Инфоурок География ПрезентацииПрезентация по географии на тему "Қазақстанның экологиялық проблемалары." 8 ( класс)

Презентация по географии на тему "Қазақстанның экологиялық проблемалары." 8 ( класс)

Скачать материал

Выберите документ из архива для просмотра:

Выбранный для просмотра документ өзгергені нуржамал.ppt

Скачать материал "Презентация по географии на тему "Қазақстанның экологиялық проблемалары." 8 ( класс)"

Получите профессию

Секретарь-администратор

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Землеустроитель

Описание презентации по отдельным слайдам:

  • 1 слайд

  • Адам экологиясы. Адам тршілігі
 үшін экологиялық қолайлы және қолайсыз аудандар.

    2 слайд

    Адам экологиясы. Адам тршілігі
    үшін экологиялық қолайлы және қолайсыз аудандар.

  • Қазақстанның экологиялық
 проблемалары

    3 слайд

    Қазақстанның экологиялық
    проблемалары

  • Адам әрекеті нәтижесінде табиғи кешендердің өзгеруі

    4 слайд

    Адам әрекеті нәтижесінде табиғи кешендердің өзгеруі

  •      Химиялық жолмен ластану

    5 слайд

    Химиялық жолмен ластану

  • 6 слайд

  • Ғаламдық 
экологиялық 
проблемаҰлттық
экологиялық 
проблемаЖергілікті
экологи...

    7 слайд

    Ғаламдық
    экологиялық
    проблема
    Ұлттық
    экологиялық
    проблема
    Жергілікті
    экологиялық
    проблема

    Климаттың өзгеруі,озон қабаттарының бұзылуы,биоәртүрліліктің азаюы,шөлейттену,жердің тозуы,топырақтың құнарсыздануы(деградация)

    Экологиялық апатты аймақтар;тарихи ластану;Каспий теңізі қайраңы ресурстарын тиімсіз игеру,трансшекаралық мәселелер;әскери-ғарыштық тәжірибелік кешендер полигондарының әсері
    Ауа бассейнінің ластануын,радиоактивті, тұрмыстық және өнеркәсіптік қалдықтары,табиғи және техногендік төтенше жағдайлар

  • Каспий теңізі — әлемдегі ең үлкен көл деп есептеліп теңіз атағына ие. Еуропа...

    8 слайд

    Каспий теңізі — әлемдегі ең үлкен көл деп есептеліп теңіз атағына ие. Еуропа мен Азия шекарарсы бұл көлмен отеді. Каспий аумағы — 371 000 km², ең терең орны — 1025 m. Теңіз кескіні S әрпіне тәріздес. 
    Каспий түбектері
    Ағрахан
    Абшерон — Каспийдің батыс жағында, Әзірбайжанда орналасқан.
    Бозашы
    Манғышлақ — Каспийдің шығысында, Қазақстанда орналасқан.

  • Каспий теңізінің ластануы тікелей мұнайға байланысты Каспий теңізінің проблемасы

    9 слайд

    Каспий теңізінің ластануы тікелей мұнайға байланысты
    Каспий теңізінің проблемасы

  • 10 слайд

  • Су жануарларының экологиясы

    11 слайд

    Су жануарларының экологиясы

  • Каспий қызыл балығы

    12 слайд

    Каспий қызыл балығы

  • «Қошқар-ата»50 млн.тонна уран рудасының қалдығы төгілген

    13 слайд

    «Қошқар-ата»
    50 млн.тонна уран рудасының қалдығы төгілген

  • Балқаш көлі  – Каспий теңізі мен Арал теңізінен кейінгі ірі көлемді және ағын...

    14 слайд

    Балқаш көлі – Каспий теңізі мен Арал теңізінен кейінгі ірі көлемді және ағынсыз су қоймасы. Көлдің ұзындығы – 614 шықырым, ені – 3,5-нан 44 шақырымға дейін жетеді. Ең терең жері 26 метрге дейін барады. Айдын көлдің аумағы 18200 шаршы шақырым болса, тоғандарының ауданы – 413300 шақырым.

  • Арал теңізіАрал теңізі — Қазақстан мен Өзбекстан
шекарасында орналасқан...

    15 слайд

    Арал теңізі

    Арал теңізі — Қазақстан мен Өзбекстан
    шекарасында орналасқан сутоған. 20-шы ғасырда ауданы жағынан — 68 мың км² — әлемде төртінші орында болған болатын, бірақ 1960-шы жылдардан бастап теңіздің суы азайып келді.

  • Арал теңізі ғарыштан, Тамыз 1985
Арал теңізі ғарыштан, 1997
Арал теңізі ғарыш...

    16 слайд

    Арал теңізі ғарыштан, Тамыз 1985

    Арал теңізі ғарыштан, 1997

    Арал теңізі ғарыштан, Тамыз 2009

  •       Арал теңізінің 1960-2010 ж.ж. аралығындағы көрінісі

    17 слайд

    Арал теңізінің 1960-2010 ж.ж. аралығындағы көрінісі

  • Қазіргі кездегі Арал теңізініңэкологиялық ахуалы

    18 слайд

    Қазіргі кездегі Арал теңізінің
    экологиялық ахуалы

  • Қала экологиясы

    19 слайд

    Қала экологиясы

  •  Атмосфераның ластануы

    20 слайд

    Атмосфераның ластануы

  • Семей полигонының картасы

    21 слайд

    Семей полигонының картасы

  • Семей ядролық полигонының зардаптары

    22 слайд

    Семей ядролық полигонының зардаптары

  • Семей ядролық полигонының зардаптары

    23 слайд

    Семей ядролық полигонының зардаптары

  • Сөзжұмбақ сұрақтары:
Каспий теңізіне солтүстігінен құятын өзен?
Климаттың өзг...

    24 слайд

    Сөзжұмбақ сұрақтары:
    Каспий теңізіне солтүстігінен құятын өзен?
    Климаттың өзгеруі, озон қабаттарының бұзылуы, шөлейттену, жердің тозуы,топырақтың құнарсыздануы қандай экологиялық проблемаға жатады?
    3.Қазақстандағы ірі ядролық полигон қай қалада орналасқан?
    4. Экологиялық апатты аймақтар,тарихи ластану,трансшекаралық мәселелер,әскери-ғарыштық және тәжірибелік кешендердің полигондарының әсері қандай экологиялық проблемаға жатады ?
    5. Ландшафтарды жақсарту үшін оларды өзгертетін шаралар жүргізеді. Соның бір түрі?
    6. Ауа бассейнінің ластануы,радиоактивті тұрмыстық және өнеркәсіптік қалдықтары,табиғи және техногендік төтенше жағдайларды қандай экологиялық проблемаға жатады?
    7.Топырақтың құнарсыздануы не деп аталады ?
    8. Бұл проблеманың тууына себепші болған-адам әрекеті. Бұл қандай теңіз?
    9. Каспий теңізіне солтүстік шығысынан құятын өзен?
    10.Еуропа мен Азия аралығында орналасқан жер шарындағы ең үлкен тұйық көл?

  • 12347658910

    25 слайд

    1
    2
    3
    4
    7
    6
    5
    8
    9
    10

  • ЕМАЙҒАМЖЙИПСАОАДАРГДАРИІТЯИЦКІМЕЛІГРЕҚЯИЦАРЕҰЛТТЙҚЫДМАЛҚЫ12347658910ЛЕЖЛСЫАЖЕК

    26 слайд

    Е
    М
    А
    Й
    Ғ
    А
    М
    Ж
    Й
    И
    П
    С
    А
    О
    А
    Д
    А
    Р
    Г
    Д
    А
    Р
    И
    І
    Т
    Я
    И
    Ц
    К
    І
    М
    Е
    Л
    І
    Г
    Р
    Е
    Қ
    Я
    И
    Ц
    А
    Р
    Е
    Ұ
    Л
    Т
    Т
    Й
    Қ
    Ы
    Д
    М
    А
    Л
    Қ
    Ы
    1
    2
    3
    4
    7
    6
    5
    8
    9
    10
    Л
    Е
    Ж
    Л
    С
    Ы
    А
    Ж
    Е
    К

  • СҰРАҚТАР?!Экологиялық апатты аймақтарды картадан табыңдар.
Арал теңізі мен Ар...

    27 слайд

    СҰРАҚТАР?!
    Экологиялық апатты аймақтарды картадан табыңдар.
    Арал теңізі мен Арал маңының экологиялық дағдарысын шешуде қандай мемлекеттік шаралар жүзеге асырылуда?
    Қазақстанда қашан және қай жерде алғашқы ядролық сынақ өткізілді?
    Каспий қайраңы мен маңында мұнай өндіру барысында қандай экологиялық мәселелер туындауда?
    Экологиялық жағдайдың нашарлауы адам денсаулығына қалай әсер етеді?

  • Атлас  картадан төмендегі объектілерді тауып көрсетіңдер1.Каспий теңізі...

    28 слайд

    Атлас картадан төмендегі объектілерді тауып көрсетіңдер
    1.Каспий теңізі 2.Арал теңізі 3.Балқаш көлі 4.Тараз 5.Теміртау 6.Алматы
    7.Шымкент 8.Риддер
    9.Өскемен 10.Семей
    11. Қарағанды 12.Ақтөбе

  • 13761098524Адам тіршілігі үшін қолайсыз аудандар

    29 слайд

    1
    3
    7
    6
    10
    9
    8
    5
    2
    4
    Адам тіршілігі үшін қолайсыз аудандар

  • Жасыл  ел  бағдарламасын қолдаймыз!

    30 слайд

    Жасыл ел бағдарламасын қолдаймыз!

  • Үйге тапсырма§51. Қазақстанның негізгі экологиялық проблемалары

    31 слайд

    Үйге тапсырма
    §51. Қазақстанның негізгі экологиялық проблемалары

  •     «Табиғат адамзаттың қолында!»

    32 слайд

    «Табиғат адамзаттың қолында!»

Получите профессию

Фитнес-тренер

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Выбранный для просмотра документ семинар оргин.doc

Сабақтың тақырыбы: Қазақстанның экологиялық проблемалары.

Сабақтың мақсаты: Қазақстанның экологиялық проблемалары                                      туралы білім беру

Білімділік: Табиғатта апытты құбылыстардың шығу тегі, туындау себептерін, табиғи жағдайдың адам іс-әрекетіне және адамның табиғатқа әсерін, экологиялық проблемалардың мәнін түсініп, қоршаған ортаны қорғауға қажетті білім мен біліктерді меңгерту.
Оларды картадан көрсете білу.

Тәрбиелік: Табиғатты қорғау жастардың ең маңызды әрі қажетті міндеттерінің бірі. Оқушыларға  табиғатты аялауға, табиғат байлықтарын тиімді пайдалануға, отансүйгіштікке, туған өлкесінің табиғатын бағалай білуге тәрбиелеу.

Дамытушылық: Ізденімпаздыққа, пәнге деген қызығушылығын ояту, алған білімдерін өз бетінше пайдалана білуге дағдыландыру.

Сабақтың көрнекіліктері: Қазақстанның экологиялық апатты аймақтарының карталары және суреттері, үйлестірме карточкалар, « Семей полигоны» видеофильмінен үзінді, интерактивті тақта.

Пәнаралық байланыс: Биология, химия.

Сабақтың түрі: аралас сабақ

Сабақтың әдісі: баяндау, сұрақ – жауап, сөзжұмбақ, иллюстративті.

Сабақтың барысы

Ι Ұйымдастыру  кезеңі:

а) Сәлемдесу, оқушылардың сабаққа қатысын тексеру

б) Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру

в) Оқушылар назарын сабақ барысында білім алуға бағыттап, бірыңғайлап қою.

ΙΙ Үй тапсырмасын тексеру:

§50 Адам экологиясы. Адам тіршілігі үшін экологиялық қолайлы және қолайсыз аудандар

Сурет:1239717284 kz raion5.gif

 

 

ΙΙΙ Жаңа сабақ.

Адам әрекеті нәтижесінде табиғи кешендердің өзгеруі

           Адамның шаруашылық әрекеті табиғаттың өзгеруіне әсер ететін ерекше фактор. Адам еңбек пен ақыл ойдың арқасында қоршаған ортаға бейімделумен қатар, оны өзгертеді де. Сондықтан табиғатты өзгерту барысында адамзат оның кейінгі зардаптарын да ескеруі қажет. Табиғат кешендеріне кері әсер ететін озық ғылыми-техниканың тікелей қатысы жоқ. Ол өзгерістерге кінәлы прогресс емес, техникалық жобаларда адамның шаруашылық әрекетінің әсері есепке алынбаған. Жауын-шашын мөлшерін, топырақ ылғалдығын ескерместен топыраққа минералды тыңайткыштар енгізу, ол заттардың шайылып, өзендер мен бөгендердің ластануын туғызды. Мұның бәрі қаншама еңбек пен шикізатты зая кетірумен бірге, қоршаған ортаның жағдайын нашарлатады. Ірі бөгендер салуда аумақтың табиғат ерекшеліктерін ескермеу мезгілсіз батпақтануға, топырак, өсімдік жамылғысы мен сол жердің микроклиматының өзгеруіне әкеп соғады. Қазіргі кезде антропогендік ландшафтар басым. Ландшафтарды жақсарту үшін оларды өзгертетін шаралар жүргізеді. Соның бірі – мелиорация. Мелиорация жердің жағдайын жақсарту мен оны пайдалану тиімділігін арттыруға бағытталған шаралардың жиынтығы болып табылады. Табиғатты тиімді пайдалану, көркейту және қорғау кешенді түрде қарастырылуы қажет.                                                                                                  Рио-де-Жанейро декларациясының қағидаларын есепке ала отырып  Қазақстанның экологиялық қауіпсіздігі проблемалары және қоршаған ортасының жағдайына ғаламдық, ұлттық және жергілікті деңгейде қаралуын қарастырады.

Ғаламдық экологиялық проблемаларға климаттың өзгеруі, озон қабатының бұзылуы, биоәртүрліліктің азаюы, шөлейттену және жердің құлдырауы (деградация) жатады.

Ұлттық экологиялық проблемалареа экологиялық апатты аймақтар: Каспий теңізі қайраңы ресурстарын белсенді игерумен байланысты проблемалар; тарихи ластану; трансшекаралық мәселелер; әскери ғарыштық және тәжірибелік кешендер полигондарының әсерін жатқызуға болады.

 Жергілікті экологиялық проблемаларға: ауа бассейнінің ластануын, радиоактивті, тұрмыстық және өнеркәсіптік қалдықтары, табиғи және техногендік төтенше жағдайларды жаткызуға болады.

Адам әрекетінен Қазақстан жерінде тез шешуді қажет ететін проблемалар бар.

Каспий теңізінің экологиялық проблемасы

           Каспий теңізінің алып жатқан географиялық орнына байланысты (шөл зонасы) еліміздің шаруашылық саласында атқаратын маңызы өте зор. Сонымен қатар сол маңдағы шөлді алапқа ылғал әкелуші су айдыны ретінде де үлкен рөлі бар. Солтүстігіне құятын Еділ өзенінде бөгендердің салынуы, мұнай кәсіпшілігінің өркендеуі теңіздің экологиялық жағдайын нашарлатты. Соңғы жылдары бұл аймақ мұнай мен газды өндірудің маңызды экономикалық ауданына айналды. Теңіз деңгейінің көтерілуіне байланысты бұл аймақ табиғи апат жағдайына ұшырады. Табиғи қорларын игеруде де, бұл аудандағы табиғат компоненттерінің өзгеруіне байланысты мынадай проблемалар туындауда:

·        экологиялық апатты аймаққа жататындықтан, негізгі әрекет етуші Капустин Яр, Азғыр полигонының ұзақ уақыт бойы жұмыс істеуіне байланысты тұрғын халықтардың денсаулығының күрт нашарлауы;

·        мұнай мен газдың өндірілуіне байланысты тіршілік дүниесінің өзгеруі, балықтардың (бекіре) қырылуы, уылдырық шашатын көксерке балықтарының кеміп кетуі;

·        осы теңізге ғана тән (эндемикалық) итбалықтың мезгіл-мезгіл қырылуы;

·        аңызақ жерлердің шаруашылыққа тигізетін кері әсері (жел эрозиясы).

Каспий экологиясына мұнай өндірудің қаупі қанша және Каспий аймағының ахуалы

            Каспий теңізі қайраңында кең көлемде басталған бұрғылау жұмыстары теңізге қауіп төндіре ме? Әрине. Әлемнің әр түкпірінде болып жатқан экологиялық апаттардың ащы сабағынан оң қорытынды шығармасақ, Каспийдің келешегіне де қауіп төнеді. Қазір мұнда тек іздестіру шаралары ғана жүргізілуде. Осындай геологиялық жұмыстардың барысында-ақ бірнеше оқыс оқиғалар орын алды. Алдымен итбалықтардың, соңынан құстардың жаппай қырғынға ұшырауы теңіздің қазақстандық бөлігінде дабыл қағылар жағдайдың қазір-ақ қалыптасып келе жатқанын аңғарды. Ең сорақысы – сол апаттардцың аяғы анықталмай, себебі сараланбай қалғандай. Аджип компаниясы азды-көпті айыппұл төлесе, бұл осымен іс тыңды деген сөз емес. Бізге “қара алтын” игеру жолында табиғатты құрбандыққа шалмау, қоршаған ортаны таза күйіде сақтау жолындағы шараларды қолға алатын кез жетті. Жалпы, адам мен табиғаттың байланысы ықылым замандарда қалыптасқан. Адамзат өзінің өмірлік қажеттілігін қоршаған ортадан алады. Бұл үлес қазір артып келеді. Бүгінде қоғам қажеттілігінің 80%-ы табиғи қорлардан алынады. Осы қарқын алдағы уақытта да сақталса, мұның  арты табиғи ортаның азуына, яғни деградацияға апарып соқтырады. Бұл – табиғаты күрделі аймақта орналасқан Атырау облысы үшін үлкен қауіп. Күн тәртібінде Каспий теңізінің су алып, су басып кеткен аймақтарындағы ұңғымаларды жою проблемасы тұр. Ұңғымаларды жою жөнінде шұғыл шаралар Каспий теңізінің акваториясы үшін жағымсыз салдарларға әкеп соқтыруы мүмкін. Аймақта үш басты экологиялық проблемасын атап өтуге тболады: 1. Қошқар-Ата қалдық сақтау қоймасының проблемасы, онда 105 млн тонна улы және радиоктивті қалдықтар сақталады. СКЗ және ХГМЗ зауыттарының толық тоқтап тұруына байланысты 1988 жылдан бастап ағынды сулар ағызылып жіберілмейді. Сұық фазаның деңгейі төмендеуде. Қазіргі уақытта жалпы көлемі 77км жер тазартылып, көлемі 30км жағажайлар пайда болды. Қалдық сақтау қоймасы жөніндегі проблемалық мәселелерді шешу үшін миллиондаған қаражат қажет. 2. БН-350 реакторлық зауытының істен шығуы, оны радиациялық қауіпсіз жағдайға келтіру. 3. Каспий теңізінің Солтүстік теңіз қайраңында мұнай операцияларын жүргізу және Каспий теңізінің теңіз қайраңын игеру кезінде қоршаған ортаны қорғау жөніндегі мәселелерді шешудегі негізгі проблемалардың бірі – толыққанды экологиялық мониторингтің болмауы. Қазақстан Республикасының оны жүзеге асыру үшін тиісті база жасақталмаған. Аймақтың тағы да бір проблемасы қоршаған ортаны қорғау компоненттеріне жасалған толыққанды мемлекеттік мониторингтің жоқтығы болып табылады. Теңіз көлігінің көтеріңкі қарқынды қозғалысы нәтижесінде теңіз ортасына, оның флорасы мен фаунасына әсері өрши түседі, ол жағалаудағы аймақтарға және сулы ортаға экологиялық мониторинг жүргізуді талап етеді.

Аралдың экологиялық проблемасы

            Бұл проблеманың тууына себепші болған - адам әрекеті. Ұзақ жылдар бойы Аралға құятын ірі өзендер Әмудария мен Сырдарияның суын теңізге жеткізбей, түгелдей дерлік егістіктерді (мақта, күріш) суландыруға пайдаланылып келді. Буланушылық дәрежесі жоғары болатын шөл зонасында орналасқан теңіз суының көбірек булануы оның тартылуына әкеп соқты. Қазіргі кезде Арал теңізі екі су айдынына Үлкен және Кіші теңізге бөлінген. Арал теңізіндегі суы тартылған бөліктің ауданы 30 мың км² жетеді. Ғалымдардың есептеуі бойынша, теңіз табанынан атмосфераға жылына 200 млн тоннаға дейін тұзды шаң-тозаң ұшады. Теңіз суының шегінуінен оның жағалауындағы 800 гектар тоғай, жануарлар дүниесі жойылып, теңіз айналасы бұл күнде тіршілігі жоқ құмды, сортаң жарамсыз жерлерге айналды. Теңіз суының тартылуынан мұнда теңдесі жоқ Барсакелмес қорығы жойылды. Бұл өзгерістер өз кезегінде сол аймақ тұрғындарының денсаулығына кері әсерін тигізді. Аралды сақтап қалуға арналған Халықаралық қордың құрылғанына 15 жыл толды. Осы жылдар аралығында аткарылған жұмыстар аз емес. Аралды қалпына келтіру үшін көптеген іс-шаралар қаралып, жобалар жасалды. Кіші аралдың оңтүстігіне ұзындығы 12 км болатын Көкарал бөгені салынды. Соның салдарынан Кіші Аралдың (Солтүстік) деңгейі 42 метрге, аумағы 800 шаршы километрге ұлғайды. Суы тартылып қалған тұзды көлдін табанын жауып, көлге тіршіліктің нышаны енді. Ғалымдардың айтуынша Аралдан ұшқан тұзды дауылдың бір ұшы Гренландия мұздықтары мен Норвегияның орманды алқабына да жеткенін дәлелдеген еді.

             Арал мәселесі туралы халықаралық конференциялар ұйымдастырылды. Өркениетті елдер қаржылай көмек көрсетуде. Олар негізінен Орта Азия республикалары, Ресей, АҚШ, Жапония, т.б. мемлекеттер.

            Арал теңізін құтқару жөнінде бірнеше ғылыми болжамдар мен жобалар бар. Олар: Сібір өзендерін Қазақстанға бұру. 2. Әмудария мен Сырдария өзендерінің суын реттеу арқылы суды молайту. 3. Арал теңізін жартылай сақтап қалу. 4. Каспий теңізінің суын жасанды канал арқылы әкелу. 5. Жер асты суларын пайдалану. 6. Арал теңізінің өздігінен табиғи реттелуін немесе толысуын күту. Әрине, бұл жобалар болашақтың ісі болғанымен, уақыт талабы оны күттірмейді. Бәрі де қаражатқа тірелуі мүмкін. Ал оның іске асуы адамзат кауымының білімі мен біліктілігіне байланысты екені анық. Қазіргі кезде Аралды құтқару бағытында батыл да жоспарлы түрде ғылыми негізде жұмыстар жасалуда. "Арал тағыдыры - адам тағдыры" болғандықтан оны сақтап қалу.

 Балқаш проблемасы

            Балқаш көлі алабында да қүрделі экологиялық жағдай қалыптасып отыр. 1970 жылы Балқашқа құятын Іле өзенінде Қапшағай бөгені мен су электр станциясының (СЭС) салынуы Іле-Балқаш су шаруашылығы кешенінде бетбұрыс кезең болды. Іле өзенінің гидрологиялық режимі өзгеріп, жалпы Іле-Балқаш алабындағы экологиялық жағдай өзгере бастады. Қапшағай су торабын жобалау кезінде Іле өзенінің атырауындағы табиғат кешенінің жағдайы ескерілмеді. Соның нәтижесінде онда тіршілік ететін жануар дүниесіне (ондатр, балық, т.б.) және ауыл шаруашылығына көп зиян келеді. Ақдала алқабын суландырып, күріш егу жобасы да толық жүзеге аспай қалды. Қыруар қаржы текке жұмсалды. Іле өзенінің атырауы кеуіп, оның кері әсері Балқаш көліне тиді. Суармалы алқаптардың көлемінің есепсіз кеңейтілуі, төменгі Іле қоңыр көмір кен орнын игеруді бастау көлдің болашағы үшін қауіпті. Болжау бойынша, XXI ғасырдың басында, көлдің батыс бөлігінің мүлде кеуіп, шығысының тұзды шалшыққа айналуы мүмкін. Бұл өз кезегінде Балқаш маңындағы ландшафтылар мен экологиялық жағдайларды түбірімен өзгертіп, тіршіліксіз шөлге айналдырады. Көл деңгейінің төмендеуі оның суының шамадан тыс минералдануына әкеп соғуда. Бұл, бір жағынан, егістік далалардан көлге қайта келіп құятын су құрамында әр түрлі тұздардың көп болуына байланысты. Сонымен қатар алаптағы өзгерістер Балқаш маңы аймағының климат жағдайларына да әсерін тигізеді. Су айдынының тәуліктік температураны, ауа ылғалдылығын реттеуші ретіндегі әсері өз күшін жояды. Ғалымдардың болжауынша, Балқаштың тартылуы Батыс Сібір мен Қазақстандағы географиялық зоналардың шекараларын өзгертуі мүмкін.

Үлкен қалалар мен өндіріс орталықтарында қоршаған ортаның ластануы

            Ауаға шығатын улы заттардың концентрациясы (ауыр металдар, шаң-тозаң, күкірт тотығы, көмірқышқыл газы және т.б.) белгіленген мөлшерден он есе артық. Ең ауыр жағдай Тараз, Теміртау, Алматы, Шымкент, Балқаш, Риддер, Өскемен және басқа да қалаларда қалыптасқан. Осы қалаларда лас заттардың концентрациясы жыл бойынша белгіленген мөлшерден 5-10 есе артады. Ауа кеңістігінің ластануы пайдалы қазбалар өндіретін аудандарда да байқалады. Атмосфераның ластануы Байқоңыр космодромында ғарыш кемелерін ұшыру кезінде де байқалады. Өнеркәсіпті аудандарда ауа кеңістігінің ластануымен катар ластану сол жердегі су көздерін қамтиды. Сырдария өзені ағысының 35-40%-ы өндіріс орындарының қалдық суларынан түрады. Өзен суында дизентерия, паратиф, гепатит, сүзек ауруы қоздырғыштары мен өте қатерлі гексахлоран ДДТ кездеседі. Өнеркәсіп орындарының ластаушы заттарына жер игеру нотижесінде пайда болған масштабы химиялық ластанудың көлемдері ұлғаюда. Өсімдік жамылғысын қорғайтын әр түрлі химиялық заттар, дефолианттар, пестицидтер, мөлшерден артық қолданған тыңайтқыштар, тек қана қоршаған ортаны емес, тамақ өнімдерін де ластауда.

Семей ядролық полигонында да экологиялық апатты аймақ қалыптасып отыр. 1948-1964 жылдар аралығында Семей полигонында жер бетінде ядролық сынақтар жүргізілді, ал 1964-1989 ж. аралығында жер асты сынақтары жүргізілді. Ядролық қару-жарақтарды сынау аймақтың табиғи ортасына және халықтың денсаулығына кері әсерін тигізді. Республика көлемінде қоршаған ортаны қорғауға бағытталған жұмыстар жоспарлы түрде іске асуда. Олар: жер қойнауын тиімді пайдалану (минералды шикізаттарды кешенді пайдалану, игерілген жерді рекультивациялау және көгалдандыру).

 

Семей ядролық полигоны

Семей полигоны Қазақстан картасында

            Еліміздің тарихындағы ең қайғылы парақтардың бірі - Семей ядролық сынақ полигонының өмірге келуі Алғашқы атомдық жарылыс дауысы 1949 жылы тамыздың 29-ы, таңғы сағат 7-де естілді. Семей ядролық полигоны ауданында 450-ден астам жер үсті және жер асты ядролық сынақтарының өткізілуі нәтижесінде атмосфераға, гидросфераға және литосфераға өте үлкен мөлшерде радиоактивті материалдар шығарылды. Тек Семей ядролық полигонының ғана емес, соған жақын жатқан орасан үлкен аумақтар да (Павлодар, Қарағанды, Шығыс Қазақстан, Жезқазған облыстары және Ресей Федерациясының Алтай өлкесі) радиоактивті ластануға ұшырады. Соның нәтижесінде сол аумақтағы көптеген тірі ағзалар және тұрғын халықтар зардап шекті.

            Қазақстандағы сансыз ядролық зерттеулердің салдарлары әлі де толық зерттелген жоқ. Белгілі ақын Олжас Сүлейменовтың басшылығымен Невада—Семей экологиялық қозғалысы Семей ядролық полигонында сынақтар өткізуге толық тыйым салды. Бұл қозғалысқа Қазақстанның көптеген халқы кеңінен қатысты. Қазақстан Президенті Н. Ә. Назарбаев республикада ядролық сынақтар өткізуге мораторий жариялады. (Елбасы Н. Ә. Назарбаевтың «Семей ядролық сынақ полигонын жабу туралы» Жарлығына 1991 жылы тамыздың 29-да қол қойылды.) Соңғы сынақтардан бері он жылдан астам уақыт өткеніне қарамастан, Семей ядролық полигонының белдемі күні бүгінге дейін экологиялық кауіпті аудан болып есептеледі. Өйткені онда ұзақ сақталатын радиоактивті заттар жинақталған. Полигон аймағында күні бүгінге дейін топырақ және өсімдіктер ластанған. Қазақстан Үкіметі Семей ядролық полигонымен шектесіп жатқан аудандар аймағындағы экологиялық жағдайды жеңілдету жөнінде бірқатар шұғыл шаралар қабылдады.Қазақстан Республикасының егемендігі туралы Декларацияда ел ауағы ядросыз аймақ деп жарияланды. Қазақстан Президенті Н.Ә. Назарбаев Семей полигонын жабу туралы Жарлық шығарған күні – 1991 жылдың 28 тамызы. Сөйтіп тиянақтылық пен елімталдық көрсеткен қазақ халқы өз мақсатына жетті: ең үлкен полигон жабылып, атом қаруынан бас тарту әрекеті жасала бастады. Семей полигоны жабылғаннан кейін Ресейдің, АҚШ пен Францияның полигондарында ядролық қаруды сынауға мораторий жарияланды. 1991 жылдың 29 тамызында Семей ядролық полигоны жабылып, 1992 жылдың мамырында оның базасында Курчатов қаласындағы Ұлттық ядролық орталық құрылды.

 

IV Жаңа сабақты бекіту: Сөзжұмбақ шешу.

Сөзжұмбақ сұрақтары:

1.Каспий теңізіне солтүстігінен құятын өзен?

2.Климаттың өзгеруі, озон қабаттарының бұзылуы, шөлейттену, жердің тозуы,топырақтың құнарсыздануы қандай экологиялық проблемаға жатады?

3.Қазақстандағы ірі ядролық полигон қай қалада орналасқан?

4. Экологиялық апатты аймақтар,тарихи ластану,трансшекаралық мәселелер,әскери-ғарыштық және тәжірибелік кешендердің полигондарының әсері қандай экологиялық проблемаға жатады ?

5. Ландшафтарды жақсарту үшін оларды өзгертетін шаралар жүргізеді. Соның бір түрі?

6. Ауа бассейнінің ластануы,радиоактивті тұрмыстық және өнеркәсіптік қалдықтары,табиғи және техногендік төтенше жағдайларды қандай экологиялық проблемаға жатады?

7.Топырақтың құнарсыздануы не деп аталады ?

8. Бұл проблеманың тууына себепші болған-адам әрекеті. Бұл қандай теңіз?

9. Каспий теңізіне солтүстік шығысынан құятын өзен?

10.Еуропа мен Азия аралығында орналасқан жер шарындағы ең үлкен тұйық көл?

 

V Жаңа сабақты қортындылау: «Табиғат адамзаттың қолында!»

VI Бағалау.

VII Үйге тапсырма: §51 Қазақстанның экологиялық проблемалары.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Презентация по географии на тему "Қазақстанның экологиялық проблемалары." 8 ( класс)"

Получите профессию

Менеджер по туризму

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Получите профессию

Фитнес-тренер

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Краткое описание документа:

Қазақстанның экологиялық проблемалары.

Сабақтың мақсаты: Қазақстанның экологиялық проблемалары                                      туралы білім беру

Білімділік: Табиғатта апытты құбылыстардың шығу тегі, туындау себептерін, табиғи жағдайдың адам іс-әрекетіне және адамның табиғатқа әсерін, экологиялық проблемалардың мәнін түсініп, қоршаған ортаны қорғауға қажетті білім мен біліктерді меңгерту.
Оларды картадан көрсете білу.

Тәрбиелік: Табиғатты қорғау жастардың ең маңызды әрі қажетті міндеттерінің бірі. Оқушыларға  табиғатты аялауға, табиғат байлықтарын тиімді пайдалануға, отансүйгіштікке, туған өлкесінің табиғатын бағалай білуге тәрбиелеу.

Дамытушылық: Ізденімпаздыққа, пәнге деген қызығушылығын ояту, алған білімдерін өз бетінше пайдалана білуге дағдыландыру.

Сабақтың көрнекіліктері: Қазақстанның экологиялық апатты аймақтарының карталары және суреттері, үйлестірме карточкалар, « Семей полигоны» видеофильмінен үзінді, интерактивті тақта.

Пәнаралық байланыс: Биология, химия.

Сабақтың түрі: аралас сабақ

Сабақтың әдісі: баяндау, сұрақ – жауап, сөзжұмбақ, иллюстративті.

Сабақтың барысы

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 665 090 материалов в базе

Скачать материал

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 03.02.2015 27086
    • ZIP 17.9 мбайт
    • 615 скачиваний
    • Рейтинг: 4 из 5
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Каржаубаева Нуржамал Исановна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Каржаубаева Нуржамал Исановна
    Каржаубаева Нуржамал Исановна
    • На сайте: 9 лет и 2 месяца
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 62377
    • Всего материалов: 9

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Фитнес-тренер

Фитнес-тренер

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Особенности подготовки к сдаче ОГЭ по географии в условиях реализации ФГОС ООО

36 ч. — 180 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 77 человек из 38 регионов
  • Этот курс уже прошли 442 человека

Курс профессиональной переподготовки

Педагогическая деятельность по проектированию и реализации образовательного процесса в общеобразовательных организациях (предмет "География")

Учитель географии

300 ч. — 1200 ч.

от 7900 руб. от 3650 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 35 человек из 23 регионов
  • Этот курс уже прошли 38 человек

Курс профессиональной переподготовки

География: теория и методика преподавания в профессиональном образовании

Преподаватель географии

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3650 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 57 человек из 29 регионов
  • Этот курс уже прошли 208 человек

Мини-курс

Стратегии B2C маркетинга: от анализа до взаимодействия с клиентом

8 ч.

1180 руб. 590 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Поиск работы: карьерные ориентиры и мотивы выбора профессии

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Методология проектного менеджмента и стратегического планирования в инвестициях

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе