Инфоурок Другое СтатьиОқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту

Оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту

Скачать материал

Бастауыш сыныптарда оқушылардың шығармашылық

                                    қабілеттерін дамыту

    Қазақстан Республикасының президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына арналған Жолдауында «Біздің болашақтағы жоғары  технологиялық және ғылыми қарымды өндірістері үшін кадрлар қорын жасақтауымыз қажет» деген сөздері ел педагогтарына да үлкен жауапкершіліктер жүктейді.

     Ел болашағы бүгінгі оқушы жастар десек, олардың мектеп қабырғасынан  ғылыми зерттеу жұмыстарына қызығуын қалыптастырып, бастауыш білім алу кезеңінен шығармашылық қабілетін ашып, оны алға қарай дамыту  мектеп ұжымдарының басты міндеттерінің бірі. 

     Бастауыш білім-үздіксіз білім берудің алғашқы басқышы болғандықтан, шәкірттерді  мектептегі алғашқы күндерінен бастап, тек білім беріп қоймайды, жан-жақты дамытады. Оқушының ізденуі мен шығармашылық дағдыларының жүйелі қалыптасуы үшін мектебі, ата-анасы, мұғалімі өздеріне тиісті қолайлы жағдайлар жасағанда ғана іс жақсы бағыт алады.

    Мектеп оқушыларды осы заманғы оқулықтармен, қажетті құрал жабдықтардың өте қажеттілерімен  қамтыса, мұғалімдер балаларды мектепке дайындаған бала бақшалардағы тәрбиешілерімен және ата-аналармен шынайы тығыз байланыс жасап, әр оқушыға нақты диагностика жасап,  қабілет бейімділіктерін анықтауға жұмыстануы қажет. Бұл жерде оқушылардың жекелеген пәндер бойынша бейімін, қабілеттерін  аңғарумен қатар, өнерге, спорт түрлеріне де икемдерін аңғару да маңызды. Оқушылардың мектепке келген сәттен бастап, қабілет, икемдерін білуге ұмтылмасақ, Грек ойшылы Плутарх айтқандай: «Көптеген таланттардан  жауапсыз ұстаздар кесірінен айрылып қалуымыз мүмкін».

    Оқушылылардың дигностика негізінде аңғарылған шығармашылық қабілеттерін ұштау үшін мұғалімдер сабақты көрнекі және техникалық құралдарды пайдалана отырып, түрлендіріп, ойын элементтеріне арқа сүйеп, шәкірттер белсенділігін көтере өткізгенде ғана біз діттеген мақсатымызға жетудің алғашқы шараларын аламыз. Бұл жерде дарынды оқушылармен жеке жұмыс, топтап оқыту да назарда болуы қажет.

     Күнделікті сабақта өтілген тақырып бойынша, оқушының өз бетінше логикалық тапсырмаларға қортынды жасап, пікір білдіруіне қол жеткізсек, оқушы шығармашылығының жақсы бастау алғаны. Оқушылардың шығармашылық қабілеттерін тіл сабақтарында төмендегідей жолдармен дамытуға болады. Мысалы 2 сыныпта әдебиеттік оқу пәнінде «Ертегілер» тарауындағы тақырыптарды өткенде, сабақты түсіндіру сәттерінде әңгімелерді бөліктерге бөліп, сахналаған көріністер арқылы  бейнелесек  ұтымды болар еді. Баяндалған жайлар пікір талас незінде шешім тауып, оқушылардың өз бетінше ой толғауына жол ашып, шығармашылығына бағыт берер еді. Тіл сабақтарында кроссворд, анаграммалар шешіп, ойын элементтерімен ұштасса, осындай жағдайлар қарапайымнан күрделіге қарай принципіне сәйкес іске асып отырса, оқушылардың шығармашылығының өміршеңдігіне жол ашатыны сөзсіз.

    Бастауыш сыныптардың математика пәндерінде логикалық тапсырмалар орындап сабақты пысықтау сәттерінде оқушылардың ойлау шапшаңдығын көтеріп, шырпы дәндерін немесе түрлі түске боялған шеге тәрізді материалды магнитті тақтаға орналастырып, бір данасын қозғау арқылы есеп жауаптарының нақтылығын тексеру ойындарын түрлендіре қолдансақ,  оқушылардың шығармашылығы даму жүйелену жолдарына бағыт алған болар еді.

      Бастауыш сыныпта  оқушылардың логикалық ойлау қабілеттерін дамытып, шығармашылығын қалыптастыру  арқылы ой өрісі кең, білімді, тәрбиелі шәкірттер  қатарын көбейтіп, негігзгі мектеп басқышына бағыттау өмір талабы болып қала бермек.

                                                                    Н. К. Есболова

                                           Н. Жұбаев атындағы орта мектептің

                                       бастауыш сынып  мұғалімі.

                                                                Маңғыстау ауданы

                                                                  Шетпе ауылы

 

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Руководитель ремонтной службы

Получите профессию

Няня

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 666 054 материала в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 12.05.2017 566
    • DOCX 13.3 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Кызыкбаева Гульсим . Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Кызыкбаева Гульсим
    Кызыкбаева Гульсим
    • На сайте: 7 лет и 2 месяца
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 28554
    • Всего материалов: 16

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой