Инфоурок Физика СтатьиПлан урока по физике на тему "Электр тогының жұмысы мен қуаты. Электр тогының жылулық әсері. Джоуль-Ленц заңы"

План урока по физике на тему "Электр тогының жұмысы мен қуаты. Электр тогының жылулық әсері. Джоуль-Ленц заңы"

Скачать материал

Сілтеме

 

Сабақ № 42

 

Күні

07.02.2018 ж

Сынып

8 а, ә

Қатысқандар саны:______

Пән мұғалімі

Ж.С.Бейсебаева

Қатыспағандар саны:____

Сабақтың тақырыбы

Электр тогының жұмысы мен қуаты. Электр тогының жылулық әсері. Джоуль-Ленц заңы.

Сабаққа негізделген оқу мақсаты

Токтың жұмысы мен қуатын есептеуді және Джоуль – Ленц заңдарын формулалар арқылы оқушылардың өздеріне (топпен жұмыс) қорытындылату.Ой - өрісін, қиялдарын, еркін сөйлеуін, формулаларды түрлендіре білуге үйрету, қарапайымнан күрделіге жемкізу.Оқушыларды топтық, ұжымдық жұмысқа еңбексүйгіштікке тәрбиелеу.

Оқу нәтижелері    

Барлық оқушылар

Алған білімдерін, дағдыларын өмірлік жағдайларда пайдаланады

Оқушылардың басым бөлігі

Өз біліміне қорытынды жасау, іздену, жеке, топпен жұмыс біліктілігі дамиды

Кейбір оқушылар

Практикалық есептер шығара біледі. Эксперименттік тапсырмаларды жасауға ұмтылады

Алдыңғы оқу

6.  Зертханалық  жұмыс. Өткiзгiштердi тiзбектей және параллель қосуды зерделеу.

Ресурстар

Оқулық, Кодаскоп, слайдтар, деңгейлік тапсырмалар

Жоспар

Жоспарланған уақыт

Жоспарланған жаттығулар

Әдіс - тәсілдер

Мұғалімнің іс - әрекеті

Оқушының іс - әрекеті

Басталуы 8 минут

2 минут

 

 

 

 

1.Ұйымдастыру

1. Сәлемдесу;

2. Оқушыларды түгендеу;

3. Сынып бөлмесінің тазалығын тексеру;

4. Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру (жұмыс орны, отырыстары, сыртқы түрлері);

5. Оқушылардың назарын сабаққа аудару.

 

 

Мұғаліммен амандасу

Сабаққа дайындалу

 

6 минут

2. Үй тапсырмасын тексеру, қайталау

  1. Сыныпты 3 топқа бөлінеді.

1-топ. Көрнекті неміс физигі мектеп мұғалімі болып қызмет еткен. Ол тізбектің бөлігі үшін ток күшінің кернеуге тәуелділік заңын, сондай – ақ тұйық тізбектегі ток күшін анықтайтын заңды ашты. Ом кедергінің өткізгіш ұзындығына және көлденең қимасына тәуелділігін ашты

2-топ. Итальян физигі, электр тогы туралы ілімнің негізін қалаушылардың бірі. Вольта бірінші гальвани элементін жасап, электр тогы туралы ғылымға алғаш жол ашты

3-топ. Француз физигі және математигі. Ол электрлік және магниттік құбылыстар арасындағы байланыстар туралы алғаш теорияны жасады. Ампер магнитизм табиғаты жөнінде гипотезаны ұсынды. Физикаға электр тогы деген ұғымды енгізді.

 

 

2.      «Қызығушылығын  ояту» Оқушыларға интерактивті тақта арқылы қайталау сұрақтарын қоямын.

1.  Электр тогы  дегеніміз не?

2. Ток күші   деп нені айтады және формуласы қандай?

3. Электр кернеуі      деп нені айтады және формуласы қандай?

4. Өткізгіш ұштарындағы кернеуді қандай құралмен өлшейді және ол тізбекке қалай қосылады?

5. Тізбектің бөлігі үшін   Ом заңы қалай тұжырымдалады?

 

 

 

1)Оқушылар карточкада жазылған жасырын ғалымның ашқан жаңалығын оқып, ғалымның аты-жөнін жазылған топқа отырады.

1-топ. Георг Симон Ом

2-топ. ВольтаАлессандро

3-топ. Ампер Андре Мари

 

2)Оқушылар қойылған сұрақтарға қарай жауап береді. Топ бойынша жылдам жауап берген оқушы тобына 1 балл қосады.

Оқушылардың жауаптары:

1.       - Еркін электр зарядтарын тасымалдаушылардың реттелген қозғалысы

 

2.       - Өткізгіштің көлденең қимасы арқылы қандай да бір уақыт аралығында тасымалданатын электр мөлшерінің сол уақыт аралығына қатынасы                   

 

3.          - Тізбектің берілген бөлігінде заряд орын ауыстырғанда, электр өрісінің атқарған жұмысының осы зарядқа қатынасы               

4.       - Вольтметр.  Ол тізбекке параллель қосылады      

5.       Тізбектің бөлігіндегі ток күші осы бөліктің ұштарындағы кернеуге тура пропорционал, ал өткізгіштің кедергісіне кері пропорционал

 

 

 

Топқа бөлу

 

 

 

 

 

 

 

Сұрақ - жауап

 

 

 

Ортасы 17 минут

10  минут

 

3. Жаңа материалды меңгерту:

1.«Мағынаны ажырату» үшін өзара оқу әдісін қолданамын.

Ол үшін параграфты 3 бөлімге бөлдім. Оқушыларға оқулықпен жұмыс жасау үшін (5минут) уақыт бердім.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1-топ. Электр тогының жұмысын есептейтін формуланы қорытып шығарады және өлшем бірлігін айтады.( жалпы  5 ұпай)

1-топ оқушыларының жауаптары:

U=A/q                                A=q*U   кернеу формуласы

I=q/t                                   q=I*t        ток күші формуласы

A=I*U*t  (1)    

токтың жұмысы

I=U/R                                 U=I*R  тізбек бөлігіне арналған Ом заңы

A=I2*R*t  (2)       A=U2 *t/R (3) токтың жұмысы

1Дж-- 1А*В*с жұмыс бірлігі

 

2-топ. Токтың қуатын есептейтін формуланы қорытып шығарады. Өлшем бірлігі мен өлшейтін құралын айтады.

2-топтың  жауабы:

N=A/t  механикалық қуат

P=I*U*t/t                                          P=I*U  (1) электр тогының қуаты

P=U2/R  (2)   P=I2*R (3) электр тогының қуаты

1Вт=1А*1В  

 

Ваттметр- қуатты өлшейтін құрал

Токтың жұмысын өлшейтін құрал- электр санауыш

1кВт·сағ=3.6*106Дж

1кВт·сағ=4,95тенге= 5тенге

 

1гВт = 102Вт      20гВт=?

1кВт = 103Вт       400кВт=?

1МВт = 106Вт       0,06МВт=?

 

3-топ  Өткізгіште бөлінетін жылу мөлшері қандай шамаларға тәуелді болады.

Тәжірибе көрсетеді. Өткізгіштердің қызуы кедергіге тәуелді екенін анықтайды.

3-топтың жауабы:

Өткізгіш ішімен ток жүрген кезде, өткізгіш қызады, электр энергиясы ішкі энергияға айналады.

Өткізгіштің қызуы тек қана ток күшіне тәуелді ме?

Тәжірибе жасалады: Кедергілері әр түрлі үш сымды тізбектей жалғайды да ток күшін арттырады. Сол кезде никель мен темір қыза бастайды, ал мыс сым білінер- білінбес қана жылынады.

Тәжірибе қорытындысы: өткізгіштердің қызуы олардың кедергілеріне тәуелді болады, өткізгіш кедергісі неғұрлым үлкен болса, ол соғұрлым қатты қызады.

Q=I2·R·t   Ағылшын ғалымы Дж. Джоуль

                        Орыс ғалымы  Э. Ленц ашты

Джоуль—Ленц заң

 

Оқулықпен жұмыс

 

Мағына тану

 

 

 

 

Өздік жұмыс

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Демонстрация

 

 

 

 

 

 

 

7 минут

2.Жаңа тақырыптағы меңгерген білімдеріне сүйене отырып, ынталандыратын күрделі сұрақ қою арқылы оқушының ойлау қабілетін дамыту.3 топқа тапсырма беріледі.

 

Оқушылар ақылдасып бірге шешеді. Берілген формуладан туынды формуланы табады. 1 дұрыс формула үшін 1 ұпай қосылады

Ой - қозғау

Аяқталуы 15 минут

10  минут

 

4.Сабақты бекіту.

Сонымен біз токтың жұмысы мен қуатын,Джоуль-Ленц заңын,олардың өлшем бірліктері мен формулаларытуралы ,қысқа тұйықталу және балқымалы сақтандырғыштар туралы түсінік алдық.

  Олай болса тақырып бойынша білімдерімізді қалыптастыру үшін,формулаларды пайдаланып,есептер шығарайық.

Оқушылар топпен жұмыс істей отырып, шығарған формулаларын қолданып, деңгейлік тапсырмалар орындайды.

Деңгейлік тапсырмалар

А-тобы ( 1 дұрыс есеп 2 ұпай)

1. Егер шаңсорғыш кернеуі 220В, ал ток күші 0,5А қалалық желіге қосылса, онда оның электрқозғалтқышының тогы 1800с  уақыт  ішінде қанша жұмыс жасайды?

2. Қыздырғыш элементі 38,7Ом, кернеуі 220В желіге қосылған, оның қуаты қандай болады?

Б-тобы( 1 дұрыс есеп 3 ұпай)

1. Егер шамдағы ток күші 0.2А және ол 1с ішінде 0,8Дж  жұмыс жасайтын болса, онда шамындағы кернеу қандай?

2. 5В кернеуге қосылған электр үтігі 300Вт қуат жұмсайды, электр үтігінің спиралындағы ток күшін табыңдар?

С-тобы( 1 дұрыс есеп 4 ұпай)

1.Кедергілері 5Ом және 9Ом екі резистор тізбекке тізбектей қосылған. Егер екінші өткізгіштегі кернеу 15В болса, 3мин уақыт ішінде әр резисторда бөлініп шығатын жылу қандай?

2. Кедергілері 40Ом және 50Ом екі өткізгішті:

А) тізектей

Б) параллель қосқанда токтың қуатын салыстырыңдар

 

Ой- қозғау

 

 

 

 

 

 

 

Есептер шығару

3 минут

 

5.Үйге тапсырма

 а)  Эксперименттік тапсырма

ә)Есептер (Кабардин)

 

а) Өз үйіңдегі электр энергиясы санауышын бақылаңдар,оның көрсеткіштерін қағазға түсіріңдер.Келесі күннің кешінде оның көрсетуін тағы қағазға түсіріп,бір тәулікте жұмсалған электр энергиясының мөлшері мен құнын есептеңдер.Бір айда тұтынылатын электр энергиясының мөлшері мен оның құны қандай ? Электр энергиясын үнемдеудің жолдарын табыңдар.Бір ай ішінде үнемделген энергия есебінен қанша ақша үнемдеуге болатынын табыңдар

ә) №110

10В кернеуге есептеоген электр шамының қуаты 25 Вт.Шамның кедергісін және ток күшін тап ?

№111

Кедергісі 1Ом өткізгіштен 15с уақытта 45 Кл заряд өтетін болса,онда өткізгіш ұштарындағы кернеу неге тең ?

№115

Тұрақты 2А ток өтетін өткізгіштінң кедергісін 10 Ом-нан 5 Ом-ға дейін кемітсе,ондағы бөлінетін қуат қалай өзгереді?

№117

Өткізгіштің көлденең қимасынан 1 минутта 30 мКл электр мөлшері өткен болса, ондағы тоқ күші неге тең?

 

4 минут

6.Сабақты қорытындылау

Бағалау

Оқушылардың жинаған ұпай сандарын ескере отырып,

25 – 28 – “5”

24 – 18 – “4”

17 – 13 – “3”

12 төмен болса – “2”

Рефлексия. БҮҮ  кестесін  толтыру

Оқушылар жекелей алдарындағы БҮҮ кестесін толтырады.

 

білетінім

үйренгенім

үйренгім  келетіні

 

 

 

 

 

 

ТЕКСЕРІЛДІ:                                               Ж.А.Абдуллаева

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "План урока по физике на тему "Электр тогының жұмысы мен қуаты. Электр тогының жылулық әсері. Джоуль-Ленц заңы""

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Режиссер монтажа

Получите профессию

Фитнес-тренер

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 668 850 материалов в базе

Материал подходит для УМК

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 07.06.2018 992
    • DOCX 45.5 кбайт
    • 30 скачиваний
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Бейсебаева Жулдыз Серiкбеккызы. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Бейсебаева Жулдыз Серiкбеккызы
    Бейсебаева Жулдыз Серiкбеккызы
    • На сайте: 5 лет и 10 месяцев
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 1045
    • Всего материалов: 1

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Копирайтер

Копирайтер

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Актуальные вопросы преподавания физики в школе в условиях реализации ФГОС

72 ч.

2200 руб. 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 210 человек из 62 регионов
  • Этот курс уже прошли 1 003 человека

Курс повышения квалификации

Теоретическая механика: векторная графика

36 ч. — 180 ч.

от 1580 руб. от 940 руб.
Подать заявку О курсе

Курс профессиональной переподготовки

Физика: теория и методика преподавания в образовательной организации

Учитель физики

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3650 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 542 человека из 70 регионов
  • Этот курс уже прошли 2 140 человек

Мини-курс

Введение в инвестиции и инвестиционный процесс

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 26 человек из 13 регионов

Мини-курс

Создание и продвижение сайтов для достижения максимальных результатов

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 30 человек из 15 регионов

Мини-курс

Техническое обслуживание и диагностика сельскохозяйственной техники

5 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе