Инфоурок Другое Другие методич. материалыІс- әрекеттегі зерттеу жүргізу туралы рефлексивтік есеп.

Іс- әрекеттегі зерттеу жүргізу туралы рефлексивтік есеп.

Скачать материал

 

 

«Өрлеу» ұлттық біліктілікті

 

арттыру орталығының

 

ІІ деңгейлі үш айлық курс тыңдаушысы

 

Керейбаева Гульбану Муратбекқызы

 

1       топ

 

 

 

 

 

 

Тренерлер:Құдайбергенова Гульзада Сайековна

                  Рысқұлбекова Құралай Қалдыбаевна

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

(мерзімі: 1 қазан -25 желтоқсан, 2012 жыл)

 

 

 

 

 

 

 

 

 

«Өрлеу» ҰББО-да ІІ деңгейлі курс І топ тыңдаушысы

Шығыс Қазақстан облысы Шемонаиха ауданы А.С.Иванов атындағы  Выдриха орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Керейбаева Гульбану Муратбекқызының  іс-әрекеттегі зерттеу жүргізу туралы рефлексивті есебі. 

Есеп мазмұны

Ескертпе

Зерттеу тақырыбы: LESSON STUDY әдісі арқылы оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдердегі диалогтік оқыту арқылы        дарынды оқушыларды анықтау.

Зерттеу мақсаты:

1.Төменгі мен орта,орта мен жоғарғы сынып оқушылар арасында тығыз қарым -қатынас орнату.

2.Дарынды және талантты оқушыларды айқындауда, ынтасы төмен оқушылардың қызығушылығын, өзіне деген сенімін, қорқыныш үрейінен арылту.

3.Зерттеудің әдіс-тәсілдері:

Оқушылардан сауалнама алу. Дәстүрлі және өзгертілген сабақтарды видео таспаға,фотоға түсіру. Оқушылардан сұхбат алу.

Зерттеу базасы:

А.С.Иванов атындағы Выдриха орта мектебі.

Зерттелген сыныптар:

5,8,11-сыныптардағы дарынды және талантты оқушыларды анықтау. Қазақ әдебиеті және орыс әдебиеті.

9,11-сыныптар оқушының іс-әрекеттерін зерттеу. Қазақ тілі

Зерттеу уақыты:

29 қазан – 22қараша 2012 жыл.

1.Кіріспе

1.1 А.С.Иванов атындағы Выдриха орта мектебі- гуманитарлық бағыттағы жалпыға білім беретін орта мектеп. 530 оқушысы бар, 60 педагог жұмыс істейді.

1.2 Зерттеуге қатысқан педаготар: Орыс тілі мұғалімі- Жукова Ольга Леонидоана. Қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі-Енсебаева Гульсара Тілеубекқызы.

1.3 Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев «Қазақстан -2030» Қазақстан халқына арнаған жолдауында «Біздің жас мемлекетіміз өсіп,жетіліп кемелденеді,біздің балаларымыз бен немерелеріміз онымен бірге ер жетеді.Олар қазақ,орыс, ағылшын тілдерін еркін меңгереді,олар күллі әлемге әйгілі өз елінің патриоты болады» деп көрсеткен. Жолдаудың осы тармағын ұстана отыра бағдарламаның өзара байланысты жеті жеке модуль шеңберінде LESSON STUDY әдісі арқылы оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдердегі диалогтік оқыту арқыл дарынды оқушыларды анықтау зерттеу нысанам болды.

«Бұлақ көрсең-көзін аш»-демекші зерттеу нысанымның мазмұны осы жолдарымен пара- пар келетіндей. Яғни осыған дейін мұғалім түсіндіруші ,оқушы тыңдаушы болса, енді бәрі басқаша, мұғалім тек жол көрсетуші, оқушылар проблемалар мен мәселелерді шешу кезінде өзінің тәжірибесін қалыптастыру мақсатында ойлау үдерісін жүзеге асырушы. Білім саласын  дамыту мақсатында жоғарыда келтірілген тақырыптарды зерттеу арқылы оқытудың жаңа әдіс –тәсілдерін таратушы ретінде  сыныпқа қатысты алған себебім, жалпы білім беретін мектеп болғандықтан,бір сыныпта әр түрлі деңгейдегі оқушылар,дарынды оқушылар,денсаулықтарында ақаулары бар оқушылар кездеседі.Осындай әр түрлі категориядағы оқушыларды бір сарында оқыту қазіргі заман талабы көтермейді.Диалогтық оқытуға аса көңіл бөлгенім  адамгершіліктің жоғарғы қасиетінсіз қай білім болмасын өзіндік құны жоқ.Бір сөзбен айтқанда,тіршіліктің қайнар көзі қарым -қатынас пен диалогта ғана іске асады.Блум таксаномиясы бойынша сабақты жопарлауда әр мұғалім кез келген тұлғаның ойымен,ішкі дүниесімен ұштасып жатады және адам өмірінің мәні де дәл осыда.Диалогтық оқыту арқылы оқушының өз бойындағы құндылықтарын табуға жол сілтей отыра дарын иелерін айқындап алуды көздедім.

Мектепке байланысты таңдаған себебім,тарихы тереңде жатқан мектептің атына сай, заты да сай болсын дегенім.Олай дейтінім,мектебім Анатолий Степанович Иванов атында. «Вечный зов», «Тень изчесают в полдень» сияқты ауқымды туындылардың авторы осы мектептің түлегі. Гребенщиков Григорий Дмитревич туралы да айта кетсем артық болмас. Оның  «Чупаевцы» деген әлемге әйгілі туындысында қазақ даласы қандай кең болса, халқының жан дүниесі де,ойы да сондай кең деп атап көрсеткен.Жиырма жыл көлемінде Оксфорд,Кембредж университеттерінде дәріс берген.

  Мұғалімдерге оқытудың жаңа тәсілдерін бірлесе жұмыс істей отыра (LESSON STUDY) оқу үдерісін дамыту мақсатында  практикасына енгізу бастамаларына қолдау көрсету басты мақсатым болды. Оқытудың біршама  жаңа әдіс –тәсілдері қолданылып жатыр. Әрине,мұғалімдер оны әріптестерімен бөлісіп,өз тәжірибелерінде енгізіп жүргені сөзсіз.Осы курсқа дейін сыныпта тақырыпты жеткізу мақсатында ғана топтық жұмыстарды ұйымдастыратынбыз, бірінші бетпе- бет кезеңінен кейін  алған білімімді қорыта келгенде  оқушылар өздерін ынтымақтастық атмосферасында   еркін жағдайда ойларын өрбіту керектігін бойыма қабылдадым.  Жасыратыны жоқ, әріптестерім бүгінгі күнге дейін бірсарынды жұмыс жасап,оның нәтижесіне де аса көңілдері толмай жүргендерін жандарында бүкпеді,кейбірлері дұрыс бағыттамыз деген ойларын ортаға салып жатты.Бір нәрсені өзгерткенмен әкімшілік қалай қарайды деген үрей басым болатын,ал оқушылардың көзқарастарымен мүлдем санаспадық десем де болады.Біліктілікті көтеру курсында алған теориялық білімімді тарату мақсатында  екінші бетпе-бет кезеңі,яғни  мектептегі тәжірибе барысында ең алдымен әкімшілікпен,әріптестеріммен кездестім.

Мектептегі тәжірибе кезіндегі жасалатын жұмыс жоспарыммен таныстырдым.Олардың тарапынан тек қолдау көрдім.  Кембридж университетінің бағдарламасы аудан мұғалімдерін қызықтырып отырғандықтан, білім бөлімі әдіскерінің сұрауымен екі коуч сабағын ауданда өткіздім.Тәлім алушы әріптесімді тағайындап алдым.Коучингке қатысушы мұғалімдерінің ішінен қызығушылық танытқан бес мұғалім олармен тікелей жұмыс жасауымды сұрады.Әріптестеріммен жұмыс бастамас бұрын өз алған тәжірибелерімді практикада қолданып көру мақсатында сабақтар өткіздім.

     Кембридж университетінің ғалымдары дайындаған бағдарламасы бойынша алған теориялық мағлұматтан кейін, бұрынғыша жұмыс істей алмайтынымды түсіндім. Заман ағымымен жүру қазіргі күннің талабы. Мұғалімдердің біліктілігін  көтеру курсына қатысу мен үшін тек оң әсер етті. Мен сабақтарымды жаңаша жоспарлап,сабағымда әр түрлі технологияларды қолдана отырып қызықты да, әселі етіп өткізуге тырыстым.Үйткені менің мектептегі тәжірибемнің міндеті басқа әріптестерімнің қызығушылығын ояту еді. Әр жұмыс өз талабын, шығармашылық тәсілін талап етеді. Қазіргі уақытта оқу тәрбие процесінде педагогтің конгнитивтік рөлі оқушының өздік шығармашылығына сыни тұрғысынан ойлануға, жаңа педагогикалық технология мен оқудағы жаңа әдістер құзыреттілікке жетелейді. Мұғалімдердің біліктілігін көтеру бағдарламасының жеті модулі есебімен, сабағымды дайындау барысында мен дарынды және талантты оқушылармен жұмысты таңдадым.Іс-әрекеттерді зерттеуге байланысты жүрегіме жақын тақырыпты ашу маған маңызды болып көрінді.Осы тақырыпты ашуда мен қателеспегендігімді түсіндім,үйткені осы сабақты көрсете отырып,жас ерекшеліктеріне байланысты табыс критерийлерін анықтауда және дарынды оқушыларды эмоцияналдық ахуалын зерттеуде ыңғайлы болды.Себебі, біз сабақты өзіміз түсіндіріп,өзіміз бағалап үйренген едік, жаңа тәсіл бойынша, бәрі керісінше. Оқушы өзін- өзі оқыта білуі керек.

Сыни тұрғысынан ойлау тәсілдерін қолдануда сабақ сайын  балалардың қызығушылының артқанын байқадым.Себебі, әр сабақ тыңғылықты, тиянақты дайындықты талап етеді. Менің түсінгенімше, бұл жерде мұғалімнің  сөйлеуі емес,  оқушылардың сабаққа деген ынтасын арттыру маңызды болып табылады. Тренинг пен ойындарды өткізу барысында мен өз -өзімді аша алдым,осы курстан алған білімімді өз іс тәжірибемде пайдалана алдым.Сабағымда фото, видео,АКТ-ны қолдану сапалы нәтиже берді. Сапалы еңбек әрқашан ұстазды жаңа технология,бағалау, рефлексия және бақылауға жетелейді. Сабағыма қойған мақсатыма жету,әр сабақтың нәтижесін көру  әр ұстаз үшін үлкен мәртебе.       Сабақтарымда жеті модульді қолдана отырып, оқушылардың қызығушылығын арттырып, психологиялық тренингтер арқылы сыныпта ынтымақтастық атмосферасын құрдым.Дегенмен, алдағы уақытта осы модульдерді қолдана отырып, білім беруге өзгерістер енгізіп,бұдан да үлкен жетістіктерге жетуге болатынына сенімдімін.

Дарынды балалар үшін мектептің оқу бағдарламасының көлемі тарлық етеді.Дарынды балалар өз іс-әрекетімен,білімге деген құштарлығымен ерекшеленеді.Былай айту себебім,желтоқсанның оны күні Қанипа Омарғалиқызының шығармашылығының  45 жылдығына орай Шемонаиха ауданында ауқымды шара өткізілетіні және осыған орай мектептерде апталық жүргізу  ұйғарылды. Осыған байланысты  оқушылармен кеңескенде олардың тарапынан тек құптаушылық байқалды. Мен оларға сабақтың өту формасы тулалы ойланып келуді тапсырдым. Көп кешіктірмей әркім өз идеяларын ортаға сала отырып, 21 ғасыр көшбасшысы интеллектуалдық ойын сабағын өткізуді ұйғардық. 9-сынып оқушысы Парубцева «Абай-дана,Абай- дара қазақта» ән композициясын өткізуді ұсынды. Оқушылар бұл ұсынысты бірден құптады.Ендігі мәселе осы екі сабақты үйлестіруде болды.Көп ойланбастан сайыс кезеңдеріне өтуде өз шығармашылықтарымызды көрсетіп отыруға бел будық. Әр сыныпқа арналған тақырыпқа қатысты табыс критерийлерін анықтай отыра сабақ жоспарын құрдым.

Тақыр

ып

Жас

тобы

(А)

Табыс

критерийі

(А)

Жас тобы

(Б)

Табыс

критерийі

(Б)

 

15 жас

 

17 жас

 

Қазақ әдебиеті

 

1.Абай жолы романынан үзінді.

«Ана тілегі»

 

 

 

2.Көр

кем аудармашылар

 

3.Мақал –мәтел

дерді толық

тыр

 

Қазақтың ұлы ақыны А.Құнанбаев

тың шығармалары

мен таныс.

 

Абай жолы романындағы негізгі кейіпкерлерді біледі.

