаның ерекшелігі оқушы әр сабақта өз білімін өзі бағалай алатын дәрежеге көтеріледі. Өз білімін бағалай отырып, өзіне деген сенімі артады.

«Даралап саралай оқыту » технологиясын меңгеру кезінде оқушыларымның жақсы деңгейге жеткенін байқадым.

Төменде « Ток күші. Электр кернеуі. Электр тізбегі » тақырыбында

өткен сабағымның жоспарын ұсынып отырмын.

Жаңа тақырыпты оқушылар шығармашылық ізденіс үстінде өздігінен меңгереді. Деңгейлеп оқыту әр оқушының белсенділігін оятады.

Сабақтың тақырыбы : Ток күші. Амперметр. Электр кернеуі. Вольтметр. Электр тізбегі

Сабақтың мақсаты:

1.Ток күші және электр кернеуі шамаларының физикалық мағынасын түсіндіру, ток күші , кернеу формулаларына есептер шығарту.

2.Электр тогының маңызын оқушыларға жеткізу, жаңа тақырыпты меңгеруде өз бетімен жұмыс істеу дағдыларын қалыптастыру.

3.Әр деңгейдегі оқушылардың белсенділігін арттыру, пәнге деген қызығушылығын , логикалық ойлау белсенділігін жетілдіру ; еңбекке тәрбиелеу.

Сабақтың типі : Жаңа білімді меңгерту сабағы

Сабақтың түрі : аралас сабақ

Сабақтың әдісі : Түсіндірмелі-мысалды, теориялық-практикалық, интерактивті , ой шақыру, ой сергіту.

Сабақтың көрнекілігі : электрондық оқулық, слайд, интерактивті тақта, деңгейлік тапсырмалар

Сабақтың барысы :

І.Ұйымдастыру бөлімі.

І кезең.

Ұйымдастыру кезеңі . Бұл кезеңде жаңа тақырыпты оқушыларға меңгерту үшін өткен тақырыптардан пысықтау сұрақтары қойылады. (5-7 мин)


1. Электр тогы дегеніміз – _______________________________________


2. Тізбекте ток жүріп тұрғанын немесе жүрмейтінін қандай белгілері арқылы қарап анықтауға болады? Мысал келтіріңдер. _________________

3.Токтың өткізгіште ұзақ уақыт жүруі үшін қандай шарттар міндетті түрде орындалуы тиіс ? _________________________________________________

4.Электр тогының әсерлері _________________________________________


ІІ кезең. Жаңа тақырыпты меңгерту кезеңі (20-25 мин)

Оқушылардың оқулықпен жұмыс жасау дағдыларын қалыптастыру кезеңі .

1.Ток күші дегеніміз - ___________________________________________

2hello_html_m58bd57df.gif. Ток күшінің формуласы :



3. Ток күшін өлшейтін құрал __________________________________

4. Оның шартты белгісі ________________________________________

5. 1 Ампер - __________________________________________________

6. Электр кернеуі дегеніміз ____________________________________

7hello_html_m17f68a16.gif. Кернеудің формуласы



8. Кернеуді өлшейтін құрал _____________________________________

9. Оның шартты белгісі ________________________________________

10.Электр тізбегі деп нені айтады? _________________________________

11. Суретте берілген құралдарды ата және шартты белгілерін сыз.

hello_html_m3b46a184.png

Алынған жаңа теориялық білімді практика жүзінде пысықтау.


ІІІ кезең . Кері байланыс кезеңі (7-10 мин)

Деңгейлік тапсырмалар.

І деңгей (5 ұпай)

1.Ток көзінен, электр шамынан, кілттен, амперметрден, вольтметрден құралатын электр тізбегінің сызбасын кескіндеңдер.

2.Анықтамалық кесте. ( кесте толтыру)


Физикалық шаманың атауы


Белгіленуі


Формуласы


Өлшем бірлігі


Өлшейтін құрал

1

Ток күші






2

Кернеу






3

Электр қозғаушы күш







ІІ деңгей. (+4 ұпай)

1.25 Кл заряд өткенде , ток күші 25 кА электрлік разряд қанша уақытқа созылады?

    1. минутта 90 Кл электр өтетін өткізгіштегі ток күшін табыңдар.

3.12 В кернеу түсіп тұрған құралдан 5 Кл заряд өткен кезде істелетін

жұмысты есептеп табыңдар.

ІІІ деңгей (+3 ұпай)

1.Тізбектің екі бөлігінің әрқайсысысында бірдей заряд орын ауыстырғанда

20 және 80 Дж жұмыс жасалған. Олардың қай бөліктерінің арасындағы

кернеу жоғары және қанша есе?

2. Электр тізбегінің бір нүктесінен екіншісіне 16 мин ішінде 240 Кл заряд тасымалданып, 1200 Дж жұмыс жасалған. Тізбектің осы екі нүктесінің арасындағы ток күші мен кернеуді табыңдар.

3. Тізбекке қосылған құралдың обмоткасы арқылы 5 мА ток жүріп тұр.

Құралдан 1 сағатта қандай электр мөлшері өтеді?

Оқушыларға өз жұмыстарын тексерту.

Қорытынды: І деңгей -5 ұпай - бағасы «3»

ІІ деңгей - +4 ұпай –бағасы «4»

ІІІ деңгей -+3 ұпай –бағасы «5»


ІІІ деңгейді орындаған оқушы шығармашылық және олимпиада сұрақтарын шешумен айналысады.

Сабақты қортындылау

Қазақтың ұлы ақыны Абай Құнанбайұлы отыз сегізінші қара сөзінде :

«Адамдар ұйқы тыныштық, әуес қызықтық бәрін қойып адам баласының тұрмыс тіршілігінің жақсаруына байланысты іспен айналысқанына, яғни электрді тауып, дүниенің о шетінен қазір жауап алып адам баласын батылдыққа, өтірік пен жалғанды айыруға мүмкіндік бергені үшін біз оларға бас иуіміз керек » деген.

Оқушыларды бағалау.

Үй тапсырмасын беру. §36,37 . Электр тогының маңызы ( эссе)


Бұл сабақ нәтижесінде 7 оқушы III деңгейдің тапсырмасын орындады, 8 оқушы II-деңгейдің тапсырмасын орындады. 2 оқушы I-деңгейде қалды. Бұл оқушылар тапсырманы өз дәрежесінде ғана орындай алды. Яғни, көрсеткіш нәтижесі «5»ке- 7 оқушы, «4»ке- 8 оқушы, 2 оқушы «3-ке» бағаланды.

Оқушылардың алған бағалары « Ашық журналға» түсіріліп, нәтижелері көрсетілді .


Ашық журнал 1-кесте


р/с

Оқушылардың аты-жөні

Iдеңгей

(5ұпай)

IІ деңгей

(4ұпай)

IIIдеңгей

(3ұпай)

Сыныпта жинаған балы

Үй тапсыр масы

Бағалау


1

2

1

2

3

1

2

3




1

Әбет Нұржан

+

+

+

+

+

+

+

+

12

V

5

2

Бекмахан Айбек

+

+

+

+

+

+

+

+

12

V

5

3

Балмағанбет М

+

+

+

+

+

-

-

-

9

V

4

4

Кенбай Сәкен

+

+

+

+

+

+

+

+

12

V

5

5

Ешім Мөлдір

+

+

+

+

+

-

-

-

9

V

4

6

Кежденбек Елжан

+

+

+

+

+

+

-

-

9

V

4

7

Қабылбай Н

+

+

+

+

+

+

+

+

12

V

5

8

Нұрғабыл Абылай

+

+

+

+

+

-

-

-

9

V

4

9

Бекетай Жасұлан

+

+

+

+

+

-

-

-

9

V

4

10

Табынбай А

+

+

+

+

+

-

-

-

9

V

4

11

Жеткерген Н

+

+

+

+

+

-

-

-

9

V

4

12

Өмірсерік Аягөз

+

+

+

+

+

+

+

+

12

V

5

13

Серікқазықызы Д

+

+

+

+

+

+

+

+

12

V

5

14

Шертай А

+

+

-

-

-

-

-

-

5

V

3

15

Егізбай А

+

+

-

-

-

-

-

-

5

V

3

16

Мәлік Ержігіт

+

+

+

+

+

-

-

-

9

V

4

17

Серік Б

+

+

+

+

+

+

+

+

12

V

5



Сонымен «Даралап саралай оқыту » технологиясын қолдану арқылы

сыныптағы оқушылардың білім сапасын көтеруге болатынын байқадым. Оқушылар екінші кезеңде топтық жұмыс үстінде бірін-бірі жақсы зерттеп, өзара адал қызмет етуге ұмтылады, бейімделеді, нашар оқитын оқушылардың жолдастарының алдында жауапкершілігі арта бастайды, бірте-бірте бойындағы қабілетіне қарай тиісті деңгейіне көтеріліп, қатарға қосылып кетеді. Ең бастысы оқушының пәнге қызығушылығы оянады.

«Даралап саралай оқыту» технологиясы оқушылардың физика пәні бойынша міндетті дайындық деңгейіне қойылатын талаптарды орындап шығуға толық кепілдік бере отырып, одан да жоғары деңгейлерді (екінші, үшінші) орындауға мүмкіндік береді. Оқушылардың олимпиадаларға қатысып, шығармашылықпен жұмыс жасауына, ғылыми жобалар жасауда көмегі көп .

Президентіміз Н.Назарбаев «Қазақстанның әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті елдердің қатарына кіру міндеті, егер оны ғылымды көп қажет ететін технологиялық білімі, басқару дағдылары бар, нарықтық экономикада бағдарлана алатын жоғары білікті мамандар іс жүзінде атқаратын болса ғана шешілетін болады.

Білімді, сауатты адамдар – бұл ХХІ ғасырда адамзат дамуының негізгі қозғаушы күші; кім дамымаса, алға қарай жүрмесе, өз орнын басқаға, әлдеқайда бәсекеге қабылетті маманға беруіне тура келеді...» деген болатын.

Бұл келтірілген үзіндіде алдыңғы қатарлы дамыған елдердің озық идеяларынан үйренуіміз керектігі айтылған. Ендеше біздің, ұстаздар қауымының алдында алдында үнемі іздену, үнемі оқу, жаңалыққа ұмтылу міндеті тұр.

Пайдаланылған әдебиеттер

  1. Бұзаубақова Қ.Ж. Жаңа педагогикалық технология. Тараз. ТарМУ, 2003.

  2. Әмір Ш., Құраманов М. Педагогикалық инновацияны іске асырудың жолдары. // «Қазақстан мектебі» № 6, 2001, 32-34- б.

  3. Бөлеев Қ,. Дәменова Г. Білім берудің бағыт бағдары. // «Қазақстан мектебі » № 4, 2005, 11-12 – б.

  4. Таубаева Ш.Т., Барсай Б.Т. Оқытудың қазіргі технологиялары // Бастауыш мектеп. 1999. № 3. 3-8 –б.

  5. Төремұратова Ә. Оқытудың жаңа технологиясын пайдалану- сапалы білім негізі // «Математика және физика». 2011. №5. 49-51-б.

  6. Байсеитова С.Ш. Физика сабағында инновациялық үрдістерді қолдану.

  7. Кобдикова Ж.У (Ж.А.Караевтың) деңгейлеп оқыту педогогикалық технологиясы

  8. Ж.Қараев.»Үш өлшемді әдістемелік жүйе» педагогикалық технологиясы (Дәріс материалдары) .

9.Қ. Болатбекова . Саралап деңгейлеп оқыту. // «Қазақстан мектебі» . №5 2008ж

Краткое описание документа:

Баяедама          Келешек ұрпақты білім нәрімен сусындататын, білім мазмұнын жақсарту, оны заман талабына сай игеру, оларды ел азаматы болуға, ақыл – ойын жан-жақты дамытуға ұмтылуға тәрбиелеп, шығармашыл тұлға, әрі XXI ғасырдың белсенді жалғастырушысы ретінде қалыптастыруды көздейтін білім беруші – ұстаз [3].  .          Егеменді ел болып, іргемізді бүтіндеп отырған кезде болашақ еліміздің көсегесін көгертетін жас ұрпақтың ой – санасын жетілдіріп , жан-жақты дамыған тұлғаны қалыптастыру –  біздің, яғни ұстаздар қауымының парызы.         Елімізде қазіргі таңда білім беру жүйесінде болып жатқан өзгерістерге орай, 12 жылдық білім беруге көшу табалдырығында тұрған сәтімізде, Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың еліміздің бәсекеге лайықты 50 елдің қатарына енуі  туралы Жолдауының талаптарына сәйкес мұғалімге атқарар істер де көп, көтеретін жүк те ауыр.         А.Дистервегтің баға беруінше – «нашар мұғалім оқушыға ақиқатты өзі береді (барлығын өзі айтып, түсіндіріп береді), ал жақсы мұғалім оқушының ақиқатты өзі іздеп табуын үйретеді».           Мұғалім әрдайым тек жеке бір пәнді оқытушы ғана емес, сонымен қатар жеке тұлғаны қалыптастырушы да болып табылады, сондықтан да  сабақ үрдісінде тәрбиелік жағына да өте көп көңіл бөлу керек. Бүгінгі және ертеңгі Қазақстанға өте білімді, өзіне нық сенімді, өз ісінің жетік маман шеберлері қажет.         
Автор
Дата добавления 13.06.2014
Раздел Физика
Подраздел Конспекты
Просмотров1009
Номер материала 126181061304
Получить свидетельство о публикации

Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ

Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх