Инфоурок Физика Другие методич. материалыПортфолио: В3 есебі Байтұрсынов Н. Б. (мұғалімдерге)

Портфолио: В3 есебі Байтұрсынов Н. Б. (мұғалімдерге)

Скачать материал

                                     

В3 есеп

Мектептегі тәжірибе кезеңінде орындауға арналған

тапсырмаларға қатысты топтық таныстырылымдар бойынша есеп

«Бірлескен жұмыс»

Ынтымақтастық оқу дегеніміз не? Ынтымақтастық оқу – өзара іс-әрекет жасау философиясы, ал бірлескен жұмыс соңғы нәтижеге немесе мақсатқа жетуге ықпал етуге бағытталған өзара әрекеттің құрылымы болып табылады. Ынтымақтастық оқу сыныпта пайдаланатын әдіс қана емес, жеке философия  болып  табылады. Барлық  жағдайларда  адамдар топтарға бірлескен  кезде ынтымақтастық  адамдардың  топтың  жекелеген  мүшелерінің қабілеті мен үлесі құрметтей отырып  жұмыс істеу тәсілін  ұсынады. Топтың жұмысы  тиімді  болуы  үшін топ мүшелері арасында билік пен жауапкершілікті бөлу орын алады. Ынтымақтастық оқудың алғышарты топ мүшелерінің  ынтымақтастығы  арқылы  ымыраға, пәтуаға  жетуге  негізделген /Топтық жұмыс туралы нұсқаулық, 1-бет/. Осы Бағдарлама құзырлы мұғалімнің алдына оқушының жан дүниесін жақсы түсіне білу  жөнінде нақты міндеттеме қойып отыр. Құзырлы оқытудың маңызды факторы мұғалімнің  оқушының тақырыптың мәнін өз бетімен меңгеруін түсінуі мен бағалай алуы болып табылады.   Мұндай тәсіл бұл үдеріске оқушының өзінің де қатысуын талап етеді. Осылайша, оқушы  да өзінің оқуы үшін жауапты болады. Оқушы мұндай жауапкершілікті көбіне сабақ беру барысында   мұғалім қалыптастыратын ортада сезініп, қабылдайды.

Қазақстан Республикасы педагог қызметкерлерінің біліктілігін арттыру курсының  бірінші  кезеңі «Бетпе – бет»  аудиториялық  оқу  төрт апта кезеңінен алаған теориялық білімді мектепте іс тәжірибемен ұштастырдым. Әрбір мұғалім жаңа заман талабына сай болу және осы заманға сай оқушыны дайындау үшін әрдайым өз тәжірибесін жетілдіру мақсатындағы ізденісте болуы керек деп ойлаймын. Осы Бағдарлама курсын өткеннен кейін мен өзім үшін тәжірибемді дамытуда қандай бағытта қозғалу керектігін анықтадым. Бұрыннан-ақ тәжірибе алмасу, әріптестермен кеңесу сияқты тәжірибемді жетілдіруге арналған жұмыстарды атқарып отырсам да, ол жұмыстар кездейсоқ түрде болатын. Енді курс Бағдарламасының аясында алған білімді өз тәжірибемді жетілдіру үшін саналы түрде қолданатын боламын. Сонымен қатар, өзге де әріптестеріммен кеңесу арқылы олардың да тәжірибелерін дамытуға барша көмектесуге тырысамын.

«Білім үдерісінің нәтижелі болуы мұғалімдердің оқушы өздігінен меңгеріп, таныта білген білім-дағдылары мен амал, көзқарастарын зейін қойып, зерделей білген білім модельдері аясында ғана жүзеге асырылады. Білім беру бағдарламасының барысында мұғалімдер оқушылар не біледі, оларда қандай қате-пайымдаулар бар және бұны қалай түзету дұрыс екенін білу үшін арнайы құралдарды пайдаланады. Қарастырып өткен бөлім оқу үдерісінің басында оқушылардың талқыланатын тақырып туралы шамалы білімі болғанын және осы бастапқы білім жаңа материалды игеру үшін бастау болып табылатынын көрсетті».  (Мұғалімдерге арналған нұсқаулық, 33 - бет.)

Мектептегі тәжірибе кезінде сабақ өткізу үшін 10 сыныпты таңдап алдым. Алғашқы күннен бастап ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру мақсатында түрлі ойындар мен тренингтар өткіздім. Сабағымды бастамас бұрын алдағы таңда сабақ беру әдісінің өзгеретіні жайлы айтып өттім. Сабақтың алғашқы күнінде оқушыларға өздерін сағат тіліндегі  12 сан арқылы таныстыруды ұсындым. Сыныптағы мінезі тұйық, момын оқушы Ахметов Мараттың жауабы: 1. Ахметов; 2. Марат; 3. Сәбитұлы; 4. 28.01.1996ж; 5. Сүйікті пәнім – тарих және география; 6. Сүйікті спорт түрлерім – баскетбол және тоғызқұмалақ ойыны; 7. Сүйікті тағамым – қазақтың ұлттық тағамдары; 8. Сүйікті ісім – түрлі материалдан бұйымдар жасау; 9. Мінезім - ақкөніл,көп сөйлемеймін; 10. Сүйікті мақалым – дұшпан жылатып айтады, дос күлдіріп айтады; 11. Руым – Нияз; 12. Өмірлік ұстанымым – Біреудің білмегенін кешірмесен, өз білгенінің еш пайдасы жоқ;  Осындай ретпен сыныптың баолық оқушылары жауап берді. Арасында түрлі қызықты жауаптар кездесті. Сынып оқушыларына «Маған не ұнайды» деген сұрақ таратып, әр оқушының өз ойын ашып айтуына мүмкіндік жасадым. Жауап беру кезінде оқушылар жоғары қызығушылық танытты. Сыныптағы сабақ үлгірім жақсы оқушы Қасым Ернардың жауабы мені таң қалдырды, мынадай ретпен жауап берді:

1.     Тарихи әдеби кітап оқыған; 2. Таза ауада серуендеген; 3.Шахмат ойнаған;4. Қиын тапсырмаларды орындаған; 5. Компьютерде, интернетте отырып пайдалы қызықты мәліметтерді оқыған; 6.Жеміс – жидек, тәтті тағамдар; 7. Адамдарды сынаған және олардың қателіктерін реттеуге ат салысып, адамдарға жақсылық жасаған ұнайды деп жазған;

Сонында  5 оқушыға бірдей ұнайтын нәрсені анықтадық. Топтағы әр оқушыға далада серуендеген, спортпен  айналысқан, әдеби, тарихи  кітаптар  оқыған, компьютерде отырған  ұнайды  екен. Әр  сабақ  өткенде  тренингтарды  қатар  алып  жүрдім. Осындай тренингтарды жиі қолдану арқылы сыныпта ынтымақтастық атмосферасын қалыптастырдым.

 Осы курстағы жеті модульды қолдану әдістерінің бірі топпен жұмыс. Қашықтықтан оқыту кезінде осы топқа бөлу әдісін сабағымда қолдандым . Топпен жұмыс жасау барысында өз тәжірибемде қиындықтар кездесті. Жұмыс барысында оқушылар берілген тапсырманы орындауда уақытқа бағынбау, өз идеяларын дайын жұмысты қорғау кезінде ашып айта алмауы. Аталған қиындықтарды жену үшін топ ережесін құрып, соны үнемі басшылықта ұстауды жөн көрдім. Топта оқушылар сұрақ барысында өздерінің неше түрлі қырларын жан-жақты көрсетіп бір-біріне деген сенім орнады. Топқа бөлу арқылы оқушылардың сабаққа деген қызығушылығы артты. Топпен жұмыс жасауда өздерін еркін сезінді. Жекелеп айтқанда көп оқушы тұйықталып сөйлей алмайды топпен сөйлегенде бір –біріне арқа сүйеп, бәсекелестікте жұмыс жасайтынын білдім. Сонымен қатар топпен жұмыс істегенде ең маңыздысының бірі мен үшін топтық жұмысты бақылай отырып, ондағы қарым-қатынастарды зерттеп, көшбасшылық жасаған оқушылар мен олардың топтан тыс өздерін қалай ұстайтынын салыстырып отырып жеті модульдардың көшбасшылық туралы бөлігін бақылай алдым. Менің ойымша, топтық жұмыстың оң әсері – оқушыларға ынтымақтастықта жұмыс жасау жағдайын туғызып, бір-біріне көмектесу және қолдау көрсету барысында, сенімділік сынды асыл қасиетті қалыптастыруы болды. 

Топта жұмыс істеу сөйлеуді, диалогты талап етеді. Көптеген ғалымдар (Мерсер, Выготский, Барнс және т.б) жай әңгіменің адамның ойлау қабілеті мен сөйлеу мәдениетін дамытпайтынын дәлелдей отырып когнитивтік даму әлеуметтік қарым-қатынас арқылы іске енетінін ескерді. Топпен, жұппен жұмыс арқылы оқып жатқан курста біз көбінде топпен жұмыс атқарып, туындаған мәселелерді топ ішінде талқылап шешіп отырдық. Курс шеңберіндегі практика арқылы, топ ішінде талқылау, ой бөлісу, дәлелдеу және пікір алмасу негізінде жеті модульмен танысу үрдісі тартымды әрі пайдалы ұйымдастырылды. Топпен жұмыс жасау барысында курс тыңдаушыларын жақсы танып, әріптестердің көзқарастары мен жеке тұлғалық қасиеттерін білдік. Күнде шағын топ мүшелері ауысып отырып, басқа топтағы, яғни өзіміздің екінші топтың басқа тыңдаушыларымен таныса отырып коммуникативтік дағдыларымызды дамыттық. Курс барысында тапсырмалар орындау арқылы сөйлемеген, өз ойын білдірмеген, жазбаларды қорғамаған ұстаз қалған жоқ. Топқа бөлінудің әр-түрлі әдістерін үйрендік, смайликтер арқылы бөліну, қиылған қағаздарды біріктіру арқылы, 1-6 деген сандар жазылған қағаздарды үлестіру арқылы. Мұғалімдер  танысу арқылы топтың ұранын шығарып, ережесін құрып бір-бірімізді әр қырынан  таныдық. Топта барлығымыз жұмыс жасап, біреуіміз шығып сызбалармен таныстырып отырдық. Топпен жұмыс жасауда бір-біріміздің идеямызды ескере отырып, ұйымшылдықпен жұмыс жасадық.

Бағдарламаның үшінші кезеңі, яғни екінші бетпе-бет кезеңінде біз өз іс – тәжірибеміз бойынша ойлармен бөлісе отырып, мектептегі тәжірибе уақытында берілген сегіз тапсырма төңірінде жұмыс атқардық.  Әріптестерімде де топтық жұмыста оқушылар қызығушылық пен белсенділік танытып,  жұмыстары нәтижелі болғанын түсіндім. Әйткенмен де, барлық әріптестерімнің пікіріне құлақ салғанда өз тәжірибесінде белгілі бір қиындықтар мен кедергілер туындаған екен. Әр мұғалімде кездескен қиындықтарды ортаға сала отырып, постермен жұмыс жасадық. Топтағы мұғалімдер 6 топқа бөліндік. Мен жұмыс жасаған топтағы мұғалімдер Арай, Айым, Мұрат. Топтағы Мұрат екеуіміз география пәні мұғалімі болғандықтан, жер шарын басшылыққа ала отырып, тәжірибе кезіндегі іс әрекетімізді постерге салдық. Әр мұғалім өздерінің не үйренгендері туралы баяндап, солардың  арасынан  маңыздыларын тандап  алдық.Берілген 7 сұрақтың алты жауабын 6 материктің  ішіне,  ал жетінші сұрақтың жауабын  еліміздің шекарасына жазуды ұйғардық. Осы постерді қорғауда топ мүшелері әр түрлі қызметтер атқарды. Мен хатшы  әрі дизайнер рольін атқардым,  Мұрат тайм кипер уақытты үнемді пайдалануын бақылады, Айым жазылған тапсырманы баяндады, Арай төраға және бақылаушы қызметін атқарды. Осы топ мүшелерімен жасалған жұмысымыз сәтті орындалды.

 

 

 

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Портфолио: В3 есебі Байтұрсынов Н. Б. (мұғалімдерге)"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Культуролог-аниматор

Получите профессию

Методист-разработчик онлайн-курсов

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Краткое описание документа:

Ынтымақтастық оқу дегеніміз не? Ынтымақтастық оқу –өзара іс-әрекет жасау философиясы, ал бірлескен жұмыс соңғы нәтижеге немесе мақсатқа жетуге ықпал етуге бағытталған өзара әрекеттің құрылымы болып табылады. Ынтымақтастық оқу сыныпта пайдаланатын әдіс қана емес, жеке философия  болып  табылады. Барлық  жағдайларда  адамдар топтарға бірлескен  кезде ынтымақтастық  адамдардың  топтың  жекелеген  мүшелерінің қабілеті мен үлесі құрметтей отырып  жұмыс істеу тәсілін  ұсынады. Топтың жұмысы  тиімді  болуы  үшін топ мүшелері арасында билік пен жауапкершілікті бөлу орын алады. Ынтымақтастық оқудың алғышарты топ мүшелерінің  ынтымақтастығы  арқылы  ымыраға, пәтуаға  жетуге  негізделген /Топтық жұмыс туралы нұсқаулық, 1-бет/. Осы Бағдарлама құзырлы мұғалімнің алдына оқушының жан дүниесін жақсы түсіне білу  жөнінде нақты міндеттеме қойып отыр. Құзырлы оқытудың маңызды факторы мұғалімнің  оқушының тақырыптың мәнін өз бетімен меңгеруін түсінуі мен бағалай алуы болып табылады.   Мұндай тәсіл бұл үдеріске оқушының өзінің де қатысуын талап етеді. Осылайша, оқушы  да өзінің оқуы үшін жауапты болады. Оқушы мұндай жауапкершілікті көбіне сабақ беру барысында   мұғалім қалыптастыратын ортада сезініп, қабылдайды.

 

Қазақстан Республикасы педагог қызметкерлерінің біліктілігін арттыру курсының  бірінші  кезеңі «Бетпе – бет»  аудиториялық  оқу  төрт апта кезеңінен алаған теориялық білімді мектепте іс тәжірибемен ұштастырдым. Әрбір мұғалім жаңа заман талабына сай болу және осы заманға сай оқушыны дайындау үшін әрдайым өз тәжірибесін жетілдіру мақсатындағы ізденісте болуы керек деп ойлаймын. Осы Бағдарлама курсын өткеннен кейін мен өзім үшін тәжірибемді дамытуда қандай бағытта қозғалу керектігін анықтадым. Бұрыннан-ақ тәжірибе алмасу, әріптестермен кеңесу сияқты тәжірибемді жетілдіруге арналған жұмыстарды атқарып отырсам да, ол жұмыстар кездейсоқ түрде болатын. Енді курс Бағдарламасының аясында алған білімді өз тәжірибемді жетілдіру үшін саналы түрде қолданатын боламын. Сонымен қатар, өзге де әріптестеріммен кеңесу арқылы олардың да тәжірибелерін дамытуға барша көмектесуге тырысамын.

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 665 064 материала в базе

Скачать материал

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 07.02.2015 5243
    • DOCX 293.2 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Байтурсынов Нурымжан Бакытжанович. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    • На сайте: 9 лет и 2 месяца
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 52618
    • Всего материалов: 12

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Методист-разработчик онлайн-курсов

Методист-разработчик онлайн-курсов

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 138 человек из 46 регионов

Курс повышения квалификации

Особенности подготовки к сдаче ОГЭ по физике в условиях реализации ФГОС ООО

36 ч. — 180 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 81 человек из 33 регионов
  • Этот курс уже прошли 569 человек

Курс профессиональной переподготовки

Педагогическая деятельность по проектированию и реализации образовательного процесса в общеобразовательных организациях (предмет "Физика")

Учитель физики

300 ч. — 1200 ч.

от 7900 руб. от 3650 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 36 человек из 23 регионов
  • Этот курс уже прошли 39 человек

Курс повышения квалификации

Организация проектно-исследовательской деятельности в ходе изучения курсов физики в условиях реализации ФГОС

72 ч. — 180 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 96 человек из 44 регионов
  • Этот курс уже прошли 660 человек

Мини-курс

Стратегии брендинга в условиях глобальной конкуренции и изменяющихся рыночных тенденций

2 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Преодоление фобий: шаг за шагом к свободе от социальных источников страха

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 33 человека из 20 регионов
  • Этот курс уже прошли 16 человек

Мини-курс

Возрастные кризисы

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 30 человек из 17 регионов
  • Этот курс уже прошли 18 человек