 

Сөздікті пайдалана отырып көркем

аударады

 

Мақал –мәтелдерді

біледі

 

Абай жолы романындағы «Ана тілегі» үзіндісін біледі.

 

Ролдерді бөліп береді.Актерлік қабілет

терді қадағалайды.

 

Сөздікті пайдала

на отырып

өлеңнің

құрылысын талдай алады.

 

Мақал мәтелдерді

біледі

Қазақ тілі

 

 

Грамма

тикалықсұрақ

тар

 

 

 

Қосым

ша сұрақтар

 

Жалғау түрлерін біледі.

 

Сөз таптарымен таныс

Қазақстан тарихын біледі

 

Қазақстан тарихын біледі

 

Қазақстанның географиялық жағдайын біледі

 

Жалғау түрлерін біледі.

 

Сөз таптары

мен таныс

 

 

Қазақ

стан тарихын біледі

 

Қазақ

станның географиялық жағдайын біледі.

 

Дәйектемелер келтіре алады

 

 

Сабаққа қатысушы оқушыларды әр-түрлі үш категориядағы (А Б В)  9,11 сынып оқушыларынан  құрып алдым. Қатысып отырған   оқушылардың негізгі қасиеттері:ұқыптылық,зейіннің тұрақтылығы,ақыл-ой,логикалық ойлаудың тездігі, кез-келген жағдайда талдап,салыстыра білулері.

Интеллекті мен дарындылық қабілетін терең зерттеген Ренцулли (1978) дарындылықты адами қасиеттердің үш негізгі тобының өзара әрекеттестігі негізінде нақты анықталады:

Орта қабілеттен жоғары;

Тапсырмаға жоғары деңгейде беріліп орындау;

Шығармашылықтың жоғарғы деңгейі;

Ренцулли мен Райс (1985) дарынды және талантты балалар күрделі қабілеттердің иелері,әрі олар адам қызметінің кез келген құнды саласында өз қабілеттерін көрсетуге бейім деген пікір білдіреді.Олар осы санаттағы оқушылар әдетте кәдімгі мектепте ұсыныла бермейтін көптеген білім беру мүмкіндіктерін қажет етеді деп санайды.Зияттың сегіз түрін анықтаған Гарнерді (2006) атап өтсек: Логикалық математикалық,лингвистикалық,кеңістіктік,музыкалық,тұлғааралық,тереңдетілген,табиғи қасиетін ашады. Осы зияттың кез келгені бүгінгі оқушылардың бойына сәйкес. Дарындылар мен талантты оқушылар біртекті топ емес,олардың әрқайсысы ерекше қасиетке ие десе,Валлах (1970)ж зияткерлік қабілет пен шығармашылық бір- біріне тәуелсіз және шығармашылығы жоғары балада жоғарғы зияткерлік қабілет болуы да,болмауы да мүмкін деп көрсеткен.Оны осы сабағымыздың барысында көруге болады.

Сегізінші сынып оқушысы  Партолина Катерина (Б) көркем сөз оқу шеберлігімен көзге түсті.Дауыс ырғағымен сыныпты өзіне үйіріп алды.Оның өзі де үлкен шеберлік. Орлов Иван(В) Абайдың «Көзімнің қарасы» әнін нышанына келтіре орындады. Сегізінші сынып қыздар тобы Қанипа Омарғалиқызына арнап көрме ұйымдастырып,оны мың бұралған билерімен қорғап шықты. 11-сынып оқушысы Тиханов Михил(А) сабақты әсерлету мақсатында Қанипа Омарғалиқызы туралы  Құдайбергенова Г.С. кітабынан суреттерді,арнау өлеңдерін,қанатты сөздерді пайдалана отырып слайд дайындап келді.Михайлға осы шараны жүргізуді ұсындым.Ол ұяңдыққа салып,бас тартты.

 Сабақтың басында слайдтар ашыла бастағанда Михайлдан шаттық эмоциясын байқадым. Алайда,Михайлды келесі іс шараларда жүргізуші етіп алатынымды түртіп алдым.Дегенмен топ жағдайында дарынды және талантты оқушылар санатын қарастыру кезінде бірқатар ортақ сипаттамаларды көруге болады.Бұл Абай жолы эпопесынан  «Ана тілегі»үзіндісінен қойылған қойылымда байқалды.Рөлдерді жас ерекшеліктеріне байланысты қиыннан жеңілге,яғни жоғарғы сыныптар күрделі рольдерді таңдап алғандарынан байқалды.Бұл қойылымды көрсетуге дайындыққа 20 минут уақыт берілді.Қойылым кезінде олар сөздерінің ретін шатастырған жоқ.Сырттай бақылау кезінде олар осы әңгіменің желісіне кіріп кеткендей болды. Он бірінші сынып оқушысы Тиханов Михайл(А) 

Құнанбайдың роліне кіре алмады.Абайдың анасының роліндегі Юлия(Б) ана бейнесін сомдауда актерлік таланты байқалды. Ания Абайдың әжесі-Зерені образын аша алды.Кейбір оқушылар бірқатар салада қасиеттерінің бар екенін көрсете білсе,Михайл бұл салада өзін көрсете алмады.Дарынды оқушылардың көпшілігнде осындай мінез анағұрлым көрініп тұрады.Сонымен қатар олар бір салада дарынды болса,басқа салаларда қиындыққа тап болулары мүмкін.

Макэлпайн мен Рид (1996) дарынды және талантты оқушылардың пайдалы тізімін жасап ұсынды.Нұсқаулық 55бет.

Шындығында бірде-бір дарынды оқушы келтірілген сипаттамалардың  барлығына ие бола бермейді.

Сабақ барысында тапсырма шарттарындағы сұрақтарға жауап беруде уақыт шектелігі ескертілсе де, ұзап барып жауап қайтарып жатты. Топтарда әр түрлі жастағы оқушыларды  отырғыздым.Сұрақ  жауаптарының  ұзап кетуі мені қатты қиналдырды,сондықтан оларға уақыттың шектеулігі ескертілді.Осы тұста Ания(В) сұрақ -жауап жұмыстарында нақты жауаптарымен ерекшеленді.  Дарынды балалар өз топтарында әрқашан доминант ролін атқарады,өйткені олардың айтар сөздері әрқашан да көп.Сол себептен араларында келіспеушіліктер туындап жатты.Кейбір топтарда әркім өз бетінше жауап беріп жатқаны да байқалды.Оларға әртүрлі шектеулер қатты әсер етеді,авторитеттерді мойындамайды.Дарынды  бала өзінің құрбыларына қарағанда көптеген көзге түсетін қасиеттерімен ерекшеленеді.Топ жұмыстарының жұмыс уақыты шектеулі болғандықтан,топта баяндамашы,хатшы,таймкипер сайланды. Кейін олар топ ережесіне бағынуды үйренді.

Дарынды балалар әрқашан да әр түрлі дәрежелі күрделі тапсырмаларды шешуге дайын болады.Олар ойларын ерекше білдіреді.Мұндай балалар қиын кітаптар,сөздіктер,энциклопедиялар оқиды.Бұның өзі сабақтың келесі кезеңі  «Сыр сандықтан»  шыққан сұрақтарға жауап беріп жатқанда байқалды.1. Африканың багаво тайпасында үй бөлмелерінің едені әр түрлі болған. Мысалы бір бөлменің едені биік, екінші бөлменің едені одан да биік.
Сұрақ: неге бөлме едендері бірдей емес ?

Дұрыс жауабы:Бұл үй иелерінің лауазымына байланысты. Мысалы үй иесі едені ең биік бөлмеде отырады екен.Екінші топта отырған Александраның жауабы:Үй иелерінің санатына байланысты.Александра жеті сұраққа жауап берді.

Александра(Б) тек дұрыс жауаптарымен ғана емес,аударма шеберлігімен де ерекшеленді. Себебі сұрақтар қазақ тілінде жазылған.Тапсырманы дұрыс аударған кезде ғана дұрыс жауабын табуға болатынын басқа топ оқушыларын ойландырды. Александраға келесі шараларда логикалық тапсырмаларды дайындауға  ұсыныс жасадым.Бұл ұсынысқа ол оң қарады.

Көркем  аудармашылар тапсырмасы да оқушыларға оңай тимеді. Дегенмен, топтар бір пікірге келіп жұмыстарын орындауға кірісті. Ойларын ортаға салған кезде 3-топтағы Кристинаның(В) аудармасы көркемдік ерекшелігімен,өлең құрылыстарының сауаттылығымен ерекшеленді.

Сабақ соңында оқушылардың жанарынан қуаныш сәулесі шашып тұрды.Мұндай балалардың қызығушылығы кең болғандықтан  оның қабілетін қандай сала болсада әрқашан дамытып,қолдап отыру қажет.Әрине,дарынды бала қарапайым балаға қарағанда көп білімді,шыдамдылықты,күш-жігерді қажет етеді.

Тек олардың бойындағы қасиеттерді ескере отырып,жас ерекшеліктеріне байланысты табыс критерийларын анықтап алған  жөн.Оларға жұмсаған еңбек еш кетпейді.

 

 

11-сынып

 

11-сыныпКесте№1

 

Тиханов Михайл (А)

Циглер Юлия

 (Б)

Шалдыр

баева Ания      (В)

О-ның пікірі

«Михайлды жақсы бағамен қызықтыра алмайсың»

 

«Юлия көпшіліктің ойымен санаса қоймайды»

 

«Ания білмегенін сұраудан ұялады»

 

Г-ның пікірі

«Қолынан келетін тапсырманы мұқият орындайды»

 

«Жаман баға аламын деген қорқынышы басым »

 

«Ания өз білімін толық қолданбайды»

 

Зерттеу соңында

Жасаған жұмысына әділ баға берді.

Топта басқалардың ойымен бөлісіп,бір шешімге келіп отырды.Актер

ліқ таланты айқындалды

 

Сабақтың барлық жұмыс түрлеріне қатысып отырды.

 

 

MELSсауал.

 

MELS сауал.

 

MELS сауал.

 

Бірлесе жұмыс істеуі

18

20

13

Сенімділігі

14

18

11

Тапсырма

дан қашқақ

тауы

25

26

20

Қалыс қалу немесе оқшау болуы

8

9

13

MELSсауал.

қорытын

дысы

65

73

57

Зерттеу

соңында

Қиын тапсырманы  орындаудан қашпайды,

өзіне сенімді.Көзге түсуді қаламайды.

Юлия біліміне сенімді.

Көпшіліктің пікірімен санасқанды ұнатпайды.

Жаман баға алып қалу қорқынышы басым.

Ания өзіне сенімсіз болғандықтан оқшауланады.

 

 

Оқушының сипаттамасы:

Михайл  -  оқу үлгерімі жақсы, 17 жастағы оқушы. Мінезі  

   жасқаншақ.Нақтылап тапсырма берсең орындауға тырысады. Ол үшін қиын деген тапсырма жоқ.

   Назарын өзіне аударғанды ұнатпайды, оқшау

отыруды қалайды.Ой  ұтқыр және ашық айтады.

         Логикалық тапсырмаларды ұнатады.Ол жеке дара тапсырмалар орындауда ешкімнің көмегіне сүйенбейді. Өз жұмысына қандай  баға берді деп қызықпайды. Топтық жұмыста өзгелердің пікірін қолдайды,

дегенмен өз позициясын

да қалады.Көп жағдайларда терең ойға батып отырады.          Михайлдың болашағы зор

Юлияның  оқу үлгерімі жақсы, 17 жастағы оқушы. Мінезі   салмақты,   ашуланшақ.    Кез келген жағдаймен ерекшеленіп,

сыныптың назарын өзіне аударуды ұнатады.Тап

сырманы орындау қолынан келетініне көзі жетпесе де,алуға тырысады.Өзін еркін ұстайды, ойын ашық айтады. Сабақта ойлануды  қажет ететін  тапсырмаларды  ұнатады. Оған өз бетімен жұмыс жасаған ұнайды. Себебі көптің пікірімен санасу оған қиынға түседі.

          Юлияның  болашағы зор. Ол жақсы оқуға тырысады.

 

Анияның оқу  үлгерімі  төмен, 17 жастағы  оқушы. Мінезі  ұяң

  қайырым

ды.  Қоғамдық   жұмыстарда өзін көрсете біледі. 

Ән айтуды ұнатады. Ортаға тез бейімделеді. Кез келген адамға көмек береді

Топтық жұмыс кезінде өзін еркін ұстайды.

Ол ортақ шешімге тез келеді.

Жеке жұмыс кезінде өзіне деген сенімсіз

дігі басым. Өз ойына нақты дәйектеме келтіре алмайды. Күрделі тапсырма

да үнемі көмек сұрайды. Ол өзіне көмек керек екенін ашық айта алады.

 

Мұғалімнің ескертпелері:

Неліктен Михайл өзін солай ұстайды?

 

Михайлдың тым тұйықтығы достарының алдында ашылуына кедергі жасайды. 

Ол өз жұмысының бағасын құнды деп санамайды.Жеке қасиеттерін ары қарай дамытуға тырыспайды,өзін шектейді.     

Неліктен Юлия өзін солай ұстайды?

 

 

Юлия - өз бетімен жұмыс жасай алатын оқушы. Оның өзіне-өзі тым сенімділігі, өзгелермен тіл табысуға үнемі кедергі жасайды. Ол білім алу мен сыныптағы ынтымақтастықтан гөрі, өз беделін қатты сақтайды.

 

Неліктен Әния өзін солай ұстайды?

 

Әнияның тым ұяңдығы, баяулығы күрделі тапсырма

ларды орындауда кері әсер етеді.Ол сыныптас

тарының алдында беделін түсірмеу мақсатын

да көп тапсырма алуға тырысады.

Мұғалім не істей алады?

Михайлға неғұрлым күрделі тапсырма беру арқылы білімін үздіксіз дамытып отыру керек екенін түсіндіру жөн.Оның әр орындаған жұмысын әділ бағалау арқылы ақпараттың құнды екеніне көзін жеткізу керек және оны орынды пайдалануға ықпал ету керек.

        Мұғалім Юлиямен жеке сұхбаттасу керек. Ең алдымен жұмысты орындауда өз қабілетіне жарайтын тапсырманы ғана алу керек екенін түсіндіру қажет.Бұл оның өзіне-өзі деген сенімділігін арттырады. Юлия – жеке жұмыс жасағанды қалайды. Сондықтан топтық жұмыста оған қиын тапсырмаларды  беру қажет. Сонда ол  өзгелерден көмек сұрап, топпен  ортақ тіл табысады.

             Юлияның болашағынан  үлкен  үміт  күтуге болады.

 

 

Әнияның бойында бұл тапсырма

ны орындай алмаймын деген қорқыныш басым.

Әниямен жеке сұхбаттаса отырып,

оңай тапсырма

дан күрделіге  қарай жүру керек екенін ескерткен жөн.

Қосымша сабақ алуға болаты

нын ескертіп,

өзіне сенімділі

гін арттыру қажет.Келешекте Әниядан көп үміт күтуге болады.

 

 

9-сынып  Кесте№2

 

Сиваков Василий

(А)

Парубцева Катерина (Б)

Орлов Иван (В)

О-ның пікірі

«Василий

жауапкершілігі мол оқушы»

 

«Катерина өзгенің пікірімен санасуды білмейді»

 

«Иванның

жауакершілігі төмен»

 

Г-ның пікірі

« Василий өзін- өзі бағалауы жоғары»

 

«Катерина  білім алуды жақсы баға алу деп түсінеді»

 

«Иван қабілеті бар, оған қызықты тапсырмалар керек»

 

Зерттеу соңында

Василий топ ережесін сақтады.

 

Катерина өзгенің пікірімен санаса білетінін көрсетті.

 

Иван

қызығушылы

ғы оянып,топта белсенді жұмыс жасады.

 

 

MELSсауал.

 

MFLS сауал.

 

MFLS сауал.

 

Бірлесе жұмыс істеуі

20

18

25

Сенімділігі

17

9

5

Тапсырмадан қашқақтауы

21

22

25

Қалыс қалу немесе оқшау болуы

12

8

15

MFLS сауал.

қорытындысы

65

57

70

Зерттеу

соңын

да

Өзіне деген сенімі мол. Қиын тапсырмалар орындаудан қашпайды.

Топта бірлесе жұмыс жасауда сенімділігі аз болғандық

тан, қиын тапсырмалардан қашқақтайтынын көрсетті.

 

Үй тапсырмасын орындаудан қашқақтайды, өз -өзіне сенімділігі төмен.

 

 

Оқушының сипаттамасы:

  Василий оқу үлгерімі жақсы 15 жастағы оқушы.

Сыныптың  назарын  өзіне    

  аударғанды ұнатады. Әрдайым мадақтауды күтіп отырады.  Ойын ашық айтады.

         Күрделі тапсырмаларды  орындауды ұнатады. Оған өз бетімен жұмыс жасаған ұнайды. Көптің пікірімен санаса бермейді. Топтық  жұмыста өз пікірін құптауды талап етіп тұрады. Тапсырма орындауда, мұғалімге бірнеше рет сұрақ қойып, өз жұмысын нақтылап алады.  Дұрыс істемегенімді жолдастарым көрсе, менің беделім түсіп қалады  деген оймен отырады.

 

Катерина оқу  үлгерімі  жақсы, 15 жастағы  оқушы.  Өз бетімен жұмыс істегенді ұнататын, басқаның пікірімен көп келіспейтін оқушы. Қойған мақсатына өзін жетелейді.Кедергілерді ұнатпайды. Сыныптас

тары алдындағы  беделді сақтауға тым құмар емес, дегенмен білім алуды «5» деген баға алу деп түсінеді. Жұмыс барысында дегбірсіздік танытады түсінбесем төмен баға аламын деген қорқыныш басым. Өзіне – өзі сенімділігі аз.           Катерина  жақсы оқуға тырысады. Болашағы зор.

 

Иван – оқу  үлгерімі  төмен, 15 жастағы  оқушы. Мінезі тұйық. Қоғамдық  жұмыстарға  белсене  араласады. Жақын арада  адаммен тіл табыса  алмайды. Өзінің  араласатын  шағын ғана ортасы бар. Жауапкершілігі  орташа. Түрлі сылтаулармен тапсырмалар

ды орындаудан қашқақтайды. Өзіне – өзі сенімділігі аз. Ойында күмәндік басым. Сабақта  өз қабілетін  көрсетуге  тырыспайды. Сабаққа деген қызығушы

лығы мен белсенділігі  төмен.

Қиын тапсырма

лардан қашқақтайды. Өзгенің  пікірімен санаса біледі, жеке қасиеттерін өзгерте алады. Дегенмен оның болашағынан үміт күтуге  болады.

 

Мұға

лімнің ескерт

пелері:

Неліктен Василий өзін солай ұстайды?

 

 

Василий - өз бетімен жұмыс жасай алатын оқушы. Оның өзіне-өзі сенімсіздігі, әрдайым өзгелерден   қолдау күтіп тұратыны. Ол білім алу мен сыныптағы ынтымақтастық

тан гөрі, өз беделін қатты сақтайды.

 

Неліктен Катерина өзін солай ұстайды?

 

 

Катерина - өз бетімен жұмыс жасай алатын оқушы. Оның өзіне-өзі тым сенімділігі, өзгелермен тіл табысуға үнемі кедергі жасайды. Ол білім алу мен сыныптағы ынтымақтас

тықтан гөрі, өз беделін қатты сақтайды.

 

Неліктен Иван өзін солай ұстайды?

 

Иван сынып  алдында  өзін – өзі көрсетуге тырыспайды. Оған мінезінің ұяңдығы кедергі жасайды. Әрі кез келген  нәрсеге қызығушылық  танытпайды. Себебі сабақ материалдары  оны қызықтырмайды. Оған қоғамдық  жұмыстар ұнайды. Ол келешекте білімнің маңыздылығы шамалы деп ойлайды.

Мұғалім не істей алады?

Мұғалім Василидің жағдайын ескере отырып,  мәселені бірлесіп шеше алады. Ең алдымен, Василиға достық қарым-қатынасты бірінші орынға қою керектігін   нақтылап түсіндірген жөн. Сондықтан топтық жұмыста оған қиын тапсырмаларды  беру қажет. Сонда ол  өзгелерден көмек сұрап, топпен  ортақ тіл табысады.

       Василидің болашағынан  үлкен  үміт  күтуге болады. Себебі оның оқуға деген ынтасы зор. Тек оны беделмен, бағамен айырбастап алудан сақтандыру керек.

 

 

        Мұғалім Катерина жеке сұхбаттасу керек. Ең алдымен жұмысты орындауда өз қабілетіне жарайтын тапсырманы ғана алу керек екенін түсіндіру қажет. Бұл оның өзіне-өзі деген сенімділігін арттырады. Катерина – жеке жұмыс жасағанды қалайды. Сондықтан топтық жұмыста оған қиын тапсырмаларды  беру қажет. Сонда ол  өзгелерден көмек сұрап, топпен  ортақ тіл табысады.

            Катеринаның болашағынан  үлкен  үміт  күтуге болады.

 

 

 

 

Мұғалім  Иванмен жұмыс  жасағанда, оған білімнің болашақтағы маңыздылы

ғын  нақтылап  түсіндіру  керек. Сондықтан  жеңілден қиынға қарай жүретін тапсырмалар  беру керек. Сынып алдында  Иванның беделін  көтеріп, оның қолынан келетін, маңызды жұмыстарды тапсыру керек. Бұл оқушының  мінезінің  ұяңдығынан ашылмай қалған  қырларын  ашуға  және  жауапкерші

лігін  арттыруға көмектеседі. Иванға берілетін  тапсырмалар  оның  қызығушылы

ғын  оятатындай  қызықты және ойландыратындай болу керек.

 

 

 

 

9-cынып

 

Кесте№4

Күтілетін жетістік деңгеиі

Жетістік жөніндегі деректер

Сиваков Василий   (А) 15 жас

Василий  білімін өз еркімен білдірмейді.

Сабақ барысында ол барлық тапсырмаларды орындап отырды. Өз еркімен суырылып шықпады. Топ ережесіне байланысты кезегі келгенде жауап беріп отырды. Көркем аудармашылар тапсырмасында ерекшеленді.

Парубцева Катерина(Б) 15 жас

Өз білімін нақты жеткізе алады. Шығармашылық қасиетімен ерекшеленеді.

Көрме ұйымдастыруда басшылықты қолына алды. Көрменің мазмұнын аша алды және би тобымен ерекшеленді.

Орлов Иван  (В) 15 жас

Көп сасқалақтайды.

Өз-өзіне сенімсіз.

Ән орындауда ерекшеленді, сұрақтарға тез жауап беріп отырды.

Тиханов Михайл (А) 17жас

Логикалық тапсырмаларда ерекшеленеді.

АКТ-ны қолдануда ерекшеленді.Логи

калық тапсырмаларда өзін көрсетті.

Циглер Юлия   (Б) 17жас

Шығармашылығымен көзге түседі.

Актерлық таланты анықталды.

Шалдырбаева Ания(В) 17жас

Шығармашылығымен көзге түседі.

География,қазақ әдебиетінен білімі терең екенін көрсетті.

 

 

«Таксаномия» ұғымы биологиядан алынған.Ол күрделілігігің өсуі бойынша бірінен соң бірі орналастырылған және өзара тығыз байланысты объектілерді таксаномиясы жіктеу және жүйелеуді білдіреді.Осы тұрғыдан білім беру жүйесінде кеңінен тараған педагогикалық идеялардың бірі-америкалық ғалым Бенджамин Блумның таксаномиясы.Б.Блум бір топ әріптестерімен бірге 1956 жылы  «Таксаномияның» танымдық саладағы мақсаттарды сипаттайтын бірінші бөлімін жарыққа шығарды.Таксаномия идеялары бүкіл әлем педагогикалық жұртшылығында таным және ойлау әрекеттерінің деңгейлерін,оқу мақсаттарын айқындауда кеңінен қолданыс тапты.

Дарынды және талантты оқушыларды анықтау мақсатында коучингке қатысушы М.әріптесімнің сабағын бақыладым. Сабағын жоспарлауда мен оған белгілі оқушылар тобына  алдын ала тақырып беріп,бақылап отыруды ғана ұсындым.

Нәтижелі сабаққа дейін бұл сыныпты қадағаладым,оқушылардың білім деңгейлерінің жоғары екені байқалды. Оқушыларды өзін-өзі басқаруға мүмкіндік беру мақсатында сабақты Блум жүйесіне салып жопарлауды сондай ақ осындай деңгейдегі сыныптар неге басқа аудиториялармен білімдерін бөліспеске деген ұсыныспен әріптесіме онлайн режимде (АКТ) сабақ көрсетуін ұсындым.

1.Білім.Қайталау немесе тану арқылы мәліметтердің есте қалай сақталғанын тексеру мақсатында топ мүшесіне зерттеу тақырыбы берілді.

Салтанаттың тобына Қобыланды батыр жырын зерттеу тапсырылды. (ж.с-2   а.с-3 барлығы -5) 

2.Түсіну. Топ мүшелері мәліметті таныс,анық күйге ауыстыру арқылы өзіндік түсінік қалыптастырды.Бұл деңгейде үйренушілер мағлұматты тек есте сақтамайды,олар оның ауқымы мен көлемін ұлғайтпаса да,сол берілген мөлшерде басқаша қылып көрсетті.

Түсіндірме әдетте «Қалай?» «Неліктен?» сұрақтарына жауап беру мен «Салыстырыңыздар» «Айырмашылығын көрсетіңдер» тапсырмалары арқылы жүзеге асады.Қобыланды жырын зерттеуде Салтанаттың тобы оқулықтарда бұл жыр туралы өте аз мәлімет берігенін ескере отырып, «Осы жырда Қобыланды батыр тарихи тұлға ма,әлде ел қорғау мақсатында туған әдеби кейіпкер ме?» деген тақырыпты өзекті мәселесі етіп таңдап алған.

 (ж.с-1   а.с-5 барлығы -6) 

3.Қолдану. Қолдану қандай да бір проблеманы шешу үшін мәліметті іс жүзінде қолдану,жүзеге асыру мақсатында оқушылар оқытушының көмегінсіз таныс емес проблеманы өздігінше шешті. Проблемамен танысады,проблеманың ерекшеліктерін анықтайды,шешім қабылдайды,шешімді жүзеге асырады.

Салтанаттың тобы жобаның аннатациясын,жыржың мақсатын,жырдың мазмұнын құрып алды.

(ж.с-3   а.с-3 барлығы -6) 

4.Талдау. Егер «Қолдану»  деңгейі шешім қабылдау үшін құрамдас бөліктерді біріктіруді меңзесе, «Талдау» деңгейі керісінше бүтін тұтас нәрсені оның қалайша құрылғандығын түсіндіру мақсатында құрамдас бөліктерге бөлуді нұсқайды.Бұл деңгейде зерттеу нысанының әр түрлі бөлшектері белгілі бір нәтижеге жету үшін қалайша бірге жұмыс істейтінін көрсете алдыру.Талданған бөліктер:Қобыланды батырдың өмір баяны,шығу тегі,батыр туралы шешендердің шежірелерінен мысалдар келтірілді. Батырдың кесенесі сипатталды,қазақ ақын жазушылардың Қобыланды туралы ойлары,жырдың варианттары,жырдағы образдар,жырдың құрылысы,Айса жыраудан,Мұрын жыраудан,Нұрпейіс жыраудан нақты дәлелдер келтіре отыра талдады. Сол арқылы берілген мәліметті әрі қарай дамытты.

(ж.с-1   а.с-6 барлығы -7) 

5.Синтез. Синтез жаңа мазмұн мен бүтін ұғым тудыру мақсатында және бөліктерді шығармашылықпен біріктіру.Синтез шығармашылық  процестерді білдіреді.Ал синтез үйренушінің және тәжірибе негізінде жаңалық енгізуді жаңа шешім келтірді.Синтез келесі түрде болды.Шығармашылықтарын презинтация арқылы сенімді,нақтылап дәлелдеп берді.

6.Бағалау. Бағалау күмәнді,даулы және пікірталас туғызатын мәселелер бойынша шешім қабылдап,оны нанымды дәлелдер арқылы айғақтау.Бұл деңгейде логикалық жүйе,дәйектілік сенімді талаптарды қолданды.Бағалауда үйренушілер алдымен өз ойлары,идеялары критерийлер негізінде құрастырылатындығын  анықтап,осы талаптарды қолдана отырып өз ойларын келтіреді. Тыңдаушылар дәлелденіп жатқан мағлұматтан бойына дарытатын,өмірде ең қажетті қасиеттерді іліп алып жатты.Қыз балалар көбінекей Қарлыға мен Құртқаның бойындағы қасиеттерге тоқталып жатты.Осы жерде Әлияның: «Жырдағы Қарлыға мен Құртқаның бойынтағы табиғи сұлулығынан қалыс қалмайтын жан сұлулығын аламын»,Жандостың: «Қобыландыға қамқоршы болған Құртқаның махаббат жолындағы қайсарлығын аламын», Динараның: «Біздің ұлдарымыз ел қорғайтын патриот болсын!»-деген бағалау пікірталастар туғызатын қорытындылар арқылы жүзеге асты.Зерттеу жұмысын қорғауда Салтанат көшбасшылық танытты және дикциялық қабілеті жағынан көрінді.АКТ-ны кеңнен қолдану сауаттылық дағдыларын дамытуға көмектесті,басқа аудиториялар өз пікірлерін білдірді.Балаларға олардың жұмысы туралы кері бағалы байланыс алуға мүмкіндік берді. Сабақ талдау кезінде  мұғалімнің: «Сабақтарымды Блум жүйесіне салсам,әр сабағым ғылыми жұмыс болады ғой!»-деп өткен сабаққа риза екенін білдірді.Келесіде осы әдістеме бойынша жұмыстанатын қорытты.

LESSON STUDY мұғалімдерді оқыту және олардың тәжірибесін дамытудағы ынтымақтастық тәсіл. Бұл 1870-ші жылдары Жапонияда тәжірибені жақсарту мен жетілдіру мақсатында пайда болған.Нұсқаулық 101-бет.

Осы тәсілді коучинг барысында түсіндіргенде әріптестерім аса қызығушылық танытты.Осы тәсілді практикамызға егізіп көрсек деген ұсыныстар түсті. Үш әріптестен құралған команда құрып алдық. Олар:орыс тілі және қазақ тілі мұғалімдері. Әр түрлі үш категориялы оқушының қандай қасиеттерін болжау арқылы олардың бойынан дарындылықты таба аламыз деген сұраққа жауап алу үшін оларға жеті модульды қатыстыра отырып,кіріктірілген сабақ жүргізуді ұсындым.

Әріптестерім құптап, қазақ әдебиетінен Абай мен Пушкинге арналған «Жарқыраған жұлдыздардың тоғысуы» тақырыбы мен орыс әдебиетінен

«В созвездии блистательных имен» тақырыбында өзгертілген сабақ өткізді.Кіріктірілген (интеграциялық) сабақта оқушыларды бақылау қиындық тудырады деген болжамда болдым.

Оқушыларға алдын ала Абай мен Пушкинге байланысты шағын зерттеушілік жұмыстар- реферат жазу,Ұлы ақындардың әндерін орындау, өлеңдерін оқу,ұқсас шығармаларын айқындап алу және сол шығармадан сіз нені көресіз деген сұраққа ойларын сурет салу арқылы жеткізу тапсырмалары берілді.Сабақ өткізуде мектепте интерактивтік тақтаның болмауы қиындық туғызды.Дегенмен мұғалімдер әр топтың алдына ноутбуктар қойды.Абай мен Пушкинға байланысты оқушыларға таныс емес ақпараттар презентациялар арқылы көрді.

Зерттеп отырған тақырыбыма жауап ойламаған жерде сабақтың басында –ақ табылды.

Бұл сабақ Оксананың(Б) орындауында «Желсіз түнде жарық ай» әнімен ашылды. Шыны керек, осы баланың қазақ әндеріне деген қызығушылығы бар екенін білмеген екенмін.

Бесінші сынып оқушысына тән Оксананың дауыс тембрі мен ритмді ұстауы жоғары ноталарды еркін алуы барлығымызды таң қалдырды.Сабақтың соңында (рефлексия) мұғалім Оксанаға тікелей сұрақ қойды.

-Оксана,сен бүгінгі сабақта не білдің?

- Мен Абай Құнанбаевтың әндеріндегі әуенді де өзі жазатынын білдім.

Бұл жауаптан Оксана бойында тума таланттың бар екенін тағы да дәлелдеді.Себебі 5-сынып оқушылары мұндай ерекшелікке мән бере қоймайды.

Дәстүрлі сабақта көп ерекшеленбеген Владимир(В) сыни тұрғысынан ойлауға байланысты тапсырмада Абай мен Пушкиннің шығармашылығынан ортақ тақырыпты   тапқан.Олар:Абайдың «Қыс»,  Пушкиннің «Зимнее утро» өлеңі.Осы шығармаларды Владимир терең талдай отырып,ойын сурет арқылы жеткізген.Көп суреттерде оқушылар аязатаны салған екен. Осы жерде Владимир: «Менің суретімде түн,таң ағарып қалған,қатты қысқан аяз,мұржасынан түтіні шығып жатқан,терезесінен жарық түсіп тұрған үйді бейнеледім»- деген жауабы  екі тұлғаның да шығармаларындағы көріністі дәл бейнелеген. Өзі болашақта суретші болғысы келетінін жасырған жоқ.Осыған дейін Владимирдің сурет салатынын көпшілігі білмеген екен.                                                                                                    Іс- әрекеттерді зерттеу барысында кіріктірілген сабақтар оқушыны әр қырынан ашатынын көрдім.Себебі оқушылар жанына жақын пәндерден тапсырмаларды қалауы бойынша алды. Бұл жердегі мұғалімдердің ұтқаны оқушыларға ерік бергендігінде. Мұғалімдермен сұхбат барысында: «АКТ-ны қолдану уақытты үнемдейді, дегенмен оқушылар бұл ақпараттарды интерактивті тақталарда көргенде әлде қайда әсерлі болар еді»-деп жауап берді.

Іс-әрекеттерді зерттеу барысында кездескен қиындықтар оқушылардың демалысына байланысты уақыттың аз болғаны. Дегенмен бұл тұстың ұтымды болған жағдайы мұғалімдермен еркін жұмыс жасадым. Тәжірибе кезінде көп әріптестеріммен жақын таныстым,олардың қызығушылығы маған тек оң әсер етті.Келешекте тәжірибеге енгізген өзгерістерді ары қарай дамытамын,әсіресе LESSON STUDY тәсілі арқылы  оқушыларды зерттеу басқа әріптестермді де қызықтырды.Келешекте бұл тәсілді басқа мектептерге де үйретуді жоспарлап отырмын. Осы іс-тәжірибедегі қорытындылармен мектеп психологтарымен,ата-аналармен,сынып жетекшілерімен бөлісемін.

Сондықтан жұмысымның ең негізгісі  Кембридж университеті бағдарламасын іске асыра отырып,адамгершілігі жоғары, шығармашылық қабілеті дамыған, бүгінгі ғаламдану үрдісінде ұлттық ізгі дәстүрді,ұлттық сананы жалғастыру,ұлттық бейнені сақтау арқылы дарынды жеке тұлғаны қалыптастыру және тәрбиелеу.

 

 

Пайдаланылған әдебиеттер:

1. «Назарбаев  Зияткерлік  мектебі» ДББҰ, «Мұғалімге  арналған нұсқаулық», 2012 жыл.

2. Үлестірмелі  материалдар (2 апта)

3. «Назарбаев  Зияткерлік  мектебі» ДББҰ, «Мұғалімдерге  арналған  бағдарлама» 2012 жыл.

4. «Назарбаев  Зияткерлік  мектебі» ДББҰ, «Мектептегі  тәжірибе кезеңінде орындауға  арналған  тапсырмалар»,

 2012 жыл.

5.cpm.kz

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Іс- әрекеттегі зерттеу жүргізу туралы рефлексивтік есеп."

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Психолог в социальной сфере

Получите профессию

Технолог-калькулятор общественного питания

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Краткое описание документа:

Зерттеу тақырыбы: LESSON STUDY әдісі арқылы оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдердегі диалогтік оқыту арқылы      дарынды оқушыларды анықтау.

Зерттеу мақсаты:

1.Төменгі мен орта,орта мен жоғарғы сынып оқушылар арасында тығыз қарым -қатынас орнату.

2.Дарынды және талантты оқушыларды айқындауда, ынтасы төмен оқушылардың қызығушылығын, өзіне деген сенімін, қорқыныш үрейінен арылту.

3.Зерттеудің әдіс-тәсілдері:

Оқушылардан сауалнама алу. Дәстүрлі және өзгертілген сабақтарды видео таспаға,фотоға түсіру. Оқушылардан сұхбат алу.

Зерттеу базасы:

А.С.Иванов атындағы Выдриха орта мектебі.

Зерттелген сыныптар:

5,8,11-сыныптардағы дарынды және талантты оқушыларды анықтау. Қазақ әдебиеті және орыс әдебиеті.

9,11-сыныптар оқушының іс-әрекеттерін зерттеу. Қазақ тілі

Зерттеу уақыты:

29 қазан – 22қараша 2012 жыл.

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 665 159 материалов в базе

Скачать материал

Другие материалы

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 12.01.2015 5840
    • DOCX 71 кбайт
    • 26 скачиваний
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Керейбаева Гульбану Муратбековна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    • На сайте: 9 лет и 3 месяца
    • Подписчики: 12
    • Всего просмотров: 185355
    • Всего материалов: 22

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Менеджер по туризму

Менеджер по туризму

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс профессиональной переподготовки

Библиотечно-библиографические и информационные знания в педагогическом процессе

Педагог-библиотекарь

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3650 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 490 человек из 71 региона
  • Этот курс уже прошли 2 329 человек

Курс профессиональной переподготовки

Руководство электронной службой архивов, библиотек и информационно-библиотечных центров

Начальник отдела (заведующий отделом) архива

600 ч.

9840 руб. 5600 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 25 человек

Курс профессиональной переподготовки

Организация деятельности библиотекаря в профессиональном образовании

Библиотекарь

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3650 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 283 человека из 66 регионов
  • Этот курс уже прошли 850 человек

Мини-курс

Искусство звука: путешествие по музыкальным жанрам

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Личность в психологии

5 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 23 человека из 14 регионов

Мини-курс

Путь к осознанным решениям и здоровым отношениям

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 102 человека из 39 регионов
  • Этот курс уже прошли 15 человек