Инфоурок Другое ПрезентацииПрезентация по казахсий язык и литературы на тему "Әбдіжәміл Нұрпейісовтің «Қан мен тер» трилогиясының идеясы мен мәні."

Презентация по казахсий язык и литературы на тему "Әбдіжәміл Нұрпейісовтің «Қан мен тер» трилогиясының идеясы мен мәні."

Скачать материал

Қызылорда медицина колледжі



«Бекітемін»

Әдістемелік кеңес төрайымы

__________ Н.Д.Әкімниязова

«___» ____________ 2014 ж.



Ә Д І С Т Е М Е Л І К Т А Л Д А М А


hello_html_m2f06edf4.pnghello_html_m5c6a9b33.gif



Пәні: Қазақ әдебиеті


Тақырыбы: Әбдіжәміл Нұрпейісовтің «Қан мен тер»

трилогиясының идеясы мен мәні.


Мамандығы: «Емдеу ісі» бөлімі 45 топ


Семестр: II


Курс: I




Қызылорда қаласы


Дайындаған оқытушы:

Әлиакбар Қамарсұлу Махмутқызы

«___» ____________ 2014 ж.





«Жалпы ізгілендіру пәндері» Әдістемелік кабинет тарапынан бірлестігі мәжілісінде қаралды. мақұлданды.

Хаттама № Әдіскер: _____ Г.Т.Жавзмагина «___» ____________ 2014 ж





















Күні: 24.04.2014 жыл

Пәні: Қазақ әдебиеті

Тобы: «Емдеу ісі» бөлімі 45-топ

Оқытушы: Әлиакбар Қамарсұлу Махмутқызы

Сабақтың тақырыбы : Ә.Нұрпейісов өмірі мен шығармашылығы.

«Қан мен тер» трилогиясының идеясы мен мәні.


Сабақтың мақсаты : а)Білімділік:

Романдағы тарихи -әлеуметтік жағдай,

шығарманың композициялық құрылысын,

сюжетін толық меңгере отырып, оқушыларды

кейіпкерлер жан дүниесіне үңілдіру;

ә)Дамытушылық:

Шығармашылық тапсырмалар арқылы

ізденімпаздық қасиеттерін қалыптастыру,

экологиямен ұштастыру;

б)Тәрбиелік:

Оқушы бойына тарихи саналылықты

қалыптастыра отырып, адал махаббатқа,

үлкенді сыйлауға, достыққа, жақсы мен жаман

қасиеттерді ажырата білуге тәрбиелеу .

Сабақтың түрі : Құрама

Сабақтың әдісі : талдау, кейіпкер тілі, шығармашылық, салыстырмалы,

«Канбан» әдісінің элементтері

Көрнекілігі : инт.тақта, фото сюжет, электронды оқулық, бейнетаспа,

көркем фильм.

Пәнаралық байланыс: тарих, география, экология, музыка


Сабақтың барысы :


І .Ұйымдастыру кезеңі

а) оқушыларды түгелдеу;

б) сабаққа әзірлеу.

ІІ. Жаңа сабақ. Сабақ топпен жұмыс түрінде өтеді .

Оқытушының кіріспе сөзі: Бүгінгі қазақ әдебиетінің көзі тірі ардагері, қазақ прозасының хас шебері, өзіміздің жерлесіміз Әбдіжәміл Кәрімұлы Нұрпейісов Қызылорда облысының Арал ауданындағы Құланды ауылдық кеңесіне қарайтын Үшкөң деген жерде 1924 жылы туған.

Ә.Нұрпейісовтің жалпы қазақ әдебиетіндегі айтулы құбылыс болған шығармасы «Қан мен тер» трилогиясы. Шығармада қазан төңкерісі қарсаңындағы қазақ ауылының жан түршігерлік трагедиялық жағдайы, бүкіл қазақ болмысы, ұлттық табиғаты мен күллі адамзатқа тән арман-мұраты, түрлі образдар арқылы бейнеленген.

І топ «Әдебиетшілер» (өмірі мен шығармашылығы туралы баяндайды)

ІІ топ «Зерттеушілер» («Қан мен тер» романының жазылу тарихына

тоқталады).

ІІІ топ «Экологтар» (Арал теңізінің өткені мен бүгініне, қазіргі

экологиялық жағдайына, табиғат пен адамзат үшін кері әсерлері жайында

сөз қозғайды).


- Бейнетаспа көрсетіледі.


  1. І топ «Әдебиетшілер» сөз алады.

  2. ІІ топ «Зерттеушілер» баяндайды.

Бейнетаспа көрсетіледі.

Оқытушы сөзі:

Айталық, «Қан мен тердің» жарық әлемге келуіне түрткі болған не?

Бұған автордың өзі былай деп жауап береді: «...Мына тусыраған тұл даланың үстінен түу-түу бағзы заманнан бермен қарай сансыз ұрпақ көші өтті. Осы дала бізден бұрында қазақ халқының талай ұлы мен қызына атамекен болыпты. Өзіміз сияқты олар да осы дүниеге асқақ арманмен құлшынып келіп, бірақ бірде-бірі дегеніне жете алмай, күңіреніп өтіпті. Және құмға сіңген судай бәрі де тірліктегі әрекетінен түк шығара алмай, ізсіз өтіпті-ау. ...Олар да өзіміз сияқты түңдік астында түтін түтетіп, осы даланың бір аруына ынтызар ғашық болған. Жар құшқан. Перзент сүйген. Осы мына өмір бойы өрттей ыстық күн астында қаназасы кеуіп жатқан қу медиен бізге мекен болғалы қаншама қасіретті ананың, қорғансыз жетімнің көз жасы көлдей ақты. Осы мына таланы тастай елдің таз - тақыр даласын гүлдетеміз деп, келешек үшін қиғылық ұрған қаншама асыл азаматтарымыз, аяулы боздақтарымыз қанын, терін төкті. Иә, қанын, терін төкті... Қан мен тер... қан мен тер...»

- «Қан мен тер» романын 3 топ қысқаша мазмұнын айтады.
















- Шығармаға компазициялық талдау жасау.

hello_html_549dd9cb.png

















1-тапсырма. Сюжеттік талдау


І топ

Р/с

Кейіпкер

Оқиға

Оқиға орны

1

Еламан

... оның жалақтаған түрін жақтырмай жүзін сырт салып сазарып тұр.

---------?

2

----------------?

қағаз қат, қағаз тапса

сурет салады

қазақ ауылына барып, ибалығының арқасында «сары бала» атанған

3

Жалмұрат

-------------------?

теңіз жағасына айдап келеді



ІІ топ

Р/с

Кейіпкер

Оқиға

Оқиға орны

1

Әлиза, ауру бала

-------------?

Мөңкенің үйінде

2

Федоров

Еламанды жағынан тартып жібереді

----------------?

3

------------------?

тырнақтары алынып қалған, мұздың беті қызыл ала қан

теңіз үстінде




ІІІ топ

Р/с

Кейіпкер

Оқиға

Оқиға орны

1

-----------------?

Курнос Иванды әй-шәйға қаратпай, сүйрей жөнелді

олар жағаға шығарып тастаған қайыққа жетті.

2

Рай

-------------------?

теңіз жағасында Еламанға ермей қалып қойды

3

Балықшылар

кешегі күні ... маңынан ыққан мұз... шыңына тіреліп еді

---------------------?


2-тапсырма

Фильмнен үзінділер көрсетіледі (үнсіз).Әр топ не жайында екенін айтып,

әрі қарай жалғастырады.



















3-тапсырма. Кейіпкер тілі

Р/с

Кейіпкер тілі немесе ойы

Кейіпкер

1

-Әлиза, мықты едің ғой.Шыда!

Мөңке

2

-Ендігі жерде асымдық балықты мен рұқсат етсем ғана аласыңдар.

Федеров

3

- Тіліңді алмаса, өздерінің қолынан ау-құралыңды сыпырып ал! Өңкей тықыр кедейлер екі қолын төбесіне қойып тентіреп кетеді

Қаратаз

4

-Борис Николаевич, мұз әлсіз болмас па екен?

Курнос Иван

5

-Жігіттер, біздің Тентек Шодырсыз күніміз жоқ. Өлген бала үшін тірі балалардың обалына қалуымыз жарамас.

Мөңке

6

- Сен... адамдарың қайда деп неге сұрамайсың?

Еламан

7

-Біз үшін отқа түсіпсің.

Ағаке-ай, енді қайттік?

Рай


4- тапсырма.

Түсінуге қиын сөздерді түсіндірме сөздіктен қарап, мағынасын ашу:

І топ «Ымырт»

Запы-өкінішті,

сүлеленіп-көңілсіз, ынтасыз болу,

қанжыға-ат терісінің артқы жағынан тағылатын жіңішке қайыс,

сең-сең – қозының өскелең жүнді терісі,

шидем – қой жүнінен тоқылған шекпен,

дойыр - өрімі өте жуан қамшы,

кіреуке – ескілікті сырт киімнің бір түрі,

ІІ топ «Сергелдең»

Сүргін – қуғын,

бытпылдақ – бөдененің сайрағанда шығатын үні,

көде – боз тұқымдасқа жататын селеу тектес шөп,

зәбір – қиянат,

інген – төрт жастан асқан ұрғашы түйе,

сәске – күннің біраз көтерілген мезгілі.

ІІІ топ «Күйреу»

Лазерет – шағын әскери аурухана,

ымырт – кештің бастапқы қараңғылығы,

жұмаршақ – домалақ етіп жұмарланған,

оқшантай – оқ-дәрі салынатын теріден жасалған қалта,

дым – ылғал су,

мұңдық – мұңды, зарлы.


Бейнетаспа көрсетіледі.


5–тапсырма. Кейіпкерге хат

1-«Әдебиетшілер» Еламанға

2-«Зерттеушілер» Ақбалаға

3-«Экологтар» Тәңірбергенге


ІІІ топ «Экологтар» сөйлейді.


ІІІ. Бекіту . Шығармашылық тапсырма (сурет, өлең, эссе)

ІV. Қорыту. Сиқырлы таяқша

(өз ойларын, алған әсерлерін қысқаша жеткізу)

... Қазақ қоғамының сипатын ашқан «Қан мен тер» трилогиясы - қаламгер есімін кеңінен танытқан туынды (Х.Әбдібаев).

  • Ән тыңдату: «Аралым ,айдын шалқарым»

(Ә.Маханов, Р.Әшімов орындауында)

Оқытушы сөзі: Шығармада ар-ұждан, махаббат, таптық күрес, жауыздық пен ізгілік, қанағат пен қараулық, сорлылық пен содырлылық, әсемдік пен сиықсыздық, адалдық пен арамдық, кісілік пен кішілік тәрізді толып жатқан мәңгілік категориялар алуан образдар арқылы белгі береді. Трилогияның табиғи тынысына, ажыратқысыз арқауына айналады.

Қысқасы, талғампаз жазушының бұл шығармасы қазіргі қазақ әдебиетін әлемге танытқан асқар биігіміз.

V. Бағалау


. Үйге тапсырма : «Табиғат апатымен арпалыс» (ой толғау).

«Соңғы парыз» романымен салыстыру.



Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Презентация по казахсий язык и литературы на тему "Әбдіжәміл Нұрпейісовтің «Қан мен тер» трилогиясының идеясы мен мәні.""

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Страховой брокер

Получите профессию

Методист-разработчик онлайн-курсов

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 672 200 материалов в базе

Скачать материал

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 25.02.2016 2626
    • DOCX 261.5 кбайт
    • 29 скачиваний
    • Рейтинг: 5 из 5
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Әлиәкбар Қамарсұлу Махмутқызы. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Әлиәкбар Қамарсұлу Махмутқызы
    Әлиәкбар Қамарсұлу Махмутқызы
    • На сайте: 8 лет и 2 месяца
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 7009
    • Всего материалов: 5

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Секретарь-администратор

Секретарь-администратор (делопроизводитель)

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс профессиональной переподготовки

Организация деятельности библиотекаря в профессиональном образовании

Библиотекарь

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3650 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 290 человек из 67 регионов
  • Этот курс уже прошли 852 человека

Курс профессиональной переподготовки

Руководство электронной службой архивов, библиотек и информационно-библиотечных центров

Начальник отдела (заведующий отделом) архива

600 ч.

9840 руб. 5600 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 25 человек

Курс повышения квалификации

Специалист в области охраны труда

72/180 ч.

от 1750 руб. от 1050 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 33 человека из 20 регионов
  • Этот курс уже прошли 158 человек

Мини-курс

Основы психологии личности: от нарциссизма к творчеству

8 ч.

1180 руб. 590 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 43 человека из 20 регионов
  • Этот курс уже прошли 12 человек

Мини-курс

Особенности психологической помощи детям

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 585 человек из 74 регионов
  • Этот курс уже прошли 251 человек

Мини-курс

Управление бизнес-процессами и инновациями

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе