Маңғыстау облысы, Бейнеу ауданы
Мектебі: Үстірт орта мектебі
Пәні: Өзін-өзі тану
Тақырыбы: Рухани байлақ-игілік
көзі
Пән мұғалімі: Н.Уразниязова
Сабақтың мақсаты
- Оқушыларға рухани байлық
туралы түсінік беру
- Оқушыларға игілікті істер туралы мәлімет беру.
- Өтілген тақырыптар арқылы оқушылардың бір-
біріне игі тілектер білдіруге үнемі тәрбиелеу.
Әдіс – тәсілі:
Сұқбат, пікір алмасу.
І. Ұйымдастыру: Оқушылармен амандасу, оқушыларды
түгендеу.
«Шаттық шеңбері»
- сабақтың беташары ретінде оқушыларды ұйымдастырып, әрі оларды
жақсы, көтеріңкі көңіл- күйге шақыру мақсатында «Шаттық шеңбері» атты
ұйымдастыру.
Келгенде көктемі,
Көңілін гүл басқан.
Шырағы көктегі,
Жұлдызбен сырласқан,
Өз елім менің-
Өзегім менің
Жырыма қосып жүремін,
Төрем деп менің
Жерім деп менің,
Соғады мәңгі жүрегім.
ІІ. Үй тапсырмасын
сұрау:
«Рухани байлық негізі» шығарма.
ІІІ. Жаңа сабақ: «Рухани байлық-игілік көзі.»
Игілікке қол жеткізу
қашанда екі шартты қатаң сақтауға байланысты.Алдымен, қызметтің кез келген
түрінде түпкі мақсатты дұрыс белгілеу керек, сонан соң түпкі мақсатқа
жеткізердей тиісті жол іздеп табу қажет.Игілік-ырыздықты, рухани және мәдени
байлықты білдіретін жалпы ұғым.Ол табиғи және қоғамдық-әлеуметтік болып
сараланады. Игілік тұтастай алғанда адам өмірінің қажетін өтейтін құндылық
болып саналады. Ал игілікті адамдеп игі іс-әрекетін жасай алатын еңбексүйгіш
жандарды айтады.Істің игілікті болуы адамның жауапкершілігіне байланысты.
Әрқашанда
таза болсын ар-ожданың жүрегің,
Өзгелер де саған адал,әділ болар білемін.
Зорлық қылсаң өзгелерге-өзің жәбір көресің,
Қиянаттың құрбаны боп, қорлықпенен өлерсің.
Мұхаммед Бабыр.
ІV. Жаңа сабақты
бекіту:
V. Жаңа сабақты
қорытындылау:
«Жүректен-жүрекке»
шеңбері – сабағымызды жақсы
көңіл күймен аяқтау мақсатында шеңберге тұрып «Жүректен – жүрекке » жететін
сөздермен сабағымызды аяқтасақ.
Еліме тыныштық
тілеймін! Күніңіз әр күн күліп тұрсын!
Күніміз жарық
болсын! Ғұмырыңыз мәнді болсын !
Аспанымыз ашық
болсын! Шаңырағыңызға шат құйылсын!
Деніміз сау
болсын! Отбасына мереке берсін!
VІ. Үйге тапсырма.
Оставьте свой комментарий
Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.