Инфоурок Классному руководителю Другие методич. материалыС.Сейфуллин. «Ақсақ киік» 5-сыныпқа арналған сабақ жоспары

С.Сейфуллин. «Ақсақ киік» 5-сыныпқа арналған сабақ жоспары

Скачать материал

Әсем Райымбекова,

№25 орта мектептің

қазақ тілі мен әдебиеті

 пәнінің мұғалімі.

Қарағанды қаласы.

С.Сейфуллин. «Ақсақ киік»  (2-сабақ)

(5-сынып)

Сабақтың мақсаты: білімділік – ақын туралы  қосымша мәлімет бере отырып, білімдерін толықтыра түсу, «Ақсақ киік» өлеңініңтақырыбы мен идеясын ашу, мәтінмен жұмыс істеу;

дамытушылық – шығармашылық жұмыстар арқылы ойлау қабілеттерінің дамуына, тіл байлығының артуына ықпал жасау, өз бетінше талдау жұмыстарына машықтандырып, түйінді ой, өзіндік пікір  қалыптастыруына, ой-пікірін ортаға салуа білуге  жол ашу;

тәрбиелік – оқушыларды адамгершілікке,ізгілікке баулу, елжандылыққа тәрбиелеу, сұлулықты көре білуге, бағалай білуге ұмтылдыру, эстетикалық және экологиялық тәрбие беру.

Сабақтың типі: аралас

Сабақтың түрі: дәстүрлі

Әдіс-тәсілі: мәнерлеп оқу, әңгімелеу, талдау, сұрақ-жауап, топтастыру, сын тұрғысынан ойлау.

Көрнекілігі: портрет, тірек сызба, суреттер, электронды оқулық, Қазақстан картасы, интерактивті тақта.

Пәнаралық байланыс: тіл, тарих, география, биология

 Сабақтың барысы:     І. Ұйымдастыру кезеңі.

Оқушылармен сәлемдесу. Сабаққа қатысуын тексеру. Зейінднерін сабаққа  аудару.

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау.

   Үйге «Ақсақ киік» өлеңін мәнерлеп  оқып, мазмұндау және Сәкен туралы қосымша деректер жинап келу тапсырылған. (Оқушылардан «Ақсақ киік» өлеңінің мазмұны сұралады)

-          С.Сейфуллин қай жерде, қай жылы дүниеге келген? (1894 ж. Қарағанды облысы, Нілді деген жерде дүниеге келген)

-          Ол кісі кім болған? (жазушы, алашордашы, лирик ақын, ұстаз, әнші, қоғам қайраткері)

-          Қандай шығармалары бар? («Бақыт жолында»,  «Қызыл сұңқар» драмалары , «Тау ішінде», «Біздің жақта», «Көкшетау» әндері, «Тар жол тайғақ кешу» раманы бар)

-           Алғашқы  өлеңдер жинағы қай жылы, қайда, қандай атпен басылып шықты? ( 1914ж. Қазан қаласында «Өткен күндер»деген атпен басылып шығады)

-           Жұбайының аты ( Гүлбаһрам)

-          Қай жылы репсессия құрбаны болады? (1938ж.)

-          Абақтыдан қашып шыққанда кімнің үйін паналайды? ( Әйтпеновтер  отбасын)

-          Ақсақ киік» өлеңінде не туралы әңгіме болады?

-          Қандай мәселені қозғаған?

-          Идеясы не?

-          Ақбөкенді не үшін атқан? Оның мүйізі неге бағалы?

 С.Сейфуллин кім? (топтастыру).

 

 

«Топтастыру»стратегиясы.            

                                                             лирик  ақын

                               әнші                                               сазгер

Овал: Сәкен
 


                        драматург                                                  қоғам қайраткері

 


                алашордашылардың бірі                    жазушы

       ІІІ. Жана сабақ.

Ой шақыру.

   І деңгей

1.      «Азайды соңғы кезде байғыс бөкен», «Мүйізін пайда қылып шетке сатқан» деген жолдардан нені түсіндік? (Адамдардың өз табиғатына зиянкестік іс-әрекет жасап, зияны жоқ аңдардың саны қазіргі кезде сиреп кеткені туралы айтса, киік мүйізінен пайда тапқысы келген пайдакүнем, ақшаға құнығып, табиғатқа кесел келтірген адамдарды адамдарды ашық айыптап отыр.)

2.       Өлең сендерге несімен әсерлі болды? ( Өлеңдегі ақынның табиғатты суреттеуі, жанашырлығы ұнады. Басқа шығармаларға қарағанда бізге әсер еткені – адамдардың табиғатты қорғамауы, мергендердің аяусыз жазықсыз аңды атуы. Мергеннің мергендігі жалғыз киікке  түскені адам баласын ашындырмай қоймайды. Себебі ол – қазіргі таңда саны жағынан азайып бара жатқан түз жануары.)

3.      Өлең қалай аяқталады деп болжам жасайсың? (Ақын киіктің өлгені не өлмегені туралы бізге нақты мәлімет айтпаған. Сондықтан қансырап өлуі мұмкін немесе жолаушыға кез болып, мейірімді жандардың қолында жарақатынан жазылуы мүмкін, ит-құсқа жем болуы мүмкін немесе жолшыбай адамға кез болып, ол адам қазақша бауыздап, етін азық етуі мүмкін.)

Не болды деп ойлайсың?

Дәлеліңіз қандай?

Не болды?

Киік жапан далада қиналып келе жатқанда талып жығылады, әлсірейді.

Көп қан жоғалтты, шаршады.

1. Осы кезде бір қасқыр кездесіп, жан қинамай жеп қояды.

2. Мейірімді адам қорыққа апарып емдейді.

 

     Мұғалімнің қосымша дерек беруі

-          Балалар, өлеңнің бастапқы  жолдарында баяндалған Арқа, Бетпақдала туралы мәлімет

бере кетейін. Арқа, яғни, Сарыарқа  - Орталық Қазақстанды алып жатқан аймақ. Батысынан шығысына дейін 1200 шақырым өңірді алып жатыр. Бетпақдала осы Сарыарқада  орналасқан, батысы сазды, шығысы тасты, құмды, шөлді жер.(Картадан көрсетеді). Бұл аймаққа Қазақстанның ірі 6 облысы орналасқан. Олар: Ақмола, Қостанай, Қарағанды, Петропавл, Павлодар. Қысы суық, жазы ыстық болады. Пайдалы қазбаларға өте бай. Басты өзендері: Есіл, Нұра, Сарысу.

 

  Табиғат зоналары шөлейт және шөл зоналарымен көзге түседі.Қуаңшылық жерлер көп болатындықтан сор, сортаңды жерлерде өсетін көкпек, жусанның бірнеше түрі  кездеседі.

-          «Киік» қандай аң? Сендер ол туралы не білесіңдер?

  Киікті қазақ ақбөкен деп те атайды.  Ақбөкен – жұп тұяқтылар  отрядының бөкендер туысына жататын, тұлғасы ірі, қойға ұқсас, дөңес тұмсықты, күйіс қайтаратын түз жануары. Ақбөкеннің қазба қалдықтары плейстоцен қабатынан Батыс Англиядан Шығыс Аляскаға дейінгі аралықта табылған. Ақбөкендер Монғолияда, Қалмақ даласы мен Қазақстанда ғана сақталған. Текелерінің дене тұрқы 126-150см  салмағы  37-49 кг, ал ешкілері кішірек, дене тұрқы 109-127 см, салмағы 22-37 кг-дай болады. Үстіңгі ерні салбырап, етті тұмсыққа айналған. Текесінің мүйізі қайқылау келеді, ешкісінде мүйіз болмайды. Жаз айларында арқа түсі сарғыш тартады, қыста түсі ақшылданады. Қазақ халқы «Құралайдың салқыны»деп атайдын мерзім мамыр айындағы киіктің баласын өргізуіне байланысты атаған. Көбіне егізден, кейде 3 лақ та туады. Ақбөкендер шөл, шөлейтті және далалық аймақтарда тіршілік етуге бейімделген. Олардың қоныс өзгертуі ауа райына, жайылымға  байланысты болады. Бетпақдаладағы ақбөкендер  өсімдіктің 81 түрімен қоректенеді. Олар әр түрлі шөптерді жылдың мезгіліне қарай таңдап жейді. Киіктер шөпті жерден жұлып жеуге ғана дағдыланған.

     Ақбөкеннің негізгі жауы - қасқыр,  ал жас төлдеріне бүркіт,  дала қыраны мен қарақұстар да шабуыл жасайды. Ол аусыл, пастереллез ауруларымен ауырады. Ақбөкен дәмді еті,құнды мүйізі мен тұяғы,  әдемі терісі үшін ауланады. Оның мүйізінен пантокрин дәрісі алынады. Ақбөкеннің тұяғын күйдіріп, одан алынған күлді денедегі теміреткіге жағады, сусамыр ауруына  шалдыққандарды емдеу үшін де пайдаланады. Осы қасиеттерін дәріптеп, қазақ киікті «Киелі», «Қасиетті аң» деп бағалайды.

    ІІ деңгей.

1.      Өлеңде қандай жерді суреттеген? (3 слайд, Қазақстан картасынан Бетпақдаланы көрсету).  Бетпақдала – Сарыарқа деген үлкен аймақтың шөл даласы. Онда киік мекен етеді. Онда елді-мекен, өзен, көл болмайды. Өсімдіктен жусан өседі.)

2.      Қандай өсімдік атаулары кездесті? Дәптермен жұмыс. (Көкпек, боялыш, жусан - шөлді жерде өсетін жапырақсыз шөптер).

3.      Киікті неге теңейді? (Ақын оны жас балаға теңейді. Әрбір кішкентай бала сұлу болады. Бөкен де бала сияқты сұлу.)

ІІІ деңгей .

1.      Киіктің портреті қандай? (таңы аппақ, екі көзі мөлдір қара... Бөкеннен сұлу аңды мен көмедім... Қап-қара екі көзі мөлдіреген, Әдемі екі танау желбіреген).

Сөздік:

Шөл – суға тапшы аймақ

Сегіз көштік – ұзындық өлшемі

Таңы – жануардың әсем,сұлу, мүсіні.

Қос – шатыр, күрке, далалықта паналайтын баспана.

Бетеге- шөп атауы.

 Қу боялыш- шөп атауы

Киік – аталық жануар.

 Бөкен – аналық жануар.

Бетпақдала- Арқаның шөл даласы.

 

 

2.      Өлең қалай аяқталған?  (Өлеңде сұлу аң киіктің аянышты тағдыры, адам қолынан жасалған қиянат айтылады.Оқиға жапан далада оқ тиіп жараланған бөкеннің шыбын жанын қоярға жер таппай мазасызданған сәтін суреттеумен аяқталады). 

3.      Өлеңге талдау жасау. (Дәптермен жұмыс):

-          Ақын «Ақсақ киік» өлеңі арқылы жас ұрпаққа не айтқысы келеді? Өлеңнің идеясы не?

1)      Тақырыбы киіктің аянышты тағдырына арналған; 2) идеясы – экологиялық жағдайды ашына айтуы.

-          Табиғатты қорғау туралы қандай мақал-мәтелдер, өлеңдер білесіңдер?

 

 

 

ІҮ. Өлеңнің мазмұны бойынша жоспар құру.

Жоспар:

1.      Бетпақдала табиғаты.

2.      Сұлу бөкен.

3.      Төнген қауіп.

4.      Жаралы киік.

5.      Мейірімсіз мерген.

 

Ү. Өлеңді құрылысына талдайық.

1.      Қап-қара // екі көзі// мөлдіреген, -11а

2.      Әдемі// екі танау// желбіреген. – 11 а

3.      Елеңдеп// жас балаша// жалтаңдайды, -11 б

4.      Жел түрткен// жусаннан да// селдіреген. 11а

Шумақ саны -17; тармақ саны - 68  ;буын саны – 11; бунақ саны – 3.

11 буынды қара өлең ұйқасы.

-          Өлеңде көркемдегіш тәсілдердің қай түрі кездеседі?

Елеңдеп жас балаша жалтаңдайды – теңеу.

 

ҮІ. Сабақты қорытындылау.

INSERT. Түртіп алу жүйесі.

Не білеміз?

Нені білдік?

Нені  білгіміз келеді?

 

 

 

 

ҮІІ. Үйге тапсырма.

1.      «Ақсақ киік» өлеңінен үзінді жаттау.

2.      « Табиғат – біздің екінші анамыз» тақырыбына ойтолғау жазу.

ҮІІІ. Бағалау.

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "С.Сейфуллин. «Ақсақ киік» 5-сыныпқа арналған сабақ жоспары"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Таргетолог

Получите профессию

Методист-разработчик онлайн-курсов

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Краткое описание документа:

Сабақтың мақсаты: білімділік – ақын туралы  қосымша мәлімет бере отырып, білімдерін толықтыра түсу, «Ақсақ киік» өлеңініңтақырыбы мен идеясын ашу, мәтінмен жұмыс істеу;

дамытушылық – шығармашылық жұмыстар арқылы ойлау қабілеттерінің дамуына, тіл байлығының артуына ықпал жасау, өз бетінше талдау жұмыстарына машықтандырып, түйінді ой, өзіндік пікір  қалыптастыруына, ой-пікірін ортаға салуа білуге  жол ашу;

тәрбиелік – оқушыларды адамгершілікке,ізгілікке баулу, елжандылыққа тәрбиелеу, сұлулықты көре білуге, бағалай білуге ұмтылдыру, эстетикалық және экологиялық тәрбие беру.

Сабақтың типі: аралас

Сабақтың түрі: дәстүрлі

 

Әдіс-тәсілі: мәнерлеп оқу, әңгімелеу, талдау, сұрақ-жауап, топтастыру, сын тұрғысынан ойлау.

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 664 849 материалов в базе

Скачать материал

Другие материалы

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 05.04.2015 2774
    • DOCX 23 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Омарова Баршагуль Дюсембаевна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Омарова Баршагуль Дюсембаевна
    Омарова Баршагуль Дюсембаевна
    • На сайте: 9 лет и 2 месяца
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 33436
    • Всего материалов: 19

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Методист-разработчик онлайн-курсов

Методист-разработчик онлайн-курсов

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 138 человек из 46 регионов

Курс повышения квалификации

Уверенность, уверенное поведение, воспитание волевых привычек, развитие учебной мотивации у детей и подростков

72 ч.

2200 руб. 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 82 человека из 32 регионов
  • Этот курс уже прошли 248 человек

Курс повышения квалификации

Организация работы с молодежью

36 ч. — 180 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 77 человек из 33 регионов
  • Этот курс уже прошли 171 человек

Курс повышения квалификации

Актуальные вопросы взаимодействия образовательной организации с семьями обучающихся

72/108 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 41 человек из 20 регионов
  • Этот курс уже прошли 88 человек

Мини-курс

Психология аддиктивного поведения

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 51 человек из 25 регионов
  • Этот курс уже прошли 32 человека

Мини-курс

Карьерный навигатор: эффективный поиск работы

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 24 человека из 16 регионов

Мини-курс

Стратегии успешного B2C маркетинга: от MoSCoW до JTBD

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе