Инфоурок Физика Другие методич. материалыОткрытый урок по физике "Жылу қозғалтқышы" (10 класс)

Открытый урок по физике "Жылу қозғалтқышы" (10 класс)

Скачать материал

 

Сабақтың тақырыбы:  §5.10. Жылу қозғалтқыштары.

                                            §5.11.Жылу қозғалтқыштарының қолданылуы.

Сабақтың мақсаты

Білімділік: Білім алушыларға жылу қозғалтқыштарының түрлері, құрылысы, жұмыс істеу принципі  және олардың пайдасы мен зияны жөнінде түсінік беру.

Дамытушылық:  Физика пәніне қызығушылығын арттыру, ой-өрісін дамыту, қабілеттерін дамытып,  қалыптастыру.

Тәрбиелік:  Дүниеге ғылыми көзқарасын қалыптастырып, пәнге деген  қызығушылығын ояту, өздігінен шешім таба білу, пікірін қорғай білуге тірбиелеу.

Сабақтың типі:       өтілген тақырыпты талқылау.

Сабақтың түрі:        конференция сабақ.

Сабақ  әдісі:              сын тұрғысынан ойлау технологиясы (кубизм).

Сабақтың көрнекілігі:  мультимедиалық проектор, презентация, плакаттар, төрт тактілі қозғалтқыш  моделі.

 

Сабақ барысы:

І. Ұйымдастыру. Сәлеметсіздер ме, балалар?

«Адамдардың табиғатсыз күні жоқ,

Табиғаттың мұны айтуға тілі жоқ», – дегендей, табиғат бізге қанша көмек берсе, біз адамзат сонша қамқорлықты өзіміз де жасау керек екенімізді ұмытпауға тиіспіз.

Ø  Біз қоршаған ортаның қандай болғанын қалаймыз? (слайд)

Ø  Бүгінгі таңда не көріп жүрміз?  (слайд)

Ø  Бұған кім кінәлі деп ойлайсыңдар? (жылу қозғалтқыштары, олармен жұмыс істейтін жекелеген адамдар, яғни сіздер мен біз).

Бүгінгі сабақта, біз – Денелердің  орасан зор ішкі энергиясын механикалық  жұмысқа қандай жолдармен, қандай құралдармен айналдыруға болады деген сұраққа жауап аламыз.

 

ІІ. Жаңа сабақ:

Біздің эрамызға дейінгі ІІІ ғасырда, осыдан 2000 жылдан аса уақыт бұрын алғаш жылу қозғалтқышын ежелгі грек ойшылы-механигі Архимед ойлап тапқанын итальян ғалымы Леонардо да Винчи өз еңбектерінде жазып қалдырған. Архимедтің мыстан жасалған  зеңбірегінің құбыры отпен жоғары температураға дейін қыздырылып, оған су құйылады, су буға айналып температураның артуынан будың көлемі күрт артып, зеңбіректегі болат шарды атып шығарады. Бұл алғаш жылу қозғалтқышында будың ішкі энергиясы болат шардың механикалық энергиясына түрленеді.

Ал бүгінгі сабағымызда біз қазіргі таңдағы жылу қозғалтқыштарының жетілдірілген түрлерімен, олардың құрылысымен, жұмыс істеу принципімен, халық шаруашылығында қолданылуымен танысып, олардың пайдасы мен зияны жөнінде әңгімелекпіз. «Кубизм» тәсілімен тапсырмаларды бөліп алайық.

«Кубизм» сатылары:

 

І. Суреттеу. Жылу қозғалтқыштарының ашылу тарихын суреттеу. (презентация)

 Серікбай Н: ХVІІІ ғасырда саяси революциямен қатар жүрген өндірістегі экономикалық революция  қолөнер өндірісін завод-фабрикалармен  ығыстырды. Фабрикаларға энергия көзі қажет болды, сол мақсатта алғашқы бу машиналары ойлап шығарылды, олар:

1690 жылы – француз технигі Д.Папен алғашқы бу машинасын ойлап тапты, ол құрылысы жағынан өте қарапайым еді.

1711 жылы – Т.Ньюкомен өзінің көмекшісі Коулимен бірге шахтадан су тартып шығаруға арналған бу машинасын жасады, ол едеуір кемшіліктеріне қарамастан өндірісте 90 жылдай пайдаланылды.

1763-1766 жылдары –  орыс технигі И.И.Ползунов бу машинасының жетілдірілген түрін жасап шықты.

Чакмак А:  1784жылы –  ағылшын ғалымы Дж.Уаттың жасаған жетілдірілген бу машинасы кеңінен қолданыла бастады.

ХІХ ғасырда сауда-саттық  пен өндірістің дамуына байланысты жаңа тасымалдаушы көлікке сұраныс пайда болды. Сол мақсатта өндіріс пен транспортта кеңінен  қолдануға болатын әмбебап қозғалтқыштар ойлап шығарылды, олар:

1863жылы – Н.Отто бензин мен ауаның қоспасымен жұмыс істейтін алғашқы поршенді қолдан тұтанатын авиациалық мотордың үлгісін жасады.

1871жылы –  К.Линде салқындатқыш машинасын ойлап тапты.

1897жылы – неміс технигі Р.Дизель өзі тұтанатын іштен жану қозғалтқышын жасап шықты.

Сонымен, біз қазіргі өмірімізді жылу қозғалтқышынсыз елестете алмаймыз, олар бізге арзан электр энергиясын өндіріп береді, жұмысымызды жеңілдетеді және жылдам көлік түрі болып табылады.

 

 

ІІ. Саралау. Іштен  жану қозғалтқышы қимасын саралау.  (презентация)

Умирзакова М: Жылу қозғалтқыштарының кең тараған түрі – карбюраторлы іштен жану қозғалтқышы, оның бұлай аталатын себебі жанғыш қоспа цилиндрдің ішінде тікелей жанады. Енді карбюраторлы іштен жану қозғалтқышының құрылысын қарастырайық: поршень, цилиндр, шатун мен кривошип, иінді білік, маховик, қақпақшалар және тұтандырғыш шам. Қозғалтқыштағы бір жұмыс циклі – поршеннің төрт жүрісі немесе төрт тактісінің ішінде жүзеге асырылады, сондықтан мұндай қозғалтқыштар төрт тактілі деп аталады.

Холбаева А: Поршень жоғарғы шеткі орыннан төмен қарай қозғалады, оның үстіндегі көлемнің үлғаюынан ауа сирейді. Осы кезде 1-қақпақша ашылып, цилиндрдің ішіне жанғыш қоспа сорылады. Цилиндр жанғыш қоспаға толған соң қақпақша жабылады. Әрі қарай поршень жоғары қозғалып, жанғыш қоспа сығылады да, цилиндрдің ішіндегі қысым 10 МПа-ға жетіп, ол температураның 16000 -18000 С-ға дейін жоғарылуын тудырады. Екінші тактінің соңында тұтандырғыш шамда ұшқын көрінеді де, жанғыш қоспа от алып, тез жанады.

Келесі тактідіе қоспа жанғанда пайда болған жоғары температура мен қысымдағы газдар поршенге қысым күшін түсіріп, оны төмен қарай қозғайды, ол шатун мен кривошиптің көмегімен маховик пен иінді білікті қозғалысқа келтіреді. Бұл тактіде қозғалтқыш пайдалы жұмыс атқаратындықтан оны жұмыстық жүріс деп атайды.

Үшінші тактінің соңында поршень төменгі шеткі нүктеге келген кезде шығару 2-қақпақшасы ашылады, күшті түрткі алған маховик инерциясымен әрі қарай айналып, поршенді жоғары қарай қозғайды, шығару қақпақшасы арқылы газ сыртқа шығарылады. Осыдан кейін процесс қайталанып жалғаса береді. Қозғалтқыш үздіксіз жұмыс істеуі үшін оның білігін арнайы электр қозғалтқыш – стартер арқылы айналдырады.

 

 

ІІІ. Салыстыру. Қозғалтқыш түрлерін салыстыру. (презентация)

 Шора Б: Іштен жану қозғалтқышының  автокөліктерде көбінесе төрт цилиндрлі түрі пайдаланылады, цилиндрлердің жұмысы – олардағы жұмыстық жүріс бірінен кейін бірі орындалатындай болып атқарылады.

Жетістіктері:

1.Массасы жеңіл;

2.Өте ыңғайлы (компактілі);

3.Пайдалы әсер коэффициенті  (25-30%)

Мырзабек А: Дизель қозғалтқышы  қозғалтқыштардың ішіндегі ең үнемдісі – төрт тактілі дизель қозғалтқышы, ол сұйық отынның арзан түрлерімен жұмыс істейді.оның жұмысының карбюраторлы қозғалтқыштан ерекшелігі: сору тактісі барысында цилиндрге жанғыш қоспаның орнына атмосфералық ауа сорылады. Екінші такті барысында цилиндрдегі ауа тез адибаталық жолмен сығылады, бұл ауаның темпертурасының 700-10000С-ға дейін артуына әкеліп соқтырады. Сығылған және қызған ауаға форсунка (бүркігіш) арқылы дизельдік отын бүркіледі, ол тез от алып біршама ұзақ жанады. Дизель қозғалтқышында тұтандырғыш шам болмайды. Әрі қарай жұмыстық жүріс, шығару тактісі

Жетістіктері:

1. Ауаға улы заттардың бөлінуі 2/3-ге аз;

2. Қолданылатын отын түрі арзан;

3. Қолданылу мерзімі біршама ұзақ;

4. Қарапайым құрылғы;

5. ПӘК-і біршама жоғары 35-40%.

Колхозбек С: Бу турбинасы – электр энергиясын жылу және атом станцияларында өндірілетін бәрімізге белгілі. Олардың генераторлары бу немесе жоғары температураға дейін қыздырылған газ арқылы қозғалтқыш білігін поршеннің, шатунның және иінді біліктің жәрдемінсіз тікелей айналдырады. Қарапайым бу турбинасының негізгі бөліктері – ротор, ол білікке айнала орналасқан қалақшалар    бекітілген дискіден тұрады. Бу қазанынан арнайы каналдар (түтіктер) арқылы үлкен жылдамдықпен берілген бу қалақшаларға түсіп, дискіні айналдырады. Газ турбинасы болашағы зор қозғалтқыш – онда бу турбинасы мен іштен жану қозғалтқыштарының құнды жақтары біріктірілген, онда жану камерасында отын жанған кезде пайда болатын өте қатты қызған (1500 – 20000С) газ турбинасының қалақшаларына бағытталып, оларды айналдырады.

Жетістіктері:

1. Жылдам айналғыштығы;

2. Ықшамдылығы;

3. Қуаттылығы;

4. ПӘК.-нің жоғарылығы – 40 %.

Рүстем А: Реактивті қозғалтқыш. Ғылымда реактивті қозғалыс деп дененің бір бөлігінің одан бөлінгенде қалған бөлігінің қозғалысын айтады. Реактивті жылу қозғалтқышында жану камерасында жанармай жанғанда пайда болатын газ камера қабырғаларына үлкен күшпен әрекет етеді. Осы камераның бір шетінде орналасқан тесік-сопло арқылы газ үлкен жылдамдықпен сыртқа ұмтылады, сыртқа шыққан газ ағыны реактивті тартқыш күшін тудырады, яғни ұшақты, көлікті алға қарай қозғалысқа келтіреді.  

    

ІV. Қолдану. Іштен жану қозғалтқыштарының қолданылуы. (презентация)

Жанғалиұлы А: Газ турбиналарында иінді-шатунды механизм  мен  бу қазандығының жоқтығы оларды жылу және атом электр станцияларында электр энергиясын өндіруде, көліктерде қолдануға мүмкіндік береді.

Сабыр З: Реактивті қозғалтқыштар қазіргі таңда космосты игеру мақсатында кеңінен қолданылуда. Сонымен қатар олар метеорологиялық мақсатта және түрлі радиустағы әскери ракеталарда қолданылады.

 

V. Қарсы пікір. Іштен жану қозғалтқыштарының кемшіліктері мен зияны.

Николаева К: Іштен жану қозғалтқышының кемшіліктері:

1. Жоғары сапалы отын қажет етеді;

2. Құрылымы күрделі;

3. Иіннің айналу жылдамдығы жоғары;

4. Улы газдар;

5. Шу.

Мекембаева Ұ: Бу турбинасының кемшіліктері:

1.Инерциялығы,яғни турбинаны қосу немесе тоқтату үшін біршама уақыт қажет;

2.Айналу жылдамдығын реттеу мүмкіншілігінің жоқтығы;

3.Кері жүрістің жоқтығы.

Бимұрат Н: Дизель қозғалтқышы кемшіліктері

1.Қыстың күні іске қосылуы температураға тәуелді;

2.Қоректендіру жүйесін қайта жөндеу күрделі;

3.Жұмыс кезінде шуыл.

4.Көлемі жағынан үлкен.

5.Улы газдар бөледі.

 

Оңлас Р: -Жылу қозғалтқышы және адам ағзасы:   Отын түрлеріне калий йодын тамызу арқылы оның құрамында қорғасын қосылыстарының бар-жоғын анықтауға болады. Зерттеулер жоғары октанды бензинде қорғасын қосылыстарының бар екендігін көрсетті. Ал қорғасын тұзын нәруызға тамызғанда, ыдыстың түбіне нәруыз шөгінді болып тұнатыны байқалады, бұл денатурация, яғни нәруыз молекулаларының бұзылуы деген сөз. Ал адам ағзасы тұтастай нәруыздан тұратынын білесіздер, ендеше жоғары октанды бензинмен жұмыс жасайтын жылу қозғалтқыштарының бөліп шығаратын түтіндерінің құрамындағы қорғасын қосылыстары адам ағзасын ыдыратып, зат алмасу процесін бұзады, жас баланың ақыл-есінің  нашар дамуына, мидың  түрлі ауруына әкеліп соқтырады. Түтін құрамындағы күкірт пен азот тотықтары тыныс алу мүшелері арқылы өкпеге өтіп, қандағы гемоглобинмен әрекеттесіп, қанда оттегінің азаюына, оның   жетіспеушілігіне әкеледі, тыныс алу жолдарының ауруын, аллергия ауруын қоздырады. Цилиндрде бензин толық жанбаса бензопирен деген улы қосылыс түзіледі, ол онкологиялық ауруларды қоздырады.

Махмуд А: Жылу қозғалтқыштарынан туындайтын экологиялық мәселелер. Қазақстанда экологиялық жағынан өте лас қалаларға Риддер, Өскемен, Ақтөбе, Алматы қалалары жатады. Жылу машиналарында отынды жағу кезінде оттегінің көп мөлшерін қажет етеді, нәтижесінде ауадағы оттегінің мөлшері жылдан-жылға біртіндеп азайып келеді деген сөз. Мысалы: бір ғана реактивті лайнер 5 сағат ұшқанда 45 т оттегіні пайдаланады екен. Отын жанғанда пайда болатын көмірқышқыл газы «жылы жай эффектісін» тудырып атмосферадағы жылулық балансты бұзып, ауа-райының өзгеруіне, ауаның температурасының артуына, мәңгі мұздардың еріп, жер бетін топан су алу қаупін тудыруда.

Балабек А: Қуатты электр станцияларының өзенге тастаған қалдықтары ағын судың температурасын 50с-ға арттырып, олардағы флора мен фаунаның өзгерісін тудыруда. Өндіріс кәсіпорындары мен жылу электр станцияларының оттықтарындағы отын ешқашан толық жанып кетпейді, сондықтан ауаны күлмен, күйемен ластайды, олардың құрамындағы азот пен күкірт оксидтері ауадағы ылғалмен қосылып, азот пен күкірт қышқылын түзеді, соның нәтижесінде қышқыл жаңбырлар жауады. Ол ауа мен суды, жерді ластап – орманның  жойылуына, балықтар санының азаюына, ауылшаруашылық дақылдары түсімінің төмендеуіне әкеліп соқтырады.

 

VІ. Қорыту, зерттеу. Мәселені шешуге менің пікірім.

Абсамат А: Біз жеңіл автокөлік пен ауыр автокөлікті тексергенде мынаны байқадық:

 

Химиялық құрамы

Қозғалтқышта бөлінетін газдың құрамы  %

дизель

карбюраторлы

Көміртегі тотығы (II) CО

Азот тотығы NOx

Көмірсутектер CxHx

Күкірттің қос тотығыSO2

Күйе, күл С

0,2

0,35

0,04

0,04

0,3 (Мг/л)

6

0,46

0,4

0,007

0,05 (Мг/л)

 

Мейірбек Б: Автомобильдердің бөліп шығаратын улы газдары мен қосылыстарын азайту үшін:

1. Көшеде машиналардың жол қиылысында тығындалып қалмай, бірқалыпты қозғалуы қажет, ол үшін бағдаршамдардың маңызы зор. Тығында оталып тұрған машиналар отынды бос жағып, ауаны улы газдармен ластайды.

2. Қалада машиналар 60 км/сағ жылдамдықпен қозғалулары қажет, дәл осы жылдамдықта қозғалтқыштан улы газдар аз бөлінеді.

3. Ауыр жүк машиналарының қала көшелерімен жүруіне тыйым салып, қала сыртындағы жолдармен жүрулері қажет.

4. Әрбір автомобиль жүргізуші үлкен жауапкершілікпен өз машинасының «түтіндеуіне» жол бермей, қозғалтқышын дер кезінде қарап, ақауын жөндеп отырулары керек. Егер қазіргі таңда есептегі бар машиналардың оталу және қоректендіру жүйелері дұрыс реттелген болса, улы газдардың атмосфераға бөлінуі 5-6 есе азаяр еді.

5. Нашар үрілген доңғалақ оның тез тозуына ғана емес, үйкелістің артуынан жанармайдың көп жағылуына әкеліп соқтырады.

Ахметова А: Жылу қозғалтқышының ПӘК. Жылу машинасының тиімділігін сипаттау үшін жылу машинасының пайдалы әсер коэффициенті деген ұғым енгізіледі. Машинаның пайдалы әсер коэффициенті істелген жұмыстың қыздырғыштан алынған жылу мөлшеріне қатынасына тең:

η =  =  = 1  –   

Ол жанған отыннан бөлінген энергияның қанша бөлігі пайдалы жұмысты құрайтынын көрсетеді. Энергияның бұл бөлігі көп болған сайын қозғалтқыш соғұрлым тиімді болады.

Жаңа өздеріңіз байқадыңыздар, бүгінгі таңдағы пайдаланып жүрген қозғалтқыштардың ПӘК-і 50%-ға жетпейді екен, себебі отын жанған кездегі энергияның жартысынан көбі қозғалтқыштың тетіктерінің арасындағы, жол мен доңғалақтың арасындағы үйкелісті жеңуге жұмсалады, ал біразы газбен сыртқа шығарылады. Сондықтан алдыңғы ойлы өнертапқыштардың алдында пайдалы әсер коэффициентін қалай арттыру мәселесі тұрды, соның бірі француз ғалымы Сади Карно болды.

 Сағындық М: Қорыта келгенде, бүгінгі зерттелген іштен жану қозғалтқыштарының бәрінің жұмыс істеу принципі бірдей екенін білдік. Барлығы да отынның ішкі энергиясын механикалық жұмысқа айналдырады. Ал ПӘК-ін арттыру үшін мен мынадай ұсыныстар айтар едім:

1. Жану жылуы жоғары жаңа отындар ойлап табу, немесе сығылған – сұйытылған  сутек газын пайдалану;

2. Үйкелісті азайту үшін майлардың сапасын жақсарту.

Бегалиева Б: Жылумен өңдеу және жылу аппараттары туралы жалпы түсінік. Тамақтандыру орындарында тамақ өнімдерінің көптеген түрлері жылумен өңделеді. Оларды өңдеуге әр түрлі жылу аппараттары пайдаланылады.

Жылумен өңдеу деп өнім мен оны қоршаған ортаның арасындағы жылу алмасу процесін айтады. Тамақтану кәсіпорындарындағы жылу жабдықтары өздерінің негізгі көрсеткіштері бойынша былай жіктеледі:

1. Технологиялық бағыты бойынша жылу жабдықтарын қайнату аппараттары, қуыру немесе пісіру аппараттары, күрделі жылу аппараттары, деп ажыратуға болады (әмбебаптық және арнаулы жабдықтар, секциялы және секциялы емес, модульді және модульді емес  болып та бөлінеді);

2.  Жылыту тәсілдері бойынша жылу аппараттары конвекциялы, сәуле шығару және жылу өткізгіштік тәсілдер қолданылатын аппараттар болып бөлінеді (өнімді тікелей, жанама түрде (беттік) және өзара қарым-қатынас арқылы жылытатын аппараттар болып та бөлінеді);

3. Жылу көздері бойынша жылу жабдықтары электр, газ, бу жабдықтары болып бөлінеді;

4. Жұмыс істеу тәртібі бойынша жылу аппараттары үздіксіз және кезеңді болып бөлінеді.

 

ІІІ. Бекіту.  Есеп шығару.

1) Машина 300 км жолды 72 км/сағ жылдамдықпен жүреді, осы кезде ол 70 л бензин жұмсайды. Егер машинаның ПӘК-і 25% болса, онда осы жолдағы машинаның қуаты қандай?                                       (37,6 кВт)

Бер:                                     Шешуі:

s = 300 км = 3 · 105 м                        N = F · ʋ,    A =  F · s,    A =  Q · ŋ,    Q = mq = ρVq

ʋ = 72 км/сағ = 20 м/с                          формулаларынан     N =  ŋ,   

V = 70 л = 7 · 10-2 м3                         ал   ρ = 7 · 102 кг/м3,     q = 4,6 · 107 Дж/кг.

ŋ = 25% = 0,25                             N =  · 0,25 ≈ 37567 Вт.

 


N = ?                                                  Жауабы:     N ≈ 37,6 кВт.

 


2) ПӘК-і 11%, өндіретін қуаты 8,096 кВт болатын мотоцикл қозғалтқышы бір сағатта қанша литр бензин жұмсайды?                    (8 л)

Бер:                                     Шешуі:

ŋ = 11% = 0, 11                                 Q = mq = ρVq,       A =  Q · ŋ,        A = N · t

N = 8,096 кВт = 8096 Вт                     формулаларынан  V =  ,

t = 1 сағ = 3,6 · 103 c                         ал   ρ = 7 · 102 кг/м3,     q = 4,6 · 107 Дж/кг.

                                                              V =  ≈ 8 · 10-3 м3 = 8 л.

V = ?                                                Жауабы:     V ≈ 8 л.

 

ІV. Сабақты қорытындылау, бағалау.

Сонымен жылу қозғалтқыштары бағымыз ба, сорымыз ба?! Бірақ адамзат өзінің іс-әрекетінде машинаны пайдаланудан бас тарта алмайды. Сондықтан жылу машиналарын қолданудың көлеңке жақтарының зардаптарымен күресудің қажеттілігі туып отыр. Жер бетіндегі өмір әрбір адамнан өз ісіне үлкен жауапкершілікпен қарауды, табиғатпен үйлесімді өмір сүріп, оны қорғауды талап етеді.

 

 

 

 

Пайдасы

Зияны

Мәселені шешу жолдары

ü  Экономиканың дамуына ықпал етеді;

ü  Қолайлы жағдай жасауға көмектеседі;

ü  Адам еңбегін жеңілдетуге, бір жерден екінші жерге тез жетуіне көмектеседі.

ü  Биосфераны ластайды;

ü  Қоршаған ортаның температурасын жоғары-латады;

ü  Табиғи отын қорларын азайтады;

ü  Адам ағзасына әсер етеді.

ü  Басқа отын түрлерін ойлап табу;

ü  Қозғалтқыштың басқа түрлерін жетілдіру;

ü  Сүзгі фильтрлер орнату;

ü  Жасыл ағаш отырғызу арқылы қоршаған ортаны тазарту;

ü  Автомобиль жүргізушілер мәдениетін қалыптастыру.

 

 Бүгінгі сабақты Шәкәрім атамыздың өлең жолдарымен қорытындылағым келеді:

Бақ-дәулетті мол берді жаратылыс,

Пайдаланып қылсаңшы жақсы жұмыс.

Табиғаттың таусылмас қасиетін

Жұрттың жұмсап жүргені – ақылсыз іс.

Зейін қойып тыңдағандарыңызға үлкен рахмет!!!

1.      Үйге тапсырма:§5.10. 5.11. Реферат жазу.

 

 

Оңтүстік Қазақстан облысы,

Ордабасы ауданы

№ 18 колледж

Физика пәнінің оқытушысы

Құлжан Сәлімбек Балханұлы

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Открытый урок по физике "Жылу қозғалтқышы" (10 класс)"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Проректор

Получите профессию

Менеджер по туризму

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Краткое описание документа:

1690 жылы – француз технигі Д.Папен алғашқы бу машинасын ойлап тапты, ол құрылысы жағынан өте қарапайым еді.

1711 жылы – Т.Ньюкомен өзінің көмекшісі Коулимен бірге шахтадан су тартып шығаруға арналған бу машинасын жасады, ол едеуір кемшіліктеріне қарамастан өндірісте 90 жылдай пайдаланылды.

1763-1766 жылдары – орыс технигі И.И.Ползунов бу машинасының жетілдірілген түрін жасап шықты.

1784жылы – ағылшын ғалымы Дж.Уаттың жасаған жетілдірілген бу машинасы кеңінен қолданыла бастады.

ХІХ ғасырда сауда-саттық пен өндірістің дамуына байланысты жаңа тасымалдаушы көлікке сұраныс пайда болды. Сол мақсатта өндіріс пен транспортта кеңінен қолдануға болатын әмбебап қозғалтқыштар ойлап шығарылды, олар:

1863жылы – Н.Отто бензин мен ауаның қоспасымен жұмыс істейтін алғашқы поршенді қолдан тұтанатын авиациалық мотордың үлгісін жасады.

1871жылы – К.Линде салқындатқыш машинасын ойлап тапты.

1897жылы – неміс технигі Р.Дизель өзі тұтанатын іштен жану қозғалтқышын жасап шықты.

Сонымен, біз қазіргі өмірімізді жылу қозғалтқышынсыз елестете алмаймыз, олар бізге арзан электр энергиясын өндіріп береді, жұмысымызды жеңілдетеді және жылдам көлік түрі болып табылады.

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 672 364 материала в базе

Материал подходит для УМК

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 09.02.2018 2342
    • DOCX 1.1 мбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Кулжан Салимбек Балханулы. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Кулжан Салимбек Балханулы
    Кулжан Салимбек Балханулы
    • На сайте: 6 лет и 2 месяца
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 2393
    • Всего материалов: 1

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Экскурсовод

Экскурсовод (гид)

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Особенности подготовки к сдаче ЕГЭ по физике в условиях реализации ФГОС СОО

36 ч. — 180 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 48 человек из 25 регионов
  • Этот курс уже прошли 458 человек

Курс профессиональной переподготовки

Физика: теория и методика преподавания в образовательной организации

Учитель физики

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3650 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 544 человека из 70 регионов
  • Этот курс уже прошли 2 145 человек

Курс повышения квалификации

Организация проектно-исследовательской деятельности в ходе изучения курсов физики в условиях реализации ФГОС

72 ч. — 180 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 93 человека из 44 регионов
  • Этот курс уже прошли 664 человека

Мини-курс

Современные тенденции в искусстве: от постмодернизма до поп-культуры

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 29 человек из 16 регионов
  • Этот курс уже прошли 14 человек

Мини-курс

Основы образовательной политики и информатики

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Социальная и поведенческая психология

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 29 человек из 18 регионов
  • Этот курс уже прошли 10 человек