Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Математика / Другие методич. материалы / Научная работа на тему "Қазақ математиктерінің өмірінен тарих сыр шертеді"

Научная работа на тему "Қазақ математиктерінің өмірінен тарих сыр шертеді"

  • Математика

Поделитесь материалом с коллегами:


Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі

«№13 жалпы білім беретін орта мектебі» КММ






Бағыты: жаратылыстану –математика

Секция: «Математика тарихы»




Тақырыбы: Қазақ математиктерінің өмірінен тарих сыр шертеді




Ғылыми жетекші: жоғары санатты

математика пән мұғалімі

Жақсылықова Күлаш Жұмабекқызы


Дайындаушы: 5 ғ сынып оқушысы

Әбдіхамит Ердаулет Марғұланұлы











Қарағанды облысы

Жезқазған қаласы

2013жыл

Аннотация

Мақсаты: Математика шытырманы мол , қызығы мен шыжығы көп ғылымның төресі ретінде дамуына үлес қосқан қазақ ғалымдарының еңбектерін, шығармашылықтағы өмір жолдарын жас ұрпаққа үлгі етіп , кәсіптік бағдар беру.

Міндеттері:

  • Қазақ математиктерінің өмірі, қызметі , еңбек жолдары жайлы

ғылыми мәлімет беру;

  • Ойын нақты жеткізуге қалыптастыру , дағдыландыру;

  • Математиканың жаңа заман талабына сай қажеттілікті өтейтін

ғылым екендігін түсіндіру;

Өзектілігі: Қазақ ғалымдарының математика ғылымындағы сіңірген

еңбектерін, шығармашылықтағы табыстарын насихаттау.


Зерттеу этаптары:

I этап. Қалалық кітапхана қорына саяхат.

II этап. Ө.А.Байқоңыров атындағы Жезқазған

университетінің математика кафедрасындағы

оқытушылармен кездесу.

III этап. Бұқаралық ақпарат, интернет мәлметтері.

Зерттеу әдісі: Деректер жинақтау, жүйелеу, талдау, сараптау.

Болжам: егер қазақ ғалымдарының математика саласындағы шоқтығы биік , бір ғасырлық емес, бірнеше ғасырлық еңбектері , өмір жолдары ғылыми тұрғыда терең оқытылса, онда оқушының математикалық дүние-

танымы артады.

Күтілетін нәтиже: Зерделенген мәліметтерді зерттей отырып, қазақ математиктерінің ғылыми жетістіктерімен қаруланған , егемен еліміздің кемел келешегі болар, бәсекеге қабілетті , елу елдің қатарына кіруге өз білімінен септігін тигізер , өзіндік ғылыми көзқарасы бар тұлға қалыптасады.


Аннотация

Данная исследовательская работа ученика 5 ғ класса средней школы № 13 города Жезказгана .Абдихамит Ердаулет освещает жизненный путь, трудовую деятельность, научные достижения казахских ученых – математиков IX - XX вв.

Работа предназначена для учащихся 5-8 классов. Познавательная ценность этой работы неоспорима. Она служит для развития мотивации

к изучению математики .







.


.


МАЗМҰНЫ



I. КІРІСПЕ............................................................................................. 3


II. НЕГІЗГІ БӨЛІМ. Ұлы ғалымдар ілімі – жарқын болашақ кепілі...4


2.1. Математика әлеміндегі тұғырлы тұлғалар ….............................5


2.2.Математика саласындағы тұңғыш ғалым

( О.А.Жәутіков туралы ой толғау)................................................17


2.3. О.А. Жәутіков атындағы физика- математика мектебі туралы

қысқаша шолу...............................................................................18


III. ҚОРЫТЫНДЫ..................................................................................20


ҚОСЫМША .....................................................................................21


ӘДЕБИЕТТЕР ..................................................................................23



КІРІСПЕ


Тарихи жағдайларға байланысты халық мәдениеті бірде өрлеу , бірде тоқырауға тап болды. Мәдениетті майя , бабл халықтары тәрізді құрып кететіндері де болады. Қалай десек те халық мәдениетінен : ұстап-тұтқан , пайдаланған заттарынан , жазған хаттары мен ескерткіштерінен , салған құрылыстарынан із қалады. Оларды тарихи оқиғалармен салыстыра зерттеу – шындықтың бетін біршама ашуға көмектеседі. Ел мәдениеті дамыған кезде халқының тарихына көз жіберіп , оны сараптап , болашаққа мұра етеді .

XX ғасырдың аяғында қазақ жеке шаңырақ құрды. Оның босағасын берік ету , шаңырағын шайқалтпау –біздің қолымызда. Арман – алда.

Математика тарихының шаң басқан беттерін ақтарған Мыңбай Өтежанұлы Ысқақов , Ақжан Машанов , Ауданбек Көбесов , Қажи Нұрсұлтанов сияқты қазақ ғалымдарымен тізе қосқан қандастармен , тәуелсіз достастық елдер ғалымдарының еңбектеріне сүйенсек , қазақ математикасының гүлденген шағы IX-XI ғасырлар арасы. Қазақ мектептерінде математикалық білім беруге ат салысқандар арасында М.Дулатов, А.Қасымов, А.Байтұрсынов, Ә.Сытдықов, Е. Омаров, С. Қожанов, К.Жаленов, Қ. Шонанов, Ф.Болатбековтерді атауға болады. Сондай-ақ , С. Бақаев, Ғ.Кемелов, М.Әмірбаев, Ғ.Мұханбетов, Ә.Ермековтерде қол ұшын берді. Соның нәтижесінде , бүгінгі күні математикалық білімді одан әрі жетілдіру мағынасында әртүрлі дәрежелі оқу орындары , әртүрлі бағдарламамен жұмыс істеуде. Ғылымның практикалық жағына көңіл бөлінуде.

.Егеменді ел болғалы математика салалары да тез өсіп , дами бастады.






II. Ұлы ғалымдар ілімі – жарқын болашақ кепілі.

2.1. Математика әлеміндегі тұғырлы тұлғалар

Ермеков Әлімхан Әбеуұлы

Әлімхан Әбеуұлы Ермеков (1891-1970) Жезқазған облысы , Ақтоғай ауданы, Беріктас деген жерде өмірге келді. Әкесі Әбеу халқына қадірлі, озық ойлы, орысша сауаты бар, өз дәуіріндегі зиялылардың бірі. Ол 1911 жылы қайтыс болған. Әлімхан 1899 жылы Қарқаралыдағы қалалық училищеге оқуға түседі. Мектепті үздік бітірген Әлімханды әкесі1906 жылы Семейдегі ерлер гимназиясына әкеліп түсіреді. Оны Әлімхан 1912 жылы алтын медальмен бітіреді де, осы жылы Том тхнологиялық институтының тау-кен факультетіне конкурссыз қабылданады. Бірақ оны түрлі жағдайларға байланысты 1923 жылы ғана бітіреді. Зеректігі мен алғырлығы оған математиканы өз бетінше меңгеруге мүмкіндік берді. Математика ғылымы бойынша қазақтан шыққан тұңғыш профессор да атанды.

Универстетте оқып жүргенде-ақ озық ойлы, орыстың белгілі саяхатшысы, Шоқан Уәлихановтың досы Г. Н. Потанинмен, орыс жазушылары В. Я. Шишковпен, В.М. Бахметьевпен, рефолюционер Бауэрмен таныс болды. Олар Әлімханның саяси көзқкрасының қалыптасуына ықпал етті. Алашорда басшылары Әлихан Бөкейханов, Халел Ғаббасовтармен пікірлес болды. Қазақ республикасын құру мен оның территориялық шекарасын белгілеуде зор еңбек сіңірген қоғам қайраткері ғана емес, жастарға білім беруге жан-тәнімен берілген ұлағатты ұстаз. 1921 жылы Ермеков туған жері Қарқаралыға келіп екі басқышты мектеп ашады. Қарқаралы-Ұлытау, Баян өлкесінің жастарына өнер-білім алуға ұйытқы болады. Қызыларай өңірінде бастауыш мектептер ашты.

«Оқу және әдістемелік әдебиеттері жөніндегі Республикалық баспа кабинеті» проф. Әбеуұлы Әлімханның «ұлы математика курсын» 1995 жылы қайта басып шығарды. Баспаға дайындаған ғылым кандидаты Ш.Біләлов болатын.


Оразбаев Базарбай Мәмбетұлы

Базарбай Мәмбетұлы Оразбаев 912-1982)-қазақтың белгілі алгебра маманы, Қазақ ССР Ғылым академиясының корреспондент мүшесі (1967), физика-математика ғылымдарының докторы (1962), профессор (1965). Шымкент облысы, Түлкібас ауданының бұрынғы Қараүңгір деп аталатын ауылында дүниеге келді. Әке-шешесінен ерте жетім қалып, әуелі ташкенттегі балалар үйінде тәрбиеленіп, сондағы жеті жылдық үлгілі мектепте оқыды. 1930 жылы Қызылордаға ауыстырылып, жетінші класты осында бітірді. Әзірлік курсында оқып, Ленинград университетінің физика-математика факультетіне қабылданды. Ғылымға деген шын ықыласы осында оянды. Төртінші-бесінші кластарда оқып жүргенде есеп пәніне шорқақ болғанымен, жігерлігі мен табандылығы нәтижесінде алдыңғы қатарлы оқушыға айналды, келе-келе атақты математик атанды. Баспа бетін көрген «Жұлдыз тәріздес аналитикалық функциялары» диплом жұмысының нәтижесі. Қазан қаласында аспирантурада оқып жүрген кезде Ферма проблемасын шешіп, айды жерге түсірмек болған албырт та аңғал Дон-Кихоттығынан бастап, математикада ізденумен өмір кешті конгресі болатын. Осында конгреске келген жерлестері О.А.Жәуітков, Д.Ү.Үмбетжанов, А.К.Көбесов, М.Я. Ятаевтар Базекеңнің қолын қысып, бауырына тартып, ілифаттарын білдірді. Ол 1945 жылдан ҚазПИ-дің доценті, ал 1965 жылдан осы институттың жоғары алгебра және сандар теориясы кафедрасының профессоры, оған қоса меңгерушісі болды. Ол 105 ғылыми еңбектің, П.Л. Чебышев (1950), Орыстың ұлы математигі Н.И. Лобачевский (1948, 1967), Анықтаушылар теориясы (1961, 1966), Сандар теориясы (1970) сияқты оқу құралдырының авторы. Соңғы көлемді оқулық-сандар теориясынан жазылған қазақ тіліндегі тұңғыш оқулық. Онда Оразбаев мектебінің табыстары қамтылған.

Ғалым бірнеше ордендермен мараппатталған. Кішіпейіл, жүзі жылы, қызыл шырайлы, ірі аға жүрегі 1982 жылы соғуын тоқтатты. Мемлекеттік Педагогикалық Университеттің жоғары алгебра және сандар теориясы кафедрасының төрінен оның жарқын бейнесі жастарға үлгі.


Педагог – ғалым Бүркіт Бисенұлы Баймұханов

Бүркіт Баймұханұлы – педагогика ғылымдарының докторы , профессор, білім беру саласында елеулі еңбек еткен , бірқатар оқу әдістемелік құралдардың авторы. Қазақстандағы әдіскер – математиктердің мектебін құрушылардың бірі.

Б.Б. Баймұханов 1930 жылы қазан айында Атырау облысы , Махамбет ауданының №12 ауылында дүниеге келген. Әкесі Бейсен – колхозшы, Ұлы отан соғысында қайтыс болған , шешесі Ұмсынай үй шаруасындағы әйел.

Оның балалық шағы соғыс пен соғыстан кейінгі ауыр жылдарда өтті. Б.Б. Баймұханов Махамбет ауданының Махамбет атындағы орта мектебін бітіргеннен кейін Абай атындағы Қазақ мемлекеттік педагогикалық институтына түсті. Одан әрі Атыраудағы педагогикалық институтта математикадан сабақ берді . 1957-1961 жылдары Украинаның Харьков қаласындағы политехникалық институттың аспирантурасын оқыған ол 1963 жылы кандидаттық диссертация қорғап , физика-математика ғылымдарының кандидаты атағына ие болды. 1966-1972 жылдары Қазақ ұлттық мемлекеттік университетінде жұмыс істеген кездері жоғары оқу орындары оқытушыларының білімін жетілдіру факультетін ұйымдастырып оның алғашқы деканы болды.

Б.Баймұханов 1972 жылдан бастап бұрынғы Кеңестер Одағы Педагогикалық ғылымдар Академиясы оқытудың мазмұны мен әдістері ғылыми-зерттеу институтының Қазақ филиалының аға ғылыми қызметкері ал 1973 жылдан математиканы және физиканы оқыту лабораториясының меңгерушісі болды. Орта мектепте математиканы оқыту проблемаларымен айналысып,осы бағытта көптеген құнды еңбектер жазды.Еңбектері Мәскеу қаласындағы , республикамыздағы баспаларда және мерзімді баспасөз беттерінде жарық көрді. Орта мектепте оқыту мазмұнының өзгеруіне және соған сәйкес жаңа оқулықтарды енгізуге байланысты мұғалімдердің біліктілігін арттыру барысында еліміздің көптеген мектептерінде болып, мұғалімдер қызметіне өзіндік қолғабысын тигізді.

1992 жылы өзінің ұзақ жылдар зерттеу еңбектерін жинақтай келіп , республикамызда бірінші болып , математиканы оқыту әдістемесі саласы бойынша докторлық диссертация қорғап , педагогика ғылымдарының докторы , профессор атағына ие болды. Профессор Б.Б.Баймұханов бағдарламалар мен оқулықтарды жетілдіруге , мұғалімдерге арналған әдістемелік құралдар жасауға ерекше көңіл бөлді , оның ішінде «Математиканы оқыту әдістемесі», «Орта мектептегі жиындар теориясының элементтері », «Математикадан есептер шығаруға үйрету », «Алгебра-7» және т.б. сияқты әдістемелік және оқу құралдарын атап өтуге болады. Б.Б.Баймұханов- қазақтан шыққан математиканы оқыту әдістемесі бойынша тұңғыш ғылым докторы, әрі профессоры.


Жұмаділдаев Асқар Серқұлұлы

Асқар Серқұлұлы Жұмаділдаев 1956 жылы Қызылорда облысы Шиелі ауданында дүниеге келген. Қазақтың атақты математигі . Жетінші сыныпқа дейін ауыл мектептерінде оқып , 1970-1972 жылдары Алматы қаласындағы Қ.И. Сәтпаев атындағы №56 физика-математика факультетінде оқыды. Лениндік степендиат , факультет комсомол ұйымының хатшысы болды. 1977-1980 жылдары Москва университетінің аспирантурасында оқыды. Аспирантураны бітіргеннен кейін Қазақ ССР Ғылым Академиясында кіші ғылыми қызметкер , жетекші ғылыми қызметкер , бас ғылыми қызметкер атанды. 1981 жылы кандидаттық диссертациясын «Модулярлық Ли алгебрасының деформациялары» деген тақырыпта Стеклов атындағы СССР Ғылым Академиясының Математика институтында қорғаса , докторлық диссертациясын осы институттың Ленинград бөлімшесінде « Оң сипаттамалы Ли алгебрасының когомологиясы »деген тақырыпта қорғады. Асқар Серқұлұлы Гамбург университетінің қонақ профессоры , Америка математикалық қоғамының мүшесі. Ол ГДР мен ФРГ , Швейцария , Польша , Жапония т.б. мемлекеттерінде болған, түрлі конференцияларға қатысып , математикадан баяндамалар жасап, ғалымдарға дәрістер оқыған. Асқар Жұмаділдаев ҚР ҰҒА академигі , физика-математика ғылымдарының докторы , профессор. Ақын Тұманбай Молдағалиев А. Жұмаділдаевтың 37-жасқа келген туған күнінде мынадай өлең жолдарын арнапты :

Сұрайсың жерден де ақыл, елден де ақыл

Отыздың жетеуіне келген батыр

Мәңгілік өлмейтіндер тізіміне

Ойласаң осы бастан енген мақұл

Бәріне жетем десе адамда ерік

Заманың кигізеді саған бөрік

Сыйлапты ғалымдығын саған тағдыр

Ақжаңбыр ақындығын маған беріп

Түрленіп ісімізден жатады өңір

Гүлдентер көңілімізді бата не бір

Қазақтың қасиетті екі ұлы боп

Сүру де бақ емес пе қатар өмір


Әбілқасымова Алма Есімбекқызы

Ә.А. Есімбекқызы 1949 жылы Жамбыл облысына қарасты Құлан станциясында дүниеге келген. Әкесі – теміржолшы , Бішкекте темір жол техникумын бітірген. Ол 1909-1978 жылдар арасында өмір сүрген. Шешесі Үдербаева Нағайым 1916 жылы туған , бастауыш мектептің мұғалімі болған. 1966 жылы осы ауылдағы №32 Әлия Молдағұлова атындағы орта орыс-қазақ мектебін бітірген. 1967 жылы Қазақтың мемлекеттік университетінің механика-математика факультетіне түсті. 1972 жылдардан бастап әртүрлі кафедраларда қызмет істеп , кіші оқытушы, аға оқытушы , доцент атақтарынан өтті. 1991 жылы педагогика ғылымдарының кандидаты болса , 1995 жылы ғалым-доктор атанды. 1994 жылы « Студенттердің танымдық ізденімпаздығын қалыптастыру » деген көлемді зерттеуі жарық көрді. «Математикадан есептер жинағы », «Методика преподавания математики» сияқты еңбектері , «Алгебра-7» , « Алгебра-8», «Алгебра-9», «Алгебра-10», «Алгебра-11» және әдістемелік құралдар , есептер жинағы бар. Алма Есімбекқызы қазақ қыздарынан шыққан тұңғыш педагог доктор-математик.

Қараев Жауынбай Амантұрлыұлы

Ж.А.Қараев 1956 жылы 3 қазанда Маңғыстау облысының Бейнеу ауданына қарасты Сам ауылында туған. 1963-1973 жылдары Сам қазақ орта мектебінде оқып, 1978 жылы Халел Досмұхамедов атындағы Атырау университетінің физика-математика факультетін үздік бітірді. 1990 жылы ҚР ҰҒАның математика-механика институтына стажер болып келді. 1985 жылы тиімді басқару есептерінің бір түрінен ғылым кандидаты атанды. 1986 жылы Атырауда аға оқытушы болып қызмет істеді. 1986-1989 жылдары информатиканы оқыту әдістемесі бөлімінің меңгерушісі қызметін атқарды. 1989-1992 жылдары өз ісіне білгір , ұқыпты жігітті Ы.Алтынсарин атындағы Қазақ білім проблемалары институтының директоры орынбасары болып істеді.1992 жылдан Алматы қалалық педагогтік мамандарының біліктілігін көтеру және қайта даярлау институтының бастығы болды. Осы уақытқа дейін бірнеше мақала , кітаптар шығарды. Олардың бәрі Қазақстанда есептеу техникасы мен информатика пәнін мектепте оқыту туралы. Мәселен, 1991 жылы «Рауан» баспасынан «ЭВМ және программалау элементтері», осы баспадан 1993 жылы «Компьютерді оқыту процесіне пайдалануға кіріспе», «Информатика және есептеуіш техника негіздері бойынша есептер жинағы» т.б. кітаптары айтуға тұрарлық. Ғылымды дамытуға ден қойған Ж.А.Қараев 1994 жылы Абай атындағы Алматы мемлекеттік университетінің Д 14.06.01. мамандандырылған кеңесінде «Активизация познавательной деятельности учащихся в условиях применение компьютерной технологии обучения» тақырыбы бойынша докторлық диссертация қорғады. Ұстаздықты пір тұтқан Жауынбай Амантұрлыұлы – жан-жақты ғалым.


Жәутіков Орынбек Ахметбекұлы

Орынбек Ахметбекұлы Жәутіков 1911 жылы Қарағанды облысы , Ақтоғай ауданы , Қызыларай ауылында дүниеге келген. Белгілі математик, физика-математика ғылымдарының қазақ арасынан шыққан тұңғыш докторы атағын 1961жылы , 1961 жылы профессор,1962 жылы Қазақстан Ұлттық Ғылым Академиясының академигі, 1974 жылы Қазақстанның ғылыммен техника қайраткері , 1976 жылы Қазақ ССР Мемлекеттік сыйлығының жүлдегері иегері болды.

Төрт жасында шешесінен жетім қалған Орынбек, жетіге толмай ауыл сиырын бағып, әкесінің күн көрісіне көмектесті. 1921 жылы Қоңыратқа қарасты Дересінде Сармантайдың Ақмешітінің ауылындағы мектептен сауатын ашып, келесі жылы фельшер Хасен Бижанов ашқан Қарабұлақтағы мектепке ауысты. Есеп пәнінің мұғалімі Хамит Нығыметұлы оқу мен азайтуға берген есебін, әдеттегіден тыс әдіспен шығарғанда ұстаз маңдайы бір керіліп, орта бойлы ашаң сары балаға, мектебіме аламын деді.

-Мұны Мысыр әдісімен шығарыппын, - деп есіне алатынды атақты математик. Институтта математикалық анализден сабақ берген ұстазыммен қызметтес болып, талай жырын тыңдағанбыз. Сабырлы да салмақты, мәселенің шешімін ойланып барып айтатын, Орекеңнің жетпіс жылдығына Одақтық конференция ұйымдастырылып, Қарағандыда өткізілді. Ол конференцияға қатысқан тоғыз жүз математиктің ішінде отыз шақты адамды өзі оқыған Қарқаралыға екі шақырымдай жерде орналасқан мектебіне апарды. Кездесулер болды. Ол туралы Д. Үмбетжанов «Қазақстан мектебі» журналында (№5, 1986) жақсы жазды. 1923 жылы Қарқаралыдағы мектеп-интернатқа орналасып, оны 1930 жылы үздік бітірді. Осы жылы Қазақ педагогика институтының (қазіргі Алматы мемлекеттік университетінің ) физика-математика факультетіне оқуға түсіп, оны 1934 жылы қызыл дипломмен бітірді, мұғалімдік қызметке қалдырылды. 1934-1951 жылдары ҚазПИ-де ассистент, аға оқытушы, доцент, декан , проректор, директордың ғылыми жұмыс жөніндегі орынбасары, жоғарғы математика кафедрасының меңгерушісі қызметін атқарды. 1945-1965 жылдары Қазақстан Ғылым академиясының Математика және механика секторында аға ғылыми қызметкер, сектор меңгерушісі қызметін атқарды. 1969-1989 жылдары институттың математика бөлімінің академик-хатшысы, Қазақ ССР ҒА-ның Президиум мүшесі . 1985-1989 жылдары Қазақстан ҒА Математика және механика институтында лаборатория меңгерушісі болды.

Орынбек Ахметбекұлының негізгі ғылыми еңбектерінде дифференциалдық теңдеулер теориясымен, математика , физика теңдеулерімен қозғалыстың орнықтылық теориясымен және оның механика есептерінде қолданылуымен айналысты. Зерттеулері дифференциалдық теңдеулердің шектеусіз жүйесіне, тербеліс теориясының тарамдалған параметрлері бар жүйесіне арналған. Сондай-ақ, математикалық физикамен, жер асты су динамикасымен, математика тарихымен, математика әдіснамасымен, математиканы оқыту әдістемесімен айналысты. Прагадағы (1962), Братиславадағы конференцияда (1966), Москвадағы математиктердің халықаралық конгресінде (1966), 1971 жылы XIII халықаралық ғылым тарихына арналған конгресте баяндамалар жасады. Мұнда ол-әл-Фарабидің ғылыми еңбектері туралы әңгімеледі. Оның қолтума еңбектері: Математикалық анализ курсы (1958), Орыс матеатикасының атақты ғалымдары (1956), Жай санаудан машиналық математикаға жету (1956), Математиканың даму тарихы (1967), Комплекс сандар және олардың практикалық маңызы (1969), Бесконечные системы дифференциалных уравнений (1974), Математика и научно-технический прогресс (1978), Дифференциалдық теңдеулердің қолданылуы туралы әңгіме (1986),О применении методов ускорения к задачам колебаний упругих систем (1977), Жоғары математика және т.б. Орынбек Ахметбекұлы Кіші Ғылым академиясын ұйымдастырушылардың бірі, «Білім және еңбек» (Зерде) журналын шығаруға көмектесуші. Оның жетекшілігімен 12 ғылым кандидаты даярланып, өзі 220-дай еңбек жариялады.

1976 жылы Қазақстан Мемлекеттік сыйлығының лауреаты , Октябрь Революциясы орденімен, екі рет «Құрмет белгісі» орденімен және медальдармен марапатталды.


2.3. О.А. Жәутіков атындағы физика- математика мектебі туралы

қысқаша шолу.

1968 жылғы Республикалық физика-математика мектебін ұйымдастырушылардың бірі Ж.О. Ахметбекұлы болатын. Бұл мектеп қазір Жәутіков Орынбек Ахметбекұлы есімімен аталады. Ол республикамызда математик ғалымдарды дайындауда және математиканы насихаттауда көп еңбек сіңіріп , отандық математиктер мектебін қалыптастырды.

Жыл сайын еліміздің түкпір –түкпірінен мыңдаған жастар осы мектептен білім алып , еңбек етуде. Біздің Жезқазған қаласындағы Ө. Байқоңыров атындағы университетте Ж.О. Ахметбекұлы атындағы мектептің бір топ түлектері еңбек етеді. Олар: Физика- математика ғылымдарының докторы Арынов Еркін Бейсенбекұлы , информатика пәні мұғалімі Құлсейтова Ләйлә Көлбайқызы, физика-математика кафедрасының аға оқытушысы Әлібаева Салия Ибрагимқызы , бұрын осы мектепте физика пәнінің мұғалімі болған , физика-математика ғылымының кандидаты Жаппаров Кадірхан Токметәліұлы және Тілеулесова Ағила Балтабайқызы.

Т.А. Балтабайқызы 1987-1989 жылдары О. А. Жәутіков атындағы физика-математика мектебінде оқып , Алматыдағы Абай атындағы мемлекеттік университетінің физика-математика факультетіне түсіп, математика-информатика мамандығы бойынша бітіріп шықты. 2002 жылы Қазақстан Ғылым Академиясының математика институтының дифференциалдық теңдеулер және математикалық физика аспирантурасына түсті. Онда дифференциалдық теңдеулер және физика мамандығы бойынша кандидаттық диссертация жазып, 24.04.2007 жылы қорғады. 2006 жылдың қаңтарынан 2007 жылдың қыркүйегіне дейін Математика институтының осы лабораториясында кіші ғылыми қызметкер болып жұмыс істеді. Қазіргі таңда Тлеулесова Ағила Балтабайқызы Астана қаласындағы

И.Н.Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық Университетінде еңбек етеді.


Қорытынды

Қарап отырсақ , қазақ даласында әлемдік деңгейде өткен ғылыми жарыстар саусақпен санарлық күйде ғана, қазақ елін бүкіл әлемге тек мұнай не саясатпен емес , ғылым патшасы атанған математикамен таныстырудың бір орайы келіп тұр . Бұл 51-ші Халықаралық математикалық олимпиданың Қазақстанда өтуі . Көрші Қытайда 42 миллион адам тек қана математикамен айналысып , күн көреді екен.Ұлттың болашағы ғылым мен білімде екенін , тек ғылым ғана қазақ халқын ұшпаққа шығаратынын білуіміз қажет. Қазақ талантты халық !

Қазақты алып шығар жалғыз жол ғылым екенін жастар біз білуіміз керек. Ендеше , Ұлы ғұлама О.А. Жәутіков ілімі – бізге үлгі, жарқын болашақ кепілі .

Менің атам Садықов Әбдіхамит (1940-1993) Қарағанды облысы, Қарсақпай селосының Бұрмаша ауылында дүниеге келген. Өз қатараның алды, зерек оқушы болған.Қорқыт баба атындағы жоғары оқу орнын бітірген. Мектептерде, кәсіптік –техникалық училищелерде математикадан сабақ берген, жоғары санаттағы ұстаз болған.Атам 1993 жылы ауыр науқастан дүниеден өтті. Мен атамның жолын қуып, оның жеткізе алмаған ойларын жалғастырсам деймін












Пайдаланған әдебиеттер:

  1. «Қазақтың байырғы қара есептері» С. Елубаев.

  2. «Сыныптан тыс жұмыстар» Т.Р. Әлімбай.

  3. Математика Физика Информатика.Ғылыми-әдістемелік журнал.

  4. «Математика Қазақстан мектебінде » Ғылыми-әдістемелік журнал

  5. «Айқын » газеті. 2006 жыл.

  6. «Математикалық үйірмелер» Қ,Қаңлыбаев. Ш.Бектуалива. М.Меңдіғалива

  7. Ұлттық энциклопедия 2-ші том. 2001 ж.










Выберите курс повышения квалификации со скидкой 50%:

Краткое описание документа:

Даная исследовательская работа ученика 6 Ғ класса средней школы №13 города Жезказган. Абдихамит Ердаулет освещает жизненый путь, трудовую деятельсность,научные достижения казахских ученых-математиков ІХ-ХХ вв.

Работа предназначена для учащихся 5-8 классов.Познавательная ценность этой работы неоспорима.Она служит для развития мотивации к изучению математики.Данное работа по математика для 6 класса предназначены как дополнения знаний учащихся,так и для их углубления.Расширение и углубление знаний и умений учащихся по математике.Развитие математического кругозора,мышления, способностей,исследовательских умений.

Автор
Дата добавления 17.05.2015
Раздел Математика
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров456
Номер материала 536425
Получить свидетельство о публикации

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх