Инфоурок Другое КонспектыПсихологиядан сабақ жоспары "Қиял" (студенттерге арналған)

Психологиядан сабақ жоспары "Қиял" (студенттерге арналған)

Скачать материал

Сабақтың тақырыбы: «Қиял»

Сабақтың мақсаты:    

1.       Қиял туралы жалпы ұғыммен, түрлерімен таныстыра отырып, қиял туралы білімдерін қалыптастыру.

2.       Тақырыпқа қызығушылықтарын ояту арқылы оқушыларда түрлі қиял түрлерін дамыту.

3.       Қиялдың адам өміріндегі алатын ролінің ерекше екендігін ескере отырып, оқушыларды қиялдай білуге, қиялдау арқылы жаңа нәрселерді жасап шығаруға үйрету.

Сабақтың түрі:    жаңа сабақты меңгерту

Сабақтың әдісі:   сұрақ-жауап, әңгімелесу

Көрнекілігі:     интерактивті тақта, түрлі - түсті бояулар, үлестірмелі

қағаздар, т.б.

 

І. Ұйымдастыру кезеңі.

-         Сәлеметсіздер ме, студенттер, қадірлі қонақтар! Қош келіпсіздер!

 

ІІ. Үйге берілген тапсырманы сұрау.

         (3-4 студенттен сабақ сұралады).

 

ІІІ. Өткен сабақ пен жаңа сабақты байланыстыру.

         - Студенттер, біз зейін психологияның танымдық процестеріне жататынын білеміз. Бүгін біз одан әрі қарай психологияның танымдық процестерінің бірі қиял жайында білетін боламыз.

 

ІV. Жаңа сабақты түсіндіру сәті.

         Бүгінгі біздің ашық сабағымыздың тақырыбы «Қиял».

Сабақтың жоспары:

1.Қиял туралы жалпы ұғым.

2.Қиял түрлері.

1. Қиял дегеніміз - сыртқы дүние заттары мен құбылыстарының субьективтік образдарын қайтадан жаңартып өңдеп бейнелеуде көрінетін тек адамға тән психикалық процесс.

 

Адамның қиялына тән кейбір ерекшеліктер:

1)    жеке қызығушылықтары мен қасиеттеріне, алдына қойған мақсатына байланысты болып келеді.

Загрузка картинки: дом, мечта, стиль жизни / 324042 - bestforce.ru            Отдых вашей мечты на Мальдивских островах - Фото 26 FaceNews

 

2)    қиялдың мазмұны мен формасы адамның жас және дара ерекшеліктеріне де, білім тәжірибесіне де байланысты.

 

                                 Кішкентай баланың қиялы

Галерея Kagaya         Код для вставки фотографий альбома ""Картинки из инета"" на сайт или в блог из Яндекс.Фоток

 

Ересек адамның қиялы

Фото Dreams Vacation 5* страница 7      Кузя - Блог - Страница 32 - Привет.ру

 

 

 

 

 

3)    қиял адамның өскен    ортасына, этностық    ерекшелігіне, табиғат, жер-су қоршауына байланысты да көрініп отырады.

 

800x600 лес, изгибы, русло, птица, река, горы картинки на рабочий стол обои фото скачать

 

4)    қиял адамның барлық психикалық құбылыстарымен ұштасып жататын процесс.

Фильм Солдаты Буффало / Buffalo Soldiers                  Новости на radeant.com!

 

5)    Адам қиялы еңбек процесінде,    іс-әрекет      үстінде жарыққа шығып, дамып отырады.  Мұндағы негізгі  шарт: саналы   мақсаттың   болуы,   болашақты   болжай алу, істейтін еңбектің нәтижесін күні бүрын көре білу, яғни оны өңдеп, өзгертіп, елестете алу — адам қиялына тән негізгі белгілер.

 

2. Қиялдың түрлері. Қиял екіге бөлінеді:  ырықты (актив) қиял,  ырықсыз (пассив) қиял.

}  Ырықты (актив) қиял

         Қиялдың  бұл түрі - адамның  саналы түрде мақсат қоюымен байланысты образдардың әдейілеп жасалуы.Қиялдың мұндай белсенді түрі балалардың ойнау әрекетінен де байқалады. Ырықты актив қиял үшке бөлінеді: қайта жасау, шығармашылық, арман.

Шығармашылық  қиял деп өзіндік жаңа образдар жасау арқылы әрекетте, жаңа продуктылар беруде көрінетін қиялды айтады. Жазушының, суретшінің, галымның, композитордың т. б. қиялы творчестволық қиялга жатады. Шығармашылық  қиял — қайта жасау қиялына қарағанда, әрі күрделі, әрі қиын.

Актив қиялдың ерекше бір түрі арман. Арман дегеніміз өз қалауымызша жаңа образдар жасау. Мүның шығармашылық қиялдан ерекшелігі мынада: арман өзіміздің тілеген келешекке бағытталған қиял процесі.

}  Ырықсыз (пассив) қиял

            Қиялдың бұл түрі-адам алдына ешбір мақсат қоймай,басындағы елестердің ағытылып жатуын бақыламаған кезде туатын формасы. Мұндай қиял жеткіншектерде жиі кездеседі.

Қиялдың бүтіндей пассивтік түрінің шегі - түс көру. 

          Түс көрудің физиологиясын  жан-жақты түсіндірген  И.П. Павлов. Бұл – дәстүр сабақтастығы. Яғни, қиял адамның ырқынан тыс болады. Қиялдың өз ғылымда дамымай тұрған кезде түс көріп, жору арқылы бағыт-бағдар беріп отырған. Мысалға алатын болсақ,

1)    Биікке немесе тауға шықса, жақсы. Ондай түс көрген кісі өңінде үлкен дәрежеге жетеді.

2)    Жылаған болса – өңінде қуанады.

3)    Алма жесе - өңінде тілегіне жетеді.

4)    Пышақ қайраса - қауіп-қатер болады. 

5)      Аттан құлап қалса -қатерге кездеседі.
          Түсіңізді жақсылыққа жорысаңыз, жақсылыққа, жамандыққа жорысаңыз, жамандыққа қарай бұрылып кетуі мүмкін. Ең бастысы – түсті  тек жақсылыққа жору керек.

        

         Тапсырма 
          - Студенттер, «Кешегі қиял-бүгінгі шындық» тақырыбына өз қиялдарыңдағы сурет салыңдар. Суреттегі бейнелердің бүгінгі күндегі көріністерін атаңдар. 

         - Енді, студенттер, тақтадағы «Армансыз адам болмайды» деген халық даналығына назар аударамыз. Бұл сөйлемнің мәніне тереңірек тоқталып кетейік (2-3 студенттердің ойын тыңдау).

1) Адам қиялы іс жүзіне қалай асады деп ойлайсыздар? 
2) Өздеріңнің армандарың туралы айтып беріңдер. 
             Сонымен, қиял - шексіз, ол адамның әр нәрсені ойлап табуға бейімділігі. Арман-адамның болашақтағы қиялының іске асуы. Жақсы қиял ізгі адами қасиеттерден пайда болады. Мысалы: Отанның тыныштығы, өмірдің қызықты, сәтті, бақытты болуы. Әр адамның қиялы әр түрлі және ол шексіз. Қиял адамның ойын, болашаққа деген көзқарасын өзгертіп, дамытады. 

         Тест. "Сізде қиял бар ма?"

Сұрақтар

Иә

Жоқ

1.      

Сізді бейнелеу өнері қызықтыра ма?

2

1

2.      

Ішіңіз жиі пыса ма?

1

2

3.      

Бір тарихи жағдайды айтқанда мәнерлеп, әсерлеп айтасыз ба?

1

0

4.      

Жұмыста және оқуда белсендісіз бе?

2

1

5.      

Жазғанда алшақ жазасыз ба?

1

0

6.      

Киінгенде сән үлгісінің заңдылықтарын басшылыққа аласыз ба, әлде өз ұнатуыңызбен киінесіз бе?

2

1

7.      

Сабақ немесе жиналыс үстінде қағаз бетіне бір түрлі заттардың суретін сала беруді ұнатасыз ба?

0

1

8.      

Музыканы тыңдағанда сол әуенге байланысты бейнелер көзіңізге елестей ме?

1

0

9.      

Ұзақ хат жазуды ұнатасыз ба?

2

1

10.  

Кейде түрлі түсті түс көресіз бе?

2

1

11.  

Бұрын болмаған, тек әңгімелерден естіген жерлерді ойыңызда немесе барып көргіңіз келе ме?

1

1

12.  

Кино көргенде жиі жылайсыз ба?

1

0

 

Барлығы:

5

8

 

Қорытынды:

14-17 ұпай - ең бай қиял, егер оны өмірде қолдана білсе, үлкен қуаныш алып келеді.

9-13 ұпай - қиялдауы орташа

5-8 ұпай - нағыз реалист адамдар

         Бұл тестті жүргізу себебім, студенттер қаншалықты қиялдай алатынын тексеру мақсатында жүргізіледі.

 

V. Жаңа сабақты бекіту сұрақтары:

a.      Қиял дегеніміз не?

b.     Қиялдың адам өмірінде маңызы қандай?

c.      Қиялдың қандай түрлері бар?

d.     Қайта жасау қиялы мен шығармашылық қиялдың айырмашылығы қандай?

 

VI. Бағалау. Үй тапсырмасына дайындалып келген және сабаққа қатысып отырған студенттерді бағалау.

 

VII. Үйге тапсырма беру.
        
Қазақ ақын жазушыларының шығармаларынан қиял түрлерін көрсететін нақты мысалдар жазып келу.

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Психологиядан сабақ жоспары "Қиял" (студенттерге арналған)"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Директор музея

Получите профессию

Интернет-маркетолог

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 665 132 материала в базе

Скачать материал

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 15.11.2016 13037
    • DOCX 4.2 мбайт
    • 90 скачиваний
    • Рейтинг: 5 из 5
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Акмурзина Перизат Досатовна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Акмурзина Перизат Досатовна
    Акмурзина Перизат Досатовна
    • На сайте: 7 лет и 5 месяцев
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 46288
    • Всего материалов: 4

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой