Инфоурок Школьному психологу Другие методич. материалыОТБАСЫНДАҒЫ ҰЛТТЫҚ ТӘРБИЕ ТУРАЛЫ

ОТБАСЫНДАҒЫ ҰЛТТЫҚ ТӘРБИЕ ТУРАЛЫ

Скачать материал

ӘОЖ 37.035.6

ОТБАСЫНДАҒЫ ҰЛТТЫҚ ТӘРБИЕ

 

Есембекова Қ.Ж

Қарағанды «Болашақ» Университеті

 

Отбасында адам бойындағы асыл қасиеттер жарқырай көрініп, қалыптасады. Отанға деген ыстық сезім – жақындарына, туған-туысқандарына деген сүйіспеншіліктен басталады.

Н.Ә.Назарбаев.

 

Отбасы – адам ғұмырының тірегі ғана емес, қоғамның да басты негізі. Яғни, отбасы – қоғамның маңызды буыны және өзінше бір кішігірім ұжым. Көп ұлтты мемлекетіміздің негізі осы шағын ұжымдардан қаланады. Осы жағынан кез келген отбасы өзін қоғамның бір бөлігі деп түсінеді.

К.Маркс «Отбасы-кішігірім мемлекет. Оны басқару үшінде өзара келісім, саясат керек», деп текке айтпаған. Бүгінгі таңда ғасырлар қойнауында қалыптасқан ұлттық тәрбиені, озық өнегелі дәстүрлерді, адамгершілік асыл қасиеттерді жастар бойына қалыптастыруда, оны ұтымды пайдалану аса маңызды міндеттердің біріне айналып отырғаны даусыз [1].

Сондай-ақ, ұлттық мәдениеттің, әдебиеттің, тілдің, халықтық педагогиканың тағдыры мен болашағы да мектептегі жас ұрпақ тәрбиесіне байланысты. “Отбасы адамның өте маңызды, өте жауапты ісі. Отбасы өмірді кемеліне келтіреді, отбасы бақыт әкеледі, бірақ әрбір отбасы, ең алдымен мемлекеттік маңызы бар зор іс болып табылады”,- деп анықтама берген А.С. Макаренко болатын.

Әрбір отбасының қалыптасқан әдет-ғұрпы, ата дәстүрі болады. Сонымен бріге жалпы қазақ отбасына ортақ дәстүрлер де бар. Оларды атап өтсек мыналар: жасы кішілер үлкендердің атын атамай, ата-әже, әпке ,аға, әке деп сыйлап қарым-қатынас жасауы, сондай-ақ жасы кішілер үлкендердің, әсіресе қариялардың алдын кесіп өтпеуі, отбасы мүшелерің бірін-бірі ренжітпеуі, әрқайсысының шама шарқынша іс атқаруы.

«Ұлдың ұяты-әкеге, қыздың ұяты-шешеге» деп қараған халқымызда ұл баланы тәрбиелеуді аталар мен әкелер өз қолына алса, ал қыз баланы тәрбиелеу әжелер мен аналардың міндеті болып саналған [2].

Тәлім-тәрбие тұжырымдамасында тәрбиедегі басты бағыт: “Әрбір адам ең алдымен өз халқының перзенті, өз Отанының азаматы болу керек екенін, ұлттық болашағы тек өзіне байланысты болатынын есте ұстауға тиіс. Оның осындай тұжырымға тоқталуына ұлттық әдет-ғұрыптар мен дәстүрлер көмектеседі, солар арқылы ол жалпы азаматтық мәдениетке аяқ басып, өз халқының мәдени игілігін басқа халықтарға жақын да түсінікті ете алады. Сондықтан әрбір ұрпақ өз кезімен өткеннің тағдыры мен талаптарын, объективті факторлар ретінде ұсынып, сол арқылы ұрпақты өмірге даярлап, оларды жинақталған бай тәжірибе негізінде тәрбиелей отырып, өзінің ата-аналарының рухани мұрасын игере түсуі керек” екені айтылған.

Халқымыздың сан ғасырдан бергі даналығына құлақ ассақ, «Адамның бақыты - балада» деген екен. Кез келген адам өзі өмір бойы қуып жете алмайтын бақыт деген құдыретті сөздің өлшемі өмірінің жалғасы ұрпағымен келетініне мән бермеуі де мүмкін. Біреу бақытын байлықтан тапқысы келсе, екінші біреуі даңқ пен атақтан, мансап пен қызметтен іздестіреді. Мұның бәрі түсінген адамға қолдың кірі сияқты нәрсе. Адамға нағыз бақытты - тәрбиелі ұрпағы ғана сыйлай алады. «Адам ұрпағымен мың жасайды» деген сөз тегін айтылмаса керек. Олай болса адам өмірінің мәні — өз ұрпағы, болашағы. Шыр етіп сәби дүниеге келген сәттен бастап ата-ана алдында нәзік те қиын да , қыр-сыры мол үлкен қоғамдық міндет тұрады.

Ол - бала тәрбиесі. Бала үшін үй ішінен, ата-анадан артық тәрбиеші жоқ. Адамгершілік, бауырмалдық, татулық, қайырымдылық, әдептілік, инабаттылық, кішіпейілділік, мейірімділік сияқты қасиеттер-жанұяда тәрбие балаға сөзбен, теориямен дамымайды, үлкендердің үлгісімен сіңеді. «Әкеге қарап ұл өсер, шешеге қарап қыз өсер» дейді халық даналығы.

Бала тәрбиесіндегі басты тұлға– ата-ана. Сондықтан әке де, шеше де балаларының жан дүниесіне үңіліп, мінез-құлқындағы ерекшеліктерді жете білгені жөн. Балалар мен әңгімелескенде олардың пікірімен де санасып отырған орынды. Өз баласымен ашық сөйлесе алмай, сырласа білмейтін ата-аналар «Екеуміз де жұмыстамыз, кешкісін үй шаруасынан қол тимейді, баламен сөйлесуге уақыт жоқ» дегенді айтады. Бұл дұрыс емес. Баламен сөйлесуге тіпті арнайы уақыт бөлудің қажеті жоқ. Себебі үй шаруасында істеп жүріпте әңгімелесіп, сырласуға болады. Бірақ бұл дегеніміз баланың көзінше жанұядағы жанжал, үлкендердің аузына келген сөздерді айту емес, себебі баланың көзінше басқа біреуді сөгуі, біреудің сыртынан өсек айтуы балаға теріс әсер етеді. Бала алдында әке-шеше үй ішінің үлкендердің әдептілік танытқаны жөн.

Баланың бойына барлық жақсы қасиеттерді дарыту, тіпті жанында жүрген достарына дейін мән беру, табиғат сыйлаған дарыны болса дамыту, дұрыс білім алуына жағдай жасау - ата-ананың басты парызы. Ендеше бала тәрбиесінде ұсақ-түйек дейтін ешнәрсе жоқ және сол нәрседен де қателесуге қақымыз жоқ. Бала - әр жанұяның бақыты. Олай болса, өз бақытымызды бағалай білейік.Шәкәрім атамыздың « Адамның жақсы өмір сүруіне үш сапа негіз бола алады,олар барлығынан үстем болатын адал еңбек, мінсіз ақыл,таза жүрек. Бұл сапалар адамды дүниеге келген күнінен бастап тәрбиелейді» дегеніндей, құнды қасиеттерге не рухани адамды қалыптастыру - шынында да оның туған кезінен басталса керек.Ал адамның адам болып қалыптасуында ата-анамен қатар тәрбиеші мен мұғалімнің де рөлі бар.

Қарапайым мысалға жүгінсек, мектепке келген кезінде сондай сүйкімді, тілалғыш, жүрегі таза, сезімі пәк жас бүлдіршін орта немесе жоғары буынға келгенде неге өзгеріп сала береді? Сондықтан мына бала қандай еді,қалай өзгеріп кетті? Мынадай жаман әдеттерді қайдан үйреніп ала қойды? Неге озбырлық жасуға бейім болып алды ?-деген сияқты сауалдар алдыңнан кесе-көлденеңдейді. Әрине, оның себептерін жан-жақтан іздеуге болады. Ата-анасын жүрген ортасын қосқанда оның тәрбиесіне мұғалімнен басқа бірнеше адамның қатысы бар. Балаға жүрек жылуы қашан да қажет және ол ешқашан артық болмайды. Ата-анасынан көрмеген сүйіспеншілікті мұғалімнен көрген бала менің ата-анам да осындай болса, деп армандауы мүмкін. Мұғалімін тек жақсы қырынан таныған оқушы үшін оның айтқаны анық, дегені дәл болып көрінеді. Баласын қалай жақсы көретінін дұрыс білдіру кез келген ата-ананың қолынан келе бермейді.

«Көрінген таудың алыстығы жоқ» дейді, ертең-ақ ұл өсіп ер жетеді, қыз өсіп бой жетеді. Осындай қиында шешімі жоқ мәселеге душар болғанша баланы ұлттық нақышта тәрбиелеген жөн [3].

Қазақ халқының отбасы тәрбиесіне қатысты педагогикалық идеялары мен тәрбиелік тәжірибелері өте бай. Отбасы – халықтың салт-дәстүрлері мен әдет-ғұрыптарының сақтаушысы. «Ат тұяғын тай басар» деп аға ұрпақ келер ұрпақтың ата салтын бұзбауын талап еткен.

Тәрбиенің біртұтас  өзінддік жүйесінің қалыптасуына ықпал етуші басты себеп қазақ халқының балажандылығы, балаға деген ерекше махаббаты, ілтипаты болса керек. Халықтың осындай асыл қасиетіне кезінде тамсанып, таңданған этногроф, фольклорист, зерттеушілер жеткілікті екені белгілі. Мәселен, Шиле: «Қазақтың өз әйеліне немесе балаларына қол жұмсағанын біреулер көрді ме екен?! Олар, әсіресе, балаларға мейірімді» -десе, А.Диваев: «Қазақтардың арасындағы тіпті аз уақыт болғандардың өзі олардың балажан екенін байқатады»,-деп атап көрсетеді. Зерттеуші ғалымдардың сөздерінде үлкен шындық жатыр.

Қазақ баласының тәрбиесі ата-аналардың күнделікті іс-әрекеттері мен көшпелі тұрмыс қалпына байланысты болды. «Атадан бала тусайшы, ата жолын қусайшы» деп аға ұрпақ келер ұрпақты ізгілікке тәрбиеледі.

Отбасындағы тәрбие мына бағыттарда (Ш.Ахметов) жүрді:

Ø  Тәрбие басы- әдептілікке үйрету;

Ø  Мейірімді бала тәрбиелеу;

Ø  Тіл алғыш, елгезек бала тәрбиелеу;

Ø  Адалдық пен шыншылдыққа баулу;

Ø  Білгір болу, ұстаз бен ғалымның, көпті көрген данышпан қарияның сөзін тыңдату, «Ақпа құлақ болма, құйма құлақ бол» дегенді бойларына сіңіре беру;

Ø  Үлкенді, ата-ананы сыйлауға үйрету-басты міндет;

Ø  «Кісі айыбын бетіне баспа» дейді.  Бұл кемшілікті айтпа деген сөз емес, ғаріп кісілердің табиғи табиғи кемдігін көрсетпе деген сөз;

Ел қорғаны батыр болу, халық алдында қызмет ету, өнеріңді соған жұмса дегенді үйретеді.

Отбасы тәрбиесінің ұлттық ерекшеліктері; туыстық қарым-қатынас, жеті ата туралы түсінік, перзенттік парыз бен қарыз, ұлттық намыс, сана-сезім, отансүйгіштік, еңбексүйгіштік қасиеттер ұлттық тәрбиенің негізгі бағыттарына жатады. Тұрмыс – салтқа байланысты туған әдет-ғұрыптар мен салт-дәстүрлердің, бәрінде халықтың арман-тілегі, ой-пікірі, келешек ұрпаққа айтар өсиеті көрініс беріп отырады. Қазақта мынадай құнды өсиеттер бар. Мысалы: Жеті қазына, Жеті ата, Жеті жұт, Жеті күн, Жеті ғалым, Жеті әулие, Жеті жоқ, Жеті жетім, Бес қару, Бес өсиет, Бес намаз Бес жаратылыс,Бес қатер, Үш ғайып, Үш қадірлі, Үш қуат, Үш даусыз,Үш арсыз, Үш тәтті және т.б.

Қазақ халқының ұлттық тәрбиесі – әлемде теңдесі жоқ тәрбие. Жалпы «ұлттық» деген сөздің астарында елге-жерге, тілімізге, дінімізге деген құрмет жатыр. Ал осы ұлттық тәрбиені бала бойына сіңіруде бастауыш сыныпта атқарылатын жұмыстың орны ерекше. Яғни тәрбие алуды сәби ана құрсағынан бастаса, оны білім теңізінің мектеп атты кемесінде ұлттық құндылықтарымызбен жетілдіру өте маңызды.

Ұлттық тәрбиенің мақсаты – ұлттық сана-сезімі қалыптасқан, ұлттық мүдденің өркендеуіне үлес қоса алатын ұлттық құндылықтар мен жалпы адамзаттық құндылықтарды өзара ұштастыра алатын ұлтжанды тұлғаны тәрбиелеу.

Ұлттық тәрбиенің міндеті – мәдени-әлеуметтік өзгермелі жағдайдағы ұлттық тәрбиенің діңгегі - ана тілі болып қалатынын негіздеу, қазақ тілі мен тарихын, мәдениеті, салт-дәстүрі мен дінін құрметтеуде жастардың ұлттық интеллектуалдық мінез-құлқын қалыптастыру, бүгінгі қазақ елінің индустриалық-инновациялық жүйесінің дамуын қамтамасыз ететін парасатты, ұлттық сипаттағы белсенді іс-әрекетке тәрбиелеу, білім және мәдени-рухани тұрғыда басқа өркениеттермен бәсекеге қабілетті болуын қамтамасыз ету, қоғам мен адам, адам мен табиғат қарым-қатынасының өркениеттілік сана-сезімін ұлттық рухта қалыптастыру.

Ұлттық тәрбиенің көздері: Фольклор,халық ауыз әдебиеті, ұлттық әдебиет, әдет-ғұрып, салт-дәстүр, ұлағатты қағидалар, шешендік сөздер, мақал-мәтелдер, ұлы ойшылдардың еңбегінде жатыр. Мыс: «Үйде оңбаған, Түзде де оңбайды.», «Отанды сүю - от басынан басталады», «Екі кісі сығылысса, бір кісілік орын бар», «Кішіпейілділік-кісінің көрк» және т.б.

Ұлттық тәлім-тәрбиенің негізгі қағидалары:

ü  Ақылды, намысқор және көпшіл болу. Өнегелі және арманшыл болып өсу. Айтқан сөзді тыңдау. Адамгершіл, шыншыл және байсалды болу;

ü  Өскен ортаның ықпалдарына мән беру. Табиғат заңдылықтарын, жануарлар дүниесін, өсімдік жамылғысымен танысу;

ü  Ақылды, білімді болып өсу. Ақыл-ойды дамыту әрекеттері. Дамыта отырып тәрбиелеу үрдістері;

ü  Қонақжайлылық. Сыпайылық. Мейірбандылық. Әдет-ғұрыптарды қастерлеу. Үлкен адамдарды сыйлау. Бата-тілектерді дәріптеу;

ü  Парасатты, қанағатшыл, елжанды және отансүйгіш болып өсу. Қайратты, әділетшіл һәм адалдық қасиеттері бойына сіңірген тұлға болу;

ü  Тыйым сөздер мен ырым-сырымдарды сақтау және қастерлеу;

ü  Тәлім-тәрбиенің біртұтас этнокомплексті түрде жүргізілуі;

ü  Денсаулықты шыңдау және тазалықты (гигиенаны) сақтау. Салауатты өмір салтын қалыптастыру;

ü  Үлкенді өнеге тұту. Кішіге ізет көрсету. Ұлттық қазыналарды қастерлеу. Өсиеттер мен аманаттарға назар аудару.

Қазақ ұрпағына барлық тәрбиені осы отбасында берген. Халқымыз салт-дәстүрі, әдет-ғұрыптары, ырым-тыйым сөздері арқылы баласын тәрбиелеген.   

Баланың тәрбиелі болып өсуіне берекелі отбасының әсері мол. Отбасының әрбір мүшесі, өзара сөйлесіп, не болмаса ата-ананың, баланың міндетін атқару ғана емес, береке-бірлік, сүйіспеншілікпен араласса, босағасы берік, шаңырағы биік отбасына айналары сөзсіз [4].

Қазақ ұрпағына барлық тәрбиені осы отбасында берген. Халқымыз салт-дәстүрі, әдет-ғұрыптары, ырым-тыйым сөздері арқылы баласын тәрбиелеген.    

Баланың дүниеге келіп, ер жетіп өсуі, қалыптасуында отбасы үлкен рөл атқарады. Отбасындағы ата мен ана баланың қамқоршысы, әрі оған үлгі-өнеге көрсетуші. Бала солардан көргенін істеп, солардан үлгі алып өседі. Халқымыз «әкеге қарап, ұл өсер, шешеге қарап қыз өсер» деп бекер айтпаған. Адам өзінде жоқ нәрсені даладан іздейді. Егер сол отбасынан үйренетіндей ештеңе таба алмаса баланың көше тәрбиесіне бой алдырып кетуі оңай-ақ.

«Тәрбиесіз берген білім қауіпті», – деген екен әл-Фараби. Технологияның дамып, әлемдік жаһандану үдерісі кезінде білім беру жүйесіне ұлттық инновацияны енгізу керектігін көпшілік мойындап отыр. Қоғамға қызмет ететін болашақ жеткіншектерге сапалы білім мен өнегелі ұлттық тәрбие беру – ұстаздар қауымының басты парызы. 

Ұлттық тәрбиені ұлттық сана-сезімі жоғары болашақ маман жастарды тәрбиелеуге негізделген білім беру жүйесінің құрамдас бөлігі ретінде қарауға болады. Ол үшін ұлттық сана-сезімі қалыптасқан, ұлттық мүдденің өркендеуіне үлес қоса алатын, ұлттық құндылықтар мен жалпыадамзаттық құндылықтарды өзара ұштастыра алатын толық кемелді, ұлтжанды тұлғаны тәрбиелеуді мақсат етіп алуымыз жөн.

Қоғамның белгілі қайраткері, ақын М.Шахановтың: «Халықта ең бірінші ұлттық рух болуы керек», – дегенін әр кез есте сақтап, еліміздің жарқын болашағы үшін атсалысуымыз қажет. Ол үшін біз, оқушыларға салт-дәстүрлерді жай ғана үйретіп қана қоймай, олардың тәрбиелік түп-тамырын, мәнін, алтын діңгегін түсіндіре білуіміз керек. Ұлттық тәлім-тәрбиенің іргетасын дұрыс қалай білу мұғалімдердің ата-аналармен қосылып жүргізген шараларына байланысты болмақ. Өйткені бірінші ұлттық тәрбиенің ошағы – отбасында, екінші – мектепте болғандықтан, ата-ана мен мектеп, яғни мұғалімдер мен жұртшылық тығыз байланыста болуы шартты нәрсе екені баршамызға аян.

Қазақтың айтулы қоғам қайраткері Мұстафа Шоқай былай дейді: «Ұлттық мәдениеттен жұрдай рухта тәрбиеленген ұрпақтан халқымыздың қажеті мен мүддесін жоқтайтын пайдалы азамат шықпайды». Яғни елдің туын көтеріп, тәуелсіздік талаптарын орындау ісіне батыл бетбұрыс жасаған бүгінгі таңда адамзаттық игіліктерді, халқымыздың ғасырлар бойы армандаған мәдени-рухани мұрағаттары мен ұлттық тәлім-тәрбие саласындағы, білім жүйесіндегі ізденістерін көрсету – басты міндетіміз [5].

Ұлы бабамыз Әбу Насыр әл-Фараби: «Адамға біліммен қатар, тәрбие берілуі керек, тәрбиесіз берілген білім – адамзаттың хас жауы», – деген екен. Ұрпақ тәрбиесінде ежелден қалыптасқан халқымыздың жақсы дәстүрлерін оқып үйрену, өнеге тұту, жас ұрпақты ізгілікке баулу үлкен жауапкершілікті талап етеді. Ұлттық тәрбиенің құдыретін қанша айтсақ та, түгел айту мүмкін емес. Осындай ұлы тәрбие ізгіліктері бала кезден, бұла кезіңнен бастау алмаса, кейін өте қиынға соғатыны – дәлелдеуді қажет етпейтін ақиқат. 

Тәуелсіздігімізді алып, өркениеттілікке құлаш сермеген бүгінгі таңда адамгершілігі мол,сапалы да салауатты ұрпақ тәрбиелеуде халықтық тәрбиенің алатын орны ерекше. Қазір оқу орындарында ұлттық тәрбиеге айрықша мән берілуде. «Жастар біздің болашағымыз» дейтін болсақ, сол жастарымызды ұлтын сүйетін ұлтжанды, Отанын сүйетін патриот, жоғары адамгершілік иесі, ұлттық рухы биік парасатты азамат етіп тәрбиелеу үшін оларға ұлттық тәрбие қажет екенін өмірдің өзі-ақ көрсетіп отыр. Сабақ үрдісінде оқушыларға тұрмыстық тәрбиеге байланысты салт-дәстүрлер, бала дүниеге келгеннен өскенге дейінгі аралықта қолданылатын салт-дәстүр, ырым-тыйымның рөлі, сәлемдесу әдебі, сыйластық, қонақ күту, ас ішу әдебі, инабаттылық дәстүрлері, сөйлеу әдебі және киім кию тәрбиесі, ұлттық тәрбиедегі еңбек тәрбиесінің орны, қазақ халқының озық мәдениет үлгілері мен олардың тәрбиелік мәні сияқты ұлттық құндылықтарымызды оқытуымыз керек.

Рухы асқақ, іргесі берік ел боламыз десек, ең бастысы, ұрпақ тәрбиесі мен біліміне сергек қарауымыз қажет. Бұл жөнінде Абай атамыз: «Балаға мінез үш алуан адамнан жұғады: бірінші – ата-анасынан, екіншісі – ұстазынан, үшіншісі – құрбысынан», – деген екен. Ұлттық тәрбие атауын алғаш әдеби-педагогикалық оқулықтарға енгiзген М. Жұмабаев болды. Ол педагогиканың ұлттық тәрбиеден бастау алатыны жайлы айтқан. «Педагогика» атты еңбегінде былай дейді: «Ұлт тәрбиесі баяғыдан бері сыналып, көп буын қолданып келе жатқан тақтақ жол болғандықтан, әрбір ұлттың баласы өз ұлтының арасында өз ұлты үшін қызмет ететін болғандықтан, әрбір тәрбиеші баланы сол ұлт тәрбиесімен тәрбие қылуға міндетті»

Ендеше, «Ел боламын десең, бесігіңді түзе» демекші, ел болып, ұлт болып қаламыз десек,  «Ұлттық тәрбие» бастауын от басы ошақ қасынан бастауымыз қажет деп есептеймін.

 

Қолданылған әдебиеттер тізімі:

 

1.        С.Қалиев, Ж.Молдабеков, Б.Иманбекова «Фолиант» Астана-2007, Этнопедагогика

2.        Б.Мұқанова, Р.Ильясова «Фолиант» Астана-2008, Этнопедагогика

3.        Р. Зекенова, Отбасындағы тәрбиенің ерекшеліктері, Мақаланың сілтемесі: www.bilim.idhost.kz/

4.        А. Хабал, Ұлттық тәрбие – ұлт болашағы, Мақаланың сілтемесі: www.sc0029.zerenda.akmoedu.kz

5.        А.З. Ташенова,Ұлттық тәрбие – құндылық бастауы, Мақаланың сілтемесі: www.mtdi.kz/kz/makalalar

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Сұраныс

 

1.        Ғылыми жетекшінің ата-жөні: аға оқытушы Бакарамова С. А.

2.        Студенттің аты-жөні (оқу курсы): Есембекова Қ.Ж., ПжП 10-3 тобының 3 курс студенті.

3.        Мекен-жайы: Қарағанды қаласы, Орбита2, 23үй, 49 пәтер.

4.        Телефон: 8(7212) 72-27-47// 87775738434// 87003830344

5.        Мақаланың тақырыбы: Отбасындағы ұлттық тәрбие.

Секцияның тақырыбы: 2 секция: Тұлғаның дамуы мен тәрбие процесінде этнопедагогиканы, этнопсихологияны, отбасы психологиясын қолдану мүмкіндіктері

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "ОТБАСЫНДАҒЫ ҰЛТТЫҚ ТӘРБИЕ ТУРАЛЫ"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Противопожарный инженер

Получите профессию

Бухгалтер

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Краткое описание документа:

Отбасы – адам ғұмырының тірегі ғана емес, қоғамның да басты негізі. Яғни, отбасы – қоғамның маңызды буыны және өзінше бір кішігірім ұжым. Көп ұлтты мемлекетіміздің негізі осы шағын ұжымдардан қаланады. Осы жағынан кез келген отбасы өзін қоғамның бір бөлігі деп түсінеді.

К.Маркс «Отбасы-кішігірім мемлекет. Оны басқару үшінде өзара келісім, саясат керек», деп текке айтпаған. Бүгінгі таңда ғасырлар қойнауында қалыптасқан ұлттық тәрбиені, озық өнегелі дәстүрлерді, адамгершілік асыл қасиеттерді жастар бойына қалыптастыруда, оны ұтымды пайдалану аса маңызды міндеттердің біріне айналып отырғаны даусыз [1].

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 664 983 материала в базе

Скачать материал

Другие материалы

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 31.03.2015 7167
    • DOCX 32.8 кбайт
    • 31 скачивание
    • Рейтинг: 5 из 5
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Есембекова Кундыз Жуанышевна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Есембекова Кундыз Жуанышевна
    Есембекова Кундыз Жуанышевна
    • На сайте: 9 лет
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 22626
    • Всего материалов: 5

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Секретарь-администратор

Секретарь-администратор (делопроизводитель)

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Буллинг: вызовы и решения в воспитании и образовании детей

36/72 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 306 человек из 61 региона
  • Этот курс уже прошли 1 418 человек

Курс повышения квалификации

Современные технологии профилактики зависимого поведения среди подростков и молодежи

72 ч. — 180 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 34 человека из 21 региона
  • Этот курс уже прошли 112 человек

Курс повышения квалификации

Развитие психологической устойчивости обучающихся к воздействиям СМИ

72/108 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 21 человек из 13 регионов
  • Этот курс уже прошли 25 человек

Мини-курс

Управление личной продуктивностью менеджера

10 ч.

1180 руб. 590 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Коррекция нарушений у детей: сна, питания и приучения к туалету

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Цифровая трансформация в бизнесе: аспекты управления и развития

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе