Инфоурок Английский язык ПрезентацииОқушыларға экономикалық тәрбие беру

Оқушыларға экономикалық тәрбие беру

Скачать материал

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

КУРСТЫҚ ЖҰМЫС

 

 

ТАҚЫРЫБЫ: Оқушыларға экономикалық тәрбие беру 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Мазмұны

 

 

Кіріспе

 

І. Негізгі бөлім. Экономикалық тәрбие мен білім  берудің педагогикалық негізі.

 

1.1. Оқушыларға экономикалық тәрбие берудің міндеттері мен

мазмұны

 

1.2. Экономикалық тәрбиенің формалары мен әдістері

 

1.3. Оқушыларға экономикалық білім беру курсын оқыту мәселелері

 

Қортынды

 

Пайдаланған әдебиеттер тізімі

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Кіріспе

 

Адамзат дамуының қай кезеңінде болмасын тәрбиенің тиімділігін жетілдіру ісі жүзеге асырылып келді. Бұл істі жүзеге асыру үрдісі әрбір қоғамдағы мемлекет қажеттігіне бағындырады. Өйткені мемлекет қажеттігінің орындалуы оның экономикалық күш қуаты мен саясатына тәуелді екендігі белгілі. Олай болса тәрбие тиімділігінің ең басты шарты мемелекет мүмкіндігінен туындайтын қажеттікке сай тәрбиенің мақсатын нақты анықтау болып табылады.

Жалпы адамзаттық тұрғыдан қарағанда тәрбие мақсаты - әрбір тұлғаны әржақты және жарасымды етіп тәрбиелеу.

Қоғам дамуының белгілі сатысында педагогикалық, философиялық  ой –пікірлер пайда болып қалыптаса бастады. Тәрбие беру мақсатын анықтау ең басты мәселеге айналды. Осыған орай, балаларға білім мен тәрбие берудің негізгі жолдары белгіленеді, тәрбиелік іс-әрекеттердің мазмұны анықталады, білім беру мен тәрбиені ұйымдастырудың нақтылы мәселелері мен әдістері қарастырылады.

Педагогика ғылымы тәрбиенің мақсатын жеке адамды жан-жақты дамыту, әділетті қоғамды өз қолымен құратын және оны қорғай алатын етіп тәрбиелеу деп қарастырады. Тұлғаны жан  - жақты жетілдіріп, дамыту деген ұғымды оқу мен практикалық еңбектің тікелей байланысы, дененің және ақыл-ой дамуының біртұтастығы деп түсінуге болады.

Адам баласының жарқын болашағы толығымен жас ұрпақты тәрбиелеу ісіне байланысты. Мектепте тәрбиенің басты міндеттері – теориялық  білімді еңбекпен , өмірмен байланыстыра жүргізу, оқушыларды еңбек тәрбиесіне

 

 

 

 

баулу, экономикалық, экологиялық біліммен қаруландыру, кәсіптік бағдар беруге тәрбиелеу. Олай болса, әрбір азамат, тәрбиеге тікелей қатысы бар адамдар, ұйымдар мен мекемелер тәрбиенің мәніне, міндеттері мен мақсатын жете түсінуі қажет. Осыған орай, тәрбиенің негізгі мақсаттары: а) оқушылардың дүниеге көзқарасын қалыптастыру; ә) тұлғаның рухани және дене қабілеттерін жан-жақты дамытып, эстетикалық талғамдары мен сезімдерін қоғамның талаптарына сай тәрбиелеу.

Тұлғаны барлық жағынан дамытып тәрбиелеу, жас ұрпақты қоғам құрылысына белсене қатысуға әзірлеу міндеттері мектеп арқылы жүзеге асырылады.

Тәрбиенің жалпы мақсатын жүзеге асыру ең алдымен тәрбие бөліктерін байланыстырып шешуді талап етеді. Тәрбиенің құрамды бөліктері: ақыл-ой тәрбиесі, құлық тәрбиесі, еңбек тәрбиесі, экономикалық және экологиялық тәрбие, эстетикалық және дене тәрбиесі т.б.

Тәрбиенің құрамды бөліктерінің бірлігі мен өзара байланысының нәтижелі болуы ең алдымен мұғалімнің шеберлігіне байланысты.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1.     Экономикалық тәрбие мен білім берудің педагогикалық негізі.

 

Тәрбиенің басқа салаларымен тығыз байланысты тәрбиенің түрі экономикалық тәрбие. Экономикалықтәрбиенің негіздері еңбек тәрбиесінде жатыр. Оқушының еңбекті қажетсінуін, еңбексүйгіштігін, қоғамдық еңбектегі белсенділігін, саналы еңбек тәртібін және басқа да моральдық сапаларын қалыптастыру экономикалық тәрбиенің алғышарттары болып табылады.

Экономикалық тәрбие деп оқушыларды экономикалық білімдер негіздерімен қаруландыру, қоғамның экономикалық саясатын ұғындыру өндіріс, айырбас, бөлісу және тұтыну шеңберіндегі негізгі экономикалық қатынастарды тәжірибеде меңгерту деп түсінуге болады

Қазақстанның дүниежүзілік білім кеңістігіне енуібүкіл оқу-тәрбие жүйесіне жаңа талаптар қояды. Республикамызда экономикалық бағдарлама енгізіліп, жастар экономиканы терең игеруге, нарықтық экономика саясатын түсінуге, бағалауға және оған ойдағыдай қатысуға бағыт алуда. Жалпы білім беретін мектептердегі мұғалімдерге «тренинг» семинар ұйымдастырылып, экономика пәнінің мұғалімдері даярланып жатыр. Қолданбалы экономика пәні бойынша семинарда екі мыңнан астам мұғалім білімін жетілдірді.

Жыл сайын 300 мың бала мектеп бітіріп, жолдама алады. Осылардың көпшілігі өз бетінше шешім қабылдап, дербес әрекет етуге дайын емес. Әсіресе қазақ жастарының арасында әрекетсіздік басым. Демек, бұл көзқарас түбегейлі өзгертіліп, нарықтық қатнасқа бейімдеу ісі бастауыш сыныптан бастап жүргізілуі тиіс.

Бастауыш сынып оқушыларына экономикалық тәрбие беру саласында шетелдерде белгілі бір дәрежеде тәжірибе жинақталған, біз олардың жекелеген жағымды жақтарын өзіміздің теориямыз бен практикамызда қолдану мақсатына тоқталмақпыз.

Дамыған капиталистік елдерде экономикалық тәрбиенің бай тәжірибесі бар екені белгілі. Бастауыш мектептің өзінде бададарды экономикалық білім негіздерімен таныстырып, қазіргі заманғы өндіріс пен мамандықтар туралы түсінік береді.

АҚШ – та экономикалық тәрбие беру мәселелеріне ХХ ғасырдың алпысыншы жылдарында айрықша назар аударыла бастады. Американ экономистері, педагогтері мен өкімет ұйымдары өздерінің істерін, бизнесін дұрыс басқару үшін барлық адамдарға өте-мөте қажет негізгі экономикалық түсініктер мен дағдылар өнерін меңгерудің, сондай-ақ азаматтың саясатқа

жауаптылықпен қатысуының және қоғамның жалпы игілігін қолданудың зор маңызы бар екенін түсіне отырып, бүкіл халықтың экономикалық сауаттылығын алдыңғы орындардың біріне қойды. Американ мамандарының пікірі бойынша, экономикалық білім беру бастауыш мектептің бірінші сыныбынан басталып, балалардың жыныстық және жас, этникалық және мәдени ерекшеліктері ескеріліп,олар мектеп бітіргенге дейін жүргізілуі керек.

Экономикалық білімді тарату үшін қолда бар барлық құралдар: сабақтар, әңгімелесулер, консультациялар, конференциялар, зертханалақ сабақтар, зерттеу әдістемелері қолданылып, экономикалық тәрбие беру жөніндегі журнал шығарылады, мұғалімдерге арналған курстар ұйымдастырылады, әдістемелік материалдар таратылады, теледидар кеңінен пайдалынады. Алайда, негізгі міндет мектепке жүктеледі.

Чехия, Внегрияда, Болгарияда, Германияда балалр еңбекке ерте араласады, олар ата-аналарымен бірге мемлекеттен жалға алған жеке қожалықтарда жұмыс істейді, ол шаруашылықтар бай және жұмыс қолына өте зәру болады. Балалар сөз жүзінде емес, іс жүзінде ерте жастан еңбек етуге тартылады, шаруашылық қамына, экономикаға ден қойып, жұмысты шығын емес, пайда әкелетіндей етіп ұйымдастыруды үйренеді. Егер балар жеке қожалықтарынан басқа жерде еңбек етсе, онда олар істеген жұмысы үшін ақша алады. Тапқан ақшасын өз бетінше жұмсай отырып, өз кірісі мен

 

 шығынын жоспарлауды, қажеттіліктерін мүмкіндіктерімен үйлестіруді үйренеді. Ерте жастан еңбекке баулу отбасы мен ел экономикасына үлес қосып жүрген балалардың жеке тұлға ретінде дамуына игі ықпал етеді. Бірқатар елдердің әлеуметтік-экономикалық саясатында әркімнің өз еңбегінің түпкі нәтижесіне қызығуына мән береді. Басты нәрсе – адам мүддесін қоғам мүддесімен ұштастыру, оларды бір-біріне қарсы қойып алмау. Әрбір жеке азаматы дәулетті болған сайын халық шаруашылығы да бай бола түседі деп септеледі.

Германияның жоғары оқу орындарында «Экономикалық педагогика » деп аталатын ғылыми пән оқытылады, ол экономика мен түрлі жас кезеңдеріндегі жекелеген адамдарға тәрбие беру арасындағы байланыс мәселесін, экономиканың тәрбие жүйесіне ықпалын, түрлі дәуірлердегі тәрбие беру мен экономика арасындағы байланыс ерекшеліктерін зерттейді.

Біз қазіргі уақытта әлемдік нарыққа біртіндеп шыға бастадық, бұл орайда мұндай мүмкіндік толық дербестік шеңберінде кәсіпорындар мен

кооперативтердің еншісіне тиіп отыр. Дей тұрғанмен, біз әлі де болса көптеген қиыншылықтарға тап боламыз, оны жеңу үшін экономикалық мәдениетімізді көтеруіміз қажет. Шетел педагогтерінің тәжірибесін мұқият бізге өскелең ұрпақты экономикалық сауатты іске дайындауға көмектеседі.

Бұл біздің елімізге дүниежүзілік экономикалық, саяси және әлеуметтік мәселелерді шешуге мүмкіндік береді. Мынадай негізгі мәселелер назар аудартады:

 

1.     Мектеп экономикалық тәрбие жүйесіндегі басты, бірақ бірден-бір буын емес.

2.     Жас және жыныс ерекшеліктерін ескере отырып, экономикалық тәрбие мен білім мәселелерін шешу.

3.     Экономикалық материалды оқу пәнедері бойынша оқу құралдарына енгізу.

4.     Мұғалімдердің экономикалық даярлық жүйесі.

5.     Экономикалық білім мен тәрбие бойынша ұйымдар құру және түрлі мамандардың: экономистердің , бизнесмендердің, журналистердің, социлогтердің көмегімен және қатысуымен бұл жұмысты үйлестіруге күш салу.

6.     Экономикалық тәрбие бойынша ғылыми және әдістемелік сипатта көптеген кітапша- жинақ , кеңінен танымал оқу құралдарын шығару.

7.     Экономикалық ағарту мақсатында оқу және оқудан тыс жұмыстардың түрлі нысандарын, оның ішінде теледидар мен баспасөзді пайдалану.

Экономикалық тәрбие беру мәселесі А.С. Макаренконың, В.А. Сухомлинскийдің  еңбектерінде, А.Ф. Амед, Г.П. Александров, И.А.Малышев, М.П:Мельникованың жұмыстарында, еңбекке баулу және өндіріс жағдайындағы экономикалық білім беру Л.А.Фридман, А.Х.Сатаров, еңбектерінде, мектеп оқушыларының жас ерекшеліктерін ескеріп, экономикалық тәрбие беру мәселесі Т.Е.Сергеева, Н.Б.Кулакова, В.С.Зайцев еңбектерінде қатыстырылған.

         Қазақ халқының  ұлы ағартушысы Ы.Алтынсарин мектепте берілетін экономикалық тәрбие мен дағдыны халыққа пайда келтіретін қару ретінде бағалады. Оқу ағарту ісіне Ыбырай енгізген жаңалық – қазақ жастарына кәсіптік мамандаққ беру мәселесінің ғылыми негізін жасау. Ол қазақ халқының экономикалық дамуына қажетті мамандар даярлау ісіне ерекше мән берді: қолөнер, ауыл шаруашылығы училищелерін ұйымдастырды.

 

 

 

 

 

 

         Ы.Алтынсарин еңбектің бала тәрбиесіндегі ерекше маңызын көре білді. Оның еңбек тақырыбына жазған әңгімелерінен бала жанын жазбай танитын нәзік психолог екенін аңғаруға болады.

         Ағартушының танымдық көзқарасы бойынша, экономикалық табыс, елдің және жеке адамның ырысының мол болуы әр адамның белсенді еңбек етуі арқылы бақытты өмір сүруге ұмтылуына байланысы.

Оқушыларға нарық экономикасын түсіндіру үшін және еркін кәсіпкерлік жүйесінде өндірісті басқарудың кейбір сарамандық дағдыларын меңгеру үшін экономикалық білім берудің маңызы зор. Бірақ, біз оқушыларға бүгінге дейін даяр білімді меңгертумен ғана шектеліп келдік. Сондықтан өмір талап етіп отырғандай, қазіргі өтпелі кезеңде әрбір отбасының күнделікті күн көруіне қажетті табыс көзінің қайдан келетінін үйреткеніміз жөн.  Оқушылар кез-келген затты сатып аларда, оның көңілін екі нәрсеге аудартуымыз қажет. Біріншісі, керекті затты сатып алу үшін ақша табу, екіншісі, сол тапқан ақшаны қалай жұмсау керектігін ойланту. Табыс табудың екі жолы бар: біріншісі-жұмыс істеп ақша табу, екінші- қолда бар байлықты пайдаланып, табыс табу. Дегенмен, табыс табуды алыпсатарлықпен шатастыруға болмайды.

         ҚР «Білім туралы » заңында білім жүйесінің нарық жағдайында қызмет етуінің нақты механизмін анықтауға ұсыныс жасалған. Оқушыларды еңбекке баулудың сан алуан жолы бар. Солардың бірі – оқушыларға экономикалық білім беру.

Экономикалық білім беру деп – оқушының еңбекті қажетсінуін, еңбексүйгіштігін, қоғамдық еңбектегі белсенділігін, саналы еңбек тәртібін және басқа да моральдық сапаларын қалыптастыру мақсатында берілетін білім. Оқушыларға экономикалық білім берудің мақсаты – қоғамның

экономикалық саясатын ұғындыру, өндіріс, айырбас, бөлісу және тұтыну шеңберіндегі негізгі экономикалық қатынастарды тәжирибеде меңгерту. Экономикалық білім теориясы қоғам өмірінің материалдық негіздерін түсінуге, қоғам дамуының қазіргі кезеңіне сай оқушылардың экономикалық ойлауын қалыптастыруға мүмкіндік береді. Осының негізінде оқушылар қоғамның әлеуметтік-экономикалық дамуындағы адамның шешуші ролін ұғынып, қоғам мен жеке адам мүддесі үшін қоғамдық өндіріс пен еңбекке жаңа көзқарастарды қалыптастыруы керек. Оқушыларға экономикалық білім беру қазіргі кездегі өте кешенді мәселелердің бірі. Сондықтан, оларды халық шаруашылығының әр түрлі салаларында  жұмыс істей білуге үйрету үшін экономикалық, ғылыми-техникалық, гуманитеарлық білімдермен қаруландыру керек.

Ендеше қазіргі нарықтық экономика, шаруа қожалығының пайда болуы, жерді, өндірісті жеке адамдарға беру, т.б. талап – талғамдарды оқушыларға оқып-үйрету талап етіледі. Алайда көптеген мектептердің  материалдық базасы бүгінгі таңда төмен. Оқушылар жеке саудаға көшті. Осы сауданы дұрыс ұйымдастыру үшін әрбір мектепте оны молайтудың жолдарын іздестіру қажет. Бұрын  мектепте шеберханада жасалатын бұйымдар, берілетін сабақ теориялық тұрғыда айтылып, тәжірибелік жұмыстарда кесу, тесу, сүргілеу немесе өсімдіктерді өсіру, күту, жинау әдістеріне ғана үйрететін. Экономикалық білім беруге назар аударылмайтын.

Оқушы өзі жасап жатқан заттардың өмірге қажеттілігі, жасауға кететін материал  шығыны, оны жасайтын еңбек қөұралдарының құны, қалдықсыз өнім өндірудің пайдасынаназар аударылмайтын. Практика ретінде мектептегі еңбек пәні мұғалімдерінің арасында: «Сіз сабақта оқушыларға экономикалық есеп пен талдау туралы қарапйым түсініктерді неге айтпадыңыз?»- деген

 

 

 

сұраққа «Оны мен өзім де білмеймін, оған дайындығым жоқ »-деген жауаптарды да еститін жайлар кездеседі.

Бұл кездейсоқ нәрсе емес. Педагог мамандардың өздерінің экономикалық білімі, мәдениеті жеткіліксіз. Содан барып оқушы жастар да күнделікті тұрмыстан алатын үстүрт түсініктерімен шкетеледі.  Қазір өмірдің өктем талабы оынау баға жетпес теориялық және практикалық тұрғыда қажет нәрсені білуді талап етеді. Әзірге мектеп оқушыларының экономикалық сауаттылығы, тәрбиелігі төмен дәрежеде. Жас ұрпақтарға экономикалық білім беруге жаңа қадам жасау керек. Өйткені экономика мен мәдениетіміздіңдамуы, халықтың әл-ауқатының өсуі осы мәселелермен тығыз байланысты. Бірақ, экономикалық білімділік адамдардың қоғамдық байлыққа деген ұқыптылығын, үнемділігін, тиянақтылығын өзінен-өзі қалыптастыра салмайды. Мұндай қасиеттеркейде жекешілдік пен тұтынушылық сипатта көрінуі де мүмкін. Біз оқушыларды оқыту кезінде қазірге дейін материалдық байлықты жасаушы ретінде емес, оны пайдаланушы ретінде ғана білім бердік. Соның нәтижесінде олар осы мерзімге дейін қыруар шығын шығарып жинақталған материалды кесу, тесу, жөндеу, үйренуші ғана болды. Мәселен, жәшік жасауды ойыншық жасаудай көрді. Оны жасау үшін қанша материал, еңбек, техника, күш, электр қуаты, т.б. шыққан шығын, түскен апйдамен ешқандай жұмысы болмады.

Баршаға мәлім, елімізде оқушыларға 1986-2000 жылдарға арналған құатта еңбек тәрбиесі мен экономикалық тәрбие берудің материалдық базасын нығайту шаралары белгіленгені мәлім. Мектеппен қоса отбасында да экономикалық білім беру баланың еңбекке сапалы көзқарасының қалыптасуына, еңбекті тиімді ұйымдастыра білуге, табыс пен  пайданы анықтап алуға үйретеді. Тапқан табысты қоғамдық мақсатқы тұтыну, табысты кәдеге жарату, қоғамдық тұтыну қорларын пайдалануды тек ересек адамдар ғана балаларға үйрету, айырбастау, өндіру, сату, оның пайдасын отбасын мүшелеріне еңбек бөлісіне қарай бөлу, олардың өмір сүруі үшін табыстың қайдан келетінін түсіндіру қажет. Сондықтан жаңадан қабылданған «Білім туралы» заңда оқушыларға базалық бағдарлама негізінде оқу жэоспарына қосу арқылы экономикалық білім беру механизмі енгізіліп, жүзеге асыру керек деген талап қойылды.

Экономикалық білімдер теориясы қоғам өмірінің материалдық негізін түсіндіреді. Адамзат қоғамы өмірінің құпия сырын ұғынудың, қоғамды қайта

құрудың обьективті негіздерін түсінуге мүмкіндік береді. Бұл ғылым адам және оның экономикалық қатынастарын зерттейді.

Негізгі мақсат қоғам дамуының қазіргі кезеңіне сай оқушылардың экономикалық ойлауын қалыптастыру. Осының негізінде оқушылар қоғамның әлеуметтік-экономикалық дамуындағы адамның шешуші ролін ұғынуы, қоғам және тұлғаның мүддесі үшін қоғамдық өндіріс пен еңбекке жаңа қатынастарды қалыптастыру керек. Бастауыш мектеп, негізгі базистік мектеп және бағдарлы мектептердің оқу-тәрбие жұмыстарына экономикалық тәрбие мәселелерін жүйелі өндіру мүмкіндігі туып отыр. Бастауыш мектептегі қол еңбегі барысындағы құнттылық, еңбек барысындағы үнемшілдік, бағдарлы мектептегі салалық еңбектің экономикалық негіздері тәрбие жұмысын жаңа негізге көшірудің құралына айналуда.

Халыққа білім беру біздің елімізде мемлекет тарапынан қамқорлыққа алынған. Мемлекетіміздің экономикалық саясатына өзгерістер енуіне байланысты білім беруді қаржыландыру да қолға алынуда. Білім берудің мемлекеттік  стандартына сай оның белгілі бір мөлшерде қаржылануы сақталады. Қаржылангдыру кезі мемлекет тарапынан және оқығаны үшін оқушылардың төлемімен құрылады.

Оқушыларға экономикалық білім беру қазіргі қайта құру кезеңінде өте көкейкесті мәселелердің бірі. Оларды халық шаруашылығының әр түрлі салаларында жұмыс істей білуге үйрету үшін экономикалық, ғылыми-техникалық, гуманитарлық білімдермен қаруландыру.

 

 

 

1.1. Оқушыларға экономикалық тәрбие берудің міндеттері мен

                                                мазмұны

 

Экономикалық тәрбие және білім беру шаруашылық іс-әрекетті жақсартудың өндірісті басқарудағы белсенділікті арттырудың қажетті және маңызды шарты. Мұның негізгі міндеттері мемлекеттің жүргізіп отырған экономикаылқ саясатымен айқындалады. Қазақстан  Республикасының қазіргі әлеуметтік-экономикалық тәрбиесі мен білім алуына жоғары талартар қойып отыр. Себебі бұрын қалыптасқан экономикалық саясат, экономикалық қатынастар күйреп, жаңа – рыноктық, экономикалық саясат пен қатынастар орын тебуде.

Осы талаптарға сай оқушылардың экономикалық ойлауын дамыту үшін мектеп төмендегідей міндеттерді ескереді:

1.               Қоғамның рыноктық экономикалық заңдары мен заңдылықтары меншіктің түріне қарай өндіріс дамуы мен өмір сүру заңдылықтары жөніндегі білімдері игеру.

2.               Мемлекеттің экономикалық теориясы мен саясатын, өндірісті жедел қарқынмен дамыту міндеттерін тәжірибеде шешудің жолдары мен әдістерін жақсы білетін, өзінің оқу-өндірістік іс-әрекетінде жоғары нәтижелерге жетуге қабілетті, өз ісіне ие бола алатын, өзіне және қоғам игілігіне ұқыпты және ыждағатты қатынас жасайтын тұлғаны қалыптастыру;

3.               Өндірістегі экономикалық қатынастарға белсене қатынаса алатындай, еңбектің жаңа, алдыңғы түрлері мен әдістерін тез игеретіндей мүмкіндік беретін біліктермен қаруландыру;

4.               Ақыл-ойға сиымды қажеттіліктерді қалыптастыру.  

 

 

 

                                                     

Экономикалық тәрбие және білім беру мектептегі барлық  оқу пәндерінің мазмұны арқылы жүреді.

     Оқушылардың  экономикалық ойлауын дамытуда, әсіресе «Құқық негіздері», «Тарих», «География», «Биология», «Еңбекке баулу» т.б. пәндерінң мүмкіндіктері мол.

     Ең алғашқы мектеп оқушыларының экономикалық білімі әр түрлі пәндер бойынша сабақта қалыптасады. Мектеп оқушыларының биология, химияпәндері бойынша жүргізілетін ауыл шаруашылық тәжірибесінде ең жақсы тұқым сорттарын пайдалануда, тыңайтқыштарды ұтымды етіп өсімдіктерді қоректендіруде тәжірибе жұмысы экономикалық нәтижені көруге мүмкіндік береді. Ауыл шаруашылық тәжірибесі оқушылар өндіріс бригадасының учаскесінде ұйымдастырылады.  Республикамыздың әр түрлі зоналарында топырақ және ауа райы жағдайлары еске алынып, тәжірибе учаскесінде мәдени өсімдіктері өсіріледі

     Өсімдіктерді өсіру олардан мол өнім алу үшін агротехникалық ережелер басшылыққа алынады. Әсіресе еске алатын басты мәселелердің бірі-дақылдар егілетін жердің топырағындағы қоректі элементтердің мөлшерін агрохимиялық лабораторияда анықтайды. Содан кейін  біргектар жерге өсірілетін мәдени өсімдікке берілетін әр түрлі тыңайтқыштардың әдеттегі нормаларына сүйеніп, топырақтағы қоректі затардың және минералдық тыңайтқыштардың орта есеппен мөлшерін анықтап, топырақты қоректендіреді.

     Химия сабақтарында, әсіресе эксперимент өткізуде оқушылар еңбек мәдениетіне төселеді, біліктілігі дамиды, лаборатория жабдықтарын, аспаптарды( приборларды), реактивтерді құнттап ұстайды, түрлі

 

 

 

 

 

материалдарды, электроэнергияны, суды үнемдеп жұмсауда олардың жауапкершілік сезімі артады.

     Физика сабақтарында ғылыми-техникалық прогрестің маңызды бағыттары анықталады. Олар өндірісті электрлендіру, механикаландыру, автоматтандыру. Бұл бағыттармен танысу үшін сыныптан тыс

жұмыстардың барысында оқушылар мұғалімдердің тікелей басшылығымен әр түрлі экономикалық тақырыптарға  баяндамалар, рефераттар жазады, физика пәнінен айналадағы ортаны қорғауға және халық шаруашылығының салаларына ықпалы баяндалады.

     Оқушылардың экономикалық тәрбиесінде қоғамдық пайдалы және өнімді еңбек ерекше орын алады. Өйткені олар еңбек арқылы түсіретін қаржының құндылығына түсінеді. Егер еңбек материалдық құндылықты өндіруге бағытталса, онда ұтымды табысқа жетеді.

     Өнімді еңбекте оқушылардың жоспарлау ісіне, өнімділік процесін ұйымдастыруға, есеп алу, бақылау және нәтижесін талдау жұмыстарына оқушылардың қатысуының маңызы өте зор. Бұлардың бәрі материалдық қаржы қорын, жұмыс күнін өнімді пайдалана білуге, ұйымшылдыққа, шаруашылыққа тәрбиелеуге мүмкіндік туғызады.

     Экономикалық тәрбиеде оқушылар мынадай ұғымдарды білуге қажет. Олар: ұлттық кіріс, қаржы, еңбек ақы, пайда, рентабелдік, өзіндік құн, еңбек, акция, бизнес, рынок т.б.

     Экономикалық тәрбиеде ақша мәселесі негізгі бағыттардың бірі. Бұл мәселе негізінен отбасында шешіледі, мектептің қатынасы жанама ғана А.С. Макаренко: «Ержетіп өмірге аяқ басқан адамның өзіндік қаржы қоры жөнінде тәжірибесі болуы және ақшаны жұмсай білуі керек»,-деп жазды.

     Бұл үшін оқушылар еңбегімен ақша табуы және оны жұмсауды жоспарлауды үйренуі қажет. Жазғы демалыс күндері оқушылар

 

 

 

 ересектердің өнімді еңбегіне қатыса отырып, еңбек нормасын, оны бағалауды, еңбек ақыны есептеуді дәл білуі керек. Әсіресе жоғары сынып оқушылары лагерьде, онда жүргізілетін мәдени іс-шараларын қаржыландыратындай және ұжым қорына қосатындай ақшалай табыс табуына болады.

     Еңбекті жандандыру үшін жоғары сынып оқушыларына еңбек ақысын қолына берудің маңызхы зор, өйткені бұл кезеңде олардың өзбетінділікке ұмтылуы ерекше байқалады. Өз еңбегімен өзін лагерде болған күндерінде қаржыландыруға және қолына тиген ақшаға зат сатып алуға мүмкіндік береді. Қазіргі рыноктық қатынастар оқушыларды оқудан тыс уақыттарында ақылы еңбекке қатыстыру мәселесін шешуді қажет етеді.

     Қазіргі қоғамдық өмір оқушылардың қалада, ауылда, құрылыста т.б. үлкен ұжымдық, мезгілдік, қысқа уақыттағы жүйесін жасауды талап етуде. Мұндай жүйені жасау шаруашылық, жеке тұлғалық сияқты көптеген мәселердің шешімін табар еді. Осы мәселені ақыл-ойға сиымды шешу оқушылардың әлеуметтік бағдарын қалыптастырады. Экономикалық тәрбиенің маңызды бағытын шешуге көмектеседі.

 

 

            Экономикалық тәрбиенің формалары мен әдістері

 

Халқымыз жастарға экономикалық тәрбие және білім беру ісіне зор көңіл аударуда. Қазіргі халық шаруашылығына өз еркімен еңбектенетін, өз еңбегінің мәніне түсінетін мақсатқа сәйкес экономикалық шешім қабылдай

алатын экономикалық біліммен қаруланған құнтты, ыждағатты, шаруақор жас мамандар керек.

         Осы тұрғыдан қарастырсақ оқу мектепте  экономикалық тәрбие мәселелеріне байланыста теориялық және практикалық біліммен оқушыларды таныстыру қажет. Ол үшін мынадай көрсеткіштер еске алынады:

-         қазіргі кезеңдегі мемлекеттің экономикалық саясатының негізгі міндеттері мен бағыттары;

-         жас ерекшелігіне сәйкес оқушылардың экономикалық түсініктерді, ережелерді, заңдарды меңгеру деңгейі;

-         жұмысты жоспарлау, материалдарды, құралдарды, жабдықтарды тиімді пайдалану, жұмыс орнын тәртіпке келтіру, уақытты бағалай білу, өзінің және жолдастарының жұмыс процесін, оның нәтижесін талдай білу және сапасын көтерудің мүмкіндігін табу, еңбек өнімділігін арттыру.

Мұның бәрі оқушылардың ұқыптылық, ұйымдастырушылық, іскерлік, тәртіптілік, жауапкершілік сияқты қасиеттерін қалыптастырады.

Жалпы орта білім беретін мектептер жағдайында оқушыларға экономикалық тәрбие және білім беруді ұйымдастырудың негізгі формалары: сабақ, факультатив, саяхат, үй оқу тапмасы, қоғамдық пайдалы және өнімді еңбек т.б. Экономикалық тәрбиенің оқудан тыс қолданылатын формалары да бар. Олар: қоғамдық пайдалы және өнімді еңбек, әр түрлі пәндер, үйірмелері, пікірталастар, конференциялар, сұрақ-жауап кештері.

         Бұл ұйымдастыру формалары әдетте оқу және тәрбие саласында жиі қолданылады. Бірақ әрбір бағытта жүргізілетін іс-әрекеттерінің маңызы мен мақсатының өзіндік ерекшеліктері бар. Мысалы, экономикалық тәрбиенің

көздейтін мақсаты экономикалық нақты мәселелермен оқушыларды таныстыру, қанағаттандыру. Осыған сәйкес экономикалық тәрбиеге байланысты тақырыптарды іріктеп алу  және оларды пайдалану мұғалімнен сауаттылықты, білімдарлықты талап етеді. Экономикалық тәрбиенің, білімнің өзіне тән әдістері бар. Білімді бекіту, іскерлікті қалыптастыру үшін мынадай әдістерді қолдануға болады.

 

 

 

1.     Жаттықтыру – бұл әр түрлі іс-әрекеттерін істей білуге машықтандыру, жұмыс орнын тиімді ұйымдастыру, уақыт және өндіру нормаларын анықтау, материалдарды, электроэнергияны, суды, газды үнемді пайдалану т.б.

2.     Практикалық жұмыстар және эксперимент –бұл әдістерді оқушылардың өндірістік бригаласында, отбасылық мердігерлікте немесе отбасылық сүт фермаларда, мектептерде шағын мал, құс фермаларында қолдануға болады. Практикалық және эксперимент жұмыстарының мақсаты- оқушыларды еңбек етуге байланысты нарықтық қатынас, өнімді бағалай білу, бизнес, ақша мен пайда сияқты ұғымдарды өмірде қолдана білуге дағдыландыру.

3.     Экономикаға байланысты есептер шығару – еңбек ақыны, уақыт және өндіру нормаларын есептей білу, рентабельдік, пайда, өзіндік құн және басқада экономикалық ұғымдар жайлы есептер шығаруға оқушыларды үйрету, жаттықтыру.

4.     Цифрлы материалдарды талдау әдісі – саяхат кездерінде жиналған мәліметтердің негізінде кестелер, диаграммалар жасау, қандай болса да бір экономикалық шшаруалардың тиімділігін анықтау үшін цифрлы материалдарды талдау.

5.     Ғылыми-техникалық, экономикалық әдебиеттермен жұмыс.

6.     Экономикалық сөздік жасау онда рыноктық экономика терминдерін қазақ тіліне аудапру. Сөздікті пайдалана білуге оқушыларды үйрету, олардың сөздік қорын молайту.

Қазіргі кезеңде болып жатқан жан әлеуметтік-экономикалық, қоғамдық саяси өзгерістер жағдайында еліміздің әрбір азаматы, әсіресе жас түлектер өмірдің дамуынан қалыспай өзінің Отандық парызын еш уақытта естен шығармауы керек.

         Әрине, бұл өте жауапты жұмыс. Сондықтан нарықтық экономикаға байланысты оқушыларға тәрбие және білім беру ісін басқару, оны жетілдірудің жолдарын іздестіру және ұтымды қолдану мектеп педагогикалық ұжымының төл ісі.

 

 

1.3. Оқушыларға экономикалық білім берудің актуалды мәселелері

 

Қазіргі дәуірдегі жаңа қоғаның дамуы, мектептердегі ең басты талап экономика пәнін енгізу болып табылады және өсіп келе жатқан ұрпаққа өз орнын, ролін қоғамда табуға, дұрыс жол таңдауға көмектеседі.

     Экономика пәнін экономикалық тәрбиелеу амалы ретінде қабылдау керек. В.Поповтың көзқарасы бойынша экономиканың ең басты мақсаты ол  - білімді, іскерлік пен дағдыны, экономикалық ойлау құрылымын меңгерту.

     Ғылым экономикалық білімді экономикалық тәрбие амалы ретінде қарастырып, нақты қажетті біліммен қамтамасыз етпесе, бүкіл тәрбие комплексінің тұлғаға деген әсері дмаи алмайды деп қарастырған.

         Мектептегі білім беру мен тәрбиелеудің ең басты талаптары анықталды:

-оқушыларды қоғамның экономикалық заңдарымен таныстыру.

-нарық, жеке кәсіпорын, ақша және т.б. терминдерін түсіндіру.

-оқушылардағы іскерлік сапаны дамыту.

-еңбек қабілетін мейлінше жетілдіру.

-есепке алу мен таңдауды, оларға ғылыми негіз беруді үйрету.

         Жоғарыда айтылған мақсаттар мен оқушылардың экономикалық даярлау міндеттерін есепке ала отырып алдымен С.Сатыбалдиннің басшылығымен «Экономикалық білім беру негіздері» деген оқу-әдістемелік құралы даярланды.

     Оқу құралының мазмұны сыныптарға бөлініп ұсынылған. Әр бөлім ең қажетті білім алатын компонеттермен жабдықтандырылған. Негізгі түсінік пен анықтама көрсетілген. Курстың мазмұны бағдарламаның мазмұнына сәйкес келеді. Экономикалық білім беру бағдарламасы оқушылардың экономикалық ойлау мен нарық қатынастарының дамуына бағытталған.

   Бағдарлама негізі экономикалық білім беру идеясынан тұрады, онда қоғадық, экономикалық заңдар, терминология түсініктерінен тұратын бөлім мен тақырыптарда қарастырлады.

   Бұл бағдарламаның ерекшелігі, оның өмірдің бар қырымен байланысы, оқушылардың экономикалық өмірдің заңдарын түсінуі.

   «Экономикалық білім негіздері» пәнінің жүргізілуі оқушылардың экономикалық және әлеуметтік мәселелерді шешуге, айналадағы шындыққа бейімделуге және адамшылық қарым-қатнасқа үйретеді.

   Оқу бағдарламасы мен әдістемесі жаңа әлеуметтік – экономикалық жағдайларда оқушының болашағын анықтауға мүмкіндік туғызады.

   Оқу материалында әр оқушының жастық, психологилық өзгешеліктері мен жеке қызығушылықтары ескеріледі.

   Әр пәннің оқулықтары мен оқу-әдістемелік құралдарын шығару арнайы

ғылыми зерттеулерді талап етеді. Соның бірі, оқу құралданың мазмұын дәлелдеу және олардың текст ретінде берілуі, тапсырмалар, сұрақтар, анықтама мәліметтері және т.б., оқуға деген талабын анықтау және оқушылардың осы пәндерді меңгере алуын анықтау.

   «Экономикалық білім негіздері» курсының құрылымын анықтау барысында ең басты оны қай сыныптан бастап жеке пән ретінде енгізу керектін анықтау қажет.

   «Экономикалық білім негіздері » пәнін жалғастырушылық принципіне сүйене отырып, бірінші сыныптан мектеп қабырғасын бітіргенге дейін оқыту керек екені айқын. Бірақ, қандай деңгейде және қаншалықты?

   Ғылыми зерттеулерді біз бастауыш мектептің бағдарламасы мен стандартынан бастадық. Жұмыстың нәтижесі жаңа ұрпақтың оқулықтарының (математика, дүниетану, ана тілі, және т.б.) сияқты баға, құны, кәсіпкер, өндіріс, тұтынушы, мұқтаждық сияқты керекті және жеткілікті деңгейде экономика түсінігінің негіздерін қамтитынын көрсетті.

   Бастауыш мектептеріндегі базистік оқу жоспарында вариативтік бөліміне 3 сағат бөлінеді. Бір топ мамандардың ойынша экономиканы оқу жоспарына жеке пән ретінде енгізу керек, өйткені экономикалық білім және тәрбие барлық пәндермен тығыз байланыста бола отырып, бөлек және үлкен өзекті мәселе болып табылады.

  Зерттеушілердің келесі тобының ойынша ( Т.Даринский, В.Лысенко т.б.), экономикалық білімді пәнаралық байланыс негізінде басқа пәндерді оқыту барсында беруге болады.

   Оқушыларға қазіргі экономикалық жағдайда қажетті тиісті деңгейде білім беру үшін экономиканы оқу жоспарына бөлек оқу пәні ретінде енгізу керек.

   Ю.К.Васильев экономикалық білімнің 3 деңгейін атап көрсетті: жалпы

ғылыми, салалық, кәсіптік. Сондықтан оқушыларда экономикалық білімді осы 3 деңгейде қалыптастыру керек.

   Біздің ойымызша, мектеп оқушыларына жалпы ғылыми деңгей, яғни экономикалық білімнің негіздерін үйрету жеткілікті болады. Бұған байланысты экономика мұғалімдердің біліктілігін көтеру мен дайындық деңгейін көтерудің қажеттілігі өсуде.

   Мұғалім педагогикалық процестің субъектісі ретінде мектеп пен қоғамда болып жататын өзгерістерде негзгі іс-әрекет атқарушы болып табылады.

   Мұғалімнің зерттеу мәдениетін қалыптастыру проблемеасымен айналысатын теориялық қордың анализі бойынша осы мәдениеттің ең жоғары деңгейіне ие болған мұғалім әрбір оқушыға оның оқудағы жетістіктерге қарамастан құрмет пен мейірімділікпен қарайды. Өзінің тәрбиелеушілік функцияларына жауапкершілік танытады.

   Ол оқушының психологиясын түсінеді, дәлелді шешімдерді қабылдауға, олардың әлеуметтік салдарын алдын ала көре алуға икемді болады, ғылымға

қызығады, өз пәні бойынша терең және жан-жақты білімдермен қаруланған болып келеді, өзі ерекше технологиялармен жеке оқыту бағдарламаларын таңдай және жасай біледі, балаларды оқыту мен дамытуды болымды нәтижелерге жетіп жүреді, оқыту мен тәрбиелеуге шығармашылықпен қарайды. Өзінің іс-әрекетінің (диактикалық, тәрбиелік, әдістемелік) жүйесін жетілдіреді.  Оның авторлық әдістемелік зерттеулері бар, инновациялық немесе ғылыми-зерттеу жұмыстарына қатысады, педагогикалық практиканың жаңа үлгілерін ойлап табады, жаңалықтарды игеруде әдістемелік көмек көрсетеді.

   Қазіргі кезде біз әртүрлі мамандықтардың мұғалімдерін экономика мұғалімдеріне біліктілікті көтеру курстары арқылы қайта даярлауымыз керек. Осындай курстарды өткізу үшін 72 сағат арналған, экономика мұғалімдерді

дайындаға бағытталған «Экономикалық  білімдердің негіздері» атты арнайы курстың бағдарламасы жасалды.

   Бұл мектепте экономиканы оқыту әдістемесі бойынша мұғалімдердің біліктілігін көтеруге бағытталған курс өзінің мағынасы мен жүргізу формасымен ерекшеленеді.

   Курс оқушылардың экономикалық білімінің мақсат, міндеттерін, курстың жалпы мағынасы мен құрылымын, оқушылардың білімдері мен дағдыларына негізгі талаптарды ашады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қорытынды

 

   Қазіргі біздің елдегі әлеуметтік-саяси және экономикалық қайта құру білім беру жүйесі мен әдістемелерінің өзгеруін талап етеді. Әр адамның жаңа нарық қатынастарын түсінуге, өмір сүру және қазіргі өмірдегі жағдайлардың өзгеруіне сай әрекет жасау керек.

   Нарық қатынастарының өсуі бүкіл өмір өрісіндегі экономикалық сауаттылық деңгейінің өсуіне сәйкес.

   Экономикалық тәрбие беру – қоғамдық өндірістің барлық салаларын қамтитын күрделі құбылыс. Ғылыми – техникалық прогрестің даму барысында өндірістің барлық салалары мен қоғам арасындағы қарым – қатынастың қарама – қайшылығы арта түседі. Осы қарама- қайшылық негізінде Қазақстан Конституциясына сәйкес, біз әлеуметтік – нарықтық экономика құрудамыз. Мұның өзі, ең алдымен, егемендік, меншік, еліміздің ұлттық байлығы ресурстарын иелік ету және өндіріс салаларын республика халықтарының саяси - әлеуметтік мүдделеріне бағыттау мәселелеріне қатысты.

   Экономикалық білім негіздері пәнін енгізуді, жаңа қоғамның қоғамдық сана мен қоғамдық мұқтаждықтарын енгізуді қажет етеді.

   Қазіргі кезеңде болып жатқан әлеуметтік-экономикалық қоғамдық саяси өзгерістер жағдайында еліміздің әрбір азаматы, әсіресе жас түлектер өмірдің дамуынан қалыспай өзінің Отандық парызын еш уақытта естен шығармауы керек.

  Әрине, бұл өте жауапты жұмыс. Сондықтан нарықтық экономикаға байланысты оқушыларға тәрбие мен білім беру ісін басқару, оны жетілдірудің жолдарын іздестіру және ұтымды қолдану мектеп педагогикалық ұжымдарының төл ісі болмақ.

 

 

 

 

 

Пайдаланылған әдебиеттер

 

1.     Ж.Б. Қоянбаев, Р.М. Қоянбаев. Педагогика , Астана – 1998ж.

2.     Ә. Құтпанбаев. Оқушыларға экономикалық білім беру негіздері. Қазақстан мекебі\\ 2001, №10

3.     М.З. Жанбөбекова. Ұлттық мектептерде экономикалық білім беру. А,2000

4.     С.Тұрсынбаева. Бастауыш сынып оқушыларының экономикалық тәрбиенің психологиялық-педагогикалық негізі. АбайҚазҰПУ Хабаршысы\\ 2006,№1

5.     Г.Асанова. Экономикалық жүйе түрлері . Қазақстан мектебі\\ 2003,№7

6.     Ә.Құтпанбаев. Оқушыларға экономикалық білім беру негіздері . Ізденіс 2003

7.     С.Әбенбаев. Тәрбие теориясы мен әдістемесі. А,2004

8.     Педагогика және психологиядан түсіндірме сөздік. А, 2002

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Оқушыларға экономикалық тәрбие беру"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Политолог

Получите профессию

Секретарь-администратор

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 672 715 материалов в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 11.05.2018 8277
    • DOCX 102 кбайт
    • 114 скачиваний
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Динсламова Улпан Абунасыровна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Динсламова Улпан Абунасыровна
    Динсламова Улпан Абунасыровна
    • На сайте: 8 лет
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 99229
    • Всего материалов: 13

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Копирайтер

Копирайтер

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Английский язык для IT-специалистов

36 ч. — 180 ч.

от 1580 руб. от 940 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 135 человек из 45 регионов
  • Этот курс уже прошли 83 человека

Курс профессиональной переподготовки

Английский язык: теория и методика преподавания в профессиональном образовании

Преподаватель английского языка

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3650 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 67 человек из 29 регионов
  • Этот курс уже прошли 87 человек

Курс профессиональной переподготовки

Английский язык: теория и методика преподавания в дошкольном образовании

Учитель

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3650 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 234 человека из 53 регионов
  • Этот курс уже прошли 460 человек

Мини-курс

Event-менеджмент и видеопродакшн: от концепции до успешной реализации

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 10 человек

Мини-курс

Литературные пути: от биографий к жанрам

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Основы образовательной политики и информатики

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе