Инфоурок Технология Другие методич. материалыОю-өрнекті жапсырмалау арқылы тұмарша дайындау.10 сынып

Ою-өрнекті жапсырмалау арқылы тұмарша дайындау.10 сынып

Скачать материал

Сабақтың тақырыбы: Ою-өрнекті жапсырмалау арқылы тұмарша дайындау.

 

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Қазақ халқының ою-өрнек түрлеріне сипаттама беру және жапсырмалау технологиясын үйрету.

 

Дамытушылық: Ою-өрнектің тілін түсіндіру, сырына мән беру арқылы оқушылардың шығармашылық қабілетін дамыту.

 

Тәрбиелік: Ою-өрнек арқылы оқушылардың ой-өрісін, білімін жан-жақты дамыту, халқымыздың асыл мұраларын, салтдәстүрін, өнерін құрметтеуге тәрбиелеу.

 

Сабақтың түрі : Білімді жинақтау және тәжірбие дағдысын жетілдіру сабағы.

 

Сабақтың көрнекілігі: Презентация,«Ә. Қастеевтің сөзі»,«Ою-өрнектер».

 

I. Ұйымдастыру кезеңі

1. Оқушылармен амандасу, түгелдеу.

2. Сынып тазалығын тексеру.

3. Оқушы назарын сабаққа аудару.

 

М:Сабағымызды бастамас бұрын оқушыларды екі топқа бөлеміз.Осы екі топты бір біріне сұрақ қою барысында өткен сабақты қайталап жіберейік.

Ол үшін суретші Әбілхан Қастеевтің «Ою - өрнекті қайдан, кімнен үйрендің» деген сауалға берген жауабын  жұмбақ ретінде оқушыларға жасыру. Өлең шумағын жауып, 9секцияға бөліп нөмірлейміз де,ретімен сұрақтар қойамыз.Оқушы дұрыс жауап берсе секцияларды ашып отырамыз.

1,2,3 слайд.

II.Өткен сабақты актуализациялау.

 

1.Ою-өрнек деген сөзі қандай мағынаны білдіреді?

Жауабы:Қазақтың «ою» және «өрнек» деген  қос сөзі латынша«орнамент» деген мағынаны білдіреді. Бұл өнер бізге Ежелгі көшпенділерден жеткен. Адамдар алғаш рет ағашқа, тасқа, сүйекке салған. Ою- бұл белгілі бірзатты ою, кесу, тігу, қию тәсілдері арқылы жүзеге асады

 

2. Ою-өрнектің неше түрі бар?

 Жауабы: 200-300 дей. Жалпы алғанда бүгінгі күнге дейін өнертанушы ғалымдар ою-өрнектің екі жүздей түрін тауып,ғылыми тұрғанда анықтама берген екен.

 

3. Ою-өрнектер неше түрге бөлінеді және оларды ата?

Жауабы:4 түрге, өсімдік тектес, зооморфтық, геометриялық, космонологиялық.

 

4.Зооморфты оюға қандай ою түрі жатады?

Жауабы: Жан-жануарлардың табиғи және мифтік бейнелері (қошқар мүйіз,арқар мүйіз,түие табан) тағы басқалары.

 

5.Өсімдік тектес оюға қандай ою түрлері жатады?

Жауабы: Өсімдік пішіндес (жапырақ, үш жапырақ, шиыршық, ағаш)

 

6. Геометриялық  оюға қандай ою түрі жатады?

Жауабы:Геометриялық фигураларға ұқсас оюлар(ирек, балдақ,қармақ,ботакөз т.б.)

 

7. Космогониялық   оюға қандай ою түрі жатады?

Жауабы:Аспан әлеміне ,ғарышқа байланысты оюлар(жұлдыз,шимай,айшық,ирек т.б.)

 

8. Қошқар мүйіз оюы не мағынаны білдіреді?

Жауабы:Байлықтың, молшылықтың, бақыттың белгісі.

 

9. Ит құйрық оюы бұйымның қай жеріне салынады?

Жауабы:Ер адамның шалбарының балағына салынады. «Дұшпаның кеудеңнен төмен болсын»деген мағынаны білдіреді.

 

М:  Міне біз барлық сұрақтарға жауап беріп суретші Әбілхан Қастеевтің берген жауабын таптық . Бұл өлең шумағын бір оқушы оқып береді.

                Таудың бұлағынан,

                Қойдың құлағынан.

               Апамның киізінен,

                Ешкінің мүйізінен» - деп жауап беріпті.

 

М:   Ендігі тапсырмамыз осы ою-өрнектерге жеке тоқталып өтсек.Себебі әр оюдың астарында мағанасы жатады соны сендер қалай түсінетіндіктеріңді айтып берсеңдер.

Ол үшін екі топқа екі бос буклет беріледі,сонымен қатар оюлардың суреті таратылады.Бірінші топ зооморфты және геометриялық оюларды теріп алады,екінші топ космогониялық және өсімдіктектес оюларды теріп алып сипаттап айтып береді.

1.

«АРҚАРМҮЙІЗ» деп аталатын ою-өрнек қойдың мүйізін бейнелейтін оюдың түрі. Бұл элемент «қошқармүйізге» өте ұқсас, бірақ, оған қарағанда шиыршықтанып, тармағы одан көбірек болып келеді (кілем, тұскиіз, сыр- мақ, кесте, киім-кешек пен үй жиһаздарында кездеседі).

 

 

 

2.

«СЫНЫҚМҮЙІЗ»  морт сынған тік төртбұрыш жасап, төрт рет ішке қарай иіледі. Бұл ою-өрнек кілемдерді, шилерді, басқұр мен алашаларды, сондай-ақ әр түрлі қалталарды безендіру үшін пайдаланылады, ал сырт көрінісі малдың сынған мүйізіне ұқсайды.

 

 

3.

«ШЫНЫГҮЛ» ою-өрнегі гүлді тұспалдап тұрады. Бұл өрнек «төртайшық», «итемшек» оюларына ұқсас келеді. «Шыныгүл» ою-өрнегі айға, мүйізге, жапыраққа ұқсас элементтерден құралған. Екі мүйіздің қайырылған екі ұшына жапырақ қондырылған, сол жапырақтар бірнеше рет сатыланып қайталанылып отырады.

 

 

 

«ГҮЛ»  ою-өрнегі гүл өсімдігінің барлық түрлерін тұспалдап тұрады. Бұл өрнектің түрі үш жапырақты ою-өрнектен басталып, он екі жапырақты ою-өрнекке дейін қолөнер бұйымдарында кездеседі. Кесте тоқуда және киім-кешектердің жағасына, қалтасына, жиектеріне салады.

 

4.

 

«ТАРАҚ» үлгідегі өрнек күнделікті тұрмыста пайдаланылып жүрген шаш тарайтын тараққа ұқсайды. Бұл өрнек нақышына келтіріліп алаша, басқұрларда қолданылады және тараққа ұқсас бірнеше жуан жолақтардан тұрады

 

 

5.

«СУ ӨРНЕГІ»  деп әрбір өрнекті беліп тұрған жолақты айтады. Су өрнегі екі қатар сызық аралығында ирек сызық арқылы дөңгелек, төртбұрыш бейнелерді жасайды. Бұл ою-өрнекті «бессаусақ», кейде «бесгүл» деп те атайды.

 

6.

 

«ҚҰСҚАНАТ» ою-өрнегі мүйіз оюымен не шахмат шақпақтарыньң ізімен бейнеленген құстың қанаты тәріздес ою-өрнек. Ал бұйымдарда көп қолданылатын бұл ою қанатын жайып, ұшып келе жатқан құсты тұспалдайды. Қазіргі кезде «құсқанаты» ою-өрнегін басқа өрнектермен аралас колдана береді.

 

 

7.  «БОТАКӨЗ» ою-өрнегі әшекейлі композициясының ортасына салынатын немесе бірнеше қайталанып келіп, шетін көмкеретін жиектеме түзейтін ою. Сырт пішіні ботаның көзіндей дөңгеленген ромбыға ұқсайтын геометриялық ою-өрнек. Бұл орамалдың шетін көмкеретін жиектеме түзейді.

 

8. «ЖІЛІНШІК» ою-өрнегі малдың жілік сүйектерінің негізінде туған атау. Жіліншік өрнегі қатар екі сызық бейнесінен құралатын буынды өрнек (алаша, киіз, тысқап, баулар, басқұрларды безендіруге қолданылады).

 

 

9. «ҚОС ДӨҢГЕЛЕК» ою-өрнегі мал таңбасына ұқсайды. «Қос дөңгелек» өрнегімен негізінен киіз бұйымдарын, текеметтерді, сырмақтарды әшекейлейді.

 

 

 

10. .JPG_.JPG«ИРЕК», «ИРЕКСУ» өрнектері кейде түзу сызықтардың сынықтары, кейде доғал сынықтардың ұштасуы арқылы жасалады. Ондай сызықтар бірнеше қатар сызықтар түрінде қатарласа келеді. «Ирек», «ирексу» өрнегінің жасалуы кейде бір иректің іші екінші ирекке қарсы келіп «төртбұрыштар» мен «сағатбау», «саты» тәріздес өрнектер жүйесін түзейді. Бұл өрнек: бешпент, қамзол, шапан, тақияның жиегіне орнатылады. Зергерлік бұйымдарда: сақина, білезік, қапсырма, алқалардың жиегінде жәнеши, сырмақ, кебеже, жүкаяқ, табақ ернеулерінде, әдіп тігісте көбірек кездеседі.

 

М: Бұл тапсырмадан түсінгеніміз ата-бабамыздың күнделікті тұрмыс тіршілігі  табиғат пен мал шаруашылығымен байланысты болғандықтан өздерінің  ою-өрнектерінде көбнесе жан-жануар, құстарға табиғат құбылыстарына байланысты элементтеріне көбірек пайдаланған.

 

III.Сергіту сәті

 

 Қазақтың ою-өрнегін салып, қиып үйренбей қолданбалы өнерді игеру мүмкін емес. Сондықтан оюды өзіміз ойып үйренуіміз керек. Халқымызда «Өз үйінде ою оймаған адам, кісі үйінде сызу сызады»-деген мақал бар. Осы мақалдың өзі ою оймаған кісінің өзге өнерді де игере алмайтындығын көрсетеді. Енді ою-өрнек, шеберлік, өнер туралы мақал- мәтелдер айтсақ.

 

4 слайд.

 

1.Өнер сыры – өрнекте.

2.Ою ойғанның ойы ұшқыр.

3.Ою ойған сызу да сызады.

4.Үлгісі көптің өрнегі көп,

Өрнегі көптің ермегі көп.

5.Өз үйінде ою оймаған адам, кісі үйінде сызу сызады

 

IV. Шығармашылық жобаның таныстырылымы.

М: Бүгінгі сабағымыз ою-өрнек жапсырмалау арқылы тұмарша дайындау.Мен сендерге өткен сабақта тұмаршаны дайындау туралы жоба жасап келуге тапсырма бергенмін.Енді сол жоба бойынша әр топ өзінің ойын ортаға салсақ .

 

5-11 слайд.

 

1-ші топ

Тұмар зиянды тылсым күштерден, тіл-көзден сақтайды деп сенген ежелден келе жатқан қазақ халқының бұйымы,яғни тұмар- бұл  магиялық  іспеттес,тіл  көзден  сақтау ,мән- мағынасы  сырға  толы  бұйым. Тұмар атаулары жасау барысында қолданылатын материалына, сәндікке тағуына және безендіру әшекейіне байланысты қалыптасқан.

Біздің тұмаршамыздың фонына көк түсті алып отырмыз,себебі  КӨК – байсалдылық, қанағат сезімін береді. Бұл түстер демалатын негізгі шоғырды құруы тиіс. Қою көк түс қонақ бөлмеге үйлеседі. Оюдың түсі сары түс ол ақыл,парасат,байлықтың белгісі.Оюдың түріне қошқар мүйізді пайдаланамыз«Қошқармүйіз» ою-өрнегі – байлық пен молшылықтың нышаны.

Оюды жапсырмалау техникасы бойынша тұмаршаға орналастырып,шетін жылтыр шілтермен жиектейміз.

 

2-ші топ

Тұмардың қабын теріден, күмістен немесе алтыннан зергерлер өрнектеп жасаған. Ол көшпенді халықтардың құпиялық түсінігінше көптеген аурулардан, көз тиюден сақтайтын зергерлік бұйым. Үшбұрышты тұмар адамның өмір бойы серігі болған. Тұмардың ішіне қағазға жазылған қасиетті сөздер, матаның кесінділері, туған жер топырағы немесе емдік шөп сияқты киелі нәрселерді сақтаған.

Түрлеріне байланысты атау түрлері

·                    Жастық тұмар - төрт бұрышты түсті металдан жасалған көркемдік тұмар.

·                    Қиық тұмар - сәндікке мойынға тағылатын жалтырауық заттардан істелген тұмар.

·                    Лағыл тұмар - лағыл таспен безендірілген тұмар.

·                    Сіркелі қолтық тұмар - бетіне сіркелеп өрнек салынған тұмар.

·                    Алтын тұмар - күміс бетіне сіркелеп алтын жалатылған тұмар.

·                    Тұмарша - асыл тасты күмістен жасалған, мойынға тағылатын әшекейленген тұмар.

 

Біз тұмаршамыздың фонына ақ түсті пайдаланамыз.Ақ түс қуаныштың,бақыттың, 

тазалықтың,қайырымдылықтың белгісі.Оюдың түрі қызыл түс.Ол –оттың,күннің белгісі.

Оюды жапсырмалау техникасы бойынша тұмаршаға орналастырып,шетін жылтыр шілтермен жиектейміз.

 

М: Бұл бұйымды біз қазіргі заманға сай  үйде ілініп тұратын тұмарша ретінде дайындаймыз.Сендердің жобада таңдаған түстеріңнің зор мәні бар.Себебі үй деген сөздің өзі  қуаныш ,жылылық, тазалықты,байлықты білдіреді.

Жапсырмалаудың орындалу техникасына келетін болсақ,

1. Желімдеу( жұқа матаны желатин желімін жағып, негізгі матаға беттестіріп үтіктеу). 2.Ұсақ ирек тігістермен тігу (егізгі матаны ойып алып,киімге бастырып тығыз тігіспен тігу)

 3.Полиэтилен пленкасын жапсыру арқылы(полиэтилен пленкасын матамен бірге ойып, үтікпен киімге бастыру).

 

12-25 слайд.    

 

V.Сарамандық жұмыс.

 

Өткенді еске алып, ойға толам,

 

Сұрыптап тезге салып, көп ойланам,

 

Ой түбіне жете алмай титықтасам,

 

Қолыма қайшы алып, ою оям – деп Б. Момышұлы атамыз айтқандай біз де кезекті сарамандық жұмысымызды бастайық

 

Техника қауіпсіздік ережесін қайталау.Ине мен қайшымен жұмыс кезіндегі қауіпсіздік ережелерін қайталау.

 

Технологиялық карта бойынша оюды дайындап тұмаршаға біріктіріп тігу.

 

VI. Рефлексия.Сабақтың қорыту.

 

 Сабақ соңында мұғалім оқушыларды ой-толғаныс жасауға итермелейтін сұрақтар қояды. Сабақта не маңызды болды, не қызық болды, жаңадан не білдіңдер, не үйрендіңдер т.с.с Бір сұраққа біренше оқушы жауап беруі мүмкін.

 

VI.Бағалау.

 

 

 

 

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Ою-өрнекті жапсырмалау арқылы тұмарша дайындау.10 сынып"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Тьютор

Получите профессию

Методист-разработчик онлайн-курсов

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 672 689 материалов в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 18.01.2017 2247
    • DOCX 176 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Абирова Жанар Шаматаевна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Абирова Жанар Шаматаевна
    Абирова Жанар Шаматаевна
    • На сайте: 8 лет
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 6597
    • Всего материалов: 5

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Копирайтер

Копирайтер

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Актуальные вопросы преподавания технологии в условиях реализации ФГОС

72 ч.

2200 руб. 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 239 человек из 60 регионов
  • Этот курс уже прошли 1 079 человек

Курс профессиональной переподготовки

Технология: теория и методика преподавания в образовательной организации

Учитель технологии

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3650 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 998 человек из 76 регионов
  • Этот курс уже прошли 3 590 человек

Курс повышения квалификации

Методика инструктажа и обучения в социальном учреждении по вопросам трудовой деятельности

180 ч.

3300 руб. 1650 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Инновационные технологии для бизнеса

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Введение в экономическую теорию и практику

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Особенности патриотического воспитания

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 22 человека из 15 регионов
  • Этот курс уже прошли 54 человека