Инфоурок Другое Другие методич. материалыМетодическое пособие "Дипломдық жобалау әдістемесі"

Методическое пособие "Дипломдық жобалау әдістемесі"

Скачать материал

 

Сарсенбаев Бахытбек Абаевич

«Жас өркен» колледжінің «Техникалық» пәндер бірлестігінің оқытушысы

 

К У Р С Т Ы Қ және Д И П Л О М Д Ы Қ   Ж О Б А Л А У.

 

1. Дипломдық жобалаудың мақсаты.

 

       Дипломдық жобалау оқушылардың алған білімінің қорытындысы. Дипломдық жобаның негізгі мақсаты – оқу мерзімінде барлық пәндерден алған біліміне сүйене отырып, үйсімді құрылған ғылыми ұғымын пайдалану. Дипломдық жобалауда оқушы өз бетімен дербес техникалық шешімдер қабылдап, техника – экономикалық есептерге сүйене отырып құрылыстарды салу әдістерін болжамдайды. Диплом жобалауының сапасы, болашақ маманның қабілеттігінің, техникалық дәрежесін, алған білімін іске асыра алатынын сипаттайды.

       Диплом жобалауында қабылданған шешімдер еңбектің өнімділігін арттырып, жұмсалатын күрделі қаржы шығындарын кемітіп, құрылыс салу мерзімін қысқартып, озат әдістерді пайдалану жолы көрсетіледі.

       Ғылыми – техникалық жетістіктерге сүйене отырып, ұзақ жылдар бойы сыннан өткен озат технологиясын пайдалану оқушылардың алдына қойылған міндеті.

      Құрылыс технологиясын дамытудың бір жолы – жобаға индустриялық әдістерді өндіру, яғни құрылысты заводтарда ірілендіріліп жасалған бөлшектермен жинақтау.

     Жобада құрылыс материалдарын, машина механизмдерін тиімді пайдалану тәсілдері көрсетіледі. Диплом жобалауында дайындық, жалпы құрылыс және инженерлік жүйелер салу жұмыстарының реті мен орнату мерзімдері көрсетіледі.

2. Диплом жобалауын ұйымдастыру жұмыстары.

     Дипломдық жобалауға 3–ші курстан дайындалу қажет. Себебі ол творчестволық, көп ойланып табылатын шешімдер ( 3-ші курстың екінші жартысында «Құрылыс өндірісінің технологиясы» пәнінен курстық жобасының бөлімінде құрылыс процессінің технологиялық картасын орындайды.). Сондықтан болашақ диплом жұмыстарының тақырыптары төртінші курста ( диплом алдындағы тәжірибені игеру алдында ) бекітіліп, практикада оқушылар диплом тақырыптарын талғап, іс жүзіне сәйкестігін салыстырып, өзінің техник – құрылысшы дәрежеде дипломдық жобалауға дайындығын  нығайтады.

       Диплом жобасына қажетті құжаттар: объектінің типтік паспорты, сәулеттік жобаның жоспары және қимасы т.б. алынады. Дипломант типті жобаны қолданса, оған өзгерістер енгізу қажет, яғни жобаланатын жергілікті жерге байланастыру. Диплом жобасының жетекшісі әр оқушыға жеке тапсырма тағайындап колледжінің оқу ісі жөніндегі директордың орынбасарына бекітеді. Ол тапсырма диплом жұмысының мазмұнына қарай беріледі. Практикада жинаған құжаттарды, дипломант тәжірибені игеру есебі ретінде жазып цикл алдында қорғап, бағаланып колледж мұражайына өткізеді. Есепте дипломға кіретін бөлімдерге қажетті құжаттар болуы тиіс. Құжаттар толық жиналғаннан кейін оқушы жетекшісімен бірге диплом жүргізу кестесін жасап, циклде бекітеді. Кестеде диплом жобасын бастау, аяқтау мерзімдері және бөлімге қажетті уақыттар көрсетіледі.  Дипломның әр бөліміне ақылдасушы  ( арнайы  пәндер оқытушылары ) тағайындалады.          

       Мысалы, есептік – конструкциялық бөлімге «Құрылыс конструкциясын есептеу негіздері» пәнінің оқытушысы, сәлеттік – құрылыс бөліміне «Ғимараттар мен үймереттер құрылымы» пәнінің оқытушысы, технологиялық және еңбек қорғау бөліміне «Құрылыс өндірісінің технологиясы мен ұйымдастыру» пәнінің оқытушысы және экономикалық бөліміне «Экономика негіздері мен өндірісті басқару» пәнінің оқытушысы тексеріп жөнін көрсетіп қол қоюы қажет.

      Диплом жобалауын әдістемелік ( методикалық ) кабинеттерде, оқу залдарында және диплом жобалау кабинеттерінде орындалған тиімді, себебі кабинеттерде керекті оқулықтар, құжаттар, анықтамалар және диплом жобасының үлгісі болады.

     Диплом жобасының барысын жетекші және цикл комиссиясы тексеріп отырады. Цикл алдында дипломанттар график бойынша орындаған жұмыстарына есеп беріп отырады. Цикл комиссиясы жасаған жұмыстың сапасын тексеріп, дайындығын анықтап бөлім меңгерушісіне мәлімет беріп отырады.

3. Дипломдық  жобаның  графикасын  сызу  және

есептік  түсініктеме  жазбасын  орындау.

     Жобаның графикасын сызып, есептік-түсініктемесін толтырғанда мемлекеттік стандарттың ережелерін бұлжыттпай орындау қажет. А-1-ші ватман форматына қаламұшпен сызылады. Бұларға қойылатын талап                   « Конструкторлық құжаттардың біріккен жүйелеріне ( Единная система конструкторской  документации ») сәйкес болуы қажет.

     Есептік-түсініктеме жазбасының көлемі 70-80 қолжазбалы беттен  немесе 50-60 бетті компьютерлік жазбадан, графикалық бөлімі жоба көлеміне қарай А-1 форматты 5 немесе 6 ватман қағазына сызылады.

     Әр бөлімге арналған қолжазба парақтарының саны:

-         кіріспе- 2-3 парақ ( жобаланатын объектінің халықшаруашылығына қажеттілігі, мұндай объектілерді салуға отандық, шет елдерде салыну тәжірибиелері және мемлекетке келтіретін пайдасы көрсетіледі );

-         жалпы бөлім -2-3 парақ ( жобаланатын ғимарат жайлі жалпы мәліметтер – климатикалық жағдайы, салынатын мекен жайы,  ғимараттың категориялары, жылумен ауыз су және аяқ су құбырларымен қамтамасыздануы, электр жарық жүйелері);

-         сәулеттік-құрылыс бөлімі-15-20 парақ ( көлемді жоспарлау шешімдері қабылданады, оның құрамына кіретіндері: а) құрылысқа бөлінген жердің бас жоспарын / генплан / баяндау; б) ғимараттың құрылымдық шешімдерінің жазбасы - іргетастары, қабырғалары, қабатаралық және төбе жабындылары, баспалдақтары, қалқалары, шатыры мен төбе жабыны, есік-терезелері, едендері, ішкі және сыртқы әрлеуі;

-         есептік-құрылымдық бөлімі-15-20 парақ ( ғимараттың үш құрылымдық элементін / темірбетонды, қыш –кесекті немесе ағаш құрылымды / шекті қалпы әдісінің бірінші тобымен есептеу, арматураларының жиынтығы, спецификациясы );

-         технологиялық-ұйымдастыру бөлімі-20-25 парақ ( бір жұмыс процессінің технологиялық картасы орындалу процессі және  жұмысшы орынын анықтау, жұмыс көлемінің жинағы, еңбек шығындарының калькуляциясымен ТЭК, көтергіш механизмдерді қабылдау, қүнтізбек / мерзімдік / жоспары оның мағынасы, құрамы және орындау жолы  ТЭК, бас құрылыс жоспары, құрылыс алаңының жұмыстарын ұйымдастыру, уақытша инженерлік қондырғыларымен жабдықтарын есептеу, уақытша ғимараттармен қойма алаңдарын есептеу;

-         еңбек қорғау-5-6 парақ ( құрылыс жұмыстарының әсіресе толығымен тоқталып, орындалатын технологиялық картаның жұмыс процессінің техника қауіпсіздігі, өрт қауіпсіздігі);

-         экономикалық бөлімі-5-6 парақ ( объектілік смета, жалпы құрылыстық локальдық смета және ТЭК ).

Графикасы сызылған ватмандардың саны:

-         сәулетті-жоспарлау-2-3 парақ ( 1-ші ватманына ғимараттың көше және қора бетінің қасбеттері / М-1:100 немесе М-1:200 / және бас жоспар                 / М-1:500 немесе М-1:200 /, 2-ші ватманына іргетастар, 0.000 деңгейдегі және типтік қабаттың,  қабатаралық және төбе жабындының түсірмелері мен І-І қимасы / М-1:100 немесе М-1:200 /, 5-6 құрылымдық элементтерінің байланысқан буындары / М-1:10 немесе М-1:20 және М-1:50 / симай қалған жағдайда 3-ші А-2 форматты ватманды қолданады);

 

-         есептік-конструкциялық бөлімі -1 парақ ( иілгіш, сығылу элементтерімен темірбетонды тізбекті немесе тұғырықты  / құрамалы немесе құймалы / іргетастың сызбасы және арматуралар спецификациясы);

-         технологиялық – ұйымдастыру – 2 парақ ( 1-ші А-1 форматты ватманына 1 құрылыс процессіне технологиялық картасы мен бас құрылыс алаңының жоспары, симай қалса 3-ші А-2 форматты ватманды қолданады, 2-ші  А-1 форматты ватманына күнтізбе                 / мерзімдік /  жоспары және ТЭК).

      Графика қаламұшпен көрнекі сызылып астыңғы оң жақ бұрышында Ф-1 штампы толтырылады , дипломанттың қалауы бойынша (АutoCAD) автокатпен плоттер арқылы орындауға болады, бірақ масштаптарды  (ЕСКД) қатаң сақтау қажет.

      Түсініктеме жазбасы көк пастамен немесе компьютермен теру арқылы ақ қағазға ( 297 х 210 мм ) штампталған рамка ішіне жоғарғы жағынан 20 мм түсіп, ал төменгі штамп үстінен 20 мм және солжақ - оңжағынан 5 мм, әр абзацы 10-12 мм басталып жазылады. Әр бөлімнің бірінші беттерінде Ф-2а        ( 40 миллиметрлік ) штамп толтырылып және бөлім тақырыбы 10 мм шрифтпен жазылып, бөлімше парақтары тақырыпшаларының бас әріпі 7 мм қалған әріптері 5 мм-лік шрифтпен орындалады да   астына Ф-2б ( 15 мм-лік) үзындығы 130 мм штамп толтырылады.

     Түсініктеменің парақтары нөмірленіп, кітапша күйінде типографияда тігіліп, қатты қағазбен қапталады. Бірінші бетіндегі титулдық қағазға дипломант, жобалық кеңесшілері, негізгі жетекшінің, мөлшерлік бақылаушының, сараптамашының және төменгі жерінде бөлімше меңгерушінің қолы қойылып, Мемлекеттік аттестациялық комиссиясында      ( МАК) қорғауға рұқсат береді.

4. Курстық  жобалаудың  мақсаты.

 

        Курстық жобалау оқушылардың семестр бойынша алған білімінің қорытындысы. Курстық жобаның негізгі мақсаты – семестр мерзімінде барлық пәндерден алған біліміне сүйене отырып, үйсімді құрылған ғылыми ұғымын пайдалану. Курстық жобалауда оқушы өз бетімен дербес техникалық шешімдер қабылдап, техника – экономикалық есептерге сүйене отырып құрылымдарды  есептейді. Курстық жобалау келешек диплом жобасының  бөлімдерін өз бетінше жетекшілердің бақылауымен орындай  алатынын сипаттайды.

2. Курстық жобалауды ұйымдастыру жұмыстары.

   Курстық жобалаудың тақырыптарын пән оқытушысы жетекші ретінде алдын-ала талқыға салып оқушылар тақырыпты таңдап алғаннан кейін жинақтап цикл комиссиясына қаралып мақұлдануына ұсынылады.

      Курстық жобалауын арнайы курстық жобалау кабинеттерде, оқу залдарында орындалған тиімді, себебі кабинеттерде керекті оқулықтар, құжаттар, анықтамалар және курстық жобасының үлгісі болады.

     Курстық жобасының орындалу барысын сабақ бойынша жетекші және арнайы бөлім меңгерушісі бекіткен кесте бойынша цикл комиссиясы тексеріп отырады. Цикл комиссиясы жасаған жұмыстың сапасын тексеріп, дайындығын анықтап бөлім меңгерушісіне мәлімет беріп отырады.

5. Курстық  жобаның  графикасын  сызу  және

есептік  түсініктеме  жазбасын  орындау.

     Жобаның графикасын сызып, есептік-түсініктемесін толтырғанда мемлекеттік стандарттың ережелерін бұлжыттпай орындау қажет. А-1-ші ватман форматына қаламұшпен сызылады немесе оқушының қалауы бойынша AutoCAD арқылы плоттермен шығару арқылы орындауға болады.

 Бұларға қойылатын талап «Кұрылылымдық құжаттардың біріккен жүйелеріне» міндетті түрде ( Единная система конструкторской  документации -/ЕСКД/) сәйкес болуы қажет.

     Есептік-түсініктеме жазбасының көлемі 15-20 бетті қолжазбалы  немесе компьютерлік жазбадан, графикалық бөлімі әр құрылыс пәндердің жобалау көлеміне қарай А-1 (А-24) форматты 1 парақ ватман қағазына «Құрылыс құрылымын есептеу негіздері» пәнінен, 2-2,5 парақ  «Үймәреттер мен ғимараттардың құрылымы» пәнінен және 2-2,5 парақ  ватман қағазынан «Құрылыс өндірісінің технологиясы мен ұйымдастыру» пәндері  құралады.

     Әр бөлімге ( пәндерге қарай) арналған қолжазба беттерінің саны:

-         Кіріспе- 1-1,5 бет / барлық курстық жобалар үшін /( жобаланатын объектінің халықшаруашылығына қажеттілігі, мұндай объектілерді салуға отандық, шет елдерде салыну тәжірибиелері және мемлекетке келтіретін пайдасы көрсетіледі );

-         «Үймәреттер мен ғимараттардың құрылымы» пәнінен -10-15 бет      (көлемдік жоспарлау шешімдері қабылданады, оның құрамына кіретіндері: а) құрылысқа бөлінген жердің бас жоспарын / генплан / баяндау; б) ғимараттың құрылымдық шешімдерінің жазбасы - іргетастары, қабырғалары, қабатаралық және төбе жабындылары, баспалдақтары, қалқалары, шатыры мен төбе жабыны, есік-терезелері, едендері, ішкі және сыртқы әрлеуі;)

-         «Құрылыс құрылымын есептеу негіздері» пәнінен 10-15 бет                       ( ғимараттың үш құрылымдық элементін /«Темірбетон құрылымы» бөлімінен / шекті қалпы әдісінің бірінші тобымен есептеу,);

-         «Құрылыс өндірісінің технологиясы мен ұйымдастыруы» пәнінен 10-15 бет ( бір жұмыстың технологиялық картасын орындау процессі және  жұмысшы орынын анықтау, жұмыс көлемінің жинағы, еңбек шығындарының калькуляциясымен ТЭК, көтергіш механизмдерді қабылдау, қүнтізбек / мерзімдік / жоспары оның мағынасы, құрамы және орындау жолы  ТЭК, бас құрылыс жоспары, құрылыс алаңының жұмыстарын ұйымдастыру, уақытша инженерлік қондырғыларымен жабдықтарын есептеу, уақытша ғимараттармен қойма алаңдарын есептеу және еңбек қорғау;)

Графикасы сызылған ватмандардың саны:

-         «Үймәреттер мен ғимараттардың құрылымы» пәнінен-2-2,5 парақ       ( 1-ші ватманына ғимараттың көше және қора бетінің қасбеттері / М-1:100 немесе М-1:200 / және бас жоспар / М-1:500 немесе М-1:200 /, 2-ші ватманына іргетастар, 0.000 деңгейдегі және типтік қабаттың,  қабатаралық және төбе жабындының түсірмелері мен І-І қимасы / М-1:100 немесе М-1:200 /, 5-6 құрылымдық элементтерінің байланысқан буындары / М-1:10 немесе М-1:20 және М-1:50 / симай қалған жағдайда 3-ші А-2 форматты ватманды қолданады);

-         «Құрылыс құрылымын есептеу негіздері» пәнінен -1 парақ ( иілгіш, сығылу элементтерімен темірбетонды тізбекті немесе тұғырықты / құрамалы немесе құймалы / іргетастың сызбасы және арматуралар спецификациясы);

-         «Құрылыс өндірісінің технологиясы мен ұйымдастыруы» пәнінен екі курстық жоба орындалады, біріншісі 2-ші курста «Құрылыс өндірісінің технологиясы» бөлімінен    – 1 парақ (А-1 форматты ватманына бір құрылыс процессіне технологиялық картасы мен еңбек шығындарының калькуляциясы ) , екіншісі 3–ші курста «Құрылыс өндірісінің ұйымдастыруы» бөлімінен 1,5 парақ, яғни бас құрылыс алаңының жоспары А-2 ватман форматына және А-1 форматты ватманына күнтізбе / мерзімдік /  жоспары және ТЭК).

      Графика қаламұшпен көрнекі сызылып астыңғы оң жақ бұрышында Ф-1 штампы толтырылады / техникалық штамтан ерекше / , оқушының қалауы бойынша (АutoCAD) автокатпен плоттер арқылы орындауға болады, бірақ масштаптарды  (ЕСКД) қатаң сақтау қажет.

      Түсініктеме жазбасы көк пастамен немесе компьютермен теру арқылы ақ қағазға ( 297 х 210 мм ) штампталған рамка ішіне жоғарғы жағынан 20 мм түсіп, ал төменгі штамп үстінен 20 мм және солжақ - оңжағынан 5 мм, әр абзацы 10-12 мм басталып жазылады. Әр бөлімнің /мазмұны, кіріспе, сәулеттік ,немесе құлылымдық және технологиялық , қолданған әдебиеттер тізімі / бірінші беттерінде Ф-2а    ( 40 миллиметрлік ) штамп толтырылып және бөлім тақырыбы 10 мм шрифтпен жазылып, бөлімше парақтары тақырыпшаларының бас әріпі 7 мм қалған әріптері 5 мм-лік шрифтпен орындалады да   астына Ф-2б ( 15 мм-лік) қысқа 130 мм ұзындықты штамп толтырылады /штамтар үлгілері келтірілген/

     Түсініктеменің парақтары нөмірленіп, кітапша күйінде тігіліп, қатты қағазбен қапталады. Бірінші бетіндегі титулдық қағазға оқушының, жоба жетекшінің қолы қойылып, цикл комиссиясында соңғы сабақтан кейін қорғау күйінде қабылданады.

    Қабылданған курстық жобалар жетекшінің сарапталуынан кейін 3 данамен актіленіп колледж мұражайына, цикл комиссиясына және оқу бөліміне өткізіледі.

 

 

Резюме

В статье автор представляет

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Методическое пособие "Дипломдық жобалау әдістемесі""

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 6 месяцев

Менеджер по управлению сервисами ИТ

Получите профессию

Копирайтер

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 665 188 материалов в базе

Скачать материал

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 12.04.2016 2078
    • DOCX 80.5 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Сарсенбаев Бахытбек Абаевич. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Сарсенбаев Бахытбек Абаевич
    Сарсенбаев Бахытбек Абаевич
    • На сайте: 8 лет
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 22324
    • Всего материалов: 5

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Менеджер по туризму

Менеджер по туризму

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс профессиональной переподготовки

Руководство электронной службой архивов, библиотек и информационно-библиотечных центров

Начальник отдела (заведующий отделом) архива

600 ч.

9840 руб. 5600 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 25 человек

Курс профессиональной переподготовки

Организация деятельности библиотекаря в профессиональном образовании

Библиотекарь

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3650 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 283 человека из 66 регионов
  • Этот курс уже прошли 850 человек

Курс профессиональной переподготовки

Библиотечно-библиографические и информационные знания в педагогическом процессе

Педагог-библиотекарь

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3650 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 490 человек из 71 региона
  • Этот курс уже прошли 2 329 человек

Мини-курс

Вероятность и статистика в рамках обновленного ФГОС

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Проектный подход к рекламе: эффективные стратегии и инструменты

8 ч.

1180 руб. 590 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Аспекты эмоционального благополучия и влияния социальных ролей на психологическое состояние

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 20 человек из 12 регионов