Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Другое / Презентации / Презентация по казахсий язык и литературы на тему "«Ана тілің -арың бұл"

Презентация по казахсий язык и литературы на тему "«Ана тілің -арың бұл"


  • Другое

Поделитесь материалом с коллегами:

«Ана тілің –арың бұл....»

( ҚР Тілдер мерекесі күніне арналған әдеби кеш)

Тақырыбы: «Ана тілің –арың бұл....»

Мақсаты: Ана тілі –халық болып жаралғаннан бері жан дүниесінің айнасы, өсіп-өніп түрлене беретін, мәңгі құламайтын бәйтерегі,-дей отырып ана тіліміздің асқақтауына үлес қосу. Оқушыларды қазақ елін, қазақ тілін қастерлеуге, ой-өрісін кеңейтуге, шешендік өнердің қыр-сырын ұғына білуге тәрбиелеу. Оқушыларға тілдің қоғам өміріндегі маңызын түсіндіру.

Көрнекілігі: Тіл туралы ақындардың ойларынын презентация.

Іс- шараның өтілу барысы:

Қазақ биі - Асылбек Енсепов күй «Балалық шақ» 5 «г» сынып оқушылары

1-жүргізуші.

Құрметті ұстаздар мен оқушылар! «Ана тілің –арың бұл....» атты тілдер мерекесіне арналған кешімізді ашық деп жариялаймыз! Қазақ тіліміз – ана тіліміз. Ана тіліміз мемлекеттік тіл болып үлкен мәртебеге ие болды. Оны біздің қазақ халқы зор қуанышпен қарсы алды.

2-жүргізуші

Қазақстан бүкіл әлемде халқы үш тілді пайдаланатын жоғары білімді, ел ретінде танылуы тиіс. Бұлар: қазақ тілі- мемлекеттік тіл, орыс тілі – ұлт аралық қатынас тілі және ағылшын тілі- жаһандық экономикаға кірігу тілі деген Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев Қазақстан халқына аранаған жолдауы қазіргі кездегі елжандылық, тәрбие мен ағылшын тілі пәнінің маңыздылығын көрсетеді.

Әдеби монтаж

1-ер бала

Тілім менің – тірегім, дінім менің.

Тілсіз қандай болады күнім менің?!

Өз халқыма жетеді өз мәнінде

Өз тілімде оқылса жырым менің

2-ер бала

Тілім менің – қуатым, күшім менің,

Күшім кетсе не болар ісім менің?!

Тілсіз өмір бар десе түсінбедім,

Тілімменен тірлікті мүсіндедім.

3-ер бала

Тілім менің – асылым, арым менің,

Арым кетсе не пайда барым менің

Бас кескендер тілімді кесе алмаған

Тілден бұрын кетеді жалын дедім

4-ер бала

Тілім менің- қазынам, қасиетім,

Қасиетім бар әлем бас иетін.

Тілі жоқтың түрі жоқ, түбірі жоқ

Бола көрме, Ана тілі, қасыретім.

5-ер бала

Тілі өлсе болмайды тірі халық,

Бірі өліп, тұра алмас бірі қалып.

Басқа емес өз Ана тілінде тек

Тіршілігін білдірер ұлы халық.

6-ер бала

Тілім менің – ғасырлардан аманат,

Аманатқа адал болсын қагағат

Ар- намысқа келтірмейік жаман ат

Қазақ болып туылдын ба,

Ендеше

Өз тіліңді өзгелерге бағалат

1-жүргізуші.

Бүгінгі кешімізді ашу үшін мектебіміздің басшысы Көшкінбаева Әлия Сейдуәлиқызына сөз береміз

(директор сөз сөйлейді)

Ән «Туған жер» 7 «а» сынып оқушысы Жағыппарова Ләйла

2-жүргізуші

Тілі жайында толғанбайды кім бүгін?

Тіл жайында үгіттейді кімді – кім?

Сан мың жылдан сарқылмаған бұлағым!

Тілім менің, тілім менің – тірлігім!

Ән: «Мереке» 5 «г» сынып оқушысы Айкүміс

Ән: «Ассалаумалейкум» 7 б сынып оқушысы - Айбасов Айдархан

1-жүргізуші

Тіл - табиғаттың адамға берген сыйы. Әр халықтың өз тілі болады. Жер жүзінде қаншама ұлт болса, соншама тіл бар.

Тіл тағдыры – ел тағдыры, тіл - байлығы, қазынасы.

Ән: «Қырманға кел, қалқатай» Кенжебекова Ақбаян

2-жүргізуші

Тіл – рухы күре тамыр, тілден үлкен ана жоқ,

Тіл шегінсе, ұлт мүлде жоқ әрі ұлттық сана жоқ.

Өз анасын шетке тебу рухсызға бақ па екен,

Бұл ғасырлық зұлымдықты қай қу ойлап тапты екен?

1-жүргізуші

Көркей, көгер! Тежеу болар кім енді?!

«Мәңгүрт» тектес жау тумасын анадан,

Дін бөлініп, жік шықпасын арадан.

Тұмарымдай қасиетті тіліме

Қуат берсін деп тілеймін алладан!

Көрініс:

( Көшеде қазақтың қаракөз қыздары орысша сөйлесіп бара жатады. Оларға қарама-қарсы кездескен қазақтың кейуана кемпіріне жол бермей, баса-көктеп қағып кетеді.қыздардың сөзіне шыдамаған кемпір былай дейді:

Кемпір: Қарақтарым-ай, үлкен кісіні неге сыйламайсыңдар, мен сияқты аналарың бар шығар?!

Бойжеткен қыз: Наша мама не такая старуха как ты, если ты старуха, сидела бы дома, а не бродила по улице. –

Кемпір: «Ана тілін ұмытса, анасына қарар ма? Ел дәстүрін жоғалтса, Еліне жақын болар ма?» - деген екен бабаларымыз, ай, бабаларым-ай, қазақша неге сөйлемейсіңдер, әлде ана тілдеріңде сөйлеуді өздеріңе ар санайсыңдар ма?

Бойжеткен қыз: Да что вы говорите, кокой казакша, вам надо, вы и разговаривайте на таком мамбетском языке, тоже мне!

Кемпір: Қайран Алашымның ұлт жанды ұлдары-ай, ана тілінің азаматтығы мен халқының тәуелсіздігі үшін жанын қиғанда болашақ ұрпағының осындай болып өсерін білді ме екен?! Қайдасындар, боздақтарым, әруақтарыңнан садаға кетейін, мәңгүрт ұрпақтарыңа тіріліп келіп тіл қатсаңларшы осындайда!

  1. оқушы А.Байтұрсынов

Мен, Ахмет Байтұрсынов, осыдан біржарым ғасыр бұрын ұрпағыма: «Өз алдына ел болуға, өзінің тілі, әдебиеті бар ел ғана жарай алатындығын біз ұмытпауға тиіспіз...

Тіл тазалығы дейтініміз – ана тілдің сөзін басқа тілдің сөзімен шұбарламау», -деп ескертіп кеткен болатын. Уа, ұрпағым! Әрбір тілде сөйле әлемді танып,

Ана тілін білмеу қандай тағылық?

Өсер бабаң, байтақ далаң тұрғанда,

Қазақ тілің жасау керек мәңгілік.

Жетер енді әркімге бір ермейік,

Қазақ болып, құлашты бір сермейік.

Қанға сіңген ана тілін халқым-ау,

Шұбарлауға ешқашан жол бермейік!

2-оқушы. М.Дулатов

Мен, Міржақып Дулатов

«Көзіңді аш, оян, қазақ, көтер басты,

Өткізбей қараңғыда бекер жасты.

Жер кетті, дін нашар боп, хал қараң боп,

Қазағым, енді жату жарамас- ты»,- деп, қатал заманның қақарына ұшырағанда ұрпағымның мәңгүрт болуын күттім бе?

Дархандығы елімнің,

Аз емес ел ұққанда.

Құнын білмей төрімнің,

Аз ба көңілін жыққандар.

Қазақ қазақ болғалы,

Тіл үшін күрес көргені.

Көргені көп тілімнің

Мүмкін емес өлмегі!

3-оқушы: Ж.Аймауытов

Мен, Жүсіпбек Аймауытов, «Ана тілі - халық болып жаралғаннан бері жан дүниесінің айнасы, өсіп-өніп түрлене беретін, мәңгі құламайтын бәйтерегі»,- деп ана тілімнің асқақтауына үлес қостым.

Үйде, түзде басқа тілде сөйлесек,

Қайтеміз біз тілімізге шөлдесек,

Өзімізді-өзіміз қорлағандай боламыз,

Қошеметтен басқаны біз «Жөн» жесек.

Бір қазағым орысшалап бастайды.

Екіншісі шатып-бұтып қоштайды.

Қайран қазақ, «Дәрежеге жетті деп»,

Өз тілінде жағын мүлдем ашпайды.

4-оқушы. Б.Момышұлы

Мен, Бауыржан Момышұлы «Анамыздың ақ сүтімен бойымызға дарыған тілімізді ұмыту – бүкіл ата-бабамызды, тарихымызды ұмыту», - деп «Бас кеспек болса да, тіл кеспек жоқтығын» дәлелдедім, болашақ жастардың мәңгүрттік кеселге шалдықпауын тіледім.

Тілім менің!

Осы тілде шежірем, жырым менің,

Асан қайғы арманы, Қорқыт күйі –

Тағдырыммен тамырлас мұңым менің.

Тілім менің!

Тіршілігім, тынысым, құным менің!

Бас бергенмен махамбет тіл берген жоқ

Тіл кесілсе не болмақ күнім менің?!

Тілім менің!

Ұлы Абайдай, Мұхтардай пірім менің!

Тұнығым, рухани жан азығым,

Ол бүлінсе, менің де бүлінгенім.

5-оқушы: Қ.Рысқұлбеков

Мен, Қайрат Рысқұлбеков, кешегі өткен Желтоқсанда кім үшін, не үшін құрбан болдым?

Мен қазақпын, мың өліп, мың тірілген,

Құшақ жая таныстым сан тіліммен.

Жаман үйді қонағы билейді деп,

Қала жаздап айрылып өз тілімнен.

Өзге тілге еліктеп, ел болмайық,

Қазағымның артығы жоқ өз тілінен,

Мойныма алдым жаланы,

Туған жердің намысы.

Бөтен қолда кетпесін деп,

Титыққа орыс жетпесін деп,

Туған тілімнің тіршілігі

Осыменен бітпесін деп.

(Осы жерде кемпір ойланып отырады. Қасына бір қыз келеді)

Көтер басты, кейуана, көтер бүгін,

Мемлекеттік мәртебе алды туған тілің!

Қане, жастар, бірігіп қолға алайық,

Болшағын тілімнің, асқақ үнін!

Қуан Ана, қуанатын күн бүгін.

Серпіп таста, мұңды жүрек түндігін

«Тіл туралы» Заңым енді күшіне.

Паш еткендей кескен жаңа кіндігін.

Қуан, бабам! Қуанатын жөнін бар.

Деген едің, тілі бар жерде өмір бар.

Халық жауы, атандыңдар сол үшін,

Ғұмырыңды құрбан етіп жолыңды ар.

Қуан Анам! Ұзағыңнан сүйініп,

Сәтінде көп кеткен кейде түңіліп,

Ақ сүтіңмен бойға біткен тіліңді.

Пір тұтамын мен алдыңда иіліп,

1-оқушы. Айгерім

Қасиетің ана тіл, аз ба сенің,

Өзің барда ескірмес, тозбас елің.

Сен болмасаң, ұлы Абай ақын болып,

Мұқағали отты өлең жасбас еді.

Қуан балам, туған тілдің киесі,

Жебеп сені болғанына иесі.

Тек мұнымен бітпейтінің ұғып өс,

Дүниеде тіршіліктің киесі.

Кемпір:

Отан –Ана, Жер-Ана! Бар екен ғой, балам дейтін жұрт, жұртым дейтін бала, тәуба, тәуба бар екен ғой! Бір-екі желөкпенің сөзіне бола барлық жасқа өкпелегенім орынсыз екен. Өсіңдер, өркендеңдер, жастарым, еліңнің, халқыңның тілегі бол, тіліңнің жанашыры бол, балаларым!

Қажымұрат:

Ана тілім- алтын бесік туғаным,

Тіл дамыса, қыза түсер думаның.

Қане, жастар, қол ұстасып, жарасып,

Асырайық іс жүзінде Тіл заңыын!

1-жүргізуші:

Әр заман өлшенеді арысымен,

Алмасып бүгінгісі жаңасымен.

Батырдың, су жүректің, дөкейдің де,

Саралап, сараптайды бағасын ел.

2-жүргізуші:

Кезеңмен кезектесіп жылдар өтер,

Ұрпақтар есік ашар бізден бөтен.

Десек те тарих біздің тағдырымыз,

Тағдырды бұза алмаймыз, тарих бекем.

Оқушы –Нұрдәулет

Алашымның тарихын парақтадым,

Електен өткіземін санаттарын.

Бабамның рухымен сыр бөлістім,

Ахметтей аңсаған тіл тазалығын!

Биылғы жыл халқымыздың

Оқушы –Мадина

Биылғы жыл халқымыздың көрнекті қоғам қайреткері, кешегі Абай, Ыбырай, Шоқан салған ағартушылық, демократтық бағытты ілгері жалғастырушы ірі ғалым, көсем сөз шебері, әдебиет зерттеуші, тюрколог, дарынды ақын – аудармашы Ахмет Байтұрсынұлының туғанына 142 жыл толған мерейлі жыл.

Адамдық диқаншысы қырға шықтым.,

Көл жоқ, көгалы жоқ – қырға шықтым,

Тұқымын адамдықтың шаштым, ектім.

Көңілін көтертуге құл халықтың, - Ахмет Байтұрсынұлының осы өлең жолдары оның бүкіл өмірінің эфиграфы іспеттес.

«Ахаң ашқан қазақ мектебі, Ахаң түрлеген ана тілі, Ахмет Байтұрсынов атамыздың атын қазақ баласының естімегені жоқ шығар. Ахаңның әдебиет майданындағы шығармалары мен ол шығарған «Қазақ» газеті қазақтың еңкейген кәрісі мен еңбектеген жасына дейін ой түсіріп, ұйқысын оятып, жансыз денесіне қан жүгіртіп, күзгі таңның салқын желіндей ширықтырған, етек-жеңін жиғызған Ахаң «Қазақ» газетінің қажымайтын қайрат, кемімейтін екпіні бар жан еді».

«Ахмет Байтұрсынұлының жасаған барлық еңбегі, тартқан қорлығы, көрген азабы, болашаққа сенген үміт-арманы, туған халқы үшін қасықтай қаны қалғанша қалтқысыз қызмет етуге арналған. Сондықтан жан-тәнімен сүйген асыл азаматтың есімі ел есінде мәңгі сақталмақ»

Ән: «Жаса Қазақстан» 1 сынып Жұмабек Қарақат

1-жүргізуші:

Құрметті оқушылар мен ұстаздар! Ана тілімізді ардақтау күні құтты болсын! Қазақстандағы ұлт аралық келісім мен үйлесімділіктің ұйытқысы болсын!

2-жүргізуші:

Нәзік үнмен жырымды оқыр ана тілін сүйемін,

Өз тілімнің әр сөзіне ұқыптымын, иемін.

Қараңғыны жарық еткен найзағайдай жарқ етсе,

Асыл тілге, алтын тілге жағалады күйе кім?

Келіп тамашалап, тыңдағандарыңыз үшін көп-көп рахмет.






Автор
Дата добавления 04.03.2016
Раздел Другое
Подраздел Презентации
Просмотров128
Номер материала ДВ-503650
Получить свидетельство о публикации

Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх