Инфоурок Начальные классы Другие методич. материалыРазработка по казахскому языку на тему

разработка по казахскому языку на тему

Скачать материал

«Қазақшаңыз қалай?»
Мақсаты:
1. Оқушыларды өз ана тілінің қадір-қасиетін біліп, өз ана тілінің көркемдігін сезініп, сөз құдіретін түсініп, оның адам өміріндегі маңызын ұғуға үйрету.
2. Тіл көркемдігін, байлығын, шешендігін көрсететін нақыл сөздер, мақал-мәтелдер арқылы оқушы дүниетанымын, ой өрісін дамыту.
3. Тіл тазалығын сақтау, мәдениетті сөйлеу, шешендік өнерді оқушы бойына сіңіре отыра, ана тіліне сүйіспеншілігін қалыптастыру, мемлекеттік тіл мәртебесін көтеруге атсалысуға шақыру.

Көрнекілігі: бекеттер-топ аттары жазылған
эмблема, еркін тақырыпта оқушылар шығармашылығы,  ұпай беретін таяқшалар, мадақтау қағаздары, медаль, Microsoft Pover Point программасында безендірілген презентация.

1.Жүргізуші: Қазіргі  таңда еліміз өз тәуелсіздігіне қол жеткізгеннен кейін мемлекеттік тіліміз – қазақ тілі болып бекітіледі. Қазақстан Республикасының «Тіл туралы Заңы» күшіне енді. Болашағымызды баянды етер басты қаруымыз – тіліміз.

«Адамға екі нәрсе тірек тегі,

Бірі – тіл, бірі – ділің жүректегі», - деп Жүсіп Баласағұн бабамыз айтқандай кез келген мемлекеттің, елдің ең негізгі ұраны да, тірегі де – сол елдің ана тілі болмақ. Біздің ана тіліміз – қазақ тілі.

2. Жүргізушінің сөзі:
Тәуелсіздік- бабалардың ұраны,
Бейуақытта бойға таққан тұмары.
Тәуелсіздік- түнектерде тұңшығып,
Ызғар ұрып,жанбай қалған шырағы.

Таңғажайып атың да дәл табылды
Табылды да талай жұртқа танылды.
Қазақ елі, көкке жетті көк туың,
Сен – тәуелсіз мемлекетсің кәдімгі!!!

Көп тіл білсең көкжиегің кең болар,

Құрметтейді кісі екен деп төрге озар.

Қай елде жүрсең де бұл дұрысы,

Мемлекеттік тілді үйренген жөн болар, -  дегендей


Құрметті оқушылар мен ұстаздар бүгінгі біздің  «Дарынды балаларға» арналған «Қазақшаңыз қалай?» атты іс-шарамызды ашық деп жариялаймыз.  

(Фанфары )

1.     Жүргізуші:  Сайыскерлерді қошеметпен ортаға шақырамыз.
Бұл сайыста 2-ші сынып оқушылары 2 топқа бөлініп сайысқа түседі.

1топ- «Алғырлар», 2топ - «Тапқырлар».
Сайыстың жалпы турлары:
1.«Сәлем – сөздің бастауы» - 1сайыс
2. «Сөйлей – сөйлей шешен боласын...» Сурет бойынша әңгімелеу- 2 сайыс
3.«Кім тапқыр?»- сөз тіркесін құрау-3 сайыс
4.«Кім жүйрік?» әріп бойынша сөз айту- 4 сайыс
5.«Білімді мыңды жығады»- тиісті әріпті қой -5 сайыс
6.«Сөзжұмбақты шешу»- 6 сайыс
7.«Ойлан, тап!» - сұрақ – жауап ойын -7 сайыс.
8. «Өнерлі өрге жүзер» - әр топ өзінің өнерін көрсетеді - 8 сайыс.
9. «Мәнерлеп оқу» - 9 сайыс.
10.«Кім жылдам?» - мозайка құрастыру -10сайыс.
Марапаттау.


2. Жүргізуші: Бүгінгі сайыста қазақ тілі еліне сапар шегеміз. Алдымыздан көп сайыстар кездеседі. Әр сайысқа 3-5 ұпай сандары қойылады және капитандар сайысына да 3-5 ұпай қойылады. Ең жоғары ұпай 5, ең төмен ұпай 3.
Қазылар орнықтырар әділдікті
Кімдердің жауаптары кәміл шықты.
Білім мен тапқырлықтың сайысында,
Жеңіске жетер дейміз нағыз мықты, - деп әділ қазылар алқасын сайлаймыз.

(Фанфары )
3 әділ қазылар алқазы сайланады.


1. Жүргізуші. Төселген жазушы емес менің затым
Көркемді жұмыс емес жазған хатым
«Сергек ой – ер серігі» дейді қазақ,
Салмақтап ел танысын ерлер атын.

Сайысымыздың бет ашарын бастайық

Көрерменді бір серпілтіп тастайық

Таныстырсын сайыскерлер өздерін

Өнеріне ду қол соғып қостайық – деп, кезекті сайысты қатысушы топтарға берейік.


1сайыс  - «Сәлем – сөздің бастауы». Екі топтың сәлемдесуі. Танысуы.

-         Салем, достар! Сәттілік тілейміз! (деп екі команда сәлемдеседі)

 Танысу.
1 –топ «Алғыр»:
Тобымыз:
-Алғыр!
Ұранымыз:
-Біз алғырмыз, алғырмыз
Жеңіске біз жетеміз!
2-топ «Тапқыр»:
Тобымыз:
-Тапқыр!
Ұранымыз:
-Ойлан да, ойна,
Тапқырлықпен ойла.

-         1-ші сайысты бағалайық!       Алғыр тобына

Тапқыр тобына

2. Жүргізушінің  сөзі:

- Ана тілі – асыл күні бабамның,

Қуатымсың ақ сүтіндей анамның.

Сәби шақтан бесігімде жыр тыңдап,

Туған тілді жаттап өскен баламын, - демекші келесі кезекті 2 сайысымыз  « Сөйлей – сөйлей шешен боласын...» Сурет бойынша әңгімелеуде қатысушыларға сөз берелік.

Әділ қазылар қауымы бағаларыңызды көрсетсеңіздер.    

Алғыр тобына

Тапқыр тобына

1.     Жүргізуші:

Өзге ұлт өкілдеріне қазақ тілін оқытудағы мақсат – мемлекеттік тілде сөйлеу білуге, өз ойын айта білуге, сауатты жаза білуге үйрету. Тіл – ұлттың жаны. Ғабіт Мүсірепов тіл туралы былай деген: «Тілін білмеген түбін білмейді» дегендей келесі кезекті «Кім тапқыр?» сайысына көшейік. Сөз тіркесін құрау. (сәбіз, қызанақ, қоян, қарбыз, қыз, үй, ту, күшік, доп, гүл).


2. Жүргізуші.  Кім білімді, өнерпаз, білейікші,

Оқушылар алғыр деп жүрейікші.

«Кім жүйрік?» сайысына кезек беріп,

Қазақтың төл дыбыстарын білейікші. (әріп бойынша сөз айту: Ә,Ү,Ұ,Қ,Ө,І,Ғ.)

Әділ қазылар қауымы бағаларыңызды көрсетсеңіздер.    

1. Жүргізуші.  «Білімді мыңды жығады

Білекті  бірді жығады»-деп келесі сайысқа көшейік ( тиісті әріпті қой )
«Алғыр» тобына:                             «Тапқыр» тобына:
...йрек                                              К...белек
ж...зім                                              алт...
...лу                                                  тор...ай
б...р                                                  ...алам
т...рт                                                 ша...ғы
мысы...                                            ...й.
Әділ қазыларға кезек берейік.

2. Жүргізуші: Ана тілім – ақылшым,

Сен – ана, бала, ақынсын!

Қазақ деген балаға

Қанат беріп жатырсың. 6-шы сайыс - «Сөзжұмбақты шешу»  
«Алғыр» тобына:
Нога Нос Глаза Рот
«Тапқыр» тобына:
Брат, Гранат, Звери, Груша

Әділ ұпайларыңызды көрсетсеңіздер дейміз.

1. Жүргізуші:

«Кел, балалар, ойнайық!

Ойнайық та, ойлайық

Қандай сұрақ болса да

Жауабын таппай қоймайық», -  дей келе келесі сайысымыз «Ойлан, тап!» - сұрақ – жауап -7 сайыс. Бұл сайыста үрілген шар берілген, ол шарлардың ішінде сұрақтар бар, осы шарды жарып ішіндегі сұраққа жауап беруі керек.
1. Үй жануарларын ата
2. Қазақ тілінің төл дыбыстарын ата
3. ҚР мемлекеттік тілі қай тіл:
4. Үй құстарын ата
5. ҚР рәміздерін ата
6. ҚР призеденті кім?
7. ҚР астанасы қай қала?
8. Бір жылда неше ай бар?
9. Апта күндерін ата.

Кезекте бағалау. Әділ қазылар ұпайларыңызды көрсетсеңіздер.

2. Жүргізуші:

Қымбат маған ана тілім, бал тілім,

Қымбат маған дана тілім, ар тілім.

Ақ сүтімен бірге сіңген бойыма,

Ана тілім – ардақ тұтар алтыным. «Анамыздың ақ сүтімен бойымызға дарыған тілімізді ұмыту – бүкіл ата-бабамызды, тарихымызды ұмыту» деген Б.Момышұлы. «Өнерлі өрге жүзер» - әр топ өзінің өнерін көрсетеді. Қазақстың ұлттық ойынын іс-қимыл арқылы көрсетеді, көрермендер қандай ойын түрі екен табуы қажет. Одан кейін көрермендермен экранда берілген суреттер бойынша қазақтың ұлттық ойындарын табу арқылы ойын көрсету.

 

Әділ қазылар қауымы бағаларыңызды көрсетсеңіздер.    

 

1. Жүргізуші:

Әрбір тілде сөйле таң қылып

Қазақ тілін білмеу қандай заңдылық?!

Өсер болсаң, байтақ далам тұрғанда

Қазақ тілі жасау керек мәңгілік! – дей отырып, «Мәнерлеп оқу» сайысын бастаймыз. - 9 сайысы.

Алғыр тобы.

Тапқыр тобы.

Бағалау.

2. Жүргізуші:

 «Көз –қорқақ, қол батыр», - дей отырып кезекте келесі сайысымыз «Кім жылдам?» - мозайка құрастыру -10сайыс.  

Бұл сайыста екі топ берілген мозайканы құрастырғанша, «Ертегілер» әнін 2 «В» сынып оқушысы Маер Тамила әсем әуенмен шырқап береді.

«Алғыр» - домбыра.
«Тапқыр» - киіз үй.

 

Ұпай санын көрсету.

«Жеке бір адам ұлт тілін жасай алмайды. Тіл – бүкіл халықтың игілігі, халықпен бірге жасап, бірге дамиды. Ана тілін жақсы білмейінше сауатты сөйлеп, сауатты жазып, тіл байлығын мол қолданбайынша, шын мәніндегі мәдениетті адам атануға болмайды». С.Негимов пікірі.

«Айтқан сөз – атқан оқпен тең» – дегендей, әділ қазылар алқасына сөз береміз. Нәтиже шығару .

 

Топтарды Марапаттау.
Қорытынды:
1. Жүргізушінің сөзі:  Тіл-қасиетті, құдіретті, киелі. Бұл қасиеттер бойға ананың ақ сүтімен дариды. Тіл өшпейді, қандай қиындықта да тіл өз ұрпағының қанына, жанына өз ұрығын егіп, өміршең күй кеше береді.

Егер ісім өнсін десең, ретін тап

Биік мансап - биік жартас

Ерінбей еңбектеп жылан да шығады,
Екпіндеп ұшып қыран да шығады;

Қайратсыз ашу - тұл,
Тұрлаусыз ғашық - тұл,
Шәкіртсіз ұстаз – тұл, - демекші.

Бағың өскенше тілеуіңді ел де тілейді, өзің де тілейсің, бағың өскен соң - өзің ғана тілейсің –деген Абай атамыз 17 қара сөзінде. Осыны әрдайым ұмытпағайсындар. Жарайсындар балалар. Бүгінгі сайысымызға белсенді қатысқандарың үшін мың алғысымызды білдіреміз.

Туған тілім – тірлігімнің айғағы,
Тілім барда айтылар сыр ойдағы.
Өссе тілім мен де бірге өсемін,
Өшсе тілім мен де бірге өшемін.
Кіршіксіз қардай сақтаңдар,
Қазақтың тілін ғаламат.
Ана тіл – арым, иманым,
Аманат, саған, аманат, - демекшіміз.

Осымен  «Қазақшаңыз қалай?» атты сайысымыз өз мәресіне жетті.  Сау болыңыздар!

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Разработка по казахскому языку на тему"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Карьерный консультант

Получите профессию

Фитнес-тренер

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Краткое описание документа:

«Қазақшаңыз қалай?» 

Мақсаты: 

1. Оқушыларды өз ана тілінің қадір-қасиетін біліп, өз ана тілінің көркемдігін сезініп, сөз құдіретін түсініп, оның адам өміріндегі маңызын ұғуға үйрету. 

2. Тіл көркемдігін, байлығын, шешендігін көрсететін нақыл сөздер, мақал-мәтелдер арқылы оқушы дүниетанымын, ой өрісін, қи-сынды ойлау қабілетін дамыту. 

3. Тіл тазалығын сақтау, мәдениетті сөйлеу, шешендік өнерді оқушы бойына сіңіре отыра, ана тіліне сүйіспеншілігін қалыптастыру, мемлекеттік тіл мәртебесін көтеруге атсалысуға шақыру. 

Қазіргі  таңда еліміз өз тәуелсіздігіне қол жеткізгеннен кейін мемлекеттік тіліміз – қазақ тілі болып бекітіледі. Қазақстан Республикасының «Тіл туралы Заңы» күшіне енді. Болашағымызды баянды етер басты қаруымыз – тіліміз.

 

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 664 916 материалов в базе

Скачать материал

Другие материалы

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 27.03.2015 2046
    • DOCX 27.3 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Рахишева Бану Ерболатовна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Рахишева Бану Ерболатовна
    Рахишева Бану Ерболатовна
    • На сайте: 9 лет
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 8808
    • Всего материалов: 4

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Методист-разработчик онлайн-курсов

Методист-разработчик онлайн-курсов

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 138 человек из 46 регионов

Курс повышения квалификации

Особенности введения и реализации обновленного ФГОС НОО

36 ч. — 144 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 1106 человек из 80 регионов
  • Этот курс уже прошли 19 292 человека

Курс повышения квалификации

Организация системы внутришкольного контроля качества образования на уровне начального общего образования

36 ч. — 144 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 44 человека из 24 регионов
  • Этот курс уже прошли 251 человек

Курс повышения квалификации

Использование элементов театрализации на уроках литературного чтения в начальной школе

36 ч. — 144 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 62 человека из 27 регионов
  • Этот курс уже прошли 492 человека

Мини-курс

Идеи эпохи Просвещения: педагогическое значение для современности

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Развитие коммуникативных и здоровьесберегающих навыков

8 ч.

1180 руб. 590 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Самосовершенствование: шаги к личному росту и эмоциональному благополучию

10 ч.

1180 руб. 590 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 259 человек из 61 региона
  • Этот курс уже прошли 73 человека
Сейчас в эфире

Консультация эксперта в сфере высшего образования. Как подготовиться к поступлению в вуз: простые ответы на сложные вопросы

Перейти к трансляции