Инфоурок Другое КонспектыПланирование:Тәрбие сағат 1-сынып "Менің отбасым"

Планирование:Тәрбие сағат 1-сынып "Менің отбасым"

Скачать материал

Тақырыбы: «Менің отбасым»


Мақсаты: Отбасындағы сыйластыққа, адамгершілікке, инабаттылыққа тәрбиелеу. Үлкенді үлгі, кішіні мақтан етуге, отбасының бірлігін сақтап, ата - ана алдындағы парызын өтеуге, еліміздің жақсы азаматы болып өсуге, жанұяның мақтаны болуға тәрбиелеу.

Жүру барысы: І. Психологиялық дайындық
Қайырлы күн!
Армысыз, мейірімді Жер - Ана
Бәріміз дос болайық!
Бәріміз тату болайық!


Мұғалім: Сенің отбасындағы орның қандай?
Мұғалім: - Енді мына әңгімеге құлақ салайық:
« Саябақта баласы мен әкесі серуендеп жүреді. Әкесі баласынан:
- Балам, мынау ненің даусы? - деп сұрайды.
- Ол құстың даусы, - деп жауап береді.
Сәлден кейін әкесі тағы сұрайды. Бала әуелгі жауабын қайталапты. Әкесі сұрағын тағы да қайталағанда, баласы:
- Ол - құс, құс! Өзім шаршап келе жатырғанда, неге сұрай бересің - деп баласы ренжіпті. Сонда әкесі:
- Балам, кішкене кезіңде ауыр тірліктен шаршап келгенде сенің "Анау не? Мынау не?", - деп күніне жүз рет сұрайтын сұрағыңа беті қайтпасын деп үнемі жауап беретінмін

Мұғалім: 1. Әке баласына неге ренжіді?
2. Сен әкеңе не деп жауап берер едің?
3. Әкемді ренжітіп алған жоқпын ба деген ой мазалайды ма?
Сонда отбасының ұйытқысы, берекесі, мейір - шапағат көзі - әке. «Әке - асқар тау» дейді халқымыз.
Әке туралы мақал - мәтелдер айту.
Енді зейінімізді бері аударып, мына бір әңгімеге назар аударайық:
Бірде көп балалы ана ұлдарына былай депті:
«- Балапандарым, мен сендерге бір жұмбақ жасырайын, сендер соны шешіңдер. Сендердің бәріңді тоғыз ай бойы абақтыға жауып қойса, одан соң аузыңа өкпе тықса, арқаңды ағашқа таңып қойса, сол адамға не істер едің?»
Болжау: Өз ойларын айтады. Талқылау жұмысы жүргізіледі.
Тұңғыш баласы: Оның басын балтамен шабар едім.
Екінші баласы: Оны мен мылтықпен атар едім.
Үшінші баласы: Оның мұрнын бұзар едім.
Ал кенже баласы: Жоқ, ана, мына үшеуінің жасайтындары ақымақтың ісі. Ал мен болсам, ол адамды аялап өлгенше алақаныма салып бағар едім. Ол мені жаратушы, жарық дүниеге әкелуші адам. Сіз бізді тоғыз ай көтердіңіз, жарық дүние сыйладыңыз. Таза жатсын деп ағаш бесікке бөледіңіз. Бұл жұмбақтың шешуі - ана.
Ана туралы мақал - мәтел айту.
Мұғалім: «Ана - сая бағың,
Әке - асқар тауың»,- дейді халқымыз. Сондықтан да жанұяның екі тірегі - әлпештеген ә
ке мен аялаған ана. Сондықтан да оларды құрметтеуіміз керек.
Қорытынды.
Жанұяның қуанышы - бала. Ал жанұяның бәйтерегі - ата, әже, әке, ана. Бала - одан тәлім - тәрбие, өнеге алушы ұрпақ.
 

АНА.

Сиқырлы тілек» :(Балалар өз отбасыларына арнап өз тілектерін айтады.)


-Осындай айтылған жақсы тілектер сендердің отбасыларыңа дарысын. Отбасыларының шамшырағы болып жана беріңдер.

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Планирование:Тәрбие сағат 1-сынып "Менің отбасым""

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Руководитель организации

Получите профессию

HR-менеджер

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 670 675 материалов в базе

Скачать материал

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 14.01.2017 4548
    • DOCX 585.6 кбайт
    • 101 скачивание
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем ОРЫНБАЕВА АЙГУЛЬ ТАНСЫКБАЕВНА. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    ОРЫНБАЕВА АЙГУЛЬ ТАНСЫКБАЕВНА
    ОРЫНБАЕВА АЙГУЛЬ ТАНСЫКБАЕВНА
    • На сайте: 7 лет и 5 месяцев
    • Подписчики: 1
    • Всего просмотров: 46651
    • Всего материалов: 23

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой