Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Музыка / Другие методич. материалы / "Үрмелі аспаптар оркестрі" ашық сабақ 3 сынып

"Үрмелі аспаптар оркестрі" ашық сабақ 3 сынып


  • Музыка

Поделитесь материалом с коллегами:

Сыныбы: 3 сынып

Пәні: Музыка

Сабақтың тақырыбы: Үрмелі аспаптар оркестрі.

Сабақтың мақсаты: Үрмелі аспаптар оркестрімен таныстыру, аспаптық топ құрудағы негіздер.

Сабақтың міндеті:1. Аспаптар туралы шағын түсінік беру.

2. Олардың шығармашылықтарымен танысу.

3. Сүйіспеншілікке, табиғатты аялауға тәрбиелеу.

Сабақтың түрі:Жаңа сабақ.

Сабақтың барысы

Ой шақыру.

Оқушыларға мәтінді оқытып, талдау жасау,түрлы музыкалық аспаптармен танысып талдау жасап,әңгімелеу.

Оқулықпен жұмыс.

Үрмелі музыкалық аспаптар оркестрі – ағаштан немесе жезден жасалған үрмелі және соқпалы музыка аспаптарында орындаушылар ұжымы. Үрмелі музыкалық аспаптар оркестрі әр жағдайда – концерт залдарында, ашық далада, марштарда пайдаланылады. Сондай-ақ мәдени-көпшілік, қоғамдық,спорт, салтанатты мейрам-той жиындарын өткізуде кеңінен қолданылады.

20-ғасырдаүрмелі музыкалық аспаптар оркестірінің 3 түрі кіші, орташа, үлкен қалыптасты. Кейбір үлгілі әскери оркестрі құрамында 80-100 орындаушыға дейін болды. Оркестр құрамына ағаштан жасалған музыкалық аспаптар флейта, гобой, кларнет, саксофон, фагот, жезден жасалған музыкалық аспаптар валторна, труба, тромбон, корнет, баритон, бас және контрабас, және соқпалы музыкалық аспаптар тобы кіреді.

1990 жылы Қазақ мемлекеттік филармониясы жанынан үрмелі аспаптар оркестрі құрылып, оның көркемдік жағын Қ. Ахметов басқарды.

Музыка тыңдау.

«Әскери марш». Орындайтын үрмелі аспаптар оркестрі. Дирижері Қ. Ахметов.

Сабақты қорытындылау.

Ағаштан жасалған үрмелі музыкалық аспаптарды ата. Жезден жасалған қандай үрмелі аспаптарды білдіңдер. Батырлық, ерлік туралы мақал-мәтелдер айт.

Үйге тапсырма.

«До» нотасын нота дәптеріңе жазып кел.


Автор
Дата добавления 18.02.2016
Раздел Музыка
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров165
Номер материала ДВ-467050
Получить свидетельство о публикации


Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх