Инфоурок География Другие методич. материалыАфриканың физикалық – географиялық орны, материк жағалауын шайып жатқан мұхиттар мен теңіздер. Африканың зерттелуі.

Африканың физикалық – географиялық орны, материк жағалауын шайып жатқан мұхиттар мен теңіздер. Африканың зерттелуі.

Скачать материал

Күні: 29.10.2013жыл

 

Тақырыбы: Африканың физикалық-географиялық орны, материк жағалауын шайып жатқан мұхиттар мен теңіздер. Африканың зерттелуі.

 

Мақсаты:Африка материгінің географиялық орнына сипатама беру. Табиғат ерекшеліктеріне тоқталу. Материк жағалауындағы мұхиттар, теңіздермен таныс болу. Африка материгін зерттеген саяхатшылар жөнінде әңгімелеу. Оқушылардың пәнге қызығушылығын арттыру, картамен жұмыс жасауға дағдыландыру. Оқушыларды білімділікке тәрбиелеу.

Көрнекілігі: интерактивті тақта, слайдтар

Түрі: десант сабақ

Әдісі: түсіндіру, сұрақ-жауап, картамен жұмыс.

Сабақтың  жүрісі.1.Ұйымдастыру

                              2.Жаңа сабақ.

Жоспар:

1.Африка материгінің географиялық орны

2.Табиғатының басты ерекшеліктері

3.Африка жағалауындағы мұхиттар, теңіздер

4.Материктің зерттелу тарихы

         Африка-алып жатқан ауданы жөнінен Жер шарында Еуразиядан кейінгі екінші орынды алады. Оның ауданы аралдармен қоса есептегенде 30,3млн км². Табиғатының басты ерекшеліктері:

   -  Африка-экватор сызығы мен бастапқы меридиан кесіп өтетін бірден-бір материк

   -  Материк арқылы Жер шарындағы ең ұзын өзен Ніл өзені ағып өтеді, ұзындығы 6671км.

   -  Африкада Жер шарындағы ең үлкен тропиктік континенттік шөл Сахара орналасқан, оның ауданы 7млн км².

   -  Африкада ең ірі жануар – Африка пілі тіршілік етеді. Салмағы 7,5 тонна.

   -  Материктің теңіз деңгейінен ең биік орналасқан нүктесі – Шығыс Африкадағы Килиманджаро жанартауы, биіктігі 5895м

   -  Ең төмен орналасқан нүктесі Ассаль көлі, деңгейі -153м

   -  Материк жағалауындағы ең ірі арал – Мадагаскар, ауданы 590 мың км²

   -  Африкадағы ең ірі көл – Виктория, ауданы 68 мың км², ал ең терең көлі – Танганьика тереңдігі 1470м, Байкалдан кейінгі екінші орынды алады.

   -  Материктегі ең ірі сарқырама – Оңтүстік Африкадағы Тугела өзені бойында орналасқан Тугела, биіктігі 933м.

         Африка жағалауы. Материктің батыс жағалауын Атлант мұхитының, ал солтүстігін Атлант мұхитына енетін Жерорта теңізінің сулары шайып жатыр. Олардың арасын ені 12км-лік Гибралтар бұғазы жалғастырып жатыр. Ал материктің шығысы мен оңтүстік-шығыс жағалауларына Қызыл теңіз бен Үнді мұхитының сулары ұласады. Африка жағалауы онша көп тілімденбеген, көбінесе таулы, тік беткейлі, ал материктік қайраң өте жіңішке болып келеді. Материк жағалауында қолайлы қойнаулар аз, ірі шығанақтары – Гвинея мен Сидра, ал шығыста ірі түбек Сомали орналасқан. Ірі  аралдардың көпшілігі Үнді мұхитында орналасқан, оларға Мадагаскар, Занзибар, Сокотра аралдары мен Комор, Сейшель, Маскарен аралдарының тобы жатады. Материк жағалауында Канар, Бенгель, Сомали суық ағыстары ағады.

         Зерттелу тарихы. XIV ғасырда мароккалық араб Әбу ибн Баттута Сомали түбегі аймағын, кейіннен Тимбукту мен Мали жерлеріне саяхат жасап, зерттеген. 1497-99 жылдары Васко да Гама Басқарған португал экспедициясы Африканы айналып өтіп, Сомали түбегі жағалауы арқылы Үндістанға қарай бағыт алған. Африканың ішкі аудандарын ашу мен табиғат жағдайларын танып- білуде ағылшын Давид Ливингстонның еңбегі өте зор. Ол 1849 жылғы бірінші саяхаты кезінде Оңтүстік Африканы батыстан Шығысқа қарай Замбези өзені бойымен кесіп өткен. 1855 жылы Замбези өзеніндегі атақты Виктория сарқырамасын ашқан. Ливингстонмен қатар Генри Стэнли де Африка көлдерін зерттеп, Конго өзені бастауларынан ағысына дейін зерттеген. Орыс ғалымы В.В.Юнкер Ніл өзені бойымен Шығым және Орталық африкаға саяхат жасаса, 1926-27 жылдары  Орыс ғалымы Н.И.Вавилов 6000-нан астам мәдени өсімдіктер үлгілерін жинақтаған.

 

ІІІ.Бекіту сұрақтары. Сұрақ – жауап.

 1.Африка Жер шарындағы Қандай материк?

 2.Африканың ең үлкен аралы қалай аталады? Ауданы қанша км²?

 3.Африка материгінің теңіз деңгейінен ең биік орналасқан нүктесі және ең төмен орналасқан нүктесін ата.

 4.Африкадағы Танганьика көлінің тереңдігі қанша м?

 5.Африка қандай мұхиттармен шектеседі?

 6.Африканың шығысындағы түбекті ата.

 7.Африка жағалауында қандай теңіздер бар?

 8.Африканы зерттеген  саяхатшылардын есімдерін атаңдар.

 9.Давид Ливингстонның ашқан сарқырамасы қалай аталады?

 10.Африка көлдерін кім зерттеді?

 11.Африканың  табиғаты, халқы туралы деректер жинап, 6000 астам мәдени өсімдіктердің үлгісін жинақтаған кім?

 12.Материк жағалауларында қандай суық ағыстар ағады?

 13.Материктің батыс жағалауында қандай шығанақ орналасқан?

 

 

 

ІV. «Иә – жоқ» ойыны.

1. Африка материгін экватор сызығы кесіп өтпейді.

2. Африка материгінің ауданы аралдармен қоса есептегенде 30,3млн  км².

3. Африка материгінің ең ұзын өзені – Амазонка.

4. Африкадағы ең үлкен шөл – Сахара. Ол Жер шарындағы ең үлкен тропиктік континенттік шөл.

5. Африкадағы ең үлкен жануар – Африка пілі.

6. Материктегі ең ірі сарқырама – Тугела. Биіктігі 933м.

7. Сахара шөлінің ауданы 8млн км².

8. Виктория – Африканың ең ірі көлі.

9. Материк жағалауындағы ең ірі арал – Шри-Ланка деп аталады.

 

V.Картамен жұмыс.

http://geo10.ru/951055_SMALL_0_0.jpg

 

VІ.Кескін картамен жұмыс. 

      Мына географиялық объектілерді кескін картаға түсіріңдер.

          Африка материгі, Сахара шөлі, Жерорта, Қызыл теңіздері, Атлант, Үнді мұхиттары, Мадагаскар аралы.

 

 

 

VІІ.Дәптермен жұмыс.

       Мына саяхатшылардың ішінен Африка материгінің зерттелуіне үлес қосқан саяхатшылардың аттарын тауып жазыңдар.

         Васко да Гама,  Джеймс Кук, Руаль Амундсен,  Н.И.Вавилов, А.Веспучи,  Себастьян Элькано, В.В.Юнкер,  Генри Стэнли,  Шоқан Уәлиханов, Семен Дежнев, Ф.Беллинсгаузен,  М.Лазарев, Давид Ливингстон,   И.В.Крузенштерн

 

VIІІ. Сәйкестендіру.

Африка                           саяхатшы

Жерорта                         материк

Генри Стэнли                көл

Тугела                            теңіз

Виктория                       сарқырама

Мадагаскар                    арал

Сомали                           мұхит

Атлант                            түбек

 

ІХ. Үйге тапсырма.

      Африканың физикалық – географиялық орны, материк жағалауын шайып жатқан мұхиттар мен теңіздер. Африканың зерттелуі.

 

Х. Бағалау

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

«Боранқұл орта мектебі» мемлекеттік мекемесі

 

 

 

 

 

        Африканың физикалық – географиялық орны, материк жағалауын шайып жатқан мұхиттар мен теңіздер. Африканың зерттелуі.

           7 «Б» сыныбы. (десант сабақ)

http://www.mapsmaps.ru/wp-content/uploads/2010/10/physic_africa2.jpg

 

 

 

 

Өткізген: география пәні мұғалімі Мырзатаева Фариза

 

2013 – 2014 оқу жылы

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Африканың физикалық – географиялық орны, материк жағалауын шайып жатқан мұхиттар мен теңіздер. Африканың зерттелуі."

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Руководитель образовательной организации

Получите профессию

HR-менеджер

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Краткое описание документа:

Мақсаты:Африка материгінің географиялық орнына сипатама беру. Табиғат ерекшеліктеріне тоқталу. Материк жағалауындағы мұхиттар, теңіздермен таныс болу. Африка материгін зерттеген саяхатшылар жөнінде әңгімелеу. Оқушылардың пәнге қызығушылығын арттыру, картамен жұмыс жасауға дағдыландыру. Оқушыларды білімділікке тәрбиелеу.  Көрнекілігі: интерактивті тақта, слайдтар Түрі: десант сабақ Әдісі: түсіндіру, сұрақ-жауап, картамен жұмыс. Сабақтың  жүрісі.1.Ұйымдастыру                               2.Жаңа сабақ. Табиғатының басты ерекшеліктері:    -  Африка-экватор сызығы мен бастапқы меридиан кесіп өтетін бірден-бір материк    -  Материк арқылы Жер шарындағы ең ұзын өзен Ніл өзені ағып өтеді, ұзындығы 6671км.    -  Африкада Жер шарындағы ең үлкен тропиктік континенттік шөл Сахара орналасқан, оның ауданы 7млн км².    -  Африкада ең ірі жануар – Африка пілі тіршілік етеді. Салмағы 7,5 тонна.    -  Материктің теңіз деңгейінен ең биік орналасқан нүктесі – Шығыс Африкадағы Килиманджаро жанартауы, биіктігі 5895м    -  Ең төмен орналасқан нүктесі Ассаль көлі, деңгейі -153м    -  Материк жағалауындағы ең ірі арал – Мадагаскар, ауданы 590 мың км²    -  Африкадағы ең ірі көл – Виктория, ауданы 68 мың км², ал ең терең көлі – Танганьика тереңдігі 1470м, Байкалдан кейінгі екінші орынды алады.    -  Материктегі ең ірі сарқырама – Оңтүстік Африкадағы Тугела өзені бойында орналасқан Тугела, биіктігі 933м.

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 665 159 материалов в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 14.04.2014 23065
    • DOCX 630.5 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Мырзатаева Фариза Орынбасаровна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    • На сайте: 8 лет и 9 месяцев
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 23142
    • Всего материалов: 2

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Экскурсовод

Экскурсовод (гид)

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Особенности подготовки к проведению ВПР в рамках мониторинга качества образования обучающихся по учебному предмету «География» в условиях реализации ФГОС СОО

72 ч. — 180 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 25 человек из 18 регионов
  • Этот курс уже прошли 220 человек

Курс профессиональной переподготовки

География: теория и методика преподавания в профессиональном образовании

Преподаватель географии

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3650 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 59 человек из 29 регионов
  • Этот курс уже прошли 208 человек

Курс повышения квалификации

Особенности подготовки к проведению ВПР в рамках мониторинга качества образования обучающихся по учебному предмету «География» в условиях реализации ФГОС ООО

72 ч. — 180 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 69 человек из 34 регионов
  • Этот курс уже прошли 762 человека

Мини-курс

Особенности психологической коррекции детей с различными нарушениями психического развития

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 385 человек из 69 регионов
  • Этот курс уже прошли 291 человек

Мини-курс

Методики воспитания и развитие в СПО

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 12 человек

Мини-курс

Национальная система учительского роста: путь к эффективности

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе