Инфоурок Обществознание КонспектыМетодическая разработка урока по дисциплине "Основы философии"

Методическая разработка урока по дисциплине "Основы философии"

Скачать материал

 

                                                                   

Учреждение "Костанайский высший экономический колледж Казпотребсоюза"

 

 

 

 

 

 

 

 

               

Методическая разработка урока по дисциплине :Основы философии

 

Тема: Исторические типы философии:философия Древнего Востока,античная, средневековая философия

          _____________

Ракымжанова Гульмира Қайыржановна________

 Преподаватель

 

 

 

 

 

                                                                  

 

 

 

 

                                                                      

 

 

 

 

                                                    

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                                                 Кіріспе

 

Философия негіздерінің  мақсаты - философиялық білімінің базалық құндылық құрылымын, адам мен қоғам өміріндегі рөлін, адамның әлемге деген танымдық қатынасын, әлемнің ғылыми және діни көрінісін философиялық негізде оқыту, адам өмірінің мәні мен мағынасын көрсету, философиялық тарихи типтері арқылы білім алушылардың мәдениетінің құрылымы мен дамуына көмектесу, тез өзгеретін қарама-қайшылықты әлемде құндылықтарды бағалауға үйрету.

Пәнді оқытудың міндеттері:

-       Философиялық білімінің дамуының маңызды кезендерін, оның мектеп бағыттарын, тұжырымдамалар көздерін енгізу маңызын оқып үйрету;

-       Әлемді тану, дін мен ғылыми таным, антропология мен философия арасындағы байланыстарды анықтау;

-       Өркениеттің дамуымен байланысты әлеуметтік және этникалық мәселелерді, ғылым мен техниканың рөлін түсіну;

-       Заманауи қоғамда адам өміріне қажетті философиялық мәселелерді шешу мен жалпы бағдарға қажетті ойлау қасиеттерін қалыптастыру;

-       Адам құндылығын, рухани биологиялық және әлеуметтік қарым-қатынастар мағынасын білуге үйрету;

-       Табиғат пен адамның философиялық көзқарасын талдау;

-       Философиялық жоғары моральдық сапаларды, белсенді азаматтық ұстанымдар мен патриоттық сезімді қалыптастыру;

-       Этникалық, толеранттылық пен тұлғааралық қарым-қатынастарды құрметтеу;

-       Адам құқықтары мен еркінділігін, философиялық құндылықтардың маңыздылығын бағалау қабілеті.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

               

 

 

 

               

 

 

 

 

 

 

 

Учреждение "Костанайский высший экономический колледж Казпотребсоюза"

 

ПЕДАГОГТЫҢ САБАҚ ЖОСПАРЫ

ПОУРОЧНЫЙ ПЛАН ПЕДАГОГА

LESSON PLAN OF THE TEACHER

 

Философияның тарихи типтері: Шығыс, антикалық, ортағасырлық философия.

 

__   (сабақ тақырыбы/ тема занятия/lesson theme)

Модуль /пән атауы/ Наименование модуля /дисциплины /module/discipline name

___________________            ФИЛОСОФИЯ НЕГІЗДЕРІ _____________

 

Дайындаған педагог/ Подготовил педагог/ Prepared by a teacher

                                         Ракымжанова Гульмира Кайыржановна ___
     

2020 жылғы "___9__" ______09__________  /  "___9___"______09___________ 2020 года/year

 

1. Жалпы мәліметтер/  Общие сведения/ General information

                                                                                   

Курс/course _____2____  Топтар /Группы/groups  ___Фказ 16________             

Сабақ  түрі /Тип занятия / Occupation  type___жаңа тақырыпты меңгеру___

 

2. Мақсаты, міндеттер/ Цели, задачи/Оbjectives

-Оқушыларға Философияның тарихи типтері: Шығыс, антикалық, ортағасырлық философия,

Ежелгі Шығыс философиялық көзқарастардың даму тарихын көрсету, маңызды ілімдердер-Конфуций ,Дао ілімдерердің ерешеліктерін түсіңдіру

-Оқушылардың сыни тұрғыдан ойлау қабілеттерін дамыту:Шығыс және Антикалық ілімдерін салыстыра отырып ой қорыту

-Жан жақты дамыту, қоғам мен еңбекте алған білімдерді пайдалану

Міндеттері:

-Философияның тарихи типтері Шығыс, антикалық, ортағасырлық философия: Философияның тарихи типтерін талдау

-Антик  философтардың зерттеген  мәселелері жвйлы ой қорыту
-Сократ, Платон, Аристотель, Демокрит философиялық көзқарастарын  сипаттау және талдау

-Қытай философиясының маңызды идеяларын сипаттау-Конфуций , Дао ілімдері

-Философияның тарихи типтерін талдау

-Қытай философиясының маңызды идеяларын сипаттау-Конфуций , Дао ілімдерін бағалау_

     

2.1 Оқу сабақтары барысында білім алушылар игеретін кәсіби біліктердің тізбесі/ Перечень профессиональных умений, которыми овладеют обучающиеся в процессе учебного занятия/ The list of professional skills that students will master in the course of a training lesson

Кәсіптік міндеттерді қою және шешу үшін, кәсіптік және тұлғалық дамуы үшін қажетті ақпараттарды іздейді, талдайды және бағалайды;

 

3. Сабақты жабдықтау/ Оснащение занятия/ Equipment of the lesson

3.1 Оқу-әдістемелік құрал-жабдықтар, анықтамалық әдебиеттер/ Учебно-методическое оснащение, справочная литература/ Еducational  and  methodological equipment, reference literature __1.Г.Кактаева Р.Джуншеев Философия  негіздері,Фолиант баспасы  2018 ж

2.Габитов Т. Философия. А : Раритет, 2018.

3.Науанова К.М. Философия оқу әдістемелік құрал. Орал,2015.

3.2 Техникалық құралдар, материалдар/ Техническое оснащение, материалы/ Technical equipment, materials __

электронды презентация, оқулықтар

4. Сабақтың барысы/ Ход занятия/ Course of the lesson

Оқутышының іс - әрекеті

Деятельность преподавателя

Teacher activities

 

 

Уақыт

Время
Time 
Оқу әдістері, оқыту әдістері, педагогикалық әдістемелер, педагогикалық технологиялар

Методы обучения, методические приемы, педагогические техники, педагогические технологии

Teaching methods, methodological techniques, pedagogical techniques, pedagogical technologies

Оқу ресурстары мен материалдар

Учебные ресурсы и материалы

Educational resources and materials

Оқушының іс - әрекеті

Деятельность обучающихся

Student  activities

 

 

1.Амандасу, түгендеу

 

 

 
 

Сабаққа дайындалу,оқулық тарату

2.Өткен тақырып бойынша алған білімдерін –тірек білімдерін анықтау, сұрақ қою

 

 

Миға шабуыл.

1.Философия сөзінің мағынасы қандай?

2.Философияның пайда боле себептері қандай?

3.Философтар қандай сұрақтарға жауап іздеген?
Өткен оқу материалдар

Жауап береді

3.Жаңа тақырыпқа бейімдеу

Сұрақ қою,сұхбаттасу

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Сыни тұрғыдан ойлау қабілеттерін дамыту технологиясы:

Білемін, білдім,білігім келеді

СҰРАҚТАРҒА ЖАУАПТАРЫН КЕСТЕГЕ САЛАДЫ-Білемін деген графаға

-Философия қай елде пайда болды?

-Алғашқы философтар?

-Алғашқы философтар қандай сұрақтарға жауап іздеген?

Білгім келеді деген графаға не білгіміз келеді деген сұраққа жауап береді

 

 

 

Сыни тұрғыдан ойлау қабілеттерін дамыту технологиясы:

Білемін, білдім,білігім келеді

 

 

білемін

Білгім келеді

білдік

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Екі графасын толтыру

СҰРАҚТАРҒА ЖАУАПТАРЫН КЕСТЕГЕ САЛАДЫ-Білемін деген графаға

-Философия қай елде пайда болды?

-Алғашқы философтар?

-Алғашқы философтар қандай сұрақтарға жауап іздеген?

Білгім келеді деген графаға не білгіміз келеді деген сұраққа жауап береді

 

4.Жаңа тақырыпты меңгеру

Тақтада- Дао ,Конфуций деген сөздерді жазу, түсіңдіру

Жоспар:

Шығыс, антикалық, ортағасырлық философия.

1. Ежелгі Қытай философиясы.

2. Антикалық философия

3. Ортағасырлық философияның діни сипаты

 

 

-Әңгіме , сұхбат арқылы түсіңдіру

-Проблемалық оқыту технологиясы

Проблемалық ТАПСЫРМА:

Ежелгі Қытай философияның басты жетістігі неде?

 

1. Ежелгі Қытай философиясы.

 

Оқытушы сөзі, оқулықтар

 ОҚУ МАТЕРИАЛЫ: Көне Қытай философиясындағы негізі мектептер Конфуцийшілдік – адамды әлеуметтік өмірдің өзекті мәселесі деп қарастыраты ежелгі философиялық мектеп.

Конфуций (Кун- Фу-Цзы) – б.з.д. 551-479 жылдары өмір сүрген. Оның негізгі шығармасы – «Лун Юй» - «Сұхбаттар мен пікірлер», ол 6 кітаптан тұрады. Ескіні елеп, жаңаға жақындау - қытайдың көне дәстүрі. Ескіні дәріптеу  конфуций дәуірінде өзіндік мақсатқа айналады. Конфуций ілімінің түп тамыры адам және қоғам мәселесіне тіреледі.

Адам табиғаты Конфуций философиясында басты мәселелердің қатарына жатады. «Аспан адамға нені сыйласа, ол адамның табиғатын құрайды». Табиғат — адамның алғашқы қасиеті. Адам өмірге немен келсе, сол бастама оның табиғатын құрайды.

Даосизм - қоршаған дүниенің құрылымы мен тіршілігінің негізін түсіндіру және адам, табиғат пен ғарыштың игілікке апаратын жолын табу мәселесін қарастырады.

Даосизмнің негізін б.з.д. VI ғ. соңы - б.з.д. V ғ. басында өмір сүрген Лао Цзы (Қарт ұстаз) салды. Даосизмнің қайнар көзі - «Дао-Дэ- цзин» деп аталатын философиялық трактатта көрсетілген. «Дао» - «жол, алғашқы бастама, алғашқы түпнегіз» деген мағынаны білдіреді. Дао-заттардың табиғи өсу, өнуімен бірге, әлемнің негізін құрайды. Бүкіл әлем Дао заңына бағынады. Даосизм философиясының негізгі мәселесі - ұлы Дао  туралы, жалпылама Заң және Оның бастамасы да, аяғы да жоқ. Сондықтан ол атаусыз. Ол уақыт пен кеңістіктен тәуелсіз, солай бола тұра, жарық дүниедегі барлық нәрсенің негізі мен бастамасы, аты мен түрі. Дао сансыз заттарды жасаса да, әрекетсіз күйін сақтайды; бос қуыс сияқты, бірақ мәңгі, таусылмайды, оларды әруақытта реттейді.

 

Жаңа тақырыпты және сұрақтарды жазып алу

Тыңдау, маңызды терминдер мен түсініктерді жазу

Даосизм

Конфуций ілімі (Кун- Фу-Цзы) – б.з.д. 551-479 жылдары өмір сүрген. Оның негізгі шығармасы – «Лун Юй» - «

ПРОБЛЕМАЛЫҚ ТАПСЫРМАНЫ ОРЫНДАУ:Ежелгі Қытай философияның басты жетістігі неде

 

4.2.  Жаңа тақырыпты меңгеру

Шығыс, антикалық, ортағасырлық философия.

2. Антикалық философия

Тақтада- космоцентризм деген сөзді жазу

 

Электронды презентацияны пайдалану

Проблемалық оқыту технологиясы

Проблемалық ТАПСЫРМА:

Антик  философияның ерекшелігі неде?

Антик  философиясы

ОҚУ МАТЕРИАЛЫ:Грек философиясы мен мәдениетінің өркендеген жері грек жері емес, Жерорта теңізі жағалауындағы елдер. Бұл елдерді бір кезде гректер жаулап

алған болатын. Милет, Самос, Абдер сияқты қалалар Жерорта теңізіне жақын болып, оларда сауда-саттық және экономикалық қатынастар кеңінен өркендеді. Бұл Милет мектебінің негізін қалаушылар Фалес, Анаксимандр, Анаксимен. Бұлар дүниені біртұтас, бір-бірінен бөлінбейтін жалпы процесс деп қарай отырып, оның негізін материалдықтан іздеді. Фалес (б.з.д. 640-560 ж.ж.) дүниенің негізін судан, Анаксимандр (б.з.д. 610-540ж.ж) апейроннан (шексіздіктен), Анаксимен (б.з.д. 546ж. туған) ауадан іздеді. Олар өткен дәуірдегі мифологиялық көзқарастан бас тартты. Алдымен жаратылыстану саласын зерттеушілер болды. Олар дүниеде не бірінші деген мәселені емес, керсінше, дүниенің біртұтастығын белгілі бір материалдық бірінші негіз арқылы шешуге тырысты.

Демокрит.Оның пікірінше, барлық материалдық дүние атомдардан тұрады. Атом бөлінбейді, мәңгілік, өзгермейді, өзіне-өзі тең.

Классикалық философия. Сократ, Платон, Аристотель.

Сократ  (б.з.б. 469-399 жылдары) жасында мүсіншілікпен айналысып, кейін философ, қоғам қайраткері дәрежесіне дейін көтерілді.

Сократтың философиясы әрбір ғасырдағы, әрбір дәуірдегі адамдарды үнемі ойлантатын, ешуақытта маңызын жоймайтын аса қажетті ілім. Сократ софистер басын бастап, бірақ, аяқтай алмаған адам туралы ілімге ерекше назар аударды. Дүниені тану, әлемді тану, әрине, қажет-ақ. Дегенмен адам өзін-өзі, өзінің ішкі дүниесін білуге ұмтылуы керек. Осыдан  келіп  Сократтың бірінші принципі шықты. «Сен алдымен өзінді-өзің таны». Платон (б.з.б. 427-347 жылдары өмір сүрген) атақты және аса ауқатты бай жанұядан шыққан. Философия тарихында Платонның қалыптасуы, көбінесе  оның ұстазы Ол Афины демократиясын қатты сынға алды. Платонның еңбектері: «Мемлекет», «Театет», «Федон», т.б.

Аристотель (б.з.б. 384-322 ж.ж.) философиясы, жағынан, барлық көне грек философиясының қорытындысы іспетті. Аристотель философиясында алғаш рет өткен дәуір көзқарасына терең талдау жасалды

Аристотель - Платонның шәкірті. Ұстазының көзі тірісінде  шәкірті оның шығармаларына сын көзбен қарап, пікірлерін ашық айтпағаны рас.

Электронды презентацияны пайдалану

Проблемалық ТАПСЫРМА:

Антик  философияның ерекшелігі неде?

Антик  философиясы

4.3 Жаңа тақырыпты меңгеру, түсіңдіру , тақтада- теоцентризм деген жаңа сөзді жазу

3. Ортағасырлық философияның діни сипаты

 

 

Проблемалық оқыту технологиясы

Проблемалық ТАПСЫРМА:

Ортағасырлық философияның діни сипатын неден көруге болады және Ортағасырлық араб-философиясының атақты тұлғаранының көзқарастарын анықтау  

 

ОҚУМАТЕРИАЛЫ:Теоцентризм- ортағасыр философияның ерекшелігі.Атақты ойшылдар-Фома Аквинский, Аврелий Августин- дүниенің бастамасын құдайймен байланыстырған

Ортағасырлық араб-түрік философиясын екі негізгі кезеңге бөлуге болады:      Ортағасырлық араб-түрік философиясының негізгі бағыттары:

  Калам - исламдағы діни-саяси ағымдардың пайда болуымен қатар дамыған дискуссиялар, мұсылмандардың басқа сенім өкілдерімен, христиан өкілдерімен пікірталасы. Бұл пікірталаста құдайдың мәні, құранның негізі, құдайдың жазуы, бостандық мәселесі қаралды. Каламда екі бағытты атап көрсетеміз: ерте калам-мутазализм, кейінгі калам - ашаризм.

  Мутазалиттер    (ерекше,    айрықша) - ХІ    ғасырдың    бірінші жартысында гүлденген калам мектебінің өкілдері. Олар Алладан басқа ешкімді  мойындамайды, ең құдіретті  Алла.  Сондай-ақ  мутазализм-шийттердің идеялық ағымы болып табылады. Мутазализмнің атақты өкілдері ал-Алляф, ан- Наззам, ал-Джахисс.

           Суффизм - исламдағы мистикалық аскеттік ағым. Адам үшін жоғарғы игілік адамның қоршаған ортадан, барлық қызықтан бас тартуы. Өкілдерінің бірі Қожа Ахмет Яссауи.

     Ортағасырлық араб-түрік философиясы грек философиясы мен Европа филоссофиясы - схоластика арасындағы байланыстырушы буын болып табылады. VІІІ-ХІІ ғасырдан бастап, шығыста ғылымның дамуына жол ашылады. Алдымен тригонометрия, алгебра, оптика, психология кейіннен, астрономия химия, география, ботаника мен медицина дамиды. Одан кейін біртіндеп діни-филоссофиялық бағыттар алдыға шыға бастайды. Орта ғасырлық араб-түрік философиясының басты бағыты ислам мен мешіттің догматтарын сақтау, оны дамыту болды. Орта ғасырлық араб-түрік философиясының басты өкілдерінің бірі Ибн - Сина (Авиценна) (980-1037). Ол Әл-Фарабидің кейбір идеяларын шығармашылық тұрғыда жалғастырды: эманация идеясы, ақыл-ой туралы идея т.б. Ибн-Сина философиялық білімді екі салаға бөледі: теориялық және практикалық. Оның ойынша, егер теориялық философия ақиқатты игеруге ұмтылса, практикалық философия - игілікке жетуге ұмтылады. Теориялық философияға физиканы, математиканы, ал практикалық философияға саясатты, экономиканы жатқызады. Ал логика ғылымдардың барлығын пысықтайды, ол әлемді тану құралы. Барлық ғылымдардың шыңы метафизика деп аталынады, ал метафизика деп кейде теологияны, кейде философияны атайды. Қорытындылай келгенде, Ибн-Сина өз жауаптарында мынадай идеяларға келеді: егер философия ақыл-ой мәліметіне, дәлелге негізделген шындық туралы білім берсе, ал теологиялық білім сенімге сүйенеді.

            Әл-Фараби (870-950)  Аристотельдің ізбасары болып табылады. Оның еңбектері «Герменевтика», «Қайырымды қала тұрғындары», т.б. Оның көптеген идеялары батыс европа идеяларымен философиялық концепциялардың дамуына теориялық әсерін тигізді. Фараби ғылыми болжамға, әлемді ғылыми танып білу мүмкіндігіне сеніп, қоғамдағы зорлық-зомбылыққа қарсы шықты. Жер бетіндегі соғыссыз қоғам идеалын теориялық тұрғыда негіздеді.

            «Әл-Фараби 4 түрлі қалалар бар дейді: қайырымдылар қаласы, надандар қаласы, адасқандар қаласы, азғындар қаласы    Әбу-Жүсіп-әл-Кинди құдай, ақыл-ой, философия мәні, ғылымды классификациялау мәселелеріне көп көңіл аударған. Құдай туралы мынадай анықтама береді: «құдай - түп негіз, барлық нәрсенің бастауы», ол абсолютті шексіздік және мәңгілік. Адамның әлемді танудағы ақылдың рөлін анықтай отырып, әл-Кинди ақыл-ойдың төрт түрін және танымның үш сатысы туралы ой айтады. Ақыл-ойдың төрт түрі: белсенді ақыл-ой, енжар ақыл-ой, бейжай ақыл-ой, жариялаушы ақыл-ой.

Болмыстық біртұтас принципін Ибн Араби (1165-1240) екі «ғарыштық» және «феноменальдық» деңгейде қарастырады. Араби үшін, Болмыстың бірлігі үш деңгейде – Абсолют ретінде, Атаулар (архетиптер) тұрғысынан, тұтас дүние көрінісінен білінеді. Абсолютте бәрі де өздігінен, жағдайын шектемей-ақ өмір сүреді. Болмыссыз өмір сүре алмайды. Өмір сүру бастауы туралы айтыста спекулятивті теологиясының жаңа түрі — калам, мутакалалимдік ағым  қалыптасты. Мутакалимнің пікірталасына иудаистер, христиандар сияқты мұсылман емес сарапшылар да қатысқан.

 

 

 

 

 

Теоцентризм- деген сөздің мағынасын жазу- құдай деген мағынаны білдіреді

Проблемалық тапсырманы орындау

-Ортағасырлық философияның діни сипатын неден көруге болады және Ортағасырлық араб-философиясының атақты тұлғаранының көзқарастарын анықтау  

КЕСТЕНІ ТОЛТЫРУ

тұлғалар

Филоофиялыө көзқарастары

 

 

4.4.Бекіту  

 

-Проблемалық технология әдістері: проблемалық тапсырмаларды тексеру

-Сыни тұрғыдан ойлау технолгоиясының әдістері-Бәлемін, білгім келедіғ Білдім –кестесін толтыру- і графасы

Сабақта берілген оқу материалдары

Проблемалық тапсрымалардың жауаптарың айту

1.Антик  философияның ерекшелігі неде?

Антик  философиясы

2.Ортағасырлық философияның діни сипатын неден көруге болады және Ортағасырлық араб-философиясының атақты тұлғаранының көзқарастарын анықтау  

КЕСТЕНІ ТОЛТЫРУ

тұлғалар

Филоофиялыө көзқарастары

 

 

5. Сабақ бойынша рефлексия/ Рефлексия по занятию/ Reflection on the lesson

 

Білемін,

білгім келеді

білдім

 

 

 

 

 

6. Үй тапсырмасы/ Домашнее задание / Homework Ғабитов Т. Философия. А: Раритет, 2008. 18-33 бет.

Ежелгі Шығыс және Антик философиясын Венн диаграмма түрінде салыстыру

Ежелгі Шығыс философиясы

Ортақ жақтары

Антик философиясы

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                                                     Қорытынды

 

Философия ғылымының мәнін және мақсатын анықтау үшін философия туралы философия тарихында айтылған анықтамаларды қарастырып көрейік, себебі, К.Ясперстің сөзімен айтсақ, философиялық пайымдау дегеніміз философия тарихына үңілу.

Сократ: «Философия — ойлау арқылы ақиқатқа, білімге жету»

Геродот: «Философия — білімді, ақылдылықты сүю»

Аристотел: «Философия — ғылымдар негізі».

Ортағасырдың діни ойшылдары: Августин: «Философия — ақылдылыққа құштарлық» — дейді. Аквинат: «Философия — барлық ақиқаттың негізі болатын ақиқат (Құдай) туралы ілім»- дейді. М. Монтень: «Философияның қайғылы, іш пыстыратын, нәрселерге еш қатысы жоқ. Даналықтың ерекше бір белгісі — ақылдың көмегімен өмірді қуанышты сипатта ғана қабылдау, ол жан жарасын жеңілдетеді, ауруды жеңуге көмектеседі» — дейді. Т. Гоббс: «Философия адамның ақыл-ойы, ол жаратушы тәңірдің барлық істерін зерттеуші, осы істердің ретін, себептерін, салдарын анықтауға көмектеседі» дейді. Декарт: «Философия – даналық, адам танып-біле алатын заттар туралы егжей-тегжейлі, жан-жақты білім»-дейді. Фихте: «Ғылыми даму барысында оның шеңберінен шығып кеткенімен, философия адамның ақыл-ойымен тығыз байланысты»-деген.

Философияның адам мен қоғам өміріндегі орны аса зор:

1)     философия жеке адамның, әсіресе, жоғары оқу орында білім алушы маманның Тұлға ретінде қалыптасуына маңызды ықпал етеді.

2)     Философия адамға өмірлік бағыт-бағдар береді.

3)     Философия дұрыс, ақылды ойлай білуге, өзі туралы тереңірек ойлануға әсерін тігізеді.

Философия тарихы адамның бойында еркін ойлау принциптерін қалыптастыруға ерекше ықпал етеді, себебі философия — рухтың жоғарғы еркіндігі саласы және философия тарихы еркін ойлау мен еркін өмір сүрудің тамаша үлгілеріне толы.

Ойымызды қорыта келсек, философия ғылымы адамга өзі өмір суріп отырған орта — табиғат пен қоғамның даму заңдылықтары туралы, өзінің осы жуйеде алатын орны, өмірі, өмірлік мақсат-міндеттері туралы жан-жақты теориялық білім беретін, адамның көзқарасын қалыптастыратын, сонымен қатар практикалық сипатқа ие, қазіргі заман адамына аса қажетті ғылым болып табылады. 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Негізгі және қосымша әдебиеттер тізімі.

1.Г.Кактаева Р.Джуншеев Философия  негіздері,Фолиант баспасы  2018 ж

2.Габитов Т. Философия. А : Раритет, 2018.

3. Мырзалы С. Философия. Алматы: Бастау, 2008.

4.Тотин Б.К. Философия: оқу-әдістемелік құралы.1,2  Бөлім. Қостанай: Казтипография, 2013.

5..Губин В.Д. основы лософии: учебное пособие, М:ФОРУМ, 2008.

6.Кириленко Г.Г. Философия учебник. М: АСТ: СЛОВО,2009.

7.Петкова С.М. Философфиия: краткий курс. Феникс,2010.

8.Ж. Алтай, А.Қасабек, Қ.Мұхамбетәли «Философия тарихы» А.,2006.

9.Ә.Х.Тұрғынбаев «Философия» А.,2001.

10.Д.Кішібеков «Философия» А., 2018

11.Г.А.Кактаева «Философия негіздері» Астана, 2006

12.Науанова К.М. Философия оқу әдістемелік құрал. Орал,2015.

13.ҚР президентінің жыл сайынғы Қазақстан халқына жолдауы.2020 ж

14.Елбасының «100 нақты қадам - Ұлт Жоспары» институционалдық реформасы.

 

 

 

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Методическая разработка урока по дисциплине "Основы философии""

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Специалист по связям с общественностью

Получите профессию

Секретарь-администратор

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Краткое описание документа:

План конспект урока по дисциплине "Основы философии", где представлены все этапы урока.В данном конспекте вашему вниманию представлена тема"Исторические типы философии"

Нак каждом этапе урока применяются элементы РКМЧ и проблемной технологии, ребята принимают участие на каждом этапе урока, чтобы урок был продуктивным- применяются такого рода задания ,как заполнение таблицы ЗХУ- в начале урока,в конце урока, также проблемные задания и проблемные ситуации, что позволяет учащимся самим добывать занания.

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 665 761 материал в базе

Материал подходит для УМК

Скачать материал

Другие материалы

Презентация Тренажёр для подготовки к ЕГЭ по обществознанию "Безработица иеё виды"
  • Учебник: «Обществознание (базовый уровень)», Боголюбов Л.Н., Городецкая Н.И., Лазебникова А.Ю. и др. / Под ред. Боголюбова Л.Н., Лазебниковой А.Ю.
  • 01.01.2021
  • 4849
  • 249
«Обществознание (базовый уровень)», Боголюбов Л.Н., Городецкая Н.И., Лазебникова А.Ю. и др. / Под ред. Боголюбова Л.Н., Лазебниковой А.Ю.

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 01.01.2021 2393
    • DOCX 113 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Ракымжанова Гульмира Кайыржановна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    • На сайте: 6 лет и 5 месяцев
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 9781
    • Всего материалов: 10

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Бухгалтер

Бухгалтер

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 25 человек из 18 регионов

Курс повышения квалификации

Особенности подготовки к проведению ВПР в рамках мониторинга качества образования обучающихся по учебному предмету «Обществознание» в условиях реализации ФГОС ООО

72 ч. — 180 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 53 человека из 27 регионов
  • Этот курс уже прошли 306 человек

Курс профессиональной переподготовки

Обществознание: теория и методика преподавания в образовательной организации

Учитель обществознания

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3650 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 283 человека из 63 регионов
  • Этот курс уже прошли 1 293 человека

Курс профессиональной переподготовки

История и обществознание: теория и методика преподавания в профессиональном образовании

Преподаватель истории и обществознания

500/1000 ч.

от 8900 руб. от 4150 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 38 человек из 23 регионов
  • Этот курс уже прошли 116 человек

Мини-курс

Современные подходы к преподаванию географии: методика, технологии и практика

8 ч.

1180 руб. 590 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Основы работы в After Effects

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Основы духовно-нравственной культуры народов России: особенности преподавания

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 27 человек из 17 регионов
  • Этот курс уже прошли 32 человека