Инфоурок Другое Научные работыСабақ жоспар педагогика пәнінен тақырыбы , " Дидактика"

Сабақ жоспар педагогика пәнінен тақырыбы , " Дидактика"

Скачать материал

 

«Бейнеу  гуманитарлық-экономикалық  колледжі»   МКҚК

 

 

Педагогика,  психология  және  эстетикалық  пәндер  циклі

VIII колледжішілік «Жас маман – 2017» байқауы

 

А Ш Ы Қ      С А Б А Қ

 

 

Дидактика туралы ұғым

 

 

 

                                                                               Өткізген: педагогика, психология  пәнінің

                                                                                оқытушысы – Қайранова А

 

 

 

 

 

Бейнеу, 2017 жыл

Пәні:  Педагогика

Тобы: МтБ-73

Күні:  14.02.2017 ж

Сабақтың  тақырыбы:  Дидактика туралы ұғым

Сабақтың  мақсаты: 

Білімділік:  дидактика   туралы  түсінік  беру,  дидактиканың  даму тарихын ұғындыру және оның дамуына үлес қосқан ғалымдардың еңбектері  туралы  түсінік беру.

Дамытушылық:  өткен  сабақ  пен  жаңа  сабақты  байланыстыра  түсіндіру,  студенттердің  ойлау  қабілетін,  зейінін,  пәнге  деген  қызығушылығын арттыру,  өз  бетімен  жұмыс  жасауға  баулу,  шығармашылыққа  бейімдеу.

Тәрбиелілігі:  студенттердің  белсенділігін  арттыру,  топпен  жұмыс  жасау  арқылы  бірін-бірі  сыйлауға,  ұжымшылдыққа тәрбиелеу.

Типі:  жаңа  білімді  меңгерту  сабағы

Түрі:  саяхат

Әдісі:  іздендіру,  түсіндіру,  топтастыру,  шығармашылық  жұмыс,  сұрақ-жауап,  талдау, ой-толғау.

Пәнаралық  байланыс:  жалпы  педагогика,  жалпы  психология,  жаңа педагогикалық технология,  жасерекшелік  педагогикасы, т.б.

Көрнекі  құралдар:  слайд,  LED  панель,  оқулықтар, ұшақтар, ватман,маркерлер  т.б

Қолданылған  технология:  В.Шаталовтың  тірек-сызбалар  технологиясы

Сабақтың  барысы

І  Ұйымдастыру  кезеңі:  студенттермен  амандасу,  түгендеу,  сабаққа  даярлау.  Студенттерді  топқа  бөлу  және  бағалауды  түсіндіру

ІІ  Үй  тапсырмасын  сұрау:   «Ұшақтағы сауалдар»  ойыны

1. Отбасы тәрбиесі дегеніміз... ? (бұл қоғамдық тәрбиенің бір бөлігі, мемлекет алдындағы ата- аналардың борышы)

2. Ата – ана абыройы дегеніміз? (жасы үлкен кісінің күдіксіз қасиеті, күші, ішкі қуатты берік логикаға негізделген ісі мен қасиеті)

3. Мектеп пен отбасы байланысының басты формасы (ата- аналар жиналысы)

4.Ата – аналарға педагогикалық білім беру үшін қандай шаралар өткізіледі?  (әңгімелер, конференциялар, сұрақ-жауап, консультациялар)

5. Өскелең ұрпақты тәрбиелеудегі шешуші буын қалай аталады?  (мектеп)

6. Қай құжатта ана мен баланың ерекше қамқорлық күтуіне құқығы бар деп жазылған?  (Бала құқығы туралы конвенцияда)

7. Мектепке дейінгі балаларды отбасында тәрбиелеу жөнінде бірінші басшылық берген кім? (Я.А.Коменский)

8. Отбасында тәрбиелеу мәселелері жөніндегі Я.А.Коменскийдің әйгілі кітабы?  («Ана мектебі»)

9.  Өте нәзік тікелей немесе жанама түрде жеке адамға әсер ететін, тежейтін әдістердің бірі?       (Ым – ишара,ымдау)

 

 

 

 

ІІІ  Негізгі  бөлім

Жаңа  сабақты  түсіндіру 

«Тұлғаны  жан-жақты  тәрбиелеу  үшін,  оны  жан-жақты  білу  керек!»

Д.Ушинский

1.Дидактиа туралы ұғым (суреттер мұражайы)

«Дидактика» - бұл ежелгі грек сөзі, яғни didasko – оқыту, түсіндіру, дәлелдеу, оқу деген ұғымды білдіреді. Дидактика білім беру мен оқытудың теориялық және әдістемелік негіздерін зерттейтін педагогика ғылымының саласы. . Дидактиканың міндеті – білім мазмұнын, оқыту әдістерін және оқытуды ұйымдастыруды ғылыми тұрғыдан негіздеу.

Дидактиканың негізін салушы чех педагогы Ян Амос Коменский (1592-1670). Оның 1632 жылы шыққан «Ұлы Дидактика» кітабында оқыту мақсаты, әдістері, принциптері, сынып-сабақ жүйесі туралы жазылды. Ол басты мақсат – адамшылық, оған жету жолы – білім беру және оқыту деп санады. «Көп емес, өмірге керекті білімдерді» беруге шақырып, оны түсіндіру үшін жаттығу, тәжірибелік әдістерді қолдануды ұсынды. Оқушыны жақсы сезімге бөлейтін әдістердің пайдалылығын дәлелдеді. Я.А.Коменский саналылық және белсенділік, көрнекілік, жүйелілік және сабақтастық, жаттығу және түсініктілік принциптерін ұсынды. Коменский сынып-сабақ жүйесін терең зерттеді.  «Жақсы ұйымдастырылған мектеп заңдары» деген еңбегінде сынып-сабақ жүйесінің бөліктерін атады. Олар:

·         Оқушыларды мектепке белгілі бір уақытта қабылдау, сабақ аяқталған, ешкімді одан босатпау;

·         Оқушыларды сыныптарға бөлу;

·         Әр сыныпқа бір бөлме беру;

·         Күніне 4 сабақ өткізу;

·         Әрбір сағатта істелетін жұмыстарды жоспарлау;

·         Қоңыраудың соғылуы;

·         Тәртіп;

·         Бір сабақтың ұзақтығы бір сағаттан аспау керек;

·         Сабақты күзде бастау.

«Мұғалім – сабақты жаратушы, оның жүрегі»,- деп түсінген. Оқушының өз күшіне деген сенімін арттыру, еңбекті сүюге тәрбиелеу, үй жұмысы туралы да мәселелер ұлы педагогтың назарынан тыс қалған жоқ. Коменский экскурсияны кең қолданып, оны білім берудің маңызды құралы деп санаған.

Иоганн Генрих Песталоцци (1746-1827 жж.) «Гертруда өз балаларын қалай оқытады» (1801 ж.) деген еңбегінде дамытып оқыту принциптерін ұсынып, бастауыш мектептегі оқыту әдістерінің негізін қалады. . Қоршаған дүниені сезім арқылы қабылдау – білім негізі. Одан әрі нәтиже – дерексіздің. Білімді қажетсіну ынтаны туғызады. Сөз, сана, шама – ақыл жемісі, оның негізі, оқытудың қарапайым құралдары. Жаратушы балаға күш береді. Ол баланы дамуға итермелейді. «Көз көргісі, құлақ естігісі, аяқ жүргісі, қол ұстағысы, жүрек сенгісі, жақсы көргісі, ми ойланғысы келеді», - деген. Осы тұжырымға сай И.Г.Песталоции буынға бөліп оқыту, алдымен сурет салуға үйрету, содан кейін жазуға үйрету тәсілдерін қолданған. Бақылау әдісін , баланы бақылаудан алған әсерлерін талқылатуды қолдаған. Оның пікірінше: «Заттар мен құбылыстарды бақылаған баланың ойы оянып, сөйлегісі келеді». Адамның дүние туралы түсінігі алғашқыда анық емес, оны реттейтін оқыту арқылы жиналатын білім қоры, өйткені ол ақыл-ой жұмысын туғызады. Бірақ білімді беру жеткіліксіз, ақылдың қуатын арттыру керек. Ол үшін түрлі жаттығулар, балаға сөйлеу, ойлату, сұрақ-жауап тәсілдері қолданылған. Пәндерді көрнекілік арқылы оқыту тиімді екендігін дәлелдеген. Ұлы педагог көрнекілік әдісін Я.А.Коменскийге қарағанда терең жазып, ақыл-ой жұмысына керектісі еңбек пен тәжірибе деген.

Жан Жак Руссо (1712-1778 жж.) «Эмиль немесе тәрбие туралы» (1762 ж.) деген еңбегінде халыққа білім беруді, әр адамды дамытуды, баланың белсенділігін көтеруді ұсындыү Өз заманының мектебін өмірмен байланыспағаны, кітап тілімен көп сөйлегені үшін сынады, Русоо баланың қажеттілігін қанағаттандыратын оқыту теориясын ұсынды. Бұл тұжырымдамаға сәйкес баланы өмірге бейімдеу керек деп, тәрбиешілерді оның қажеттіліктері мен қызығушылықтарын ескеруге шақырды. Оның оқыту мен бала өмірінің байланысы, бала табиғатын зерттеу, шығармашылық күшін дамыту, еңбекке дайындау сияқты ияеяларының педагогиканың дамуы үшін маңызы зор болды.

Ұлы орыс педагогы Константин Дмитриевич Ушинский (1824-1870 жж.)  басқа тілде оқыту баланың табиғи күші мен қабілетін әлсіретеді, сондықтан оны ана тілінде оқыту керек деді. Ушинский бастауыш мектеп жұмысының негізгі бағыттарын, жеке пәндердің мазмұнын анықтауға көп үлес қосты. Халық шығармашылығы – ертегілер, мақал-мәтелдер, жұмбақтар білімділікке көмектеседі. Зейінді жаттықтыру, есте сақтауды жақсарту, қайталау, жүйелілік, сабақтастық беріктік принциптері, оқытудың түрлі әдістері баланың берік білім алуын қамтамасыз етеді.

Ыбырай Алтынсарин (1841-1889 жж.) – орыс тілін қазақтарға үйрету курсының, оқу жоспарларының, бағдарламаларының авторы. Ол орыс тілі мен қазақ тілінің айырмашылықтарын анықтады. Оқыту процесінде көрнекілік, әңгімелеу, кітаппен жұмыс әдістерін кең қолданды. Ы.Алтынсарин орыс тілін үйрету үшін дайындық сыныптарын ашты, ауызша сөйлеу тәсілі қолданылып, орыс әдебиеті, грамматиканы оқытқанда қазақ тілінде аз сөйлеткен, сөздік жұмыстарын жүргізген.

1879 жылы оқу құралы «Қырғыз хрестоматиясы» шықты. Бұл бірінші, қазақ тіліндегі оқу құралы, оған ауыз әдебиеті шығармалары , өсімдік, техника атаулары енгізілді.

Ахмет Байтұрсынов (1873-1937 жж.) – қазақша оқыту әдістемесінің негізін салушы. «Оқу ана тілінде жүргізілсін» деген талапты бастаушы. 1912 жылы тұңғыш рет «Әліппе» жазды, ол халықты сауаттандырудың басты құралы болды. Бүл оқу құралы әрі сауат ашу, әрі ұлттық дүниетанымды іске асыру мақсатын қойды. 1926 жылы бұл «Әліппенің» жете өңделген жаңа түрі жарияланып, қазақ халқының сауат ашу мектебінің басты құралы болды. Әдіскер оқушыларға ереже жаттаудың тиімсіз екенін дәлелдеп, түсіндір Жүсіпбек  Аймауытов (1980 – 1931жж). «Тәрбиеге жетекші» (1924 ) деген еңбегінде баланы оқытудың ережелерін, заңдарын баяндайтын, оқытудың дұрыс жүйесін  тауып, білім берудің шарттарын көрсететін педагогика  бөлімі «дидактика» деп, дидактикаға қазақ тілінде тұңғыш ғылыми анықтама берген.

   Жүсіпбек  Аймауытов (1980 – 1931жж). «Тәрбиеге жетекші» (1924 ) деген еңбегінде баланы оқытудың ережелерін, заңдарын баяндайтын, оқытудың дұрыс жүйесін  тауып, білім берудің шарттарын көрсететін педагогика  бөлімі «дидактика» деп, дидактикаға қазақ тілінде тұңғыш ғылыми анықтама берген. Ж. Аймауытов баланың ақылын, сезімін, ерік – жігерін, мінезін тәрбиелеу керектігін атап көрсетті. Балаға туған  елдің салт- санасын, әдет- ғұрпын көрсетуді ұсынды. Баланың тіл байлығын арттыруға ерекше көңіл бөлді.

2. Кинотеатр «Мен және менің өмірім»

 

                                  3. «Білім, іскерлік, дағды» базары

 

 

 

 

 

 

 

 

 


           

 

 

 

 


Прямоугольник: скругленные углы: Ойдың тереңдігі оқылған объектіні терең білуден, оны өз бетімен зерттеп, ішкі байланыстарын, басқа объектілермен байланыстарын аша білуден көрінеді.

Прямоугольник: скругленные углы: Ой тұрақтылығы дегеніміз – ойдың маңызды, оқу материалдарына тоқталуы, оларды ойда сақтау керек жерде қолдана білу. Ойдың тұрақтылығы ақыл-ой жұмысымен айналысуға байланысты.

                                          

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Прямоугольник: скругленные углы: Іскерлік дегеніміз – іс – әрекетті жақсы істеуге керекті  жұмыс тәсілдерін белгілі бір жағдайларға байланысты таңдау және қолдану, адамның жұмысты жаңа жағдайда өнімді, сапалы, уақытында істей білу қабілеті.
Прямоугольник: скругленные углы: Қ.Жарықбаевтың анықтамасы бойынша «дағды – алғашқыда саналы орындауды қажет ететін іс- әрекет бөліктерінің қайталап жаттығудың нәтижесінде автоматтандырылуы». Дағды – іс –әрекеттің автоматтандырылған бөлігі, ол іс –әрекетті жақсы, көп күш жұмсамай, жасауға мүмкіндік береді.
 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 


Прямоугольник: скругленные углы: Мәдени дағдылар: ұжымды басқа адамдарды құрметтеу, өзін –өзі тәрбиелеу.Прямоугольник: скругленные углы: Ерік – жігер дағдылары: іс-әрекеттегі белсенділік, тәртіптілік, талап қоя білу.

Прямоугольник: скругленные углы: Тілдік дағдылар: сөйлемдерді дұрыс құру, дәйекті дәлелдерге сүйеніп сөйлеу және жазу, қыстырма сөздерді қолданбау.

Прямоугольник: скругленные углы: Ақыл – ой дағдылары: әдебиеттерді, сызбаларды оқу, есте сақтау, өткенді тұрақты түрде қайталау.

                                            

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Бекіту: «Педагогика»  мейрамханасы (сұрақтар жасырылады)

1        . Дидактика деген сөздің мағынасы: (оқыту, түсіндіру, дәлелдеу)

2        Мұғалім мен оқушылардың мақсатты, бірлескен іс- әрекеті арқылы таным іс-әрекетін ұйымдастыру. (оқыту)

3        Білім беру дегеніміз не? (ғылымда жинақталған табиғат, қоғам туралы білімдерді жеке адамның меңгеруі,қолдана білуі)

4        Дидактиканың негізін салушы? (Я.А.Коменский)

5        Сынып – сабақ жүйесін терең зерттеген кім? (Я.А.Коменский)

6.      Ж.Ж.Руссо қандай теорияны ұсынды? (баланың қажеттіліктерін қанағаттандыратын оқыту теориясын)

7.      Дидактика міндеті:  (білім мазмұнын, оқыту әдістерін, нысандарын негіздеу)

  1. Дамытып оқыту принциптерін жасап, бастауыш мектептегі оқыту әдістерінің негізін қалаушы? (И.Г. Песталоцци
  2. Ы.Алтынсарин «Қырғыз хрестоматиясын» қашан жазды? (1879ж)
  3. А.Байтұрсынов - .... (қазақша оқыту әдістемесінің негізін салушы)

11.  Тұңғыш әліппе жазып, оны сауаттандырудың басты құралы  еткен (А.Байтұрсынов)

  1. Іскерлік дегеніміз не? (іс- әрекетке керек тәсілдерді дұрыс таңдап, қолданып, сапалы жұмыс істеу қабілеті)
  2. Дағды дегеніміз не?Ақыл – ой дағдыларын ата. (іс – әрекеттің автоматтандырылған бөлігі. Өткенді тұрақты түрде қайталау)

 

Кері байланыс:  «Дидактика»  ватманға  саяхат сабағы бойынша үйренгенін түсіріп,қорғау.

Сергіту:

Бағалау:

Үйге тапсырма: Ш.Құрманалина, Б.Мұқанова, Ә.Ғалымова, Р.Ильясова , Педагогика – 265бет

 

 

 

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Сабақ жоспар педагогика пәнінен тақырыбы , " Дидактика""

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Проректор

Получите профессию

Интернет-маркетолог

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 665 040 материалов в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 22.09.2018 6286
    • DOCX 83.1 кбайт
    • 91 скачивание
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Кайранова Акжайык Жылкыбаевна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Кайранова Акжайык Жылкыбаевна
    Кайранова Акжайык Жылкыбаевна
    • На сайте: 7 лет и 3 месяца
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 97839
    • Всего материалов: 11

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Копирайтер

Копирайтер

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Специалист в области охраны труда

72/180 ч.

от 1750 руб. от 1050 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 34 человека из 21 региона
  • Этот курс уже прошли 154 человека

Курс профессиональной переподготовки

Библиотечно-библиографические и информационные знания в педагогическом процессе

Педагог-библиотекарь

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3650 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 487 человек из 71 региона
  • Этот курс уже прошли 2 328 человек

Курс профессиональной переподготовки

Организация деятельности библиотекаря в профессиональном образовании

Библиотекарь

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3650 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 284 человека из 66 регионов
  • Этот курс уже прошли 849 человек

Мини-курс

Возрастные кризисы

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 30 человек из 17 регионов
  • Этот курс уже прошли 18 человек

Мини-курс

Тревожные расстройства: диагностика и причины

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 36 человек из 19 регионов
  • Этот курс уже прошли 15 человек

Мини-курс

Психологические основы профессиональной деятельности педагога-психолога

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе