Инфоурок Всеобщая история Другие методич. материалы"Нұр Атаның нұрлы жолы" тәрбиелік шара

"Нұр Атаның нұрлы жолы" тәрбиелік шара

Скачать материал

«Нұр атаның  нұрлы  жолы» тағылымды тәрбие сағатының жүрісі

 

 

«Нұр атаның нұрлы жолы» атты  тәрбие сағатының ұйымдастыру комитетінің құрамы:

Дүйсенбаева Ж.С. – «Өрлеу» біліктілік арттыру ұлттық орталығы» АҚ филиалы, ҚР Маңғыстау облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты, кафедра меңгерушісі, ф.ғ.д.

Нұрова Р.Ж - «Өрлеу» біліктілік арттыру ұлттық орталығы» АҚ филиалы, ҚР Маңғыстау облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты, кафедра қызметкері,

Қалаубаева З.Б- Гимназия сыныптары бар №21 жалпы білім беру орта мектебі» ММ-сі, тарих және қоғамдық пәндер мұғалімі

Төремұрат А.Б- Гимназия сыныптары бар №21 жалпы білім беру орта мектебі» ММ-сі,мектеп директорының тәрбие жұмыстары жөніндегі орынбасары

Байталасова М.Қ- Гимназия сыныптары бар №21 жалпы білім беру орта мектебі» ММ-сі, тарих және қоғамдық пәндер мұғалімі, бірлестік жетекшісі

Мақсаты:

І бөлім

Жүргізуші: (Қалаубаева Зейнеп Бекмолдақызы): Қымбатты қонақтар, оқушылар!   «Нұр атаның нұрлы жолы» атты  тәрбие сағатына  қош келдіңіздер. Елбасы Жолдауында «Қуатты Қазақстан дегеніміз – бұл - ең әуелі, өңірлердің қуаттылығы болып саналады»,- деген. Ал өңірлердің қуаттылығы, сөз жоқ, сол өлкені мекендеген халықтың ерен еңбегі, таудай талабы, өмірлік мақсаты , арғы-бергі тарихы, атадан балаға жалғасып келе жатқан мәдени мұра, иманды, ибалы ұрпақ ойымен, ісімен арта бермек. Ендеше, өлке тарихында аты аңызға айналған Аңшы Нұр атаның өнегелі, нұрлы жолы туралы тәрбие сағатымызды бастаймыз.

 

Тәрбие сағатына арнайы шақырылған  қонақтармен таныстырып өтейін:

-         Журналист, жазушы, «Аңшы Нұр» кітабының авторы - Ә.Спан

-         Маңғыстау облысы аймағында ұзақ жылдар басшылық, ұйымдастырушылық қызметтер атқарған, әке тұтынған құралдарды, тарихи жәдігерлерді сақтаушы, Нұр Оңдағанұлының кенже ұлы- Нұр Саламат

-         «Өрлеу» біліктілік арттыру ұлттық орталығы» АҚ филиалы, ҚР Маңғыстау облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты директоры-И.Т Жұмағалиева

-         «Өрлеу» біліктілік арттыру ұлттық орталығы» АҚ филиалы, ҚР Маңғыстау облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты, кафедра қызметкері-Рамазанова А.Д

-         «Өрлеу» біліктілік арттыру ұлттық орталығы» АҚ филиалы, ҚР Маңғыстау облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты, кафедра қызметкері- Ниязова Қ.М

-         Қазақстан-Ақтау телеарнасының журналисі-Б.Әнуарбектегі

-         №24 мектептің директоры, жоғарғы санатты мұғалім,Нұр немересі Раушан Жұмажанқызы

Изображение 494

Суретте: Тәрбие сағатының басталу сәті

,

Жүргізуші: Алғашқы сөз кезегі,мектеп директорының тәрбие жұмыстары жөніндегі орынбасары А.Б Төремұратқа беріледі.

-Қош келдіңіздер, қымбатты қонақтар! Осындай үлкен жұмысты бізге сеніп тапсырған соң, абыроймен атқарып шығамыз деген сенімдемін. Оқушыларға зор тағылымды, адамгершілік пен еңбекқордыққа тәрбиелейтін шара болады деп есептеймін.

Республикалық конкурстардың жүлдегері-мәнерлеп оқу шебері-Жолдасбаев Жантілек: /күй фонында/

 

 

Аңшы Нұр,аты да Нұр, заты да Нұр

Жайқалтқан бәйтеректей жапырағын

Тараған 12 ұл-қыз кіндігінен,

Мекен еткен Маңғыстау атырабын...

Ие болған аңшылық, ұсталықтай

Жаратқанның ерекше сыйына бір.

Көрік үйі атаның музей сынды,

Ақ ниетпен әрқашан сиына кір!...

Жүргізуші: Республикалық конкурстардың жүлдегері- Уәкіл Дәулеттің орындауында Құрманғазының күйі, Адай.

 

Жүргізуші: Ә. Спанның еңбегі бойынша оқушыларға арнайы тапсырмалар берілген болатын, Қазір оқушылардың баяндауларында Нұр атаның қызметімен, өсиет пен өнегеге толы ғибратқа толы өмір жолымен танысайық.

1-оқушы: Атаның туған жері, өскен жері Темірбаба-Аданың аралы, Кендірлі өлкесі туралы, Шопан ата мен Темірбаба «әруақ салыстырмақ болады» дейтін аңызбен айшықтап баяндап береді.

 

 

Жүргізуші: Слайд арқылы Маңғыстаулағы, Қазақстандағы туризм кені болғалы тұрған Кендірлі аймағы туралы айтып, өңірдің бүгінгі күнімен байланыстыру.

 

2 оқушы: Есімдері ел есінде сақталып келе жатқан Маңғыстаудағы белгілі адамдардың бірі аңшы – мерген Бабық Нұр Оңдағанұлы. Тарихтан белгілі Тайлақ батыр – Нұрдың бесінші атасы. Халқымыз аңшылық- өнер, ол адамға аруақ даруына байланысты жұғады дейді. Ұрпақтарының айтуы бойынша аңшылық өнер Нұрекеңе үшінші атасы Майемерден бастап жеткен екен. Майемер оғы жерге түспеген аңшы болыпты. Ал Майемердің баласы Сүйіндік орта дәулетті адам екен. Бірақ ол шаруашылыққа мойын бұрмай, көбінесе аңшылыққа ден қойыпты. Күндердің біркүнінде ауылдың барлық сауын түйесі бірнеше күн келмей, түнеп қалады. Сүйіндік баласы Оңдағанға: «Балам, түйелер бүгін түнде келіп қалмаса, таңертең ерте тұрып айдап келерсің. Иығыңа мылтықты да асына кетерсің. Бәлкім алдыңнан аң шықса,  оқ шығарарсың» дейді. Онсыз да мылтық атуды армандап жүрген он үш жасар Оңдаған ала көбеңде төсегінен тұрып, кереге басында ілулі тұрған қырлы мылтықты ұстап үйден шығады. Көп ұзамай таңғы ауаны жаңғырықтырған мылтықтың даусы шығады. Ауыл алдына қарай шыққан әкесі Сүйіндік қырлының даусынан-ақ, көздеген нысанаға дәл тигенін  сезеді.

        Айтса, айтқандай-ақ ауылдан шыға бере, ала көбеңде алдынан көлденеңдей қашқан қарақұйрықтың тушасын Оңдаған баланың қырағы көзі қалт жібермей, бір оқпен қағып түседі де, шұрайлы өрісте мамыражай қалде түнеп жатқан маңғаз түйелерді айдап, олжасын атына бөктеріп, ауылға оралады. Он үш жасар ұлының қимылына риза болған Сүйіндік мерген сол сәттен бастап, өзінің ұзақ жыл серік болған қасиетті қырлысын баласы Оңдағанға ақ батасымен қоса берген екен. Сүйіндік сол кезде 49 жаста болса керек, осыдан бастап мылтықпен ісі болмай, өзінің шағын дәулетінің шырайын келтіріп, шаруаға айналысқан екен.

 

Суретте: Майемердің буаз түйе беріп, түрікпендерден сатып алған

 қырлысы

 

 

3 оқушы: Оңдаған оқ шығарғанда құралайды көзге атқан мерген болыпты. Қолға түскен олжасын ауылдастарына үлестіріп береді екен. Бұл дәстүрді баласы Нұр мерген де қалтқысыз сақтаған. 

     Оңдағанның әйелі - Ұлжан  Өтеп Бәлидің қызы екен. Жармадан Өзенге қарай жүргендегі «Соққы»деген төрткілдің етегіндегі «Ұлжан тақыр» осы кісінің атымен аталған деседі. Ұлжан аса көрікті болуымен қатар, өте еңбекқор, қажарлы әйел болыпты. Сол кездегі көшпенді шаруаның судан тапшылық көретін тұстары көп кезіккен. Ұлжан шешеміз тақырдың айналасын бөгетіп, су кідіртіп, мал-жанның қамын ойластырыпты. Сөйтіп ол тақыр «Ұлжан тақыр» аталыпты. Ел қамын ойлаған абзал ана Ұлжанның қолымен бөгелген айдын тақырға тұрақтаған табиғат нұрынан пайда болған мөлдір судан бүгінгі ұрпақтың несібелі малы осы күндері де сусындайды.

     Нұрдың әкесі Оңдаған Сүйіндікұлы 1870 жылы туып, 1937 жылы қайтыс болған. Оңдаған мен Ұлжаннан екі ұл - Нұр, Пірімжар, үш қыз-Үбәйда, Мәнжан, Ұштап болған. Үлкені Нұр 1895 жылы «Кендірлі –Құрық» жерінде дүниеге келген. Бұл әулеттің қонысы «Кендірлі –Құрық», «Темір баба», «Сарқұл» жағында болыпты. Қазіргі кездегі Сарқұлдағы «Майемер шыңырауы» Нұрдың үшінші атасы Майемердің қаздырған құдығы екен

 

4 оқушы:    Жас кезінен –ақ әкесіне ерген үлкендердің әңгімелерін тыңдап зердесіне құйып, зерек бала атанған. 14-15 жасында жайылған қойдың шетінде қаннен-қаперсіз келе жатырса, анадай жерде айқасып оратылып жатқан үш сарүйек жыланды көреді. Балаң жігіт сарүйектерді асықпай зерттеп абайлап қараса, бір сарүйек сыртынан орап жатыр екен де, ал екеуі  табиғаттың заңы бойынша табысып жатырған болып шығыпты. Әкесінен табиғат әлемінің  таңғажайып сырларына қанық болып өскен Нұр, ілінісіп жатқан екі жыланды ажырату үшін «биссімілла, өзіңнен өзгеге ем бол» деп бір саусағымен түртіп ажыратып тастапты. (Халықтың сенімі бойынша қай саусағымен ажыратып тастаса, сол саусағының ұшына емдік қасиет даритын болған деседі.)

         5 оқушы: Нұр үйіне келсе, төрде иман жүзді, ақжарқын, қызыл шырайлы адам әкесімен әңгімелесіп отырады. Көрген-істегендерін бұлжытпай әкесіне айтып береді.

- Е, батыр мында, өз ішімізде екен ғой. Бұл дегенің нағыз ерлік!- деп Нұрға сүйсіне қарап қалыпты. Бұл кісінің Адайдың белгілі ғалымы Көрпе Размағанбет екенін Нұр кейін біледі. Размағанбет пен Оңдаған өзара сыйлас, әңгімелері жарасқан тату жандар екен. Сол күні дастархан басындағы  әңгіме барысында Размағанбеттің «Маңғыстаудың қатар жатқан мына үш ойы заманы оң туғанда бүкіл халықты асырар»деген сөзі Нұрдың жадында қалып қойыпты.  Разекеңнің үш ойы- аты жұмыр жерге мәлім болып, мұнай дариясын ағызып жатырған «Өзеннің ойы», «Қарақияның ойы», «Қарамандыбастың ойы»  екенінде дау жоқ. Ғалымның бұл айтқандарының айнымай келгеніне бүгін көзіміз жетіп отырған жоқ па?!  Осы секілді зерделі жандардан естіген әңгімелерін санасына түйіп қалатын қабілетімен Нұр ақсақал өз заманында ерекше қасиетке ие болды. 

 

Жүргізуші:  Маңғыстау тарихында өшпес із қалдырған, өлкенің алғашқы геологы, ғалым, діни сауатты, емшілік қасиетке ие, жан-жақты тұлға –Размағанбет Тұрмағанбетұлының балаң Нұрдың есінде қалған сөзі -«Маңғыстаудың қатар жатқан мына үш ойы заманы оң туғанда бүкіл халықты асырар»- бүгінгі шындық, бүгінгі өңірдің тіршілік-қарекеті.

6 оқушы:

Нұр оқымаған адам болғанмен, Ислам дінінің қадір-қасиеттерін жан тәнімен сезініп, шын жүрегімен мойындаған адам болатын-ды. Адам атадан бастап, Құран – кәрімде есімдері аталып, халық мойындаған пайғамбарлардың ерекше қасиеттерімен, хадистерімен біршама сауаты бар екендігін онымен әңгімелескен жандар мойындап, сөзіне тоқтам жасаушы еді. Бұл да Нұрекеңнің асқан зеректігін, табиғи дарындылығын көрсететін ерекше қасиеті екен. Үйренумен намаз сабағын білген, өмір бойына ораза, намаз ұстау парызынан айныған жоқ.

       7 оқушы: Нұрдың мергендік, аңшылық қасиеті қанымен дарығандығына шек жоқ болса, ұсталық қасиеті өзіне ғана дарыған екен. Жиырма жасында өзінен –өзі елегзіп, түн болса ұйықтай алмайтын ауруға шалдығыпты. Сол кезде атышулы үш ұста бар екен: Құнанорыс Сарбек, Құнанорыс Жұмағазы, Қырымқұл Назарәлі бір-бірінен өткен қасиет қонған ұсталар екен.  Бір айдай ұйқы көрмей әбден шаршаған Нұрдың көзі қас-қағым сәтке ілініп кетсе керек. Түсінде бұрын көрмеген бейтаныс адам аян бергендей болады. Оянып кетіп түсін әкесіне айтқанда:

-Бәрекелді, балам. Ісіңді алла оңғарсын. Саған аян беріп кеткен Қырымқұл Назарәлі ұста екен ғой. Өзім де соған апармақшы болып жүр едім, - деп Нұрды сол күні Назарәлі  ұстаға апарып, батасын алғызады. Осылайша атақты үш ұстадан бата алған Бабық Нұрға ұсталық қасиет қонып, қара темірді қамырша илейтін шебер ұста болады. Нұр ақсақалдың қолынан шыққан қақпан, шапашот, пышақ, қырықтық т.б.  тұрмысқа қажетті құралдардың жүзі қайту білмес шар болаттай болған.

 

 

 

 

 

 

   

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Суретте:  Нұр атаның  қолынан шыққан қақпан

 

Жүргізуші:  Оқушылар, еңбекте Дәуіт пайғамбар туралы аңыз берілген. Осы аңызды «неге соққан бұйымдарыңызға ақы алмайсыз?»  дегендерге жауап ретінде айтады екен.

       8 оқушы: 1948 жылдары «Алғабас» колхозының малына қасқыр тиіп, шаруашылыққа үлкен қиындық берген. Сол кездегі колхоз бастығы арнайы адам жіберіп, тиісті орындардың рұқсатымен Нұр мергенді алдыртыпты. Бас аяғы бір-жар айда берісі «Қаратау», әрісі «Аман қызыл ит», «Боздақ» деген тау шатқалдарынан 76 қасқыр соғып,  талайлардың таңдайын қақтырған екен.

      1949-50 жылдары Шайыр өңірінің тау бойларында малға тыным бермей тұрған талай түз тағыларының терісін сыдырып, малшы қауымның алғысына бөленіп, абыройы аспандап жатты.Осы Шайыр өңіріндегі «Бөген» деген жерде ерекше есте қаларлықтай оқиға болыпты.

      Алдырмай жүрген бір әккі көкжалға қақпан құрып тастап, бірер күннен кейін келсе, қасқыр қақпанды сүйретіп кетіпті. Іздеп келе жатырса алдынан қақпаны шығады, қасқырдың алдыңғы жіліншігі қақпанда қалып қойыпты. Көкжал өз жіліншігін өзі қиып түсіріп кеткен. Қанды ізбен әрі қарай іздеп келе жатып, ақыры бір тастың түбінде жатқан көкжалдың да үстінен түседі. Не де болса оқ шығармай –ақ ұрып алайын деген ниетпен дыбыстап қалғанда қасқыр үш аяқтап қаша жөнеледі. Астындағы атына қамшы басып, соңынан іле ұмтылған сәтте әп дегеннен ақсақ қасқырды бастырмалатып қуып жетеді. Сол бойы еңкейіп ат үстінен қасқырдың желкесіне жабысам дегенше, қасқыр артына айналып жіберіп ентелеп келіп қалған аттың бауыздауына аузын салып қалады. Алыс-жұлыс болып қалады. Ат оқыс ырғығанда төс тартпасы үзіліп, аттың екпінімен ер сауырына қарай сыпырылып, Нұрекең жайдақ аттың үстінде қалып қойыпты. Түсе қалып , атты қайта ерттеп алуға шама жоқ, тағы да қаша жөнелген көкжалдың соңына түскен Нұрекең енді жақындай бергенде, әлгі залым қасқыр тағы да кері айналып, ат үстіндегі Нұрдың сол аяғының санына ауыз салады. Осы қас-қағым сәтте шалт қимылмен қасқырдың алқымына әккі аңшының да қолы барып қалады. Ұмар-жұмар ат үстінен құлап түскен  Нұр аңшы бір қолы қасқырдың алқымында, екінші қолымен әрең дегенде қалтадағы кездікті суырып, жалма-жан қасқырдың өкпесіне бойлата сұғады. Сол арада ентігін басып, үстіндегі көйлегімен жарақатын таңып болғасын, әлгі көкжалдың терісін сыпырып, аттың белінен салбырата салғанда әлгі шіркіннің терісі аттың екі қапталындағы шөптің басын қағып отырыпты дейді. Мұндай қатерлі сәттер Нұрекеңнің аңшылық өмірінде әлденеше рет кездесіп, бәрінен тапқырлығының, батылдығының, шымырлығының арқасында аман қалып отырған екен.

     Аңшы аулаған қасқырының терісін жұртқа сыйлағанды жақсы көрген.Әсіресе, ұл бала күтіп жүрген келін-кепшіктің босағасына байлаған. Батагөй қарияның тілегі әрқашан оңынан оралып, олар ұл табатын болған.

9 оқушы: 1942 ж Нұр да майданға кетеді. Сталинград шайқасында болып, қатты жараланып, әуелі Астраханьға, содан соң Красноводскіге жөнелтіледі. Жаратқанның құдіретімен сәтін салып, жақсы жандар жолығып елге оралады.

Жүргізуші: Сталинград шайқасы, соғыстағы түбегейлі бетбұрыстың басталуы болды. Биыл ақпанда бұл шайқастың 70 жылдығы аталып өтті. Маңғыстаудан барған талай боздақтардың сүйегі сол жерде қалды.

Республикалық мәнерлеп оқу сайыстарының жүлдегері, Оңғарсын Аманқос: Дүйсенбибі Жұмажанқызы Нұр немересінің арнауы

 

 

 

 

Соғыстан қаншама арыс қайтпай қалды,

Елінен дәм бұйырмай, тартпай бағы

Қалмақтан қанды қырғын оралды аман,

Қасиетті Маңғыстау тартып дәмі...

 

 

 

 

Күй «Жеңіс», орындайтын Бекқали Нұрқуан , 10 сынып оқушысы

 

 

 

10 оқушы: 1955 жылы Ұштағанда отырғанда, есімін ғылым тарихына енгізген, тек енгізіп қана қоймай алтын әріппен жазып қалдырған бір оқиға болды. Нұрекең ССРО ғылым академиясының зоогеографиялық отрядының жұмысына ғалым В.С.Залетаевпен бірге аңшы, жолбасшы ретінде қатысып көптеген құнды деректер берді.  Бір айдай жүрген сол сапарында Балатемір (Нұрекең Владимирді осылай атап кеткен.) мен Нұрекеңнің біраз тер төгуіне тура келді. Осы жорықтың нәтижесінде жазылған -әуелі 1956 жылы Түрікмен ССР ҒА баспаханасынан шыққан А.А.Гладков екеуінің «Түрікменстанның ежелгі жолдары»деген кітабын, артынан 1968 жылы Москваның «Наука» баспасынан  шыққан «Природная среда и птицы пустынь Закаспия» деген кітабын В.С. Залетаев Нұр ағасына жіберіпті.

          В.Залетаевтың бірінші шыққан еңбегі, көлемі 250 беттен асатын, 26 таблицасы, 28 иллюстрациясы бар монография. Тек библиографиялық тізімнің өзі 14 бетке тізілген. Бір сөзбен айтқанда бұл түбек зоологиясының шағын энциклопедиясы іспетті. 1951-1960 жылдар аралығында Бозашыда, Маңғыстауда, Түрікменстанда, Солтүстік Үстіртте жыл мезгілінің әртүрлі кезеңдерінде 8 рет экспедицияда болыпты. 11,5 мың километр автомобиль жолымен, 1,5 мың километр су жолымен (теңізбен), 23 километр әуе жолымен жүріп өткен. Тек құстың өзінен 2 мыңнан астамы ауланып, сойылып, қаралып, зерттеу жүргізілген. Өңірдің аң-құс мекендейтін, ұя салатын, ұшып өтетін жолдарының картасы жасалған. Бұл өлкеде 286 құс түрі барлығын анықтап, оларды 33 топқа бөледі.

        Библиографиялық тізімде  көрсетілгендей, В.С.Залетаев тек құсты ғана емес, өзге аңдарды да зерттеген екен. Мысалы 1956 жылы «Природа» журналында «Каспийдің шығыс жағындағы қарақұйрық, киік, ор қоян» деген мақаласы жарияланыпты. Бұл сөз жоқ, Нұрекеңмен сапарының бір жемісі.

 

 

 

 

 

 

Суретте: В Залетаев пен Аңшы Нұр

 

Жүргізуші:     В.С Залетаев Нұр Оңдағанұлына :

“Даланың нағыз академигі-біздің Нұрекең! Шіркін, егер сауаты болып, көкірегіндегі көмбенің бәрін қағазға түсіре алса, бүкіл әлемнің зоологтарын аузына қаратар еді” деп баға берген. Алдарыңызда шағын көрмеде құнды экспонаттардың бірі- Залетаевтың өз қолымен жазған күнделігі, күнделікті Ә.Спанның қызына  қазір Москвада тұратын Залетаевтың зайыбы берген екен.

 

11 оқушы Сол 1955 ж КСРО ҒА ғалым Залетаев басқарған зоогеографиялық экспедициясы құрамында болған, Шетпе тұрғыны Жұмақан Қазақбаевтың естелігінен үзінділер айтты. Аңшының қайнаған су  ішетінін, таудан тасқа секіріп, альпинистер сияқты ылдым-жылдым қозғалысын, ерекше әсермен жыр қылып айтады.

Оқушы сөзінің соңында қазіргі кездегі «аңшылардың»  тойымсыздықпен, жауыздықпен аң-құсты қырып салатын қатігездігін айыптайды.Атаның \әрбір сөзі, ісі біз үлгі, өнеге, өсиет.

 

Жүргізуші: Міне, оқушылар, Нұр атамыз қандай жан болғаны туралы біраз деректер білдік, жәдігерлерін көзбен көрдік. 2007 ж ұрпақтары ата-ана әруақтарына бағыштап үлкен ас берген, сол кезде 13 жасар Бауыржан Әнуарбектегі атаға арнап ода шығарған екен. Енді сол бала Бауыржанның қаламынан туған шығарманы бүгінде Қазақстан-Ақтау телеарнасының журналисі, автордың орындауында тыңдайық.

Аңшы өмір немесе Нұр ата туралы ода

Аңшылық ата кәсіп, асыл мұра

Сыймайды жазып кетсем шағын жырға

Құралайды мергендеп көзге атқан

Біраз жыр жаздым , ата, сіз жайында

...Заманында ілгері жалындапты,

Аңшылықты кәсіп қып тамырлатты                                   

Нұр ата қару алып ізге түссе,

Ұшқан құс, жүгірген аң құтылмапты...

Атаға арнап бүгін жаздым ода

Жасымнан құмар едім жалын жырға

Ұрпағы ізін жалғап келе жатыр,

Аңшы ата-Нұр ата салған жолда.

 

ІІ бөлім  Жүргізуші:

Осы игілікті шараның ұйытқысы болған , ұйымдастыруға тікелей атсалысқан Жанбибі апайға сөз кезегі беріледі.

 

 

Жүргізуші:

« Аңшы Нұр» кітабының авторы Ә. Спанға сөз беріледі

-Қымбатты балалар, сіздерге үлкен рахмет, осы кітапты жазу кезінде қаржылай қиналдық, бірақ алла сәтін салып ол да табылды. Кітап 5 күнде жазылып шықты. Нұрекеңнің кенжесі , мына алдарыңызда отырған Саламаттың көмегі зор болды. Кітапта айтылған кейбір сәттерді нақты дәлелдейтін күнделік, фотосуреттер табылды. Москвада оқитын  қызым Залетаевтың жұбайынан жәдігерлерді алып келді. Жалпы алда осы кітапты қайта жазғым келеді. Залетаевтың жұбайына шексіз риза болдым. Балалар, сіздерде қазір үлкен  мүмкіндіктер бар, соны пайдалана білуіңіз керек. Мен Нұрекеңді «Маңғыстаудың Дерсу Узаласы» дегенмін. Шынында, аң-құстың, жан-жануарлардың тілін білетіндей, тынысын, тіршілігін білуі, жершілдігі, табиғат тылсымдарын білуі бұл кісіні көп адамнан ерекшелейді.

Суретте: « Аңшы Нұр» кітабының авторы Ә. Спан сөз кезегін алған сәт.

 

Жүргізуші: Нұр атаның кенже ұлы, бүгінгі тәрбие сағатының құрметті қонағы – Нұр Саламатқа сөз кезегі беріледі.

-Ия, балалар, бүгінгі үлкенді ұлықтап өткізіп отырған шараларыңыз үшін рахмет! 10 ұл, 2 қыз перзенттің әкесі Нұр аталарыңыз шынында да үлкен жүректі, аса мейірімді әке, ата болды. Еңбек етуден жалықпаған жан болды. Мынау, манағы айтып кеткен қырлының қасындағы құралдары, оқ-дәрі салатын сауыт, кілт т.б шақпақ тасты пайдаланған. Мұны атудың өзі көп кезеңнен тұратын, инемен құдық қазғандай харекет екен. Атқан аңын қызылсырап отырғандарға бөліп берген, бау-бақша өсірген, ұсталық еткен, хадистерді, діни аңыздарды білген жан-жақты адам болған. Мынау жәдігерлер өзімнің шаңырағымда сақтаулы, мүмкін, кезі келгенде өлкенің мұражайына берілер. Мына 2 кітапты кітапханаға сыйға беремін.

 

 

Суретте:  Нұр атаның кенже ұлы Нұр Саламат әке туралы толғаныстарын ортаға салған сәт.

 

Жүргізуші:  «Өрлеу» біліктілік арттыру ұлттық орталығы» АҚ филиалы, ҚР Маңғыстау облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты директоры-Жұмағалиева И.Т

 

 

Суретте: Нұр Раушан Жұмажанқызы- Нұр немересі, жоғарғы санатты ұстаз, №24 мектептің директоры, Нұр Саламат Нұрдың кенже ұлы және кітап авторы Ә.Спан

 

-Кәкеміз өте бауырмал, шежірені өте жақсы айтатын, еңбекқор, мейірімді жан болды.

 

 

 

Суретте: «Өрлеу» біліктілік арттыру ұлттық орталығы» АҚ филиалы, ҚР Маңғыстау облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты қызметкері Ниязова Қадыржан Мұқырқызы Аңшы  Нұр туралы  тың деректі баяндады.

Қадыржан көрмеге дайындап жүрген қолөнерші шебер Нұрхат Нұр атаның кіндік баласы екен...ЭКСПО 2017 туралы

 

Жүргізуші:  Осы шараны жоспарлау, өткізу барысында маған бір ойлар келді, соларды жүйелесем:

-         Маңғыстау мақтаныштарын оқушыларға таныстыру, өмірі мен қызметтерін оқыту мақсатында өлке тану факультативтік сабақтарда арнайы сағаттар бөлуді келесі оқу жылынан бастап жоспарға енгізу

-         Ә.Спанның «Аңшы Нұр» кітабының 97-103 беттер аралығындағы «Табиғат-Ананың хал-қадары қандай? тақырыбындағы тарауда айтылған ойлар төңірегінде қорытындылар жасау. Осы тақырыпқа ғылыми жұмысқа оқушылар тарту.

 

 

 

 

 

Жүргізуші: Ардақта ата есімін,

Мейлі қызың, ұлың бол!

Өшпесін, мәңгі өшпесін

Нұр ата салған нұрлы жол!, деп бүгінгі тәрбие сағатын қорытындылаймыз.

                                

 

                                    

 

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал ""Нұр Атаның нұрлы жолы" тәрбиелік шара"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Экономист-аналитик

Получите профессию

Технолог-калькулятор общественного питания

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Краткое описание документа:

Аңшы Нұр,аты да Нұр, заты да Нұр

Жайқалтқан бәйтеректей жапырағын

Тараған 12 ұл-қыз кіндігінен,

Мекен еткен Маңғыстау атырабын...

Ие болған аңшылық, ұсталықтай

Жаратқанның ерекше сыйына бір.

Көрік үйі атаның музей сынды,

 

Ақ ниетпен әрқашан сиына кір!...Қымбатты қонақтар, оқушылар!   «Нұр атаның нұрлы жолы» атты  тәрбие сағатына  қош келдіңіздер. Елбасы Жолдауында «Қуатты Қазақстан дегеніміз – бұл - ең әуелі, өңірлердің қуаттылығы болып саналады»,- деген. Ал өңірлердің қуаттылығы, сөз жоқ, сол өлкені мекендеген халықтың ерен еңбегі, таудай талабы, өмірлік мақсаты , арғы-бергі тарихы, атадан балаға жалғасып келе жатқан мәдени мұра, иманды, ибалы ұрпақ ойымен, ісімен арта бермек. Ендеше, өлке тарихында аты аңызға айналған Аңшы Нұр атаның өнегелі, нұрлы жолы туралы тәрбие сағатымызды бастаймыз.

 

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 665 075 материалов в базе

Скачать материал

Другие материалы

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 03.03.2015 1169
    • DOCX 6.6 мбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Қалаубаева Зейнеп Бекмолдақызы. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    • На сайте: 9 лет и 1 месяц
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 2939
    • Всего материалов: 2

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Бухгалтер

Бухгалтер

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 24 человека из 17 регионов

Курс профессиональной переподготовки

История и обществознание: теория и методика преподавания в профессиональном образовании

Преподаватель истории и обществознания

500/1000 ч.

от 8900 руб. от 4150 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 39 человек из 23 регионов
  • Этот курс уже прошли 115 человек

Курс профессиональной переподготовки

История: теория и методика преподавания в образовательной организации

Учитель истории

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3650 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 168 человек из 57 регионов
  • Этот курс уже прошли 771 человек

Курс повышения квалификации

Методика преподавания истории и обществознания в общеобразовательной школе

36 ч. — 144 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 329 человек из 69 регионов
  • Этот курс уже прошли 3 329 человек

Мини-курс

Современные медиа: экономика, системы и технологии

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Финансовый анализ

5 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 20 человек из 12 регионов

Мини-курс

Экономика и управление

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе