Инфоурок / Другое / Другие методич. материалы / Оқушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастыру
Обращаем Ваше внимание: Министерство образования и науки рекомендует в 2017/2018 учебном году включать в программы воспитания и социализации образовательные события, приуроченные к году экологии (2017 год объявлен годом экологии и особо охраняемых природных территорий в Российской Федерации).

Учителям 1-11 классов и воспитателям дошкольных ОУ вместе с ребятами рекомендуем принять участие в международном конкурсе «Законы экологии», приуроченном к году экологии. Участники конкурса проверят свои знания правил поведения на природе, узнают интересные факты о животных и растениях, занесённых в Красную книгу России. Все ученики будут награждены красочными наградными материалами, а учителя получат бесплатные свидетельства о подготовке участников и призёров международного конкурса.

ПРИЁМ ЗАЯВОК ТОЛЬКО ДО 21 ОКТЯБРЯ!

Конкурс "Законы экологии"

Оқушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастыру

библиотека
материалов

hello_html_62e6b2a6.gifhello_html_m5ea567c5.gifhello_html_62e6b2a6.gifhello_html_1027a17e.gifhello_html_71f2054.gifhello_html_m2a7690f7.gifhello_html_m2a7690f7.gifhello_html_m2a7690f7.gifhello_html_m2a7690f7.gifhello_html_m2a7690f7.gifhello_html_m2a7690f7.gifhello_html_m2a7690f7.gifПавлодар қаласының «Дарынды балаларға арналған № 8 лицей - мектебі»ММ

қазақ тілі мен әдебиет мұғалімі Игілікова Гүлмира Кәкімқызы

Оқушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастыру

Білім беру жүйесін жаңартуға Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев «Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту – Қазақстан дамуының басты бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауында ерекше атап өтсе, «Қазақстан-2050» стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Жолдауында білім беру саласындағы басымдықтарды қадағалайды. Білім беруді жаңарту оқушы білімін ғана емес, оларды қолдану дағдыларын, атап айтқандай функционалдық сауаттылығын қалыптастырады.  

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға  арналған мемлекеттік бағдарламадаанық көрсетілген. Осы бағдарламаны басшылыққа ала отырып,ҚРсы Үкіметінің 2012ж. 25 маусымдағы №832 қаулысымен «Мектеп оқушыларының функционалдық сауаттылығын дамыту жөніндегі 2012-2016 жылдарға  арналған Ұлттық іс-қимыл жоспары» бекітілді. БұлҰлттық жоспар – білім сапасын жетілдірудің негізгі бағдары. Жоспарда  мақсат, міндеттер нақты қойылған, ағымдағы жағдайды талдау, мектеп оқушыларының функционалдық сауаттылығын дамыту тетіктері, білім стандарттарын, оқу бағдарламалары мен жоспарларын жаңарту, оқыту нысандарын, әдістері мен технологияларын жаңарту, мектеп оқушыларын оқыту нәтижелерін бағалау жүйесін дамыту, ата-аналардың  қатысуын қамтамасыз ету, қосымша білім беруді дамыту, күтілетін нәтиже қажетті ресурс нақты көрсетілген. Осы ұлттық жоспарды іске асыру арқылы оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту бойынша жалпы үйлестіруді қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.    «Функционалдық сауаттылық» — ұғымы өткен ғасырдың 60-жылдары ЮНЕСКО құжаттырында пайда болды және кейіннен қолданысқа енді. Функционалдық сауаттылық – мектепте алған білімдерін, іскерлік дағдыларын, адами іс әрекеттердің әр түрлі салаларында сондай-ақ тұлға аралық қарым-қатынастарды өмірлік міндеттерін шешу үшін пайдалану болып табылады.

Функционалдықсауаттылықтың факторлары:

  • Ғылыми зерттеуді қамтамассыз етіледі;

  • Білім беру жаңартылады;

  • Маниторинг, бағалау өзгереді;

  • Техникалық база жаңартылады.

ХХІ ғасырдың жан-жақты, зерделі, дарынды, талантты адамдарды қалыптастыруда білім беру мәселесі, оның оқыту жүйесін заман талабына сай үйлестіре алу міндеті туындап, жаңа талаптар қойылуда .Соған орай ұстаздардың алдында тұрған міндет: табысты және әрекетке дайын қабілетті, әлеуметтік рөлін сезінетін құзырлы тұлғаны қалыптастыру.Жалпы құзіреттіліктің  сипатына беделді пікір айтуға мүмкіндік беретін білімді игеру деген түсіндірме берілген.Тұлға құзіреттілігін дамыту – ұстаздың құзіретті тәсілдерді меңгертуі, білім беру мазмұнын жетілдіру. Ол үшін баланы субъект ретінде қарап, оқу ісіне өзінше қызықтыратын, оған қабілетін арттыратын жағдай туғызу керек. Оның бастысы – оқу үрдісін жаңаша ұйымдастыру, оқушының оқудағы іс-әрекеті арқылы ойлау дағдыларын жетілдіру, өз бетінше білім алу, әрекет ету. Мақсатқа жету оқушының өзі арқылы іске асады. Мұғалім – бағыт беруші, ұйымдастырушы. Осы мақсатта мен өз сабағымды Блум таксаномиясы негізінде құрастырамын. Себебі Блум таксаномиясы бір ізбен реттелген мақсаттар жүйесі арқылы оқушылардың білім деңгейлерін, шығармашылық деңгейге жетуді ұсынады.

Мақсаттар жүйесі

Оқушылардың когнитивтік іс - әрекеті

Білу

Оқушы меңгеретін және берілетін білім негіздері

Түсіну

Оқушы білімді қабылдайды, түсінеді, түсіндіреді.

Қолдану

Алған білімді қолданады

Талдау

Білімді жай қабылдамайды, талдайды, саралайды, салыстырады

Жинақтау

Алған білімнен жаңа өнім жасап шығарады.

Бағалау(сыни өзіндік пікір)

Өз пікірін білдіреді, сынайды, жоққа шығарады, не мақұлдамайды.

С. Торайғыров «Туған еліме»

Біліктілігі

Оқушы іс-әрекеті

Білу

Зат есім дегеніміз не?

Түсіну

Жұмбақты оқып шешуін тап. Шешуіне қатысты екі сөйлем құра. Сызбаға зат есім жайлы білгенінді жаз

Қолдану

Ребусты шешіп, шешуіндегі сөзге әңгіме құра

Талдау

Мәтінді көшіріп жаз. Зат есімді тап, жалқы, жалпы зат есімдерді ажырат.

Жинақтауы

Артық сөзді тап.Кітап, дәптер,қайшы, сотка

Бағалауы

Шағын эссе жаз

Сенің атын кім? Сенің сүйікті жануарын бар ма? Ол үшін не істей алатындығынды ойландың ба? Жануарларды қорғауға сенің тигізер үлесің қандай?

Оқушылардың шығармашылығын дамыту мақсатында бес жолды өлең, сурет бойынша әңгіме құрастыру, тақырып төңірегінде өлеңдер құрастыру жұмыстарын жүргіземін.

Мысалы 1 «Бес жолды өлең»

Кім? Әже

Қандай? Қамқоршы, нәзік

Не істейді? Мәпелейді, аялайды, тәрбиелейді

Түйін Мені әжем мәпелеп өсіреді.

Синоним Адам

Мысал 2 «Сөз ойла, көп ойла»

Балықшылар (бал, балық, бақа, лақ, ара, шар т.с.с.)

Мысал 3 «Өлең шығарайық»

Жеріміз ....

...... қазақпыз

Еркіндік ....

..... жырлаймыз.

Бұл жұмыстардың соңында свот талдау жүргізіп, қорытынды жасаймын.

«Бес жолды өлең» стратегиясы бойынша свот талдау (алғашқы)

Strength (мықты жағы)

Weakness (әлсіздігі)

Оқушылар бес жолды өлең құрылымын жақсы түсінді

Екі сын есім, үш етістік жазуда кейбір оқушыларға қиындық тудыртты

Opportunities (шешу жолы)

Threatening (қауіп)

Алынған зат есім бойынша алдын ала сөздік жұмыстар жүргізу.

Кейбір оқушылардың сөздік қорларының аздығы

Оқушылардың ғылыми ізденушілік жұмыстарын дамыту мақсатында «балық сүйегі», «өрмекші», «әдебиет үйірмесі» әдістерін қолданамын.

Мысалы1: «Әдебиет үйірмесі»

Баяндаушы-әңгімені мазмұндайды

Зерттеуші- әңгімедегі негізгіні анықтайды

Сілтемеші- сөздіктермен жұмыс жүргізеді

Сұрақ құрастырушы- сұрақтар даярлайды

Дәнекер- өмірмен байланыстырады

Бейнелеуші-әңгімедегі негізгі кейіпкерді суреттейді.

Мысал 2: «Балық сүйегі»

Тақырыбы: «Өнер білім бар жұрттар» Ы. Алтынсарин


Оқу тапсырмасы

Білу

Ы. Алтынсарин туралы не білетініңді балық сүйегіне жаз. Өлеңді мәнерлеп оқып шық.

Түсіну

Сарай не арба сөздеріне сипаттаманы балық сүйегіне жаз.

Қолдану

Кәзіргі уақыттағы көлік түрлерін балық сүйегіне жаз.

Талдау

Айшылық алыс жерлер, көзді ашып жұмғанша сөйлем құра

Жинақтау

Өнер, білім жайлы мақал жаз

Бағалау

Өлеңді кәзіргі өмірмен салыстыр, дәлелде.

Ғылыми жұмыстарға сабақтан тыс уақытта дайындық жұмысын жүргізу жолы:

1. Зерттеу жұмысын бастамас бұрын өзіңе ұнайтын бір тақырыпқа топтастыру /кластер/ жаса Өзіңнің жаныңа жақын тақырыпты белгілеп, текст марке рімен бояп қой./

2. Өзіңнің зерттеу жұмысыңның мақсатын жаз

/бұл зерттеу жұмысы саған не үшін қажет?/

3. Зерттеу міндеттеріңді жаз

4. Зерттеу жұмысын кіммен жүргізгің келеді?

/белгілеп қой/



Өзім

Досыммен бірге

Ұжыммен

Ата-анаммен

Неге?

5.Осы тақырып бойынша ақпараттарды қайдан алуға болады?

-теледидардан

-кітапханадан қарауға

-бақылауға

- интервью жүргізуге

- интернеттен

6. Зерттеу тақырыбың бойынша кітаптардан, журналдардан алған ақпараттарыңды жаз

7. Компьютермен /интернетпен /жұмыс жаса. Одан қандай жаңа ақпарат алғаныңды жазып қой

8. Интервью жүргіз./сұрақтарыңды дайындап ал/

Интервьюді кімдерден алу керек?

- арнайы мамандардан

- жоғарғы сынып оқушыларынан

- досыңнан

- ата- анаңнан

- мұғалімдерден

- кез келген азаматтан т.б.



9.Тақырыбың бойынша бақылау жүргізіп,бақылағаныңды жаз

Бақылаужүргізген

уақыты

Бақылау жүргізу барысындағы өзгерістер

Өзіңнің ойыңды

жаз



10. Эксперимент жүргізіп көр, қандай да бір өзгерістер болса дәптеріңе жаз

11.Қорытынды шығар

12.Зерттеу жұмысынан кейінгі туған ойлар




Менің ойымша

Мен сенімен келісемін ...

Мен сенің пікірімен келіспеймін себебі, ...

Қорыта келе ...

Ең бастысы (негізгісі) ...

Мысал келтірсек...

Сөзімді қорыта келе ...

Мені таңқалдырған мәселе ...

Бүгінгі жағдайға байланысты ...

Мен 100пайызға сенімдімін өйткені, ....

Келесі сұраққа көшсек ....







Ғаламтордағы фитонимдердің қолданысы



І. Сыртқы бет-әлпетінің ерекшеліктерін сипаттайтын фитонимдер:

Фитонимдердің жоғарыдағы ерекшеліктеріне байланысты келесі мысалдар келтіруге болады:


«Кезекті арулар сайысынҚостанайданкелген алма бет сұлу аруымыз жеңіп алды» - Берілген мысалда тілші қыздың сұлулығын алма жемісіне теңеп, көркемділігін көрсетуге тырысты http://lite.bnews.kz/.


«Құлпырған қызғалдақ қыздарымызды, шет елге қалай қиямыз?» -Фитонимнің авторы қыз балаларды қызғалдақ гүліне теңеу арқылы олардың жастығын, нәзіктігін, пәктігін көрсеттіhttp://ortalyk-kaz.kz/

ІІ. Ішкі жан-дүниесін, мінез-құлқын, көңіл-күйін сипаттайтын фитонимдер:


«Қуарған күйде болған қызғалдақ, ауыр отадан кейін қайта жайнауға күш тапты»- Берілген мысалда автор адамның отадан кейінгі күйін қызғалдақ фитонимімен байланыстырған http://i-news.kz/

«Үміті үзілген сарғалдақ»http://muslim.kz/

ІІІ. Етістікті тіркес ретінде жасалған фитонимдер:


Төмендегі мысалдар Қазақстан Республикасының гүлденуіне, алдыңғы қатарлы мемлекеттердің бірі болуын көздейтін жалынды сөздер фитонимдердің көмегімен жасалған:


«Қазақстанда тамырын тереңге жайған азаптауға қатысты жауапкершілік жоқ» http://newskaz.kz/


«Біз елімізді жапырағы қуармайтын, тамыры суалмайтын, көрген жан тамсанбай тұра алмайтын Мәңгілік Жасыл Елге айналдыруымыз керек» http://yvision.kz/

IV. Адамның қоғамдағы орнын, оның әлеуметтік мәртебесін сипаттайтын фитонимдер:


«Қыз - өмірдің қызғалдағы»http://bnews.kz/


Осындай жұмыстарды жүргізу арқылы оқушылардың функционалдық сауаттылықтарын арттырамын.


















Самые низкие цены на курсы переподготовки

Специально для учителей, воспитателей и других работников системы образования действуют 50% скидки при обучении на курсах профессиональной переподготовки.

После окончания обучения выдаётся диплом о профессиональной переподготовке установленного образца с присвоением квалификации (признаётся при прохождении аттестации по всей России).

Обучение проходит заочно прямо на сайте проекта "Инфоурок", но в дипломе форма обучения не указывается.

Начало обучения ближайшей группы: 25 октября. Оплата возможна в беспроцентную рассрочку (10% в начале обучения и 90% в конце обучения)!

Подайте заявку на интересующий Вас курс сейчас: https://infourok.ru

Общая информация

Номер материала: ДВ-272958

Похожие материалы