Инфоурок Другое Другие методич. материалыПсихологиялық жаттығу "Мен және біз туралы әңгімелесейік" тақырыбында (10 класс)

Психологиялық жаттығу "Мен және біз туралы әңгімелесейік" тақырыбында (10 класс)

Скачать материал

ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ТРЕНИНГ «Мен және біз туралы әңгімелесейік»

Тренингтің мақсаты: 
1.
Оқушылар өзін-өзі тани білудің негізгі шарттарымен таныстыру, өзін бағалата отырып, өз бойындағы сапалық қасиеттерді дамыту. 
2. Өзіне-өзі сенімділікті және кез келген жағдайда жақсы бейімделуге дағдыландыру. 
3.
Өз құндылықтарын және жағымды «Мен – тұжырымдамасын» қалыптастыру. 
4. Өз бетінше шешім қабылдай алатын, бәсекеге қабілетті толыққанды дамыған тұлға қалыптастыру. 
1. Сәлемдесу салты 
Жеке-даралықтың көп түрлілігі және өзара іс-қимыл процестерінде жеке тұлғаның қасиеттерінің мәні туралы оқушылардың білімдерін өзектендіру «Бір күнгі танысыңа, қырық күн сәлем» дегендей? Біз бүгін
қатысушылар бір-бірімен дәстүрден тыс амандасудың түрлерін көрсетеді: 
• Бір-біріңе күлімсірей қарап, алақанның ішін және сыртын тигізіп сәлемдесу. 
• Оң жақ, сол жақ тізелерін түйістіру арқылы сәлемдесу. 
• Оң жақ, сол жақ иықтарын тигізіп сәлемдесу. 
• Маңдайларын бір-біріне тигізіп амандасу. 5 мин. 
2. Топтың жұмысы ережесі Біртұтас жұмыс кеңістігін қалыптастыру. Сана-сезім шабуылының әдісі: 
«Қазір және мұнда» ережесі, шынайы болу, сөзді және әрекетті бағалауға болмайды,жауапкершілік ережесі, тыңдап ал, содан кейін айт ережесі, белсенді бол. 3 мин. 
3. Негізгі бөлім. 
Мақсаты: жағымды бғыт, шапшаңдылық, ойлау қабілеттерінің жылдамдығы.
Нұсқау: сіздерге тақтада ілініп тұрған балықта әріп жасырылған, сол әріптен басталатын сөздер айтасыздар. Яғни, сіздерге сұрақтар оқылады сол сұрақтарга берліген әріп бойынша жауап бересіздер.Талдау: Сөздерді табу қиын болдыма?
4. «Мен кіммін» жаттығуы Қатысушыларға ақ парақ алып, оның көлденеңнен 3 қатарға бөлу тапсырылады. 1-қатарға «Мен – қандай оқушымын» деген сұраққа оқушы өзінің сапаларын жазады; 2-қатарға «Мен өскенде  қандай адам болғым келеді?» оқушы  қандай кәсіби сапаларға ие болу керек; 3-қатарға сол жақтағы көршісі «Ол – қандай оқушы?» ол оқушы қандай кәсіби сапаларға ие екенін жазады. 
Талқылау: 
Талқылау барысында мына мәселелерге көңіл аударған жөн: 
- Қаншалықты адам өзін жақсы біледі 
- Өзіне деген қатынасы 
- Өзіндік «Мен-тұжырымдамасы» басқалардың айтқанымен сәйкес келе ме 
5. «Ең – ең» жаттығуы оқушылар 2 шағын топқа бөлінеді. Оқушылар бір-бірін қабылдауы. 1 топ – оқушылар, 2 топ – оқушылар. 2 топқа ватман қағазы, фломастер беріледі. Тапсырма: Мұғалімнің моделін жасау. 
1 топқа: Мұғалім деген мамандыққа қандай талаптар қоясыңдар? 
2 топқа: Оқушылардың көзқарасымен мұғалім қандай болу керек? 
Талқылау: 
- тапсырманы орындау барысында қандай сезімде болдыңыз? 
6. Сергіту жаттығулары – энерждайзер. 
«Поезд» жаттығулары. Психологиялық және физикалық қобалжулықтан арылу, дұрыс пікір қалыптастыру Ойын шеңберде өткізіледі. Алдымен бірінші, екінші деп саналу керек. Бірінші қадам – алақанмен шапалақтау, екі рет аяғымен тоқылдату. Екінші қадам – екі шапалақ, бір топылдату. Қозғалыс кезекпен қайталанады: бірінші – екінші – бірінші – екінші жәнет.с.с шеңбер бойынша: пойыз доңғалақтарының шуылын салып көрсетеді. Ойын барысының өн бойында қарқын үнемі тездетіледі. 2 мин. 
7. «Тірек нүктесі» жаттығуы Психологтың сөзі: Әр адамның бойында өзіне ішкі бостандық сезім мен күшіне сенім білдіретін, яғни өзі бағалайтын, өзіне ұнамды, өзі жақсы көретін қасиеттері, жақсы жақтары болады. Оны біз тірек нүктесі деп айтайық, өйткені қиын сәттерде сол қасиеттер көмек береді. 
Тапсырма. 
Әр қатысушы өз бойындағы тірек нүктесін атап кетсін. Қасиеттерін тіке, сеніммен айту қажет. Алайда «бірақ», «егерде», «мүмкін» деген сөздерді қоспай айту керек. Көрермендердің қатысушыларға өз пікірлерін айтуға құқығы жоқ. Оқушы бойындағы аталған жақсы қасиеттерге, яғни тірек нүктелеріне, күшті жақтарына түсінік беру міндетті емес. Оған сенудің өзі жеткілікті. Әр қатысушыға 1 минут уақыт беріледі. 
Талқылау: 
Пікірталаста әр қатысушының сөздерінде не қайталанды 
және осы тапсырма барысында қандай сезімдерде болғандары туралы талқылау қажет. 
8. «Біз не үшін жақсы көреміз» жаттығуы Айналадағылармен өзара әрекеттесу арқылы біз әдетте олар бізге ұнайтындығын немесе ұнамайтындығын байқаймыз. Яғни көбінде бұл адамның ішкі қасиеттерін бағалаумен байланыстырамыз. Біз адамдардың қандай қасиеттерін бағалаймыз, қабылдаймыз соны бағалап көрейік. Сіздерге өзінің көріністері арқылы өте ұнайтын адамды топ ішінен таңдап алыңыз. Сол адамда ерекше ұнайтын 5 асыл қасиетті таңдаңыз. Ал енді, адамды көрсетпей сол қасиеттерді айтасыз. Бастадық! Сіздің уақытыңыз бітті! Сонымен сіздер кезекпен мінездемені айтыңыз, ал біз осы мінездеме кімге лайық екенін анықтап көрейік. Кім бастайды? 
9. Релаксация 
10. «Өз-өзіне деген сенімділік» жаттығуы Өзіндік анализ. Қатысушылар интерактивті тақтадағы тұжырымдарға сәйкес келесі түстерді таңдайды: 
Жасыл – иә, мен бұған сенімдімін. 
Сары – мен сенімді емеспін. 
Қызыл – бұл мен үшін мәселе. 
Талқылау: 
Егер де түстер спектірінде жасыл түс басымырақ болса –онда оқушылар өзіне сенімді, мақсатқа бағытталғыш тұлға. Сары түс - өзіне деген сенімділіктің жетіспеуін білдіреді. Қызыл түс – индивидуалды дамуына кедергі келтіретін мәселелер барын білдіреді және өзіңе көңіл қоюды талап етеді. 
Нәтижесінде ұжымда мұғалімдердің өзіне-өзі сенімділіктердің деңгейін көруге болады. 
11.«Менің көңіл-күйімнің түсі» жаттығуы Көңіл-күй жаңалықтарын сезіну. 
Санамен қозғау әдісі: 
- бүгінгі тренингте не нәрсеге үйрендіңіз? 
- не нәрсе есіңізде қатты қалып қойды? 
Қатысушылар тренингтік жаттығудан алған әсерлерін, сезімдерін, көңіл-күйлерін бейнелейді, суреттейді. 
Талқылау. Әр қатысушы өз суретіне талдау жасайды, сезімін айтады. 
4. Қоштасу 
«Шырақ» жаттығуы Тренингке қатысушылардың қарым-қатынастарын үйлестіру Қатысушыларға бір-бір шырақтан алып сол жақтағы көршісіне тілек айтып, көршісінің шырағын жағады.

 

 

 

 

 

№33 қазақ орта жалпы білім беру мектебі

 

 

«Мен және біз туралы әңгімелесейік»                 психологиялық тренинг



Мектеп психологы: Тнымбай А.Ғ.

 

2015-2016 оқу жылы

Қаңтар айында жүргізілген 2-4 кластар аралығында жүргізілген                 «Мен және біз туралы әңгімелесейік» тренингінің

ХАТТАМАСЫ

Тренингтің мақсаты: 
1. Оқушылар өзін-өзі тани білудің негізгі шарттарымен таныстыру, өзін бағалата отырып, өз бойындағы сапалық қасиеттерді дамыту. 
2. Өзіне-өзі сенімділікті және кез келген жағдайда жақсы бейімделуге дағдыландыру. 
3. Өз құндылықтарын және жағымды «Мен – тұжырымдамасын» қалыптастыру. 
4. Өз бетінше шешім қабылдай алатын, бәсекеге қабілетті толыққанды дамыған тұлға қалыптастыру

Осы мақсатта оқушыларға өткізілген тренинг, жаттығулар оқушыларға қызықты болды. 1-ші бөлім «Сәлемдесу салаты» жаттығуынан басталып, одан оқушылар дәстүрден тыс амандасу тәсілдерімен амандасып, көңілдері көтеріліп қалды. «Біз не үшін жақсы көреміз» жаттығуы айналадағылармен өзара әрекеттесу арқылы біз әдетте олар бізге ұнайтындығын немесе ұнамайтындығын байқаймыз. Яғни көбінде бұл адамның ішкі қасиеттерін бағалаумен байланыстырамыз. Біз адамдардың қандай қасиеттерін бағалаймыз, қабылдаймыз соны бағалап көрейік. Сіздерге өзінің көріністері арқылы өте ұнайтын адамды топ ішінен таңдап алыңыздеген сұрақта оқушылардың көбі кластағы лидер оқушыларды таңдап, ал қалған оқушылар таңдалмаған яғни, оқшауланған оқушыларды таңдамады. Сол сәтте «Тірек нүктесі» жаттығуы жүргізілді. Әр адамның бойында өзіне ішкі бостандық сезім мен күшіне сенім білдіретін, яғни өзі бағалайтын, өзіне ұнамды, өзі жақсы көретін қасиеттері, жақсы жақтары болады. Оны біз тірек нүктесі деп айтайық, өйткені қиын сәттерде сол қасиеттер көмек береді. 
Тапсырма былай болды, Әр қатысушы өз бойындағы тірек нүктесін атап кетсін. Қасиеттерін тіке, сеніммен айту қажет. Алайда «бірақ», «егерде», «мүмкін» деген сөздерді қоспай айту керек. Көрермендердің қатысушыларға өз пікірлерін айтуға құқығы жоқ. Оқушы бойындағы аталған жақсы қасиеттерге, яғни тірек нүктелеріне, күшті жақтарына түсінік беру міндетті емес. Оған сенудің өзі жеткілікті. 

Ұсыныс

1.Ұстаздарға сабақ барысында оқшау қалған оқушылармен көптеп жұмыс жасаса.

Мектеп психологы:          Тнымбай А.Ғ.

Қазан айында жүргізілген 2-4 кластар аралығында жүргізілген                              «Сабақтан тыс сергіту сәті» тренингінің

ХАТТАМАСЫ

Мақсаты: - өзіндік бақылаумен өзіндік ішкі құбылыстарын

                 -бақылаудан тыс жібермеуге дағдыландыру

                 -өзіне деген сенімін, мүмкіндігін арттыру.

Міндеті: 1. Қиындыққа қарсы түра білу;

                2. Өзіне сенімін арттыруды жаттықтыру;

                3. Эмоционалдық- ерік жігерді дамыту.

«Мені ата»  жаттығуында осы жаттығуды өткізу барысында доп арқылы оқушылардың қолдарына лақтыру арқылы допты лақтырады. Кімнің қолына доп тисе сол өз атын айту керек. Ең алғашқы болған адамға доп тигеде доп кейін қарай жүреді, бірақ онда қатысушылар тренинг бойы айтылатын атын айтады. Мүмкіндігінше  аттар қайталанбауға тиіс. Енді өз атыңды жазып, визитка жасаңыздар. Қандай сезімде болдыңыз? Алдағы тренинг қандай болғанның қалайсыздар? Деген сұрақтарға оқушылардың жауабының көбі, тренинг сабақтар жүргізілсің деген өздерінің ұсыныстарын айтып жатты.

Сонымен қатар «Сонымнан қайтала» жаттығуында оқушылар үшін өте қызықты болды. Нұсқау бойынша әр адам бір қимыл көрсетеді, мұғалімнің шапалағынан кейін әр біреуің оң  жақтағы көршіңнің қимылын қайталап, өз авторына дұрыс жетуі керек. Көңіл күйініз қалай?  Кімге сіздің биіңіз берілді?   Өзгертілді ме биіңіз? Деген сұрақтарға оқушылардың  биге  деген  ынталары көрініп тұрды.

 

 

 

Ұсыныс

1.Ұстаздарға сабақ барысында оқшау қалған оқушылармен көптеп жұмыс жасаса.

 

Мектеп психологы:          Тнымбай А.Ғ.

 

 

 

Анықтама

Мақсаты: Жақсы  әсерлерді қабылдау, көңіл-күйін, сезімін анықтауға үйрету. «Мен» бейнесінің жағымдылығын қалыптастыруға жағдай жасау;

Күнделікті қарым-қатынаста түсініп сыйласуға, мейірімділікке, кішіпейілділікке, адамгершіліктің жоғарығы қасиеттеріне дағдыландыруға тәрбиелеу.

Танысу мақсатында әр ата-ана өзінің баласының есіміне әдемі теңеу сөзді қосып айтады.

 

 «Мені ата»  жаттығуында осы жаттығуды өткізу барысында доп арқылы оқушылардың қолдарына лақтыру арқылы допты лақтырады. Кімнің қолына доп тисе сол өз атын айту керек. Ең алғашқы болған адамға доп тигеде доп кейін қарай жүреді, бірақ онда қатысушылар тренинг бойы айтылатын атын айтады. Мүмкіндігінше  аттар қайталанбауға тиіс. Енді өз атыңды жазып, визитка жасаңыздар. Қандай сезімде болдыңыз? Алдағы тренинг қандай болғанның қалайсыздар? Деген сұрақтарға оқушылардың жауабының көбі, тренинг сабақтар жүргізілсің деген өздерінің ұсыныстарын айтып жатты.

Сонымен қатар «Сонымнан қайтала» жаттығуында оқушылар үшін өте қызықты болды. Нұсқау бойынша әр адам бір қимыл көрсетеді, мұғалімнің шапалағынан кейін әр біреуің оң  жақтағы көршіңнің қимылын қайталап, өз авторына дұрыс жетуі керек. Көңіл күйініз қалай?  Кімге сіздің биіңіз берілді?   Өзгертілді ме биіңіз? Деген сұрақтарға оқушылардың  биге  деген  ынталары көрініп тұрды.

 

 

 

Ұсыныс

1.Ұстаздарға сабақ барысында оқшау қалған оқушылармен көптеп жұмыс жасаса.

 

Мектеп психологы:          Тнымбай А.Ғ.

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Психологиялық жаттығу "Мен және біз туралы әңгімелесейік" тақырыбында (10 класс)"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Овощевод

Получите профессию

Методист-разработчик онлайн-курсов

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 664 711 материалов в базе

Скачать материал

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 04.05.2017 1531
    • DOCX 24.8 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Имангалиева Назгул Аскаровна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Имангалиева Назгул Аскаровна
    Имангалиева Назгул Аскаровна
    • На сайте: 6 лет и 11 месяцев
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 1601
    • Всего материалов: 1

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Менеджер по туризму

Менеджер по туризму

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс профессиональной переподготовки

Библиотечно-библиографические и информационные знания в педагогическом процессе

Педагог-библиотекарь

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3650 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 487 человек из 71 региона
  • Этот курс уже прошли 2 328 человек

Курс профессиональной переподготовки

Руководство электронной службой архивов, библиотек и информационно-библиотечных центров

Начальник отдела (заведующий отделом) архива

600 ч.

9840 руб. 5600 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 25 человек

Курс профессиональной переподготовки

Организация деятельности библиотекаря в профессиональном образовании

Библиотекарь

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3650 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 284 человека из 66 регионов
  • Этот курс уже прошли 849 человек

Мини-курс

Методические навыки и эффективность обучения школьников на уроках литературы

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Раннее развитие: комплексный подход к развитию и воспитанию детей от 0 до 7 лет.

5 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 49 человек из 24 регионов
  • Этот курс уже прошли 26 человек

Мини-курс

Интегративный коучинг: от теории к практике

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 54 человека из 25 регионов
  • Этот курс уже прошли 26 человек