Инфоурок Другое КонспектыҚош бол Әліппе тәрбие сағаты

Қош бол Әліппе тәрбие сағаты

Скачать материал

Қош бол, сүйікті Әліппем!

Сабақтың мақсаты:

1.Білімділік: Оқушылардың сауат ашу пәнін оқу барысында алған білімдерін тиянақтау,өз өнерлерін ата-аналарға көрсету,белсенділігін арттырып, ұжымшылдығын күшейту.

2.Дамытушылық: Тапсырмаларды орындау барысында өз ойларын еркін айтып,толық жауап беруін,қабылдауын,есте сақтауын дамыту.

 3.Тәрбиелік: Адамгершілікке, ұқыптылыққа,бірін-бірі сыйлауға,кеш барысында өзін-өзі дұрыс ұстауға және балалардың эстетикалық талғамдарын түсініп,ана тілін сүйіп,қастерлеуге тәрбиелеу.

 1.Безендірілуі:

«Қош бол, сүйікті Әліппем!» сөзі жазылған плакат,суреттер, шарлар, жалаушалар,суретті әріптер, нақыл сөздер жазылған плакаттар.

Сабақтың барысы:

Сахынаның бір бұрышын орман бейнесінде безендіру.Сахна бұрышында  сиқыршы қыз ертегі кейіпкерлерімен билеп жүреді.

Сиқыршы қыз:

Ой,бүгін күн қандай тамаша!Табиғат-ана өз жылуын жердегі адамзатқа төгіп тұрғандай! Қараңдаршы қандай әдемі,қандай көрікті.Бүгін менің сиқырлы таяғым бір ғажайып көрсетер ме екен?Қане сиқырлы таяғым маған не көрсетесің?

(Сол кезде шар жарылып,сиқыршы оқушылар ортасына келеді)

Сиқыршы: Ой, мен қайда келіп қалдым? (Мұғалімге кездеседі)

Мұғалім:Армысыз, кішкентай сиқыршы!

Сиқыршы:Сәлеметсіз бе? Мен сізді танымадым.

                     Мен өзі қайда келіп тұрмын?

Мұғалім: Кішкентай сиқыршы,сіз біздің мектебімізде тұрсыз.Бүгін біздің мектепте ерекше той өткелі тұр.Мектептің 1 «а» сынып оқушылары Әліппемен қоштасқалы отыр.Бұл тойдың қадірлі қонағы бол!

Сиқыршы: Рахмет,маған да сізге көмектесіп тұруға бола ма?

Мұғалім:Әрине болады.Әзірге балалармен бірге отыра тұрыңдар.

 

 Мұғалім: Құрметті ата-аналар, ұстаздар, оқушылар!  Бүгін біздің қуанышымызға шек жоқ. Бүгін сіздер 1- сынып оқушыларының «Әліппемен қоштасу» ертеңгілігіне келіп отырсыздар.

 Әліппені бітірді балаларым,

 Әліппеден нәр алған даналарым.

 Өзі оқып жазатын хәлге жетті.

 Құтты болсын білімі балалардың,

 Ал ендігі кезекті оқушыларға берейік.

Назым

  Қош келіпсіз, ақ жаулықты аналар,

 Жүздеріңнен мейірім мен нұр тамар.

 Алдарында қызғалдақтай құлпырған,

 Біз алаңсыз балғын шақты балалар.

Амина

 Көз салып қараңызшы бойымызға

 Ортақ боп бүгінгі өскен ойымызға.

 Хош келіпсіз, ұстаздар, ата-аналар,

 Әліппемен қоштасу тойымызға.

 Ән:( Болайықшы осындай )  

 Мұғалім:

 Өсті міне бойларың,

 Өсті ақыл – ойларың.

 Қуанышқа ортақпын,

 Құтты болсын тойларың!

 -    Балалар мен сендерге сұрақ қоюдан бастаймын. Сендер оған жауап айтыңдаршы.

 Іші толы әріпке,

 Білімдегі жарық не?

 Хормен:  Болашаққа жол ашқан,

 Ол сүйікті Әліппе!

 Мұғалім:

 -    Олай болса, бәрімізге ең қымбат Әліппені ортаға шақырайық.

 Хормен:   Әліппе.

 Әліппе:

 Менің атым -  Әліппе,

 Мені анаңдай дәріпте.

 Мені оқып ер жеткен,

 Аған менен әпкең де.

 Армысыздар жас достар!

 Армысыңдар, ата-ана!

 Болашаққа жол бастар,

 Әліппең келді ортаға.

 Мерекеңмен құттықтаймын

 Бүлдіршіндер, балғындар!

 Не үйреніп, не білдік

 Кәне ортаға салайық.

 Әліппе: – Осы сендер қандайсындар?

 -    Талабы биік таудаймыз.

 -    Мың бұралған бишіміз.

 -    Біз шеберміз.

 -    Ақылдымыз.

 -    Үлкенге ізеттіміз, кішіге қамқормыз.

 -    Көп оқимыз.

 Барлығы: Біз -  қазақ елінің болашағымыз.

Сиқыршы:  

Біз сендермен бірге бір ойын ойнасамқ дейміз. Ойнаймыз ба?

Балалар:Ойнаймыз.

Сиқыршы: Балалар менің достарым   сендерге жұмбақ жасырады. Сендер жауабын дұрыс тапсаңдар бір сөз шығады.Қане мұхият тыңдаңдар.

Аю

1.Әжеде бар, атада жоқ,

Әтеште бар,көжекте жоқ.(«Ә» әрпі)

Қоян

2.Біреуі «белде»

Біреуі «көлде»   («Л» әрпі)

Қасқыр

3.Ірімшікті жедің ғой,

Тәтті екен дедің ғой.

Ірімшікті біз жеген,

Қай әріптен басталған. («І» әрпі)

Түлкі

5.Ата-анаңмен барып сен,

Пілді көрдің парктен.

Осы атаулар зер салшы,

Басталған қай әріптен. («П» әрпі)

Тышқан

6.Пілде бар,шілде жоқ,

Допта бар,шарда жоқ. («П» әрпі)

Сиқыршы:

Ешкіде бар,қойда жоқ,

Кеседе бар,қасықта жоқ. («Е» әрпі)

 

 

Сиқыршы:Балалар қандай сөз шықты?

Балалар: «Әліппе»

Сиқыршы: Ал сендер әліппе туралы тақпақтар білесіңдер ме?

Ия

Аңсар

Ең алғаш қолға алғанда әліппені,

Қызыға қарай бердім әріптерді.

Мен үшін жұмбақ болып қалар ма еді,

Ұстазым оның кілтін алып берді

Айболат

Ұйретіп бізге алғаш Әліппені,

Ұстазым ғылымға жол салып берді.

Адамның ой-арманы, мақсаттары,

Оқудың сәулесімен жарық көрді.

Амина

Өмірге жол бір өзіңнен бастадым,

Алфавитті алғаш сенен жаттадым.

Ұстаз- ана естен кетпес мәңгілік,

Мейіріммен жауырыннан қаққаның.

Ералы

Жүзің жылы, құшағың кең,

Сенен түлеп ұшамын мен.

Өзің берген біліміңмен,

Биіктерге шығамын мен.

Назым

Жақсы кітап әліппе,

 үйретеді әріпке,

Қуыршақпен қоштастым,

Әріптермен достастым.

 

 Мұғалім: Олай болса, біздер әріптер әлеміне саяхатқа шығамыз.

Қос аяққа ұқсаған,
Тізесінен тұсаған.

Қай әріп?  (А)
Әріп десең бүйірі жоқ,
Сан десең салмағы жоқ.

Қай әріп ?  (О)
Жалғыз таяқ боп тұр,
Төбесінде доп тұр.

Қай әріп? (І)
Көлдің ортасынан не табасың? (Ө)
Жердің ортасынан не табасың?(Е)
Шеңберді әкеп алаңға,
Байлап қойдым бағанға. /Ю/

 Мұғалім: – Балалар, Әліппе сендерді оқуға, жазуға үйретті.

Сол үшін Әліппе достарыңа не айту керек?

 Хормен:   Біздерге білім үйреткен,

 Әліппе, саған  мың рахмет.

 Әліппе:

 -    Балалар! Сендер менімен ғана достасып қана қойған жоқсыңдар. Сонымен бірге қандай негізгі пәндерді оқыдыңдар?

 Оқушылар: Математика, дүниетану, ән сабағы, бейнелеу өнері, еңбекке баулу.

 Сиқыршы:

Балалар  мен  сендерге  өз елімнен қызықты  тапсырмалар алып келдім.Сиқырлы  алма ағашына қараңдаршы қандай көп алма,осы алмаларды жинап тапсырмаларды орындайық.

Тапсырмалар:

1.Сан қатарын ата.

2.Үй жануарларын ата.

3. Қысқы еңбек туралы айтып бер

4.Сурет бойынша әңгіме құра

5.Дауысты дыбыстарды ата

6. Сөйлем неден құралады.

7.Кітапхана сөзін буынға бөл.

8. Еспете 6+3, 5+4,2+3,7-5

9.Алфавитте неше әріп бар?

10.Президентіміз кім?

Сиқыршы:

Жарайсыңдар балалар  білімдерін бар екен ,рахмет сендерге.

Сиқыршы: Рахмет. Біздің ертегілер әлеміне кететін уақытымыз болды. Сендердің білімдеріңді көріп, өнерлеріңді тамашалап, риза болдық. Біздің сендерге сыйлықтарымыз бар.

Білім алу жолдарыңда қанаттарың талмасын! Қош сау болыңдар!

Әліппе: Рақмет, ризамын. Менде сендерге бұдан былай қарай кітапты көп оқысын деген ниетпен, ана тілін табыс етемін

Мұғалім:

Балалар ендігі сендердің жаңа достарың –Ана тілі. Сондықтан әліппені қалай меңгерсеңдер  Ана тілінде солай меңгеруге сөз бересіңдер ме?

Мұғалім:

Талап, еңбек, терең ой,

Қанағат, рақым ойлап қой- деп

Абай атамыз жырлағандай, осы бес қасиетті бойымызға дарыту үшін ана тілін меңгеруіміз керек.

Ана тілі:

Туған елдің тілімін,

Елдос Ақылыммен таныламын.

Түсіндірер бәріне,

Ана тілі пәнімін

Ана тілі ұраным

Ана тілі болмаса

Мықты болмас тұрағым.

Балалар енді мені оқитын боласыңдар. Мен сендерге көп нәрсені үйретемін. Барлық қазына байлық оқу-білімде. Ол туралы қандай мақалдар білесіңдер?

Назым:

Кітап-білім бұлағы,

Білім- өмір шырағы.

 

Айболат

 Ақыл- тозбайтын тон,

Білім- таусылмайтын кен.

Аңсар:

Кітапсыз білім жоқ,

Білімсіз күнің жоқ.

Ералы:

 Оқу инемен құдық қазғандай.

Амина:

Білім іздеген озар,

Бүлік іздеген тозар.

АНА ТІЛІ:

 «5» болсын алар бағамыз,

Білімнен бақыт табамыз.

Өнер-білім көп тоқып .

Өсе берсін санамыз!

 

 

 Мұғалім: Жиналған қауым таң қалсын

 Ән бимен шашу шашылсың

 Мың бұралған бишелер

 Бименен кешті жалғасын.

Сынып оқушыларының  орындауында  би

 Айболат

 Баланың да тірегі,

 Дананың да тірегі.

 Шаншылмасын ешқашан,

 Аналардың жүр егі.

Аңсар

  Ақыл құйған санама,

 Күннен де артық расында.

 Күн-алыста, ал анам,

 Ылғи менің қасымда.

 Мұғалім: – Бізді осындай күнге жеткізіп, бірге қуанып, бірге ренжіп жүрген аналар мен әкелеріміз, аталар мен әжелерімізге мың алғыс айтамыз. Ендігі ән сіздерге арналады.

 Ән "Ақ мамам"

 Әліппе:   Енді мен сендермен қоштасайын.

 Кір шалмасын беттерін,

 Таза болсын оқулық пен дәптерің.

 Оқығандарын есте болсың,

 Күнделіктерің 5-ке толсын!

 

Хормен:

  Бәрімізді сүйіп өткен,

  Балаларға үйреткен.

Әліппе мен ұстазға

 Бас иеміз құрметпен.

 

 Мектеп басшыларына сөз беріледі.

 Мұғалім:   Жүрекке жылы сөзбен тілек айтар

 Сөз берейік әкелер мен аналарға.

 Мұғалім:   Бүгінгі кеш әр үйдің тойбасы деп саналар,

 Балалардың есімі әулеттерге таралар,

 Ырым етіп сондықтан, ертеңгілік соңында

 Ақ тілекпен шашу шашпақ аналар.

 -    Уақыттарыңызды бөліп қуашынымызға ортақтасып келгендеріңізге көп рақмет!

 -    Қош сау болыңдар.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Қош бол Әліппе тәрбие сағаты"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Страховой брокер

Получите профессию

Методист-разработчик онлайн-курсов

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 672 262 материала в базе

Скачать материал

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 11.05.2017 1187
    • DOCX 29 кбайт
    • 10 скачиваний
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Кажубекова Айгерим Нурсаиновна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    • На сайте: 6 лет и 11 месяцев
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 5494
    • Всего материалов: 5

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой