Инфоурок Музыка Другие методич. материалыМузыка пәнінен 4 сынып сабақ жоспары

Музыка пәнінен 4 сынып сабақ жоспары

Скачать материал

 

Өтілетін күні: 11.09.2015ж.                                                    4 «А» сынып

 

Сабақтың тақырыбы: Дәстүрлі ән-күй саңлақтары

 

Сабақтың мақсаты: қазақ даласында ғасырлар бойы жинақталып,сақталған халық ән–күйлері мен халық композиторларының ән–күйлерін осы заманға жеткізген халық арасынан шыққан дарынды өнер саңлақтары туралы білім қалыптастыру.

 

 Сабақтың міндеттері:

 

·халық музыкасын жеткізушілер халық арасынан шыққан дарын иелері: әнші, күйші, жыршылар екенін ұғындыру;

·халық музыкасын түсіне отырып,әуенінің ерекшелігін таба білуге,талдай білуге баулу;

·халық музыкасына,халық өнерпаздарына,дәстүрлі музыкаға деген құрмет сезіміне тәрбиелеу.

 

Сабақтың түрі: жаңа сабақ.

 

Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап

 

Көрнекіліктері: аудио дискілер,суреттер.

 

                                                            Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі:

Оқушылармен амандасу. Олардың назарын сабаққа аудару. Тізімін тексеру.

 

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау.

«Алтын ұя- мектебім» тақырыбына шағын әңгіме жазып келген оқушыларды сұрау.

 

ІІІ.Жаңа сабақты түсіндіру.

Қазақ халқының дәстүрлі ән-күйі -  рухани мұраның ең бай қазынасы. Ғасырлар бойы сынақтан өтіп, халық дарындылығы мен даналығын көрсете білген ол қазір де ерекше тарихи маңызға, көркемдік мәдени бағаға ие болды.Қазақ даласы ғасырлар бойы шабытты поэзиямен, орынды шешендікпен, жалынды күйлер және шын жүректен шыққан әндермен өмір сүрген.

 

Музыка тыңдау.

Халық әні «Гүлдерайым».

Халық күйі «Кеңес».

 

Музыка сауаттылығы.

Сал-сері – бойына өнердің барлық түрі дарыған халық өнерпазы.

Халық композиторы – арнайы музыкалық білімі болмаса да, өз жанынан музыка шығаратын дарынды тұлға.

Кәсіби композитор – арнайы музыкалық білім алған, өз жанынан музыка шығаратын дарын иесі.

 

Ән орындау.

«Өнер қарлығаштары» әнін үйрету (музыкасын жазған Ж.Тұрсынбаев,сөзін жазған А.Асылбеков.

 

Сергіту сәті. Домбырамен билеу. Домбыра ойнау.

«Бір саусак» жаттығуын жоғары, төмен қағыстармен орындау.

IV.Сабақты қорытындылау.

1.Халқымыздың дәстүрлі ән–күйі біздің заманымызға дейін қалай жетті?

2.Дәстүрлі ән–күйлерді орындайтын өнерпазды халық құрметтеді?

3.Қандай халық композиторларды білесің?

4.Кәсіби композитор мен халық композиторының айырмашылығы қандай?

V.Үйге тапсырма:  Өзіңе таныс сал-сері туралы мәлімет жинастыру.

 

VI. Бағалау.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Өтілетін күні: 11.09.2015ж.                                                    4 «А» сынып

 

Сабақтың тақырыбы: Қали Жантілеуов – күй дәстүрінің шежірешісі

 

 

Сабақтың мақсаты: халық өнерпазы, шебер домбырашы–күйші,халық әртісі Қали Жантілеуов, оның шығармашылығы туралы мағлұмат беру.

 

 Сабақтың міндеттері:

 

·домбырашыкүйші Қали Жантілеуов туралы теориялық білім беру,оның орындауындағы күйлер туралы беру;

·күй әуенін тыңдай отырып сезінуге, мазмұны түсінуге  баулу;

·халық өнерпазын құрметтеуге, дәстүрлі күй өнерін сүюге тәрбиелеу.

 

Сабақтың түрі: жаңа сабақ.

 

Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап

 

Көрнекіліктері: аудио дискілер,суреттер.

 

                                                            Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі:

Оқушылармен амандасу. Олардың назарын сабаққа аудару. Тізімін тексеру.

 

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау.

 Сал-сері туралы мәлімет жинастырып келген оқушыларды тексеру.

 

ІІІ.Жаңа сабақты түсіндіру.

Музыка тыңдау.

Қ.Жантілеуовтің орындауында құрманғазының күйі «Балбырауын» тыңдатып,сұрақтар қойып, оқушылармен бірге талдау.

 1.Күй әуені қандай музыкалық көңіл күйді бейнелейді?

2.Күйдің екпіні,ырғағы нені білдіреді?

3.Күйдің мазмұнын сипатта.

Оқулықпен жұмыс.

Оқулықтағы берілген мәтінді оқып, мазмұнын түсінуге ықпал жасау, жетекші сұрақтар қойып, мазмұнын ашу.

Қали Жантілеуов – домбырашы-күйші.Қазақстанның халық әртісі.Орал облысының Жаңақала ауданындағы Қамыссамар ауылында дүниеге келген.Домбырада бес жасынан ойнап,ел аузында «домбырашы бала» атанған.Оның ұстазы күйші Төлеш болған.Жантілеуов халық музыкасын жақсы білген,орындау мәнерін жетік меңгерген.

 

Музыка сауаты.

Күйші-домбырашы – халық күйлерінің орындау мәнерін жетік меңгерген дарынды әрі шебер өнерпаз.

Сергіту сәті.Әуенге билеу. Жаттығулар жасау.

VI. Сабақты қорытындылау.

1.Күйші-домбырашы Қ.Жантілеуов туралы не білдің?

2.Қ.Жантілеуовтың ұстаздары кім,олардан не үйренді?

3.Қ.Жантілеуов еңбегі үшін қандай марапатқа ие болған?

 

 

V. Үйге тапсырма:  Күйші-домбырашы Қ.Жантілеуов туралы мәлімет жинау.

VI. Бағалау.

                                     

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Өтілетін күні: 11.09.2015ж.                                                    4 «А» сынып

 

Сабақтың тақырыбы: Ән өнерін паш еткен Манарбек Ержанов

 

 

Сабақтың мақсаты: Қазақстанның халық әртісі, дарынды әнші әрі композитор Манарбек Ержанов және оның әндері туралы түсінік қалыптастыру.

 

 Сабақтың міндеттері:

 

·М.Ержановтың әндері туралы түсінік бере отырып,музыканының әртүрлі көңіл күйін сезіне білуге үйрету;

·дыбыстарды (көңілді,мұңды)ажырата білуге баулу.Дәстүрлі музыкаға деген сүйіспеншілігін арттыру;

·ән үйрете отырып ұстаздың еңбегін бағалауға  тәрбиелеу.

 

Сабақтың түрі: жаңа сабақ.

 

Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап

 

Көрнекіліктері: аудио дискілер,суреттер.

 

                                                            Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі:

Оқушылармен амандасу. Олардың назарын сабаққа аудару. Тізімін тексеру.

 

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау.

 1.Күйші-домбырашы Қ.Жантілеуов туралы не білдің?

2.Қ.Жантілеуовтың ұстаздары кім,олардан не үйренді?

3.Қ.Жантілеуов еңбегі үшін қандай марапатқа ие болған?

 

ІІІ.Жаңа сабақты түсіндіру.

Оқулықпен жұмыс.

Оқулықтағы берілген мәтінді оқып, мазмұнын түсінуге ықпал жасау, жетекші сұрақтар қойып, мазмұнын ашу.

Манарбек Ержанов  – әнші,композитор,Қазақстанның халық әртісі.Ол Ақан сері,Біржан сал сияқты әнші –композиторлардың дәстүрлі әншілік мектебін лайықты жалғастырушы болып табылады.Ол 150-ден аса ән мен күй шығарды.

Музыка тыңдау.

М.Ержановтың орындауында Естайдың әні «Қорлан».

Мадидің әні «Қарқаралы».

Ән үйрену.

И.Нүсіпбаевтың «Мұғалім,ғазиз мұғалім» әнін үйренейік.

 

Сергіту сәті. «Ойлан,тап!» мына математикалық пішіндердің орнын ауыстырсаң,әнші – композитор М.Ержановтың бір әні шығады.

Прямоугольный треугольник: БЖауабы: «Сайра,бұлбұл».

Трапеция:    Ұ
Овал:  Й Шестиугольник:  Б Пятиугольник:   Л
 


                      

                                                                                                                                                   

 

 

Шығармашылық тапсырма.

Оқушылардыңөздері білетін ұстаз,мектеп,оқу –білім туралы мақал –мәтелдерін айтқызу.Мағынасын ашып,талдау.

VI. Сабақты қорытындылау.

1.М.Ержановтың шығармашылығы жайында әңгімеле.

2.М.Ержановтың әртістік,әншілік қабілеті қалай көрінді?

3.Еліміз өнерпазға қандай құрмет көрсетті? т.б. сұрақтар қоюға болады.

 

 

V. Үйге тапсырма:  М.Ержанов туралы қосымша мәлімет жинастыру.

 

VI. Бағалау.

                                     

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Өтілетін күні: 11.09.2015ж.                                                    4 «А» сынып

 

Сабақтың тақырыбы: Әншілік өнердің хас шебері Жүсіпбек Елебеков

 

 

Сабақтың мақсаты: дарынды әнші,тенор Жүсіпбек Елебеков және оның шығармашылығы туралы түсінік беру.

 

 Сабақтың міндеттері:

 

·Ж.Елебеков алғашқы опера әншілерінің бірі екенін ұғындыру;

·музыканың көркемдеуші құралдарын ажырата білуге баулу,музыканы сезіне білуін дамыту ;

·әншінің орындауындағы Абайдың әндерін таныстыра отырып табиғатты аялауға,қамқорлық жасауға   тәрбиелеу.

 

Сабақтың түрі: жаңа сабақ.

 

Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап

 

Көрнекіліктері: аудио дискілер,суреттер.

 

                                                            Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі:

Оқушылармен амандасу. Олардың назарын сабаққа аудару. Тізімін тексеру.

 

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау.

 1.Күйші-домбырашы Қ.Жантілеуов туралы не білдің?

2.Қ.Жантілеуовтың ұстаздары кім,олардан не үйренді?

3.Қ.Жантілеуов еңбегі үшін қандай марапатқа ие болған?

 

ІІІ.Жаңа сабақты түсіндіру.

Оқулықпен жұмыс.

 

 

                                    Жүсіпбек Елебеков

                                     (1904-1977)

Жүсіпбек Елебеков  Қарағанды облысыЕгіндібұлақ ауданы (қазіргі Қарқаралы) Қаратау ауылы  ауылында туған. Елебековті әншілік өнерге баулыған алғашқы ұстазы Ж.Балғабайұлы болған. Кейін Ұ.Айтбаев, Қ.Байжанов, Ә.Қашаубаев, И.Байзақовтармен бірге жүріп, өнерін ұстартады. 1920 — 22 жылдары Семейдегі “Ес-аймақ” драма труппасының қойған спектакльдері мен концерттеріне қатысады. 1931 — 35 жылдары Қазақ драма театрында, 1935 — 60 жылдары Қазақ филармониясында, 1960 — 77 жылдары “Қазақконцерт” бірлестігінде актерлік-әншілік қызметтер атқарады. 1933 — 38 жылдары Қазақ музикалық драма театрында (қазіргі Қазақ опера және балет театры) И.В. Коцыктың “Айман — Шолпан” музикалық комедиясында Әлібектің, Е.Г. Брусиловскийдің “Қыз Жібек” және “Айман — Шолпан” операларында Төлеген мен Арыстанның бейнелерін сомдайды. М.Әуезовтің “Еңлік — Кебегінде” Жапал рөлін ойнады. Ұлы Отан соғысы жылдары (1942 — 43) концерттік бригада құрамында майдандағы жауынгерлер арасында концерттер береді. Осы сапарында Р.Елебаевтың “Жас қазақ” әнін үйреніп келіп, алғаш рет халыққа таратты. Ол Абай, Ақан сері, Біржан сал, Жаяу Мұса, Балуан Шолақтың классикалық үлгідегі шығармаларын насихаттаушы, кейінгі буынға таратушы болды. Елебеков халық композиторларының, халық әндерімен бірге Қазақстан композиторларының әндерін де орындайды. Оның репертуарында Біржан салдың “Айтбай”, “Жамбас сипар”, Салғараның “Жиырма бес”, Ақан серінің “Құлагер”, т.б. әндер болды.

Музыка тыңдау.

Ж.Елебековтің орындауында Абайдың әні «Желсіз түнде жарық ай».

Мадидің әні «Қарқаралы».

Ән үйрену.

Абайдың  «Қаранғы түнде тау қалғып» әнін үйренейік.

 

Сергіту сәті. «Ойлан,тап!» мына әріптерді ретімен орналастырсан,Ж.Елебековтің орындауындағы Абайдың әні шығады.

Жауабы: «Бойы бұлғаң».

 

                      5       1       8        10       4        6       3        9        2        7                

                      Б      Б      Ғ        Ң        Ы      Ұ      Й      А       О       Л                                                                                                                    

 

 

VI. Сабақты қорытындылау.

 

а)Жүсіпбек Елебеков қай жерде дүниеге келді?

ә)Ұстазы кім?

б)Халық композиторларынан кімдердің әндерін орындады?

V. Үйге тапсырма:  Абай әндерінің мазмұны негізінде табиғат көрінісін бейнелеу.

 

 

VI. Бағалау.

                                     

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Өтілетін күні: 11.09.2015ж.                                                    4 «А» сынып

Сабақтың  тақырыбы:   Қара қобыз сарнатқан Жаппас Қаламбаев.

 Сабақтың  мақсаты:қара қобыздың жанашыры,қобызшы,күйші Жаппас Қаламбаев және оның қобызға арналған күйлері туралы мағлұмат қалыптастыру.

Сабақтың міндеттері:

·қобызшы, күйші Ж.Қаламбаев және оның шығармашылығы туралы білім беру;

·қобыз аспабының дыбыс бояуын ажырату, аспаптық музыканы түсінуін  дамыту ;

·дәстүрлі аспаптық музыканы қастерлеуге,халық композиторына деген құрмет оятуға тәрбиелеу.

 

Сабақтың түрі: дәстүрлі.

Сабақтың типі:жаңа сабақты меңгерту.

Сабақтың  әдісі: жаңа  сабақ түсіндіру , әңгімелеу,   шығармашылыққа  баулу .

Пәнаралық  байланысы:   Музыка  әдебиеті , тарих.                                                        

                                                      Сабақтың  барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі:

Оқушылармен амандасу. Олардың назарын сабаққа аудару. Тізімін тексеру.

 

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау.

а)Жүсіпбек Елебеков қай жерде дүниеге келді?

ә)Ұстазы кім?

б)Халық композиторларынан кімдердің әндерін орындады?

ІІІ.Жаңа сабақты түсіндіру.

                                   Қара қобыз шебері жаппас Қаламбаев

Қазақтың көне тарихымен бірге жасасып келе жатқан қасиетті қобыз аспабының ел арасында кеңінен таралуына өлшеусіз үлес қосқан, Қорқыт пен Ықыластың өнерін ілгері жал­ғастыруға бүкіл саналы ғұмырын арнаған Жаппас Қаламбаев 1909 жылы наурыз айында қазіргі Оңтүстік Қазақстан облы­сы, Созақ ауданында өмірге келеді. Та­рих­та бұл өңір Қоқан хандығына қараған жерлерді орыс патшалығы өзіне бағын­ды­рып алған кезде Сырдария губерния­сы­ның Түркістан уезіне енген болатын.Қаршадайынан жетімдік тауқыметін тартқан Жаппас інісі Жарылқасын екеуі ауыл адамдарына ілесіп, 1919 жылы Түркі­стандағы жетім балалар үйіне келеді. Әке­ден айырылып, ішер асқа, киер киімге жарымай жүрген тек бұлар ғана емес екен, жетім балалар үйінің іші-сырты тол­ып жүрген көгенкөз жетімдер. Сонау Қы­зыл­ордадан бергі жердегі, Түркіс­тан­ның төңірегіндегі ауыл-аймақтан әке-шеше­лері­нен аштықта айырылып қалып, жама­ға­йындары тапсырып кеткен жүдеп-жада­ған, құрсақтары қабысып, көздерін кіреуке шалған балалар жетерлік. Ашыл­ғанына көп бола қоймаған жетім балалар үйінде төсек-орын, ас-ауқат да жетісе бермейді екен. Жаппас сияқты ересектері кішкен­тай балаларға орындарын беріп, жаз маусымында үйдің іргесіне, аулаға төсегін көтеріп келіп, жантайып жата кететін кездері де жиі кездесті.Сабақтан босағанда ермегі ауылдан серік етіп алып шыққан әкесінің қара қобы­зын қолына алады. Соңынан өзі қа­тар­лас жетім балалар шұбырып еріп, қала­ның орталық көшелеріне қарай беттейді. Адам аяғы үзілмейтін орта­лықтағы базардың кіреберіс қақпа аузына жайғасып отырып алып, қара қобызды аңыратып шала бастайды. Қарсы алдына түгі аладақ болып түскен көнетоз ты-мағын төңкеріп қояды. Қор­қыт пен Ықыластың күйлерін бірінен соң бірін толғап тартып, аңы­рата жөнеледі. Үлкен қақпаның аузын­да ырғай-ырғай күй толғап отыр­ған қар­ша­­дай бала әрі-бері өткен жан­дардың ықыла­сын еріксіз өзіне аударады. Қобыз үні бойларын алып, қаршадай баланың қара қобызды есілтіп тартуы қызық көрінеді. Қалта­ларына қол салып, қойын-қонышынан түйілген ақшаларын алып, шетінен шыға­рып, тиын-тебен, жапырақ-жапырақ теңгелерді баланың алдындағы бас киімге тастайды. Арадағы ілкі сәт үзілісте сырт­тай бақылап тұрған балалар Жаппастың қасына жетіп келіп, тымақтағы ақшаны төңкеріп алып кетеді. Көне бас киімнің іші­не қанша ақшаның түскенімен Жап­пастың шаруасы бол­май­ды. Қолын суы­тып алып, тағы да қара қобызды шалуға кіріседі. Түскен табысты алып кеткен балалар қалың елдің арасына сіңіп жоқ болып кетіп, біраздан соң осы төңірекке қайтып жи­­на­ла­ды. Қол­дарын­да жапырақ-жапырақ тандыр нан, қа­уын-қар­быздың ті­ліктерін езу­лері­нен суын сор­ға­лата ағыз­­­ған, тауық­­тың етін си­ра­ғынан ұс­тап, аш­қа­рақ­тана жұл­ма­лағанын сырттай бай­қап қалатын. Құрсағы то­йып ас ішіп, әріп танып көзі ашылып қалғанда Түр­кіс­тандағы же­тім балалар үйі жабылып қалды. "Енді қайттік? Ер­теңгі күніміз не болмақ?" деп аң­та­рыл­ған жетім ба­ла­лар көшеге шұ­бырып ке­те­ді. Күзге са­лым базар, шайхана, те­мір жол бе­ке­тінің тө­ңі­регін жа­ға­лап, қара қо­бызын ұзақ шалып отыр­ғанмен мар­дымсыз тиын-те­бен тү­сетін бол­ды. Өзге ашөзек жетім ба­ла­ларға талғажау тауып бермек түгі­лі өзі де бүйірі том­пайып ас ішпейтін жағ­­дайға жетеді. Күнкөріс қиын­дап кеткен соң білім­нің соңына түссем деген үміті көмескіленген Жаппас қайтадан елге ора­ла­ды. Бұл кезде Жаппас қара қобызын жанынан бір елі тастамай жүріп, дом­бы­раға қолы бі­раз суып та қал­ған еді. Ауыл ай­маққа сыйлы Сүгір күй­шінің үй­ге со­ғып, ықы­лас біл­дір­гені Жап­­пас­тың кө­ңілін өсіріп жі­берді. Күйші жас ба­ланың бо­йын­­да­ғы ұш­қынды көптен сезіп жүр­ген еді. Ауылдағы жиын-той­­да естияр жандармен бірге жүретін Сүгір күйшінің маңайын жиі төңі­рек­тейтін болды.

ІҮ.Бекіту.

а) Жүсіпбек Елебеков      қай жерде дүниеге келді?

ә)  Жүсіпбектің  ұстазы кім?

Ү.Қорытындылау.

а) Жаппас Қаламбаев  қай жерде дүниеге келді?

ә)Жаппас  кімдердің күйлерін орындады?

б)Жаппасқа қобыз сыйлаған кім?

ҮІ.Үйге тапсырма: Қобызшы,күйші Ж.Қаламбаев туралы іздестіріп,біліміңді толықтыру.

 

ҮІІ. Бағалау.

 

 

Өтілетін күні: 11.09.2015ж.                                                    4 «А» сынып

Сабақтың  тақырыбы:Әнін  көкке қалықтатқан Ғарифолла Құрманғалиев.

 Сабақтың  мақсаты:Қазақстанның халық әртісі,күміс көмей әнші композитор Ғарифолла Құрманғалиев туралы, оның әндері туралы білім беру.

Сабақтың міндеттері:

·батыстың дәстүрлі әншілік мектебін бізге жеткізуші әнші әрі композитор Ғ.Құрманғалиев туралы түсінік беру;

·музыканың орындалу екпінін ажырата білуге баулу.Дәстүрлі музыкаға деген сүйіспеншілігін арттыру ;

·ән үйрету арқылы ана тілін құрметтеуге  тәрбиелеу.

 

Сабақтың түрі: дәстүрлі.

Сабақтың типі:жаңа сабақты меңгерту.

Сабақтың  әдісі: жаңа  сабақ түсіндіру , әңгімелеу,   шығармашылыққа  баулу .

Пәнаралық  байланысы:   Музыка  әдебиеті , тарих.                                                        

                                                      Сабақтың  барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі:

Оқушылармен амандасу. Олардың назарын сабаққа аудару. Тізімін тексеру.

 

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау.

а) Жаппас Қаламбаев  қай жерде дүниеге келді?

ә)Жаппас  кімдердің күйлерін орындады?

б)Жаппасқа қобыз сыйлаған кім?

ІІІ.Жаңа сабақты түсіндіру.

                      Ғарифолла Құрманғалиев (1909 —1972 жж.)- Республика мәдениетіне еңбек сіңірген қайраткер, әнші (тенор), Қазақ КСР халық әртісі. Батыс Қазақстан облысының Қаратөбе ауданында дүниеге келді. Әншілік өнерге бейімділігі бала кезінен байқалды. Ұлы Мүхиттың шәкірттері Шынтас пен Шайқыдан дәріс алды. 1934 жылы Алматыда өткен халық көркемөнерпаздарының бірінші Бүкіл Қазақстандық слетіне қатысты. Сол жылы Қазақтың музыкалық драма театрының (қазір Қазақтың опера және балет театры аталады) құрамына қабылданды.Құрманғалиев Е.Брусиловскийдің "Ер Тарғын", "Айман-Шолпан", "Қыз Жібек", М.Төлебаевтың "Біржан-Сара", А.Жұбанов пен Л.Хамидидің"Абай" операларында күрделі партиялар мен рөлдерді ойнады. Оның орындауында халық әндері асқақ та әсем әуезімен аспан астын толтыра сорғалай шырқады. Ол әрбір әуенді әуелете салған сайын оған жан мен жүрек бітіріп, дауыс сазына даланың ұланғайыр дарқандығын өз көңіл толқынысымен ұштастыра сиғызып жіберетін. Ғарифолла аңыратып, жамыратып ән төкпелеткен кезде тыңдаушының көз алдына арқыраған арғымақтар мен аса киелі аруаналар даласының кескін-келбеті келеді. Ақтарыла тасыған ақ жарма өзендер мен ағын сулар әуені қыран қүстардың қанат қағысы, алып таулар асқақтығы, ақиық ақын Махамбет жырының атойы бар бояуымен, ішкі рух нәр-нақышымен Ғарекеңнің өз жүрек түкпірінен шығып жатарды. Ол өзі негізін салып кеткен әншілік мектептің осындай өзгеше орындаушылық шеберлікті қажет ететін дара қасиеттері бар. Ғ.Құрманғалиев ән сапарымен төрткүл дүниенің талай елдерінде болып, сан-сан сахналардан ұлттық музыкалық салт-дәстүріміздің байлығын паш етті. 1967 жылдан бастап Республикалық өнер және цирк студиясында сабақ берді. Оның отандық мәдениетке сіңірген орасан зор еңбегі әлденеше мәрте мемлекеттік марапаттармен бағаланды

Музыка тыңдау.

Ғ.Құрманғалиевтің орныдауында Мұхиттің әні «Үлкен айдай».

Ән үйрену.

Ш.Сариевтің  сөзіне жазылған К.Дүйсекеевтің «Ана тілін сүйеміз» әнін үйрету.

ІҮ.Сабақты қорытындылау.

а)Ғарифулла Құрманғалиев қай жерде дүниеге келді?

ә) Ғарифулла Құрманғалиев  орындаған рөлдері?

б) Ғарифулланың орындауында қандай әндер бар?

 

ҮІ.Үйге тапсырма: Ғ.Құрманғалиевтің шығармашылығы туралы қосымша іздену.

 

ҮІІ. Бағалау.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Өтілетін күні: 11.09.2015ж.                                                    4 «А» сынып

 

Сабақтың тақырыбы: Күй аңызын ардақтай жеткізген Дәулет Мықтыбаев.

 

Сабақтың мақсаты: атақты қобызшы Ықыластың ұрпағы күйші Дәулет Мықтыбаев,оның бізге жеткізген күйлері туралы мәлімет  беру.

 

 Сабақтың міндеттері:

 

·Д.Мықтыбаев туралы түсінік беру,қобыз аспабының дыбыс бояуын ажырата білуге үйрету;

·Оқушының эмоциялық әсерін,музыкалық есту қабілетін дамыту ;

·Ән арқылы еңбек етуге баулу,өнерді сүюге  тәрбиелеу.

 

Сабақтың түрі: жаңа сабақ.

 

Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап

 

Көрнекіліктері: аудио дискілер,суреттер.

 

                                                            Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі:

Оқушылармен амандасу. Олардың назарын сабаққа аудару. Тізімін тексеру.

 

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау.

а)Ғарифулла Құрманғалиев қай жерде дүниеге келді?

ә) Ғарифулла Құрманғалиев  орындаған рөлдері?

б) Ғарифулланың орындауында қандай әндер бар?

ІІІ.Жаңа сабақты түсіндіру.

Оқулықпен жұмыс.

 

                                                   Дәулет Мықтыбаев

Дәулет Мықтыбаев (1904-1970) – қобызшы. Қобыз тарту өнерін Ықыластың шәкірті Әбікен Тоқтамысұлынан үйренген. Мықтыбаевтың сазгерлік қырының қалыптасуына қобызшы Түсіпбектің (Ықыластың ұлы) ықпалы көп тиген, одан ол «Кер толғау», «Тоғыз тарау», «Қорқыт» күйлерінің орындалу мәнерін бойына сіңіреді. 1933 жылдан Қарағанды облысы радио комитетінде қызмет істеді. 1937 жылы Қарағанды филармониясының, 1945 – 65 жылдары Қазақ филармониясының және «Қазақконцерттің» қобызда жеке орындаушысы, 1968 жылдан Алматы мемлекеттік консерваториясындақылқобыз класы бойынша оқытушы болды. 1934 жылы Алматыда өткен 1-Жалпықазақстандық халық өнерпаздарының слетіне қатысты. Қазақ радиосының алтын қорында Мықтыбаевтың орындауындағы «Аққу», «Ерден», «Қазақ», «Жолаушының қоңыр күйі», «Қамбар», «Кертолғау», «Шыңырау», «Жалғыз аяқ», «Сарын», «Сары дала» күйлері сақталған. Оның қобыз тартудағы өзіндік жаңа тәсілдері оның орындаушылық стилін ерекше әрі қайталанбас деңгейге көтерді. Мықтыбаев ұлттық муз. мұраны, орындаушылық дәстүрлерін насихаттауға және танымал етуге зор үлес қосты. Дәулеттік әкесі Мықтыбай, оның әкесі Әупік Тыныбекұлы Өксікбайдың қарындасы Маржанағ үйленген екен. Мықтыбайдың өзі де Барақ Таманың қызына үйленіпті. Дәулет өзі жайлы әңгіме айтқанда, оның қобызға құмарлығы нағашы жұртынан жұққан екен. Қарауыл мен Өксікбай қобызшы болыпты.

Музыка тыңдау.

Д.Мықтыбаевтың орындауында Ықыластың күйі «Шыңырау».

 

Ән үйрену.

Ө.Байділдаевтің  «Біз бақытты баламыз» әнін үйрету.

 

Сергіту сәті. Әуенге билеу. Жаттығулар жасау.

 

VI. Сабақты қорытындылау.

1.      Дәулет Мықтыбаев кім, қандай музыка аспабында ойнаған?

 

2.      Дәулеттің  алғашқы ұстазы кім?

 

       3.  Д.Мықтыбаевтың орындауындағы күйлерді ата .

 

V. Үйге тапсырма: Шығармашылық тапсырма.

 

 

 

VI. Бағалау.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Өтілетін күні: 11.09.2015ж.                                                    4 «А» сынып

 

Сабақтың тақырыбы: Ұстазды ұлы тұтқан күйші Төлеген Момбеков.

 

Сабақтың мақсаты: күйші әрі композитор Төлеген Момбеков және оның орындауындағы күйлер туралы мағлұмат қалыптастыру.

 

 Сабақтың міндеттері:

 

·Т.Момбеков және оның шығармашылығы туралы шағын түсінік беру;

·ән айту шеберлігін,ой-өрісін дамыту,үн тазалығын сезінуге баулу ;

·Отанды сүюге, туған жердің табиғатын аялауға  тәрбиелеу.

 

Сабақтың түрі: жаңа сабақ.

 

Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап

 

Көрнекіліктері: аудио дискілер,суреттер.

 

                                                            Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі:

Оқушылармен амандасу. Олардың назарын сабаққа аудару. Тізімін тексеру.

 

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау.

1.      Дәулет Мықтыбаев кім, қандай музыка аспабында ойнаған?

 

2.      Дәулеттің  алғашқы ұстазы кім?

 

       3.  Д.Мықтыбаевтың орындауындағы күйлерді ата .

 

ІІІ.Жаңа сабақты түсіндіру.

Ой шақыру.

Жаңа сабақ бастамас бұрын үнтаспадан өздеріне бұрыннан таныс домбыра күйлерінен шертпе және төкпе әдісімен үзінді тыңдату.Қазақ халқының аспаптық музыкасы – дәстүрлі күй өнері,оның тарту әдістері туралы әңгіме жүргізу.

        Осы көптеген күйлердің бізге жетіуне үлкен еңбек сіңірген шебер домбырашы,күйші,композитор Төлеген Момбеков.Бүгінгі сабақта осы өнерпазбен танысамыз.

Оқулықпен жұмыс.

 

            Төлеген Момбеков

Төлеген Момбеков (1918, Созақ ауданы, Сызған ауылы) — күйші. ҚазКСР-нің еңбек сіңірген мәдениет қызметкері. Екінші дүниежүзілік соғысқа қатысқан. 1943 жылдан мәдениет саласында қызмет еткен. Алғашқы ұстазы — өз атасы Бапыш Қожамжаров. "Қаратау", "Қара жорға", "Ыңғай төкпе", т.б. күйлерін атасынан үйренеді. Кейін күйші Сүгір Әлиевтен тәлім алады. Момбеков тартатын күйлердің дені Орталық Қазақстан, Оңтүстік Қазақстан өлкесіне кең тараған шертпе күйлер. Ол Сүгірден үйренген "Телқоңыр", "Боз інгеннің бүлкілі", "Бес жорға", "Шалқыма", "Жолаушының жолды коңыры" секілді күйлерін орындады. Оның "Қосбасар", "Мешін", "Салтанат", "Қат-қабат", "Мың жылқы", "Ел жаңа", "Асу", "Анама", "Қоштасу", "Қаратаудың шертпесі" т.б. күйлері грампластинкаға түсірілді. Момбеков туындылары фольклорлық-этнографиялық "Отырар сазы" оркестрінің репертуарында орындалды.[1] 1919 жылы Қаратау баурайындағы Қозмолдақ деген ауылда туып-өскен. Киелі өнердің бастауы арғы аталарынан басталады. Арғы атасы Қожамжар мен Назар әділ билік айтқан шешен болса, Қайдау атасы бүкіл Орта жүзге әйгілі айтыскер ақын, ал Бапыш атасы - аң аулап, құс салып, серілік құрумен бірге, асқан күйші болған адам.

 

 

 

Сергіту сәті. Ойлан тап!

Мына математикалық пішіндердің орнын ауыстырсаң,Т.Момбековтың орындауындағы Сүгірдің бір күйі шығады.Жауабы: «Телқоңыр».

Равнобедренный треугольник: Е
Овал:  О Параллелограмм: Қ Прямоугольник: скругленные углы:   Ы
 


Трапеция: ҢШестиугольник:     Р

    Т

 
Блок-схема: решение:     Л                                                                                                                                    

 

                               

 

VI. Сабақты қорытындылау.

1.Төлеген Момбеков кім?

2.  Ұстазы  кім?                

 3 Қай жерде дүниеге келді?

 

V. Үйге тапсырма: Өз ойыңнан тақырыпқа байланысты ребус құрау.

 

 

 

 

VI. Бағалау.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Өтілетін күні: 8.12.2015ж.                                                    4 «А» сынып

 

Сабақтың тақырыбы: Жезден жасалған аспаптар

 

Сабақтың мақсаты: симфониялық оркестр құрамындағы үрлемелі жезді аспаптармен таныстыру, олардың пайда болуы туралы шағын түсініктер беру.

 

 Сабақтың міндеттері:

 

·Үрлемелі жезді аспаптардың дыбыс бояуын ажырата білуге үйрету;

·Оқушылардың есту, есте сақтау қабілетін,ой-өрісін дамыту ;

·Әсемдікке,талғампаздыққа  тәрбиелеу.

 

Сабақтың түрі: жаңа сабақ.

 

Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап

 

Көрнекіліктері: аудио дискілер,суреттер.

 

                                                            Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі:

Оқушылармен амандасу. Олардың назарын сабаққа аудару. Тізімін тексеру.

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау.

1.Флейта аспабының құрылысы қандай?

2.Гобой аспабының құрылысын ата.

3.Кларнет қандай аспап?

ІІІ.Жаңа сабақты түсіндіру.

Ой шақыру.

Жаңа сабақ бастамас бұрын үнтаспадан саксафон аспабында орындалатын музыкадан  үзінді тыңдату.

        Ендеше, бүгінгі сабағымызда симфониялық оркестр құрамында болатын саксафон сияқты жезден жасалған үрлемелі аспаптармен танысамыз.

Оқулықпен жұмыс.

Жезден жасалған үрлемелі аспаптар негізінен үрлемелі музыкалық аспаптар болып табылады.Олардың жетідірілген түрлері: валторна, тромбон, труба.Бұл аспаптар үрлемелі музыкалық аспаптар оркестрінде,кейбір түрлері симфониялық және халық аспаптар оркестрінде де пайдаланылады.

Музыка тыңдау.морис Равель «Болеро» - тыңдату.

Ән үйрену.Қ.Қайымның «Елтаңбасы елімнің » әнін үйрену.

Сергіту сәті. Ойлан тап!

Төмендегі торкөздерге сұрақтардың жауабын дұрыс орналастыр.

IV. Сабақты қорытындылау.

1.Жезден жасалған аспаптарды ата.

2.  Бұл аспаптар қандай оркестрлерде қолданылады?   

3. Симфониялық оркестрдің басқа оркестрлерден айырмашылығы неде?

V. Үйге тапсырма: Тақырыпқа байланысты қосымша мәлімет жинастыру.

 

 

Өтілетін күні: 8.12.2015ж.                                                    4 «А» сынып

 

Сабақтың тақырыбы: Ұрмалы аспаптар тобы

 

Сабақтың мақсаты: симфониялық оркестр құрамындағы кездесетін ұрмалы  аспаптармен таныстыра отырып, олардың пайда болутарихы туралы мәліметтер беру.

 

 Сабақтың міндеттері:

 

·Ұрмалы аспаптардың үнін ажыратуға баулу;

·Симфониялық оркестр орындауындағы шығармаларды тыңдай отырып оқушының танымын,ой-өрісін дамыту ;

·Классикалық музыканы түсініп тыңдауға, өнерді сүюге  тәрбиелеу.

 

Сабақтың түрі: жаңа сабақ.

 

Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап

 

Көрнекіліктері: аудио дискілер,суреттер.

 

                                                            Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі:

Оқушылармен амандасу. Олардың назарын сабаққа аудару. Тізімін тексеру.

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау.

1.Жезден жасалған аспаптарды ата.

2.  Бұл аспаптар қандай оркестрлерде қолданылады?   

3. Симфониялық оркестрдің басқа оркестрлерден айырмашылығы неде?

ІІІ.Жаңа сабақты түсіндіру.

Оқулықпен жұмыс.

Ертеде адамдар аңшылықпен айналысқан.Аң аулау алдында тасты  тасқа ұрып дайындалатын болған. Сөйтіп, ұрмалы аспап пайда болды. Уақыт өте келе тас ауыр болғандықтан ағаштан, теріден ұрмалы аспаптар жасай бастады.Кейіннен ұрмалы аспаптар  музыкалық емес,хабар беруші аспаптарға айналды.

Ежелгі  мұндай  ұрмалы музыкалық аспаптар – дабыл, дауылпаз.даңғыра. Әуелі қолмен, кейін дыбысын күшейту үшін таяқпен ұрған. Ұрмалы аспаптарды аңға шыққанда, діни жоралғыларды, жауынгерлік жорықтарда пайдаланылған.Ал, қазіргі уақытта музыкалық аспаптар түрленіп, оркестрлерде ойналады.

Ал, біз бүгін симфониялық оркестрдің құрамына   кіретін ұрып ойнайтын аспаптар: цимбал, үшбұрыш, дабыл,кіші барабан,үлкен барабан, литавра  жатады., жезден жасалатын сапаптар жайында өтеміз. Олар труба, тромбон, туба, цимбал, үшбұрыш. Музыка тыңдау.А.Хачатурянның «Гаянэ» балетінен қылышпен би – үзінді  тыңдату.

Ән үйрену.С.Әшімовтың  «Жас ұлан » әнін үйрету.

Сергіту сәті. Ойлан тап!

Төмендегі торкөздерге сұрақтардың жауабын дұрыс орналастыр.

IV. Сабақты қорытындылау.

Шығармашылық тапсырма.Өзіңе таныс аспаптардан сөзжұмбақ құрастыр.

1.Ұрмалы аспаптар тобына қандай аспаптар жатады?

2. Бұл аспаптар симфониялық оркестрге қандай үн береді?     

V. Үйге тапсырма: Ұрмалы аспаптар туралы мәлімет іздестіру.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Өтілетін күні: 8.12.2015ж.                                                    4 «А» сынып

 

Сабақтың тақырыбы: Арфа аспабы

 

Сабақтың мақсаты: арфа аспабымен таныстыру,оның пайда болу тарихы туралы қалыптастыру.

 

 Сабақтың міндеттері:

 

·арфа аспабымен таныстыра отырып дыбысын ажыратуға, әртүрлі аспаптардың дыбысын тани білуге ;

·Симфониялық оркестр орындауындағы шығармаларды тыңдай отырып оқушының танымын,ой-өрісін дамыту ;

·Классикалық музыканы түсініп тыңдауға, өнерді сүюге  тәрбиелеу.

 

Сабақтың түрі: жаңа сабақ.

 

Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап

 

Көрнекіліктері: аудио дискілер,суреттер.

 

                                                            Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі:

Оқушылармен амандасу. Олардың назарын сабаққа аудару. Тізімін тексеру.

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау.

1.Жезден жасалған аспаптарды ата.

2.  Бұл аспаптар қандай оркестрлерде қолданылады?   

3. Симфониялық оркестрдің басқа оркестрлерден айырмашылығы неде?

ІІІ.Жаңа сабақты түсіндіру.

Оқулықпен жұмыс.

Ертеде адамдар аңшылықпен айналысқан.Аң аулау алдында тасты  тасқа ұрып дайындалатын болған. Сөйтіп, ұрмалы аспап пайда болды. Уақыт өте келе тас ауыр болғандықтан ағаштан, теріден ұрмалы аспаптар жасай бастады.Кейіннен ұрмалы аспаптар  музыкалық емес,хабар беруші аспаптарға айналды.

Ежелгі  мұндай  ұрмалы музыкалық аспаптар – дабыл, дауылпаз.даңғыра. Әуелі қолмен, кейін дыбысын күшейту үшін таяқпен ұрған. Ұрмалы аспаптарды аңға шыққанда, діни жоралғыларды, жауынгерлік жорықтарда пайдаланылған.Ал, қазіргі уақытта музыкалық аспаптар түрленіп, оркестрлерде ойналады.

Ал, біз бүгін симфониялық оркестрдің құрамына   кіретін ұрып ойнайтын аспаптар: цимбал, үшбұрыш, дабыл,кіші барабан,үлкен барабан, литавра  жатады., жезден жасалатын сапаптар жайында өтеміз. Олар труба, тромбон, туба, цимбал, үшбұрыш. Музыка тыңдау.А.Хачатурянның «Гаянэ» балетінен қылышпен би – үзінді  тыңдату.

Ән үйрену.С.Әшімовтың  «Жас ұлан » әнін үйрету.

Сергіту сәті. Ойлан тап!

Төмендегі торкөздерге сұрақтардың жауабын дұрыс орналастыр.

IV. Сабақты қорытындылау.

Шығармашылық тапсырма.Өзіңе таныс аспаптардан сөзжұмбақ құрастыр.

1.Ұрмалы аспаптар тобына қандай аспаптар жатады?

2. Бұл аспаптар симфониялық оркестрге қандай үн береді?     

V. Үйге тапсырма: Ұрмалы аспаптар туралы мәлімет іздестіру.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Өтілетін күні: 16.01.2019ж.                                                    4  сынып

 

Сабақтың тақырыбы: Опера театрының тарихы

Сабақтың мақсаты: Оқушыларға тақырыпты меңгерту,опералық  театрлар тарихымен таныстыру.

 Сабақтың міндеттері:

 

·Операдағы  шығармаларды тыңдай отырып оқушының танымын,ой-өрісін дамыту ;

·Классикалық музыканы түсініп тыңдауға, өнерді сүюге  тәрбиелеу.

 

Сабақтың түрі: жаңа сабақ.

 

Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап

 

Көрнекіліктері: аудио дискілер,суреттер.

 

                                                            Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі:

Оқушылармен амандасу. Олардың назарын сабаққа аудару. Тізімін тексеру.

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау.

1.Жезден жасалған аспаптарды ата.

2.  Бұл аспаптар қандай оркестрлерде қолданылады?   

3. Симфониялық оркестрдің басқа оркестрлерден айырмашылығы неде?

ІІІ.Жаңа сабақты түсіндіру.

Оқулықпен жұмыс.«Астана Опера» – тікелей Елбасының бастамасымен бой көтерген театр. Оның құрылысы барысын да ҚР Президенті Н.Назарбаев жеке бақылауында ұстады. Дәл осы алып театр сахнасынан 2012 жылы 14 желтоқсанда жариялаған «Қазақстан – 2050» стратегиясында Мемлекет басшысы: «біз рухани мәселелер экономикалық және материалдық тәртіптегі мәселелерден кем емес мәнге ие болатын мемлекеттік даму кезеңіне аяқ бастық» деп атап көрсеткен болатын. Театр шымылдығын тұңғыш түру құрметі Мұқан Төлебаевтың «Біржан – Сара» спектакліне берілді. Биылғы жылы қазақтың осы ұлы композиторының туғанына 100 жыл толады. «Астана Опера» директоры Төлеген Мұхамеджанов қазақтың мәдени мұрасына айналған осы тамаша операмен ашылуы театр үшін айрықша құрмет екендігін нықтады.

Музыка тыңдау.М.И.Глинка «Руслан и Людмила» операсынан  үзінді  тыңдату.

Ән үйрену.Халық әні  «Япурай » әнін үйрету.

Сергіту сәті. Ойлан тап!

Төмендегі торкөздерге сұрақтардың жауабын дұрыс орналастыр.

IV. Сабақты қорытындылау.

Шығармашылық тапсырма.Өзіңе таныс аспаптардан сөзжұмбақ құрастыр.

1.Опера театрында қандай қойылымдар көрсетіледі?

2. Қазақстандағы опера театрлары туралы не білесіңдер?        

V. Үйге тапсырма: Шығармашылық тапсырма

 

Өтілетін күні: 16.01.2019ж.                                                    4  сынып

 

Өтілетін күні:                                                                                      4  сынып

 

 

Сабақтың тақырыбы: Опера өнері, оның жанрлары

Сабақтың мақсаты: Оқушыларға тақырыпты меңгерту,опералық  театрлар тарихымен таныстыру.

 Сабақтың міндеттері:

 

Опера жанрларымен танысу,операның негізгі түрлерімен танысу,ән айту қабілетін дамыту

Сабақтың түрі: жаңа сабақ.

 

Сабақтың әдісі: түсіндіру, сұрақ-жауап, топтық жұмыс, жазылым.

Көрнекіліктері: аудио дискілер,суреттер.

 

                                                            Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі:

Оқушылармен амандасу. Олардың назарын сабаққа аудару. Тізімін тексеру.

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау.

1.Опера дегеніміз не? 2.Опера тұңғыш рет қай ғасырда,қайда пайда болды? 3.Опералық қойылымда қандай ұжымдар жұмыс жасайды? 4.Алғашқы орыстың ұлттық операсын жазған кім?5.Ла Скала театрының әйгілі әншісі кім? 6.Опера жанрының түрлерін ата

Сұрақтарға жауап береді

ІІІ.Жаңа сабақты түсіндіру.

Оқулықпен жұмыс Операның негізгі жанрлары.Операның бірнеше түрі бар.Олар:халықтың қайғы- қасіретіне құрылған Глинканың Иван Сусанині,Мусоргскийдің Борис Годуновы,лирикаға құрылғанЧайковсийдің Евгений ОнегиніОперадағы драмалық оқиға 3-4 бөлімнен құрылады.Операдағы басты элемент ария болып табылады.Ария орындалуы жағынан өте күрделі өлең түрі болып келеді.Операда музыкалық әңгімені речитатив деп атайды.Речитатив тақпақтап айту дегенді білдіреді.Операның мазмұндық желісінің дамуында ансамбльдер маңызды орын алады.Оның құрамында дуэт,трио және квартет болады.Опералық қойылымның басты сюжеттік желісін ашудағы маңызды элементтері ария,речитатив,ансамбль және хор болып табылады.

Музыка тыңдау.М.И.Глинка «Руслан и Людмила» операсынан  үзінді  тыңдату.

Ән үйрену.Халық әні  «Япурай » әнін қайталау.

Сергіту сәті. Ойлан тап!

Төмендегі торкөздерге сұрақтардың жауабын дұрыс орналастыр.

IV. Сабақты қорытындылау.

Шығармашылық тапсырма.Өзіңе таныс аспаптардан сөзжұмбақ құрастыр.

1.Опера түрлері қандай?

2. Қазақстандағы опера театрлары туралы не білесіңдер?        

V. Үйге тапсырма: Опера өнері туралы қосымша ізденіп оқу

 

 

 

Өтілетін күні:                                                                                  4  сынып

 

Сабақтың тақырыбы: Әлемге әйгілі Метрополитен Опера театры

Сабақтың мақсаты: Оқушыларға тақырыпты меңгерту,опералық  театрлар тарихымен таныстыру.

 Сабақтың міндеттері:

 

·Операдағы  шығармаларды тыңдай отырып оқушының танымын,ой-өрісін дамыту ;

·Классикалық музыканы түсініп тыңдауға, өнерді сүюге  тәрбиелеу.

 

Сабақтың түрі: жаңа сабақ.

 

Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап

 

Көрнекіліктері: аудио дискілер,суреттер.

 

                                                            Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі:

Оқушылармен амандасу. Олардың назарын сабаққа аудару. Тізімін тексеру.

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау.

1.Еуропаның атақты «Ла Скала» опера театры қай елде орналасқан?.

2.  Опера театрына неліктен ерекше киініп бару керек деп ойлайсыңдар?    

3. Ла Скала театрының сахнасында қандай опера жұлдыздары өнер көрсеткен?

ІІІ.Жаңа сабақты түсіндіру.

Оқулықпен жұмыс .                                                                                             Метрополитен Опера (Metropolitan Opera) – Америка Ќұрама Штаттарының белгілі опера театры. Нью-Йорк қаласында орналасқан театр 1883 жылы «Фауст» қойылымымен ашылды. 1966 жылы театр «Линкольн орталығына» көшті. Жаңа ғимараттағы театр жұмысы Барбердің «Антоний и Клеопатра» операсымен басталды.  Метрополитен театры өз қызметін бастаған кезде көбінесе Вагнердің шығармаларын қойды. Театрда 1884-1891 жылдары дирижёр Дамрош, 1908-1910 жылдары Малер қызмет етті. 1910 жылы кез келген шығарманы түпнұсқа тілінде орындау дәстүрі бастау алды.

Метрополитен Опера сахнасында Альбани, Зембрих, Имс, Мелба сынды атақты әншілерөнер көрсетті. XX ғасырдың бірінші жартысында театрда Галли-Курчи, Дестинова, Джильи, Мельхиор, Пинца, Руффо, Тиббет, Флагстад және т.б. әншілер қызмет етті. Варни, Стибер, Такер сынды танымал әншілер өз шығармашылыќ жолдарын осы театрда бастаған. XXғасырдың екінші жартысында Бастианини, Гобби, Каллас, Гедда, Гяуров, Дель Монако, Доминго, Кабалье, Лондон, Б. Нильсон, Паваротти, Л. Прайс, Сазерленд, Силс, Скотто, Тебальди, Шварцкопф Метрополитен Опера театрында танымал шығармаларды орындады.Метрополитен Опера – Американың ең ірі мемлекеттік емес мәдениет ошағы. Театр «Метрополитен-опера хаус компани» акционерлік қоғамындағы қаржы негізінде құрылған. Метрополитен Опера театрына әлі күнге дейін жеке тұлғалар мен коммерциялыќ мекемелер демеушілік етеді.

Метрополитен Опера театрын «Мет» деп атайды. Театрдың көркемдік жетекшісі – Джеймс Ливайн, бас директоры – Питер Гельб.

Театр қыркүйек-сәуір айларында жұмыс істейді. Мамыр мен маусым айларында театр гастрольдік сапарларға шығады. Шілде айында театр труппасы Нью-Йорк қаласындағы саябақтарда тегін өнер көрсетеді.

Оқушылар жаңа сабақты қабылдайды, қабылдаған ақпаратты талқылап, талдайды, ақпарат негізінде білімін жүйелейді, жинақтайды, одан қорытынды шығара алады.

 Музыка тыңдау.Дж.Бизе «Кармен» операсынан  үзінді  тыңдату.

Ән үйрену.Музыкасын жазған Б.Әлімжан,сөзін жазған Б.Жақып  «Менің өлкем » әнін қайталау.

Сергіту сәті. Ойлан тап!

Төмендегі торкөздерге сұрақтардың жауабын дұрыс орналастыр.

IV. Сабақты қорытындылау.

Шығармашылық тапсырма.Өзіңе таныс аспаптардан сөзжұмбақ құрастыр.

1.Метрополитен Опера театры қай қалада орналасқан?

2. Театр өз қызметін қалай бастаған?       

V. Үйге тапсырма: Опера туралы сөзжұмбақ құрестыру.

 

. Бағалау.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Өтілетін күні:                                                                                  4  сынып

 

Сабақтың тақырыбы: «Әйгілі Вена опера театры»

Мақсаты: Вена опералық театрының тарихымен таныстыру, «Опернбаль» фестивалі туралы мағұлмат беру, Амадей Моцарт «Венский Вальс» тыңдау, талдау және вальс ырғағының элементтерін үйрену, Н. Алғашбевтың «Анашым» әнін үйрену;

Тәрбиелік мәні: Музыка өнері арқылы әсемдікке, әдемілікке, өз ойын тиянақты да жан- жақты жеткізе білуге және өз ойын тұжырымдауға ,басқалардың көзқарасын тыңдай білуге тәрбиелеу.

Дамытушылық мәні: Оқушылардың опера, бал, симфония сияқты музыкалық білімдерін дамыту, классикалық музыкаға деген қызығушылығын арттыру;

Сабақтың түрі: кіріктірілген сабақ

Сабақтың әдісі: жигсо, галереяға саяхат, әңгімелеу, суреттеу т.б

Сабақтың өту барысы:

Ұйымдастыру бөлімі: Музыка әуенімен оқушылар класқа кіреді.

Тақтада жасырын кеспелерде бүтін, жартылық, төрттік, сегіздік ноталар жасырылған. Оқушылармен амандасып болған соң әр оқушы кеспелерді алып топтарға бөлініп отырады.

1 топқа- бүтін ноталар жинақталады.

2 топқа- жартылық ноталар жинақталады.

3 топқа- төрттік ноталар жинақталады.

-Қазір қай жыл мезгілі?

-Бүгінгі сабағымызды бір- бірімізге көктем мезгіліне байланысты жақсы сөздерді айтумен бастайық. Ол үшін ол сөздерді мына жүректі алақанымызға салып жүректен жүрекке жететін қылып айтайық. (оқушылардың тілектерін тыңдау)

-балалар, мына суретте көрсетілгендей киімдерді кімдер киген және қай уақытта киген осы турасында өз ойларымызды ортаға салып көрейік. Осы сұрақты өз топтарыңызда талқылып көріңіздер.Оқушылардың жауабын тақтаға жазып тұрамын.

- кештерде

- ертеде балдарға киіп барған,

- ақсүйектер киген,

- әншілер киеді ,

- опера әншілері киеді,

- хан сарайларында киген,

- ертегіде хандардың,байлардың қыздары киген т.б

Қызығушылықты ояту: Олай болса, «опера» деген сөзге ассосация жасап көрейік.

-Ал, опералық театр деген не? Олай болса, оқушылар бүгінгі сабағымыздың тақырыбы бүкіл әлемге әйгілі театрлардың бірі «Вена опералық театры» деп аталады.

Дәптермен жұмыс

Вена опералық театры

-Бүгінгі тақырыпты тереңірек білу үшін алдарыңыздағы кеспелерді алып мұқият, түсініп, асықпай оқимыз. (5 минут)

Мағынаны тану: 1 топ: Әлемнің ең үздік театрларының бірі- Австрия астанасы Вена қаласындағы«Вена опералық театры». Бұл өнер ордасы 1869 жылы мамыр айында Амадей Моцарттың «Дон Жуан» операсымен ашылған. Театрдың директоры және дирижеры Ганс Рихтер болған. Кейіннен 1955 жылы қайта жөндеуден өткізіліп, қазірге дейін өз көрермендеріне есігі ашық. Мұнда классикалық мектептің үздік дәстүрлері бүгінге дейін сақталған. Қазіргі күнге дейін вальстің қаласы деп аталады. Австрияға жылда келетін 20 миллионнан астам турист ең алдымен, театр артистерінің өнерін тамашалауға  асығады. Бір маусымда 350-ден аса опера және балет туындысы сахналанады.  

2 топ: Венада әр жыл сайын 200-ге жуық би мерекелері өтеді. Соның бірі - «Опернбаль» би кеші. Би кеші әр жылдың ақпан айының ортасында өтеді. Оған дүние жүзі бойынша мыңдаған жұп қатысып таңға дейін вальс ырғағымен тербеледі. Венаның мемлекеттік опера ғимаратында өтетін «Опернбаль» би маусымы ең жарқын, ең әдемі есте қалатын кезеңдердің бірі. 5000 астам қонақ жиналатын бұл шара классикалық би элементтерін қатаң сақтайтын салтанатты іс-шара. Балға қатысушылар киіну үлгісін де қатаң сақтаған. Әйелдер әшекейленген ұзын ақ кешкі көйлек, ал ер адамдар фрак киген.

3 топ: Әлемдегі би балдарының астанасы- Вена. Вена опера театрының жұмысы әрбір күні, сағаты, он айға жоспарланып, дирижеры мен атақты орындаушысымен бекітіліп қойылған. Театрдың бетке ұстар карточкасы Моцарттың шығармалары. Опера сахнасы және көрермендер залы бір түнде орасан зор би алаңына айналады. Бал өтетін зал гүлдер мен әдемі жарықтармен безендірілген. Қатысушылар ең қымбат әшекейлер мен зергерлік бұйымдарды таққан. Балды 17 мен 24 жас аралығындағы жастар ашады. Балға қатысу үшін алдын ала сұраныс тапсырылып, іріктеу кезеңінен өтеді. Балдың ашылу салтанатына қатысатын жұп бір-ақ рет билей алады. Балға қатысушы жұптар полонез, полька билерімен бастап, бал әрі қарай әдемі әуенді вальске ұласады.

 

-Енді осы мәтіндер бойынша бір- бір сұрақ қояйық.

(Амадей Моцарттың өмірі туралы үзінді тыңдау)

Музыка тыңдау: А. Моцарт «Венский вальс»

(Музыка тыңдалғаннан кейін қойылатын сұрақтар)

1.      Музыка қалай орындалды?

2.      Қандай екпінде орындалды?

3.      Музыка қандай аспаптармен орындалды?

Дәптермен жұмыс: Негізгі сабақта алған ұғымдарын дәптерге қысқаша жазу.

Сергіту сәті: Оқушылар, кәне орынымыздан тұрып бізде вальс екпінінде ырғалып көрейік. Өзімізді Вена қаласында жүргендей сезініп, балда жүргендей елестетіп көрейік.

Ән үйрену: Н. Алғашбаевтың «Анашым» әнін үйрену.

Әнге талдау жасау:

1.Өлшемі қандай?

2. Қандай ұзақтықтағы ноталар кездеседі?

3. Әннің екпіні қандай?

4. Әннің авторлары кімдер?

-Енді әннің мәтінін оқып көрейік.

 

Анашым

Өлеңі мен әні: Н. Алғашбаев

1.Бүгін сенің туған күнің анашым,

Құлпырасың, оттай лаулап жанасың.

Балаң үшін елжірейді жүрегің,

Қуанасың, шаттық әнге саласың.

Анашым, анашым.........

2.Аяулы анам сен деп соғар жүрегім,

Қамқорың боп мен қасыңда жүремін.

Туған күнің құтты болсын, анашым,

Ұзақ өмір сүре берші- тілегім.

Анашым, анашым...........

·         Музыкасымен әнді айтып беру

·         Дауыс жаттығуын жасау

·         Әннен үзінді үйрену

 

·         Әнді топпен орындау

·         Қатармен орындау

·         Жұппен орындау

 

Ой толғаныс: Қортындылау.

- Оқушылар, бүгінгі сабақта: Не үйрендік?

Не білдік?

Сабақтың қай бөлімі ұнады?

-Қандай жаңа ұғымдармен таныстыңдар?

Вена опералық театры-

Бағалау: - Бүгінгі сабаққа өте жақсы қатыстыңыздар. Өз бағаларыңызды мына кеспеге жапсырыңыздар.

Үйге тапсырма: Вена опера театры туралы қосымша іздену.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Өтілетін күні:                                                                                      4  сынып

 

 

Сабақтың тақырыбы: Ресейдің Үлкен театры

Сабақтың мақсаты: Оқушыларға тақырыпты меңгерту,опералық  театрлар тарихымен таныстыру.

 Сабақтың міндеттері:

 

Опера жанрларымен танысу,операның негізгі түрлерімен танысу,ән айту қабілетін дамыту

Сабақтың түрі: жаңа сабақ.

 

Сабақтың әдісі: түсіндіру, сұрақ-жауап, топтық жұмыс, жазылым.

Көрнекіліктері: аудио дискілер,суреттер.

 

                                                            Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі:

Оқушылармен амандасу. Олардың назарын сабаққа аудару. Тізімін тексеру.

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау.

1.Опера дегеніміз не? 2.Опера тұңғыш рет қай ғасырда,қайда пайда болды? 3.Опералық қойылымда қандай ұжымдар жұмыс жасайды? 6.Опера жанрының түрлерін ата

Сұрақтарға жауап береді

ІІІ.Жаңа сабақты түсіндіру.

Оқулықпен жұмыс Операның негізгі жанрлары.Операның бірнеше түрі бар.Олар:халықтың қайғы- қасіретіне құрылған Глинканың Иван Сусанині,Мусоргскийдің Борис Годуновы,лирикаға құрылғанЧайковсийдің Евгений ОнегиніОперадағы драмалық оқиға 3-4 бөлімнен құрылады.Операдағы басты элемент ария болып табылады.Ария орындалуы жағынан өте күрделі өлең түрі болып келеді.Операда музыкалық әңгімені речитатив деп атайды.Речитатив тақпақтап айту дегенді білдіреді.Операның мазмұндық желісінің дамуында ансамбльдер маңызды орын алады.Оның құрамында дуэт,трио және квартет болады.Опералық қойылымның басты сюжеттік желісін ашудағы маңызды элементтері ария,речитатив,ансамбль және хор болып табылады.

Музыка тыңдау.М.И.Глинка «Руслан и Людмила» операсынан  үзінді  тыңдату.

Ән үйрену.Алдынғы сабақтағы  әнді қайталау.

Сергіту сәті. Ойлан тап!

Төмендегі торкөздерге сұрақтардың жауабын дұрыс орналастыр.

IV. Сабақты қорытындылау.

Шығармашылық тапсырма.Өзіңе таныс аспаптардан сөзжұмбақ құрастыр.

1.Опера түрлері қандай?

2. Қазақстандағы опера театрлары туралы не білесіңдер?        

V. Үйге тапсырма: Опера өнері туралы қосымша ізденіп оқу

 

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Музыка пәнінен 4 сынып сабақ жоспары"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Проректор

Получите профессию

Интернет-маркетолог

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Краткое описание документа:

Б.з.б. 510 жылғы Ежелгі грек сауытында музыка сабақтары бейнеленген

Музыка (гр. μουσική, тура мағынасында музалар өнері) – белгілі биіктіктегі дыбыстардан тұратын, адамға сазды әуенімен әсер ететін, дыбыстық көркем бейнеге негізделген өнер түрі. Өзінің эмоциялық әсері арқылы музыка адамзат тарихында қоғамдық-идеялық, мәдени-тәрбиелік және эстетикалық рөл атқарады. Музыка адам сезімін, ойын, оның ерік-күшін дыбыстық формада суреттейтін қатынас құралы ретінде қызмет етеді. Адамның жан дүниесін, көңіл-күйін, сезімін бейнелеуде музыка оның сөйлеу тіліне, дәлірек айтқанда, өзін қоршаған ортаға эмоциялық қатынасын білдіретін сөйлеу интонациясына өте жақын келеді. Соған қарамастан, музыка адамның басқа дыбыстық іс-әрекетінен ерекше саналады. Музыкада дыбыстардың биіктік және уақыттық (ырғақтық) қатынастары өте қатаң тәртіпке келтірілген. Музыкалық шығарма мазмұнында адамның ақыл-ой, ерік-күшінің эмоциялық жақтары кеңінен көрініс табады. Мұның өзі адамның психологиялық хал-жайын ғана емес, оның мінез-құлқын да музыкада ашуға жағдай тудырады.

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 672 079 материалов в базе

Материал подходит для УМК

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 07.04.2019 5912
    • DOCX 132.8 кбайт
    • 61 скачивание
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Кожагельди Е . Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Кожагельди Е
    Кожагельди Е
    • На сайте: 5 лет
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 21356
    • Всего материалов: 8

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Менеджер по туризму

Менеджер по туризму

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Оркестровые и струнные инструменты: актуальные вопросы методики преподавания в ДМШ и ДШИ

72 ч.

2200 руб. 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 24 человека

Курс повышения квалификации

Методика преподавания по классу фортепиано: начальный уровень подготовки (практический курс)

36 ч. — 144 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 20 человек из 13 регионов
  • Этот курс уже прошли 230 человек

Курс повышения квалификации

Актуальные вопросы преподавания специального фортепиано в ДМШ и ДШИ

72 ч.

2200 руб. 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 38 человек из 21 региона
  • Этот курс уже прошли 164 человека

Мини-курс

Инновационные технологии для бизнеса

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Управление и стратегическое развитие высшего образования

5 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Самопознание и личностный рост

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе