Инфоурок Школьному психологу КонспектыМүмкіндігі шектеулі балаларды оқыту мен тәрбиелеудегі ойынның маңыздылығы

Мүмкіндігі шектеулі балаларды оқыту мен тәрбиелеудегі ойынның маңыздылығы

Скачать материал

Атырау облысы, Қызылқоға ауданы,  Сағыз селосы,   №9 орта мектеп психологы

Жексенова Әйгерім Тасболатқызы

 

Мүмкіндігі шектеулі балаларды оқыту мен тәрбиелеудегі ойынның маңыздылығы

                 Бүгінгі таңдағы ұстаздар алдындағы міндет-жас ұрпақты егеменді еліміздің тұтқасыц болатын жан-жақты дамыған азамат етіп тәрбиелеу.  Қазіргі таңда мүмкіндігі шектелген балаларды оқыту мен  тәрбиелеуде оның қажеттілігі мен мүмкіндіктері басты назарда. Мүмкіндіктері шектеулі балалардың мінез құлқындағы кемшіліктеррді түзету, орнына келтіру, дамыту – педагогика жүйесіндегі балалардың оқыту мен дамытудың маңызды құралдас бөлігі болып табылады. Ол  үшін оқу үрдісін жаңартып, оқытудың жаңа педагогикалық технологияларын кеңінен қолдана  сабақты түрлендіре өтудің маңызы зор. Сол технологиялардың бірі-педагогикалық ойындар. Педагогикалық ойындар  оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттырудың тиімді жолы болып табылады.  Ойын оқушылардың  ойлау қабілетін дамытып, есту, қабылдау сезімдерінің жетілуіне ,  кез келген нәрсеге мән бере қарауға , абайлау, бағдарлау, тағы басқа дағдыларының ұштала түсуіне себепкер болады. Педагогикалық ойындардың түрлері көп.  Олар: іскерлік, интеллектуалдық, сюжеттік, рөлдік, драматизациялық, дидактикалық  тағы басқалары.   Ойын – адамның өмір танымының алғашқы қадамы. Сондықтан ойын арқылы балалар өмірден көптеген мәліметтер алып білімін жетілдіреді.Ойнай жүріп балалар қоршаған орта жайлы білімдерін толықтырады, дербес шешім қабылдауға дағдыланады, ойлау барысында ұтқырлық пен тапқырлық танытады. Ойын әсері арқылы бала өз қасиетін қалай қанағаттандыра алатынын, қандай қабілеті бар екенін байқап көреді. Түрлі ойындар баланың тапқырлығын, байқағыштығын, зейінділігін арттырумен қатар ерік сезім түрлерін де дамытады.

              Төменгі сынып оқушыларына ойын түрлерін қолдану, оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттырып, сабаққа белсенді түрде қатысып, түсінбегенін түсінуге мүмкіндік туғызады. Мүмкіндігі шектеулі балалармен жұмыс жасайтын психологтар үшін талап та жоғары. Түрлі психологиялық  ойындар баланың зейінін, есте сақтау қабілетін, ауыз екі сөйлеу мәдениетін дамытуға арналған, адамгершілік сезімін оятуға, адамдармен дұрыс қарым-қатынас жасауға, басқа ұлт өкілдеріне достық сезімін тәрбиелеуге үйретеді.
Ойынның  жалпы  сюжеті:
Оның жанды тұлғасын құрайтын, ойын әрекетінің, балалардың өзара қарым-қатынастарының дамуын, көп жақтылығын және өзара байланысын анықтайды. Ойынның мазмұны оны қызықты етеді, ойнауға ықылас пен ынтаны қоздырады. Дидактикалық ойындар үш топқа бөлінеді:
1.Заттық дидактикалық ойындар- дидактикалық ойыншықтармен және түрлі ойын материалдарымен ұйымдастырылады.
2.Үстел үстінде ойналатын дидактикалық ойындар- «Лото», «Домино» және тағы басқа.
3.Сөздік дидактикалық ойындар.
Дидактикалық ойындардың негізгі бағыты- балаларға білім-білік, іскерлік, әдет –дағдыларды игерту мен оны бекітуге, ақыл-ой қабілеттерінің дамуына ықпал ету.Дидактикалық ойындардағы негізгі міндеті – балалардың ақыл-ойын дамыту, білімін байыту.Дидактикалық ойын балалардың қоршаған тілін дамытуда ауызекі сөйлеу, тілдің дыбысталу мәдениетіне тәрбиелеуде байланыстырып сөйлеу, сөздік қорын дамыту үшін сабақта және сабақтан тыс уақытта ойналатын дидактикалық ойындардың маңызы зор.
Сюжетті-рольді ойындар
Сюжетті рольді ойындар ақыл-есі кем балаларға тән, ең сипатты ойындар болып табылады. Ол балалар өмірінде елеулі орын алады. Сюжетті рольді ойындардың ерекшелігі сол, оны балалардың өздері жасайды. Ойынның дербес әрекеті айқын өнерпаздық және шығармашылық сипатта болады. Бұл ойындар ұзақ та қысқа да болуы мүмкін. Сюжетті рольді ойында бейнелеу құралы мен ойын әрекеттері болып табылады. Мысалы: «Телефон» ойынында диалогтық сөйлеудегі әңгіменің мақсаты – бір нәрсе жайында сұралып, баланы оған жауап беруге, белгілі бір әрекетке түрткі болуға үйрету болып табылады.Мысалы: «Дүкен» ойынын ойнағанда балалар сатушы мен сатып алушының әрекеттеріне, ал «Мектеп» ойынын ойнағанда мұғалім мен оқушыныңарасындағы байланысты ұғады.Дамытушы ойындар танымдық сезімді оятады, яғни балада тану іздену әрекетін дамыта отырып, ойдың, талдау мен әрекеттің логикасын ойлау процесінің икемділігін, жаттығуын және тапқырлығын, қиял ұшқырлығын қалыптастырады. Бұл жағдайда сөзжұмбақтар мен ребустар көп септігін тигізеді.
Өз шығармашылығымен құрастырылған сөзжұмбақтар баланың аса қызығушылығын тудырады. Балалар еркін сөздерді буынға бөліп, ойлау қабілеті дамиды, есеп сабағынан білім дейгейі кеңейеді
            «Тәрбиеші бүгінгі заман талабына сай өзінің педагогтік мамандығының кілтін шебер ұстаған, жан-жақты терең білімді, сегіз қырлы, бір сырлы, ашық жарқын жайдары жүретін, қажырлы қайратты, инициативашыл, қатал талап қойып, оның нәтижесін тексере білетін еңбекқор жан болуы керек.
Қарым-қатынас кезінде әр баланың жан-дүниесін сезініп кемшіліктерін түзетіп, жетістіктерін дамытатындай болғаны дұрыс деп ойлаймын.
Алайда оқыту қиын, бірақ жанында ізігілік пен жанашырлық, өз ісіне деген сүйіспеншілікті бойына сіңіре білген ұстазға жұмыстанудың өзі ғанибет болары шындық.
           Ал біз болсақ, білім беру бағдарламаларын күрделендіру үстіндеміз. Баланың меңгеру деңгейін, оның жас ерекшелігін назарға алмай, бір жағынан баланың жаңа бағдарламамен оқуы қиынға соғатынын түсіне отырып, оны беделді мектепке, мықты мұғалімге беруге тырысамыз.
Қазіргі уақытта арнаулы білім берудегі нақты прогресске бірнеше факторлар әсер етуде: мүгедек оқушыларға қатысты үміттің аздығы, тіпті жоқтығы, инклюзивті білім беруге мектептердің дайын еместігі кедергі келтіруде.Еліміздің Білім заңында барлық бала жалпы орта біліммен қамтылуы жазылса да, өкінішке орай мүмкіндігі шектеулі балаларды оқыту өзекті мәселе болып отыр.Мүмкіндіктері шектеулі балаларға білім мен тәрбие берудегі ғылымның нәтижеге қол жеткізудің бірі жаңа технологияны игеріп, компьютерді пайдалану. Компьютерді пайдалануда дидактикалық мүмкіндіктерді, танымдық процестерді ескеруге болады; логикалық ойлау жүйесін қалыптастыру, ақыл-ой белсенділігі мен білім алуға деген қызығушылығын, шығармашылық еңбек етуіне бағдарлау.Өйткені құлақпен естігеннен гөрі-көзбен көріп, қолмен ұстап сезіну әрине ерекше әсер етеді.Инклюзивтік оқыту қазіргі кезде білім беру саласына етек жайып келе жатыр, бұл дегеніміз сапалы білім алудың барлығы үшін тең болуымен ескеріледі.
Яғни, жалпы білім беретін мектептерде мүмкіндіктері шектеулі бала мен басқа да әлеуметтік қорғалатын топтарға жататын оқушыларға өзгелермен теңдей білім беру, соған жағдай жасау. Қазіргі кезде Қазақстанда мүмкіндігі шектеулі балалар көбіне арнайы мектеп-интернаттарда білім алады.
    Инклюзивті білім берудің негізі мектептегі барлық балаға олардың ерекшелітерінен тыс сапалы білім беру болып табылады.Арнайы білім беру орнында мүмкіншіліктері шектеулі балалардың толықтай дамуына, өзгерістерді түсінуіне, өз бетімен білімін жетілдіруіне барлық жағдай жасалған, мұнда балалар тікелей дәрігерлердің бақылауында болады. 
Тәрбиеші баланың шындықты тануға ақыл-ой сезімі ең алдымен таңданудан басталады. Таңдану баланың әрбір нәрсенің, құбылыстың, оқиғаның мән-жайын танып, оларды тереңірек түсінуіне жетелейді, оның ізденімпаздық әрекетін тудырады.
Кейбір балалардың ақыл-ой белсенділік қабілеті жетілмей, артта қалып қойып жатады. Оның бірнеше сеептері бар негізіне тұқым қуалаушылық, ортаның экологиялық әсері, отбасының әлеуметтік жағдайы. Мұндай ауруларға ұшыраған балалар дене кемістігімен қоса, ақыл-ой кемшілігін қосып алып, даму мүмкіндігі аррта қалған балалар санын құрайды. Сонымен бірге бұл топқа дені сау, бірақ тұрмыс жағдайының ауыр болу себептерінен бір қалыпты дамымай қалған балаларды да жатқызуға болады.Мұндай балалармен қарқынды терапиялық жұмыстар жүргізе отырып, оларға дәрілік емдеу, физио, психотерапия, емдік дене шынықтыру жаттығулары, жалпы денсаулыққа пайдалы емдеу шаралары қолдану керек.
          Ақыл ойы-кем балаларды оқытудың негізгі әдісі-біріктіру болып табылады. Біріктіре оқыту арқылы бала дамуының ерекшеліктерін анықтап, білім беру стандартына сай қалыпты дамуын қадағалап, зейін тұрақтылықтарын дамыта отырып оқыту, тәрбиелеу-басты мақсат болып отыр.Біз ел болып, етек жинаған еңселі елміз, сондықтан қоғамдағы жайттар басты назарда болу керек. Ең алдымен мүгедек, жарымжан балаларды сәби кезінен бастап анықтап, олардың ортаға бейімделуіне жағдай жасау қажет. Сондықтан осындай кемшіліктерді анықтайтын шағын кабинеттер ашып, арнайы жұмыс жүргізіп, әр баланың қабілеті мен даму мүмкіндігін анықтаса, оларға арнайы түзету жұмыстарын жүргізіп, үй жағдайында өсіріп тәрбиелеуде ата-анаға ақыл-кеңестер берілсе бұл да мүмкіндігі шектеулі балалар үшін атқарылған игі істің бірі болар еді.
Өйткені ата-ана бұл жағдайды басынан бір жақты болып өткеруде, бұл кезде ата-анаға арнайы маманның көмегі, ақыл-кеңесі және балаға аялы алақанмен жан жылуы, ары қарай бұл жағдаймен күресуіне маманның түзету жұмысының көмегі қажет екені баршаға аян. Жарымжан балаларды оқыту процесінде ерте бейімдеудің маңызы зор. Тек оқытып ғана қоймай, мемлекеттің әлеуметтік қамсыздандыру мен денсаулық сақтау қызметін тарту қажет.
Жалпы баланы қоғамға бейімдеу мен оқытуда ерте диагностикалау мен түзету маңызды. Мүмкіндіктері шектеулі балалардың үйде білім алуын қамтамасыз ету, жай және арнайы мектептерде оқуға мүмкіндігі жоқ балаларды қашықтықтан оқытуға жағдай жасау мемлекеттің басты мақсаттарының бірі болып табылады. Мектеп психологі білім беру ісінде әр оқушының үлгермеу себебін анықтап, мүгедек баланың нақтамасына қарай жұмыс жүргізсе бұл да түзету жұмысының бір қыры болары сөзсіз. Әр оқушымен жеке жұмыстану Осындай орталықтар жұмысын жүйелеп отыратын, мүмкіндіктері шектеулі балалармен жұмыс істейтін медициналық-педагогикалық орталықтарды көптеп ашса, кемтар балаларды зор қуанышқа бөлер еді. 
           Бүгінде денсаулықты нығайту және мүгедектікке әкеп соғатын патологияларды азайту мәселесінде, ең алдымен балалардың бойындағы ауытқушылықтарды, олардың сәби кезінде уақтылы анықтау бойынша жұмыс күшейтілді. Мысалы, кемтар балалардың үштен бірінің мүгедектігі – туа біткен кемістіктердің әсері болуымен байланысты.Қорыта келгенде, бастауыш сыныптың оқу үрдісінде «ойын» түрлерін пайдалану, біріншіден, оқушылардың білімін берік меңгерту құралы болса, екіншіден, балалардың сабаққа деген қызығушылығын ,белсенділігін арттырып, білім сапасын көтеру болып табылады.“Дені сау адам-табиғаттың ең қымбат жемісі” деп тегін айтылмаған ғой, осы өзгерістер арқылы – мүгедек балалардың ата-аналары балдырғандарының отбасына етене араласуына үміттері қайта оянып, өз балдары ешкімнен кем еместігін, қоғам бұған бей-жай қарамайтынын түсінеді. Бала-адамның бауыр еті, бала десе еміренбейтін жүрек, сыздамайтын балтыр бар ма? Қай ата-ана өз баласының өзгелерден оқшауоқып, білім алғанын  қалар дейсің...

 

 

 

 Пайдаланған әдебйеттер:  

1.Ұстаздарға арналған танымдық-әдістемелік журналдар

2.Республикалық педагогикалық журналдар 2001ж

3.Мектептегі сыныптан тыс жұмыстар 2011ж

4. Мектептегі психология 2000ж

5. Қызықты психология 2011ж

 

 

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Мүмкіндігі шектеулі балаларды оқыту мен тәрбиелеудегі ойынның маңыздылығы"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Системный администратор

Получите профессию

Секретарь-администратор

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Краткое описание документа:

Қазіргі заманда адамдар өз міндеттері мен құқықтарын білетініне сенімді. Дегенмен, балалардың құқықтарына қатысты сауал туындаса, көп жағдайда толық жауап беруге дайын болмайды. Ойланатын жағдай: баланың құқықтарына не жатады?
Тарихқа жүгінсек, 1924 жылы Ұлттар Лигасы Бала құқықтарының Женевалық декларациясын қабылдады, 1959 жылы БҰҰ /Біріккен Ұлттар Ұйымы/ Бала құқықтарының декларациясын қабылдады, 1989 жылы БҰҰ Бас Ассамблеясы Баланың құқықтары туралы Конвенция қабылдады. 1994 жылы Қазақстан бұл конвенцияны бекітті. Баланың құқықтары туралы Конвенция - әлемдегі балалардың құқықтарын қорғауын реттейтінмаңызды құжат.
Қазақстан Республикасында баланың құқықтары туралы заңнама Қазақстан Республикасының Конституциясына негiзделедi және бала құқықтарын қорғау саласындағы өзге де нормативтiк құқықтық актілерiнен тұрады: «Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы» Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 8 тамыздағы N 345 Заңы, «Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың профилактикасы мен балалардың қадағалаусыз және панасыз қалуының алдын алу туралы» Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 шілдедегі N 591 Заңы, «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 26 желтоқсандағы 518-ІV Кодексі.

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 664 805 материалов в базе

Скачать материал

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 11.12.2014 8943
    • DOCX 23.2 кбайт
    • 13 скачиваний
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Жексенова Әйгерім Тасболатқызы. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    • На сайте: 9 лет и 4 месяца
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 22171
    • Всего материалов: 5

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

HR-менеджер

Специалист по управлению персоналом (HR- менеджер)

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Использование гелотологии (смехотерапии) в практической деятельности психолога

36 ч. — 144 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 36 человек из 20 регионов
  • Этот курс уже прошли 178 человек

Курс повышения квалификации

Психологическая помощь при тревожных расстройствах

36/72/108 ч.

от 1580 руб. от 940 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 269 человек из 60 регионов
  • Этот курс уже прошли 252 человека

Курс повышения квалификации

Современные методы арт-терапии: базовые техники

72 ч.

2200 руб. 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 298 человек из 66 регионов
  • Этот курс уже прошли 1 446 человек

Мини-курс

Комплексный подход к работе с детьми с тяжелыми нарушениями развития

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Эффективная самопрезентация

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 55 человек из 31 региона
  • Этот курс уже прошли 33 человека

Мини-курс

Архитектурное творчество для подростков (обучение детей от 12 лет и старше)

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе