Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Музыка / Другие методич. материалы / Открытый урок на тему: "Әлем халықтарының музыкалық аспаптары"

Открытый урок на тему: "Әлем халықтарының музыкалық аспаптары"

  • Музыка

Поделитесь материалом с коллегами:

Ашық Сабақ “ Әлем халықтарының музыкалық аспаптары”



Сабақтың мақсаты: оқушыларды музыкалық аспаптармен таныстыру, аспаптық музыкаға деген қызығушылығын ояту;

  1. Білімділік: әр аспаптың шығу тарихы жайлы түсінік беру, жасалу ерекшелігі, дыбыс бояуың түсіндіріп, ұлттық аспап туралы білімдерін жетілдіру;

2.Дамытушылық: Тақырыпқа байланысты тіл байлықтарын , сөздік қорларын дамыту, танымдық қызығушылықтарын арттыру,есте сақтау қабілеттерін дамытып, музыкалық аспаптарда ойнай білу қабілеттерін дамыту;

  1. Тәрбиелік: Бабаларымыздан қалған мәдени мұраларымызды қадірлеуге, дәріптей білуге үйрету,ұлттық аспаптарын мақтаныш тұтуға тәрбиелеу, жалпы өнерге деген қызығушылығын арттыру және оны құрметтеуге баулу.



Сабақтың әдісі: Түсіндіру, сұрақ–жауап, кластер құрастыру, тыңдалым, жазылым.

Сабақтың көрнекілігі:  Суреттер, кесте және музыкалык аспаптар, кітаптар көрмесі, буклет, видео, 

Пән аралық байланыс:  Музыка, әдебиет, тарих.

Сабақтың барысы:

  1. Ой түрткі.

Әлем халқтарының қандай ұлттық аспаптарын білесіңдер?

Олардың көпшілігі неден жасалады?

Өздерің қандай аспаптарда ойнайсыңдар?

Бүгінгі сабағымызда осы музыка аспаптары  жөнінде білімімізді толықтырамыз.


-Енді осы аспаптардың жеке –жеке  қалай дыбысталатынын тыңдап көрейік.

(Үнтаспадан әр түрлі аспаптарда орындалған шығармалардан үзінділер тыңдалады)

Сабақтың барысы:
I. Ұйымдастыру бөлімі.
Сәлеметсіздер ме балалар! Біз бүгінгі тәрбие сағатында музыкалық аспаптармен, олардың түрлерімен, ойнау әдісі мен жасалу жолымен танысамыз.
- Оқушылар қандай халықтардың музыкалық аспаптарын білесіңдер?
- Музыка дегеніміз не?
- Композитор дегеніміз кім?
Ендеше оқушылар бүгінгі тәрбие сағатымыздың негізгі бөліміне көшейік.

II. Негізгі бөлім.

Музыкалық аспаптардың әрқайсысының өзіне тән дыбыс тембрі (бояуы), динамикалық мүмкіндігі (ырғағы), белгілі бір диапазоны болады. Музыкалық аспаптардың дыбыс шығару сапасы аспаптарды жасауда қолданылатын материалдардың түрі мен қасиетіне, пошымына, дыбыс шығару тәсіліне байланысты. Музыкалық аспаптардың алғашқы қарапайым түрлері табиғаттағы түрлі дыбыстарға, адамның, хайуанаттардың дауысына еліктеуден шыққан. Ол ‘‘халықтық’’ және ‘‘кәсіби музыкалық аспаптар’’ болып бөлінеді. Әр халықтың музыкалық аспаптарының өзіндік ерекшеліктері болады. Сондай-ақ өзара этникалық, тарихи-мәдени байланысы бар бірнеше халықтарға ортақ әрі олардың “ұлттық аспабы” болып саналатын музыкалық аспаптар бар. Мысалы, бандура тек Украинада, пандури мен чонгури Грузияда ғана болса, гусли,жалейка, волынкалар орыстарда, украиндарда, белорустарда да бар; саз, тар, зурна Әзірбайжан мен Арменияда кездессе, Өзбекстан мен Тәжікстанның бірқатар аспаптары ұқсас болып келеді. 19 ғасырдың аяғында В.В. Андреевтің және оның серіктері С.И. Налимов, Ф.С. Пассербский, Н.П. Фоминдердің көмегімен кейбір музыкалық аспаптар (балалайка, гусли, домрат, т.б.) жетілдіріліп, солардың негізінде орыс халық аспаптар оркестрі құрылды.


Дыбыс шығару ерекшеліктеріне қарай музыкалық аспаптар негізінен үрлемелі (флейта, кларнет, саксофон, гобой, труба, валторна, сурнай, лимба, шоор, қурай, сыбызғы, т.б.); шекті ысқылы (виола, скрипка, альт, виолончель, контрабас, гиджак, икили, қылқобыз, т.б.) және шертпелі (арфа, лютня, гитара, балалайка, жетіген, дутар, рубаб, чанг, домбыра); соқпалы (барабан, литавра, ксилофон, челеста, нагора, дойра, дауылпаз, дабыл), т.б. болып бірнеше топқа бөлінеді. Қазіргі заманда қолданылатын ‘‘электрлі музыкалық аспаптар’’ тобы бар.

Баян  орыс халқының музыкалық аспабы. Төрт қатарлы гармонның 1907 жылы П. Е.Стерлигов жетілдірген түріне баян деген атау берілді.

Аспаптың оң жақ клавиатурасында 5-6 қатар түймелерден түзілген, диапазоны 4-5 октаваны қамтитын дыбыстық қатар, ал оң жағында 3-5 қатар түймелерден тұратын, 3-4 октаваны қамтитын дыбыстық қатар және дайын аккордтық сүйемелдер бар.

XX ғасырдың басында Ресейде баян жасаудың В. П. Хегстрем, Н. З. Синицкийлер ойлап тапқан жүйелері (мәскеулік, шетелдік, т.б.) пайда болды. 1929 жылы Стерлигов баянның шартты түрдегі “дайын-таңдамалы” түрін ойлап тапты. Оның жетілдірілген соңғы үлгілері — көптембрлы “дайын-таңдамалы” баяндар.

Баян жеке орындауда, сонымен қатар ансамбль, оркестрлерде де пайдаланылады. Ол музыкалық ұжымдардың,көркемөнерпаздар үйірмелерінің, сондай-ақ, көпшілік халықтың арасында да кең таралған.[1]

Өткен ғасырлар үніне құлақ түрсек, біздің ата – бабаларымыз тастан, ағаштан, өсімдіктен, малдың терісінен, сүйегінен, мүйізден, ішектен, қылдан т. б. алуан түрлі заттардан дыбыс шығаруға болатынын аңғарып, қарапайым музыкалық аспаптар жасап алды. Сол ұмыт болған қазақ халқының аспаптарын қайта жаңғыртып, олардың кең түрде насихатталуына мол еңбек сіңіріп, соңына қыруар мұра қалдырған Болат Шамғалиұлы Сарыбаев еді.
Болат Шамғалиұлы Сарыбаев көне аспаптарды жинауға 1960 ж. бастап кіріскен екен. Сол жылдары Алматы консерваториясының ұстазы Б. Сарыбаевтың үйі ерекше мұражайға айналды. Ол жинаған аспаптар саны 300 - ге жетті. Зерттеуші еліміздің түрлі аймақтарынан көне аспаптарды тауып, оларды зерттеп, жетілдіріп, орындау әдістерін меңгерді, шәкірттерін баулыды. 1968 жылы көне ұлттық музыкалық аспаптардан ансамбль ұйымдастырды. Б. Сарыбаев аспаптарды ойнау тәсіліне қарай мынадай түрге бөледі: үрлемелі, ұрмалы, сілкімелі, ысқышты, ішекті, шертпелі, тілшекті.
«Екі ішектің бірін қатты,
Бірін сәл - сәл кем бұра.
Нағыз қазақ, қазақ емес,
Нағыз қазақ – домбыра» - деп ақын жырлағандай, халқымыздың ғасырлар бойы жинақталған ұлттық құндылығы мен дүниетанымын дәл суреттеп жеткізе алатын қоңыр үнді домбыра екені даусыз.

Домбыра аспабының қалай пайда болғанына байланысты қазақ халқының ортасында сақталған аңыз аса мол. Солардың біразын Б. Сарыбаев, Қ. Жұбанов, Ө. Жәнібеков, А. Сейдімбеков еңбектерінде жақсы көрсеткен.
Домбыра және домбыра күйі туралы сөз қозғағанда осы зерттеушілердің еңбектеріне сүйенеміз. Ақселеу Сейдімбек «Күй шежіре» еңбегінде осы аңыздардың екеуіне ерекше назар аударады. Соның бірі Шығыс Қазақстан обылысы Күршім ауданының тумасы Арғынбек Қилыбаев ақсақалдың айтуымен хатқа түскен «Қос ішек» күйінің аңызы.

Ертеде бір аңшы жігіт болыпты. Сол аңшы жігіт биік таудың қиясын, қалың қарағайдың арасын тұрақ еткен бұғы - маралды аулап, кәсіп етсе керек. Бірде жолы болып, биік таудың қиясынан теңбіл марал атып алады да, маралды етекке түсіру үшін ішек – қарынын алып тастайды. Содан арада айлар өткенде, аңшы жігіт аң атуға ұрымтал жер еді ғой деп, баяғы теңбіл маралды атқан жерге соқса, құлағына бір ызыңдаған дауыс естіледі дейді. Барлап қараса, өткенде атқан маралдың ішек - қарынын қарға - құзғын іліп ұшқан болу керек, қарағайдың бұтағына қос тін болып керіліп қалғанын көреді. Ызыңдаған дыбыстың сол ішектен шығып тұрғанын аңғарады. Қарағайдың бұтақтарына керіле кепкен ішекті сәл ғана жел тербесе ызыңдап, жанға жайлы дыбыс шығарады. Оның өзі бірде уілдеп, бірде сарнап, енді бірде сыңсып жылағандай болып, аңшы жігітті алуан түрлі күйге бөлейді. Сол жерде аңшы жігіт «қой мына қос ішекке тіл бітейін деп тұр екен, бір амал жасайын» - деп, ішекті үйге алып келеді де, бір аспап жасап, соған қос ішекті тағады. Содан тартып көрсе, шынында да қос ішекке тіл біткендей сұңқылдап қоя береді. Бұл үн аңшы жігіттің ғана жанын жадыратып қоймайды, тыңдаған жанның бәрін ұйытады. Осылайша домбыра көптің сүйіп тыңдайтын аспабына айналады. (күй тыңдату Құрманғазы «Адай» орын: Мұрат Әбуғазы)

Шертер - қазақ халқының шертпелі музыкалық аспабы. Шертер - қазақ халқының көне ішекті музыкалық аспабы. Кей деректерге сүйенсек, бұл аспап домбыра мен қобыздың арғы тегі болып саналады.
Сырт келбеті қобызға жақын, көлемі жағынан домбырадан кіші. Шертер аспабы ағаштан ойылып, шанағы ешкі терісінен қапталған. Ішегіне аттың қылы тағылады. Ойнау тәсілі домбыра тартуға ұқсайды. Дыбыс күші қапталған тері мен ішектердің қалыңдығына байланысты. Бастапқы кезде аспапта перне болмаған. Көп ұзамай перне орналастырып аспаптың беткі жағы біраз өзгеріске ұшыраған. (бейнебаян)

Қылқобыз – қазақ халқының ұлттық аспаптарының ішіндегі ең көне аспап. 9 - 10 ғасырларда өмір сүрген Қорқыт ата дәуірінен бері қылқобыздың сарыны үзілмей келеді. Қылқобыз – екі ішекті, ыспалы музыкалық аспап. Жалпы, ұлттық аспаптардың ішінде қобыз үнге бай, киелі, қасиетті деп танылады. Сонымен қатар, қанша ғасырлар қойнауынан жетсе де қобыздың бұрынғы түрі мен қазіргі түріндегі үні бір сарынды. Себебі, оның ішегі ықылым заманнан бері жылқының қылынан тартылып келді, ысқышы да. Оның қылқобыз аталуы да сондықтан. Қылқобыздың ішіндегі ең үлкен түрі – «нар қобыз». Қылқобызды халқымыз киелі аспап ретінде қастерлейді. Қазақ қобыздың үні шыққан жерге жын - шайтан жоламайды деп ырымдайды. (үнтаспа «Қылқобыз сарыны»)

Жетіген – (жеті ішекті) көп ішекті шертіп ойналатын музыкалық аспап. Жалпы тұрқы ұзынша, жәшік тәріздес, бетіне жұқа тақтайдан қақпақ жабылып, үн беретін ойықтары салынады. Жетіген аспабының жасалуы да, ойнау әдіс - тәсілі де өте күрделі. Ертеректе ел арасында сақталған көне жетігеннің ішегі аттың қылынан тағылып, тиектің орнына асықтар пайдаланылатын болған. Аспаптың құлақ күйі осы асықтарды әрлі - берлі жылжыту арқылы келтірілген. Ішек сандары жетеу болғандықтан, аспап жетіген аталған.

Жетіген туралы аңыз. Ерте кезде ауылда бір қария тұрады. Оның жеті ұлы болыпты. Бір жылы қатты жұт болып, адамдар тамақсыз қалады, сөйтіп қарияның үйіне қайғы орнайды. Аштықтан үлкен ұлы Қания өлгеннен кейін қария кепкен ағаштың бөлігін алып, оған ішек салып, тиек қойып, «Қарағым» күйін орындайды, Төралым деген екінші ұлы өлгеннен кейін екінші ішек тартып, «Қанат сынар» деген күй шығарады, үшінші ұлы Жанкелдіге ол «Құмарым» күйін, төртінші ұлы Бекенге «От сөнер», бесінші ұлы Хауасқа «Бақыт көшті», Жұлзарға «Күн тұтылуы» атты күй шығарады. Ең кіші ұлы Қиястан айрылған қария жетінші ішекті тартып, «Жеті баламнан айрылып құса болдым» атты күй орындайды. Аспаптан қайғыға толы көп дыбысты ала отырып, орындаушы әртүрлі әуен арқылы өзінің балаларының бейнелерін көрсетеді. Бұл шығарылған әуендер одан әрі дамытылып, аспапты орындаудағы күй - пьеса түрінде бізге «Жетігеннің жетеуі» деген жалпы атпен жеткен. «Жетіген» деген атау екі сөзден тұрады: жеті және ән» - «жетіген» деген ұғымды береді.
Адырна - қазақтың көп ішекті шертпелі аспабы. Аспаптың шанағы қуыс, беті көн терімен қапталады. Б. з. б. аңшылар ұстанған көне аспап саналады. Оның көне үлгісі әуелде садақ тәріздес болған. Кейін бұғы, марал, киік, бөкен тәрізді аңдарға ұқсастырып жасап, мүйіз бен құйрықтың екі арасына ішектер тартып ойнаған. Адырнаны тізенің үстіне қойып, басын иыққа тіреп, ішектерін іліп тартып кейде шертіп ойнайды. Адырнаның ішегі шуда жіптен немесе тарамыстан тағылады, аспаптың тұрқы 48 - 50 см., қалыңдығы 8 - 10 см, 7 - ден 13 - ке дейін ішектер тағылады. Адырна қазіргі кезде фольклорлық әуендер мен шағын күйлерді орындауға қолданылады. (бейнебаян)

Сыбызғы - қазақтың үрмелі көне музыкалық аспабы. Қурайдан, ағаштан, кейде жезден де жасалады. Ұзындығы 600 - 650 см не 700 - 800см болады. 3 - 4 ойықты. Сыбызғы ойықтарынан демді жай немесе күшті шығару арқылы түрлі дыбыс әуендері туады. Сыбызғы негізінен бақташылар арасында кең тараған. Бұл аспаптың жетілдірілген түрі фольклорлық - этнографиялық ансамблдер мен оркестрлерде қолданылады.

Сазсырнай - үрлемелі аспап. Сазсырнай ысқырып ойналатын флейталар тобына жатады. Кейбір сазсырнайдың ысқырғыш тетігі болмайды. Оған қазақ халқының сазсырнайы мысал. Сазсырнайға ұқсас аспаптар көптеген халықтарда кездеседі. Атауы әр халықтың өз тілінде айтылатын аспаптың пішіні де әр түрлі. Оның пішінін шеберлер құсқа, балыққа, көп басты атқа, жұмыртқаға ұқсатып жасай берген. Сазсырнайдың дыбыс диапазоны терция, кейде октаваға шейін барады. 1971 жылы Отырарда жүргізілген қазба жұмыстарда саздан жасалған қаздың жұмыртқасындай музыкалық аспап табылған. Аспаптанушылардың зерттеуінен өткен бұл сазсырнай үш дыбыс шығарады. Олар екінші октаваның “ми - бемоль”, “фа”, “соль” ноталары.

Шаңқобыз - қазақтың көне музыкалық аспабы. Ағаштан, темірден кейде күмістен жасалады. Ағаштан жасалған шаңқобызға жіп байланып, сол жіпті серпіп тарту арқылы ортасындағы тілше тербеліп, дыбыс шығарады. Ол ашалы сым темірден немесе күмістен жасалған. Белгілі бір музыкалық әуен шаңқобыз арасында бекітілген тілін саусақпен шалып тарту арқылы орындалады. Негізгі дыбысы тілдің мөлшеріне байланысты. Дыбыс көлемі бір октава шаңқобыз тартушы тіл қимылы арқылы да түрлі дыбыстар шығарып отырады. Кейде орындаушылар саусақтарына қоңырау іліп алып та ойнайды. 19 ғасырда музыкалық аспап ретінде көбіне әйелдер пайдаланды. Шаңқобызға арналған «Қыз зары», «Қыз ұзату», «Қыздың мұңы» әуендері мен «Шаңқобыздың толғауы» сияқты күйі де бар. (бейнебаян)

Мүйіз сырнай - ескі үрмелі мүйізді аспап. Ол үш тесікті мүйізден жасалады. Сырнай - сыңсымалы дыбыспен ерекшеленеді және жол сапарларда хабар беруші аспап ретінде қолданылған.
Ұран - әскерлер қолданатын үрмелі музыкалық аспап. Ұзындығы әртүрлі екі түтікшенің әрқайсысында үш саңылау бар.
Бұғышақ. (бейнебаян)

Тұяқтас – қазақ тұрмыс салтында ежелден бар музыкалық аспап. Ұзатылатын қыз ұзатылуына 3 - 4 күн қалғанда қоштасу әнін айта бастайды. Әуенін тұяқтаспен сүйемелдеп отырады. Жаңа сойылған жылқының тұяғын кесіп алып, суға қайнатады, тұяқтың ішкі сүйегі босап, сыртқы қабығы бөлектенеді. Оны әбден ішін тазартып, күнге кептіреді. Бүгінде бұл аспап музыкалық аспап ретінде ансамбль мен оркестрлерде кеңінен қолданылады. (Бейнебаян)

Асатаяқ - тұтас ағаштан жасалған, оның басында темір теңгешелер, қоңыраулар ілінген, сілкіп ойнайтын аспап. Қоңыраулар күміс, алтын, қорғасын сияқты асыл тастардан жасалған. Қоңыраулар соғылғанда әдемі үн шығады.

Сақпан – (зырылдауық) қазақ халқының көне музыкалық аспаптарының бірі. Ертеде бұл аспапты малшылар мен бақташылар мал қайыру үшін қолданатын болған. Кейін зырылдауықтың “сақпан”, “шартылдауық”, “зымырауық” деген түрлері музыкалық аспаптарға айналды. Қазіргі кезде бұл аспаптар “Сазген”, “Адырна” көне аспаптар ансамбльдері мен әйгілі “Отырар сазы” оркестрінде қолданылып жүр. Зырылдауық аспабының жасалу әдісі күрделі болғанымен, ойнау тәсілі өте қарапайым. Ол музыкалық шығармаларда кездесетін оқыс дыбыстарды ойнау үшін қолданылады. Қазақ халық музыкалық аспаптары музейінде зырылдауықтың бірнеше үлгісі сақталуда. Олар белгілі шебер Дәркембай Шоқпарұлының шеберханасында қалпына келтірілген.

Дабыл – бұл «дабыл қағу» деген сөз. Дабыл ұрып ойналатын аспап. Даусы күркіреп шығады.
Дауылпаз – дауылпаздың бірнеше түрібар: қазандауылпаз, нардауылпаз.

Даңғыра - қазақтың көне ұрмалы - сылдырмақты, қатты дыбысты музыкалық аспап. Бұл бір жағы терімен қапталған, ішкі жағынан темір алқалар сақиналар мен сылдырмалар ілінген дөңгелек шығыршық. Даңғыра шамандық әдет - ғұрыптардың бөлінбес белгілемесі болып табылды.

Кепшік – қазақ халқының көне ұрмалы аспабы. Кепшікті тұтас ағаштан шауып жасаған. Кейінгі жетілдірілген түрлері тегенге ұқсас – дөңгелек шеңбер ағаш. Иіліп жасалған ағаш шеңберге иленбеген мал терісін айналдыра қайыс баумен байлап бекітеді. Тері әбден кепкен соң шеңбер кенересіне тартып қаптайды. Кепшіктің іші қуыс, бір жағы ғана көн терімен қапталады. Даңғыра аспабынан айырмашылығы шанағының ішіне темір теңгешелер ілінбейді. Дыбысы шаңқылдаған ащы. Кепшікте ойнау саусақ буындарының ептілігі мен икемділігін қажет етеді. Ертеде Кепшікті қыз - келіншектер бидай суырып, сұлы ұшырып, тары тазалау үшін тұрмыстық мақсатта қолданып келген. Кейін келе оны би ырғақтарын сүйемелдеуге, ал бақсы - балгерлер зікір салып, ауруларға ем жасағанда өз әуендерін сүйемелдеуге қолданатын болған. Музыкалық мақсат үшін соқпалы құрал ретінде пайдалану ісі осы бақсылардың өз дауыстарын сүйемелдеп зікір салу әрекетінен туындаған.

Қазақтың музыкалық аспаптар Батыс Сібірді мекендейтін түркі тілдес халықтарының, сондай-ақ қалмақтар мен моңғолдардың музыкалық аспаптарына көп ұқсастығы бар.  Қырғыздың халық музыкасын зерттеуші - Виноградов былай дейді: «Музыка аспаптарының өз ара байланыстылығы тайға таңба басқандай болып, ап-айқын көрінетін белгілері Солтүстікке, Орталық Қазақстан мен Оңтүстік СібіргеАлтайға жетелейді». Одан әрі былай делінген: «.„қырғыз музыкасы да, қазақ халық музыкасы да бір кезде бейне бір тамырдан өсіп шығып, бөлек-бөлек бүр жарған қос өркен іспетті». Аспаптар өздерінің аталуына, құрылысына пішін-түріне, ою-өрнегіне, шығатын үніне қарай белгілі бір ұлтқа тән болған, сол үлттың өнерін паш еткен.
Бізге белгілі бір тектес аспаптар өз ара ұқсас болғанымен, олардың жасалуында бірқатар айырмашылықтар бар. Сібір халықтары: алтайлықтар, хакастар, тувалықтар, тофылар, шорцылар өз музыкалық аспаптарыныц бұрынғы құрылысын өзгертпей, сол күйі сақтаған. Әр түрлі халықтардың бір тектес аспаптарын зерттегенде оның, эволюциялық дамуының кейбір жақтарын аңғаруға болады.
Үрлеп және ұрып ойналатын аспаптар ерте заманда адамдардың бір-біріне дыбыс беруі үшін немесе аң мен құстың даусын салу үшін пайдаланылғаны ешқандай дау туғызбаса керек. Мұндай аспаптарды біздің арғы аталарымыз жорыққа шыққандарында, ан, аулағанда өздерімен бірге ала жүрген, сондай-ақ діни салт жораларда, бекзадалардың сауық-сайранында пайдаланған. Әсіресе, дабыл қағуға өте қажет болғандықтан көне аспаптардың үрлеп тартылатын және мембраналық ұрып ойналатын түрлері өте көп болған, өйткені, бұлардың даусы қатты шығады. Ал, кейін келе сирек қолданылатын болғандықтан осы айтылған аспатардың кейбір түрлері мүлде ұмыт қалдырылған. Көне аспаптардың бір қатары ән мен жырды сүйемелдеу үшін пайдаланылған. Халықтың ән-күйінің дамуы аспапты жетілдірумен және орындау шеберлігін арттырумен қатарласа жүріп отырған. Әуелгі қарапайым әндер әдетте аспаптық техникалық мүмкіндігіне қарай, сондай-ақ, айтушының өнері мен шеберлігіне қарай түрлі нұсқада орындалып келген.
Музыканыән мен биді ансамбль сүйемелімен орындау түрлері кен дамыған халықтарда көне аспаптар жақсы сақталған. Ансамбльдік аспаптарға жататындар: үрлеп тартыілатын керней; сілку арқылы дыбыс шығаратын сафаиль, ұрып ойналатын нагора. Тунур, орба сияқты аспаптар Сібірді мекендейтін түркі тілдес халықтардабақсылар арасында ғана сақталған. Ежелгі тайпалардың негізінен аңшылықпен айналысқаны белгілі. Олар аңға шыққанда пырғы, амырғы, авырғы, эдиски, сымысха, хомыс және басқа аспаптарды пайдаланған. Бұл аспаптар алтайлықтарда, хакастар мен тувалықтарда күні бүгінге дейін сақталып отыр, өйткені оларда аңшылықпен айналысу кәсібі қазір де экономикалық маңызды саласы болып табылады.
Шертіп ойналатын аспаптың бірі — арфаның алғашқы түрі садаққа ұқсас болып келген. Варган (шаңқобыз) тектес сым тілшелі аспап, флейта тектес үрлеп тартылатынаспап, қобыз тектес қияқпен ойналатын аспапбарабан, бубен тектес ұрып ойналатын аспап т. б. бұрын барлық халықтарда болған, оларда қазір де бар.
Көптеген халықтарда жекелегем кейбір аспаптардың кең тарағаны байқалады. Мысалы, өзбектердің, азербайжандардың, ұйғырлардыңмузыкалық аспаптарыпарсыжәне араб аспаптарымен, тувалықтардікі моңғол аспаптарымен біршама ұқсас келеді. Өзбек пен ұйғырлардың аспаптарының аталуы да, жасалуы да араб, иранаспаптарына ұқсайды (ауған аспаптары — тамбур, дамбура, дотар, рабаб, дойра, чанг). Нақ осындай, тува аспабы — лимби, буиікуур, бурээ, чанзы, кеигирге, шан моңғол аспаптарынан аумайды. Сөйтсе де, сырттан келген аспаптар жергілікіті халықтың бұрынғы өз аспаптарын ығыстырмақ емес. Мысалы, Өзбекстанда бақташылардың үрлеп тартатын қошнай (қазақтың, қоссырнайына ұқсас жіңішке екі түтікті біріктіре жасалған), қазақтың сыбызғысына ұқсас чупон най немесе гажир най намыс сырнайына ұқсас.
Ескі Қазан маңындағы қазбалардан (XIII—XV ғасырлар) төрт тесігі бар балшық ысқырғыш және ені 0, 7 см, ұзындығы 7 см. қырналған қаз сүйегі табылған. Балшық ысқырғыштың, балшықтан жасалған саз сырнай және үскірік сияқты аспаптардың ұқсастығы бар. Саз сырнай Шымкент облысындағы орта ғасырлық Отырар қаласының орнын қазғанда табылған болатын.
Түркі тілдес халықтардың музыкалық аспаптарының пайда болу, шыққан тегі бір. Ежелгі түрік жазу-сызуларында аттары аталатын кейбір аспаптар түркі тілдес халықтарда күні бүгінде, кездеседі. Бұлар — сырнай, чанг, жетіген, накара, шаңқобыз, сыбызғы, дабыл, керней, абырға. О баста бір нұсқадан шыққан музыкалық аспаптар кейін келе, әрбір халықтың өзіне тәи ерекшелігімен көптеген өзгерістерге ұшырай отырып дамыған. 

V. Дидактикалық ойын: «Аспапты тану»
Ойын ережесі бойынша аспаптардың үні үнтаспадан тыңдатылады. Оқушылар қандай аспап екенін айтулары керек.

VI. Бекіту.
1. Қандай аспаптармен таныстыңдар?
2. Б. Сарыбаев кім?
3. Көне музыкалық аспаптарды қай жылдан бастап зерттеді?
4. Ойнау тәсіліне байланысты аспаптар қандай түрге бөлінеді?
5. Ертеде ішектерді неден жасаған?
6. Бүгінгі тәрбие сағаты ұнады ма?
7. Көңіл - күйлерін қандай?

VII. Қорытынды.
Ұлы жазушы М. Әуезов «әнге әуес, күйге құмар бала жаны сұлу, өмірге ғашық болып өседі» деген екен. Ендеше ән мен күйге құмар болып, қызығушылықтарың арта түссін деп бүгінгі тәрбие сағатымызды аяқтаймыз.



Үй тапсырмасы:

 1.Музыка аспаптарының түрлері мен атауларын жаттап келу.

  2.Мәтіннің мазмұнын әңгімелеу.

  3.Сабақтан алған білімдерін қосып әңгіме жазып келу.

4.«Жаңа жыл» әнін жаттап келу.















Выберите курс повышения квалификации со скидкой 50%:

Автор
Дата добавления 04.02.2016
Раздел Музыка
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров173
Номер материала ДВ-415156
Получить свидетельство о публикации

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх