Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Иностранные языки / Другие методич. материалы / Методичка по казахскому языку "Киелі Маңғытау"

Методичка по казахскому языку "Киелі Маңғытау"


До 7 декабря продлён приём заявок на
Международный конкурс "Мириады открытий"
(конкурс сразу по 24 предметам за один оргвзнос)

  • Иностранные языки

Поделитесь материалом с коллегами:

БЕКЕТ-АТА





hello_html_643287df.jpg


Өте танымал ескерткіштердің бірі-Бекет-Ата мешіті жар тастан шауып жасалған.

  Аңыз бойынша, Бекет-Ата ХVІІІ ғасырдың екінші жарты жылдығында өмір сүрген. Атырау облысының қазіргі Құлсары кентіне жақын жерде туылған, 14 жасында дана Шопан-Ата жатқан жерге бас иіп, сәлемдесіп, батасын алуға келген. Үшінші түні Шопан-Ата бозбалаға оқуға өсиет етеді. Жас жігіт алыс Хиуа медресесіне ғылымды бағындыру үшін аттанады. 40 жасқа жеткенде сопы атанып, балаларды сауаттылыққа оқыта бастайды.

  Бекет-Ата 4 мешіт тұрғызды: біріншісі Құлсарыда – оны Ақмешіт деп атайды, екіншісі Бейнеу елді-мекенінен 20 шақырым жерде борлы жартаста, төртіншісі – Оғыланды шатқалындағы борлы жартас сілемінен шауып жасалған жер асты мешіті. Ол осы мешіттің жанына жерленген. Бекет-Ата зираты тек Маңғыстаудың ғана емес, бүкіл Қазақстанның рухани, тарихи және сәулет ескерткіші болып табылады.


СӨЗДІК

Танымал- известный

мешіт тұрғызды- построил мечеть

бас иіп- приклоняться

өмір сүрген- жил



ТАПСЫРМА

  1. Мәтінге жоспар құрыңдар.Жоспар құруға тірек болатын сөйлемдерді оқып беріңдер.

  2. Асты сызылған сөздерге сұрақ қойыңдар.Олардың қандай сөйлем мүшесі екенін айтыңдар.

  3. Сан есімдерді теріп жазыңдар









БОРЛЫ ТАУЛАРДАҒЫ АҚТАУ ҚАЛАСЫ


hello_html_m31da145a.jpg



Әр түрлі уақыттар мен замандарда Каспий теңізі Көк, Қара, Ақ, Гиркант, Хазар, Дербент деп аталды. Алайда, барлық уақытта да тұзды суымен осы теңіз оның жағалауында өмір сүрген адамдардың сүйікті жері болатын. Каспиймен мүлде қоштасып кеткен жандар, соңынан, сағыныш меңдеумен, бір күнге, бір айға болса да қайтып келіп, теңіздің жылы толқындарына суға түсуге, Каспий жағалауында өмір сүрген жылдарын еске түсіру үшін келеді. Каспийде мүйіс көп. Дегенмен, Борлы мүйіс деп аталатын ерекше бір мүйіс бар. Дәл осы жартасты мүйісті адамдар ұнатып, ақ тастан қала салды. Осылайша, ол Ақтау қаласы аталды.





СӨЗДІК


Сүйікті-любимый


Мүлде-совсем


Мүйіс-ракушка





ТАПСЫРМА

_____________________________________________________Нәтижелер: 1 - 10 / 11



1. Мәтінді оқып шығып, түсінгендеріңді айтып беріңдер.

2. Мына сөздерге дыбыстық талдау жасаңдар: уақыт,заман,толқын.

3. Жалқы есімдерді теріп жаз















БЫЛЬ И ЛЕГЕНДЫ

На древней земле Мангистау находятся 362 захоронения святых отцов-ясновидцев, многие места на полуострове считаются священными.Здесь более десяти тысяч памятников архитектуры на древних некрополях, таких, как койтасы, кулпытасы, саркофаги, сагана-тамы, мавзолеи и другие. Памятники украшены национальным орнаментом в серых и синих тонах, что символизирует прижизненную чистоту, красоту человека. Наибольший интерес представляют некрополи Бекет-ата, Шопан-ата, Шакпак-ата, Сейсем-ата, Масат-ата, Караман-ата, Кошкар-ата, Султан-эпе, Ханга-баба, Кенты-баба, Уштам, Акшора и многие другие. Крупные некрополи включают в себя мечети, где обучали грамоте род Адай и Табын. Многие подземные и наземные мечети сохранились до наших дней и обладают большими запасами биоэнергии. О многих некрополях и мечетях до нас дошли легенды. Согласно одной из них некрополь, расположенный в районе Сенека, построен одним из учеников святого Ходжи Ахмеда Яссави, Шопан-ата. Легенда гласит, что Шопан-ата нашел здесь посох своего наставника Яссави и на этом месте построил мечеть. А рядом из посоха выросло дерево; которое растет и поныне, ему уже более 800 лет. Стоит некрополь Шопан-ата на пути к Бекет-ата, в местечке Огланды .








СӨЗДІК

Древний - ежелі

Святой - киелі

Легенда - аныз

более десяти тысяч - он мыңнан астам

ТАПСЫРМА

____________________________________________________________________



  1. Мәтінді қазақ тіліне аударыңдар



  1. Мәтінді оқып шығып, мазмұнына қарай жоспар құрыңдар.



  1. Мәтіннен сан есімдерді теріп жаз.













ҚАРАҚИЯ ОЙПАТЫ НЕМЕСЕ БАТЫР КӨЛІ


hello_html_m45860305.jpg


Қарақия ойпаты көлемі жағынан бесінші Тәуелсіз Достастық елдерінің ағын сусыз терең ойпаттарының бірі болып табылады. Оның тереңдігі кез келген мектеп оқушысына таныс – 132 м. Оның ұзындығы елу километрге жуық. Қарақия ойпаты Үстірт шоқысының бөлігі болып табылады, ойпаттың сілемі неоген шөгінділерінен құралған. Ойпаттың жоғарғы жағы сарматтық берік ізбестен, орталық жағыжұмсақ балшық, тез қирайтын тау жыныстарынан құралған. Жаңбыр суының ағындары, жел, өзеннің бұзылған жылғалары ойпаттың жер бедерін қалыптастырады. Ойпаттың биік басынан айналаны тамашалауғаалыста мұнарланған тұман, төселген көкжиек, ал жаныңда деміңді шығармайтындай тұңғиық шыңырау.





СӨЗДІК

Ойпат- впадина

ағын - течение

шоқы - пик

ТАПСЫРМА

1. Мәтінді оқы,орыс тіліне аудар,негізгі ойды айт.

2. Мәтінге сұрақ қою арқылы сұхбаттас.

3. Төмендегі сөздердің антонимдерін тауып жаз

Ойпат,терең,ұзын,жоғарғы,жұмсақ,тез,биік.























ҚАРАҚИЯ

Маңғышлақ үстіртінің шығыс жағында, шамамен Ақтау қаласынан 50 шақырым жерде, солтүстік-батыстан оңтүстік шығысқа қарай мұхит деңгейінен 132 метр тереңдікте әлемдегі ең терең ойпат  созылып жатыр. Қарақиятүрікшеден аударғанда «Қара азу» дегенді білдіреді.

  Баяғы заманда бұл жерде көл болған және оның атыБатыр деп аталған деп айтылады. Оның ұзындығы – 40 шақырым, ені -10 шақырым болған. Ойпаттың пайда болуын Каспий теңізінің жағалауында тұзды тау жыныстарының сілтіден айырылу, шөгу және карсталу үрдістерімен байланыстырады. Карстың негізіне жер асты табиғи сулардың шайылуы және ашылуы жатады. Жер асты суы, әк, доломит және гипстері бар жарық арқылы өтіп, бірте-бірте тау жыныстарын ерітіп, осы жарықтарды кеңейтеді, соның нәтижесінде орасан үлкен терең және тар тік жарлар пайда болған. Үңгірлер үлкейген сайын олардың төбелері мен қабырғалары жоғарыда жатқан қабаттардың салмағымен құлаған. Бұл үрдіс тоқтаусыз қайталанып, тұзды және әкті тау жыныстары жатқан жерге ауысқан. Нәтижесінде ұсақталған тау жыныстарымен толтырылған орасан үлкен қуыстар, шұңқырлар, қараңғы аңғарлар, қуыс және үңгірлер, жыралар, тілмелер, жүрістер, табиғи құдықтар пайда болған. Осылайша Қарақия ойпаты пайда болған. Бұл жұмыстар әлі де тоқтаған жоқ, ойпаттағы жалғасып жатқан бет-бедер  пайда болу үрдісіне кең және терең тілінген ойпатта тік жарланып және кемершектеніп мүжілген шатқалдар куә болады.

  Қазақстан ғалымдары бірнеше жылдар бойы зерттеулер жүргізген. Қарақияның сусыз ойпаты жауын бұлтының табиғи генераторы болған. Нәтижесінде жаздыгүні ойпаттың үстінде бірнеше шақырымға созылған жауынды бұлттар жиналатын болған. Мұны жерасты бақылаулары мен ғарыштан алынған спутникті фотосуреттер көрсеткен.


СӨЗДІК

Үңгір- пещера

Шығыс- восход

Мұхит -океан

ТАПСЫРМА

_____________________________________________________

  1. Мәтінді оқып шығып, орыс тіліне аударыңдар.

  2. Мәтін бойынша диалог құрыңдар.

3. Асты сызылған сөздерді сөз құрамына қарай талдаңдар.



















КАРАВАННЫМИ ТРОПАМИ

Шелковый путь - еще один интереснейший туристский маршрут. Он проходил через всю территорию Мангистау с юга на север, северо-запад, через плато Устюрт, Шетпинские ворота в Мангистауских горах к побережью Каспия на полуострове Тупкараган и Бузачи. Две тысячи лет существовал Великий Шелковый путь, который соединял Восток и Запад. Мир потрясали кровавые войны и опустошительные эпидемии, исчезали целые народы и государства и только Великий Шелковый путь оставался вечным и неизменным. Мангистау лежал на одном из оживленных перекрестков международной торговли. Здесь проходила перевалка грузов с суши на море и обратно.

Оживление караванной торговли способствовало развитию городов. Один из них, город Мангышлак, стоял на берегу залива Сарыташ, Кетык - на Тупкарагане. Первые упоминания об этих городах относятся к XVIII веку. На полуострове Бузачи, на побережье, стоял город Кабаклы. В районе современного поселка Курык находился славный город Алта, его дворцы окружала зелень, вдоль улиц струились арыки. А вдоль всего караванного пути, на расстоянии одного дневного перехода, как правило, строились караван-сараи с прислугой и гарнизоном. И на всем пути были колодцы. Одним из таких крупных караван-сараев, разросшихся в города, является Шеркала, развалины которого находятся в 18 км к северу от поселка Шетпе. На караванном пути этот город простоял свыше 800 лет.






СӨЗДІК


Шелковый путь-Жібек жолы

Международный- халықаралық

Развитие-даму

ТАПСЫРМА

_____________________________________________________

  1. Мәтінді қазақ тіліне аудар.

  2. Мәтін мазмұнына сұрақтар қой, жауабын жаз.

  3. Жалқы зат есімдерді теріп жаз.






















ТАУ КЕСЕСІ ШЕРҚАЛА



hello_html_617ec84.jpg

Маңғыстау өлкесін шын мәнінде білгісі келген адам, міндетті түрде сұлу Шерқаламен көркемделетін тамаша таулы арнаға аяғын басып көрді. Кейбіреулер оны шөлін қандырған жолаушының төңкерген кесесіне ұқсайтындығын айтады. Басқа біреулер тауды бір жағынан киіз үйге, екінші жағынан жасырынып тұрған жануарға ұқсастырады. Бетпақ даланың ортасында тәкаппар жұмбақ мүсінді тау Шерқала биіктен көрініп тұр.







ТАПСЫРМА


1.Етістіктерді қалау рай тұлға­сына қойып, өзгертіп жазыңдар.


2.Сөйлемнің түрлерін анықта.


3.Сурет бойынша әңгіме құрандар
































ТҮПҚАРАҒАН – МАҢҒЫСТАУ ТАРИХЫНЫҢ БЕСІГІ


hello_html_m3b9ed334.jpg


Түпқараған мүйісі – уақыттар құдығы, мәдениеттер конгломераты. Армяндар, украиндар, поляктар, қазақтар, түрікмендер, немістер Түпқарағанға бірдей сезіммен, Түпқараған мүйісінде өткен бір уақыттарда өмір сүрген олардың ата-бабалары жөнінде естелікті сақтайтын қасиеттілерге құрмет көрсету үшін келеді.


ТАПСЫРМА


1.Мəтінді оқы, мұнда не туралы айтылған?

2.Мəтінге бірнеше сұрақ қой.

3.Қарамен жазылған сөздерге морфологиялық талдау жаса.





САУРА КӨЛІ


hello_html_m3c1a73de.jpg


Саура көлі үш жағынан жарты тостаған тәрізді биіктігі елу метрдей тұйық бет түріндегі тік жартастармен қоршалған. Саура шатқалы өзіне жұмбақтығымен көз тартады. Мұнда батпақ тасбақалары мекендейді.


ТАПСЫРМА


1.Сөйлемдерден тұрлаулы мүшелерді тауып, оларға сұрақ қойыңдар.
2.Сөйлемдерден баяндауыштарды тауып, олардың қай сөз табынан жасалғанын айт.

3. Сурет бойынша диалог құрандар





ҮСТІРТ – МЕКЕНДЕУШІ ӘЛЕМНІҢ ӨЛКЕСІ


hello_html_2ddb88.jpg Бес, тіпті он миллион жылдар бұрын табиғаттың астан-кестен өзгерістерінің нәтижесінде, бүгіндегі Үстірт шоқысы көтеріліп, теңіз апаты орасан үлкен аумақты құрғатып, әрі қарай жер қойнауына кейін шегінуіне тура келді.














СИСЕМ-АТА - БАТЫРЛАР САҒАНАСЫ


hello_html_2e980670.jpg

Сисем-Ата зиратын батырлар сағанасы деп атайды. Қазақ даласының көптеген рулары мен тайпаларының даңқты өкілдері Үстірт жерінде өз орнын тапты.














БОРЛЫ ТАУЛАРДАҒЫ АҚТАУ ҚАЛАСЫ


hello_html_m31da145a.jpg

Әр түрлі уақыттар мен замандарда Каспий теңізі Көк, Қара, Ақ, Гиркант, Хазар, Дербент деп аталды. Алайда, барлық уақытта да тұзды суымен осы теңіз оның жағалауында өмір сүрген адамдардың сүйікті жері болатын. Каспиймен мүлде қоштасып кеткен жандар, соңынан, сағыныш меңдеумен, бір күнге, бір айға болса да қайтып келіп, теңіздің жылы толқындарына суға түсуге, Каспий жағалауында өмір сүрген жылдарын еске түсіру үшін келеді. Каспийде мүйіс көп. Дегенмен, Борлы мүйіс деп аталатын ерекше бір мүйіс бар. Дәл осы жартасты мүйісті адамдар ұнатып, ақ тастан қала салды. Осылайша, ол Ақтау қаласы аталды.








МАНГИСТАУ - РОДИНА БАТЫРОВ

МАНГИСТАУ - РОДИНА БАТЫРОВ, а также славных представителей родов и племен, талантливых архитекторов, писателей, композиторов, поэтов, сказителей. В некрополе Сейсем-ата на Устюрте находятся 30 купольных мавзолеев. Это мавзолеи таким народным героям, как Тулеп-батыр, Конай-батыр, Суюнкара-батыр, боровшимся против хивинских ханов и других завоевателей. Здесь использованы самые искусные приемы зодчества, выработанные веками строительной деятельности коренного народа.

В разные годы на территории Мангистау побывали выдающиеся люди Казахстана. Композитор Е. Рахмадиев так написал об увиденном: "История Мангистау написана на камнях. Чтобы её знать, надо знать древнюю культуру". В восторге был академик Ж. Абдильдин: "Одним словом - восхитительно! Я горжусь эстетическим восприятием прекрасного, это же целое открытие, поднимающее авторитет Казахстана перед всем мировым сообществом. Мангистау богат не только подземными кладами, он богат еще и культурным наследием..."

На территории Мангистау с целью изучения и охраны памятников истории и культуры создан государственный музей-заповедник "Памятники материальной культуры и истории Мангистау и Устюрта".







МАҢҒЫСТАУ ТАРИХЫ МЕН МӘДЕНИЕТ

Бұрын түбек аумағы республикалық археологиялық картада ақ дақ күйінде көрсетілетін. Алғашқы археологиялық экспедиция көптеген қызықты заттарды тапқан. Маңғыстау мәдениетінің көптеген ескерткіштері - өткеннің куәлері.  Олардың ішінде жартастан шауып жасалған жер асты төрт бөлмелі Шақпақ-ата мешіті бар.

Маңғыстаудың таулы ауданында жарты ғасырлық Кызылқала қамалы табылған.Түпқараған түбегінің солтүстік тілмесі бөлігінде теңіз жағалауында өте сирек кездесетін ежелгі кешенді ғимараттар табылған, Сам құмы – қола дәуіріндегі мәдениет іздерінің айғағы.

Шерқала құмды тауы – «Арыстан бекінісі» - ертеде болған ұрыстың іздерін сақтаған. Халық шығармалығының салт-дәстүрі сақталған. Шеберлер үй аспаптары мен киімдерді, зергерлік бұйымдарды безендірген, өрнектері сақталған.

Республиканың басқа аймақтарына қарағанда Маңғыстау сәулет ескерткіштеріне өте бай. Кесенелер, сағана тамдар мен құлпытастардың іргетасы мен қашап салған соңғы иіріміне дейін барлық ойын басында ұстаған, сызба мен нұсқа атаулыны білмеген белгісіз шеберлердің дарынына таң қалмауға болмайды.    Әрбір зиратты халықтық сәулетшілік өнердің мұражайы  деп атауға болады.

Табыт үстіндегі тас ғимараттар осы күнге дейін сақталған. Отыздан астам халықтық сәулетшілік ескерткіштер мемлекет қамқорлығына алынған.

Қошқар-Ата зираты Ақтау қаласынан 17 шақырым жердегі кішігірім Ақшұқыр ауылының шет жағында орналасқан. Маңғыстаудың күмбезді кесенелері өте әдемі және өздігінше ерекше. Кейбір кесенелер – нағыз сәулетшілік өнердің ең үздік туындылары болып саналады және осы күннің өзінде әрбір сызығының, әрбір реңкінің ойлылығымен, аяқталғандымен, өткірлігімен таңқалдырады.

Сондай-ақ, Маңғыстау Қазақстанның  түпкір-түпкірінен және шекаралас мемлекеттерден көптеген зират етушілер келіп жататын киелі орындарға бай.

 

СӨЗДІК

Куәлері- свидетели

Қол -бронза

Кесенелері-мавзолеи





ТАПСЫРМА

1.Мәтінді оқып, сөздіктің көмегімен аударыңдар.

2.Мәтін бойынша сұрақ қойып, өзара сөйлесесіңдер.

3.Асты сызылған сөздерге дыбыстық талдау жасаңдар.



















МУЗЕИ ПОД ОТКРЫТЫМ НЕБОМ

Кроме исторических и культурных памятников, в нашей области много чудесных уголков природы, оазисов в пустыне с прохладной родниковой водой, пышной растительностью. Красота природы этих мест привлекает сюда немало любителей экзотики. Одно из них Тамшалы, в переводе с казахского "Веселая капель". Этот райский уголок расположен в 35 км от Форт-Шевченко. Зеленая долина, поросшая плакучими старыми ивами, тополями, кустарниками, окружена дымчато-палевыми кручами. Здесь же озеро с зарослями чия, мяты, ежевики. Вода выступает из-под широкой, метров сорок, каменной платформы, нависшей высоким карнизом, и капелью барабанит по плите мергеля. Воздух, насыщенный водяными парами, упоительно чист. Наполнившись, как драгоценная чаша, озеро отдает часть своей влаги ручью. Он течет извиваясь меж своих зеленых берегов в сторону большого каньона, поросшего могучими тутовыми деревьями, яблонями, грушами, арчой. Склоны долины заняты бахчой, плантациями помидоров, баклажанов.

В 30 км от Форт-Шевченко по грунтовой дороге на Таучик находится еще одно привлекательное место - урочище Ханга-баба. Это музей под открытым небом. Родниковая вода, заросли боярышника, ежевики, тутовника, карагача, тополя. Здесь же древний некрополь Ханга-баба с мечетью. Посетив это место с Каратауской экспедицией, Тарас Шевченко назвал его чудом номер один на Мангышлаке. А урочище Акмыш расположенное в 18 км от Шетпе, он назвал чудом номер два. Здесь привлекает не только красивая природа: рощи, журчащие ручьи, горы в виде замков, дворцов пирамид, но и исторические памятники: развалины древнего города Кзыл-Кала. Шетпинские ворота на Шелковом пути; легендарная, священная гора Шеркала. В трех километрах от Акмышсая живописное ущелье Самал, рядом ущелье Сазанбай. Вблизи Шеркалы развалины крепости сына Чингисхана Джучи.

Интересные памятники природы также впадина Карагие - самое низкое место Казахстана и СНГ, озеро Саура, Мангистауские горы. Есть и заповедные места. Это Устюртский государственный биосферный заповедник площадью 70 тыс. га, где под охраной редкие животные: устюртский муфлон и джейран, длинноиглый ёж, хорь-перевязка и другие. На территории области и два государственных зоологических заказника - Актау-Бузачинский и Карагие-Каракольский.





















Нәтижелер: 1 - 10 / 11

ОТПАН ТАУ

hello_html_m78d3099e.jpg

Маңғыстаудың ең биік шоқысы Отпан тау болып есептеледі. Жаугершілік заманда ел іргесіне жау тигенде адайлар Отпан тау басына от жағып белгі берген. Оны көрген батырлар келісімді жерге жиылып, бас біріктіріп, жауға соққы берген. Сондықтан Отпан тау ел бірлігінің белгісі болып келді. Маңғыстаудың, исі қазақтың танымал ақындары Сабыр Адай мен Светқали Нұржан бас болып, 2003-жылы осы Отпан тау басына Адай ата кесенесін салу жөнінде іс басталған болатын. Қазан айының 25-жұлдызында сол жұмыс оңына асып, кесене ашылды.

Адай ата кесенесі Отпан таудың ұшар басына орналасты. Оның жанында Ұран от жағылды. Сәл төменірек «Түгел түркі түбі бір, түп атасы – Көкбөрі» деген ұғымға сай Көкбөрінің алып бейнесі орнатылды. Одан да төмен Ақсарай салынды, ол ел ақсақалдарының бас қосып, ақылдасар, пәтуаласар орны әрі мұражай болмақ. Тікұшақ қонатын алаң, жолдар салынып, бұл жер үлкен тарихи-мәдени кешенге айналды.

СӨЗДІК

ең биік шоқысы – самый высокий пик

белгі берген – дали знак

тарихи-мәдени кешенге айналды – превратился в культурно-исторический комплекс

ТАПСЫРМА

  1. Мәтінді оқып,орыс тіліне аударыңдар.

  2. Мәтіннің бірінші азат жолын көшіріп, синтаксистік талдау жасаңдар.

  3. Берілген сөз тіркестерімен сөйлем құрыңдар

ең биік, белгісі болып, іс басталған,бас қосып, үлкен тарихи-мәдени







СҰЛТАН-ЭПЕ


Ерте-ертеде әкесі балаларын өзіне шақырған. Барлығы бірден әкесінің алдына келген, тек кішісі, Сұлтан-әпе, шақырғанға бірден келмей, бірнеше күннен кейін келген. Өзінің сүйікті ұлына әкесі ренжіген. Сонда Сұлтан-әпе алыс Каспийде болғанын, бақытсыздыққа ұшыраған балықшыларға көмектескенін айтып, арқанның ізі қалған арқасын көрсеткен. Содан бері ол әрқашан теңізде апатқа ұшырағандарға көмекке келетін болған.

  Зират аумағында дала мешіті орналасқан. Сыйынатын тас шығысты көрсетіп тұрады, ол қорған тастармен дөңгеленіп қоршалған. Осы дөңгелекте болған жолаушы өзін жылдың кез-келген мезгілінде қауіпсіз сезінеді. Түнде де, күндіз де әулиенің қорғауында болады.

  Бұл жердегі қасиетті зираттың үстіне – ұзын ағаш сырық орнатылған, аңыздар бойынша әулиелер ғажайыптар жасау үшін оған көтеріліп тұратын болған. Адамдар осында келіп, аруақтарға арнап сый ретінде арқарлардың мүйіздерін әкеледі немесе сырыққа мата байлайды, кейбіреулер балалар немесе мұқтаж жандар алу үшін әулиеден рұқсат сұрай отырып, ақша тастайды. Ақшаны мұқтаждыққа  жұмсау үшін тастап кететін болған.













СӨЗДІК

бірден келмей – не пришел сразу

кейін- после

балықшыларға - рыбакам



ТАПСЫРМА

1. Мәтінді орыс тіліне аудар.

2. Мәтін мазмұнына сұрақтар қой, жауабын жаз

3. Мәтіннен қос сөздерді теріп жазып, мағынасын түсіндіріңдер.

















ТАМШАЛЫ

hello_html_2488a3dd.jpg


Примерно в 30 километрах от Форт-Шевченко, если ехать вдоль моря по направлению к поселку Таучик, в каньоне, который огромной трещиной тянется в глубь полуострова, находится источник Тамшалы.

Добраться к источнику можно, шагая по каньону или двигаясь вдоль обрыва параллельно его отвесным стенам, состоящим из разноцветных слоев скалистой породы. Краски выгорели на солнце, потеряли свою яркость. Вдруг впереди открывается большое зеленое пятно. Оно все ближе, ближе... Подходим к одиноко стоящему дереву, далее два искусственно созданные крохотные водоема, заросли камыша, мяты. В гроте полумрак, пышная растительность. Из скал выступают капли воды. Они как слезы падают вниз. Сотни сверкающих прозрачных стеклянных струй, словно серебряный занавес сказочного театра, звенят, издавая неповторимые звуки, сливающиеся в завораживающую мелодию. Кажется, что скала тихонько шепчет: "Та-а-ам-ша-а-лы... Та-а-ам-ша-а-лы-ы..."
Здесь прохладно и спокойно. Редкое это место, уникальное. Слушаем легенду о судьбе красавицы Мерет.

hello_html_ab959fb.jpg
"Была она женой богатого туркменского хана, кочевавшего со своими отарами из края в край полуострова. Муж Мерет был больным и старым человеком. Вскоре он умер, и построили в его память высокий мазар. Погоревала, поплакала вдова и взялась за дела. То лето выдалось на полуострове жарким и засушливым. Ветер не приносил прохлады, а превращал траву в сухую горькую пыль и уносил ее за горизонт. Мучились люди. Страдали от жажды животные. У кобылиц и верблюдиц пропало молоко. Невозможно было напоить скот из крошечных мутных луж, что остались на месте озер и родников. Смерть темным крылом, казалось, накрыла степь.

hello_html_m601a89e7.jpg

Задумала красавица Мерет взять воду у сая, прятавшего ее в своих глубинах от людей. Она решила прорубить в черной скале тропу, которая бы вела вниз к живительной влаге. Она нашла мастеров и обещала щедро заплатить за работу. Испугались богатые родственники хана, что аллах накажет Мерет за дерзость. Но отважная женщина решила прорубить в скале путь и взять у земли ее драгоценность - воду, напоить стада и отары. Пусть утолят жажду люди, тогда радость придет в аулы. С кумысом и шубатом вернется прежняя сила к мужчинам и выносливость к женщинам".
Права оказалась красавица. Залетевший сюда ветер путается в камышах, шелестит листьями. Зеленеют на маленьких плантациях арбузы, набирают сладость продолговатые дыни, алеют помидоры, слушая капель Та-а-ам-ша-а-лы-ы.



ТАПСЫРМА

1. Мәтінді қазақ тіліне аудару.

2. Мәтін бойынша диалог құрыңдар.

3. Септік жалғауы бар сөздерді теріп жазыңдар.























ТОМИРИС

Ежелгі уақытта Гирган теңізінің шығыс жағалауында өздерін массагеттер деп атаған халық мекендеді. Олардың мемлекетін Томирис патша әйел басқарды. Бір күні парсылық Кир патшасы көп әскерді жинап, осы еркін дала халқына басып кірді. Мемлекет пен тақты қорғау үшін Кирге қарсы Томирис патша әйел бастаған массагет халқы шықты. Түні бойы масагеттердің басып алуын күтіп ұйықтамаған парсы армиясы өздерінің қырағылығын әлсіретіп, ұйықтап кеткенде, таңғы алтын тұман теңіздің аппақ бетімен жайлап түскенде дала шабандоздары жау тобына жабайы қиқумен басып кірді. Күтпеген жерден құйынға ұқсас толқыннан шықандай сансыз әскердің пайда болуы бір сәтте парсы армиясының рухын түсірді. Теңіз көбігінен шығып, онда жоғалған шабандоздарды басып алушылар сиқырлы, дуалы еліктіру болып қабылданды. Шайқас Томиристің толық жеңісімен аяқталды.

Осы оқиғадан кейін ұзақ уақыт каспий аймағының жерлері сырлы шабандоз әйелдердің отаны болып есептелді. Құпияға бөленген Гиркан теңізі оның жауынгерлері сияқты халықтың есінде қол жетпейтін құм дөңдерде жоғалып кетіп, қиялын жаулап алған аңызбен қалды.











СӨЗДІК

Ежелгі – в древние

Мекендеді – населяли

жеңісімен аяқталды – закончилось победой



ТАПСЫРМАЛАР

1. Мәтінді оқып,орыс тіліне аударыңдар.

2. Мәтін мазмұны бойынша сұхбаттас.

3. Мәтіннен сабақтас құрмалас сөйлемдерді теріп жаз, сөйлем мүшесіне қарай талдау жасаңдар.

















ТҮПҚАРАҒАН –

МАҢҒЫСТАУ ТАРИХЫНЫҢ БЕСІГІ

hello_html_m3b9ed334.jpg

8-12 ғасырлардағы орта ғасырлардың араб ғалымдарының жылнамасы осы жерде ежелгі қала болғандығын пайымдайды. Түпқараған көп ғасырлар бойы Шығыс Каспийдің теңіз кеме қатынасының күзет бекеті ретінде қызмет еткен. Осылайша, Түпқараған көптеген тарихи ғасырлардың бесігі болып қалыптасты. Ұлы зерттеуші Александр Бекович-Черкасский Шығыс Каспийдің алғашқы қамалының негізін құруға Қараған ең ыңғайлы орын деп санады. Радионың ойлап тапқаннан кейін екі жыл өткен соң осы жерде, 1909 жылы, тұңғыш рет Қазақстан мен Орта Азияда радио станциясы қондырылды.



ТАПСЫРМА

1. Мәтіннің әр сөйлеміне сұрақ қойыңдар.



2. Мәтіннен Ілік септік жалғаулы сөздерді теріп жазып,құрамына талдаңдар.



3. Сан есімдерді сөзбен жазыңдар.



СӨЗДІК

Қалыптасты- образовалась

Ыңғайлы- удобный

тұңғыш рет впервые
















ШАР АЛҚАПТАРЫ


hello_html_m539e162f.jpg


Көп шақырымға созылған тегістіктен кейін, күтпеген жерден бұрыш секілді тас шарлар алқапқа жайылған. Осы тас шарлар қайдан түсті немесе Маңғыстау түбегіне оларды кім әкелген? Теңіздің ар жағындағы Атлант дәуі немесе өжет батыр Ерсары-Баба зеңбіректен атып, жерге шашылған тас жаңғақ дәндер Шар алқабына айналған ба? Міне 250 жыл бойы ғалымдар бастарын қатырып, болжамға батып, бір пікірге келе алмауда. Бір нәрсе түсінікті, осы тас шарлар немесе тас конкрециялар ғалымдармен зерттелудегі ерекше күш қуатымен қуатталған дөңгелек түрдегі минералдық тау тастарын құрайды..





ТАПСЫРМА

1. Мәтінді оқып, орыс тіліне аударыңдар.

2. Мәтін бойынша жоспар құрастырып жазыңдар.

3. Мәтіннен етістіктерді теріп жазып,келер шақта жікте.





СӨЗДІК

Алқап долина

Тас камни

Тау гора















































Шығаруға жауапты:

ММ «АҚБҮО» әдіскері___________









Маңғыстау облысының білім басқармасы















Киелі Манғыстау

көмекші құрал

9-11 сынып













Ақтау қаласы - 2016 ж.



















































































«Бекітемін»

Маңғыстау облысының білім

басқармасының басшысы

____________Ж.З.Тастемирова

Хаттама № _____

«___»____________2016 ж.







Дайындаған: Шуманова Айслу Хайдаровна

№ 10 жалпы білім беру орта мектебінің

қазақ тілі пәнінің мұғалімі














«Мақұлданды»

Ақтау қаласы № 10 орта мектеп әдіскері

_______________С.Н.Мухамбежанова

Хаттама № _______

«___»______________2016 ж.


Мектеп директоры__________Б.У.Испекеев




































































































Алғы сөз

Мектепке оқылатын қазақ тілі курсы оқушыларға тіл ғылымдары негізінен теориялық білім беріп қана қоймайды, тілдің күнделікті өмірде қолданылатын практикалық жағын да қарастырады. Қазақ тілі сабақтарында оқушының жазбаша және ауызша сөйлеу тілінің ұстарын,сөз байлығының молаюына бағытталып жүргізілетін тіл дамыту жұмыстарының көптеген түрлері бар.

Белгілі бір мәтін бойынша жүргізілген тіл дамыту жұмыстары барысында оқушылардың тілі ұстарып, сөздік қоры молайып қана қоймайды, сонымен қатар сол мәтіндегі нақты деректер арқылы білімі тереңдейді.

Әр ұстаз оқу-тәрбие жұмысына шығармашылықпен қарап, жаңа заман талабына сай, озық ұлттық дәстүр рухына тәрбиелеп, сабақты түрлендіру мақсатында оқытудың түрлі әдіс-тәсілдерін пайдаланса, игі нәтижеге жетері сөзсіз.


























































МАҢҒЫСТАУ ТҮБЕГІ



hello_html_38a8092b.jpg


Маңғыстау кездейсоқ келушіге алғашқы көзқарасқа түссіз-тақыр, күннен шаршап, жел күйген жер сияқты болып көрінуі мүмкін. Осы жерге тамырын жайып, өніп-өскен адамдарға – ол қасиетті құдай берген жер. Маңғыстаудың әрбір тасында осы жерді мекендеген халықтардың тарихының жасырын жұмбағы жатыр.





























57 вебинаров для учителей на разные темы
ПЕРЕЙТИ к бесплатному просмотру
(заказ свидетельства о просмотре - только до 11 декабря)

Автор
Дата добавления 09.02.2016
Раздел Иностранные языки
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров190
Номер материала ДВ-433912
Получить свидетельство о публикации
Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх