Инфоурок / Другое / Конспекты / Сабақ жоспары "Есімде Ауған соғысы" 7 сынып
Обращаем Ваше внимание, что в соответствии с Федеральным законом N 273-ФЗ «Об образовании в Российской Федерации» в организациях, осуществляющих образовательную деятельность, организовывается обучение и воспитание обучающихся с ОВЗ как совместно с другими обучающимися, так и в отдельных классах или группах.

Педагогическая деятельность в соответствии с новым ФГОС требует от учителя наличия системы специальных знаний в области анатомии, физиологии, специальной психологии, дефектологии и социальной работы.

Только сейчас Вы можете пройти дистанционное обучение прямо на сайте "Инфоурок" со скидкой 40% по курсу повышения квалификации "Организация работы с обучающимися с ограниченными возможностями здоровья (ОВЗ)" (72 часа). По окончании курса Вы получите печатное удостоверение о повышении квалификации установленного образца (доставка удостоверения бесплатна).

Автор курса: Логинова Наталья Геннадьевна, кандидат педагогических наук, учитель высшей категории. Начало обучения новой группы: 27 сентября.

Подать заявку на этот курс    Смотреть список всех 216 курсов со скидкой 40%

Сабақ жоспары "Есімде Ауған соғысы" 7 сынып

библиотека
материалов

«Есімде Ауған соғысы»


Мақсаты: Ауған оқиғасының тарихи мағыналық ақиқатын ашу

Тәуелсіздік жолында күрескен ағаларымыздың ерлігін кейінгі ұрпаққа үлгі ете отырып, жастарды

Отансүйгіштікке, ерлікке баулу, Ауған соғысы ардагерлеріне құрмет көрсету

Көрнекілігі: Проектор, экран, компьютер,слайдтар

Жоспары:

І. Ерлік сабағының ашылуы

ІІ. «Ауған ақиқаты». Ауғанстан соғысы тарихына

қысқаша мәлімет

ІІІ. «Ардагермен сұхбат»

ІҮ. Қорытынды.

Барысы:

Кіріспе сөз :Құрметті қонақтар, Ұстаздар мен оқушылар!

Талай ата-ананы баласынан айырған бұл соғыс қайдан шықты? Жат мемлекеттің ішкі ісіне неге КСРО араласты? «Ауғандықтардың» бүгінгі ахуалы нешік? Біз бүгін сол жөнінде әңгіме қозғағанды жөн көріп отырмыз.

Ауған соғысы жайлы бейнебаян көрсетіледі

Оқушылар Ауған соғысының тарихын баяндайды.

Ауған соғысының тарихы

Бекзат Ауған соғысы (27.12.1979 — 15.02.1989) — КСРО Қарулы күштерінің Ауғанстанға басып кіріп, оның ішкі істеріне қол сұғуы салдарынан тұтанған соғыс. КОКП және КСРО басшылығы Ауғанстандағы 1978 жылғы сәуір төңкерісі нәтижесінде билікке келген “халықтық-демокр. үкіметті” қолдап, көршілес елдің соц. бағытпен дамуын көздеп, “интернационалдық әскери жәрдем береміз” деген желеумен оның ішкі істеріне араласты.

Жансая Бұл “қырғи қабақ соғыс” кезеңі өткеннен кейінгі уақытта да КСРО-ның өзге елдерді өз ықпалына қарату саясатының айқын көрінісі еді. 1965 ж. қаңтарда Ауғанстанда Кеңес Одағы Мемл. хауіпсіздік к-ті (МХК) тыңшыларының қатысуымен жартылай астыртын қызмет атқарған халықтық-демокр. партия (ХДП) құрылып, біраздан соң ол екіге бөлінген. “Хальк” тобын Н.М.Тараки, Х.Амин, ал “Парчам” тобын Б.Кармаль басқарды.

Аяулым 1977 ж. мамырда Мәскеудің нұсқауымен ХДП-ның екі тобы бірігіп, астыртын қимылдарын ұлғайта түсті. Мұхаммед Дауд үкіметі ХДП-ға қысым жасап, 1978 ж. 26 сәуірде оның басшыларын қамауға алды. Ертеңіне Кабулдағы әскери күштер көтеріліп, 1978 жылдың 27 сәуірінде Ауғанстанда төңкеріс жасалып, Дауд бала-шағасымен қазаға ұшырады. Нұр-Мұхаммед Тараки таққа отырды. Тараки мінезі өте жұмсақ, өз қарамағындағыларға мейірімді жан болатын. Оны биліктегілер «Баба», яғни әке деп атаған.

Дамир Оның серігі Хафизулла Амин керісінше мансапқұмар, қатігез болған , ол орынбасар болып тағайындалды. Бірақ Тарики Аминнің қолындағы шоқпары болатын, ол Таракиді өз пиғылдарын іске асыру мақсатында пайдаланды. Сөйтіп Ауғанстанда ХДП билігі орнады. Хафизулла Амин 1927 жылы туған. Ауған мемлекетінің премьер министрі.Кабул мемлекеттік университетін бітірген. Ол сталиндік режимді жақтаушы болған, сондықтан ол 10 мыңдаған адамды қырып, 100 мыңдаған адамды түрмеге жапқан. Ол бас көтерген рудың барлығын түбегейлі жою керек деген ұстанымда болған, өте қатыгез жан болатын.

Самат Жер реформасын енгізу, діндарларды қудалау, ағарту саласындағы өзгерістер, кеңестік мамандарды көбірек пайдалану, жергілікті көшпелі тайпалардың әдет-ғұрпымен, салт-мүддесімен санаспау, т.б. бұқара халықтың наразылығын тудырды.

Бірақ Тараки мен Аминнің елдегі дүрбелеңді басуға шамалары жетпеді.

Тағы шайқала бастаған Н.Тараки жағдайды реттеу үшін 1978 жылы наурыз айында КСРО астанасы Мәскеуге жасырын келіп, көмек сұрайды.

Міне, осы жерден бастап Тараки мен Аминнің жолы екі айрылады. Өйткені Амин тақ иесінің Мәскеуге жалтақтағанын тіпті де құп көрмейтін. Жаңа үкімет КСРО-ның айтқанынан шықпай, бірден социализм негізін қалауға кірісті.

Ақтілек Ауған халқының басым бөлігі, әрине, Аминнің жағына шығады. Таракидің де жақтастары аз емес-тін. Ел екіге бөлініп, әрбір қалада соғыс оты тұтана бастайды. Жағдайды сырттай бақылап отырған КСРО ел ішінде беделі күрт көтеріліп бара жатқан Аминнің көзін құртуға кіріседі. Ол үшін, әрине, таққа «өз адамын» отырғызу керек еді. Енді КСРО іске белсене араласа бастайды

1979 жылдың ақырында 26 уәлаятта 18 көтеріліс өрті лаулады. Сондай жағдайда ХДП басшылары өзара тартысып, Кармаль тобы жеңіліп (1978, шілде-тамыз), оның өзін Чехословакияға елші етіп жіберді. Келесі жылғы қыркүйекте Тараки Аминнің қолынан қаза тауып, ХДП мен мемл. басына Амин отырады. Бұл жағдайды Мәскеу өз мүддесіне қауіп ретінде қабылдады.

Асылжан Біздің әскелер 1979 жылдың шілде айынан бастап Ауған жеріне құпия түрде енгізіле бастаған. Ауғанның әскери формасын киінген, Орта азия халықтарының әскерлерінен жасалған жасақ , «Мүсылман батальоны» деген атқа ие болды.Ол батальонның басты міндеті Аминнің көзін жою болды. КСРО МХК Аминді қызметінен шеттетіп, “парчамшылдарды” билікке әкелуге әрекеттенді.

Болашақ Ауғанстан Демократиялық Республикасын басқаруға 1978 жылы тамыз айында Чехословакиядан Мәскеуге келіп орныққан «Парчам» ұйымының жетекшісі Бабрак Кармал лайық деп табылады.

Рүстем Ауған жеріне Кеңес әскерлерін кіргізуге дүние жүзі қарсы болды. Сол жылы ББҰ-ң отырысында 104 мемлекет қарсылық танытып, тек 18 ғана Кеңес Одағының бұл әрекетін қолдаған болатын.

КСРО басшысы Л.Брежнев КОКП ОК Саяси бюросының мүшелері Ю.Андропов, А.Громыко, М.Суслов және Д.Устиновтің келісімімен 1979 жылы 25 желтоқсанда Ауғанстанға әскер кіргізу жөнінде шешім қабылдайды. Бұл шешімнің салдары 1979 жылдың 25 желтоқсаны мен 1989 жылдың 15 ақпаны аралығындағы 9 жыл 1 ай 25 күнге созылған соғысқа әкеліп соқтырды.

Айдана Статистикаға сүйенсек:

10 жылға созылған ауған соғысында КСРО бойынша қайтып оралмаған жалпы адам шығыны – 14453 - ке жетті.

Ал Қазақстаннан Ауған соғысына 22000 адам қатысып, олардың 924 - і қаза тапты, 21 адам хабарсыз кетті.

1000 жауынгерден астам өз жеріне оралып, алған түрлі дене жарақаттарының кесірінен ауырып қаза болды.Атырау қаласынан 534 сарбаз қатысып,оның 1-і хабарсыз кетті,ал 14- сол соғыста қаза тапты. Бұл соғыстың абырой әпермейтінін түсінген Кеңес үкіметінің басшылары Ауғанстандағы барлық әскерді екі жылдың ішінде алып шығу туралы бір шешімге келді. 1989 жылдың 15 ақпанында қолбасшы, генерал - лейтенант Б. Громов “Кеңес әскері Ауғанстан жерінен толықтай шығарылды” деп мәлімдеді.

Бүгінгі таңда елімізде 10000 - ға жуық ауған соғысының ардагерлері бар.

Олардың 3000 - дайы мүгедектер қатарында.

Аружан О Совет әскерлерінің ауған жеріндегі соғысы пост-советтік елдерде әлі де әрқилы бағаланады. Қазақстан қауіпсіздік кеңесі төрағасының бұрынғы орынбасары Төлеген Жүкеев Совет Одағының Ауғанстанға әскер кіргізуін қателікке балайды.

- Бұл - ақыры Совет Одағын ыдыратып тынған өте үлкен қателік, СССР басшылығының соңғы геосаяси авантюрасы болды, - дейді ол.

Төлеген Жүкеевтің айтуынша, «жартылай құлдық, жартылай феодализм дәуірінде өмір сүріп жатқан Ауғанстанда социализм сияқты әлдебір қоғам орнатуды көксеген кейбір ауған қайраткерлерінің ығына жығылып, олардың солшыл әрекеттеріне көмектесуі - совет басшылығының саяси және стратегиялық қателігі болған».

Дарын Қазақстан қауіпсіздік кеңесі төрағасының бұрынғы орынбасары, оппозициялық саясаткер Төлеген Жүкеев .

Қазақстан қауіпсіздік кеңесі төрағасының бұрынғы орынбасары, оппозициялық саясаткер Төлеген Жүкеев .

- Төңкеріс жасап билікке келген Ауғанстан халық-демократиялық партиясы басшыларын совет басшылығы кезінде «революционерлер» деп атап, қателесті. Кейін ішкі тартыстың кесірінен олар Совет Одағына жүгініп, Ауғанстанға совет әскерлерін кіргізуді сұрады. Ал Совет Одағы бұған бармауы керек еді. Мешеу қалған феодалдық қоғамда солшыл идеялармен желігіп, социалистік қоғам орнатамыз деп тыраштану өрескел қателік болды, - дейді Төлеген Жүкеев.

Елбасымыз Н. Ә. Назарбаевтың ауған соғысы туралы: « Ауған соғысында қыруар қаржы шығындадық, мыңдаған өмір қиылды, бәрібір кеңес әскеріне бұл елді тастап шығуға тура келді. Халық үшін бұдан асқан қасірет бар ма?» - деген ойлы сөзі бар.

Бұл соғыс жайлы шындық талай жылдар бойы тұмшаланып келді. Тек еліміз Тәуелсіздік алғаннан кейін ғана шындықтың беті ашылды.

Аружан С

Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев еліміздің мақсат-мүддесіне, болашақ ұрпақтарға зор көңіл бөледі. Ең алдымен адам баласын жақсылыққа үміттендіріп, жақсылыққа жетелеген лазым. Жамандықтың бір кілті ашылса, адамның да, қоғамның да қалған өмірі күреспен өтеді. Шын мәнінде, бүгінгі жастар өзгеше. Тәуелсіз елдің төл перзенттері, санасы тәуелсіз, ойы озық, білімі асқақ азаматтар. Жастар жауапкершілікпен қатар, ауыртпашылықты да сезінуі керек.


Мұғалім :

Осындай ауыр аманат арқалап, өмір мен өлім белдескен қанды шайқасқа қатысып, батылдық пен ерліктің ерен үлгісін көрсеткен қаһарман жерлестеріміз біздің ортамызда.

Олай болса, Кеңес әскерлерінің Ауғанстан жерінен шығарылғанына 27 Жыл толуына орай және Интернациолист жауынгер ағаларымыздың құрметіне арналған «Есімде Ауған соғысы» атты кездесу кешімізге қош келдіңіздер!


Бекзат :

Жаулардан қарсы келген жасқанбаған

Жасаған ерлігіне мастанбаған.

Ұрпаққа өмір жолың өнеге боп,

Тарихта ардагерлер асқан бағаң – деп батылдық пен ерліктің ерен үлгісін көрсеткен қаһарман жерлестеріміз біздің ортамызда. Бүгінгі кешке қатысушы қонақтарымызбен таныстырайық._______________________________________________________________________________________________________________________________________________________


Аяулым

Армысыздар, ауғандық жауынгерлер

Жырым бар жараланған, жаныңды емдер.

Өлгендердің жәннатта болсын жаны,

Тірілерің мың жаса, дәуірлеңдер!

Ерлік қылған ағаларым, аспан асты, жер үсті,

Біз сәндікке кимегенбіз деп шалбар менен бөрікті

Отан ана алдындағы өтеймін деп борышты,

Аттандыңдар, атқардыңдар соғысты.

Имангалиева Ақтілектің орындауында «Сарбаздар» әні

Жансая:

Осыған байланысты қазіргі жастарға қойылатын талап өте жоғары деңгейде екенін біле отыра жастардың білім алуға, еңбекке деген, Отан қорғауға деген жауапкершілігі қаншалықты деңгейде екені жайлы ой бөлісе отырсаңыздар

Бекзат:

«Ерлік — жан дүниенің ұлы қасиеті» деген екен бір дана қария. Өмірінің өлшеулі бір бөлігі, жауқазын жастық шағының сүбелі үлесін оқ пен от астында өткізіп, тағдырдың жауызымен елге аман – сау оралып, туған жерімен қауышқан майдангер ағаларымызбен кездесіп, бүгінгідей сұхбат жүргізу – біз үшін бір ғанибет.


ІҮ. Ардагерлерге оқушылар сұрақтар қояды.


Қазіргі бейбіт заман сарбаздарынан қандай батырлық, ерлік қасиеттерін көріп жүрсіз?

  • Жауап

  • Рахмет


Санжар. Ауғанның қанда даласы
Адамзаттың наласы
Бүк түсіп жатыр қан құсып,
Қаралы таулар, қарашы
Адасып барып армандар,
Кабулда күл боп қалғандар
Гүл болып көгеріп
Өмірді қайта жалғаңдар
Арманда кеткен ер үшін,
Ұмытпас елім арысын.
Бекзат пен Димаштын орындауында ән

Өз тәжірибеңізден қазіргі жастар өз елінің патриоты ретінде қандай болу керек деп ойлайсыз?

  • Жауап

  • Рахмет


Дамир .

Ту етіп ұстар қашанда,
Тәуелсіз елдің намысын,
Баласын іздеп аналар
Анасын аңсап балалар,
Жүрекке түскен бомбадай...
Жазылар қашан жаралар?
Есімде ол күн қаралы,
Зуылдап жылдар барады.
Сарбаздар бәрін біледі,
Ауғаннан қайтқан жаралы.

Көк тарландары Рүстем мен Әділ

«Ерлік, батырлық, жауынгерлік» ұғымдарын жастар арасында қалай насихаттаған дұрыс деп ойлайсыз?

  • Жауап

  • Рахмет


Самат

Мен қазақпын, ұланымын елімнің,

Мен қазақпын, тірегімін жерімнің,

Ұланымын туын көкке көтерген,

Болашаққа алға бастап жетелер.

Қиындығын қазағымның әрқашан,

Қайыспайтын қара нардай көтерем.


Аружан мен Жансая Қазақ елі

  • Ауған жеріне аттанар алдында қандай сезімде болдыңыз?

  • Жауап

  • Рахмет


Раушан

Талассын таңы, күніменен бірге шағылсын,

Бейбітшіліктің жұлдызы көкте ағылсын.

Жұдырықтай боп жұмылған ғаламшарымның

Басынан тайсын, бар жамандығы арылсын.

Әлемнің жаны, бір болған аппақ тілегі,

Тек бейбітшілік деп соққан жүрегі,

Қиыншылықта біріне-бірі сүйеніш,

Болса екен деймін, әрі қолдаушы тірегі.

8 сынып Қазақ жігіттері


1 – жүргізуші:

Ауғанстаннан кеңес әскерлерінің шығарылғанына 27 жыл өтсе де, сол кездегі жауынгерлер бүгінгі бейбіт өмірдің еңбеккерлері соғыс жарасынан айыға алмай келеді. Бүгін өзімізбен бірге Қызылжар елінің көсегесін көгертуге атсалысып жүрген ауғандық ардагер жауынгерлерді қадірлеп – құрметтеу – біздің борышымыз.

2- Жүргізуші:

Өтер жылдар, айлар тағы алыстап

Тағдыр талай тауқыметін табыстар.

Өздеріңді жырлап өтер ұрпағың

Ауғандағы азап шеккен арыстар — деп ақын жырлағандай, өмір тоқтамайды, ерлік өлмейді, замандарға жалғаса береді. Бұған дәлел бүгінгі ортамызда жүрген ауғандық жауынгерлеріміз, бейбіт өмірдегі жарқын істері, қоғамдық жұмыстарға белсенділіктері, түрлі кәсіпті игерудегі ерен еңбектері ұмтылмақ емес.

1 – жүргізуші

Еске алайық, құрметтейік құрбандардың рухын,

Қабірлері нұрға орансын, суық көрде жылынсын

Есіл ерлер ескерткішке айналсаңда біз үшін

Мәңгі бақи тірісіңдер, тірісіңдер, тірісіңдер!

2- жүргізуші

Ауған соғысында қаза тапқан батыр ағаларымызды орнымыздан тұрып 1 минут үнсіздікпен еске алуыңызды сұраймыз.


1-жүргізуші

Сақтады олар елін, жерін, қонысын

Ақтады олар азаматтық борышын

Сол үшін де қолтығынан сүйейік,

Ардагерге - майдангерге,

Иейік біз барлық жерде

Басымызды сол үшін.

2- жүргізуші

Сонау Ауған жерінде қару асынып мұң арқалаған сын сағаттарда бірін — бірі бауыр дескен азаматтар бүгінгі таңда еліміздің түкпір — түкпірінде еңбек етуде. Аяулы ағалар уақыт тауып келгендеріңізге рахмет! Сіздерге ұзақ ғұмыр, денсаулық, жанұяларыңызға бақыт тілейміз! Аспанымыз ашық болсын, бейбіт өмір жасай берсін!


















Самые низкие цены на курсы переподготовки

Специально для учителей, воспитателей и других работников системы образования действуют 50% скидки при обучении на курсах профессиональной переподготовки.

После окончания обучения выдаётся диплом о профессиональной переподготовке установленного образца с присвоением квалификации (признаётся при прохождении аттестации по всей России).

Обучение проходит заочно прямо на сайте проекта "Инфоурок", но в дипломе форма обучения не указывается.

Начало обучения ближайшей группы: 27 сентября. Оплата возможна в беспроцентную рассрочку (10% в начале обучения и 90% в конце обучения)!

Подайте заявку на интересующий Вас курс сейчас: https://infourok.ru

Общая информация

Номер материала: ДВ-486659

Похожие материалы

2017 год объявлен годом экологии и особо охраняемых природных территорий в Российской Федерации. Министерство образования и науки рекомендует в 2017/2018 учебном году включать в программы воспитания и социализации образовательные события, приуроченные к году экологии.

Учителям 1-11 классов и воспитателям дошкольных ОУ вместе с ребятами рекомендуем принять участие в международном конкурсе «Законы экологии», приуроченном к году экологии. Участники конкурса проверят свои знания правил поведения на природе, узнают интересные факты о животных и растениях, занесённых в Красную книгу России. Все ученики будут награждены красочными наградными материалами, а учителя получат бесплатные свидетельства о подготовке участников и призёров международного конкурса.

Конкурс "Законы экологии"