Инфоурок Иностранные языки КонспектыПлан урока по казахский язык на тему "Салт және сабақты етістік"

План урока по казахский язык на тему "Салт және сабақты етістік"

Скачать материал

Күні: 20.01.15 ж

Пәні:қазақ тілі

Сыныбы: 6


Сабақтың тақырыбы: Сабақты етістік пен салт етістік

Сабақтың мақсаты: Сабақты және салт етістіктер туралы ұғым беру.

Сабақтың міндеттері: а) Сабақты және салт етістіктің жасалу жолдарын

тәжірибелермен ұштастыру, меңгерту.

ә) Сабақты және салт етістіктерін ұлттық ойындар

арқылы дәстүрлі бағалай білуге, халқын салтын

сүюге шақыру. Оның ойлы, мәдениетті азамат

тәрбиелеу.

б) Сөйлеу тілін қалыптастырып, логикалық ойларын

дамыту, түрлі әдістер арқылы шығармашылық

қабілеттерін арттыру.

Сабақтың түрі: Дамыта оқу технологиясы

Оқыту әдісі: Түсіндіру, практикалық

Көрнекіліктер: Семантикалық карта, кестелер, кеспе қағаздары, тірек сызбалар, слайд.

Пәнаралық байланыс: әдебиет.

Сабақтың барысы: а)Ұйымдастыру кезеңі.

Оқушылармен сәлемдесу.Психологиялық дайындық.Оқушыларды түгелдеу.Оқушылардың зейінін сабаққа аудару, сабаққа даярлығын тексеру.

ә)Үй тапсырмасын тексеру :

1.Тест арқылы қорытындылау.

2.Жаттығу жұмысының орындалу барысын дәптерлерінен тексеру.

Тест

1.Етістік нені білдіреді ?

А. заттың атын білдіреді

Б. заттың сапасын білдіреді

В. заттың қимылын,іс-әрекетін білдіреді

2. Етістік тұлғасына қарай нешеге бөлінеді ?

А. 1

Б. 4

В. 2

3. Дара етістіктерді табыңдар

А. оқып отыр

Б. жүгірді

В. айтар-айтпас

4. Туынды етістікті көрсет

А. сана

Б. жүр

В. жаз

5. Етістік іс-әрекеттің жүзеге асу-аспауына қарай неше бөлінеді ?

А. 5

Б. 2

В. 3

6. Болымсыз етістік жұрнақтарын тап

А. –са,-се

Б. – ма,-ме

В. –ын,-ін

7. Болымды етістікті көрсет

А. жазар

Б. жазбайды

В. жазбаған

8. Етістіктің сұрақтарын тап

А. кімге ? неге ?

Б. не істеді ? қайтеді ?

В. қашан ? қалай ?

9. Көмекші етістікті көрсет

А. оқыды

Б. екен

В. жазды

10. Күрделі етістікті тап

А. әңгімелесті

Б. айтысты

В. жығылып қалды

б) Жаңа сабақ :

hello_html_m48492dfc.png


hello_html_76479178.png



hello_html_m430a1e06.png



Етістіктер мағынасына қарай сабақты етістік және салт етістік болып екіге бөлінеді. Мағынасы жағынан тура объектіні, табыс септіктегі сөзді қажет етіп тұратын етістіктер сабақты етістіктер деп аталады. Сабақты етістіктер кімді? нені? (кейде табыс септіктің жасырын түрі—не?) деген сүрақтарға жауап беретін табыс септіктегі сөзбен байланысады. Мысалы: Сөзді сен баста. Бүл сөйлемдегі баста деген етістік сөз деген сөздің табыс сеептікте тұруын талап етіп тұр. Кейде ондай сөздер табыс септіктің жасырын түрінде тұруы да мүмкін. Ондайда екі сөздің (табыс септікті сөз бен етістіктің) арасына басқа сөз келтіріп қолданып көру керек. Мысалы: Өлең айт—өлеңді айт, т.б. сонда табыс септігі айқын байқалады. Кейде тура объект мәнін білдіріп тұратын табыс септіктегі сөз сөйлемде қолданылмауы да мүмкін. Ондайда етістіктен сұрақ қою керек. Етістіктен кімді? нені? деген сұрақ қоюға болса, онда ол—сабақты етістік. Мысалы: айт, көр, оқы, т.б. етістіктерден кімді? (нені?) айт? деп сұрақ қоюға болады. Мыс: Мен өз елімді сүйемін. Не істеймін – сүйемін етістік.кім сүйтін? Мен-бастауыш. Кімді сүйемін? Елімді –толықтауыш. Қай елді сүйемін? өз –анықтауыш.

Бұл сөйлемдегі сүйемін- сабақты етістік. Отанымды қорғаймын.

Мағынасы жағынан тура объектіні—табыс септіктегі сөзді қажет етпейтін етістіктер салт етістіктер деп аталады. Салт етістіктер барыс, жатыс, шығыс, көмектес септіктегі сөздермен тіркесе беруі мүмкін, бірақ табыс септіктегі сөзбен байланыспайды. Мысалы: қаладан қайт немесе түсінде келді, т.б. болып қолданылса да, нені (ауылды, т.б.) қайт, нені түсінде, т.б.) келді деп айтуға болмайды. Сондықтан да бұлар—салт етістіктер.

Кейбір етіс жұрнақтары салт етістіктерді сабақты етістіктерге немесе сабақты етістіктерді салт етістіктерге айналдыру қызметін атқарады. Мысалы: өзгелік етіс жұрнақтары: -ғыз, -гіз, -қыз, -кіз, -дыр, -дір, -тыр, -тір, -ыр, -ір, -р, -т салт етістікке жалғанса, оны сабақты етістікке айналдырады: шам сөнді—шамды сөндірді, т.б. ал ырықсыз (кейде өздік) етіс жұрнақтары сабақты етістікке жалғанып, оны салт етістікке айналдырады: әңгімені айтты—әңгіме айтылды, т.б.

Досыма (кімге?) бардым, төрде (қайда?) жатыр, мектептен (қайдан) шықтым, анаммен (кіммен?) сырластым.

А.с. кітап, анасы, әкем.

І.с. кітаптың, анасының, әкемнің.

Б.с. кітапқа, анасына, әкеме.

Т.с. кітапты, анасын, әкемді.

Ж.с. кітапта, анасында, әкемде.

Ш.с.кітаптан, анасынан, әкемнен.

К.с.кітаппен, анасымен, әкеммен.


Сабақты етістік

Салт етістік

Кітап оқы /нені т.с жал жасырын күйде тұр/

Гүлді жұлма

Малды суар

Мақаланы жаз

Досыма бардым /барыс септігі/

Төрде жатыр /жатыс септігі/

Мектептен шықтым /шығыс септігі/

Анаммен сырластым /көмектес септігі/


Кітаппен жұмыс:

230-жаттығу жұмысының орындалу шартын түсіндіремін: сабақты етістік жасауға ықпал етіп тұрған сөздерді тауып, сұрақтар қойындар. /ауызша/

Қалағаныңды беретін болса /нені беретін болса?/ Білімін сұра /нені сұра?/

Еңбекқорлығын сұра /нені сұра?/ Биіктігін сұра /нені сұра?/ Тектілігін сұра /нені сұра?/

232 - жаттығу жұмысының орындалу шартын түсіндіремін:

Мәтіннен сабақты етістік бола алмайтын етістіктерді көшіріп жазыңдар

Бол, мақтану, жүріп, өскен, мақтанба;

234 - жаттығу жұмысының орындалу шартын түсіндіремін:

Етістіктерді қосымша дифиспен бөліп, көшіріп жазыңдар.

Бол-айық, болымды ет. – айық – бұйрық райдың І жағының көпше түрі

бол-ма-йық болымсыз ет. –ма болымсыз ет. жұрнағы,-йық -- - -

аяқтан, -а –көс.жұр. –ды – жіктік жалғауының ІІІ жағы.

Ауыздан-а-ды, науқастан-а-ды, сырқаттан-а-ды, құлақтан -а-ды


Сабақты бекіту. «Борт журналы» әдісі


233 - жаттығу жұмысының орындалу шартын түсіндіремін:

«Кім жылдам?» сабақта етістік пе, салт етістік пе?деген тақырыпта білім жарыстыру

1- топ

2- топ

Айт –сабақты,

Кел – салт,

Айтқанға көн – салт

Сабақты біл – сабақты

Аспанға қара – салт

Мектепке кір- салт

Алысқа жүгір – салт

Мақаланы жаз-сабақты

Нәтижеге қуан- салт

Онынан тұр-салт

Биді биле – сабақты

Тамақты жаса

Біліммен жарыс – салт

Үйге кір- салт

Жұмысты аяқта –сабақты

Ойынды баста – сабақты

Мақсатқа жат- салт

Жерде жатыр-салт

Ойыңды жасыр- сабақты

Жұмысынды тапсыр- сабақты


Венн диаграмасы арқылы салыстыру

Ұқсастығы екеуі де етістік. Айырмашылығы сабақты /табыс септігін қажет етеді/

Салт етістік /барыс, табыс жатыс шығыс көмектес сетіктегі сөздермен тіркесіп келеді/

Сабақтың қорытындысы:

Сұрақ қою арқылы жаңа сабақты қорытындылаймын.

  1. Оқушылардың берген жауаптарына қарай білімдерін бағалаймын.

  2. Үйге тапсырма: 231-жаттығу Салт, сабақты етістіктерді тиісті септік

жалғаулы сөзбен тіркестіріп, бөліп жазыңдар.

234 – жаттығуды аяқтау.

























ІІ Көкпар кезеңі: «Ой толғаныс сәті»

Оқушыларға әдебиет пәнінен өтілген поэмалық шығармадан үзінді етістіктерді түсіріліп жазылады. Сол етістіктерді айтып, өлеңнің тақырыбы мен авторын және өлеңдердегі әдеби – көркемдегіш құралдарды табу қажет.

  1. Сендерге ...... батамды

(Ы. Алтынсарин «Өнер – білім бар жұртта»)

2. Сағымы сайран .......

Бораны ....... (М. Жұмабаев «Сүйемін»


  1. Қырда тоғай ....... сайда бұлбұл,

Тастағы үнін ....... байғыз көкек.

(А. Құнанбаев «Жазғытұры»)

4. Теке мұрын, салпы ерін, ұзын тісті

Қабырғалы жоталы ....... болса күшті.

(А. Құнанбаев «Эпитет»)

5. Ақ киімді, денелі, ақ сақалды,

Соқыр, мылқау ...... тірі жанды.

(А. Құнанбаев «Қыс» кейіптеу)

6. Бұрынғы атмызға сыйға ........

Біздерде мынадай бар, мынадай бар.

(С. Торайғыров «Бір адамға» ирания)

Етістікті қайталай отырып, берілген деңгейлеп тапсырмалар бойынша оқушылардың еркін сөйлеуіне ықпал жасалынады.


ІІІ – Бойжазар кезеңі «Сергіту сәті»

( қаражорға сазы мен би билейді)


ІV – Теңге алу кезеңі: Оқушылар тақтада көрсетілген теңгелерді таңдайды. Әр теңгенің артында сабақты бекіту тапсырмалары бар.


10 000 теңге – Етістік деген не?

5000 теңге – Етістіктің құрамына, тұлғасына қарай бөлінуі туралы айт!

2000 теңге – Етістіктің мағыналы түрлері жайында баянда!

1000 теңге – Болымды және болымсыз етістік дегеніміз не?

500 теңге – Сабақты салт етістіктің ережесін айт

200 теңге - Сабақты етістік пен салт етістікке мысал келтір.


V. Сабақты қорытындылау «Сематикалық карта»


Етістіктің түрлері

Сөз тіркес

Сабақты

Салт

Болымды

Болымсыз

Ағаш кесілмеген





Шөпті баспа





Егін салдық





Білімін толықтырды





Тіл қатпады





Жерге төкті





Ауылдан көшті





Сөзді





Үйге жүгірме





Сабағын оқыды






Венн диаграммасы


hello_html_63247c59.gifhello_html_m29675a26.gif

Сабақты

Салт






VІ. Бағалау

VІІ. Үйге тапсырма: 236-жаттығу

hello_html_m3526a970.gif

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "План урока по казахский язык на тему "Салт және сабақты етістік""

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Спортивный психолог

Получите профессию

HR-менеджер

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 672 262 материала в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 02.03.2016 2439
    • DOCX 219.5 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Тажибаева Жанар Артыкбаевна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Тажибаева Жанар Артыкбаевна
    Тажибаева Жанар Артыкбаевна
    • На сайте: 8 лет и 2 месяца
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 6965
    • Всего материалов: 6

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Методист-разработчик онлайн-курсов

Методист-разработчик онлайн-курсов

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 188 человек из 49 регионов

Курс профессиональной переподготовки

Теория и методика преподавания иностранных языков: английский, немецкий, французский

Учитель иностранного языка

500/1000 ч.

от 8900 руб. от 4150 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 101 человек из 41 региона
  • Этот курс уже прошли 223 человека

Курс повышения квалификации

Специфика преподавания итальянского языка с учетом требований ФГОС

36 ч. — 144 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 36 человек

Курс повышения квалификации

Основы билингвального обучения иностранным языкам

36/72 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 60 человек

Мини-курс

Стратегии и инструменты для эффективного привлечения и удержания клиентов

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Здоровые взаимоотношения: адаптация и развитие ребенка через привязанность и игрушки

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 89 человек из 38 регионов
  • Этот курс уже прошли 61 человек

Мини-курс

Концепции управления продуктом и проектом: стратегии и практика.

10 ч.

1180 руб. 590 руб.
Подать заявку О курсе