Инфоурок Физика Другие методич. материалы"Оқытудың үш өлшемді әдіс технологиясы" баяндама

"Оқытудың үш өлшемді әдіс технологиясы" баяндама

Скачать материал

1-    қосымша

 

Оқу орнының атауы, мекен жайы

Арал көпсалалы колледжі, Арал қаласы, Әйтеке би тұйығы, 16  а

Қатысушының аты-жөні, тегі

Жансугирова Гульден Жубаткановна

Қатысушының мамандығы, жүргізетін пәні

Физика- информатика пәндерінің мұғалімі, физика және информатика пән мұғалімі

Қатысушының жұмыс өтілі

9 жыл

Баяндама тақырыбы

Оқытудың «Үш өлшемді әдістемелік жүйесі» технологиясы- физика пәнінде

Қатысушының ұялы телефоны, эл. поштасы

87014070256

GUL-83-00@mail.ru

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ОҚЫТУДЫҢ «ҮШ ӨЛШЕМДІ ӘДІСТЕМЕЛІК ЖҮЙЕСІ»

ТЕХНОЛОГИЯСЫ- ФИЗИКА ПӘНІНДЕ

 

 

 

 

 

 

                                                     

 Дайындаған: Арал көпсалалы колледжінің

физика пәні мұғалімі Жансүгірова Гүлден             

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

     Қазіргі кездегі ғылым мен техниканың даму деңгейі әрбір оқушыда сапалы және терең білім мен іскерліктің болуын, олардың шығармашылықпен жұмыс істеуін, ойлауға қабілетті болуын , өз бетімен білім ала алатын дағдыларын қалыптастыруды талап етеді.

          Осы мақсаттарды жүзеге асыруда пайдалы әрі тиімді технологиялардың бірі- Ж.Қараевтың „Үш өлшемді әдістемелік жүйе“ технологиясы
          Аталған технология бойынша жұмыс жасау  үшін әр мұғалім өз пәні бойынша төмендегідей құжаттар әзірлеу керек:

          1.Күнтізбелік жоспар.
          2.Тақырыптық жоспар.
3. Тақырыпты өз бетімен меңгеру үшін қажет үш кезеңдік тапсырмалар мен әдістер тізбегі. Оның ішінде алғашқы екі кезеңі технологияның синектикалық бөлімінің талабына сәйкес (өз бетімен білім алуы үшін), 
үшінші  кезеңі технологияның нәтижеге бағытталған бөлімінің талабына сәйкес (алған білімдерін бақылап, қатесімен жұмыс жасап, бағалау үшін) үш деңгейлк тапсырмалардан тұрады  
 Аталған технология бойынша күнтізбелік жоспарды жасау барысында ең алдымен барлық тақырыпты модульге бөлу керек.
            Модуль – ол  үлкен, ауқымды тақырып немесе бірнеше параграфтан тұратын тарау. Оның ерекшелігі, әрбір тарау, немесе модуль үш қорытынды сабақпен аяқталады:
-           деңгейлік тапсырмалардан тұратын тақырыптық өзіндік жұмыс (модуль бойынша олқылықты анықтау) – ішкі бақылау, негізгі журналға бағасы қойылмайды;
-           коррекциялық жұмыс (модуль бойынша олқылықты жою);
-           деңгейлік тапсырмалардан тұратын бақылау жұмысы – сыртқы бақылау, бағасы негізгі журналға қойылады.
            Технология бойынша міндетті түрде бақылау жұмысына дайындық ретінде бір сағат өзіндік жұмысқа және бір сағат коррекциялық жұмыстарға бөліну керек.
            Бұл екі сағатты бағдарлама бойынша берілген жалпы сағат көлемінен мазмұны бір-біріне жақын тақырыптарды біріктіру арқылы шығаруға болады. Егер сағат саны шектеулі болса, онда жарты сабақ өзіндік жұмысқа және жарты сабақ коррекциялық жұмысқа бөліну керек. 
            Әрбір тоқсан 6 қорытынды сабақпен аяқталу керек: 3 сабақ тоқсандағы соңғы тарау бойынша, 3 сабақ тоқсандағы барлық модуль бойынша. Ал әрбір оқу жылы 9 қорытынды сабақпен аяқталады: 3 сабақ соңғы тарау бойынша, 3 сабақ соңғы төртінші тоқсан бойынша, 3 сабақ жылдық қорытынды бойынша.
            «Үшөлшемді  әдістемелік жүйе»  педагогикалық технологиясы бойынша физика пәнінен «Молекула кинетикалық торияның негізгі қағидалары мен оның тәжірибелік дәлелдемелері» тақырыбына өткізілген сабағымды ұсына отырып, сабақтың өтілу ерекшелігіне тоқталып өтейін:

           І кезең (5-7 минут)

        а) ұйымдастыру;
       б) үй жұмыстарын тексеру: Әрбір оқушының үй тапсырмасын орындауы туралы белгі тақтада үнемі ілулі тұратын “ашық журналға” қойылады. 
       в) „Көпір“  тапсырмалары. Бұлар өтіп кеткен тақырыптардан бүгінгі сабаққа негіз болатын тапсырмалар: 

1. Заттың құрылымы қандай?

2. Заттың қандай күйлерін білесіз?

3. Заттың мұндай күйлерде болуы неге байланысты?

4. Қандай құбылыстарды білеміз?

ІІ кезең -технология бойынша синектикалық бөлім(20-25 минут)

         а) өз бетімен жаңа тақырыпты меңгеру (5-7мин). Бұл жерде мұғалім әдеттегідей сабақты өзі түсіндіруден бастамайды, ол 5-7 минуттық өзіндік топтық жұмыс ұйымдастырады:

1.     Жылу құбылыстарын зерттеу әдістерін ата

2.     Термодинамика дегеніміз не?

3.     Молекула-кинетикалық теория дегеніміз не?

4.     МКТ-ң негізгі қағидаларын жасаған кім?

5.     МКТ-ң анегізгі қағидаларын тұжырымда

6.     МКТ-ң тәжірибелік дәлелдемелерін жаз

          «Сыйға сый» ойыны: қалған оқушыларға желдеткіш сыйланады, оқушылар олардың бүктемелеріне жаңа тақырып бойынша кездескен терминдерді жазып мұғалімге қайтарады

          б) Жұмыс нәтижесін мұғаліммен бірігіп талдау(5-7 мин)

          Бұл уақытта мұғалім оқушылардың өз бетінше меңгерген материалын, қосымша толықтырады, олардың мамандықтарымен және күнделікті өмірімен байланыстыра отырып білім беріледі.

          Мысалы автомеханик мамандығы бойынша оқитын студенттерге диффузия нәтижесінде бензинмен және дизельді отынмен жүретін автокөліктің ауаны ластайтыны, доңғалақтарды қысым нәтижесінде үрлейтіні,  поршенді цилиндрдің газ көлемін өзгертуі нәтижесінде жұмыс жасайтыны, кейбір детальдардың сынса да оның физикалық және химиялық қасиеттерінің сақталатыны айтылады, сонымен бірге экологиялық тәрбие беріледі.

          В) Алған жаңа теориялық білімді практика жүзінде бекіту (8-10 мин)

          Бұл кезде оқушылар жаңа материал бойынша түсінгендерін бекітеді
-         тақырыптық түйінді сөздер;
-         тәжірибе алаңы;
-         сәйкесін тап;
-         есеп шығару;
-         сергіту жаттығулары;

  

       «Сәйкесін тап»:

Ғалым аттары мен олардың еңбектері араластырылып беріледі. Оқушы интерактивті тақтадан тінтуір арқылы ғалым атын еңбегімен сәйкестендіреді.

        Есеп шығарып көрсету

        Оқушының өз бетімен тақырыпты меңгеруі, сабақты бекіту кезінде түрлі технологиялардың элементтерін пайдаланған өте тиімді. Сонымен қатар оқушыларға тақырыпты меңгеріп, деңгейлік тапсырмалар бойынша жұмыс жасар алдында сергіту жаттығуларын жасатқан өз нәтижесін беріп жүр.

        Сергіту жаттығуы(1 минуттық би)

ІІІ кезең (кері байланыс)- технология бойынша нәтижеге бағытталған бөлім (12 минут + 3 минут) қорытынды шығаруға арналады.

         Бұл кезеңнің негізгі мақсаты: деңгейлік тапсырмаларды орындау барысында жоғарыдағы 2-ші кезеңде алған білімдерін дәлелдеп, қабілетіне қарай тереңдету және оқу жетістіктерін 12-ұпайлық рейтинг жүйесі бойынша әділ бағалау болып табылады: 1-деңгейге-5 балл, яғни «3», 2-деңгейді орындаса-  4 балл, яғни  7 баллға «4», 3 деңгейді  де орындаса- 3 балл, барлығы 12 баллға  «5» қойылады.
       Жұмысты барлық оқушы міндетті түрде 1-ші деңгейді орындаудан бастайды. 1-ші деңгейді орындай алмаған оқушы “сынақтан өтпеді” деп  бағаланады,  оның екіліктен айырмашылығы, сынақты қайтадан тапсыруға болады, яғни “сынақ” арқылы үлгерімі төмен оқушылар  мемлекеттік стандарттың ең аз қажетті көлемін меңгеріп, екіліксіз оқуға кепілдік (мүмкіндік) алады.Бір мәрте міндетті деңгейден өткен соң, олар алға ұмтылады, бойларында оқуға ынта, өз күшіне сенімдік пайда болады.

        І деңгей

1. Жас жусанды бөлмеге алып келгенде, иісінің бөлмеге тарап кету себебін түсіндір
_____________________________________________________________________________
2. Қатты және сұйық денелердің неліктен өз-өзінен жеке молекулаларға ыдырап кетпейтіндігі неліктен екендігін түсіндір
________________________________________________________________________________
         ІІдеңгей
1. Мамандықтарыңызға сай диффузияға мысал келтір
________________________________________________________________________________
2. 2 кг  мыс кесегінде қанша молекула бар екендігін анықта
________________________________________________________________________________
ІІІ деңгей
 
1. Массасы 135 г алюминий зат ішіндегі молекула санын есепте

2. Оттек немесе сутек молекулаларының қайсысы атмосферада тезірек қозғалатынын салыстыр:________________________________________

Үйге тапсырма беру.

4.4- тақырып. Ашық журнал

       Мұндай журнал оқушылар бойында оң бәсекелестіктің қалыптасуына және әрбір оқушының өз білім деңгейін әділ бағалауына ықпал етеді, әрі мұғалім бұл журнал арқылы сабақ соңында оқушылардың жаңа тақырыпты меңгеру деңгейі туралы қорытынды жасайды, бірақ соңғы сөз (қорытынды бағалау) келесі сабақтың басында айтылады. Себебі, сыныпта үлгірмеген тапсырмаларды әр оқушы үй тапсырмасы ретінде үйде жалғастырып орындайды, демек үй тапсырмасы  төрт деңгейлік тапсырмалармен қамтылған.
         Мұғалімнің сыныптық журналына қосымша жеке журналы болуы керек. Ол «Ашық журналдың» көшірмесі түрінде толтырылады.   Оқушылар да әр тақырып бойынша өз жетістіктерін өздеріндегі “Жеке журналға” және оларға сәйкес балдарды “Оқушының даму мониторингі” кестесінде белгілеп отырады, мысалы:                   

А.Қанатбаевтың  (бір модуль бойынша) даму мониторингі

          
 Кестелерді оқушы әр тақырыпты меңгеріп болғаннан соң, өзі, келесі сабақтың басында толтырып отырады. Димаграмма арқылы оқушының қай тақырыпты  қалай меңгергендігі көрініп тұрады.

Нәтижесінде бұл әдіс оқушының өз бетінше жұмыс істеуіне, сөйлеу шеберлігінің артуына, өзіне деген сенімін нығайтып, өз бетінше білім алып, ізде­ну дағдыларын қалыптастырады. Оқушының тұлғалық қасиетін дамытып, бірте-бірте өзін-өзі дамытатын тұлғаға айналады. Себебі  бұл технологияда бәсекелестік бар, ал бәсеке бар жерде даму , алға ұмтылу, намысқа тырысу бар екендігін айта аламын, сондықтан барлық жаңа технологияларды үйлестіре, пайдалана білу- үлкен жетістіктерге алып келері сөзсіз.

 

 

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР:
 
1.Байғазиева Г. Педагогикалық технологиларды меңгеру- міндетті . Қазақстан мектебі 2006 ж. № 1

2. Бұзаубақова  К. Деңгейлеп саралап оқыту технологиясы.Қазақстан жоғарғы мектебі 2006 . № 33.

3.Сабыров Т. Оқушылардың оқу белсенділігін арттыру жолдары – А.: Мектеп, 1978 жыл
4.
ҚР 2015 ж. дейінгі Білім беруді дамыту тұжырымдамасы . Егемен Қазақстан 2003ж. 23 желтоқсан.

5. Кобдикова Ж.У. Оқытудың « Үшөлшемді әдістемелік жүйесі» педагогикалық технологиясы. Алматы 2008ж.6. Б.Жолдасов. Инновациялық технологияларды білім беруде қолдану. Білім, №5,2007 ж.
7. Қ.Көнеев, А.
Әбдіқалыкова. Оқыту үрдісінде педагогикалық технологияларды ұтымды пайдалану. Білім,№ 3, 2006 ж.
8. Ж.У.Кобдикова. (Ж.А. Қараевтың) Деңгейлеп оқытудың педагогикалық технологиясы . Алматы,2007 ж.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал ""Оқытудың үш өлшемді әдіс технологиясы" баяндама"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Инструктор по туризму

Получите профессию

Фитнес-тренер

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 664 087 материалов в базе

Скачать материал

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 09.10.2015 2392
    • DOCX 704.5 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Жансугирова Гульден Жубаткановна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    • На сайте: 8 лет и 6 месяцев
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 14343
    • Всего материалов: 5

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Копирайтер

Копирайтер

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Организация проектно-исследовательской деятельности в ходе изучения курсов физики в условиях реализации ФГОС

72 ч. — 180 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 96 человек из 44 регионов
  • Этот курс уже прошли 660 человек

Курс профессиональной переподготовки

Физика: теория и методика преподавания в образовательной организации

Учитель физики

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3650 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 539 человек из 70 регионов
  • Этот курс уже прошли 2 134 человека

Курс профессиональной переподготовки

Педагогическая деятельность по проектированию и реализации образовательного процесса в общеобразовательных организациях (предмет "Физика")

Учитель физики

300 ч. — 1200 ч.

от 7900 руб. от 3650 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 36 человек из 23 регионов
  • Этот курс уже прошли 39 человек

Мини-курс

Современные подходы к преподаванию географии: методика, технологии и практика

8 ч.

1180 руб. 590 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Введение в искусственный интеллект

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 118 человек из 43 регионов
  • Этот курс уже прошли 45 человек

Мини-курс

Медико-педагогические аспекты обучения и тренировки

2 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе