Инфоурок Другое КонспектыОткрытый урок на тему: "Анықтауыш"

открытый урок на тему: "Анықтауыш"

Скачать материал

Қазақ тілі 8 сынып

Ашық сабақ

 

Тақырыбы:  Анықтауыш

Сабақтың мақсаты:

а) Оқушылардың анықтауыш туралы білім деңгейін көтеру тереңдету;

ә) Түрлі әдістермен ойлау қабілеттерін  дамыту, өзіндік шығармашылыққа баулу;

б) Ұжымшылдыққа нақтылыққа тәрбиелеу..

Сабақтың түрі: аралас.

Сабақтың әдісі: Сұрақ-жауап, топтастыру, сын тұрғысынан ойлау, тіл дамыту, шығарма жұмыс.

Сабақтың көрнекілігі: Интерактивті тақта, парақшалар, формативті бағалау парақшалары, тірек сызбалар.

Пәнаралық байланыс: Әдебиет, орыс тілі, математика

Сабақтың барысы:

А) Ұйымдастыру кезеңі.

Оқушылармен амандасу, түгендеу, оқу құралдарын тексеру. Сыныптың тазалығына көңіл бөлу, зейінін сабаққа аудару.

 

-                Білім кімдерге керек?

-                Қандай уәде бересіңдер?

-                «5» болсын алар бағамыз

Біліммен бақыт табамыз

Қазақ тілін білмесек

Бәріміз ұятқа қалармыз.

-Қәне, оқушылар, тақтадағы қағаздың біреуін таңдап алыңызшы? Жақсы. Демек бұл Абай атамыздың сүреті екен. Ол тұралы білетін бір мәлімет айтыңыз. Жақсы. Ал Ыбырай Алтынсарын екен. Өте жақсы. Өл кім екен, ол түралы да бір мәлімет айт. Өте жақсы. Демек мына партада Ы.Алтынсарыннің сүретін алған оқушылар, ал мына қатарда Абай атамыздың сүретін алған оқушылар. Сөйтіп сынын сүрет бойынша екі топқа бөлінді. Ол туралы біраз мәліметке де ие екенсіздер.

Сабақ барысында осы екі топ өздері өздерін бағалау критерийдері бойынша бағалап барады. Топ бойынша орташа баға шығарылады. Қай топ көбірек баға нормативін орындаса, сол топ жеңімпаз атанады.

 

 

 

 

1 -тапсырма. Зерттеңіз. Кім жылдам?

Ә) Үй тапсырмасын пысықтау. Өткенді еске түсіру

1.            Қазақ тілінде қанша сөйлем мүшесі бар?

2.            Тұрлаулы мүше дегеніміз не?

3.            Тұрлаулы  мүшелерді атаңдар.

4.            Тұрлаусыз  мүше дегеніміз не?

5.            Оны атаңдар.

6.            Толықтауыш дегеніміз не?

7.            Толықтауыш болатын сөздердің  негізгі  белгілерін атаңдар.

8.            Дара толықтауышқа мысал келтір.

9.            Күрделі толықтауыш  дегеніміз не?

10.       Үйірлі толықтауыш дегенеміз не?

 

2- тапсырма. Ой бөлісіңіз.

 

Мақпал 5 сөзден құралған бір сөйлем ойлап жазыпты. Оның бастауышы-қазақ халқының атақты ағартушы ақынының аты, тура толықтауышы-кәрі сөзінің антонимі, жанама толықтауышы-қос сөз, оның бірінші сыңары білім сөзімен қосарлана айтылатын сөз, баяндауышы-үндеді сөзінің синонимі.

 Мақпалдың жазғаны қандай сөйлем?  (Ыбырай – жастарды оқу-білімге шақырды.)

 

Б) Жаңа сабақты түсіндіру

Сөйлемде зат есімнен немесе  заттық ұғымда жұмсалған басқа да сөз таптарынан болған мүшелерді сындық, сапалық, иелік  жағынан сипаттайтын тұрлаусыз мүшені анықтауыш дейміз. Соған сәйкес сұраулары: Қандай? Қай? Қанша? Неше? Кімнің? Ненің?

Мысалы: Керімбаланың осы әніне орай қып, Оралбай да бір кербез әнге шарқай жөнелді. Оның әні –«Гауһар тас». Бірінші сөйлемде әніне деген толықтауышты екі анықтауыш сипаттап тұр.

Анықтауыш  өзі анықтайтын мүшесімен 1) қабыса,  2) матаса байланысады.

Мысалы: Керімбаланың әніне дегенде матаса байланысқан, осы әнінен дегенде қабыса байланысқан.

 

Анықтауыштар құрылысына қарай

1.            Дара

2.            Күрделі

3.            Үйірлі болады.

 

Дара

Құстар шыршалы орманды жақсы көреді.

Күрделі

Қылқан жапырақты ағаштың ең үлкені алып қарағай.

Үйірлі

Талабы бар жігіт жерде қалмайды.

 

Анықтауыш бірнеше сөз таптарынан болады:

 

Сын есімдер

Қысқа жіп- күрмеуге келмес.

Зат есімдер

Сендікке күміс жүзік тағатын болды.

Сан есімдер

Адамның үш жұрты болады: ағайын жұрты, қайын жұрты, нағашы жұрты.

Есімдіктер

Осы жылқы- жүйрек.

Есімше

Жалбыраған бұтақтары жерге тиіп тұрады.

 

Ілік септікте тұрған есім сөздер:

Шыршаның қабығы жырым-жырым, ал майқарағайдың діңі жып-жылтыр.

 

Балалар, сабақ сіздерге түсінікті болды ма?

Түсінбей қалған жерлеріңіз болса сұраңдар.  Жақсы, олай болса жаңа сабақты қалай меңгергендеріңізді тапсырмалар орындау арқылы тексереміз.

 

3 тапсырма. Қолданыңыз. (Кітаппен жұмыс.)

 

68-жаттығу. Нақыл сөздерді оқып, анықтауыш болып тұрған сөздерді оқып, анықтауыш болып тұрған сөздерді құрамына қарай  кестеге толтырып жазыңдар.

Дара анықтауыш

Күрделі анықтауыш

Үйірлі анықтауыш

 

 

 

Өтірік сөз өрге баспайды, өтірікші болғаннан жарық көріп, өмір сүрмеген көп артық. (Қорқыт). Науқасты қайыр-садақамен емдеңдер. Дәрі-дәрмек бүкіл денеге қандай пайдалы әсер етсе, шын жүректен шыққан жақсы сөз бен қайыр-садақа да сондай игі ықпалын тигізеді. (Хадистен). Абайдың қара сөздері –әр дәуірінің ақиқат шындығынан туған, танымдық, эстетикалық, тәрбиелік мәні зор шығармалар. Түрі көркем, тілі де әсем, мазмұны терең, идеясы көбіне халық тілегімен қабысып жатқан туындылар. (З.Қабдолов).

Адал адам Отанын сүйеді, адал ақ жүрекке Отан анасындай  Отанның дегенін істеу қуаныш, мақтаныш. Отанға деген махабатты, әсіресе біздегі  махабатты өлшеуге болмайды.

 

4- тапсырма. Есітіп есте сақтау.

Абайдың он тоғызыншы қара сөзі

Адам ата анадан туғанда есті болмайды; естіп, көріп, ұстап, татып ескерсе, дүниедегі жақсы, жаманды таниды дағы, сондайдан білгені, көргені көп болған адам, білімді болады. Естілердің айтқан сөздерін ескеріп, жүрген кісі өзі де есті болады. Әрбір естілік жеке өзі ісске жарамайды. Сол естілерден естіп, білген жақсы нәрселерді ескерсе, жаман дегеннен сақтанса, сонда іске жарайды, сонда адам десе болады. Мұндай сөзді есіткенде шайқақтап, шалықтанып не салбырап, салғырттанып есітсе, не есіткен жерде, қайта қайырып сұрап ұғайын деп тұшынбаса, не сол жерде сөздің расына көзі жетсе де, шыға беріп қайта қалпына кетсе, естіп есітпей не керек? Осындай сөз танымайтұғын елге сөз айтқанша, өзіңді танитұғын шошқаны баққан жақсы деп, бір хакім айтқан екен, сол секілді сөз болады.

 

 

 5-тапсырма. Ертегілер әлеміне саяхат

  1 топ оқушыларының ертегісі

     Тұрлаусыз мүшелер

        Бұлдыр – бұлдыр күн өткен, бұрынғыда кім өткен. Бұрынғы өткен заманда жақсы оқитын Қайраттың дәптерінде тұрлаусыз мүшелер кездесіп қалады. Олар бір-бірін мақтай жөнеледі. Анықтауыш өзін: «Мен сөйлемде зат есімнен не заттанған басқа сөз таптарынан болған мүшені сындық, сандық, еселік жағынан сипаттайтын» - дейді.

        Ал, толықтауыш болса: «Мен сөйлемде іс-оқиғаны заттық мағына жағынан сипаттаймын» - дейді.

Дұрыстығына таласатын пысықтауыш болса: «Мен сөйлемде іс-оқиғаны мекен, мезгіл, сын-қимыл, мақсат жағынан сипаттаймын» - дейді.

       Сол жерде осылайша тұрлаусыз мүшелер пікір таласып қалады. Сол мезетте Қайрат келеді де, дау-жанжалдың себебін сұрайды. Бар мән-жайға қанық болған Қайрат, оларға кезек-кезек қарап тұрып: «сендер сөйлем құрау үшін ең қажетті мүшелерсіңдер, сондықтан да әрқайсыңыздар атқаратын қызметтерің күрделі. Сол себептен бір-біріңнен бөліп қарауға болмайды» - деп ақылын айтты. Осылай Қайрат жоғын толықтыратын, барын анықтайтын, дұрысын пысықтайтын тұрлаусыз мүшелердің дау-жанжалын шешуге көмектесті.

Толықтауыш толықтырып тұрады екен,

Анықтауыш анығын біледі екен,

Пысықтауыш дұрыстығын айта алмай,

Қайраттың жауабына күледі екен.

 

Ертегіміз аяқталды. Тыңдағандарыңызға рахмет!

 

                       2 топ оқушыларының ертегісі

                                 Байлық пен ақыл

 

Айтыңдаршы тұрлаусыз мүшелердің,

Сызық, нүкте, ирексіз күні бар ма?

         Ертеде бір шалдың Толықтауыш, Анықтауыш, Пысықтауыш деген үш ұлы болыпты.

Бір күні балаларын жинап алып, былай дейді:

-Мен қартайдым. Біреуіңнің үй иесі болатын уақыттарың жетті. Кімнің айтқан ақылы мен байлығы сай болатын болса, сол менің мұрагерім болады – депті.

         Үлкен ұлы Толықтауыш қолындағы алтын жүзікті көрсетіп, мен болатын іс-оқиғаның  мағынасынан түсінемін. Үйдің үлкенімін. Кімде алтын жүзік болса, оның ақылы мен байлығы сай. Сол адам ғана мұрагер болады, - депті.

         Екінші ұлы Пысықтауыш асыл киімдерін киіп, әңгімесін бастады. Мен болсам, жүретін жерімді, істейтін ісімді, барлық жағдайдың себебін түсініп, уақытымды босқа өткізбей, пысықтығымды көрсетіп тұрамын. Сондықтан да мен үй иесі болуға лайықпын, - депті.

         Әкесі үлкен ұлына қарап басын шайқайды да, ең кіші ұлы Анықтауышқа қарап: Сен неге үндемейсің? – депті.

Сонда үйдің кенжесі, менде алтын жүзік те, асыл киімдер де жоқ. Мен тек болған жағдайға көзімді жеткізіп, жүрегіммен сырласып, анықтағаннан кейін ғана иелік ете аламын деп, - жауап берді. Сол кезде ғана шалға  ақылы мен байлығы сай Анықтауыштың жауабы ұнап, батасын беріп, мұрагері қылып сайлапты.

Қатарым келді бүгін анықтайтын,

Тұрлаусыз мүшелерден жалықпайтын

Анықтауыш мүшені көргің келсе,

Алдында отыр дәстүрді сақтайтын,

                -деп өзіміздің шығармашылық жұмысымызды аяқтаймыз.

Үй тапсырмасы. “Жақсылық пен жамандық” тақырыбында эссе жазып келу

 

Орташа бағаны шығару

 

Қорытынды

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Открытый урок на тему: "Анықтауыш""

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Кризисный психолог

Получите профессию

Фитнес-тренер

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Краткое описание документа:

Тақырыбы:  Анықтауыш

Сабақтың мақсаты:

а) Оқушылардың анықтауыш туралы білім деңгейін көтеру тереңдету;

ә) Түрлі әдістермен ойлау қабілеттерін  дамыту, өзіндік шығармашылыққа баулу;

б) Ұжымшылдыққа нақтылыққа тәрбиелеу..

Сабақтың түрі: аралас.

Сабақтың әдісі: Сұрақ-жауап, топтастыру, сын тұрғысынан ойлау, тіл дамыту, шығарма жұмыс.

Сабақтың көрнекілігі: Интерактивті тақта, парақшалар, формативті бағалау парақшалары, тірек сызбалар.

Пәнаралық байланыс: Әдебиет, орыс тілі, математика

Сабақтың барысы:

А) Ұйымдастыру кезеңі.

Оқушылармен амандасу, түгендеу, оқу құралдарын тексеру. Сыныптың тазалығына көңіл бөлу, зейінін сабаққа аудару.

 

-                Білім кімдерге керек?

-                Қандай уәде бересіңдер?

-                «5» болсын алар бағамыз

Біліммен бақыт табамыз

Қазақ тілін білмесек

Бәріміз ұятқа қалармыз.

-Қәне, оқушылар, тақтадағы қағаздың біреуін таңдап алыңызшы? Жақсы. Демек бұл Абай атамыздың сүреті екен. Ол тұралы білетін бір мәлімет айтыңыз. Жақсы. Ал Ыбырай Алтынсарын екен. Өте жақсы. Өл кім екен, ол түралы да бір мәлімет айт. Өте жақсы. Демек мына партада Ы.Алтынсарыннің сүретін алған оқушылар, ал мына қатарда Абай атамыздың сүретін алған оқушылар. Сөйтіп сынын сүрет бойынша екі топқа бөлінді. Ол туралы біраз мәліметке де ие екенсіздер.

 

Сабақ барысында осы екі топ өздері өздерін бағалау критерийдері бойынша бағалап барады. Топ бойынша орташа баға шығарылады. Қай топ көбірек баға нормативін орындаса, сол топ жеңімпаз атанады.

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 671 873 материала в базе

Скачать материал

Другие материалы

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 17.04.2015 2523
    • DOCX 325 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Хашимова Умида 1. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Хашимова Умида 1
    Хашимова Умида 1
    • На сайте: 9 лет
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 2613
    • Всего материалов: 1

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Методист-разработчик онлайн-курсов

Методист-разработчик онлайн-курсов

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 188 человек из 49 регионов

Курс повышения квалификации

Специалист в области охраны труда

72/180 ч.

от 1750 руб. от 1050 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 33 человека из 20 регионов
  • Этот курс уже прошли 158 человек

Курс профессиональной переподготовки

Библиотечно-библиографические и информационные знания в педагогическом процессе

Педагог-библиотекарь

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3650 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 499 человек из 71 региона
  • Этот курс уже прошли 2 336 человек

Курс профессиональной переподготовки

Организация деятельности библиотекаря в профессиональном образовании

Библиотекарь

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3650 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 290 человек из 67 регионов
  • Этот курс уже прошли 852 человека

Мини-курс

Политология: теория, практика, законодательство

10 ч.

1180 руб. 590 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Фитнес: вопросы здоровья и безопасности во время тренировок

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 10 человек

Мини-курс

Стрессоустойчивость и успех в учебе: практические методики и стратегии

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 52 человека из 24 регионов
  • Этот курс уже прошли 17 человек