Инфоурок Другое Рабочие программыСабақ жоспары 5-сынып қазақ тілі

Сабақ жоспары 5-сынып қазақ тілі

Скачать материал

Оқу ісінің меңгерушісі:                      

Қазақ тілі

Уақыты:

Кабинет: 

Мұғалім:

Сабақтың атауы

Ана  тілінің  қызметі

Сілтеме

Қазақ тілі оқулығының әдістемесі

Сабақтың жабдығы

Такта,флипчарт,оқулық, сұрақтарға жауап беру, салыстыру, постер салу, дәптермен жұмыс,рефлексия жасау

Жалпы мақсаттар

Оқушыларға қазақ тілінің қоғамдық қызметі мен маңызын нақты деректер келтіре отырып түсіндіру. оқушылардың лингвистикалық дүниетанымдарын  кеңейту. АКТ-ны тиімді пайдалану

Оқыту  нәтижесі

Оқушыларды ана тілді құрметтеуді ұғына білуі,АКТ пайдалана алуы

Топқа бөлу

Сыныпты жыл мезгілдеріне қарай төрт топқа бөлу. Күз айында туылғандар 1 - топ, қыс айында дүниеге келгендер 2 - топ, көктем айындағылар 3 - топ, жаз айындағылар 4 - топ болып бөлінеді.

Оқушыларға психологиялық ахуал туғызу

«Қара жорға » биін билету арқылы сыныпта психоло-гиялық ахуалды қалыптастыру

 

Ортаға шығып «Қара жорға» биін билеу арқылы көңіл күйлерін көтеру

Үй тапсырмасын сұрау

 

BLUB TREE-ді қолдана отырып бастауышта не үйренгендерін  білу

Мағынаны тану

 

Power Point таныстырылымы арқылы сабақты түсіндіру

«Ана  тілінің  қызметі»

Сабақты мұқият тыңдап, есте сақтау

            Ана  тілі  сол  тілде  сөйлейтін  халықпен  бірге  өмір  сүреді  және  сол  халықтың  өкілдері  үшін  қатынас  құралы  ретінде  қызмет  етеді. Тілінен  айрылған  халық өзіне  тән  барлық  қасиетін  жоғалтып,  халық  болудан  қалады. Тіл  ана  тілі  атануы  үшін, ол  күнделікті  өмірде  ұдайы  қолданыста  болуы  керек.

  Тілдің  ең  негізгі  қызметі  адамдардың  бір – бірімен  сөйлесу, бір  нәрсе  жайында  пікір  алысу  үшін  қызмет  етуі. Екінші  қызметі – адамдардың қоршаған орта  жөніндегі  өз  ойларын  тіл  арқылы  жеткізуі.  Үшінші  қызметі – адам  өзінің  бір  нәрсе  туралы  көз – қарасын,  күйініші  мен  сүйінішін,  жақсы  көру  жек  көру  сезімдерін  тіл  арқылы  білдіруі.

Қазақ  тілі – қазақ  халқының  ана  тілі.  Қазіргі  кезде  дүние  жүзінде  шамамен  5651  тіл бар.Сөйлеушілерінің  саны  жағынан  алғанда  қазақ  тілі  осы  тілдердің  ішінде  70 – орынға  ие  болып  тұр.

Ой қозғау

Диалогқа түсу /сыныпқа сұрақ қою/

Ана тілі дегеніміз не?

Ұлт тілі,ділі  дегенді қалай түсінеміз?

Оқулықтағы  жаттығуларды дәптерге орындату

Топқа стикерлер арқылы бөлу

І топ  «Қазақ тілінің кешегісі»

  ІІ топ  «Қазақ тілінің бүгіні»

 ІІІ топ « Қазақ тілінің болашағы

Диалогқа түсіп,сұрақтарға жауап беру

 

 

Оқулықтағы  жаттығуды орындау

Топқа бөлініп ,пікір таластырады.

Сергіту сәті

Иiлiп оңға бiр, иiлiп, солға бiр.

Жаттығу жасаймын.

Оң аяқ, сол аяқ, оң аяқ , сол аяқ

Жаттығу оңай-ақ.

 

Оқушылар денелерін жатықтырады

Ой толғаныс

Бір біріне сұрақ қойдыру арқылы өздеріне бағалату

Үй тапсырмасы

«Ана тілі»  өлеңін жаттап  келу.

Үй тапсырмасын білу, түртіп алу

 Бағалау

   Формативті  бағалау

  Өзін өзі бағалау

Кері байланыс

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Оқу ісінің меңгерушісі:                      

Қазақ тілі

Уақыты:

Кабинет: 

Мұғалім:

Сабақтың атауы

Әдеби тіл туралы  түсінік.

Сілтеме

Қазақ тілі оқулығының әдістемесі

Сабақтың жабдығы

«Қазақ тілі» энциклопедиясы.

Жалпы мақсаттар

1.Білімділік: Оқушыларға әдеби  тіл   туралы түсінік беру, ауызша  және  жазбаша  тілдің  айырмашылығын  ұғындыру.

2.Тәрбиелік: Оқушыларды адамгершілікке, ізгілікке баулу. Табиғатты, отанды сүюге тәрбиелеу.

3.Дамытушылық:Оқушылардың әдеби тіл  туралы  түсініктерін  кеңейте   отырып,, сабақта қолданылған қосымша материалдар арқылы дүниетанымдарын кеңейту.

Оқыту  нәтижесі

Топқа бөлу

Сыныпты оқушыларды төмндегі гүлдердің аттарына сай топқа бөлемін.

1-раушан гүлдері тобы

2-сарғалдақтар тобы

3-лала гүлдері тобы

Ынтымақтастық атмосферасы

Оқушылармен сәлемдесу.

Оқушылардың зейіндерін сабаққа аудару.

Оқушылардың сабаққа қатысын тексеру.

Оқушылар мұғаліммен қосылып тақпақты айтады

Үй тапсырмасын сұрау

 

1.Ана  тілінің  қызметі   туралы түсінік.

2. «Қазақ тілінің болашағы» деген тақырыпта шығарма жазу.

Мағынаны тану

 

Білім  тексеру:

«Ана  тілі»  туралы   А. Байтұрсынов  не  айтқан?

«Ана  тілі»  туралы   Ә. Кекілбаев  не  деген?

Қазақ  тілінің  байлығы не?

«Ана  тілі» туралы  қандай  мақал – мәтелдер  білесіңдер?

Жаңа тақырыпты түсіндіру:

 Қазақ  тілінде  «әдеби»  сөзі «әдеп»  сөзінің  негізінде  жасалған. 

Ол «сөз  әдебі» дегенді  білдіреді.

Әдеби  тіл  сөйлеу  тілінен  жоғары  тұрған  көрке  тіл.  Ол  сол  халықтың  бәріне  бірдей  ортақ  әрі  бәріне  бірдей  түсінікті  болып  келеді.

Әдеби  тіл  екі  түрлі  формада  өмір  сүреді: ауызша  тіл,  жазбаша  тіл. Мысалы: мұғалімнің  сабақты  түсіндірген  сөзі,  оқушының  сабақта  берген  жауабы, радио,  теледидардан  сөйлеген  сөздерауызша  тіл  болады да, кітапта,  газет -   журналда  жазылғандар жазбаша  тіл  болып  есептеледі.

Көп нүктенің орнына тиісті сөзді қойып жаз.
Сөз қылыштан өткір.
өнер алды-қызыл тіл.
Бас кеспек болса да,
Тіл кеспек жоқ.
Шешеннің сөзі ортақ.

Оқулықтағы жаттығуларды топтарға бөліп орындату.

Сергіту сәті

Еркiн ұста денеңдi,
Тарсылдатпай едендi,
Орнымыздан тұрып алып.
Жүгiрейiк бiр уақыт,
Бiр, екi, үш, бiр, екi, үш.
Аяқты алға созайық,
Тiк көтерiп, қозғайық,
Тым сылбыр да болмайық.
Алға қарай озбайық,
Бiр, екi, үшi, бiр, екi, үш.

 

Оқушылар денелерін жатықтырады

Ой толғаныс

1.      Әдеби  тіл  дегеніміз  не? 

2.      Ауызша  тіл  дегеніміз  не?

3.      Жазбаша  тіл  дегеніміз  не?

І деңгей

Мәтінді  тыныс  белгілерін  қойып  көшіріп  жазу

Қарамен  жазылған  сөйлемнің  мәнін түсіндіріңдер.

ІІ деңгей

Мәтіндегі  ойды  түсініп  оқыңдар.

Адам  өміріндегі  тілдің  орнын  әңгімелеңдер

Тіл,  сөз  туралы 2- 3 мақал  ойлап  жазыңдар.

   ІІІ деңгей

Төмендегі  пікірлерді  жаттап  алыңдар.

Айтылған  пікірлердегі  негізгі  ойды  анықтаңдар.

Үй тапсырмасы

Әдеби тіл туралы түсінік,тапсырманы аяқтау

Күнделіктеріне жазады

 Бағалау

Бағалау парақшаларын арқылы өзін-өзі бағалау

Парақшаларды толтырады

Кері байланыс

 

 

Оқу ісінің меңгерушісі:                      

Қазақ тілі

Уақыты:

Кабинет: 

Мұғалім:

Сабақтың атауы

Әдеби тілдің ауызша және жазбаша түрі

Сілтеме

Қазақ тілі оқулығының әдістемесі

Сабақтың жабдығы

«Қазақ тілі» энциклопедиясы.

Жалпы мақсаттар

1.Білімділік: Оқушыларға әдеби  тілдің  ерекшеліктері   туралы түсінік беру.

2.Тәрбиелік: Оқушыларды адамгершілікке, ізгілікке баулу. 

3.Дамытушылық:Оқушылардың әдеби тілдің   ерекшеліктері   туралы түсінктерін  кеңейте  отырып,  сабақта  қолданылған қосымша материалдар арқылы дүниетанымдарын кеңейту,  талдау жұмыстары арқылы қисынды-ойлау дағдыларын дамыту.

Оқыту  нәтижесі

Топқа бөлу

Пазлды құрастыру арқылы,3-топқа бөлу.

Ынтымақтастық атмосферасы

Орманда кірпі келеді,
Саңырауқұлақ тереді.
Кездесті, міне, керегі:
Екеуі қайың астынан.
Біреуі терек қасынан.
Қанша олар болмақ есепте,
Тоқылған салса себетке?

 

 

Оқушылар мұғаліммен қосылып тақпақты айтады

Үй тапсырмасын сұрау

Үй жұмысы дәптерлерін тексеру.

Мағынаны тану

 

І топ

Өзің  жазған  шығарманы  ата – анаңа  оқып  бердің  делік.  Осы  жерде  сен  сөйлеудің  қай  түрін  қолдандың? Неге?

ІІ топ

Телехабардағы  диктор  сөзін  тыңдағанда, «Ұлан  газетіне  жарияланған  мақалаларды  оқығанда, біз  тілдің  қай  формасын  қабылдаймыз? Ойыңды  дәлелде.

Тапсырма

  І деңгей

 Жазудың  көркемдігі  мен  түсініктілігі  не  үшін  қажет  деп ойлайсыңдар?

Жалпы, жазба  тілдің  қажеттілігі  неде?

 ІІ  деңгей

Төмендегі оқып  жаттап  алыңдар.

Олар  сөйлеудің  қай  түріне  қатысты  екенін  дәлелдеп  айтыңдар

Көп  сөйлеме.

Сөйлеп  тұрғанда  есінеме.

Аузыңа  тамақ  салып  алып  сөйлеме.

Сөйлегенде  тыңдап  отырған  серігіңе  тым  жақындама.   

ІІІ деңгей

 Төмендегі  әдеби  тілге  жалпайтын  сөздердің  астын  сыз.

Қайың, бейқұт,  асық, жасық,  бейіс ас,  жала,  бышырлату,  кәмбіл,  кәрлен  кесе,  қазы,  әдемі,  қара  ашытпа,  қарақит,  көл,  шалқар,  саңаржақ, саң,  мұра,  шақалақ,  шақат ,ада  қылу,  дәптер.

Оқулықтағы жаттығуларды топтарға бөліп орындату.

Сергіту сәті

Бала, бала, балапан,
Қане, қайсы, алақан.
Саусақтарың әйбат,
Былай-былай ойнат.
Бала, бала, балапан,
Қане, қайсы, алақан?
Саусақтарың әйбат,
Былай-былай ойнат.

 

Оқушылар денелерін жатықтырады

Ой толғаныс

1-топ

Мәтінді тыныс белгілерін қойып көшіріп жазыңдар.

2-топ
Ана тілі- халықтың өткен ұрпағын, қазіргі және келешек ұрпағын мәңгілікбіріктіретін ең сенімді құрал. Ана тіліміз арқылы ғана біз халқымызды, Отанымызды танып білеміз. Халық рухының сарқылмас бастауы да сонда жатыр. Ел-жұртымызды, туған жерімізді, оның өзен-көлдерін, оның бораны мен найзағайын ана тіліміз арқылы ғана қабылдап, соларға деген перзенттік махаббатымызды ана тіліміз арқылы жеткіземіз.

3-топ

Сурет салу

Үй тапсырмасы

Әдеби   тілге  жатпайтын  сөздерді  қолданып, қазақтың  шешен билері  туралы   шағын  мәтін  құра.

Күнделіктеріне жазады

 Бағалау

Бағалау парақшалары арқылы көршісін бағалау

Парақшаларды толтырады

Кері байланыс

 

Оқу ісінің меңгерушісі:                      

Қазақ тілі

Уақыты:

Кабинет: 

Мұғалім:

Сабақтың атауы

Әдеби тілдің көркемдігі мен түсініктілігі

Сілтеме

Қазақ тілі оқулығының әдістемесі

Сабақтың жабдығы

Суреттер,таратпалар

Жалпы мақсаттар

Оқушыларға әдеби тілдің ерекшелігін түсіндіру

Оқыту  нәтижесі

1.Сөйлеу тілінің ерекшелігін ұғындыру

2.Сөйлеу тіліндегі тілдік нормалардың сақталуын түсіндіру

 

Топқа бөлу

1.Оқушылармен сәлемдесу

2.Кезекшімен сұхбат

3.Оқушылардың сабаққа деген ынтасын көтеру.

4.Топқа бөлу (Нақыл сөздерді дұрыс құрастыру арқылы)

Ынтымақтастық атмосферасы

Орманның бiз емшiсiмiз,
Тоқ, тоқ, тоқ (партаны үш рет ұрады).
Құрт бiткендi жоқ етемiз,
Жоқ, жоқ, жоқ (қимыл көрсетедi).
Тоқ, тоқ, тоқ,
Жоқ, жоқ, жоқ.

Оқушылар мұғаліммен қосылып тақпақты айтады

Үй тапсырмасын сұрау

 

1.      Миға шабуыл

-Ана тілінің неше қызметі бар?

-Тіл туралы А.Байтұрсынов не деген?

-Әдеби тіл туралы не білесің?

-Әдеби тілдің қанша түрі бар?

-Мәтін дегеніміз не?

-Мәтінге тән қасиеттер?

Мағынаны тану

 

Қазыбек би мен Бұқар жырау

   Бұқар жыраудың қартайған кезінде көңілін сұрамақ болып Қаз дауысты Қазыбек би келеді.

   Төсекте жатқан Бұқар жырау:

-          Бірден оңға дейін санның мағынасын маған ешкім айтып бере алмады, Қазыбек сен айтып берші,-деген екен.

-          Сонда Қазыбектің берген жауабы:

-          Бір дегеніңіз – бірлігі кеткен ел жаман.

-          Екі дегеніңіз – үш бұтақты шідерден шошынған ат жаман.

-          Төрт дегеніңіз – төскейге шыға алмаған кәрілік жаман.

-          Бес дегеніңіз – білікті адамнан белгілі азамат тумаған жаман.

-          Алты дегеніңіз – аймағын билей алмаған хан жаман.

-          Жеті дегеніңіз – жетем деген мақсатына жете алмаған жаман.

-          Сегіз дегеніңіз – серкесіз бастаған қой жаман.

-          Тоғыз дегеніңіз – толғаныңыз.

-          Он дегеніңіз – өткеніңіз, о дүниеге жеткеніңіз.

Топпен жұмыс.

Әңгімені оқып, диалог не туралы екенін айтыңдар.

-          Қазыбек би мен Бұқар жырау әдеби тілдің қай формасында әңгімелесті?

-          Бұқар жырау әдеби тілдің көркемдігін танытатын қандай тапқыр сөздерді пайдаланған?

-          Әңгімедегі автор сөзін бөліп көрсетіңдер. Ол  қандай мақсатпен қолданылып тұр?

3.Топтық жұмыс. Топ ішінде оқушылар берілген тақырыпта ауызша тілді қолданып әңгімелейді.

І топ: Диалог «Тіл – адамның адамдық белгісі»

ІІ топ: Монолог «Мұралардың ең қымбаты - сөз»

ІІІ топ: Диалог «Ана тілім – қазақ тілі»

ІV топ: Монолог «Жақсының соңынан сөз ереді»

Критерий:

1.      Тілдік норма

2.      Сөйлеу мәнері

Оқулықтағы тапсырмаларды,топтарға бөліп орындату.

Сергіту сәті

Шаршасаңдар, балалар,
Қолдарыңды созыңдар.
Саусақтармен ойнаңдар,
Қолдарыңды сермеңдер.
Денелерiң шынықсын,
Саналарың тынықсын.

 

Оқушылар денелерін жатықтырады

Ой толғаныс

Мәтінде берілген сипаттамаға сүйеніп, өз көңіл күйлеріңді білдіретін осындай ауызша мәтін құраңдар.

Критерий:

1.Мәтін тақырыбы болу керек.

2.Екі абзацтан тұру керек.

3.Әдеби тіл қолданылу керек.

Құрастырған мәтіндерін оқушылар критерий бойынша  өздері бағалайды.

Бағалау. Оқушыларда қызыл, жасыл және сары түсті карточкалар бар, оны олар өз парталарына қояды немесе жоғары көтереді (қызыл = түсінбеймін, жасыл = барлығы түсінікті).

5. Кері байланыс.

           Сабақ бойынша ойыңды білдір

Қандай жаңа білім алдың?

Алған біліміңді қолдана аласың ба?

Саған қиындық тудырған түсініктер

Үй тапсырмасы

Қосымша түсінік жаттау.

Күнделіктеріне жазады

 Бағалау

Өзін-өзі бағалау

Парақшаларды толтырады

Кері байланыс

 

Оқу ісінің меңгерушісі:                      

Қазақ тілі

Уақыты:

Кабинет: 

Мұғалім:

Сабақтың атауы

Әдеби тілдің формалары

Сілтеме

Қазақ тілі оқулығының әдістемесі

Сабақтың жабдығы

«Қазақстанның болашағы — қазақ тілінде!». Н.Назарбаев

Интер белсенді тақта, ақын жазушыларымыздың қанатты сөздер.

Ана тілінен айырылған адам өз халқы жасаған мәдени мұраның бәрінен құралақан қалады. Ғ.Мүсірепов

Ана тілін білмейтін адам — бір қолы жоқ шолақ адам сияқты. Ғ.Мұстафин

Жалпы мақсаттар

Тіл мәдениеті туралы әдеби тілдің нормасы мен оның дамуы мен ауызекі сөйлеу арқылы қарым-қатынастарын нығайта отырып, оқушыларды ауызекі тілде сұхбаттасу арқылы таза сөйлеуге, ойлауға, жазуға дағдыландыру. Өз Отаннын, жерін қадірлеп, өз елінің мәдениетті азаматы болуға баулу.

Қызығушылықты ояту

Мұғалімнің сөзі: Тіл — қастерлі де, қасиетті ұғым. Ол әрбір адамға ана сүтімен бірге еніп, қалыптасады. Ана тілін сүйген адам — туған жерін, елін, Отанын, атамекенін сүйеді деген сөз бар. Ал, бұлардың бәрі — адам баласы үшін ең қасиетті ұғымдар. Сондықтан біз мәдениетті ойланып, сөйлеп үйренуіміз керек.

Топқа бөлу

Туған жер,ана,еңбек туралы мақал-мәтелдерді пайдаланып 3-топқа бөлу.

Ынтымақтастық атмосферасы

Жолдарыңа үңіліп,
Екі бақа жүгіріп,
Секіреді, бақ-бақ,
Ағаштарды аттап.
Олар ерте тұрады,
Беті-қолын жуады.
Оңға-солға шайқалып,
Бақылдайды ән салып.
Судан шіркей табады,
Өсіп үлкен болады.
Бақ-бақ, нақ-нақ,
Біздер айттық тақпақ.

 

 

Оқушылар мұғаліммен қосылып тақпақты айтады

Мағынаны тану

 

Сұрақтарға жауап беру: Мәтін бойынша тіл мәдениетіне қатысты өз ойларын сұрақ бойынша толықтыру.

Тілді қадірлеу неден басталады?
Тілді қадірлеу дұрыс сөйлеуден басталады

Адам мәдениетінің алғышарты не болып табылады?
Адам мәдениетінің алғышарты — дұрыс сөйлей білу болып табылады

Тілін білмеген нені білмейді?
Тілін білмеген — түбін білмейді.

Қазақта дұрыс сөйлей білу мәдениеті деп нені атаған?
«Аталы сөз — баталы сөз» деген екен.

«Тілін білмеген — түбін білмейді» дегенді қалай түсінесіңдер?

Сөз мәдениетін дұрыс сөйлей, ойлай алмайтын адамды айтады.
Қазақта ойланып барып сөйле деген нақыл сөзде бар.

Оқулықтағы тапсырмаларды, топтарға бөлу.

Сергіту сәті

Оңға түзу тұр,
Солға түзу тұр.
Алға бір адым
Артқа бір адым.
Оңға бұрылып,
Солға үңіліп
Жоғары, төмен қарайық,
Орнымызды табайық.

 

Оқушылар денелерін жатықтырады

Ой толғаныс

Әр оқушы топта РАФТ құрастыру.

Рөлім – оқушы

Аудитория – сынып

Формасы – мәдениетті сөйлеу

Тақырып – Тіл мәдениеті

Мен мәдениетті сөйлеймін.

Менің мәдениетті сөйлейтінімді бәрі біледі.

Мен қызықты кітап оқимын.

Менің көркем тілмен сөйлейтінімді біледі.

Үй тапсырмасы

Қалған жаттығуларды орындау.

Күнделіктеріне жазады

 Бағалау

Бағалау парақшаларын тарату

Парақшаларды толтырады

Кері байланыс

 

Оқу ісінің меңгерушісі:                      

Қазақ тілі

Уақыты:

Кабинет: 

Мұғалім:

Сабақтың атауы

Мәтін

Сілтеме

Қазақ тілі оқулығының әдістемесі

Сабақтың жабдығы

Тақта,суреттер,кеспе қағаздар

Жалпы мақсаттар

Білімділік: Оқушыларға мәтіннің бөліктері туралы түсінік беру. Дамытушылық: Оқушылардың өз бетімен жұмыс жасауы арқылы теориялық ойлауын, сөйлеу тілін дамыту.
Тәрбиелік: Ұйымшылдыққа, адамгершілікке, еңбекқорлыққа, көше тәртібін сақтауға тәрбиелеу.

Оқыту  нәтижесі

Дұрыс құрылмаған мәтінді қайта құру арқылы сөйлемдердің байланысын көрсету. Мәтіннің тақырыбы мен ондағы негізгі ойды анықтау.

Топқа бөлу

Сыныпты жыл мезгілдеріне қарай төрт топқа бөлу. Күз айында туылғандар 1 - топ, қыс айында дүниеге келгендер 2 - топ, көктем айындағылар 3 - топ, жаз айындағылар 4 - топ болып бөлінеді.

Ынтымақтастық атмосферасы

Оқушыларға сұрақ қою арқылы бүгінгі тақырыптың атын табу. Ол үшін сұрақтың жауабын тауып, сол сөздің бірінші әріпін шашылған әріптердің ішінен тауып жазып отырамыз.

От басында құмған, Екі көзін жұмған. (Мысық)

Отбасы тірегі. (әке)

Қу, айлакер жырқыш аң? (түлкі)

Сүттен жасайтын тағам. (ірімшік)

Қасиетті тағам. (нан)                                   МӘТІН

Үй тапсырмасын сұрау

 

Ой қозғау
1. Дауыссыз дыбыстар нешеге бөлінеді?
2. Үнді дауыссыздарды ата?
3. Ұяң дауыссыздарды ата?
4.
Қатаң дауыссыздарды ата?
5. Сөздерді талдау

Мағынаны тану

 

Мәтін.    Есіңде сақта!

Жазбаша және ауызша ойды жеткізу.

Мәтін бірнеше сөйлемдерден құралады.

Мәтіндегі сөздер бір- бірімен мағынасы жағынан байланысып тұрады.

Мәтіннің тақырыбы болады.

Мәтін негізінен үш бөлімнен тұрады: кіріспе; қорытынды; негізгі. Мәтін азат жолдан, бас әріптен басталып жазылады.

Оқулықтағы жаттығуларды,топтарда орындау.

Сергіту сәті

Орнымыздан тұрайық,
Алақанды созайық.
Оңға қарай иіліп,
Солға қарай иіліп,
Бір отырып, бір тұрып,
Сәл тынығып алайық.

 

Оқушылар денелерін жатықтырады

Ой толғаныс

Мақалдың басқы бөлігі айтылады, оқушылар жалғасын тауып беру керек.

1.     Туған елдей ел болмас, ………………..

2.     Оқу- білім бұлағы, ………………………

3.     Кітап- білім бұлағы, Білім- өмір шырағы.

4.     Күш- білімде, білім- кітапта.

Үй тапсырмасы

3-түрлі мәтін құрастырыңдар.

Күнделіктеріне жазады

 Бағалау

Бағалау парақшаларын тарату

Парақшаларды толтырады

Кері байланыс

 

Қазақ тілі

Уақыты:

Кабинет: 

Мұғалім:

Сабақтың атауы

Жазбаша мәтіндер,

тақырыбы, негізгі ойы

Сілтеме

Қазақ тілі оқулығының әдістемесі

Сабақтың жабдығы

Тақта,суреттер,кеспе қағаздар

Жалпы мақсаттар

а) Оқушылардың шығармашылықпен жұмыс істеуіне ықпал ету.Ойлау шеберлігін,сөйлеу мәдениетін арттыру;

ә)  Тәрбиелік мәні бар мысалдар келтіре отырып оқушыларды елін,жерін,Отанын сүюге тәрбиелеу;

б)   Сөйлеу  тілін сөз мағынасын түсініп,шапшаң ой қорыта алуға,көркем,ұқыпты жаза білуге дағдыландыру.

Сабақтың түрі :    Дәстүрлі сабақ

Сабақтың әдісі :  Сұрақ-жауап,шығармашылық іздену

Сабақтың көрнекілігі :   Кеспе қағаздар,суреттер

Оқыту  нәтижесі

Мәтінмен жұмыс істейді

Жазбаша ауызша түрлерімен таныс болады

Топқа бөлу

Пазлдың көмегімен оқушыларды топтарға бөлу

Ынтымақтастық атмосферасы

– Балалар, бүгін біз бірінші рет шаттық шеңберіне жиналайық! Шеңберге тұрайық, достарымызбен қол ұстасайық! Барлығымыз жақсы көңіл-күйде бір-бірімізге тілегімізді айтайық! Бір-бірімізге қарап күлкімізді сыйлайық!

Қол алысып, қәне, біз,

Достасайық бәріміз.

Айтарым бар сендерге,

Тез тұрыңдар шеңберге.

Қандай жақсы бір тұру,

Достарменен бір жүру!

Қандай жақсы дос болу!

Үй тапсырмасын сұрау

Үй тапсырмасы жазылған дәптерлерін тексеру

Мағынаны тану

 

Мәтін деп айтылған ой-пікірдің,белгілі бір шығармашылық жұмыстың,біреудің шығармасының не оның үзіндісінің қағазға түскен немесе ауызша айтылған түрін айтады.Мәтін өзара байланысты бірнеше сөйлемнен тұрады да,олардағы жинақталып келіп, автордың белгілі бір пікірін,көзқарасын білдіреді.

Мәтінмен  жұмыс:

  Мәтін туралы түсінік берген соң,суреттер қойып соған қарап мәтін құратқызамын.

Шығармашылық жұмыс:

  Оқушыларға мынадай тапсырма беремін.

1-топ

Жолдасына хат жазуды тапсыру.

2-топ

Өзінің бір нәрсеге қуанған кезіндегі көңіл күйін баяндап жаздыру.

3-топ

Табиғат көрінісін суреттеу

Оқулықтағы жаттығуларды,топтарда орындау.

Сергіту сәті

Орнымыздан тұрайық,
Алақанды созайық.
Оңға қарай иіліп,
Солға қарай иіліп,
Бір отырып, бір тұрып,
Сәл тынығып алайық.

 

Оқушылар денелерін жатықтырады

Ой толғаныс

Мәтін дегеніміз не?

Мәтіндегі ой бөліктері дегенді қалай түсінесің ?

Мәтін мен мазмұнның байланысы дегенді қалай түсінесің ?

Жазбаша мәтін туралы не білесіңдер?

Үй тапсырмасы

Оқулықтағы тапсырмаларды орындау

Күнделіктеріне жазады

 Бағалау

Бағалау парақшаларын тарату

Парақшаларды толтырады

Кері байланыс

 

Қазақ тілі

Уақыты:

Кабинет: 

Мұғалім:

Сабақтың атауы

Мәтіннің құрылысы Ойдың берілу тәсілдері (әңгімелеу, баяндау, сипаттау, талқылау)

Сілтеме

Қазақ тілі оқулығының әдістемесі

Сабақтың жабдығы

Тақта,суреттер,кеспе қағаздар

Жалпы мақсаттар

Сабақтың мақсаты: а) Мәтіннің түрлерімен таныстыру, сол арқылы оқушылардың байланыстырып сөйлеу дағдыларын қалыптастыру. Мәтін түрлерін бір - бірінен ажыратып, оны таба, құра білуге машықтандыру.

ә) Тазалық, ұқыптылық, білімге деген құмарлық, бір - біріне деген достық, қамқорлық қасиеттеріне, табиғатты аялауға баулу.

б) Сөздік қорын молайтып, ауызекі, жазба тілін, логикалық ойлау, шығармашылық қабілеттерінің дамуына ықпал ету.

Сабақтың түрі: Жаңа білімді меңгерту

Оқыту әдісі: сөздік, көрнекі, талдау, салыстыру, ажырату, топтау, проблемалық ізденіс әдісі, өз бетінше жұмыс, жазба жұмысы, ойын әдісі

Көрнекілік: сөйлемдер жазылған қима қағаздар, күнбағыс мүшелерінің кескін суреттері, М. Жұмабаев портреті, компьютерден слайд,

Пәнаралық байланыс: дүниетану, әдебиеттік оқу

Оқыту  нәтижесі

Топқа бөлу

Сыныпты жыл мезгілдеріне қарай төрт топқа бөлу. Күз айында туылғандар 1 - топ, қыс айында дүниеге келгендер 2 - топ, көктем айындағылар 3 - топ, жаз айындағылар 4 - топ болып бөлінеді.

Ынтымақтастық атмосферасы

Оқушыларды, оқу құралдарын түгендеп, тексеру.

Психологиялық дайындық:

Мынау менің жүрегім,

Бәрі осыдан басталған.

Мынау басым ақылды,

Бәрін осы басқарған.

Мынау менің оң қолым

Мынау менің сол қолым

Барлық істі атқарған.

Үй тапсырмасын сұрау

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру: Дидактикалық карточкадағы орындаған тапсырмасын оқушылар кезекпен шығып ауызша айтып береді. Бағалау, мадақтау.

1. Мәтін дегеніміз не?

2. Қандай сөйлемдер мәтін құрайды?

3. Мәтіннің қандай бөліктері болады?

4. Мәтіннің бөліктері қалай жазылады?

Мағынаны тану

 

Мәтіннің үш бөлімі болады:

Басы

Негізгі бөлімі

Соңы

Ереже

Мәтін - мағына жағынан өзара байланысты екі не одан да көп сөйлемнен құралады. Мәтінге ат қоюға болады.

Мәтіннің үш түрі болады
Әңгімелеу (не істеді?)
Сипаттау (қандай?)
Пайымдау (неліктен?)

Оқулықтағы жаттығуларды,топтарда орындау.

Сергіту сәті

«Би билейміз» қимылды ән
Иілеміз оңға бір, иелеміз солға бір.
Бір анда, бір мұнда, өзіңді өзің айнала.
Бас аяқты топ, топ, топ,
Шапалақта хоп, хоп, хоп.
Бір анда, бір мұнда, өзіңді өзін айнала.
Басымызды иеміз, би билейміз күлеміз,
Бір анда, бір мұнда, өзіңді өзің айнала.

 

Оқушылар денелерін жатықтырады

Ой толғаныс

- Балалар, бүгін сабақта немен таныстық?
- Мәтіннің қандай түрлері болады?
- Мәтіннің бөліктері қалай жазылады?

Мәтіннің қандай түрлері бар?

 

 

 

 

 

 

 


Үй тапсырмасы

3 түрлі мәтін жазып келу

Күнделіктеріне жазады

 Бағалау

Бағалау парақшаларын тарату

Парақшаларды толтырады

Кері байланыс

 

Қазақ тілі

Уақыты:

Кабинет: 

Мұғалім:

Сабақтың атауы

Диктант «Аса білімді адам»  Қатемен жұмыс.Тіл ұстарту.

Сілтеме

Қазақ тілі оқулығының әдістемесі

Сабақтың жабдығы

Тақта,суреттер,кеспе қағаздар

Жалпы мақсаттар

а) білімдік: тақырып бойынша жан-жақты мәлімет бере отырып,

лексиканы  пысықтау,  сауатты жазуға  және  сөйлеуге  үйрету;

ә) дамытушылық: ауызша және жазбаша тілді дамыту,

қызығушылығын арттыра отырып, танымдық көзқарастарын

қалыптастыру;

б) тәрбиелік: өз елін, жерін, Отанын сүюге, мемлекеттік  тілді

құрметтеуге, қоғамдық ортада өзін-өзі ұстауға  тәрбиелеу;

Сабақтың  түрі: пысықтау сабағы

Сабақтың әдісі: түсіндіру, сұрақ-жауап

Оқыту  нәтижесі

Топқа бөлу

Геометриялық фигуралар арқылы топтарға бөлу

Ынтымақтастық атмосферасы

Ұға білсең мені сен,

Бақытыммен бөлісем.

Жүрек сөзін жалғаймын,

Бәрін саған арнаймын!

– Бүгін – тамаша күн. Біздің көңіл-күйіміз жақсы. Біз бір-бірімізбен ойнап, Махаббатқа, Қуанышқа, Бақытқа өз жүрегімізді арнап отырмыз. 

Үй тапсырмасын сұрау

Үй тапсырмасы жазылған дәптерлерін тексеру

Мағынаны тану

 

Асхана.

           Біздің ауыл орталығында үлкен асхана бар. Асханада ауыл адамдары тамақ ішеді. Асханадағы аспаз тамақты өте дәмді пісіреді. Асханада әрдайым ыстық тамақ, салаттар жеуге болады. Асхананың іші жарық, кең және таза.

          Біз мұғаліммен асханаға келдік. Барлығымыз орындықтарға отырып тамақ іштік. Тамақ өте дәмді болды. Барлығымызға асханада өте ұнады. Біз аспазға алғыс айттық. (51 сөз)

 

Сергіту сәті

Орнымыздан тұрайық,
Алақанды созайық.
Оңға қарай иіліп,
Солға қарай иіліп,
Бір отырып, бір тұрып,
Сәл тынығып алайық.

 

Оқушылар денелерін жатықтырады

Ой толғаныс

І нұсқа

ІІІ деңгей

1.     Мына сөздерге зат есімнің сұрағын қой: асхана, мұғалім.

2.     Көптік жалғау жалғанған сөздерді тауып жаз.

3.     Буынға бөліп, буын түрлерін анықта.

Біздің ауыл орталығында үлкен асхана бар.

ІІ нұсқа

ІІІ деңгей

1.     Мына сөздерге зат есімнің сұрағын қой: Аспаз, ауыл.

2.     Көптік жалғау жалғанған сөздерді тауып жаз.

3.     Буынға бөліп, буын түрлерін анықта.

Тамақ өте дәмді болды.

ІІ деңгей.

І нұсқа

1.Дыбыстық талдау жаса: Жарық

2. Мына сөздердің септік жалғауларын тап. Біздің, тамақты, асханада.

ІІ нұсқа

1.     1.Дыбыстық талдау жаса: Аспаз.

2.     Мына сөздердің септік жалғауларын тап. Мұғаліммен, ауыл, аспазға.

І деңгей

І нұсқа

1. Отбасы туралы әңгіме құра.

2. Білім туралы 2 мақал-мәтел жаз.

ІІ нұсқа 

1.     Мектеп туралы әңгіме құра.

2.     Отбасы туралы 2 мақал-мәтел жаз.

 

Үй тапсырмасы

Қайталау

Күнделіктеріне жазады

 Бағалау

Бағалау парақшаларын тарату

Парақшаларды толтырады

Кері байланыс

 

 

Қазақ тілі

Уақыты:

Кабинет: 

Мұғалім:

Сабақтың атауы

Лексика.Сөз бен мағына.

Сілтеме

Қазақ тілі оқулығының әдістемесі

Сабақтың жабдығы

Тақта,суреттер,кеспе қағаздар

Жалпы мақсаттар

а) білімдік: сөз бен мағынаның бірлікте қолданылатынын аңғарту, сөздердің де топқа бөлінетін түсіндіру;
ә) дамытушылық: ана тілінде өз ойларын көркем тілде жеткізе білу қабілеттерін дамыту, шығармашылық қабілетін жетілдіру;
б) тәрбиелік: сөздердің табиғатын түсіне отырып, орынды қолдана білуге дағдыландыру, сауаттылық пен ұқыптылыққа тәрбиелеу.
Сабақ түрі: аралас сабақ
Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, пікірлесу
Пәнаралық байланыс: әдебиет
Көрнекіліктер: кеспе қағаздар

Оқыту  нәтижесі

Топқа бөлу

Сыныпты жыл мезгілдеріне қарай төрт топқа бөлу. Күз айында туылғандар 1 - топ, қыс айында дүниеге келгендер 2 - топ, көктем айындағылар 3 - топ, жаз айындағылар 4 - топ болып бөлінеді.

Ынтымақтастық атмосферасы

Психологиялық дайындық
Қазақ тілім – өз тілім, ана тілім,
Абай, Мұхтар сөйлеген дана тілім.
Қастерлейді ұл-қызың мәңгі сені
Болашағым, бақытым, дара тілім.
(Ж. Молдағалиев)

Үй тапсырмасын сұрау

Үй тапсырмасы жазылған дәптерлерін тексеру,талдау

Мағынаны тану

 

Лексика – белгілі бір тілдегі сөздердің жиынтығы. Сөз – зат не құбылыс атауы.

Сөздерді  өз орнына қойыңдар. Сөйлем құрауға бізге қандай тілдік құрал беріліп тұр?

Мөлдір, сулы, айналуы тиіс, Қазақстан, желекті, жасыл, өлкеге.

«Қазақстан мөлдір, сулы, жасыл желекті өлкеге айналуы тиіс.» Н.Назарбаев.

–              Ал олардан сөйлем шығару үшін қандай қасиетіне қарадық?

–              Мағына

–              Мағына – сөздің ішкі мазмұны.

Оқулықтағы жаттығуларды,топтарда орындау.

Сергіту сәті

Орнымыздан тұрайық,
Алақанды созайық.
Оңға қарай иіліп,
Солға қарай иіліп,
Бір отырып, бір тұрып,
Сәл тынығып алайық.

 

Оқушылар денелерін жатықтырады

Ой толғаныс

Топтық жұмыс. (Балаларға кәмпиттер шашылады, Ішінде сұрақтары бар, топ ішіненоқушылар жауап береді.)

1.       Лексика дегеніміз не?

2.       Сөз дегеніміз не? Мысал?

3.       Сөздің тура мағынасы. Мысал келтір?

4.       Сөздің ауыспалы мағынасы.Мысал

5.       Омонимдер. Мысал?

6.       Синонимдер. Мысал?

7.       Антонимдер.Мысал?

Үй тапсырмасы

Оқулықта берілген тапсырманы орындау

Күнделіктеріне жазады

 Бағалау

Бағалау парақшаларын тарату

Парақшаларды толтырады

Кері байланыс

 

Қазақ тілі

Уақыты:

Кабинет: 

Мұғалім:

Сабақтың атауы

Сөз мағынасы мен тіл байлығы

Сілтеме

Қазақ тілі оқулығының әдістемесі

Сабақтың жабдығы

Тақта,суреттер,кеспе қағаздар

Жалпы мақсаттар

1. Оқушылардың сөз және оның мағынасы туралы білдіріп тереңдете түсу. Мағынасы қарама - қарсы сөздер туралы түсінік беру.
2. Оқушылардың ойлау қабілетін дамыту, сол арқылы сөз байлығын арттыру, сөйлеу дағдыларын жетілдіру, зеректілікке, ұқыптылыққа, адалдыққа баулу.
3. Көркем жазу арқылы әсемдікті түсінуге тәрбиелеу.
Типі: жаңа білімді меңгерту сабағы.
Әдіс – тәсілдері: сұрақ - жауап, түсіндіру, талдау - жинақтау, түсіндірмелі.
Көрнекілігі: интерактивті сабақ, слайдтар.

Оқыту  нәтижесі

Топқа бөлу

Сыныпты жыл мезгілдеріне қарай төрт топқа бөлу. Күз айында туылғандар 1 - топ, қыс айында дүниеге келгендер 2 - топ, көктем айындағылар 3 - топ, жаз айындағылар 4 - топ болып бөлінеді.

Ынтымақтастық атмосферасы

Көк аспанда күн күлсін.
Бірге күлсін бүлдіршін!
Көк аспанда күн күлсін,
Жерге ұдайы нұр құйсын!
Көк аспанда күн күлсін.
Ұл қолында ту жүрсін,
Қыз қолында гүл жүрсін!
Көк аспанда күн күлсін.
Бірге күлсін бүлдіршін!
М. Әлімбаев

Үй тапсырмасын сұрау

 

- Сөз мағынасы дегеніміз не?
- Біз қандай мағыналы сөздермен таныстық?
- Омоним дегеніміз не?
- Синоним дегеніміз не?
- Көп мағыналы сөздер деп қандай сөздерді атаймыз?

Мағынаны тану

 

Асыл сөзді іздесең,
Абайды оқы ерінбе!
Адалдықты көздесең,
Жаттап оқы көңілге!
С. Торайғыров
Ұлы ақын Абай ақылды, тапқырлықты қажет етеді және өте қызық ойын деп жұмбақты жақсы көріпті. Өзі де жұмбақ шығарыпты. Соның бірі мынау:
- Баяғыдан бері сегіз батыр кезек жығысып келе жатыр. Түбінде қайсысы жеңері тағы белгісіз. Сол сегіз батыр кімдер?
Шешуі: Қыс пен жаз, күн мен түн, тақ пен жұп,
Жақсылық пен жамандық болды сегіз.
(Абай)
- Осы жұмбақтың шешіміне назар аударыңдар.
- Жұптасып тұрған сөздер туралы не айтуға болады?
- Олар қандай сөздер?
Суретпен жұмыс.
- Мына суретке назар аударыңдар. Мағыналары бір - біріне қарама - қарсы болатын заттарды атаймыз.
Үлкен үй - кішкентай үй
Түзу сызық - қисық сызық
Түн – ай
Қыз бала - ұл бала
Бүр тай гүл - гүл шоғы
Қосу амалы – азайту амалы.

- Енді дәптерімізді екі бағанаға мына сөздерге қарама - қарсы мағыналы сөздер ойлап жазайық.
Аз - көп
Қорқақ – батыр
Таза - лас
Дос - дұшпан Алыс - жақын
Жас - кәрі
Жарық - қараңғы
Әдепті - әдепсіз

 Оқулықтағы жаттығуларды,топтарда орындау.

Сергіту сәті

Керісінше
Мен қазір деймін көңілсіз
Ал сіздер деңдер......
Егер мен десем ол алыс
Қарсы болыңдар......... деп.
Егер мен жұмыс десем,
Айқайлаңдар............... деп.
Ал егерде бұл басы десем,
Айтасыңдар................ деп.
Өлеңдегі мағыналары қарама - қарсы сөздердің астын сызу.

 

Оқушылар денелерін жатықтырады

Ой толғаныс

Есіңе сақта!
Антоним грек тілінен аударғанда anti - қарсы, onima - есім деген мағынаны білдіреді. Антоним сөздер де синонимдер сияқты біздің тілімізді бай, көркем, мазмұнды ете түседі.
Антонимдер көбінесе мақал - мәтелдер мен жұмбақтарда кездеседі. Өйткені мақал - мәтелдер мен жұмбақтар да сөз аз, ал халық даналығы көп болады.

Үй тапсырмасы

Оқулықтағы тапсырмаларды орындау

Күнделіктеріне жазады

 Бағалау

Бағалау парақшаларын тарату

Парақшаларды толтырады

Кері байланыс

 

Қазақ тілі

Уақыты:

Кабинет: 

Мұғалім:

Сабақтың атауы

Сөздің тура және ауыспалы мағынасы

Сілтеме

Қазақ тілі оқулығының әдістемесі

Сабақтың жабдығы

Тақта,суреттер,кеспе қағаздар

Жалпы мақсаттар

білімділік: Оқушыларға сөздің тура және ауыспалы мағыналарының ерекшеліктерін түсіндіріп, мұхият тыңдап,ұқыпты жазуға дағдыландыру, жаттығу жұмыстарын жүргізу;

дамытушылық: Оқушылардың ойлау,сөйлеу тілін, сын тұрғысынан ойлау қабілеттерін дамыту, шығармашылықпен жұмыс істеуге ұмтылдыру;

тәрбиелік:, Тіл құдіретін сезіне білуге, сөз мағынасын келістіре құбылтып, оларды мейлінше дұрыс қолданып, нақты түсіне білуге тәрбиелеу;

Әдіс-тәсілдер:түсіндіру , сұрақ-жауап ұжымдық оқыту, оқулықпен жұмыс, шығармашылық жұмыс, талдау, баяндау, зерттеу, т.б.

Көрнекіліктер: тірек сызба,Венн диаграммасы, кесте,интербнлсенді тақта

Сабақ түрі: дәстүрлі сабақ

Сабақ типі: жаңа сабақ

Оқыту  нәтижесі

Топқа бөлу

Сыныпты жыл мезгілдеріне қарай төрт топқа бөлу. Күз айында туылғандар 1 - топ, қыс айында дүниеге келгендер 2 - топ, көктем айындағылар 3 - топ, жаз айындағылар 4 - топ болып бөлінеді.

Ынтымақтастық атмосферасы

Ұға білсең мені сен,

Бақытыммен бөлісем.

Жүрек сөзін жалғаймын,

Бәрін саған арнаймын!

– Бүгін – тамаша күн. Біздің көңіл-күйіміз жақсы. Біз бір-бірімізбен ойнап, Махаббатқа, Қуанышқа, Бақытқа өз жүрегімізді арнап отырмыз. 

Үй тапсырмасын сұрау

Ой шақыру. Венн диаграммасы арқылы мәтін мен сөздің ұқсастықтары мен ерекшеліктерін ажырату 

Мағынаны тану

 

              Сөздің тура және ауыспалы мағынасы

   Сөздің зат пен құбылыстың, сан мен сапаның т.б. мағына түрлерінің белгілерімен тікелей байланысып, сол жөнінде нақты ой тудыруын, тура мағына деп атайды. Мысалы: ақ көйлек дегендегі ақ – қара түске қарама-қарсы заттың түсі, ал ақ жүрек дегендегі ақ «таза», «адал», «пәк» деген мағыналарға ауысады.

Ауыспалы мағына – сөз мағынасын екінші бір мағынасымен алмастыру. Ауыспалы мағынаның негізгі тура мағынадан алынады. Ауыспалы мағына сөз тіркестері мен сөйлемде ғана анықталады. Жеке тұрғанда (тіркес, сөйлемге мүше болмаған жағдайда) сөз тек тура мағынада ғана болады.

Оқулықтағы жаттығуларды,топтарда орындау.

Сергіту сәті

Орнымыздан тұрайық,
Алақанды созайық.
Оңға қарай иіліп,
Солға қарай иіліп,
Бір отырып, бір тұрып,
Сәл тынығып алайық.

 

Оқушылар денелерін жатықтырады

Ой толғаныс

1)Кішкене ғана тостаған,

   Жер дүниені бастаған.           (Көз)

2)Ақ сандығым ашылды,

  Ішінен жібек шашылды.  (Күннің көзі)

3)Бір ағашта қырық бұтақ,

Қырық бұтақта қырық ұя.

Қырық ұяда қырық жұмыртқа,

Қырық жұмыртқада қырық балапан. (Бидайдың басы)

4)Бір таудың екі күзетшісі,

Екі тыңшысы, отыз екі бөрісі бар. (Көз, құлақ, тіс)

Жұмбақтың жауабын тауып, оның тура не ауыспалы мағынада жұмсалып тұрғанын ажыратып, екінші мағынасын тауып айту.

Үй тапсырмасы

Оқулықта берілген тапсырмаларды орындау

Күнделіктеріне жазады

 Бағалау

Бағалау парақшаларын тарату

Парақшаларды толтырады

Кері байланыс

 

 

Қазақ тілі

Уақыты:

Кабинет: 

Мұғалім:

Сабақтың атауы

Көп мағыналы сөздер  Көп мағыналы сөздердің бір негізден шығуы.

Сілтеме

Қазақ тілі оқулығының әдістемесі

Сабақтың жабдығы

Тақта,суреттер,кеспе қағаздар

Жалпы мақсаттар

1.      Білімділік:   Көп мағыналы сөздер  туралы түсінік беріп, жаңа тақырыпты мысалдар арқылы меңгерту. Лексикалық талдау жасата отырып, сөздердің мағыналарын таныту.

2.      Дамытушылық: Оқушылардың тапқырлық, ізденімпаздық, ойлау, қабілеттерін арттыру, шығармашылыққа баулу, өз ойын тиянақты жеткізуін дамыту.

3.      Тәрбиелік: Ана тілін сүюге, қадірлеуге баулу, сөз өнерін құрметтеуге, тіл құрметін сезіне білуге тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: дәстүрлі

Сабақтың әдістері: сұрақ - жауап, баяндау, талдау.

Пәнаралық байланыс: Әдебиет

Сабақ көрнекілігі: кесте, венн диаграммасы.

Оқыту  нәтижесі

Топқа бөлу

Сыныпты жыл мезгілдеріне қарай төрт топқа бөлу. Күз айында туылғандар 1 - топ, қыс айында дүниеге келгендер 2 - топ, көктем айындағылар 3 - топ, жаз айындағылар 4 - топ болып бөлінеді.

Ынтымақтастық атмосферасы

Ұға білсең мені сен,

Бақытыммен бөлісем.

Жүрек сөзін жалғаймын,

Бәрін саған арнаймын!

– Бүгін – тамаша күн. Біздің көңіл-күйіміз жақсы. Біз бір-бірімізбен ойнап, Махаббатқа, Қуанышқа, Бақытқа өз жүрегімізді арнап отырмыз.

Үй тапсырмасын сұрау

Үй тапсырмалары берілген дәптерлерді тексеру

Мағынаны тану

 

       Кез келген тілдегі байырғы сөздер жаңа сөз, жаңа мағына жасауға негіз болады. Тілдегі байырғы сөздердің тура мағынасы арқылы жаңадан бір немесе одан да көп қосымша немесе туынды мағыналар жасалады. Бұл тілдің сөздік қорын байыта түседі.

Тілдің алғашқы тура мағынасының екі немесе одан да көп мағынаға ие болуын сөздің көп мағыналылығы деп атайды. Тіл білімінде бұны полисемантизм (грек тілінің poly – «көп» және sema – «белгі» деген сөздерінен құралған) дейді.

Көп мағыналы сөздердің ерекшеліктері

1.      Бір негізден, бір сөзден таралады.

2.      Бір сөз табына қатысты болады.

3.      Түпкі мағына бірлігі сақталады.

Мысалы: кілт.

1)     Есікті, қақпақты, әйтеуір жабық затты ашатын құрал: Назым үйдің

кілтін ала шықты.

2)     Істің, әрекеттің шешілу жолы: Негізгі кілт – оқығандарды жинау.

3)     Зат, құбылыс, әрекеттің негізі, бастамасы: Жұмбақ істің кілті Айшаның әңгімесінен кейін ашылды.

Оқулықтағы жаттығуларды,топтарда орындау.

                                                       Венн  диаграммасы.

 

1. Көп мағыналы сөздердің өзіне тән белгілері.

2. Көп мағыналы сөздер мен омонимдердің ортақ қасиеттері.

3. Омоним сөздердің өзіне тән белгілері.

 

Көп мағыналы сөздер

Тілдегі кейбір сөздер бірнеше мағынада қолданылады. Екі не одан да көп мағынада қолданылатын сөздер көп мағыналы сөздер деп аталады. Көп мағыналы сөздер бір сөз табынан болады және бір негізден таралады. Мысалы, адамның немесе жан-жануардың көзі, иненің көзі, терезенің көзі, бұлақтың көзі, білімнің көзі, істің көзі. Осы тіркестердегі «көз»сөзі – бір негізден таралған зат есім.

Сергіту сәті

Орнымыздан тұрайық,
Алақанды созайық.
Оңға қарай иіліп,
Солға қарай иіліп,
Бір отырып, бір тұрып,
Сәл тынығып алайық.

 

Оқушылар денелерін жатықтырады

Ой толғаныс

Тест тапсырмалары

1.       Көп мағынаға ие бола алатын сөзді көрсетіңіз.

 Ол-сыныбымыздағы мінезі ауыр бала.

А. Ол

В. Сыныбымыздағы

С. Мінезі

Д. Бала

Е. Ауыр

2. Көп мағынаға ие бола алатын сөзді көрсетіңіз.

 Марат домбыраның құлағын бұрап берді.

А. Марат

В. домбыраның

С. Құлағын

Д. Бұрап

Е. Берді

3. Көп мағынаға ие бола алатын сөзді көрсетіңіз.

 Бәрін қойып, ашық әңгімеге кірісейік.

А. Бәрін

В. Қойып

С. Әңгімеге

Д. Ашық

Е. Кірісейік

4. Көп мағыналы сөзді көрсетіңіз.

 Біз таудың басына шығып келдік.

А. Басына

В. Біз

С. Таудың

Д. Шығып

Е. Келдік

5. Көп мағынаға ие бола алатын сөзді табыңыз.

 Майра, жараның аузы ашылып кетпесін.

А. Майра

В. Жараның

С. ашылып

Д.  Аузы

Е. Кетпесін

Үй тапсырмасы

Оқулықтағы тапсырмаларды орындау

Күнделіктеріне жазады

 Бағалау

Бағалау парақшаларын тарату

Парақшаларды толтырады

Кері байланыс

 

 

Қазақ тілі

Уақыты:

Кабинет: 

Мұғалім:

Сабақтың атауы

Диктант. «Абайдың сүйікті ұлы»

Қатемен жұмыс.Тіл ұстарту.

Сілтеме

Қазақ тілі оқулығының әдістемесі

Сабақтың жабдығы

Тақта,суреттер,кеспе қағаздар

Жалпы мақсаттар

Оқыту  нәтижесі

Оқушылардың сауатты жазу қабілеттерін дамыту. Сауаттылыққа,білімділікке тәрбиелеу.

Топқа бөлу

Сыныпты жыл мезгілдеріне қарай төрт топқа бөлу. Күз айында туылғандар 1 - топ, қыс айында дүниеге келгендер 2 - топ, көктем айындағылар 3 - топ, жаз айындағылар 4 - топ болып бөлінеді.

Ынтымақтастық атмосферасы

Ұға білсең мені сен,

Бақытыммен бөлісем.

Жүрек сөзін жалғаймын,

Бәрін саған арнаймын!

– Бүгін – тамаша күн. Біздің көңіл-күйіміз жақсы. Біз бір-бірімізбен ойнап, Махаббатқа, Қуанышқа, Бақытқа өз жүрегімізді арнап отырмыз. 

Қызығушылықты ояту

 

Сурет  бойынша әңгіме жүргізу

Мағынаны тану

 

                      

                             Менің Отаным - Қазақстан.

 

        Менің Отаным – Қазақстан. Қазақстан Республикасы – тәуелсіз мемлекет.  Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі – қазақ тілі. Қазақ тілі -  Қазақстан халқының асыл қазынасы. Қазақ тілінде өте көп газеттер, журналдар шығарылады.. Қазақстан Республикасының астанасы - Астана қаласы. Астана әсем қала. Ол Есіл өзенінің жағасында орналасқан. Қала жылдан-жылға көркейіп келеді. Тамаша салынған ғимараттарға еріксіз көз саласың. Астанада саябақтар,мектептер, мөлтік аудандар көп. Саябақтар өте әдемі. Мұнда әр түрлі ұлт өкілдері тату-тәтті тұрады.

Оқулықтағы жаттығуларды,топтарда орындау.

Сергіту сәті

Орнымыздан тұрайық,
Алақанды созайық.
Оңға қарай иіліп,
Солға қарай иіліп,
Бір отырып, бір тұрып,
Сәл тынығып алайық.

 

Оқушылар денелерін жатықтырады

Ой толғаныс

1-топ

«Астана-арман қала» эссе жазу

2-топ

«Асқақтай бер Астанам»

Өлең жазу

Үй тапсырмасы

Қайталау

Күнделіктеріне жазады

 Бағалау

Бағалау парақшаларын тарату

Парақшаларды толтырады

Кері байланыс

 

 

Қазақ тілі

Уақыты:

Кабинет: 

Мұғалім:

Сабақтың атауы

Омонимдер

Сілтеме

Қазақ тілі оқулығының әдістемесі

Сабақтың жабдығы

Тақта,суреттер,кеспе қағаздар

Жалпы мақсаттар

Білімділік мақсаты: Омонимдер туралы түсінік беріп, жаңа тақырыпты мысалдар арқылы меңгерту. Лексикалық талдау жасата отырып, сөздердің мағыналарын таныту.

Тәрбиелік мақсаты: Омонимдер арқылы қазақ тілінің сөз байлығы жайлы тоқталып, ана тіліне құрмет сезімдерін арттыру.

Дамытушылық мақсаты: Өзіндік жұмыс түрлерін орындату арқылы ой - өрістерін кеңейту, шығармашылық тапсырмалар арқылы сөйлеу тілдерін дамыту.

Технология түрі: ұжымдық жұмыс, топпен жұмыс.

Сабақтың түрі:   аралас сабақ

Пәнаралық байланыс: әдебиет, Қазақстан тарихы.

Әдіс-тәсілі: сұрақ - жауап, баяндау, талдау.

Сабақтың көрнекілігі: суреттер, кесте, венн диаграммасы.

Техникалық құралдар: интерактивті тақта, дербес компьютер.

Оқыту  нәтижесі

Топқа бөлу

Сыныпты жыл мезгілдеріне қарай төрт топқа бөлу. Күз айында туылғандар 1 - топ, қыс айында дүниеге келгендер 2 - топ, көктем айындағылар 3 - топ, жаз айындағылар 4 - топ болып бөлінеді.

Ынтымақтастық атмосферасы

Мен сендерді шаттық шеңберіне шақырамын. Кәнеки, былай деп айтайық:

Кел, балалар, күлейік,

Күлкіменен түлейік.

Қабақ түйген не керек?

Көңілді боп жүрейік.

Үй тапсырмасын сұрау

 

Сұрақтар мен тапсырмалар:

1. Сөз деген не?                                     

 Белгілі бір ұғымға берілген атау.

2. Сөз мағынасы деген не?

Сөздің ішкі жағы, яғни мазмұны.

3. Сөздің қандай мағыналары болады?

 Тура және ауыспалы мағыналары.

4. Сөздің тура мағынасы деген не?

 Негізгі, бастапқы мағынасы.

5. Сөздің ауыспалы мағынасы деген не?

 Келтірінді мағынасы.

6. Көп мағыналы сөздер деген қандай сөздер?

Сөздің бірнеше мағынаға ие болуы.

Мағынаны тану

 

Сабағымызды бастамас бұрын шежіремен таныстырып өтейін. Ерте, ерте ертеде Лексика деген қарт өмір сүріпті. Қарттың үш баласы болыпты. Үлкен ұлы « Омоним», ортаншы ұлы «Синоним» кіші ұлы « Антоним» болыпты. Әкесі үш ұлын шақырып алып, «Дүниеде не тәтті?» деп сұрапты. Ұлдары ойланыпты. Омоним айтыпты: Түс
Синоним айтыпты: Бал шекер, қант.
Антоним жауап бермепті.
Енді балалар антоним дегеніміз не?
Мағыналары қарама қарсы сөздер антоним деп аталады. Балалар сендер қандай қарама қарсы сөздерді білесіңдер. ( дос - дұшпан, алыс - жақын, биік - аласа, ақ - қара)
Ал енді балалар антонимнің жасалу жолына назар аударайық.
антонимдер Зат есім Сын есім Есімдік етістік үстеу
Арық - семіз
Ерте - кеш
Өтірік - шын
Дос - дұшпан
Кіру - шығу

Оқулықтағы жаттығуларды,топтарда орындау.

№1 карточка

●Төмендегі сөздерді пайдаланып, тура мағына мен ауыспалы мағынада қолданылатын бірнеше сөйлем құрап жазыңдар.

                                                       Жел, суық, жылы, өткір, кілт.

1.Суық күндер алыс емес. (тура)

   Суық сөз бойыңды жазғызбайды. (ауыспалы)

2. Қолындағы өткір пышақпен алманың қабығын тез-тез аршыды. (тура)

    Өткір жігіт ешкімнен қаймықпайды. (ауыспалы)

♦ Сол сөздердің негізгі мағынасы мен ауыспалы мағыналарының өзара бірлігі мен айырмашылықтарын айтыңдар.

Сергіту сәті

Сергіту сәті. Жұмбақтар шешіп антонимді табу.
Асты тас, үсті тас,
От астында піскен ас. (таба нан)
Бүгін киген ақ тоным,
Ертең болар қара тон. (жер)

 

Оқушылар денелерін жатықтырады

Ой толғаныс

№2 карточка

Көп нүктенің орнына тиісті сөздерді қойып жаз.
1.... - өсімдіктердің түбір тарамы. ...- адам денесіндегі қан жүретін жол. 2.Адамдар ... ду етіп күлді. ... - жап-жазық жер. 3. ... – газет,журнал,кітап шығарумен айналысатын мекеме. Тамағы ... болып ауырған адам суық су ішпеуі тиіс.
Керекті сөздер: тамыр, баспа, тегіс.

Үй тапсырмасы

Оқулықта берілген тапсырмаларды орындау

Күнделіктеріне жазады

 Бағалау

Бағалау парақшаларын тарату

Парақшаларды толтырады

Кері байланыс

 

 

Қазақ тілі

Уақыты:

Кабинет: 

Мұғалім:

Сабақтың атауы

Омоним сөздердің көп мағыналы сөздермен ұқсастығы

Сілтеме

Қазақ тілі оқулығының әдістемесі

Сабақтың жабдығы

Тақта,суреттер,кеспе қағаздар

Жалпы мақсаттар

а) Оқушылардың шығармашылықты жұмыс істеуіне ықпал ету.Ойлау шеберлігін,сөйлеу мәдениетін арттыру

ә) Оқушылардың ойын кеңейтіп,тілді байытатын мазмұнды да көркем сөз үлгілері мол мақал-мәтелдер,нақыл сөздер үйрету.

б)   Оқушылардың бойына әдептілік,инабаттылық,қарапайымдылық қасиеттерін қалыптастыру.

Сабақтың түрі :                                Аралас сабақ

Сабақтың әдісі :                               сұрақ-жауап,баяндау

Сабақтың көрнекілігі :                   үлестірмелі кеспе қағаздар

Пәнаралық байланыс :                   әдебиет,тарих

Оқыту  нәтижесі

Топқа бөлу

Сыныпты жыл мезгілдеріне қарай төрт топқа бөлу. Күз айында туылғандар 1 - топ, қыс айында дүниеге келгендер 2 - топ, көктем айындағылар 3 - топ, жаз айындағылар 4 - топ болып бөлінеді.

Ынтымақтастық атмосферасы

Мен сендерді шаттық шеңберіне шақырамын. Кәнеки, былай деп айтайық:

Кел, балалар, күлейік,

Күлкіменен түлейік.

Қабақ түйген не керек?

Көңілді боп жүрейік.

Үй тапсырмасын сұрау

1.Сөздің ауыспалы мағынасы дегеніміз не?      

2.Сөздің тура мағынасы дегеніміз не?

3.Сөздің көп мағыналылығы дегеніміз не?        

4. Мәтін дегеніміз не?

Мағынаны тану

 

Омонимдер(гр. homos — біркелкі, onyma — есім) — шығуы жағынан да, мағына жағынан да басқа-басқа, айтылуы және жазылуы бірдей сөздер.

Омоним сөздерді көп мағыналы сөздерден ажырату қажет. Өйткені бұлардың үйлестігінен гөрі айырмашылыктары көбірек. Қазақ тілінде ат деген түрде біріне-бірі байланысы жоқ, екі-үш түрлі сөз бар.

1.      Ат — жұмыс көлігі;

2.      Ат — есім, атау;

3.      Ат — етістік (бұйрық рай).

Бұлар — жеке-жеке үш сөз. Бұл сөздердің арасында өзара мағыналық ешбір байланыс жоқ, тек айтылулары ғана бірдей. Осы сөздердің әрқайсысы өз алдына көп мағыналы сөз. Мысалы, ат: біріншіден, жалпы көлік; екіншіден, жылқының үйірге түспейтін еркегі; т. б. мағыналары бар. Мұнда тек дыбыстық үндестік қана емес, мағыналық байланыс бар. Ал, алғашқы келтірілген ат деген үш сөзде дыбыстық бірлестік қана бар мағыналық байланыс жоқ.

Қас деген төрт сөз бар:

1.      қас — адамның қабағындағы қас;

2.      қас — дұшпан, жау;

3.      қас — бірдеменің жаны, маңы (үйдің қасы);

4.      қас — ердің қасы

Бұлар да — бір-бірімен байланыссыз жеке-жеке cөздер.

Кейде сөздердің ауызша айтылуында бірнеше сөздердің айтылу, естілу ұқсастығы болады. Мысалы: осы жер деген сөздерді айтқанымызда, ош шер болып айтылады, сол сияқты, тұзшы мен тұщы және асшы мен ащы сияқты сөздер де кездейсоқ деп саналады.

Омонимдердің семантикалық айырмашылықтары контексттен көрінеді.

 Оқулықтағы жаттығуларды,топтарда орындау.

Сергіту сәті

Орнымыздан тұрайық,
Алақанды созайық.
Оңға қарай иіліп,
Солға қарай иіліп,
Бір отырып, бір тұрып,
Сәл тынығып алайық.

 

Оқушылар денелерін жатықтырады

Ой толғаныс

Есіңде болсын!

Көп мағыналы сөздер өздерінің сырт формасы жағынан омо-нимдерге ұқсайды. Олардың осы сырт ұқсастығы бірінен-бірін ажыратуда көп ретте қиындық та келтіріп жүр. Студенттер сти-листика сабағындағы талдау жұмыстарында бұл екеуіне байла-нысты кейде қате де жіберіп жатады. Мысалы, ай_зат есімі — Қазақ тілінде әдетте көп мағыналы сөз де, сондай-ақ омоним ретінде де қаралады.

Үй тапсырмасы

Оқулықтағы тапсырмаларды орындау

Күнделіктеріне жазады

 Бағалау

Бағалау парақшаларын тарату

Парақшаларды толтырады

Кері байланыс

 

 

Қазақ тілі

Уақыты:

Кабинет: 

Мұғалім:

Сабақтың атауы

Синонимдер

Синонимдердің мағынасы,ерекшелігі.

Сілтеме

Қазақ тілі оқулығының әдістемесі

Сабақтың жабдығы

Тақта,суреттер,кеспе қағаздар

Жалпы мақсаттар

а) білімділік - оқушыларды сөз мағынасына мән беруге, сөздерді лексикалық жолмен талдай білуге үйрету;
ә) дамытушылық – ойлау, пайымдау қабілеттерін дамыту, сөйлеу шеберлігіне, ой ұшқырлығына баулу;
б) тәрбиелік – туған тіл әрбір елдің ұлттық мақтанышы екенін ұғындырып, келтірілген мысалдар арқылы елін, жерін, туған тілін сүйе білуге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: жаңа материалды меңгерту сабағы.
Сабақтың әдісі: проблемалық ой тастау, баяндау, сұрақ - жауап, ізденушілік, зерттеушілік іс - әрекеттері, ойын түрлері.
Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта, синонимдер сөздігі
Пәнаралық байланыс: әдебиет, бейнелеу өнері.

Оқыту  нәтижесі

Топқа бөлу

Сыныпты жыл мезгілдеріне қарай төрт топқа бөлу. Күз айында туылғандар 1 - топ, қыс айында дүниеге келгендер 2 - топ, көктем айындағылар 3 - топ, жаз айындағылар 4 - топ болып бөлінеді.

Ынтымақтастық атмосферасы

Мен сендерді шаттық шеңберіне шақырамын. Кәнеки, былай деп айтайық:

Кел, балалар, күлейік,

Күлкіменен түлейік.

Қабақ түйген не керек?

Көңілді боп жүрейік.

Үй тапсырмасын сұрау

Омонимдер туралы қайталау.
- Омонимдер дегеніміз не?
- Омонимдердің көп мағыналы сөздерден айырмашылығы неде?

Мағынаны тану

 

1. Зат есімдер
Кім?
Мұғалім
Ұстаз
Педагог
Оқытушы
2. Сын есімдер
Қандай?
қадірлі
қастерлі
құдіретті
құрметті
3. Етістіктер
Не істеу?
күту
кідіру
аялдау
тосу
4. Үстеулер
Қашан?
жуырда
таяуда
жақында
жуықта
Әр бағанадағы сөздерге сұрақ қойып, бір - бірімен мағынасы және жазылуы жағынан салыстыра отырып, синонимдердің ережесін оқушылармен бірлесе отырып шығару және оны кітаптығы ережемен салыстыру.

Оқулықтағы жаттығуларды,топтарда орындау.

Сергіту сәті

Орнымыздан тұрайық,
Алақанды созайық.
Оңға қарай иіліп,
Солға қарай иіліп,
Бір отырып, бір тұрып,
Сәл тынығып алайық.

 

Оқушылар денелерін жатықтырады

Ой толғаныс

Сурет бойынша жұмыс. «Кім тапқыр?» ойыны.
Бұл кім?
Ұстаз, мұғалім, оқытушы
Адам, кісі. жан, пенде
Ер бала, жігіт, ұл
Қарт, кәрі, қария
Нәресте, сәби, бөбек, бала, перзент
Бұл не?
Тамақ, ас, тағам, дәм
Қандай көңіл күй?
Қуану, шаттану, мәз болу
Өкіну, опық жеу, бармағын тістеу

1. Синоним дегеніміз –
А) Айтылуы мен жазылуы бірдей сөздер
В) Мағыналары қарама - қарсы сөздер
С) Жазылуы әр түрлі, мағыналары бір - біріне жуық сөздер
2.
«Даңқ» сөзінің синонимін тап.
А) Мықты
В) Атақ
С) Дәулет
3. «Қадірлі, құрметті, қадірменді» синонимдік қатары қай сөз табына
жатады?
А) Сын есім
В) Зат есім
С) Үстеу
4. «Адам» сөзінің синонимін тап.
А) Шәкірт
В) Дос
С) Кісі
5. Синонимдік қатардың дұрысын тап.
А) Күлу, сықылықтау, жылау
В) Зат, мүлік, нәрсе, бұйым
С) Көне, жаңа, ескі

Үй тапсырмасы

Оқулықтағы тапсырмаларды орындау

Күнделіктеріне жазады

 Бағалау

Бағалау парақшаларын тарату

Парақшаларды толтырады

Кері байланыс

 

Қазақ тілі

Уақыты:

Кабинет: 

Мұғалім:

Сабақтың атауы

Антонимдер.

Антонимдердің ойды анық,әсерлі жеткізудегі мәні

Сілтеме

Қазақ тілі оқулығының әдістемесі

Сабақтың жабдығы

Тақта,суреттер,кеспе қағаздар

Жалпы мақсаттар

Сабақтың мақсаты: Білімділік -  антоним сөздерді бір-біріне салыстыра отырып, анықтамасын оқушылардың өздері ойланып шығаруға бағыт беру,

Дамытушылық – оқушының білім мен танымын кеңейту және тез қабылдауына жол ашу, өз пікірін толық жеткізе алуына баулу, ойлау қабілетін арттыру;

Тәрбиелік – оқушыларды адамгершілік асыл қасиеттерге жетелей отырып, сөз өнерін қадірлей білуге тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: аралас сабақ.

Сабақтың әдіс-тәсілдері: сұрақ-жауап, топпен жұмыс, тілдік талдау, топтастыру.

Көрнекілігі: оқушылардың таным қабілеттерінің даму деңгейін анықтауға бағытталған тапсырмалар, интерактивті тақтада слайдтар.

Пәнаралық байланыс: әдебиет.

Оқыту  нәтижесі

Топқа бөлу

Сыныпты жыл мезгілдеріне қарай төрт топқа бөлу. Күз айында туылғандар 1 - топ, қыс айында дүниеге келгендер 2 - топ, көктем айындағылар 3 - топ, жаз айындағылар 4 - топ болып бөлінеді.

Ынтымақтастық атмосферасы

«Миға шабуыл». Әр топқа арнайы сұрақтар қоя отырып өткен сабақты еске түсіру:

1. Лексика дегеніміз не?

2.Омонимдердің анықтамасын айт. Мысал келтір.

3.Сіздер күнделікті өмірде омоним және синоним болатын сөздерді қаншалықты жиі қолданасыздар?

Омоним мен синоним сөздерге жазып келген өлеңдері мен мақал-мәтелдерін оқыту.

 

Үй тапсырмасын сұрау

 

Мағынаны тану

Өзіндік ізденіс – білім негізі.

Интерактивті тақтадан биік тау мен аласа таудың суреті, кактус гүлі мен адыраспан шөбін салыстыру арқылы оқушыларға не түсінгендерін және ереже шығару керектігін ескертемін.

-Балалар, антоним грек тілінде anti –қарсы, onota - атау дегенді білдіреді. Ендеше сіздер мысалдарға сүйене отырып қандай қорытындыға келдіңдер?

- Мағыналары бір-біріне қарама-қарсы болып келетін сөздерді антонимдер деп атаймыз.

-Балалар, антоним мен жұрнақ арқылы жасалатын болымды, болымсыздық мағыналар бірдей емес. Оларды былайша салыстырып көруге болады.

Тақтаға жазылған мақал-мәтелдерді оқып, антонимдер мен болымды, болымсыздық мәндегі сөздерді табамыз. 

Антонимдер

Болымды, болымсыздық мағыналар

1.Күштімен алысқан әлсіз өз қолын сындырады.  (Сәйф Сарайи).

Піл күшті,

Піл күшті емес, тіл күшті.

2.Жаман сөз жылатады,

Жақсы сөз жұбатады.

Көп сөйлеген қалайда жақсы емес. (Құтып)

3.Білімді – алтын көзі ашылатын,

Надан жан – қара бақыр шашылатын.(Йүгінеки)    

Білімді білімсіздің мыңын жеңер. (Йүгінеки)    

Антонимдер ойды әсерлі, бейнелі түрде жеткізудің ең оңтайлы құралы. Мәселен, ғасырлар бойы атадан балаға мирас болып келе жатқан мақал-мәтелдердің, жұмбақтардың құрамында антонимдер жарыса қолданылады.

1- топ тапсырмасы:

Мағыналық жағынан бір-біріне қарама-қарсы болып келетін тұрақты тіркестерді ойлап жазу.

Ит арқасы қиянда – таяқ тастам жер. т.б.

2-топ тапсырмасы:

Құрамында антоним сөздер кездесетін мақал-мәтелдер, жұмбақ, жаңылтпаштар ойлап жаз және мағынасына,  жасалу жолына назар аударыңдар.

Мақалдар.

·        Жіптің ұзыны, сөздің қысқасы жақсы.

·        Дұшпан күлдіріп айтады,

Дос жылатып айтады.

·        Жақсыдан үйрен, жаманнан жирен.

Жаңылтпаштар.

·        Ақ тайлақ ақ па?

Қара тайлақ ақ па?

·        Күн бе, түн бе,

Пілге мінбе.

·        Екеуінің жасы шамалас,

Бірінің шашы – қара шаш,

Екіншісінің шашы ақ шаш аралас.

Жұмбақтар.

·        Түнде бармын,

Күндіз жоқпын.  /жұлдыз/

3- топ тапсырмасы:

АНТОНИМ

 

Сын есім

Етістік

Зат есім

Есімдік

Үстеу

ауыр-жеңіл,

кең-тар,

ыстық-суық,

жас-кәрі

артық-кем,

аш-тоқ,

арық-семіз,

оңай-қиын

 

 

озу-қалу,

кету-келу,

қону-ұшу,

шашу-жинау,

ашу-жабу,

кіру-шығу,

күлу-жылау,

сату-алу

өтірік-шын,

обал-сауап,

алғыс-қарғыс,

рахат-бейнет,

бақ-сор,

өмір-өлім,

пайда-зиян,

жаз-қыс,

күн-түн

анау-мынау,

әне-міне,

осы-сол

ерте-кеш,

ақырын-шапшаң,

жоғары-төмен,

алыс-жақын,

әрі-бері

 Оқулықтағы жаттығуларды,топтарда орындау.

Сергіту сәті

Орнымыздан тұрайық,
Алақанды созайық.
Оңға қарай иіліп,
Солға қарай иіліп,
Бір отырып, бір тұрып,
Сәл тынығып алайық.

 

Оқушылар денелерін жатықтырады

Ой толғаныс

Ойды жинақтау мақсатында оқушыларға антонимдердің негізгі белгілерін анықтау тапсырылады.

 

Антонимдер

 

ойды бейнелі түрде жеткізеді

 

болымды- болымсыздық мағыналары бар

 

мағыналары бір-біріне қарама-қарсы болып келетін сөздер

 

мақал-мәтелдерде, жұмбақтарда жарыса қолданылады.

 

әр сөз табынан болады

 

Үй тапсырмасы

Оқулықтағы тапсырмаларды орындау

Күнделіктеріне жазады

 Бағалау

Бағалау парақшаларын тарату

Парақшаларды толтырады

Кері байланыс

 

 

Қазақ тілі

Уақыты:

Кабинет: 

Мұғалім:

Сабақтың атауы

Табу .Эвфемизм және дисфемизм

Сілтеме

Қазақ тілі оқулығының әдістемесі

Сабақтың жабдығы

Тақта,суреттер,кеспе қағаздар

Жалпы мақсаттар

Білімділік: оқушылардың эвфемизм мен дисфемизм туралы. Лингвистикалық білімдерін кеңейту, лексикалық талдау жасау дағдыларын дамыту, жаттығу жұмыстары мен қосымша тапсырмалар арқылы бекіту.
Тәрбиелік: оқушылардың эстетикалық сезімдерін ояту, ана тілді сүюге, елжандылыққа, ұлтжандылыққа тәрбиелеу.
Дамытушылық: оқушылардың таным қабілеттерін дамыту, пәнге деген қызығушылықтарын арттыру, ауызша және жазбаша тіл мәдениетін дамыту.

Оқыту  нәтижесі

Топқа бөлу

Сыныпты жыл мезгілдеріне қарай төрт топқа бөлу. Күз айында туылғандар 1 - топ, қыс айында дүниеге келгендер 2 - топ, көктем айындағылар 3 - топ, жаз айындағылар 4 - топ болып бөлінеді.

Ынтымақтастық атмосферасы

Мен сендерді шаттық шеңберіне шақырамын. Кәнеки, былай деп айтайық:

Кел, балалар, күлейік,

Күлкіменен түлейік.

Қабақ түйген не керек?

Көңілді боп жүрейік.

Үй тапсырмасын сұрау

 

Терме диктант.
1.Ажыландай тоғанды. 2.Адал ақы, маңдай тер. 3.Бет пердесін ашты. 4.Гүлдей солды. 5.Дүниеден озды. 6.Екі туып, бір қалғаным емес. 7.Жолы болды.
8.Зәре құты қалмады.

Мағынаны тану

 

Кейде бір нәрсенің атын тікелей айту дөрекілеу естіледі, көңілге жағымсыз естілетіндей сыңайы байқалады. Мұндай жағдайда олар басқа сыпайы, жағымды сөздермен ауыстырып айтылады. бұл құбылыс тілде эвфемизм деп аталады.эвфемизм әдепті, сыпайы, сөйлеу мақсатынан шыққан. Мысалы: «мылжың» деудің орнына «сөзуар», «ұрланды» деудің орнына «қолды болды» деген сөздер мен тұрақты тіркестер қолданылады. Эвфемизмдер – ойды бейнелеп, көркемдеп жеткізудің бір тәсілі.
Күнделікті ауызекі сөйлеуде әдепті сөзді әдепсіз, дөрекі сөзге ауыстырып айту әдеті де кездеседі. Мұндай құбылысты тіл білімінде дисфемизм деп атайды. Дисфемизм мағынасы жағынан эвфемизмге қарама- қарсы құбылыс.Дисфемизм кеміту, қорлау, іске жаратпа ұғымын тудырады. Мысалы: боқмұрын, боғы ботқа болу, қырт.
Дисфемизм – әдеби тілдің үлгісіне жатпайды. Дисфемизммен сөйлейтін адамдарды мәдениеті төмен адамдар деп есептейді. Бұлар көркем шығармада, көбінесе, ауызекі сөйлеу тілінің үлгісінде кейіпкерлердің тілінде ұшырасады.
VІ. Жаңа тақырып бойынша түсінігін тексеру:
1-топ
1. Сөз тіркестерінен эвфемизмді бір бөлек, дисфемизмді бір бөлек топтап жазыңдар.
Аузы жеңіл, шірік неме, сылтып басады, жаман ит, құлағы мүкістеу, нұры кеткен, мес қарын, сасық ауыз.
2. Төмендегі сөздерді эвфемизмге айналдырып жаз.
Өтірікші, сатқын, ұры, сұмырай, надан.
ІІ -топ
1. Мына дисфемизмдердің синонимін тауып жаз.
Оңбаған, қайыршы, жалмауыз, кеңкелес,ұятсыз.
2. Сөйлеу мәдениетіне байланысты өз ой – пікіріңді жаз.
ІІІ -топ
1.Ауыз әдебиетінен табу, эвфемизм,дисфемизмге мысалдар келтір.
2. «Тіл халықтың жаны, кескін – келбеті» атты тақырыпта ойтолғау жаз. Оқулықтағы жаттығуларды,топтарда орындау.

Сергіту сәті

Орнымыздан тұрайық,
Алақанды созайық.
Оңға қарай иіліп,
Солға қарай иіліп,
Бір отырып, бір тұрып,
Сәл тынығып алайық.

 

Оқушылар денелерін жатықтырады

Ой толғаныс

Қазақ тілінде эвфемизм тәсілімен сөз алмастырудың мына-аи дай олдары бар:

1. Ауру аттары алмастырылады. Науқас адамның көзінше аурудың нақ өзін атамай, оның жеңілірек түрін айту дәстүрі бар Мәселен, туберкулезнемесе құрт ауру деудің орнына өкпе ‘ауруы, рак немесе қылтамак, деудің орнына жаман ауру, гоноррея немесе сөз деудің орнына жіңішке ауру, сифилис деудіц орнына ‘самал немесе мұрнына жел түскен деп мағынасы қатты тиетін ‘сөздерді жұмсақ сөздермен алмастырып қолданады.

2. Адамның дене мүшесіндегі кем-кетік: атаулары алмастыры- лады. Мәселен, ауру, жарымжан, мүгелек адамды дімкәс деген сөзбен, саңырау, керең деген сөзді құлағының мүкісі бар, сараң естиді, құлағы тосақ деген сөздермен, аягы ақсақ дсгспді аяғының сылтымасы бар деп алмастырып айта беруге болады.

Үй тапсырмасы

Оқулықтағы тапсырмаларды орындау

Күнделіктеріне жазады

 Бағалау

Бағалау парақшаларын тарату

Парақшаларды толтырады

Кері байланыс

 

 

Қазақ тілі

Уақыты:

Кабинет: 

Мұғалім:

Сабақтың атауы

Бақылау диктанты «Алғыс»

Қатемен жұмыс.

Сілтеме

Қазақ тілі оқулығының әдістемесі

Сабақтың жабдығы

Тақта,суреттер,кеспе қағаздар

Диктанттар жинағы

Жалпы мақсаттар

Оқыту  нәтижесі

Оқушылардың өткен сабақта алған білімдерін бекіту. Қатесіз,таза жазуға тәрбиелеу. Ойлау,сөйлеу қабілеттерін дамыту.

Топқа бөлу

Сыныпты жыл мезгілдеріне қарай төрт топқа бөлу. Күз айында туылғандар 1 - топ, қыс айында дүниеге келгендер 2 - топ, көктем айындағылар 3 - топ, жаз айындағылар 4 - топ болып бөлінеді.

Ынтымақтастық атмосферасы

Мен сендерді шаттық шеңберіне шақырамын. Кәнеки, былай деп айтайық:

Кел, балалар, күлейік,

Күлкіменен түлейік.

Қабақ түйген не керек?

Көңілді боп жүрейік.

Үй тапсырмасын сұрау

Үй тапсырмасы жазылған дәптерлерін тексеру

Мағынаны тану

 

                    Қысқы ағаш

            Қыс ағашқа қауіпті. Қарсыз аязды күндері суықтан жарылып кетеді. Ағаш қысқа өзінше дайындалады. Оның өркендеп өсуі үшін қорек зат керек. Ол қыста жетіспейді. Сондықтан ағаш қыста өсуін тоқтатады. Ағаштың суықтан қорғайтын қалың қабаты бар. Жыл өткен сайын оның қабағы қалыңдай түседі. Ағаштың түбін қармен көм. Сонда  ағаштың тамырына суық өтпейді. (51 сөз)

Жазылуы қиын сөздер: дайындалады, өркендеп.

            1. Соңғы сөйлемнен етістікті табыңдар. Астын сызыңдар.

            2.Маңырайды, боздайды, кісінейді деген сөздерді қатыстырып сөйлем құраңдар.

 

Сергіту сәті

Орнымыздан тұрайық,
Алақанды созайық.
Оңға қарай иіліп,
Солға қарай иіліп,
Бір отырып, бір тұрып,
Сәл тынығып алайық.

 

Оқушылар денелерін жатықтырады

Ой толғаныс

Білімнен мол сый-асы,

Балғындардың ұясы.

(Мектеп)

Ақыл-ойдың шырағы,

Зәулім көктей шынары.

Биігіне бойлаған,

Қанбайды адам құмары.

(Білім)

Білімнің жол басшысы,

Шәкірттің қолбасшысы

(Мұғалім)

Шәкіртке жанашыр,

Мейірман кім, жаны асыл?

(Ұстаз)

Білімнің дәнін тереді,

Балаға тәлім береді.

(Ұстаз)

Үй тапсырмасы

Қайталау

Күнделіктеріне жазады

 Бағалау

Бағалау парақшаларын тарату

Парақшаларды толтырады

Кері байланыс

 

Қазақ тілі

Уақыты:

Кабинет: 

Мұғалім:

Сабақтың атауы

Тіл ұстарту.

Тоқсандық қайталау

Сілтеме

Қазақ тілі оқулығының әдістемесі

Сабақтың жабдығы

Тақта,суреттер,кеспе қағаздар

Жалпы мақсаттар

Оқыту  нәтижесі

Оқушылардың 1-тоқсанда алған білімдерін қорытындылау. Ойлау,сөйлеу,есте сақтау қабілеттерін дамыту.

Топқа бөлу

Геометриялық фигуралар арқылы топтарға бөлу

Ынтымақтастық атмосферасы

Балалар бір-біріне «сиқырлы таяқшаны» бере отырып, өздерінің игілікті тілектерін айтады:

Мен бәріңе Денсаулық тілеймін!

Мен бәріңе Қуаныш тілеймін!

Мен бәріңе Мейірім тілеймін!

Мен бәріңе шуақты күн тілеймін!

Мен бәріңе көңілді ойын тілеймін!

Үй тапсырмасын сұрау

Үй тапсырмасы жазылған дәптерлерді тексеру,бағалау.

Мағынаны тану

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1. «Сұлу» сөзінің синонимін табыңыз.
А) Әдепті.
В) * Әдемі.
С) Сыпайы.
D) Мықты.
Е) Салмақты.
2. Буын түрін анықтаңыз.
A) * Тұйық.
В) Жалғау.
С) Жалаң.
D) Буын.
Е) Тасымал.
3. - дар, - дер, - тар, - тер, - лар, - лер жалғаудың қай түріне жататынын көрсетіңіз.
А) Септік.
В) Жіктік.
D) Көптік.
C) * Тәуелдік.
Е) Етістік.
4. Төл сөзді сөйлемді белгілеңіз.
А) Сен дегенде сөз бар ма?
B) * "Келешек - өткен тарихты қорғау", - дейді Олжас Сүлейменов.
С) Балалардың соңғы ермегі -"Ақсүйек", "Соқыр теке".
D) Сауатты болу дегеніміз - дұрыс жазып, дұрыс сөйлеу.
Е) Әй дер әже, қой дер қожа жоқ.
5. Берілген сөйлемді дұрыс аяқтаңыз. 25 қазан -...
А) Ынтымақ күні.
В) Конституция күні.
С) Тәуелсіздік күні.
D) * Республика күні.
Е) Жеңіс күні.
6. Қазақстанның көне қаласын белгілеңіз.
А) Астана.
В) * Орал.
С) Ақтау.
D) Отырар.
Е) Атбасар.
7. Зергерлік бұйымдарды белгілеңіз.
А) Алаша, көрпе, төсеніш.
В) Кесе, қасық, пышақ.
С) Кітап, дәптер, қалам.
D) * Шолпы, білезік, сырға, қапсырма.
Е) Қару - жарақ, ер - тұрман, қоржын.
8. Қазақ халқының ұлттық ойынын белгілеңіз.
А) Шахмат.
В) Дойбы.
С) Баскетбол.
D) * Тоғызқұмалақ.
Е) Лото.
9. Күзден кейін келетін жыл мезгілін көрсетіңіз.
А) Апта.
B) * Қыс.
С) Жаз.
D) Күз.
Е) Көктем.
10. «Қоян жүрек» фразеологизмінің антонимін табыңыз.
A) * Қорқақ.
В) Әлсіз.
С) Салмақты.
D) Батыр.
Е) Күшті.
11. Синонимдік қатарды көрсетіңіз.
А) Іс, сапар.
B) * Кінәлі, айыпты.
С) Апару, әкелу.
D) Жүмысшы, оқушы.
Е) Мәртебелі, сыйсыз.
12. Жалғауы ұяң дауыссыздан басталып тұрған сөзді табыңыз:
А) Оқушылар.
В) Көйлектер.
С) Қонақтар.
D) * Қайындар.
Е) Дәптер.
13. Тек үнді дауыссыздары бар сөзді табыңыз.
А) Сапар.
В) * Айман.
С) Алпыс.
Б) Азат.
Е) Аймақ
14. Сөйлемдегі есімдіктердің түрін анықтаңыз: Мен ешқашан елімді сатпаймын!
А) Сілтеу, жалпылау.
В) * Жіктеу, болымсыздық.
С) Жіктеу, сілтеу.
D) Жалпылау, белгісіздік.
Е) Жіктеу, өздік.
15. Шартты райлы етістікті табыңыз.
А) Ертең мектепке кел.
В) Содан кейін мені сына.
С) Өзің білесің, біз момын шаруамыз.
D) * Бір көрсем, арманым болмас еді.
Е) Жүкті шешпе, үйді әуре қыласың.
16. Жалғаулық шылау қатысқан сөйлемді анықтаңыздар
А) 22 наурыз күні біз демаламыз.
В) Табиғатты аялайық.
C) * Біресе мәтін оқимын, біресе теледидар қараймын.
D) Табиғат адамға бәрін береді.
Е) Наурыз көжеге жеті түрлі дәм қосады.
17. Баяндауышты табыңыз.
Күзде жыл құстары жылы жаққа ұшып кетеді.
А) Күзде.
В) Жыл құстары.
С) Жылы.
D) * Ұшып кетеді.
Е) Жакқа.
18. Қазақ халқын жоңғарлардан қорғаған батырды табыңыз.
А) Тоқтар.
В) Мәншүк.
С) Бауыржан.
D) * Райымбек.
Е) Талғат.
19. Қазақ халқының ежелгі баспанасын табыңыз.
А) Шалаш.
В) Кірпіш үй.
С) * Киіз үй.
D) Саман үй.
Е) Коттедж.
20. Бірыңғай тұйық буынды сөздерді көрсетіңіз.
А) Ең, өте, тым.
В) * Аш, ат, от.
С) Есім, мысал, көп.
D) Ал, жай, көр.
Е) Ет, кет, аса.
21. Тәуелденген сын есімді табыңыз.
А) Айтарың бар ма?
В) * Сенің балаң.
С) Ешкімің жоқ.
D) Жақсың қайсы?
Е) Біреуің кел.

Сергіту сәті

«Қаражорға» биі

Ой толғаныс

Ұшымен қазық

Тор көзді жазық.

Үстіне өттім,

Асыл сөз жазып.

(Дәптер)

***

Кішкене құдықтан,

Найза ұшты шыбығым,

Су ішіп құныққан.

(Сиясауыт)

***

Қабы сояу,

Діні – бояу.

(Қарындаш)

***

Қысқа таяқ діңі бар,

Шиырлаған ізінде

Сайрап тұрар тілі бар.

(Қарындаш)

***

Ойларынды аңсаған,

Асыл сөзді ақ алаңға,

Түсіруден шаршаған,

Мен емеспін әмәнда.

(Қалам)

 

Үй тапсырмасы

Оқулықта берілген тапсырмаларды орындау

Күнделіктеріне жазады

 Бағалау

Бағалау парақшаларын тарату

Парақшаларды толтырады

Кері байланыс

 

 

Қазақ тілі

Уақыты:

Кабинет: 

Мұғалім:

Сабақтың атауы

Тұрақты тіркес

Сілтеме

Қазақ тілі оқулығының әдістемесі

Сабақтың жабдығы

Тақта,суреттер,кеспе қағаздар

Жалпы мақсаттар

А) Білімділік: Оқушыларға тұрақты тіркестер туралы түсінік беру және 
оларды сөз аралығында қолдана білуге үйрету.
Ә) Тәрбиелік:Тұрақты сөз тіркесін сөйлеу, жазу дағдысына енгізуге тәрбиелеу.
Б) Дамытушылық: Оқушылардың тіл байлығын, ақыл –ойын, сана – сезімін 
дамыту.Оқушылардың дағды-машықтарын, таным белсенділіктерін арттыру.
Сабақтың түрі: Дәстүрден тыс сабақ.
Сабақтың типі: Жаңа ұғымды меңгерту.
Сабақтың әдісі: Түсіндіру, сұрақ-жауап, ой талқы.
Көрнекілігі: Интерактивті тақта, сөздіктер.
Пәнаралық байланыс:Әдебиет

Оқыту  нәтижесі

Топқа бөлу

Сыныпты «Алғырлар» және «Білгірлер» деп екі топқа бөледі.

Ынтымақтастық атмосферасы

– Балалар, бүгін біз бірінші рет шаттық шеңберіне жиналайық! Шеңберге тұрайық, достарымызбен қол ұстасайық! Барлығымыз жақсы көңіл-күйде бір-бірімізге тілегімізді айтайық! Бір-бірімізге қарап күлкімізді сыйлайық!

Қол алысып, қәне, біз,

Достасайық бәріміз.

Айтарым бар сендерге,

Тез тұрыңдар шеңберге.

Қандай жақсы бір тұру,

Достарменен бір жүру!

Қандай жақсы дос болу!

Үй тапсырмасын сұрау

Мағынаны тану

 

1.Сөздер жазылған парақшалар беріледі, әр оқушы сол сөздерден тұрақты сөз тіркестерін құрайды, мағынасын табады. Бір-бірінің жұмыстарын көршісімен алмастырып тексереді.
2. Оқушылар құрастырған мысалдар тақтаға жазылады
Екі көзі төрт болу – (күту) 
Салы суға кету –(шарасыздық)
Жұмған аузын ашпау –(үндемеу)
Түн ұйқысын төрт бөлу – (бағып-қағу)
Қол ұшын беру – (көмектесу) жазылады. 
Екі не одан көп сөздің тіркесінен құралып, біртұтас мағынаны беретін тіркесті тұрақты тіркестер деп атаймыз. 
Тұрақты сөз тіркестері қазақ тілінде «фразеология» деген термин арқылы таныс. Фразеология деген термин гректің фразис (сөйлемше), логос (ілім) деген сөздерінен біріктіру арқылы жасалған.Тіл ғылымындағы қазіргі мағынасы тұрақты сөз тіркесі деген ұғымды білдіреді. 
Тілімізде еркін сөз тіркестері және тұрақты сөз тіркестері деген терминдер бар.
Еркін сөз тіркестері-тіркестегі сөздер еркін, орындарын басқа сөздермен ауыстыра беруге болатын сөздер. Мысалы: жасыл қала-әдемі қала, жасыл кітап-қызыл кітап.
Тұрақты сөз тіркестері-тілде екі немесе одан да көп сөздердің тіркесіп, бір ғана мағына беретін сөздер.Мысалы:ит тұмсығы өтпес(қалың, ну), қоян жүрек (қорқақ), беті бүлк етпеу (ұялмау)
Тұрақты сөз тіркестерінің негізгі белгілері
1. Тіркес құрамында кемінде екі сөз болады
2. Сөздердің орны ауыстырылмайды
3. Тіркес құрамындағы сөздерді басқа сөздермен өзгертуге келмейді
4. Тіркес құрамындағы сөздер жеке-жеке мағына бермей,барлығы тұтас бір мағынаны ашады
5. Сөйлем құрамында бүтін бір тұлға ретінде жұмсалады

«Оқулықпен жұмыс»
І топ.Тұрақты тіркестерді қатыстырып, сөйлем құрау.
ІІ топ.Тұрақты тіркестерді табу.
ІІІ топ. Жай сөз тіркестерін табу.

Оқулықтағы жаттығуларды,топтарда орындау.

Сергіту сәті

Орнымыздан тұрайық,
Алақанды созайық.
Оңға қарай иіліп,
Солға қарай иіліп,
Бір отырып, бір тұрып,
Сәл тынығып алайық.

 

Оқушылар денелерін жатықтырады

Ой толғаныс

«Ойланайық»
1-тапсырма.
Берілген мәтін қай шығармадан алынғанын анықтап және мәтін ішінен тұрақты тіркесті табу керек
1.Өз үйіне келгенде ол бой жазып қалады. Үйі өте кішкентай болса керек. Киізі қырық жамау күркесіне келіп «Қайран өз үйім, кең сарайым боз үйім» деп керілгенде, екі аяғы тізесіне дейін күркеден шығып жатады екен. 
2.Ол қолына жүз батпан шоқпарын алып, Керқұла аттың шабысымен дәуге қарсы шаба жөнеледі. Көзді ашып-жұмғанша дәудің бір басы ұшып түседі.
3. Әкем би болмаса да, би түсетін үй болғаны ғой. Шешем қырық кісіні ренжітпей аттандырса, «Қырықтың бірі қыдыр» деген, маған бәлкім, қыдыр дарыған шығар, ата.
2-тапсырма.
Оқушылар тұрақты тіркестердің жалғасын табады.
1. .....нің түгі бар
2. .....ын шүйіру
3. ....нен қақпау

1. ...іне көк ала шыбын үймелету
2. .....тай ұшты
3. .....ыңды балта кеспейді

1. ....і тоймау
2. түйе үстінен ..... үйту
3.
Жұмған ...ын ашпау

Үй тапсырмасы

Оқулықта берілген тапсырмаларды орындау

Күнделіктеріне жазады

 Бағалау

Бағалау парақшаларын тарату

Парақшаларды толтырады

Кері байланыс

 

Қазақ тілі

Уақыты:

Кабинет: 

Мұғалім:

Сабақтың атауы

Тұрақты тіркестің ойды әсерлі берудегі мәні.

Сілтеме

Қазақ тілі оқулығының әдістемесі

Сабақтың жабдығы

Тақта,суреттер,кеспе қағаздар

Жалпы мақсаттар

Сабақтың мақсаты: Сыни тұрғыдан ойлау әдісін пайдалана отырып еркін тіркес пен тұрақты тіркес айырмашылығын ажырата білу.
Оқыту нәтижесі: Сыни тұрғыдан ойлау әдісін пайдалану нәтижесінде оқушылар жай тіркес пен тұрақты сөз тіркесін практикалық жолмен ажырата білу.
Негізгі идея: Балалар бірлесе отырып ереже шығарады. Тұрақты тіркес ерекшеліктерін айқындайды.

Оқыту  нәтижесі

Топқа бөлу

Сыныпты жыл мезгілдеріне қарай төрт топқа бөлу. Күз айында туылғандар 1 - топ, қыс айында дүниеге келгендер 2 - топ, көктем айындағылар 3 - топ, жаз айындағылар 4 - топ болып бөлінеді.

Ынтымақтастық атмосферасы

– Балалар, бүгін біз бірінші рет шаттық шеңберіне жиналайық! Шеңберге тұрайық, достарымызбен қол ұстасайық! Барлығымыз жақсы көңіл-күйде бір-бірімізге тілегімізді айтайық! Бір-бірімізге қарап күлкімізді сыйлайық!

Қол алысып, қәне, біз,

Достасайық бәріміз.

Айтарым бар сендерге,

Тез тұрыңдар шеңберге.

Қандай жақсы бір тұру,

Достарменен бір жүру!

Қандай жақсы дос болу!

Үй тапсырмасын сұрау

Тест тапсырмалары

Мағынаны тану

 

Екі не одан көп сөздің тіркесінен құралып, біртұтас ұғымды беретін, сөйтіп бір сөздің орнына жұмсалатын ауыспалы мағынадағы тіркесті тұрақты тіркес деп атаймыз. Мысалы: аузын ашпау – үндемеу, көзді ашып - жұмғанша – лезде.
 Жаңа тақырыпты игеру кезеңдері:
«Баламасын табыңдар»
«Алғырлар»тобына ------------------- «Білгірлер» тобына
1. Ат ізін салмау -------------------------1. Инедей қадалу
2. қол ұшын беру -----------------------2. мұзға отырғызу
3. тіс жармау -----------------------------3. ит тұмсығы өтпейтін
4. мойны жар бермеу -----------------4. жерге кіріп кете жаздау
5. төрт көзі түгел ------------------------5. аузын қу шөппен сүрту
6. бетінен қақпау -----------------------6. қабырғаңмен кеңес

«Суреттер сөйлейді»
Оқушыларға слайдпен ауыз, мұрын, мұз, жүрек, пышақ, ит, қоян, шаштың суреттері көрсетіледі. Сол суретке қарап тұрақты тіркес құрайды және сол сөзді үш тілге аударады.

Оқулықтағы жаттығуларды,топтарда орындау.

Сергіту сәті

Орнымыздан тұрайық,
Алақанды созайық.
Оңға қарай иіліп,
Солға қарай иіліп,
Бір отырып, бір тұрып,
Сәл тынығып алайық.

 

Оқушылар денелерін жатықтырады

Ой толғаныс

«Әзіл аралас сұрақтар»
Екі топқа мағынасы қисық сұрақтар қойылады. Оқушылар оған тұрақты тіркеспен жауап береді.
1. Адамның төбесі аспанға жете ме?
2. Сөйлегенде сөз ауыздан түсіп қала ма?
3. Екі аяқ бір етікке сия ма?
4.
Адамның қай жерінде нан піседі?
5. Көз сатыла ма? Ол не деген сөз?
6. Адамның аяғы, қолы түрлі - түсте бола ма?
7. Мәселенің қабырғасы бола ма?
8. Жұмыстың аяғы бола ма?
9. Қар жана ма?

Үй тапсырмасы

Оқулықтағы тапсырмаларды орындау

Күнделіктеріне жазады

 Бағалау

Бағалау парақшаларын тарату

Парақшаларды толтырады

Кері байланыс

 

Қазақ тілі

Уақыты:

Кабинет: 

Мұғалім:

Сабақтың атауы

Мақал-мәтелдер

Сілтеме

Қазақ тілі оқулығының әдістемесі

Сабақтың жабдығы

Тақта,суреттер,кеспе қағаздар

Жалпы мақсаттар

Мақсаты: 1. Мақал - мәтелдер туралы түсіндіру, мағыналарын ашу, ұғындыру 2. Сауатты жазуға, ана тілін сүюге, құрметтеуге, сөз арасында мақалдарды орынды қолдана білуге үйрету.
3. Өз халқының әдебиетін, мәдениетін дәріптеуге тәрбиелеу, ұлттық сананы қалыптастыру, табиғатты сүюге, аялауға тәрбиелеу
Сабақтың түрі: жаңа сабақ
Сабақтың әдісі: сұрақ - жауап, түсіндіру, шығармашылық
Көрнекiлiгi: «Мақал - мәтелдер» кітабы, интерактивті тақта, слайдтар
Пәнаралық байланыс: қазақ тілі

Оқыту  нәтижесі

Топқа бөлу

Сыныпты жыл мезгілдеріне қарай төрт топқа бөлу. Күз айында туылғандар 1 - топ, қыс айында дүниеге келгендер 2 - топ, көктем айындағылар 3 - топ, жаз айындағылар 4 - топ болып бөлінеді.

Ынтымақтастық атмосферасы

– Шеңбердің бір жақсы жері – онда бұрыш болмайды, сондықтан да Бақыт, Қуаныш, Махаббат, Достық адасып қалмайды. Олар міндетті түрде өздерін күткен барлық мейірімді адамдарға келеді.

Ұға білсең мені сен,

Бақытыммен бөлісем.

Жүрек сөзін жалғаймын,

Бәрін саған арнаймын!

Қызығушылықты ояту

 

1. Халық ауыз әдебиеті дегеніміз не?
2. Ауыз әдебиетінің түрлері?
Ауыз әдебиетінің бір түрі - мақал - мәтелдер. Мақал - мәтелдерде көбінесе нақыл, ақыл айтылады. Мақал - мәтелдер - халық даналығының, көрегендігінің айнасы, тіл байлығының алтын қазынасы. Мақал - мәтелдер - өмір шындығының көрінісі, халықтың кейінгі ұрпаққа қалдырған өсиеті, өмір сүру әрекетінің ережесі.«Сөздің көркі - мақал» деп тегін айтылмаған. Мақал - мәтелдерді адам баласы өзі айтайын деген оймен орайластырып, орынды қолданса, сөзі мірдің оғындай өткір, көңілге қонымды, көркем әрі бейнелі болады. Мақал - мәтелдер аз сөзбен терең мазмұнды ойды бере алады.
Қосымша  жұмыс
1. Туған жердей жер болмас,
Туған елдей ел болмас
2. Еңбек түбі - берекет.
3. Нар тәуекел - ер ісі.
4. Ырыс алды - ынтымақ
Сөздік жұмысы
1. Зейнет - еңбек рақаты, жемісі, игілік
2. Елгезек - айтқанды екі еткізбейтін, тіл алғыш, пысық.
3. Мұрат - алға қойған мақсат, арман, тілек
4. Тәуекел - бір іске жалтақтамай батыл кіріскендік, белді бекем буғандық.
5 Батпан - қолақпандай, үп - үлкен.
6. Мысқал - болар - болмас, азғантай, кішкентай.
7. Шөміш - ожау.

Оқулықтағы жаттығуларды,топтарда орындау.

Мағынаны тану

 

Сергіту сәті

Орнымыздан тұрайық,
Алақанды созайық.
Оңға қарай иіліп,
Солға қарай иіліп,
Бір отырып, бір тұрып,
Сәл тынығып алайық.

 

Оқушылар денелерін жатықтырады

Ой толғаныс

«Сәйкестендіру» әдісі
Ердің атын еңбек шығарар. ( Оқу, білім, өнер туралы)
Өнер алды – қызыл тіл. ( Еңбек)
Нар тәуекел - ер ісі ( Отан, туған жер, халық туралы)
Көп түкірсе - көл (Достық, жолдастық туралы)
Жігітті - жолдасынан таны. (Ерлік, батырлық туралы)
Шығармашылық тапсырма
«Мақал – сөздің мәйегі» шағын шығарма.

Үй тапсырмасы

Мақал - мәтелді жаттау

Күнделіктеріне жазады

 Бағалау

Бағалау парақшаларын тарату

Парақшаларды толтырады

Кері байланыс

 

 

Қазақ тілі

Уақыты:

Кабинет: 

Мұғалім:

Сабақтың атауы

Мәтелдердің фразеологизммен ұқсастығы.

Сілтеме

Қазақ тілі оқулығының әдістемесі

Сабақтың жабдығы

Тақта,суреттер,кеспе қағаздар

Жалпы мақсаттар

 Сабақтың мақсаты: білімділік – оқушылардың мақал-мәтелдер туралы білім, білігін тереңдету, салыстыру, ажырата білу дағдылары мен оқу, талдау машықтарын қалыптастыру;

тәрбиелік–ана тілін ардақтап бағалай  білуге, сөз қадірін терең ұғуға тәрбиелеу;

дамытушылық – оқушылардың логикалық ойлауын, ой дәлдігін дамыту, сөйлеу мәдениетін жетілдіру,түрлі амал- тәсілдер арқылы іздендіре отырып шығармашылыққа баулу.

Сабақтың көрнекілігі: кесте, тірек сызба,суреттер.

Сабақтың әдіс-тәсілдері:сұрақ-жауап,деңгейлік тапсырмалар,іздендіру.

Пәнаралық байланыс:әдебиет, тарих,бейнелеу, математика.

Сабақтың түрі: шығармашылық ізденіс.

Оқыту  нәтижесі

Топқа бөлу

Сыныпты жыл мезгілдеріне қарай төрт топқа бөлу. Күз айында туылғандар 1 - топ, қыс айында дүниеге келгендер 2 - топ, көктем айындағылар 3 - топ, жаз айындағылар 4 - топ болып бөлінеді.

Ынтымақтастық атмосферасы

– Шеңбердің бір жақсы жері – онда бұрыш болмайды, сондықтан да Бақыт, Қуаныш, Махаббат, Достық адасып қалмайды. Олар міндетті түрде өздерін күткен барлық мейірімді адамдарға келеді.

Ұға білсең мені сен,

Бақытыммен бөлісем.

Жүрек сөзін жалғаймын,

Бәрін саған арнаймын!

Үй тапсырмасын сұрау

 

Зымыран сұрақтар

1.      Тұрақты тіркес деген не?

2.      Тұрақты тіркесті ғылым тілінде басқаша  не деп атаймыз?

3.      Тұрақты тіркестер сөйлем мүшесі бола ала ма?

4.      Тұрақты тіркестердің қандай баламасы болады?

5.      Тұрақты тіркестер мәмағынасы жағынан бір-біріне антоним болуы мүмкін бе?

6.      Тұрақты тіркестердің мағыналары оның құрамындағы сөздердің мағыналарымен байланысты бола ма?

7.      Ана тілімізде тұрақты тіркестердің маңызы қандай?

Мағынаны тану

 

Суреттерге қарап (қас, көз, құлақ, мұрын) тұрақты тіркестер табу.

Шығармашылық деңгей. Кестені толтыру

Тұрақты тіркестер

Мағына

Сұрақтар

Тілі шығу

Ит арқасы қиянда

..........................

Таяқ тастам

Қоян жүрек

Сөйлеу

...........................

Қуану

.....

Жылдам

Не істеу?

...................

Қандай?

...............

Тақтадағы мақал-мәтелдер жазылған форматты іліп, ондағы мақал-мәтелдерді оқушыларға оқыту.

Білім қымбат,білу қиын.

Ықыласты шәкіртке сабақтың ауыры жоқ ,

Ықылассыз шәкіртке ұстаздың тәуірі жоқ.

- Балалар,бұл мақалдарды біздің бүгінгі сабағымыздың ұраны етіп алсақ, жаңа сабағымыз не туралы екенін аңғаруға болады. Демек бүгінгі жаңа сабақтың тақырыбы..

- Мақал-мәтелдер.

-Дұрыс, балалар, олай болса жаңа сабақты зейін қоя,мұқият түсініп алыңдар. Ол үшін жаңа тақырыпқа байланысты жұмыстар жүргіземіз

Мақал-мәтелдер–халық даналығының,көрегендігінің айнасы, тіл  байлығының  алтын  қазынасы. Мақал-мәтелдерді  адам  баласы  өзі  айтайын деген оймен орайластырып,орынды қолданса, сөзі мірдің оғындай өткір,көңілге қонымды, көркем әрі бейнелі болады.  Мақал-мәтелдер аз сөзбен терең мазмұнды ойды бере алады.

Мақал – халықтың өмірден алған тәжірибесінің, ой-тұжырымының қорытынды  жиынтығы,  айқын  ойды   үлгі-өнеге, ақыл  ретінде  қысқа қайырып, көркем  бейнелеп  жеткізетін  халықтың  дана,  нақыл  сөзі.

ой тиянақты,

дәлелді

 

аяқталған сөйлем

 

Мақал

 

салыстыру

 

екі бөлімді

Мақал - мәтелдер қосарлана  айтылғанмен,олар бір-біріне туыс болғанмен, екуінің   өзара  айырмашылықтары  бар. Ол    айырмашылықтар  мақал   мен мәтелдің ойды түйіндеу жағынан да, құрылымы жағынан да байқалады.

Мәтел мақалға  қарағанда  ойды ақырына дейін жеткізбей,топшылап,бол- жам  ретінде түсіндіретін,сөйлем түрінде де,сөз тіркесі түрінде де келетін фразеологиялық бірлік.

сөйлем немесе сөз тіркесі

 

топшылау

 

Мәтел

 

мағына тұспалды

 

қорытынды пікір,дәлелдеу жоқ

Мәтел құрылысы ойды  түйіндеу жағынан  мақалдан өзгешерек. «Әлін біл- меген әлек»,«Көппен көрген ұлы той»деген мәтелде тұспал ғана бар,мағына ашық емес,қорытынды пікір жоқ.Оны ,бейнелік сөз айшығы арқылы берілген ойды тыңдаушы өзі топшылайды.Мәтелде тиянақты тұжырым да болмай- ды.

Мақал - мәтелдердің  тақырыптары  әр  алуан. Ол  халықтың  әлеуметтік шаруашылық, рухани өмірін  түгел  қамтиды.

Оқулықтағы жаттығуларды,топтарда орындау.

Сергіту сәті

Орнымыздан тұрайық,
Алақанды созайық.
Оңға қарай иіліп,
Солға қарай иіліп,
Бір отырып, бір тұрып,
Сәл тынығып алайық.

 

Оқушылар денелерін жатықтырады

Ой толғаныс

Оқушыларды іздендіре отырып кестені толтыру.

Мақал-мәтелдер

Тақырыптары

 

Денсаулық – зор байлық

....................

Досы көпті жау алмайды

....................

Ата көрген оқ жонар,.......

.....................

Ерді намыс өлтіреді

Өнер – білім

.....................

Еңбек

....................

Ынтымақ,бірлік

.....................

1.Мақал деген не?

2.Мәтел деген не?

3.Мақал мен мәтелдің айырмашылығы неден байқалады?

Үй тапсырмасы

Оқулықтағы тапсырмаларды орындау

Күнделіктеріне жазады

 Бағалау

Бағалау парақшаларын тарату

Парақшаларды толтырады

Кері байланыс

 

Қазақ тілі

Уақыты:

Кабинет: 

Мұғалім:

Сабақтың атауы

Сөз мағынасы бойынша өткенді қайталау

Сілтеме

Қазақ тілі оқулығының әдістемесі

Сабақтың жабдығы

Тақта,суреттер,кеспе қағаздар

Жалпы мақсаттар

Сабақтың мақсаты:
1. Сөздердің әртүрлі мағынасымен таныстыру; сөздерді мағынасына қарай сөйлем ішінде орынды қолдана білуге үйрету.;
2. Сөздік қорын молайту;
3. Зейінділікке тәрбиелеу.
Сабақтың әдісі: салыстыру, жаттығу, сұрақ - жауап., дидактикалық ойындар.

Оқыту  нәтижесі

Топқа бөлу

Сыныпты жыл мезгілдеріне қарай төрт топқа бөлу. Күз айында туылғандар 1 - топ, қыс айында дүниеге келгендер 2 - топ, көктем айындағылар 3 - топ, жаз айындағылар 4 - топ болып бөлінеді.

Ынтымақтастық атмосферасы

– Шеңбердің бір жақсы жері – онда бұрыш болмайды, сондықтан да Бақыт, Қуаныш, Махаббат, Достық адасып қалмайды. Олар міндетті түрде өздерін күткен барлық мейірімді адамдарға келеді.

Ұға білсең мені сен,

Бақытыммен бөлісем.

Жүрек сөзін жалғаймын,

Бәрін саған арнаймын!

Үй тапсырмасын сұрау

 

Көп нүктенің орнына қарама - қарсы мағыналы сөздерді жаз.
қатты -...... жүру -..........
таяз -.......... кию -............
жылы -........ кіру -...........
кең -.......... сөйлеу -.........
● әр бағандағы сөздердің ортақ қасиетін табу, қай сөз табына жататынын анықтау;
● тасымалданбайтын сөзді табу.

Мағынаны тану

 

           Сөздер мен сөз тіркестерінің мағынасын, ондағы мағыналардың өзгеру жолдарын зерттейтін ғылым саласын — семасиология деп атайды. Сөз мағынасын сөздің семантикасы деу де олардың бір-біріне синоним болатын қасиетінен туған. 
Сөз — дыбысталу мен мағынаның бірлігінен тұрады. Әрбір сөз белгілі 6ip зат пен құбылыстың аты, ол сөздердің әрқайсысына тән белгілі мағынасы бар. Бірақ бұл мағыналар өзі білдіретін зат пен құбылысты табиғи жолмен емес, сол ұғымды білдіретін белгі ретінде жұмсалады да, бір тілде сөйлейтін халықтың бәріне бірдей түсінікті болады. Сөздің мағынасында әрбір тілдің өзіндік ерекшелігі, бояуы, өзіндік мәні, сипаты болады. 
Сөздің белгілі бір дыбыстық қүрамда айтылуы оның формасы десек, сөз мағынасы оның мазмұны болмақ. Сөз — aca күрделі тілдік түлға болғандықтан, ен алдымен, сөздің мағынасы мен сөз арқылы берілетін үғымның арақатынасы аныкталады. Мысалы, cym, нан, қapa, көк, оқ, сол, бес, он деген сөздердің дыбыстық қүрамы мен оның білдіретін мағынасының арасында ешқандай табиғи байланыс болмайды, өйткені, ондай дыбыстық құрамның қай қайсысы болмасын белгілі бір ұғымның аты яки белгісі есебінде қызмет ететін дыбыстық комплекс я сөз деп аталады. 
Сөз мағыналары — негізгі мағына және туынды мағына болып екіге бөлінеді.

Оқулықтағы жаттығуларды,топтарда орындау.

Сергіту сәті

Орнымыздан тұрайық,
Алақанды созайық.
Оңға қарай иіліп,
Солға қарай иіліп,
Бір отырып, бір тұрып,
Сәл тынығып алайық.

 

Оқушылар денелерін жатықтырады

Ой толғаныс

Дұрыс па, бұрыс па?
а) Дұрыс емес тұжырымды түзетіп айту, дұрыс жауапты дәлелдеу
○ Мәндес сөздерді басқаша синоним деп атайды.
○ Қарама - қарсы мағыналы сөздер антоним деп аталады.
• Жақсы, жаман - синоним сөздер
○ Сөздің мағыналық бөлігі түбір деп аталады.
○ Қыстырма сөздер сөйлем мүшесі бола алмайды.
• Бастауыш – сөйлемнің тұрлаусыз мүшесі
○ Жалаң сөйлем тұрлаулы мүшелерден тұрады.
○ Дауысты дыбыстар 2 - ге бөлінеді
• Бірыңғай мүшелердің арасына нүкте қойылады.

Үй тапсырмасы

Оқулықтағы тапсырмаларды орындау

Күнделіктеріне жазады

 Бағалау

Бағалау парақшаларын тарату

Парақшаларды толтырады

Кері байланыс

 

 

Қазақ тілі

Уақыты:

Кабинет: 

Мұғалім:

Сабақтың атауы

Диктант «Атасы мен немересі»

Қатемен жұмыс.Тіл ұстарту

Сілтеме

Қазақ тілі оқулығының әдістемесі

Сабақтың жабдығы

Тақта,суреттер,кеспе қағаздар

Жалпы мақсаттар

Жалпы мақсаты: Диктанттың  мазмұнын түсіну, мазмұны бойынша көңілге түйгенін анықтау. Автор туралы білімдерін кеңейту
Оқу нәтижелері 1. Атасы мен немересінің сөздеріне түсінік алады, өз ойларын айтуға машықтанады.
2. Ата мен немеренің ерекшеліктерін анықтап, өмірдегі іс - әрекеттерде қолдануына мысалдар келтіреді, ата - ананы құрметтеуге, кішіпейілділікке, ізеттілікке тәрбиеленеді.
3. Өздері жасаған жұмыстарына қорытынды жасайды, тіл байлығы, сөйлеу мәдениеті дамиды.

Оқыту  нәтижесі

Топқа бөлу

І топ: «Ойшылдар»
ІІ топ: «Алғырлар»
ІІІ топ: «Білгірлер»

Ынтымақтастық атмосферасы

- Балалар, мен күнге таң қаламын. Неге десеңдер, күн сиқыршы сияқты. Жылы әрі мейіріммен сәлемдесе біледі. Күннің жомарт сәулелері ананың нәзік қолдары сияқты аялайды, сипалайды, жылытады. Жан дүниеміз тыныштық пен ізгілікке бөленеді. Сиқырлы күн өкпелегенді жазады, мұңайғанды жұбатады.
Күн жарығын алақанға саламын,
Жүрегіме басып ұстай қаламын.
Ізгі әрі нәзік, мейірімді жарық,
Болып кетер сонда дереу жан - жағым
Мұғалім:
- Біз қандаймыз?
- Біз көңілдіміз!
- Біз қандаймыз?
- Біз батылмыз!
Мұғалім: Олай болса, бүгінгі сабағымызды қалай өткіземіз?
Оқушылар: керемет қылып өткіземіз.
Мұғалім: Ал, енді, сабағымызды бастаймыз.

Қызығушылықты ояту

 

«Ой ашар»
І топ: Немере деген кім?
ІІ топ: «Ата» деген кім?
ІІІ топ: «Ата», «Немере» туралы тақпақтар айту

Мағынаны тану

 

                       Бекіре

             Бекіреде тұрақты мекен жоқ.Ол көшпелі балық. Бекіренің бастапқы шағы өзенде өтеді. Олар өсіп жетілген соң теңізге бет алады. Мұнда оларға азықтар өте мол.Бұл балықтар ерекше дәмді жұмсақ етімен атақты. Олардың қара уылдырығы дүние жүзінде жоғары бағаланады. Көптеген бекірелердің дене тұрқы үш метрге жетеді. Салмағы екі жүз килограмға дейін барады.(54сөз )

Жазылуы қиын сөздер:уылдырығы,килограмға.

1.Бірінші сөйлемдегі жуан буынды сөздерді бір,жіңішке буынды сөздерді екі сызыңдар.

2.Мәтіннен сан есімдерді табыңдар.

 

Сергіту сәті

Орнымыздан тұрайық,
Алақанды созайық.
Оңға қарай иіліп,
Солға қарай иіліп,
Бір отырып, бір тұрып,
Сәл тынығып алайық.

 

Оқушылар денелерін жатықтырады

Ой толғаныс

http://thenews.kz/static/news/4/5/450PaLQD.jpg

Сурет бойынша әңгіме жүргізу

Үй тапсырмасы

Оқулықтағы тапсырмаларды орындау

Күнделіктеріне жазады

 Бағалау

Бағалау парақшаларын тарату

Парақшаларды толтырады

Кері байланыс

 

 

Қазақ тілі

Уақыты:

Кабинет: 

Мұғалім:

Сабақтың атауы

Сөздік қор

Сөздік қор-сөз байлығының негізі

Сілтеме

Қазақ тілі оқулығының әдістемесі

Сабақтың жабдығы

Тақта,суреттер,кеспе қағаздар

Жалпы мақсаттар

а)  Түрлі әдістерді пайдалана отырып балаларды тапқырлық,жылдамдық,есте сақтау қабілеттерін артыру.Сөйлеу тілін жетілдіріп,шешендік өнерге баулу ;

ә)  Оқушылардың туған жер тарихына деген патриоттық сезімін ояту,адамгершілікке баулу,      халық даналығы,халық өсиеттерінен нәр алғызу,сөз өнеріне деген қызығушылығын арттыру ;  

б) Ой еркіндігіне,ізденімпаздыққа баулу,сөйлеу мәдениетін жетілдіру,өз бетімен әрекеттенуге дағдыландыру.

Сабақтың түрі :                                Аралас сабақ

Сабақтың әдісі :                               сұрақ – жауап,тіл дамыту

Сабақтың көрнекілігі :                    кеспе қағаздар 

Пәнаралық байланыс :                   әдебиет,география

Оқыту  нәтижесі

Топқа бөлу

Сыныпты жыл мезгілдеріне қарай төрт топқа бөлу. Күз айында туылғандар 1 - топ, қыс айында дүниеге келгендер 2 - топ, көктем айындағылар 3 - топ, жаз айындағылар 4 - топ болып бөлінеді.

Ынтымақтастық атмосферасы

Сендерді «Шаттық шеңберіне» шақырамын. Кәнеки, бір-бірімізбен амандасайық!

Армысың, Әлем!

Армысың, Жарық күн! (Қолдарын жайып, көкке көтереді.)

Армысың, абзал Адам! (Қолдарын алға созады.)

Армысың, менің досым!

Үй тапсырмасын сұрау

 

Үйге берілген жаттығуды тексеремін.

1.мақал-мәтелдер дегеніміз не?

2.мақал мен мәтелдің қандай айырмашылығы бар?

3.тұрақты тіркестер дегеніміз не?

4.табу дегеніміз не?

5.синоним  дегеніміз не?

Мағынаны тану

 

 Тіліміздегі сөздердің көбі-қазақтың ғасырлар бойы қолданылып келе жатқан байырғы төл сөздері.Олар ең қажетті ұғымдарды білдіреді де жалпы халыққа бірдей түсінікті болады.Мысалы:туыстықты білдіретін атулар:ата,ана,нағашы,жиен,аға,,жеңге,бөле т.б.  Аң-құс атаулары: бүркіт,торғай,түлкі т.б.    Мал атаулары жылқы,түйе,сиыр,қой,құлын..   Табиғат құбылыстарының атаулары:күн,ай,жел,бұлт,тау т.б. 

Заттардың түр-түсін,сапасын білдіретін атаулар: ақ,қызыл,көк,жеңіл,ауыр. т.б. Қимыл-қозғалысқа,әрекетке қатысты сөздер:кел,бар,кет,сөйле,күл т.б.   Тамаққа қатысты атаулар : ет,сүт,айран  т.б.  Тұрмыс қажетіне байланысты атулар: қазан,ожау,қалың жастық т.б.   Сан атаулары : бір,екі,жеті,тоғыз т.б.   Есімдіктер : мен,біз,сен,ол,кім,? не?

 Оқулықтағы жаттығуларды,топтарда орындау.

Сергіту сәті

Орнымыздан тұрайық,
Алақанды созайық.
Оңға қарай иіліп,
Солға қарай иіліп,
Бір отырып, бір тұрып,
Сәл тынығып алайық.

 

Оқушылар денелерін жатықтырады

Ой толғаныс

Сұрақтарға жауап беріңіз.

1. Түркі тілдеріне қандай тілдер жатады?

___________________________________________________________

2. Қазақ тілдеріне жақын тілдерді атаңыз.

___________________________________________________________

3. Түркі тілдерінің жалғамалы тілдер деп аталуының себебі неде?

___________________________________________________________

4.Қазақ тілінің орыс тілінен қандай ерекшеліктері бар?

___________________________________________________________

Үй тапсырмасы

Оқулықтағы тапсырмаларды орындау

Күнделіктеріне жазады

 Бағалау

Бағалау парақшаларын тарату

Парақшаларды толтырады

Кері байланыс

 

Қазақ тілі

Уақыты:

Кабинет: 

Мұғалім:

Сабақтың атауы

Қазақ тілінің сөздік құрамы

Сілтеме

Қазақ тілі оқулығының әдістемесі

Сабақтың жабдығы

Тақта,суреттер,кеспе қағаздар

Жалпы мақсаттар

1. Білімділік: оқушылардың білімін одан әрі дамыту, тереңдету, ізденгіштігін арттыра отырып, ой - өрісін кеңейту, тіл байлығын молайту, ауызша жазбаша сөйлеу мәдениетін, сауаттылығын арттыру, шығармашылық қабілетін дамыту.
2. Тәрбиелік: оқушылардың бойына адамгершілік қасиеттер дарыту, ізгілікке, ынтымаққа халықтық педагогика негіздеріне баулу, өзара сыйластық, достыққа тәрбиелеу.
3. Дамытушылық: оқушылардың лингвистикалық дүниетанымдарын кеңейту.
Сабақтың типі: аралас сабақ
Сабақтың түрі: танымдық, тіл дамыту
Сабақтың әдіс - тәсілі: іздендіру, салыстыру, проблема қоя іздендіру, диалогты ойын түрлері, сөз құрастыру, СТО
Сабақтың көрнекілігі: сызбалар, таблицалар.

Оқыту  нәтижесі

Топқа бөлу

Сыныпты жыл мезгілдеріне қарай төрт топқа бөлу. Күз айында туылғандар 1 - топ, қыс айында дүниеге келгендер 2 - топ, көктем айындағылар 3 - топ, жаз айындағылар 4 - топ болып бөлінеді.

Ынтымақтастық атмосферасы

Сендерді «Шаттық шеңберіне» шақырамын. Кәнеки, бір-бірімізбен амандасайық!

Армысың, Әлем!

Армысың, Жарық күн! (Қолдарын жайып, көкке көтереді.)

Армысың, абзал Адам! (Қолдарын алға созады.)

Армысың, менің досым!

Үй тапсырмасын сұрау

 

1.Қазақ тілінің сөздік қорына жататын атаулар қандай ?
2. Туыстық қатынасты білдіретін атауларды ата.
3. Мал атауларына қандай атаулар жатады ?
4.Табиғат құрылыстарының атаулары ?
5. Аң-құс атауларына қандай сөздер жатады ?
6. Заттардың түр-түсін,сапасын білдіретін атаулар.

Мағынаны тану

 

1.    Тілдегі сөздердің тұтас жиынтығы сөздік құрам деп аталады.Сөздік құрамға халықтың тұрмыс жағдайын,кәсібін,мәдени қалпын танытатын барлық сөздер енеді. Қазақ тілінің сөздік құрамына халқымыздың ғасырлар бойы сақталып келе жатқан байырғы сөздер де,кейінен пайда болған жаңа сөздер де,термин сөздер де, диалектизмдер мен кәсіби сөздер де кіреді.
  2.   Сөздік құрамдағы сөздер қолданылу жағдайына қарай жай қолданылатын сөздер және сирек қолданылатын сөздер болып бөлінеді.
Шығармашылық жұмыс : 144-жаттығу.  1.Күз суретіне зер салыңдар және сол бойынша мәтін құрап жазыңдар.     2. Мәтінде іс-әрекетті білдіретін сөздер-баяндау сынды сипатты білдіретін сөздер-суреттеу болады.    Өздерің жазған мәтінде осылардың қайсысы басым екенін айтыңдар.
Жеке оқушылармен жұмыс : Төменде берілген сөздерге алдымен қосымша жалғап сонан соң сөйлем құрап жазыңдар.   
1. Мен,жаз,өзен,көп,шомыл.       
                  2. біз,ауыл,маңы,ағаш,қалың,өс.
                                    3. Айжан,жолдас,кітап бер.               
                                                   4.Таңертең,күн,шай,ашық,бол,кеш,қатты

Оқулықтағы жаттығуларды,топтарда орындау.

Сергіту сәті

Орнымыздан тұрайық,
Алақанды созайық.
Оңға қарай иіліп,
Солға қарай иіліп,
Бір отырып, бір тұрып,
Сәл тынығып алайық.

 

Оқушылар денелерін жатықтырады

Ой толғаныс

Біздің сөздік қорымыз

http://writers.kz/medialibrary/images/887423_764784797_8.jpg

Ана тіліміздің байлығын айтқанда, алдымызға қара салмай бәйге атындай жүйтки жөнелетініміз бар. Ал кез келген қазаққа телеарна немесе радио тілшісі келіп сұрақ қойса, екі сөздің басын құрап, ойын жеткізе алмай қиналатынын ұдайы көріп келеміз. Оған және аса мән бере қоймаймыз. Ал солардың көбі орыс тілінде сөйлесе, күмілжіместен сайрай жөнелетініне бәс тігуге болатын сияқты. Мысалдап, астарлап, тұспалдап сөйлеуден, ең бастысы, сөз түсінуден қалып бара жатқанымыз алаңдатады.
Филология ғылымдарының докторы, А.Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институты Ономастика бөлімінің меңгерушісі Рысберген Қыздархан және филология ғылымдарының докторы, С.Демирел университетінің «Қазақ филологиясы және журналистика» кафедрасының доценті Құралай Күдериноваға жолыққандағы мақсатымыз көңілдегі түйткілді ойлардың түйінін тарқату еді. Сөйлеу мәдениетіне қатысты сауалдар жобасын жасап, біздегі жеке адамның сөздік қорын зерттейтін орталықтың және ақпарат саласында еңбек ететін мамандардың тілдік-кәсіби құзыреттілігін бақылайтын құрылымның жоқ екеніне, сөзге психологиялық анализ жасалмайтынына көзіміз жете түсті.

– Жапондардың зерттеуінше, айтыл­ған кез келген мәтіннің 93 пайызын түсіну үшін 6000 сөз, 96 пайызын түсіну үшін 10 000 сөз білу қажет екен. Ал біздегі қазақша білетін адамдардың сөздік қорында қанша сөз бар? Жалпы, жеке адамның сөздік қорында қанша сөз болуы керек? Және осыны зерттейтін орталықтар бар ма? (Жоқ болса неліктен?)

 

Үй тапсырмасы

Оқулықтағы тапсырмаларды орындау

Күнделіктеріне жазады

 Бағалау

Бағалау парақшаларын тарату

Парақшаларды толтырады

Кері байланыс

 

Қазақ тілі

Уақыты:

Кабинет: 

Мұғалім:

Сабақтың атауы

Көнерген сөздер    Тарихи сөздер,архаизмдер.

Сілтеме

Қазақ тілі оқулығының әдістемесі

Сабақтың жабдығы

Тақта,суреттер,кеспе қағаздар

Жалпы мақсаттар

Білімділік: Көнерген сөздер түрлерін өз бетімен анықтауына, ерекшеліктерін өзіндік жұмыстар арқылы меңгеруіне, жаттығу жұмыстар орындағанда алған білімін өз бетімен қолдана алуына жағдай туғызу.
Тәрбиелік: Өз бетінше дербес жұмыс жасауға, жауапкершілікті сезіне білуге, нәтижеге жетуге ұмтылу үшін білім бәсекесіне түсуіне, шығармашылық ізденімпаздыққа тәрбиелеу.
Дамытушылық: Алған білімдерін пысықтау арқылы оқушылардың ой-өрісін, сауаттылығын, сөздік қорын, сөз байлығын дамыту.
Сабақтың түрі: Жаңа сабақты меңгерту.
Сабақтың әдісі: Сұрақ - жауап, ой қозғау, оқулықпен жұмыс, өз бетімен іздену әдісі, талдау.

Оқыту  нәтижесі

Топқа бөлу

Сыныпты жыл мезгілдеріне қарай төрт топқа бөлу. Күз айында туылғандар 1 - топ, қыс айында дүниеге келгендер 2 - топ, көктем айындағылар 3 - топ, жаз айындағылар 4 - топ болып бөлінеді.

Ынтымақтастық атмосферасы

Мен сендерді шаттық шеңберіне шақырамын. Кәнеки, былай деп айтайық:

Кел, балалар, күлейік,

Күлкіменен түлейік.

Қабақ түйген не керек?

Көңілді боп жүрейік.

Үй тапсырмасын сұрау

 

«Қайталау – оқу анасы» дегендей балама тест арқылы оқушылардан үй тапсырмасын сұрау.
1. Тілдегі сөздердің тұтас жиынтығы сөздік құрам деп аталады. (иә)
2. Сөздік құрамға халықтың тұрмыс жағдайын, кәсібін, мәдени қалпын танытатын барлық сөздер кірмейді. (жоқ) барлық сөздер енеді екен.
3. Қазақ тілінің сөздік құрамына халқымыздың ғасырлар бойы сақталып келе жатқан байырғы сөздері де, термин сөздер де диалектизмдер мен кәсіби сөздер де кіреді. (иә)
4. Сөздік құрамдағы сөздер қолданылу жағдайына қарай жиі қолданылатын сөздер және сирек қолданылатын сөздер болып бөлінеді. (иә)
5. Сөздік құрамның ең басты және тұрақты бөлігін қазақтың байырғы төл сөздері құрамайды.
(жоқ) құрайды.

Мағынаны тану

 

      Балалар,сонда біздің бүгінгі жаңа сабағымыздың тақырыбы «Көнерген сөздер» деп аталады. 
Оқушылыр, көнерген сөзіміздің түбірін табайықшы, я, көне сөзіне синоним табу: ескі, көмескі. Жарайсыңдар!
Мысалы: суреттен кімді көріп отырмыз оқушылар, я, бұл патша.
Екінші суретте мергеннің қолында не нәрсе, я, оқушылар садақ. Ал қазіргі өмірде біз бұл сөздерді қолданамыз ба. Я, әрине қолданбаймыз сонымен балалар көнерген сөзіміздің ережесін шығарайық, қоғамның дамуына , өркендеуіне орай, кейбір сөздеріміз қолданыстан шығып қалып жатады сондай сөздерді біздер көнерген сөздер деп атаймыз. Оқушылар көнерген сөздер мүлдем жойылып кетті деп айта алмаймыз, біз оларды көркем әдеби жазылған шығармалардан оқи аламыз.
Көнерген сөздер мағынасына қарай 2 – бөлінеді:
- Тарихи сөздер (қолданылған дәуірі өтіп, ескі заманның өзімен бірге көнерген тарихи атаулар жатады. Мысалы, хан, патша, садақ, жебе, қызыл әскер, қызыл отау т.б)
- Архаизмдер (халықтың тұрмыс-тіршілігіне, салт – сана, әдет-ғұрпына қарай әр дәуірде өзгеріп, басқа сөздермен ауысып отырған немесе ескіріп кеткен сөздер. Мысалы, торқа, дүрия, патсайы мата атаулары, лашық, күпі, саптыаяқ, саба)т.б Оқулықтағы жаттығуларды,топтарда орындау.

Сергіту сәті

Орнымыздан тұрайық,
Алақанды созайық.
Оңға қарай иіліп,
Солға қарай иіліп,
Бір отырып, бір тұрып,
Сәл тынығып алайық.

 

Оқушылар денелерін жатықтырады

Ой толғаныс

Топшамамен жұмыс
Әр оқушыға тапсырмасы бар топшама беріледі
Сөйлемдерден көнерген сөздерді теріп жазыңдар. Көнерген сөздің түрін анықтаңдар:
Қаламқас орта бойлы , ақ құба,отты қара көзді бойжеткен.Ақ шәйі көйлектің сыртынан қызыл бешпет киіпті. Аяғына кигені- әмірхан мәсі. Басында- құндызбен ұсталған сәукеле. Шашына күмістен шашбау таққан. (Архаизмдер)
Исатайдың сол күнде
Ақтабан аты астында,
Дулығасы басында...(архаизм сөз)
Биенің сүтінен қымыз дайындау үшін оны саба аталатын көн ыдысқа жылы күйінде емес, салқындаған қалпында құяды. Үйіне кірген кісіге қазақ ас татырмай жібермейді. Сондағы ұсынатыны , бар болса қымыз, ол болмаса, айран, ірімшік, құрт сияқты тағамдар болған.(С.Мұқанов) (Архаизм)
Төстік бір күні ауылдың арасында отырған тарғақты садақпен тартып қалады.
Ақ сырмалы сауытты сұрағаным , Ер Төстік ер еді, сол кисін деп едім.
Қырық уәзір үш күншілік жерге шығарып салып қайтады. (Тарихи сөздер)
(«Ер Төстік»ертегісінен)
Алмас қылыш сартылдап
Алтынды жүген жарқылдап
Найзасы аумай қолынан,
Желі тұрып оңынан... (Тарихи сөздер)
Бір қыз кетіп барады,
Қара жорға мінгені,
Қара торқа кигені...
-Білегінің шырайы айбалтаның сабындай .
-Көш алдында сұлудың
Он қыз нөкер қасында.(«Қыз Жібек») (Тарихи сөздер)
Қазақтың киіз үйіне лайықталып жасалған үй жиһаздары болған. Олар кебеже, әбдіре, жүк аяқ, жастық ағаш. (Архаизмдер)
Ойлы болсаң озып көр
Мақал-мәтелді жалғастыру, ішінен көнерген сөзді табу, түсіп қалған дыбысты немесе сөзді жазу.
1.Кісі елінде с...лт...нм болғанша
2.Жаман ... жал бітсе,
Жанына т ... рс ...қ байлатпас.
3.Иілген басты қ...л...ш кеспес.
Жасырылған сөздің қай салада қолданылатынын табу.
а) шидем
*киім
тағам 
ыдыс
жасау
Шидем – қойдың жабағы жүнінен тігілген сыртқы киім.
б) нияз 
илік
дәстүр 
өнер
*дін
Нияз – пітір, садақа.
в) саба
құрал
*ыдыс 
мата
жер
Саба – қымыз құятын ыдыс.

Үй тапсырмасы

Оқулықта берілген тапсырмаларды орындау

Күнделіктеріне жазады

 Бағалау

Бағалау парақшаларын тарату

Парақшаларды толтырады

Кері байланыс

 

 

Қазақ тілі

Уақыты:

Кабинет: 

Мұғалім:

Сабақтың атауы

Диктант. «Атыраудың алтын адамы».

Қатемен жұмыс.Тіл ұстарту.

Сілтеме

Қазақ тілі оқулығының әдістемесі

Сабақтың жабдығы

Тақта,суреттер,кеспе қағаздар

Жалпы мақсаттар

а) білімділік: модуль бойынша өткен лексикалық және грамматикалық тақырыптардан алған білім деңгейлерін тексеру, оқушылардың тілдесім әрекеттерін арттыру, емле мен тыныс белгілері ережелерін сақтап сауатты жазуын арттыру;
ә) дамытушылық: оқушылардың көру, есте сақтау қабілетін дамыту арқылы қазақ сөздерін дұрыс жазуға үйрету;
б) тәрбиелік: бір-біріне бөгет болмай, жазба жұмысын жазудағы тәртіпті қатаң сақтауға баулып, табиғатты сүюге, қорғауға тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: білімді тексеру сабағы (жазба жұмысы)
ІҮ. Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, мәтінмен жұмыс, грамматикалық тапсырма
Сабақтың көрнекілігі: мәтін, тақта

Оқыту  нәтижесі

Топқа бөлу

Сыныпты жыл мезгілдеріне қарай төрт топқа бөлу. Күз айында туылғандар 1 - топ, қыс айында дүниеге келгендер 2 - топ, көктем айындағылар 3 - топ, жаз айындағылар 4 - топ болып бөлінеді.

Ынтымақтастық атмосферасы

Мен сендерді шаттық шеңберіне шақырамын. Кәнеки, былай деп айтайық:

Кел, балалар, күлейік,

Күлкіменен түлейік.

Қабақ түйген не керек?

Көңілді боп жүрейік.

Үй тапсырмасын сұрау

Үй жұмысы дәптерлерін тексеру,бағалау

Мағынаны тану

 

Сілеусін

 

Тауды,орманды мекендейтін ірі денелі мысық тұқымдас хайуанаттың бірі-сілеусін. Сілеусіннің құйрығы шауып тастағандай қысқа, өте епті,ағашта жақсы өрмелеп, бірінен екіншісіне секіре алатын күшті жыртқыш. Дене ұзындығы сексен екі, жүз бес сантиметр,құйрығының ұзындығы жиырма –отыз бір сантиметр, салмағы сегіз,он бес килограмм. Ертеде сілеусіннің етін тамаққа пайдаланған екен. Еті өте дәмді болған, оны тек өте бай мырзалар мен ханымдар жейтін еді. Қазір өте сирек кездеседі, сондықтан сілеусіндер қорғауға алынған.( 71сөз)

 

Сергіту сәті

Орнымыздан тұрайық,
Алақанды созайық.
Оңға қарай иіліп,
Солға қарай иіліп,
Бір отырып, бір тұрып,
Сәл тынығып алайық.

 

Оқушылар денелерін жатықтырады

Ой толғаныс

http://www.felidos.com/fotos/lince_14.jpg Сілеусін (лат. Lynx lynx) – мысық тұқымдасына жататын жыртқыш. Тұрқының ұзындығы 87 – 104, құйрығы 20 – 31 см, салмағы 13 – 23 кг. Қазақстанда 3 түр тармағы бар, соның ішінде Түркістан сілеусіні Қазақстанның Қызыл кітабына енгізілген.

Сілеусін туралы түсінік беру

Үй тапсырмасы

Оқулықтағы тапсырмаларды орындау

Күнделіктеріне жазады

 Бағалау

Бағалау парақшаларын тарату

Парақшаларды толтырады

Кері байланыс

 

 

Қазақ тілі

Уақыты:

Кабинет: 

Мұғалім:

Сабақтың атауы

Жаңа сөздер,оның жасалу жолдары

Сілтеме

Қазақ тілі оқулығының әдістемесі

Сабақтың жабдығы

Тақта,суреттер,кеспе қағаздар

Жалпы мақсаттар

Білімділік : Оқушыларға неологизмдердің өзіне тән ерекшеліктерін,жасалуын мысалдар арқылы түсіндіріп,жаттығужұмыстарын жүргізу;

Дамытушылық: әр түрлі суреттерді пайдалана отырып,оқушылардың ойлау,есте сақтау,ой жинақтау,еркін сөйлеу қабілеттерін арттыру;

Тәрбиелік : Мәтін арқылы халқымыздың салт-дәстүр, әдет-ғұрпын дәріптеу, оқушы бойына патриоттық сезім ұялату.

Сабақтың түрі: дәстүрлісабақ.

Сабақтың көрнекілігі: сызбалар,суреттер.

Оқыту  нәтижесі

Топқа бөлу

Сыныпты жыл мезгілдеріне қарай төрт топқа бөлу. Күз айында туылғандар 1 - топ, қыс айында дүниеге келгендер 2 - топ, көктем айындағылар 3 - топ, жаз айындағылар 4 - топ болып бөлінеді.

Ынтымақтастық атмосферасы

 

Үй тапсырмасын сұрау

 

карточка арқылы сұрақтар мен тексеру.

 Сөздік қор дегеніміз не? Мысал келтір

Қазақ тілінің сөздік құрамы дегеніміз не?

Көнерген сөздер дегеніміз не? Ол өз ішінде нешеге бөлінеді?

Тарихи сөз дегеніміз не? Мысал келтір

Архаизмдер дегеніміз не? Мысал келтір

Эвфемизм дегеніміз не? Мысал келтір

Дисфемизм дегеніміз не?

Табу сөз дегеніміз не?

Қараша үйден ханша шығар. Ішінен көнерген сөзді тап?

сөздік қор дегеніміз не? Мысал келтір

Қазақ тілінің сөздік құрамы дегеніміз не?

Көнерген сөздер дегеніміз не? Ол өз ішінде нешеге бөлінеді?

Тарихи сөз дегеніміз не? Мысал келтір

Архаизмдер дегеніміз не? Мысал келтір

Эвфемизм дегеніміз не? Мысал келтір

Дисфемизм дегеніміз не?

Табу сөз дегеніміз не?

Қараша үйден ханша шығар. Ішінен көнерген сөзді тап?

Мағынаны тану

 

Жаңа сөздер- (нологизм,грек)-қоғамдық қатынастардың,ғылым мен техниканың,мәдениеттің өсіп,дамуына байланысты тілге енген сөздер.

Жаңа сөз

Бұрынғы атауы

кеден

таможня

ұшақ

сомолет

ғарыш

космос

үнтаспа

касета

құжат

документ

ғаламтор

интернет

Оқулықтағы жаттығуларды,топтарда орындау.

Тапқыр болсаң, тауып көр (жеке оқушылармен жұмыс)
№1
Қазақ тілін жаңа үйреніп жүрген Дымбілместің білмейтін сөздерін айтып бер
Мен..... ұшқанын көрдім. Ол маған қатты ұнады. Мен өскенде..... болуды армандаймын.
№2
Жылыжай, қызанақ, орамжапырақ, түйнеме сөздерін қатыстырып сөйлем құраңыз.
№3
Сөйлемдерден неологизмдерді табу.
1. Елбасы мінген ұшақ Астана әуежайына келіп қонды.
2. Орал қаласындағы Достық даңғылы бойында Сырым бабамызға ескерткіш орнатылған.
3. Үстіміздегі жылы атам мен әжемнің зейнетақысы көбейді.

Сергіту сәті

Орнымыздан тұрайық,
Алақанды созайық.
Оңға қарай иіліп,
Солға қарай иіліп,
Бір отырып, бір тұрып,
Сәл тынығып алайық.

 

Оқушылар денелерін жатықтырады

Ой толғаныс

«Кім жылдам?»

Көнерген сөздер

Жаңа сөздер

торқа

 

дүрия

 

патсайы

 

әмеңгер

 

барымта

 

уез

 

ханзада

 

нөкер

 

би

 

 Бес жолды өлең

1.Зат есім- неологизм

2.Сын есім

3.Етістік

4.Сөйлем

5. Зат есім

Тапсырма. Берілген жаңа сөздерді қатыстырып сөйлем құраңдар.

Өнертапқыш, зымыран, лаңкестік, нарық, автотұрақ,

ғарыш,кеден,үнтаспа,құжат,ғаламтор,әмбебап,кешен,нарық,ермек-саз. Сөйлем құрау керек.

Үй тапсырмасы

Оқулықтағы тапсырмаларды орындау

Күнделіктеріне жазады

 Бағалау

Бағалау парақшаларын тарату

Парақшаларды толтырады

Кері байланыс

 

Қазақ тілі

Уақыты:

Кабинет: 

Мұғалім:

Сабақтың атауы

Сөздердің қолдану өрісіне байланысты түрлері.Жалпылама лексика.

Сілтеме

Қазақ тілі оқулығының әдістемесі

Сабақтың жабдығы

Тақта,суреттер,кеспе қағаздар

Жалпы мақсаттар

Сабақтың мақсаты : сөздердің қолданылу сипатына қарай бөліну себебін түсіндіре отырып, түрлерін меңгерту, түрлерінің өзіне тән белгілері туралы жан-жақты білім беру

Дамытушылық-әртүрлі әдістерарқылы есте сақтау қабілеттерін арттыру, сөйлеу тілін жетілдіру,әдеби тіл нормаларын сақтауға  үйрету

Тәрбелік өз ойын анық әрі әсерлі жеткізе білуге баулу.

Сабақтың түрі : аралас

Әдісі: ойын,талдау, тест,жинақтау,сұрақ-жауап,

Көрнекілігі: сызба, тест, кеспе қағаздары

Пәнаралық байланыс: әдебиет

Сабақтың барысы: ұйымдастыру

Оқыту  нәтижесі

Топқа бөлу

Сыныпты жыл мезгілдеріне қарай төрт топқа бөлу. Күз айында туылғандар 1 - топ, қыс айында дүниеге келгендер 2 - топ, көктем айындағылар 3 - топ, жаз айындағылар 4 - топ болып бөлінеді.

Ынтымақтастық атмосферасы

Мен сендерді шаттық шеңберіне шақырамын. Кәнеки, былай деп айтайық:

Кел, балалар, күлейік,

Күлкіменен түлейік.

Қабақ түйген не керек?

Көңілді боп жүрейік.

Үй тапсырмасын сұрау

 

Сөздік қор дегеніміз не?

Сөздік құрам дегеніміз не?

Сөздік қор мен сөздік құрамның айырмашылығы

Сөздік қор мен сөздік құрам тіл білімінің  қай саласында қарастырылады?

Лексика ғылымы нені зерттейді?
Сөздің тура, ауыспалы мағыналары дегеніміз не?
Көп мағыналы сөздер қандай сөздер?
Омонимдер дегеніміз не?
Синонимдер нендей сөздер?
Антонимдер дегеніміз не?
Табу дегеніміз не?
Эфемизм, дисфемизм нендей сөздер?
Тұрақты тіркестер дегеніміз не?
Мақал - мәтелдер дегеніміз не?
Көнерген сөздер, түрлері туралы айтыңдар?
Жалпылама лексика дегеніміз не?
Кірме сөздер, неологизмдер нендей сөздер?
Диалект, кәсіби сөздер дегеніміз не?
Терминдер дегеніміз не?

Мағынаны тану

 

Жаңа сабақ 

Қазақ тілінің лексикасы

 

Жалпылама лексика

 

Қолданылу өрісі тар лексика

 

Кәсіби лексика

 

Диалектикалық лексика

зейнеткер                                                                                                             оқушы

Жалпылама лексикаға жататын сөздер

 

  

ғалым                                                                                                                    аңшы            

  
спортшы                                                                                                               егінші    

мұғалім                                                                                                             

 кәсіпкер         

                                                                                             

зейнеткер                                                                                                             оқушы

Су, ауа,тамақ, үй,көру,жазу,жеті , тоқсан,артық, кем

 

ғалым                                                                                                                    аңшы            
спортшы                                                                                                               егінші      

мұғалім                                                                                                             

кәсіпкер         

Жалпылама лексикаға жататын сөздердің ерекшеліктері:

1.сөздер  тура мағынасында жұмсалады

2.жалпы халыққа түсінікті

3.анық

4.қарапайым

Қорытынды

Бір тілде сөйлейтін адамдардың бәріне түсінікті ортақ сөздер жалпылама лексика деп аталады.

Оқулықтағы жаттығуларды,топтарда орындау.

Сергіту сәті

Орнымыздан тұрайық,
Алақанды созайық.
Оңға қарай иіліп,
Солға қарай иіліп,
Бір отырып, бір тұрып,
Сәл тынығып алайық.

 

Оқушылар денелерін жатықтырады

Ой толғаныс

1.Еңбектің наны тәтті демекші еңбекпен келген тамақ сіңімді болады.

2.Менің төбем көкке жеткендей болды.

3.Шиіріп асық, ойнауға асық.

4.Туған халқымның дархандығын,кеңпейілділігін мақтан етемін.

5.Сол қолың  ашу шақырса , оң қолың басу айтсын.

6.Ғаламтордан қызықты мәліметтер алуға болады.

7.Бақа көлінде-патша.  

Ойын «Бұл қай ереже?»

10

10

10

20

20

20

30

30

30

 

1.Лексика

2.тұрақты тіркестер

3.мақал-мәтел

4.табу

5.эвфемизм

6.синоним

7.омоним

8.көнерген сөздер

9.жаңа сөздер

Үй тапсырмасы

Оқулықтағы тапсырмаларды орындау

Күнделіктеріне жазады

 Бағалау

Бағалау парақшаларын тарату

Парақшаларды толтырады

Кері байланыс

 

 

Қазақ тілі

Уақыты:

Кабинет: 

Мұғалім:

Сабақтың атауы

Кірме сөздер.

Кірме сөздердің тілімізге ену жолдары

Жаттығу жұмыстары

Сілтеме

Қазақ тілі оқулығының әдістемесі

Сабақтың жабдығы

Тақта,суреттер,кеспе қағаздар

Жалпы мақсаттар

1. Лексика саласынан алған білімдерін тереңдету. Қолданылу аясы шектеулі сөздер жайлы  түсінік.

2. Сөз құдіретін терең түсініп, орынды қолдана білуге, шапшаңдыққа, іскерлікке тәрбиелеу.

3. Оқушылардың  шығармашылық шеберлігін, дағды-машығын, таным белсенділігін  арттыру.

Сабақ түрі :Аралас сабақ

Сабақ әдісі: СТО технологиясының стратегиялары, түсіндіру, әңгімелеу, сұрақ-жауап. 

Сабақтың формасы:Топпен, жеке оқушымен 

Сабақтың көрнекілігі:Слайд, тапсырмалар 

Пәнаралық байланыс:Музыка, бейнелеу өнері, әдебиет. 

Оқыту  нәтижесі

Топқа бөлу

Сыныпты жыл мезгілдеріне қарай төрт топқа бөлу. Күз айында туылғандар 1 - топ, қыс айында дүниеге келгендер 2 - топ, көктем айындағылар 3 - топ, жаз айындағылар 4 - топ болып бөлінеді.

Ынтымақтастық атмосферасы

Мен сендерді шаттық шеңберіне шақырамын. Кәнеки, былай деп айтайық:

Кел, балалар, күлейік,

Күлкіменен түлейік.

Қабақ түйген не керек?

Көңілді боп жүрейік.

Үй тапсырмасын сұрау

Үй тапсырмасы орындалған дәптерлерін тексеру,бағалау

Мағынаны тану

 

         Кірме сөздер дегеніміз тілімізге басқа тілден енген сөздер. Бір тілден екінші тілге сөздердің ауысып тұруы барлық тілдерге тән құбылыс. Сөздік құрамына басқа тілден сөз енбеген тіл жоқ десе де болады. Дүние жүзіндегі түрлі – түрлі тілдерде сөйлейтін халықтар өз ара бір -  бірімен қарым – қатынаста болады да, бір-біріне сөз аусыады. Әрбір тілдегі басқа тілдік сөздер санының аз  я көптігі тарихи жағдайлармен тығыз байланысты.

Өз тарихында қазақ халқы көптеген елдермен қарым – қатынас жасап, аралас – құралас болғаны мәлім. Соның нәтижесінде араб, парсы, монғол, орыс тілдерінен қазақ тіліне көптеген сөздер кірген.

Қазақ тіліне енген кірме сөздердің тарихы өте ұзақ. ІХ – Х ғасырдан бастап араб, парсы сөздері кірсе, ХІХ ғасырдан бері қарай орыс тілі арқылы келген кірме сөздердің саны өте көп.

Оқулықтағы жаттығуларды,топтарда орындау.

Сергіту сәті

Орнымыздан тұрайық,
Алақанды созайық.
Оңға қарай иіліп,
Солға қарай иіліп,
Бір отырып, бір тұрып,
Сәл тынығып алайық.

 

Оқушылар денелерін жатықтырады

Ой толғаныс

I  тапсырма:

3 минут ішінде кірме сөздер туралы қосымша мәліметті талқылауға беремін. Ноутбуктегі мәліметпен танысады.

I топ 

Араб, парсы тілінен енген сөздер: 

адам, әлем, ғылым, қоғам, мектеп, білім, тарих, әдебиет, мәдениет, пән, тәрбие, емле, т.б.

Тарихи дерек: Қазақ даласы Х-ХІІ ғасырларда араб халифатының қарамағында болды. Ислам діні тарады. Ислам мәдениетін жасауда қазақ жерінен шыққан көптеген ақын, ғалым, ойшылдардың үлесі мол болды. Әунасыр әл Фараби, Ғаббас әл Жауһари, әл Сығанақи сияқты тұлғалар шықты. Поэзияда парсы тілі, ғылымда араб тілі басым болғанына қарамастан, Ахмет Иассуаи, Ахмет Иүгенеки, Сүлеймен Бақырғани, Жүсіп Баласағұни, Махмұд Қашқаридай түркі даналары еңбектерін өз ана тілінде жазды. 

(Тапсырманы өте жақсы айтқан, орындаған оқушы әдемі адамды көре алады).

II топ

Монғол тілінен енген сөздер:

А) ел билеуге байланысты сөздер: ұлыс, нөкер, жасақ, аймақ, жарлық, т.б.

Ә) жер-су атаулары: Тарбағатай, Нарынқол, Нұра, Баянауыл, Зайсан, Қордай, Алтай, т.б.

Тарихи дерек: 1219 жылы Шыңғысхан Қазақстанның ескі қаласы Отырарды қоршауға алады. Отырар тұрғындары қаланы алты ай бойы қорғайды. Тек бір сатқын қаланы ашып бергеннен кейін ғана монғолдар қаланы жаулап алады. Тек Отырар ғана емес, мұнан кейін Сығанақ, Ашнас, Баршынкент, Үзгент қалаларын тонап, халқын қырғынға ұшыратқан.

Жер – су атауларының шығу тарихын зерттейтін ғалымдардың пікірінше Тарбағатай монғолдың «тарбаған» (суыр) деген сөзінен шыққан, «тай» тау деген сөз. Сонда Тарбағатай тауының мағынасы «суырлы тау» деп түсіндіріледі. Алтай «заңғар тау, алып тау» деген сөзден шыққан дейді. 

Зайсан көлінің аталуы ол аштыққа ұшыраған көптеген адамдардың өмірін тайдай тулаған балығымен сақтап қалуымен байланыстырады. Сонда Зайсанның қазақша аудармасы «игі, игілік, мейірман» деген мағынаны білдіреді. 

(Тапсырманы өте жақсы айтқан, орындаған оқушы әдемі адамды көре алады).

III топ

Орыс тілінен енген сөздер:

А) Қазан төңкерісіне дейін енген сөздер: болыс, сот, жәшік, кереует, бөтелке, кәмпит, сөмке, тұрба, т.б.

Ә) кеңестік дәуірде кірген термин сөздер: телефон, телеграф, автомобиль, т.б.

Тарихи дерек: Қазақстанның ХІХ ғасырдағы тарихи оқиғалары Ресей үкіметімен тығыз байланысты. Осы кезеңде қазақ даласына қалалар көптеп салынып, орыс қоныстанушыларының саны артып, үлкен өзгерістер болды.

Араб, парсы, монғол тілдерінің сөздері бірнеше ғасыр бойы қолданылу барысында өздерінің бастапқы қалпын мүлде - өзгертіп, қазақ тілінің заңдылығына бейімделіп, біржола кірігіп кеткен. Соңғы жылдарда кірме сөздердің біразы қазақшаға аударылған. Мысалы: самолет – ұшақ, вертолет – тікұшақ, коллектив – ұжым, герб – елтаңба, гимн – әнұран.

(Тапсырманы өте жақсы айтқан, орындаған оқушы әдемі адамды көре алады).

Үй тапсырмасы

Оқулықтағы тапсырмаларды орындау

Күнделіктеріне жазады

 Бағалау

Бағалау парақшаларын тарату

Парақшаларды толтырады

Кері байланыс

 

Қазақ тілі

Уақыты:

Кабинет: 

Мұғалім:

Сабақтың атауы

Бақылау диктанты. «Дені саудың-жаны сау»

Қатемен жұмыс.Тіл ұстарту

Сілтеме

Қазақ тілі оқулығының әдістемесі

Сабақтың жабдығы

Тақта,суреттер,кеспе қағаздар

Жалпы мақсаттар

Мақсаты:  оқушыларға диктант жаздыра отырып, алған білімдерін тиянақтауға, тексеруге, сауатты көркем жаза білуге мүмкіндік туғызу:  танымдық қабілетерін,  ақыл-ойын дамыту; адамгершілікке, сұлулыққа, ұжымшылдыққа баулу.

Сабақтың түрі:      білімді тексеру және бағалау сабағы.

Сабақтың әдіс-тәсілдері: сұрақ-жауап, түсіндіру.

Оқыту  нәтижесі

Топқа бөлу

Сыныпты жыл мезгілдеріне қарай төрт топқа бөлу. Күз айында туылғандар 1 - топ, қыс айында дүниеге келгендер 2 - топ, көктем айындағылар 3 - топ, жаз айындағылар 4 - топ болып бөлінеді.

Ынтымақтастық атмосферасы

 Бүгінгі сабақта біз диктант жазамыз.

Диктант жазуға дайынбыз ба? Ондай болса жұмысты бастамай тұрып есімізге бірнеше ережелерді түсіріп алайық: Сөйлемдегі сөздер қалай жазылады? Сөйлем неден басталады?

Сөйлем соңына қандай тыныс белгі қойылады?

Сөйлем ішінде жер-су аттары, адамның аты кездессе қалай жазылады?

Әр жазған сөйлемді тексеріп отыру керек па?

Неліктен?

Үй тапсырмасын сұрау

 

Мағынаны тану

 

Дені саудың-жаны сау

Денсаулық-табиғаттың ең қымбат сыйы. Денсаулықты сақтау үшін тамақтану керек,уақытында демалу керек, дене шынықтырумен айналысу керек. Денсаулықты сақтауда дұрыс тамақтанудың маңызы зор. Спортпен айналысу денсаулықты жақсартады.Спорттың ең қарапайым түрі-жүгіру. Денсаулықтың бірінші жауы темекі,спирт ішімдіктері. Ешкімге жамандық жасама. Жүзіңнен әрқашанда күлкі кетпесін. Адам күлген сайын ағзадағы шлактар сыртқа шығады.Таңертеңгілік тамақты ішкен оқушы сабақты жақсы оқиды.Сондықтан да таңғы асты таста ма.(63 сөз)

 

Сергіту сәті

Орнымыздан тұрайық,
Алақанды созайық.
Оңға қарай иіліп,
Солға қарай иіліп,
Бір отырып, бір тұрып,
Сәл тынығып алайық.

 

Оқушылар денелерін жатықтырады

Ой толғаныс

Адам денсаулығына жақын достар не деп ойлайсыңдар?
( тазалық, спорт, таза ауа, дұрыс тамақтану, күн тәртібі.)
Адам денсаулығына қас.( шылым шегу, ішімдік, салақтық, жалқаулық.) денені шынықтыру
Денсаулық болса бәрі болады тазалық, дене шынықтыру, дұрыс тамақтанудың маңызы зор.
Біздің денсаулығымыз мықты болу үшін тазалық сақтау жеткіліксіз. Сонымен бірге денемізді шынықтыруымыз керек. Үнемі дене шынықтырумен айналысатын адам ауырмайды
Тиімді тамақтану денсаулық үшін маңызы зор. Ет, балық, ұн, сүт тағамдарының әрқайсысының орны бөлек. Сонымен қатар жеміс – жидектерді көбірек жеген жөн. Олардың құрамында адам денсаулығына қажетті дәрумендер өте көп. Сонымен қатар шамадан тыс көп тамақтану да зиян.(әр түрлі тағамдардың суреттерін көрсету)
Сұрақтар.
1 Жеміс – жидектерді жемес бұрын не істеу керек?
(жеміс – жидектерді жақсылап жуып алу керек.)
2 Тамақтану алдында не істеуіміз керек?
(тамаққа отырар алдында қолды жуу керек)
Қорытынды
1. Адамның дені сау болу үшін қандай шарттарды орындау қажет?
(Денесін, беті – қолын киімін әрдайым таза ұстау керек. Зиянды заттардан аулақ болу керек.)
2. Адам не үшін жуынады?
3. Тазалықтың достары мен қастарын ата?
Деніміз сау болсын десеңдер, міне жоғарыда айтылғанның бәрін денсаулық үшін істелетін жұмыстар. Таза ауада демалу, спотпен шұғылдану, денені күтіп ұстау, еңбек ету, дұрыс тамақтану барлығы салауатты өмір салтына жатады. Осы айтқандарды күнделікті тұрмыста пайдалануымыз керек.

Үй тапсырмасы

Оқулықтағы тапсырмаларды орындау

Күнделіктеріне жазады

 Бағалау

Бағалау парақшаларын тарату

Парақшаларды толтырады

Кері байланыс

 

Қазақ тілі

Уақыты:

Кабинет: 

Мұғалім:

Сабақтың атауы

Диалект сөздер  Диалект сөздердің қолдану өрісі

Сілтеме

Қазақ тілі оқулығының әдістемесі

Сабақтың жабдығы

Тақта,суреттер,кеспе қағаздар

Жалпы мақсаттар

а) Диалект сөздер оның ерекшеліктерін  түсіндіру.Оқушылардың шығармашылықты жұмыс істеуіне ықпал ету.Ойлау шеберлігін,сөйлеу мәдениетін арттыру
 ә)  Оқушыларды табиғаттысүюге,қоршаған ортаны бағалай білуге баулу,эстетикалықталғамдарын арттыру

  б)   Сөйлеу  тілін сөз мағынасын түсініп,шапшаң ой қорыта алуға,көркем,ұқыпты жаза білуге дағдыландыру.
Сабақтың түрі :     Аралас сабақ
Сабақтың әдісі :     сұрақ-жауап
Сабақтың көрнекіл
ігі: кітаптар,диалектологиялық сөздік
Пәнаралық байланыс  әдебиет,тарих
Сабақтың барысы : 
а)  Ұйымдастыру кезеңі :
 Оқушылармен амандасу,түгелдеу,оқу құралдарын тексеру.Сыныптың тазалығына көңіл бөлу.Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

Оқыту  нәтижесі

Топқа бөлу

Сыныпты жыл мезгілдеріне қарай төрт топқа бөлу. Күз айында туылғандар 1 - топ, қыс айында дүниеге келгендер 2 - топ, көктем айындағылар 3 - топ, жаз айындағылар 4 - топ болып бөлінеді.

Ынтымақтастық атмосферасы

Мен сендерді шаттық шеңберіне шақырамын. Кәнеки, былай деп айтайық:

Кел, балалар, күлейік,

Күлкіменен түлейік.

Қабақ түйген не керек?

Көңілді боп жүрейік.

Үй тапсырмасын сұрау

 

1.Кірме сөздер дегеніміз не ?
2.Жалпылама лексика дегеніміз не ?
3.Жаңа сөздер дегеніміз не ?
4.Көнерген сөздер дегеніміз не ?
5.Сөздік құрам дегеніміз не ?
6.Табу дегеніміз не ?
7.Эвфомизм дегеніміз не ?
 8.Дисфемизм дегеніміз не ?

Мағынаны тану

 

Диалект сөздер – белгілі бір жердегі (аймақ,облыс,аудан ) тұрғындарының сөйлеу тілінде ғана қолданылатын сөздер.Диалект сөздер жалпыхалықтық  болып есептелмейді. Өйткені олардың көпшілігінің әдеби тілде баламалары болады. Мысалы : әдеби тілдегі  тәртіп сөзі Орал обылысында нұсқау,бұйрық деген мағынада қолданылады ; әдеби тілдегі шалбар сөзі Алматы,шығыс Қазақстан облыстарында сым деп айтылады ; әдеби қабырға сөзі Ақтөбе облысында жар дегенді білдіреді;әдеби жұмыртқа сөзін Оңтүстік Қазақстан облысынд тұқым деп атайды.
   Диалект сөздер түрліше болып келеді. Мысалы : тыңла – тыңда,құдағай – құдаға т.б.
  Қазіргі әдеби тілімізге біраз диалект сөздер еніп,жалпыхалықтық тілге айналды.

Оқулықтағы жаттығуларды,топтарда орындау.

Қосымша

Кірме сөздер. Диалект сөздер

-- Қазақ тілінің сөздік қоры үнемі өзгеріп отырады. Тілімізге әр түрлі қарым-қатынасқа байланысты басқа тілден сөздер енеді, тұрмыс-тіршілікке байланысты заттар мен құбылыстардың аттары жаңарып отырады. Тілімізге басқа тілден енген сөздер кірме сөздердеп аталады. Қазақ тіліне араб-парсы, монғол, орыс тілдерінен көптеген сөздер кірген.

 

http://www.itest.kz/upload/images/1349319094.93.jpeg.png

 

Тілімізде кейбір кірме сөздердің қазақша нұсқасы да бар. Мысалы, коллектив – ұжым, вертолет – тік ұшақ, самолет – ұшақ, аэропорт – әуежай, аудитория – дәрісхана, протокол –хаттама, т.б.

 

Жалпыхалықтық сипат алмаған, белгілі бір аймақтағы тұрғындардың сөйлеу тілінде ғана қолданылатын сөздер тіл білімінде диалект сөздер деп аталады. Мысалы, сым, жейде, дарбаза, көпшік, тұқым, қоңсы, елгезер, бәдірең, кеуірт, таңлай, маңлай, тыңла, құдағай, кәсе, кигіз, жадағай, шекер, сүгірет, кеуіл т.б. сөздер диалект сөздер болып табылады.

 

Ой толғаныс

1.Диалект сөздер дегеніміз не ?
2.Кірме сөздер дегеніміз не ?

Үй тапсырмасы

Оқулықтағы тапсырмаларды орындау

Күнделіктеріне жазады

 Бағалау

Бағалау парақшаларын тарату

Парақшаларды толтырады

Кері байланыс

 

 

Қазақ тілі

Уақыты:

Кабинет: 

Мұғалім:

Сабақтың атауы

Кәсіби сөздер

Сілтеме

Қазақ тілі оқулығының әдістемесі

Сабақтың жабдығы

Тақта,суреттер,кеспе қағаздар

Жалпы мақсаттар

 а) Оқушылардың шығармашылықты жұмыс істеуіне ықпал ету.Ойлау шеберлігін,сөйлеу мәдениетін арттыру
ә)  Түрлі әдістермен оқушылардың ойлау қабілеттерін дамыту,өзіндік шығармашылыққа баулу ;
б)   тәрбиелік – ұжымшылдыққа,тиянақтылыққа тәрбиелеу.
Сабақтың түрі :            Аралас сабақ
Сабақтың әдісі :           Сұрақ-жауап,тіл дамыту
Сабақтың көрнекілігі : Кеспе қағаздар
Халықтық педагогика     Татулық – табылмас бақыт
элементтерін қолдану :                   
Пәнаралық байланыс :    Әдебиет

Оқыту  нәтижесі

Топқа бөлу

Паз арқылы оқушыларды топтарға бөлу

Ынтымақтастық атмосферасы

– Балалар, айналамызда көңіл-күйі көтеріңкі, жақсы адамдардың болғанын бәріміз ұнатамыз. Ендеше қол ұстасып, бір-бірімізге жақсы көңіл-күй мен саулық тілейік.

Кел, балалар, күлейік!

Күлкіменен түлейік!

Күлкі- көңіл ажары !

Күліп өмір сүрейік!

Үй тапсырмасын сұрау

 

1.диалект дегеніміз не?                

2.кірме сөздер дегеніміз не ?
3.жалпылама лексика дегеніміз не ?          

4.табу дегеніміз не?
5.эвфмизм дегеніміз не ?            

6.дисфемизм дегеніміз не ?
7.лексика нені зерттейді ?                        

8.антонимдер дегеніміз не?
9.синонимдер дегеніміз не ?            

10.омонимдер дегеніміз не ?

Мағынаны тану

 

Кәсіби сөздер дегеніміз – жұрттың бәріне бірдей түсінікті бола бермейтін белгілі бір тәсілмен я шаруашылық саласымен шұғылданатын адмдардың арасында ғана айтылытын сөздер.Кәсіби сөздерді екі үлкен салаға бөлуге болады.
   1.Қолөнершілікке   (ағашшылық,ұсталық,өрімшілік,тоқымашылық т.б. )  қатысты сөздер : тышқы ( араның бір түрі ), шербек ( үлкен ара ),ыңғыру (ағаш оятын құрал ) тышуыр (бұрап тесетін құрал ).
   2. Ауыл шаруашылығына ( мал,астық,балық,аңшылық,бау – бақша,темекі,мақта,күріш,қызылша ) байланысты сөздер :

1)      мақтаға байланысты қоза (мақта өсімдігі),шиіт)мақта тұқымы),терімші (мақта теруші) балдаң (мақтаныңсабағы )

2) жүгері түрлері : дүмбі,пәшік,сота.  

3) қауын аттары : әңгелек,жәмше,қауын,торлама.   

Оқулықтағы жаттығуларды,топтарда орындау.

Сергіту сәті

Орнымыздан тұрайық,
Алақанды созайық.
Оңға қарай иіліп,
Солға қарай иіліп,
Бір отырып, бір тұрып,
Сәл тынығып алайық.

 

Оқушылар денелерін жатықтырады

Ой толғаныс

Топпен жұмыс :  сынып оқушыларын үш топқа бөлемін.

1-топ.Ауыл шаруашылығы кәсібімен байланысты алты сөз жазады.

 2-топ.Мал кәсібімен байланысты алты сөз.

3-топ.Аңшылық кәсібімен байланысты алты сөз

 1.Кәсіби сөз дегеніміз не?

2.Кәсіби сөз  қандай лексикаға кіреді?

Үй тапсырмасы

Оқулықтағы тапсырмаларды орындау

Күнделіктеріне жазады

 Бағалау

Бағалау парақшаларын тарату

Парақшаларды толтырады

Кері байланыс

 

Қазақ тілі

Уақыты:

Кабинет: 

Мұғалім:

Сабақтың атауы

Термин сөздер

Сілтеме

Қазақ тілі оқулығының әдістемесі

Сабақтың жабдығы

Тақта,суреттер,кеспе қағаздар

Жалпы мақсаттар

Білімділік: термин сөздер туралы түсінік беру, бастауышта алынған білімдерін еске түсіру
Дамытушылық: алынған білімді есте сақтауға дағдыландыру, сөйлеу дағдыларын дамыту.
Тәрбиелік: орындалатын тапсырмалар арқылы бірін - бірі тыңдауға, сыйлауға тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Сабақтың көрнекілігі: термин сөздер жазылған плакат, әр - түрлі жетондар
Әдіс - тәсілдері: түсіндіру, талдау, сұрақ - жауап т. б
Сабақтың эпиграфы: «Адам көңілі шын мейірленсе, білім - ғылымның өзі мейірленеді. Шала мейір шала байқайды»

Оқыту  нәтижесі

Топқа бөлу

Сыныпты жыл мезгілдеріне қарай төрт топқа бөлу. Күз айында туылғандар 1 - топ, қыс айында дүниеге келгендер 2 - топ, көктем айындағылар 3 - топ, жаз айындағылар 4 - топ болып бөлінеді.

Ынтымақтастық атмосферасы

Қазақ тілі – өз тілім, ана тілім,
Абай, Мұхтар сөйлеген дана тілім.
Қастерлейді ұл - қызың мәңгі сені,
Болашағым, бақытым дара тілім - деп анамыздың ақ сүтімен бойымызға дарыған тілімізді құрметтеп, бүгінгі сабағымызды бастайық.

Қызығушылықты ояту

 

КІМ ТЕЗ ТАБАР ЕКЕН?
1. Құрамында ф, ц, э әріптері бар әр түрлі термин сөздер тауып жазыңдар.
2. Г әрпіне аяқталған бірнеше термин сөздер жазыңдар.
3. Қосар дауыссызға аяқталған бірнеше термин сөз тауып жазыңдар.
ТЕРМИНДЕРМЕН ТАНЫС БОЛ
Мына сөздер қандай терминдерге жататынын білесіңдер ме?
А) Автограф, акт, аллегория, аллитерация, альманах, анекдот, антология, антракт, ассонанс, афоризм. Баллада, баяндау, бейне, беллетрестика. Вариант, гимн, дамыту, әсірелеу, драматург, жанр, идея, ирония, комедия, композиция, комментарий, легенда, либретто, литота, метонимия, монолог, пейзаж, портрет, поэзия, проза, пролог, романтизм, сатира - сықақ, сюжет, трагедия, фольклор, эпиграф, эпитет, эпос.

Мағынаны тану

 

         Әрбір тілдің сөздік құрамында жалпыға ортақ сөздермен қатар, ғылым мен техниканың, өндіріс пен шаруашылықтың жеке бір саласына ғана тән арнаулы сөздер де болады. Тілдің лексикасында ғылым мен техниканың алуан түрлі саласына қатысты қолданылатын сөздерді термин сөздер деп атаймыз. Термин сөздердің басты сипаттары мынадай:
1. Термин ғылым мен техниканың әр саласына тән болуы керек;
2. Термин сөздер дара, бір ғана мағыналы болуы керек;
3. Термин сөздердің көпшілігі дүние сөзі тілдерінің халықтарына ортақ болуы керек.
Термин сөздерді кейде арнаулы сөздер деп те атайды.
Терминдердің пайда болуы ғылым мен техниканың атауларына тығыз байланысты. Ғылымы жоқ, техникасы болмаған елдерде термин жайында сөз болуы мүмкін емес.
Бір тілдің шеңберінде қолданылатын терминдерді түгелдей жинақтап, жүйелейтін ғылымды терминология деп атайды. Қазақ терминологиясы қазіргі таңда жан - жақты қарастырылып, қауырт жиналуда, қазірдің өзінде терминдердің жетпістен астам сөздігі басылып шықты.
Мысалы, әдебиет терминдері: поэзия, сатира, опера, образ т. б Оқулықтағы жаттығуларды,топтарда орындау.

Сергіту сәті

Орнымыздан тұрайық,
Алақанды созайық.
Оңға қарай иіліп,
Солға қарай иіліп,
Бір отырып, бір тұрып,
Сәл тынығып алайық.

 

Оқушылар денелерін жатықтырады

Ой толғаныс

Егер сен өнерден ләззат алғың келсе, онда өнер жөнінде білімдар адам болуың керек. (К. Маркс) Музыканы сүю үшін ең алдымен, оны тыңдай білу керек. (Д. Шостакович) Көркемөнер біздің ішкі дүниемізге, жан жүйемізге әсер етіп, адамдық қалпымызды тәрбиелейді. (М. Әуезов)
Сұрақтарға жауап беру.
1. Әр сөйлемдегі ойды өз сөздеріңмен таратып айтқызу.
2. Өздерің білетін өнер түрлерін, олардың әрқайсысына қатысты термин сөздерді топтап жаздырту.
3. Өздері сүйетін өнер туралы әңгімелесу.
8. Сабақты бекіту.
1. Термин сөздер дегеніміз не?
2. Кәсіби сөздерден қандай айырмашылығы бар?
3. Қазақ тіліне тән терминдерді атаңдар?

Үй тапсырмасы

Оқулықтағы тапсырмаларды орындау

Күнделіктеріне жазады

 Бағалау

Бағалау парақшаларын тарату

Парақшаларды толтырады

Кері байланыс

 

 

Қазақ тілі

Уақыты:

Кабинет: 

Мұғалім:

Сабақтың атауы

Лексикадан өткенді қайталау

Сілтеме

Қазақ тілі оқулығының әдістемесі

Сабақтың жабдығы

Тақта,суреттер,кеспе қағаздар

Жалпы мақсаттар

1.Өткен материалдарды теориялық тұрғыдан қайталай 
отырып, практикалық тұрғыдан жүзеге асыра білуді қалыптастыру. 
2. Оқушылардың өзіндік ізденістерін, ойлау қабілетін жетілдіру. 
3. Халықтық педагогикамен байланыстырып, халықтық ұғымдарды оқушы санасына түсінікті етіп тәрбиелік маңызын түсіндіру. 
Сабақтың әдіс-тәсілдері: кроссворд, семантикалық карта; 

Оқыту  нәтижесі

Топқа бөлу

Сыныпты жыл мезгілдеріне қарай төрт топқа бөлу. Күз айында туылғандар 1 - топ, қыс айында дүниеге келгендер 2 - топ, көктем айындағылар 3 - топ, жаз айындағылар 4 - топ болып бөлінеді.

Ынтымақтастық атмосферасы

Үй тапсырмасын сұрау

І.Ұйымдастыру кезеңі: оқушылармен амандасу, оқушыларды түгендеу, оқушының назарын сабаққа аудару. 
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау: үйге берілген тапсырманың орындалуын тексеру 

Мағынаны тану

 

ІІІ. Тақтаға қоржын ілінеді. Қоржыннан әр топ қағаздар алып, қағаздағы сұрақтарға жауап алынады.

1-ші топқа сұрақ: сөздің тура және ауыспалы мағынасы. Ережесі сұралады, әр оқушыға семантикалық карта таратылады. Әр оқушы алдындағы ашық кестені толтырады.

Сөздер Тура мағынасында Ауыспалы мағынасында

? Адамның беті

? Терең сезім

? Бұлақтың көзі

? Ақ түс

Асыл

Алтыным менің

2-ші топқа сұрақ: синоним, антоним, омоним. Тақтаға кроссворд ілінеді. Берілген сөздер бойынша синонимдер жазу.

Көрікті С Сұлу, сымбатты

Ақылды И

Тура Н

Тоғай О

Түйе Н

Тазы И

Ұстаз М

Тақтаға үш сөз жазылады. Оқушылар омоним болатындай етіп сөйлем құрайды.

Жең- ? Мақта-? Қала-?

Ішінде амоним келетін мақал — мәтелдерден жарыс ұйымдастыру. Кез келген екі антонимге математикалық тәсілмен дыбыстық талдау жасау.

Мысалы: Үлкенге ізет, кішіге құрмет.

3-ші топқа сұрақ: көнерген сөздер мен неологизмдер. Тірек сөздер беріледі, сол бойынша оқушылар шағын мәтін құрайды.

Көнерген сөздер Неологизмдер

Хан, ханшайым, уәзір, сәукеле, білезік, садақ, жебе.

Ғарыш, ғарышкер, ғарыш айлағы, ғарыш кемесі.

Жаттығу жұмыстары:

1- топқа: Оқыған ертегілеріңнен бір – біріне қарама – қарсы сипаттағы кейіпкерлердің қасиеттерін жазыңдар. Олардың ішінен антоним болып тұрған сөздерді жұптаңдар.

2-топқа: Синонимдік қатардағы сөздерді қамтитын сызбалар құраңдар.

3-топқа: Мақалдарды бір бөлек, мәтелдерді бір бөлек жаз.

Сергіту сәті

Орнымыздан тұрайық,
Алақанды созайық.
Оңға қарай иіліп,
Солға қарай иіліп,
Бір отырып, бір тұрып,
Сәл тынығып алайық.

 

Оқушылар денелерін жатықтырады

Ой толғаныс

Тұрақты тіркестер. «Бір сөзбен шеш» ойыны ойналады. 
1. Қой аузынан шөп алмайды – момын, 
2. Жүрек жалғап алу – 
3. Төбе шашы тік тұру – 
4 . Қас пен көздің арасында – 
5. Бетінен оты шықты – 
6. Ағаштан түйін түйген – 
7. Қырғи қабақ болу – 
8. Тонның ішкі бауындай болу – 
9. Бармағын тістеу – 
10. Аузына құм құйылу – 
Сабақты бекіту барысында лексика бөліміндегі кірме, диалект, кәсіби сөздер, термин сөздерге тоқталу барысында оқушыларға семантикалық карта таратылып беріледі. Дұрыс жауап бере отырып, оны теориялық жағынан дәлелдеу. 
Сөздер 
Кірме сөздер Диалект сөздер Кәсіби сөздер Термин сөздер 
кереует 
Сым 
Таға 
Глобус 
Телефон 
Бәдірен 
Етікші 
Эвфемизм 

Үй тапсырмасы

Мақал-мәтел кітапшасын жасау

Күнделіктеріне жазады

 Бағалау

Бағалау парақшаларын тарату

Парақшаларды толтырады

Кері байланыс

 

 

Қазақ тілі

Уақыты:

Кабинет: 

Мұғалім:

Сабақтың атауы

Бақылау диктанты

Қатемен жұмыс.Тіл ұстарту.

Сілтеме

Қазақ тілі оқулығының әдістемесі

Сабақтың жабдығы

Тақта,суреттер,кеспе қағаздар

Жалпы мақсаттар

а) білімділік: модуль бойынша өткен лексикалық және грамматикалық тақырыптардан алған білім деңгейлерін тексеру, оқушылардың тілдесім әрекеттерін арттыру, емле мен тыныс белгілері ережелерін сақтап сауатты жазуын арттыру;
ә) дамытушылық: оқушылардың көру, есте сақтау қабілетін дамыту арқылы қазақ сөздерін дұрыс жазуға үйрету;
б) тәрбиелік: бір-біріне бөгет болмай, жазба жұмысын жазудағы тәртіпті қатаң сақтауға баулып, табиғатты сүюге, қорғауға тәрбиелеу.

Оқыту  нәтижесі

Топқа бөлу

Сыныпты жыл мезгілдеріне қарай төрт топқа бөлу. Күз айында туылғандар 1 - топ, қыс айында дүниеге келгендер 2 - топ, көктем айындағылар 3 - топ, жаз айындағылар 4 - топ болып бөлінеді.

Ынтымақтастық атмосферасы

– Балалар, айналамызда көңіл-күйі көтеріңкі, жақсы адамдардың болғанын бәріміз ұнатамыз. Ендеше қол ұстасып, бір-бірімізге жақсы көңіл-күй мен саулық тілейік.

Кел, балалар, күлейік!

Күлкіменен түлейік!

Күлкі- көңіл ажары !

Күліп өмір сүрейік!

Үй тапсырмасын сұрау

Үй тапсырмасы жазылған дәптерлерін тексеру

Мағынаны тану

 

Қайың

Қайың –сымбатты ағаш. Биік болып өседі. Жазда тәулігіне қырық шелектей ылғал тартады. Қайыңнан алынатын нәрсенің бәрі кәдеге асады. Оның бүршіктерінен дәрі әзірленеді. Бұтақтарынан сыпырғыш жасайды. Қабығынан халық шеберлері себет пен түрлі ыдыстар тоқиды. Қайың ағашынан жиһаздар жасалады. Қайың отыны пешке маздап жанады.        Жаз кезінде қайың тоғайын аралау қандай ғанибет десеңші!  Кіршіксіз таза ауа да сонда.( 54сөз)

 

Сергіту сәті

Орнымыздан тұрайық,
Алақанды созайық.
Оңға қарай иіліп,
Солға қарай иіліп,
Бір отырып, бір тұрып,
Сәл тынығып алайық.

 

Оқушылар денелерін жатықтырады

Ой толғаныс

“Биік” сөзінің тура мағынада қолданғанын белгілеңіз. 
A) Биік сезім. 
B) Биік тау. 
C) Биік ой. 
D) Биік тұлға. 
E) Биік сөз. 
Дұрыс жауап: B

Ауыспалы мағынада қолданылған сөзді көрсетіңіз. 
Ниетің қисық болса, ағайынға өкпелеме. 
A) Ниетің. 
B) Қисық. 
C) Болса. 
D) Ағайынға. 
E) Өкпелеме. 
Дұрыс жауап: B

Ауыспалы мағынада қолданылып тұрған сөзі бар сөйлемді анықтаңыз. 
A) Тұмау аяғы – құрт, тұман аяғы – жұт. 
B) Самат аяғын ауыртып алды. 
C) Ол науқасынан айығып кетті. 
D) Жел күшейе түсті. 
E) Ол аяғын созып жатыр. 
Дұрыс жауап: A

Ауыспалы мағынада тұрған сөзді көрсетіңіз. 
Бұлақтың көзін ашу – игі іс. 
A) Бұлақтың. 
B) Көзін. 
C) Ашу. 
D) Игі. 
E) Іс. 
Дұрыс жауап: B

Сөздің тура мағынасын табыңыз. 
A) Сүт таңертең ұйып қалды. 
B) Оң қолым ұйып қалды. 
C) Әңгіме ұйып тыңдалды. 
D) Олар сүттей ұйып отыр. 
E) Сүттей ұйыған жанұя. 
Дұрыс жауап: A

Сөздің ауыспалы мағынасын табыңыз. 
A) Қарындашын ұштау. 
B) Найзаны ұштау. 
C) Қайланы ұштау. 
D) Шеберлікті ұштау. 
E) Таяқты ұштау. 
Дұрыс жауап: D

Көп мағыналы сөздің анықтамасын белгілеңіз. 
A) Затты атап білдіретін мағынасы. 
B) Біркелкі дыбысталып айтылатын сөз. 
C) Мағынасы басқа-басқа сөздер тобы. 
D) Сөздің екі я одан да көп мағынаға ие болуы. 
E) Мағыналары бір-біріне жақын сөздер тобы. 
Дұрыс жауап: D

Омонимдес сөзді көрсетіңіз. 
A) Гүлнәр мектепке барды. 
B) Ол ақылды бала. 
C) Айт болды. 
D) Уақытты бағала. 
E) Айгүл – зерек оқушы. 
Дұрыс жауап: C

Үй тапсырмасы

Қайталау,тест құрастыру

Күнделіктеріне жазады

 Бағалау

Бағалау парақшаларын тарату

Парақшаларды толтырады

Кері байланыс

 

 

Қазақ тілі

Уақыты:

Кабинет: 

Мұғалім:

Сабақтың атауы

Фонетика. Тіл дыбыстары.

Сілтеме

Қазақ тілі оқулығының әдістемесі

Сабақтың жабдығы

Тақта,суреттер,кеспе қағаздар

Жалпы мақсаттар

А) Білімділігі: Оқушыларға фонетика туралы түсінік беру, тіл дыбыстарының адам өміріндегі маңызы, құрамдары туралы ұғым беру, жаттығу жұмыстары мен қосымша тапсырмалар арқылы бекіту.
Ә) Дамытушылығы: Оқушылардың сауаттылығын, тілін дамыту, танымдылығын арттыру.
Б) Тәрбиелігі: Орындалатын тапсырмалар арқылы бір - бірін тыңдауға, сыйлауға дағдыландыру. Шапшаңдыққа, ұқыптылыққа тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Дәстүрлі.
Сабақтың типі: Жаңа сабақты түсіндіру.
Сабақтың әдісі: Түсіндіру, талдау, жаттығу орындау, ойлау.
Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта, слайдттар.
Пәнаралық байланыс: Әдебиет, тәнтану.

Оқыту  нәтижесі

Топқа бөлу

Сыныпты жыл мезгілдеріне қарай төрт топқа бөлу. Күз айында туылғандар 1 - топ, қыс айында дүниеге келгендер 2 - топ, көктем айындағылар 3 - топ, жаз айындағылар 4 - топ болып бөлінеді.

Ынтымақтастық атмосферасы

– Балалар, айналамызда көңіл-күйі көтеріңкі, жақсы адамдардың болғанын бәріміз ұнатамыз. Ендеше қол ұстасып, бір-бірімізге жақсы көңіл-күй мен саулық тілейік.

Кел, балалар, күлейік!

Күлкіменен түлейік!

Күлкі- көңіл ажары !

Күліп өмір сүрейік!

Үй тапсырмасын сұрау

 

"Кім жылдам" сұрақ - жауап.
1. Ойды әдепті, сыпайы етіп жеткізу?
2. Айтылуы бірдей, мағынасы басқа сөздер?
3. Айтылуы әр түрлі, мағынасы бірдей сөздер?
4. Дөрекі, әдепсіз сөздер?
5. Атын тура айтуға болмайтын сөз?
6. Сөз байлығын зерттейтін сала?
7. Мағыналары бір - біріне қарама - қарсы сөздер?
8. Қолданудан шығып, аз айтылатын сөздер?
9. Белгілі бір кәсіпке айтылатын сөздердің түрі?

Мағынаны тану

 

Балалар! Қазақ тіл білімі үлкен 3саладан тұрады.1.Фонетика. 2.Лексика.

3.Грамматика а) морфология б) синтаксис .

Біз өткен сабақта Лексика саласын аяқтадық. Ал бүгін, тіл білімінің тағы бір үлкен саласы Фонетиканы бастағалы отырмыз.

Фонетика гректің «фоно» сөзі «дыбыс» дегенді білдіреді.Фонетика ғылымы тілдің дыбыстық жүйесін зерттейді, яғни, дыбыстардың жасалу, айтылу, естілу және буын, екпін, интонация мәселелерін қарастырады.

Адам баласының тілі –дыбыстық тіл.Тіл дыбыстары адам пайда болғалы бірге өмір сүріп келеді. Тіл дыбыстары болмаса тіл өмір сүре алмайды.Тіл дыбыстары сөз ішінде айтылады. Бір дыбыс әлденеше сөздің құрамында қайталанып қолданыла береді. Ол үш түрлі сипатта болады.

1-шісі:оның сапалық сипаты.мыс: мал, тал, қол. Бұл сөздердегі дыбыстың саны бірдей , бір дыбысы өзгерген сайын, мағыналары да өзгереді.2-шісі:сөздердің дыбыс саны әр түрлі болады.мыс: бала ,ала, ал.

3-шісі:сөздердегі дыбыстың орын тәртібі, яғни, дыбыстардың орын ауысуы. мыс:тас-сат, қас-сақ, қош-шоқ т.б.

Біз әріптерді көреміз және жазамыз, ал дыбысты естиміз және айтамыз.Әріптер кейде жеке дыбысқа сәйкес келсе(а,ә,ұ,ү) ал кейде, бір әріптер (ю,я,ё) бірнеше дыбыстың қосындысын өрнектейді (иу, иа, ио). Мына әріптердің дыбыстың мәні жоқ (ь,ъ).

Тіл дыбыстары сөйлеу мүшелері арқылы жасалады.Олар: өкпе, көмей, дауыс шымылдығы, ауыз қуысы, мұрын қуысы, тіл, тіс, таңдай (суретте) жатады.

Оқулықтағы жаттығуларды,топтарда орындау.

Қосымша

Шығармашылық жұмыс. «Кім шапшаң?»
І. Берілген сөздерге тиісті дыбыстарды қойып, сол сөздерге синоним тауып жаз. Жы.. дам, сабы.. лы, с.. лемдесу, әлпе...
2. Төмендегі антоним сөздерді үлгі бойынша жұп - жұбымен жаз.
Ұл. Суық. Жаман. Ақ. Күн. Қыз. Жақсы. Қара. Жылы. Түн. Түзу. Тату.
Қатты. Ұзын. Араз. Жұмсақ. Қысқа. Жас. Көп. Кәрі. Аз.
Қисық.
Үлгі: Түзу - қисық, жұмсақ - қатты.

Ой толғаныс

Метаграммаларды шешіңдер.

Егер т-дан бастасаң-

Биіктердің биігі.

Егер д-дан бастасаң,

Қиындардың қиыны.

Екеуін де алып тастасаң,

Балықшының бұйымы (тау, дау, ау)

Егер б-дан бастасаң-

Түтіндей боп көшемін.

Егер н-дан бастасаң-

Жап-жасыл боп өсемін.

Жеке өзімді тастасаң-

Ішкен жанға кеселмін (бу,ну,у)

Шығармашылық жұмыс.

1.       Адасқан әріптер

а) р, д, о, м, ы, а, б б) й, ж, ы, а, л,ы ж г) й, а, б, а, т, л, а

ә) н, е, д, м, ә, е, т, и в) е, б, к, е, ж, е ғ) з, с, а, ө, у, р

2.       Дыбыстық математикалық талдау

А) Бер: домбыра Ә) Бер:мәдениет

O =□+∆ O =□+∆-?

Шешуі:7O =3□+4∆ Шешуі: 8 O=4□+4∆

7O =3□(о,ы,а)+4∆(д,м,б,р) 8 O=4□(ә,е2,и)+4∆(м,д,н,т)

Сабақты тест сұрақтарымен қорытындылау.

1. Тіл дыбыстарын зерттейтін ғылым

А. Синтаксис

В. Фонетика

С. Лексика

Д. Морфология

2. Фонетика сөзі қай тілден енген.

А. Латын

В. араб

С. грек

Д. парсы

3. Дауысты дыбыстарды ажырат.

А)б.в.ғ.д,г. С)м.н.с.т,

В)ұ,ү,ы,і,у, Д)р,ф,ң,ъ,ш

4. Дауыссыз дыбыстарды ажырат.

А) я, ю, у, е С) ә, е, ң, ү

В) а, о, ы, ұ Д)ж, з, п, т, с

5. Тіл дыбыстарының жасалуына қатысты сөйлеу мүшелерін тап.

А) көз, қас, ауыз, қуысы С) тіс, құлақ, бас

В) өкпе, тамақ, тіл, Д) өкпе, бауыр, мұрын

6. Қазақ тілінде неше әріп бар.

А)40 с)41

В)45 Д)42

Үй тапсырмасы

Оқулықтағы тапсырмаларды орындау

Күнделіктеріне жазады

 Бағалау

Бағалау парақшаларын тарату

Парақшаларды толтырады

Кері байланыс

 

Қазақ тілі

Уақыты:

Кабинет: 

Мұғалім:

Сабақтың атауы

Қазақ әліпбиі

Сілтеме

Қазақ тілі оқулығының әдістемесі

Сабақтың жабдығы

Тақта,суреттер,кеспе қағаздар

Жалпы мақсаттар

1. Білімділік: оқушыларға қазақ әліпбиі түрлері туралы лингвистикалық білім беру және жаттығу жұмыстары мен қосымша тапсырмалар арқылы бекіту.
2. Тәрбиелік: оқушыларды адамгершілікке еңбекті дәріптеуге ана тілді құрметтеуге тәрбиелеу.
3. Дамытушылық: оқушылардың ойлау қабілетін арттыру, дүниетанымдарын кеңейту, фонетикалық талдау жасау дағдыларын дамыту.
Сабақтың типі: аралас
Сабақтың түрі: дәстүрлі
Сабақтың әдіс - тәсілі: түсіндіру, сұрақ - жауап, жаттығу, салыстыру.
Сабақтың көрнекілігі: тақырыпқа байланысты кесте, үлестірмелер.

Оқыту  нәтижесі

Топқа бөлу

Сыныпты жыл мезгілдеріне қарай төрт топқа бөлу. Күз айында туылғандар 1 - топ, қыс айында дүниеге келгендер 2 - топ, көктем айындағылар 3 - топ, жаз айындағылар 4 - топ болып бөлінеді.

Ынтымақтастық атмосферасы

I. Ұйымдастыру кезеңі: 1. Оқушылармен сәлемдесу
2. Оқушылардың сабаққа қатысын тексеру
сабақтың ұстанымдарымен таныстыру. Слайдта жазылып тұрады.
1. Уақытында бастау
2. Белсенді болу
3. Ашық болу
4. Сөзді бөлмеу
5. Бір – бірімізді құрметтеп сыйлау
3. Оқушылардың зейіндерін сабаққа аудару
II. Үй тапсырмасын тексеру:
1. Фонетика туралы түсінік. Тіл туралы түсінік
2. 236 - жаттығуды орындау
2. Бір буынды сөздердің дауысты, дауыссыз дыбыстарын өзгертіп, жаңа сөздер құраңдар:
ат, тал, сой, ақ, ес, ін, ұл, күн, қақ, жаз.
3. Метаграммалар жазу.
ІІІ Білім тексеру:
Шығармашылық диктант
• Төмендегі сөздерді қатыстырып, сөйлем құрап жазыңдар.
1. Астық, айлық, айдын,
2. Әйгілі, әдемі, әңгіме.
3. Күләш, Кәрім.
ІV Жаңа сабаққа дайындық
1.
Сабақ тақырыбын тақтаға жазу
2. Сабақ мақсатын түсіндіру

Үй тапсырмасын сұрау

 

Мағынаны тану

 

          Әліпби сөзі араб алфабитінің алғашқы екі әрпі – алиф пен би атауларының бірігуінен жасалған. Әліпби жазуда қолданылатын әріптердің рет тәртібі дегенді білдіреді.
Қазақ халқының жазу – сызуына Қазақстанға мұсылман дінінің, ислам мәдениетінің таралуына қатысты араб әліпбиі негіз болды. Алайда, қоғамдағы әр түрлі саяси – әлеуметтік өзгерістерге байланысты қазақ халқы араб әліпбиінен 1929 жылы латынға, ал 1940 жылдан бастап орыс әліпбиіне көшті.
Әліпбиде көрсетілген таңбалар – әріптер. Әріп – дыбыстың жазудағы таңбасы. Әліпбидегі әріптер белгілі бір тәртіппен орналасады. Түрлі сөздіктерді пайдалану үшін, әліпбидегі әріптердің орын тәртібін жақсы білу керек, сонда сөздіктен керек сөзді тез тауып алуға болады.
Орыс әліпбиіне негізделген қазақ әліпбиінде қазақ тіліне тән дыбыстарды белгілейтін 9 әріп бар(ә, ғ, қ, ң, ө, ұ, ү, һ, і). Қалғандары – орыс тілі мен қазақ тіліне ортақ әріптер.
Әліпбидегі әріптердің баспахана ісіне бейімделген баспа түрі және қолмен жазу құралдарына бейімделген жазба түрі бар. Әліпбидегі әріптердің бас әріптері және кіші әріптері бар.
Қазақ жазуында бас әріппен жазу латын әліпбиіне көшкеннен бастап пайда болды.
Бас әріпті қолдану кісі аттары мен жер – су атауларын, газет – журнал, кітап аттарын басқа сөздерден тез ажыратуға, сөйлем мағынасын тез түсінуге және қысқарған сөздерді (АҚШ, ҚазҰУ) белгілеуге өте қолайлы болды.
Оқулықтағы жаттығуларды,топтарда орындау.

Сергіту сәті

Орнымыздан тұрайық,
Алақанды созайық.
Оңға қарай иіліп,
Солға қарай иіліп,
Бір отырып, бір тұрып,
Сәл тынығып алайық.

 

Оқушылар денелерін жатықтырады

Ой толғаныс

1 - топ - Әріптерді әліпби ретімен жазу
2 - топ - Жоғалған әріптерді қой.
Қ... за...... азба м... ралар... ны... к... пш... лігі ара... ә... іпби... арқ... лы біздің... ама... ымы... ға жет... і. 1912 жы... ы... хмет Ба... тұр... ынов а... аб әліп... иін... н.. гіз... елген қа... ақ жазуы... а ал... ғаш ре... орма жа... а... ы.
3 – топ - Мына сөздерді бас әріппен жазып, мағынасында қандай өзгеріс болғанын айтыңдар.
қанат, болат, берік, сәуле, әділ, бек, астана, тараз, раушан, райхан, алтын, күміс, самал, дидар.

Үй тапсырмасы

Оқулықтағы тапсырмаларды орындау

Күнделіктеріне жазады

 Бағалау

Бағалау парақшаларын тарату

Парақшаларды толтырады

Кері байланыс

 

 

Қазақ тілі

Уақыты:

Кабинет: 

Мұғалім:

Сабақтың атауы

Дауысты дыбыстар.

Жуан және жіңішке дауыстылар

Сілтеме

Қазақ тілі оқулығының әдістемесі

Сабақтың жабдығы

Тақта,суреттер,кеспе қағаздар

Жалпы мақсаттар

а)  Дауысты дыбыстардың жасалу жолдарын түсіндіру,сатылай кешенді талдау жұмыстарын жүргізе отырып,алған білімдерін бекіту
ә)  Тілдік – эстетикалық сезімдерін тәрбиелеу,ұжымдық жұмыс барысында адамдық қасиеттерін дамыту,ұлттық рухты бойларына сіңіру ;                              

 б)  Сауатты жазу,оқу дағдыларын жетілдіру,оқушылардың белсенді ойлау қызметтерін жандандыру.
Сабақтың түрі :                                Іденіс сабағы
Сабақтың әдісі :                               сатылай кешенді талдау
Сабақтың көрнекілігі :                   үлестірмелі кеспе қағаздар
Пәнаралық байланыс :                   әдебиет

Оқыту  нәтижесі

Топқа бөлу

Тәтті кәмпиттер арқылы топтарға бөлу

Ынтымақтастық атмосферасы

«1» дегенім – жаман баға
Алады оны жаман бала
«2» дегенім – нашар баға
Інішегім нашарлама
«3» дегенім – орта баға
Алады оны орта ғана
«4» дегенім – жақсы баға
Алады оны жақсы бала
«5» дегенім – үздік баға
Оқитын бол үздік қана!

Үй тапсырмасын сұрау

 

1.Фонетика нені зерттейді ?                              

Диалекте сөздер дегеніміз не?
2.Қандай мәселелерді қарастырады?                

Антоним дегеніміз не?
3.Тіл дыбыстары қалай жасалады?                  

Синоним дегеніміз не?
4.Дыбыстау мүшелеріне нелер жатады?          

Омоним дегеніміз не?
5.Әдеп дегеніміз не?                        

6.Қазақ әліпбиіне тән әріптерді атап бер
7.Жаңа сөздер дегеніміз не?                  

8.Кәсіби сөздер дегеніміз не?

Мағынаны тану

 

  Ауа өкпеден кедергісіз шығып,үннен ғана тұратын дыбыстарды дауыты дыбыстар дейміз.
   Қазақ тілінде  12 дауысты дыбыс бар : а,ә,и,о,ө,е,э,у,ұ,ү,ы,і
   Тілдің қатысына қарай дауысты дыбыстар жуан және жіңішке болып бөлінеді.
   Тіл кейін шегініп,үсті дөңестену арқылы жасалған дауыстыдыбыстарды жуан дауыстылар дейміз. Жуан даысты дыбыстар мыналар : а,о,ұ,ы,у.
   Тіл ілгері қарай,созылу арқылы жасалған дауыстыдыбыстарды жіңішке дауыстылар дейміз.
  Жіңіщке дауысты дыбыстар мыналар : ә,ө,ү,і,е,э,и,у
  Қазақтың топ сөзіндегі дауысты дыбыстар негізінен не бірыңғай жуан,не бірыңғай жіңішке болады. Түбір сөзге жалғанатын қосымшалар құрамындағы дауыстылар да осы заңға бағынады.
   Тек кірме сөздерде және қос сөздерде бұл ерекшелік әрдайым сақтала бермейді.Мысалы : кітап (араб сөзі )
Ескерту : у дыбысы айтылуына қарай әрі жуан,әрі жіңішке дауыстылар тобына жатады.

Оқулықтағы жаттығуларды,топтарда орындау.

Сергіту сәті

Орнымыздан тұрайық,
Алақанды созайық.
Оңға қарай иіліп,
Солға қарай иіліп,
Бір отырып, бір тұрып,
Сәл тынығып алайық.

 

Оқушылар денелерін жатықтырады

Ой толғаныс

Топпен жұмыс : Мына сөздердің ішінен жуан у дыбысы бар сөздерді бір бағанға,жіңішке у дыбысы бар бар сөздерді екінші бағанға теріп жазыңдар. Ашу,білу,қазу,сену,жазу, қу,беру,ілу,жолығу,кезу,сызушы,жу,көну
1.Дауысты дыбыстар дегеніміз не?

2.Тілдің қатысына қарай дауысты дыбыстар нешеге бөлінеді?  

3.Жуан дауыстылар дегеніміз не?

 4.Жіңішке дауысты дыбыстарға қандай әріптер жатады?

Үй тапсырмасы

Оқулықтағы тапсырмаларды орындау

Күнделіктеріне жазады

 Бағалау

Бағалау парақшаларын тарату

Парақшаларды толтырады

Кері байланыс

 

Қазақ тілі

Уақыты:

Кабинет: 

Мұғалім:

Сабақтың атауы

Ашық және қысаң дауыстылар

Сілтеме

Қазақ тілі оқулығының әдістемесі

Сабақтың жабдығы

Тақта,суреттер,кеспе қағаздар

Жалпы мақсаттар

Білімділік: ашық, қысаң дауыстылар туралы түсінік беру. Айтылу ерекшеліктерін ұғындыру. Сөз жасау, сөйлемді дұрыс құру тәсілдерін таныстыру.

Дамытушылық: шығармашылық ойлау қабілеттерін арттыру, өз бетінше ізденуге дағдыландыру, оқушының тіл байлығын жетілдіру.

Тәрбиелік: тіл қадірін сезіне білуге, сөз мағынасын терең түсінуге, дұрыс қолдана білуге тәрбиелеу.

Сабақтың типі: білік пен дағдыны қалыптастыру

 Сабақтың түрі: Жаңа білімді меңгерту сабағы.

Көрнекілігі:   тірек сызбалар, таблицалар

Оқыту  нәтижесі

Топқа бөлу

Сыныпты жыл мезгілдеріне қарай төрт топқа бөлу. Күз айында туылғандар 1 - топ, қыс айында дүниеге келгендер 2 - топ, көктем айындағылар 3 - топ, жаз айындағылар 4 - топ болып бөлінеді.

Ынтымақтастық атмосферасы

– Балалар, айналамызда көңіл-күйі көтеріңкі, жақсы адамдардың болғанын бәріміз ұнатамыз. Ендеше қол ұстасып, бір-бірімізге жақсы көңіл-күй мен саулық тілейік.

Кел, балалар, күлейік!

Күлкіменен түлейік!

Күлкі- көңіл ажары !

Күліп өмір сүрейік!

Үй тапсырмасын сұрау

 

 Қайталау –  оқу анасы. (үй тапсырмасын сұрау)

1. Фонетика нені зерттейді?

2. Дыбыс дегеніміз не?

3. Тіл дыбыстары қалай жасалады?

4. Қазақтың төл дыбыстарын ата.

5. “Әліп би” сөзінің мағынасы қандай?

6. Дауысты дыбыстар  қалай жасалады?

7. Жуан, жіңішке дауыстыларды ата.

ІІІ. Жаңа сабақ. (тірек сызбалар арқылы түсіндіріледі.)

Дыбыстар: дауысты, дауыссыз

Дауысты дыбыстыр: тілдің қатысына қарай:

1) жуан: а, о, ы, ұ, у

2) жіңішке: ә, ө, і, ү, е, э, и, у

Жақтың қатысына қарай:

1) ашық: а, ә ,о, ө, е, э

2) қысаң: ы, і, и, у, ұ, ү

Ерін мен езудің қатысына қарай:

1) еріндік: о, ө, ұ, ү, у

2) езулік: ә, е, і, а, и, э, ы

Мағынаны тану

 

 Мақал – сөздің мәйегі. 1. Бірыңғай дауысты дыбыстан басталатын мақалдар айтыңдар.

Жалғасын тап.

Көп жасаған білмейді, ……………. көп көрген біледі

Біреуге ор қазба, ………………..өзің түсесің

Кітап — ………………………білім бұлағы

Отан үшін отқа……………….түс, күймейсің

ҮІ. Адасқан әріптер

і, м, б, л, і             білім

к, р, е, м, т, е,е,     керемет

к, т, е, м, е, т, е       текемет

с, ұ, з, а, т         ұстаз

ғ, м, л, ы, а          ғалым

ә, і, п, р          әріп

о, у, ш, қ, ы     оқушы

Оқулықтағы жаттығуларды,топтарда орындау.

Сергіту сәті

Орнымыздан тұрайық,
Алақанды созайық.
Оңға қарай иіліп,
Солға қарай иіліп,
Бір отырып, бір тұрып,
Сәл тынығып алайық.

 

Оқушылар денелерін жатықтырады

Ой толғаныс

«Жүйріктен жүйрік озар…» үш қатарға тапсырмалар беріледі.

1 қатар: Ассонансқа мысал кетіріңдер

2қатар: Метаграмма құрастырыңдар

3 қатар. Сөзден сөз тудырыңдар

 Жаңылдырсаң да жаңылмаймын. «Домино» ойыны арқылы жаңылтпаш беріледі. Дұрыс құрастыру керек. «Есет атам ет асатар, ет асатса бес

асатар.»

Тест тапсырмасы

1. Қазіргі әліпбиімізде қанша әріп бар?

А) 10   Ә) 41   Б) 42

2. Қазақ әліпбиіне тән дыбыстардың саны қанша?

А) 7   Ә) 12   Б) 9

3. Тіл дыбыстарын зерттейтін тіл білімінің саласы қалай аталады?

А) синтаксис    Ә) фонетика    Б) лексика

4. Дауысты дыбыстарды тап.

А) а, ә, ө, о    Ә) б, ж, л, р     Б) қ, ғ, м, н, ң

5. Жуан дауысты дыбыстарды ажырат

А) а, ә, б, в, ң        Ә) й, п, а, о, м, л      Б) а, о, ұ, ы

6. Ашық дауысты дыбысты тап.

А) а, ө, у, ү, ұ          Ә) а, ә, о, ө, е, э    Б) ұ, ү, ы, і, и

7. Жіңішке дауысты дыбыстарды тап.

А) а, ө, у, ү, ұ   Ә) а, ә, о, ө, е, э     Б) і, и, е, э, ү

8. Қысаң дауысты дыбыстарды көрсет.

А) о, ө, ұ, ү   Ә) ы, і, и, у, ұ     Б) қ, к, с, з, д

9. Қосарлы дыбыстар қандай дыбыстар?

А) а, ө, у, ү, ұ      Ә) а, ә, о, ө, е, э      Б) ұ, э, я

10. Қазақ тілінде дыбыс саны қанша?

А) 32     Ә)28    Б)37

Үй тапсырмасы

Оқулықтағы тапсырмаларды орындау

Күнделіктеріне жазады

 Бағалау

Бағалау парақшаларын тарату

Парақшаларды толтырады

Кері байланыс

 

Қазақ тілі

Уақыты:

Кабинет: 

Мұғалім:

Сабақтың атауы

Еріндік және езулік дауыстылар

Сілтеме

Қазақ тілі оқулығының әдістемесі

Сабақтың жабдығы

Тақта,суреттер,кеспе қағаздар

Жалпы мақсаттар

дидактикалық : оқушылардың тіл  дыбыстары  туралы білімдерін  кеңейте отырып , әріп , дыбыс және әліпби туралы  бұрынғы түсініктерін тереңдету , тіл  білімінің  фонетика саласымен таныстыру , дауысты  дыбыстардың  жіктелу топт арымен  таныстыру ;

тәрбиелік:  оқушыларды тілдік эстетикалық  сезімге тәрбиелеу ;

дамытушылық:  балалардың   өздігінен жұмыс  істеу  дағдыларын  арттыру , ізденгіштікке , машықтануға  баулу .

Сабақты  өту  әдістері : әңгіме , ішінара ізденіс , түсіндіре  жолымен қозғау  салу , ойын .

Сабақтың  жабдықтары:  дыбыстардың жіктелуіне арналған кесте «Даналық ағаш» сурет , әліпби жазылған  кесте .

Оқыту  нәтижесі

Топқа бөлу

Сыныпты жыл мезгілдеріне қарай төрт топқа бөлу. Күз айында туылғандар 1 - топ, қыс айында дүниеге келгендер 2 - топ, көктем айындағылар 3 - топ, жаз айындағылар 4 - топ болып бөлінеді.

Ынтымақтастық атмосферасы

 Бәріміз бірге шеңберге тұрып, мына сөздерді айтайық:

Балалардың достығын

Көрсетейік біз бүгін!

Әлемдегі барлық жанға айтамын,

Татуласып жүрген жақсы, байқадым!

Үй тапсырмасын сұрау

 

«Кім  тапқыр? ».Топпен жұмыс .

1.Басқы және соңғы дыбыстары бірдей , қай жағынан  оқысаң  да  бірдей сөз  шығады .

Ана, аға , апа , ата , ара , ала , аша  , көк , ене , шаш , нан , тарат , қырық , қазақ , санас , қабақ , қалақ , қызық , мығым , қылық .

2. Басынан да , соңынан да  оқыса мағыналы  сөздер шығады .

Қаш- шақ , сан -нас, сал- лас , қыс- сық , қос- соқ , тас- сат , сот- тос , мыс-  сым , қал- лақ , сүт-  түс , қас- сақ .

Мағынаны тану

 

Түсіндіру

1.      Еріннің дөңгеленіп алға қарай созылуы арқылы жасалған дауысты дыбыстарды еріндікдауыстылар деп атаймыз.

2.      Езудің кейін қарай тартылуы арқылы жасалған дауысты дыбыстарды езулік дауыстылар деп атаймыз.

3.      Еріндік дауыстылар:о,ө,у,ұ,ү

4.      Езулік дауыстылар: а,ә,е,э,ы,і,и.

 Оқулықтағы жаттығуларды,топтарда орындау.

Сергіту сәті

Орнымыздан тұрайық,
Алақанды созайық.
Оңға қарай иіліп,
Солға қарай иіліп,
Бір отырып, бір тұрып,
Сәл тынығып алайық.

 

Оқушылар денелерін жатықтырады

Ой толғаныс

1.Фонетика  деген не?

2.Тілдің  өмір  сүру  үшіне  не  керек ?

3.Дыбыс  деген  не ?

4.Дыбыстардың  жасалуына қандай сөйлеу  мүшелері көмектеседі ?

5.Дауысты дыбыстар деп қандай  дыбыстарды  айтамыз ?

6.Дауыссыз  дыбыстар  деп  қандай  дыбыстарды  айтамыз?

7.Әліпби  деген  не ?

8.Қазақ  әліпбиінде  қанша әріп  бар ?

9.Әріп  деген  не ?

10.Қазақ  тілі  латын  әліпбиіне  қашан  көшті ?

11.Латын  алфавитінен  орыс  әліпбиіне   қашан көшті?

12.Жуан  дауыстыларды  атаңдар .

13.Жіңішке  дауыстыларды  атаңдар .

14.Ашық дауыстыларды  атаңдар .

15.Қысаң  дауыстыларды  атаңдар .

16.Қазақ  тіліне  тән  дыбыстарды  ата .

Берілген дауысты дыбыстарды салыстыр, айырмашылығын тап.

 

О дауысты дыбысы

Ортақ белгілері

Ә дауысты дыбысы

Мысалы: орақ, от, жол т.б.

 

Мысалы: әтеш, әке, әже т.б.

Ерін дөңгеленіп алға қарай созылады

Дыбыс, әріп. Дауысты дыбыс.

Езу кейін қарай тартылады.

 

Үй тапсырмасы

Оқулықтағы тапсырмаларды орындау

Күнделіктеріне жазады

 Бағалау

Бағалау парақшаларын тарату

Парақшаларды толтырады

Кері байланыс

 

 

Қазақ тілі

Уақыты:

Кабинет: 

Мұғалім:

Сабақтың атауы

Дауысты дыбыстар бойынша өткенді қайталау

Сілтеме

Қазақ тілі оқулығының әдістемесі

Сабақтың жабдығы

Тақта,суреттер,кеспе қағаздар

Жалпы мақсаттар

Білімдік: Оқушыларға фонетика бөлімінен өтілген білімдерін еске түсіріп пысықтау, негіздеу.
Тәрбиелік: Сабақта мақал - мәтел, жұмбақтарды пайдаланып, Абай шығармаларынан үзінділер келтіре отырып, оқушыларды адамгершілікке, имандылыққа тәрбиелеу.
Дамытушылық: Фонетикалық талдау дағдысын одан әрі жетілдіру, ойын түрлерін пайдалана отырып, оқушылардың ойын дамыту, тапқырлық, ізденімпаздық қасиеттерін қалыптастыру.
Сабақтың түрі: Сайыс сабақ ( топтық сайыс ).
Сабақтың әдістері: Сұрақ - жауап, көрнекілікпен жұмыс, әр түрлі ойындар.
Пәнаралық байланыс: Әдебиет, математика.

Оқыту  нәтижесі

Топқа бөлу

 1 топ. "Алғырлар" ІІ топ"Тапқырлар"
Екі топтың бастаушылары келіп сандықшадан нөмір салынған асықты алған соң, асықты иіреді, асық қалай түссе, сол топ жауап беруді бастайды.
1. Сайысымыздың бірінші шарты бойынша екі топтан 2 оқушы келіп "Дауысты дыбыстар" және "Дауыссыз дыбыстар" атты кестені толтырады ( топ болып орындайды ).

Ынтымақтастық атмосферасы

– Бәріміз бірге шеңберге тұрып, мына сөздерді айтайық:

Балалардың достығын

Көрсетейік біз бүгін!

Әлемдегі барлық жанға айтамын,

Татуласып жүрген жақсы, байқадым!

Үй тапсырмасын сұрау

 

Екі топ бір - біріне жаңылдырғыш сұрақтар қояды.
"Жаңылдырсаң да жаңылмаймын" атты ойын ойналады.
I топтың жаңылдырғыш сұрақтары:
1. Қолда буын көп пе, аяқта буын көп пе?
2. Сөз құрамында дыбыс көп бола ма, буын көп бола ма?
3. Шалға қарағанда балада не көп?
ІІ топтың жаңылдырғыш сұрақтары:
1. Қай буында дыбыс көп болады? Ашықта ма, тұйықта ма, бітеуде ме?
2. Бота мен қозы ұқсас екен дейді! Олар қалай ұқсас бола алады?
3. Ерінде еріндік бар ма? Езуде езулік нешеу?

Мағынаны тану

 

Викториналық сұрақтармен жұмыс. 
1. Әліпбидегі сегізінші әріптен басталатын өзендердің аты ( Ертіс, Есіл, Еділ т. б. )
2. Екі әріптен ғана құралатын планета атында әліпбидегі нешінші әріптер қолданылады? ( Ай ). 1, 13 әріптер.
3. Бірінші және он бірінші әріптен құралған сөз қай сөздің антонимі?
( Аз ).
4. Әліпбидегі бірінші әріп пен ең соңғының алдындағы әріптен құралған сөз қай аңның аты? ( Аю ).
5. Әліпбидегі жетінші, жиырмасыншы, жиырма екінші әріптерді тіркеп жазсаң балалар ойынына керек заттың аты шығады! ( Доп ).
" Ең ұзақ сөз " ойын ( Тақтада орындайды ).
Ойынның шарты бойынша екі топтан 2 оқушы шығып, қазақ тіліндегі 33 дыбыс, 33 әріптен тұратын сөзді тауып, оны буынға бөлу керек.
Қа - на - ғат - тан - ды - рыл - ма - ған - дық - та - ры - ңыз - дан.
 Сөз жұмбақ шешу
"С - дан басталатын 8 сөз ".

Берілген басқы әрпі бойынша төмендегі бос торкөзге сол әріптен басталған 8 сөз тауып жазыңдар.
1. С У 1. Сұйық зат
2. С Ө З 2. Зат немесе құбылыс атауы
3. С У Л Ы 3. Дақыл атауы
4. С Ә Б І З 4. Жемістің аты.
5. С Е М С Е Р 5. Қарудың аты.
6. С Т У Д Е Н Т 6. Жоғары оқу орнының оқушысы.
7. С А Р Ы М С А Қ 7. Өсімдік атауы
8. С Т И П Е Н Д И Я 8. Студентке төленетін айлы
Перфокартамен жұмыс 
Берілген сөздерді тиісті орнына таңбамен + белгіле.
Р/ С Мысалдар Ашық буын Тұйық буын Бітеу буын
1. А ң
2. О ң
3. О т ы н
4. Е г і н
5. Ж о л
6. Ж е л
7. Ө м і р
Жұмбақтар жасыру.
топ бір - біріне оқу - білімге байланысты үш - үштен жұмбақ жасырады.

Топ басшыларының сайысы.
"Кім тез тауып жаза алады?" о й ы н ы.

1. Көрсетілген әріптердің тиістісін орнына қойып, мәнісін түсіндіріңдер:
а). Шег(г) ара; Баш(сы); Сөс(зіз).
ә). Қорғам(н) бек; Жам(н) пейіс; сәң(н) қой.
2. Орнында отырған оқушылар тездетіп бітеу буынды тоғыз құс атын жазу керек.
( Тарғақ, бүркіт, қызғыш, торғай, кептер, сұңқар, байғыз, тұйғын, құзғын ).
Екі топтан екі оқушы шығып карточкалармен жұмыс жасайды.
Фонетикалық ( дыбыстық ) талдау. Дауысты және дауыссыз дыбыстарға талдау.
1 - карточка.
Ақыл мен қайрат жол табар
Қашқанға да қуғанға.
Әділет, шапқат кімде бар,
Сол жарасар туғанға.
( Абай ).
2 - карточка.
Тоты құс түсті көбелек,
Жаз сайларда гулемек.
Бәйшешек солмақ, күйремек,
Көбелек өлмек, сиремек.
( Абай ).
Оқулықтағы жаттығуларды,топтарда орындау.

Сергіту сәті

Орнымыздан тұрайық,
Алақанды созайық.
Оңға қарай иіліп,
Солға қарай иіліп,
Бір отырып, бір тұрып,
Сәл тынығып алайық.

 

Оқушылар денелерін жатықтырады

Ой толғаныс

Кім көп мақал біледі?
Мына мақалдардың екінші сыңарын тап.
( Ауызша оқып беремін ).
1. Ашу – дұшпан,....... ( ақыл дос ).
2. Ақ –....... ( ақталар ).
Қара –....... ( байланар ).
3. Сабыр түбі –....... ( сары алтын ).
4. Жігіт бір сырлы –....... ( сегіз қырлы болсын ).
5. Аузында әзілі жоқтың....... ( қолында қол шоқпары бар ).

Үй тапсырмасы

Оқулықтағы тапсырмаларды орындау

Күнделіктеріне жазады

 Бағалау

Бағалау парақшаларын тарату

Парақшаларды толтырады

Кері байланыс

 

 

Қазақ тілі

Уақыты:

Кабинет: 

Мұғалім:

Сабақтың атауы

Дауыссыз дыбыстар

Сілтеме

Қазақ тілі оқулығының әдістемесі

Сабақтың жабдығы

Тақта,суреттер,кеспе қағаздар

Жалпы мақсаттар

Сабақтың мақсаты:   Оқушыларға дауыссыз дыбыстар туралы мағұлмат бере отырып, тілідің қатысына қарай қатаң, ұяң,үнді дыбыстарды ажырата білуге үйрету.

 Тапқырлыққа, білгірлікке,ізгілікке, бір-бірінен ажырата білуге тәрбиелеу.

Ойлау қабілетін, сөйлеу мәнерін,тіл байлығын, ой-өрісін дамыту.

Сабақтың түрі: Аралас сабақ.

Сабақтың әдісі: Сұрақ-жауап.

Пәнаралық байланыс: Әдебиет.

Көрнекі құралдары: Тірек сызба, ойын тапсырмалар.

Оқыту  нәтижесі

Топқа бөлу

Геометриялық фигуралар арқылы топтарға бөлу

Ынтымақтастық атмосферасы

Қоңырау біздің сиқырлы,

Сыңғырлап тағы ән салды.

Шақырды түріп ұйқыңды,

Шеңберге тұр, – деп баршаңды!

Үй тапсырмасын пысықтау

 

«Кім білгіш»

1. Дауысты дыбыстар дегеніміз не?

2. Жуан,жіңішке дауысты дыбыстар дегеніміз не? Оларды ата.

3.Еріндік,езулік дауысты дыбыстар дегеніміз не?

4.Қазақ тіліне тән дауысты дыбыстарды ата.

Мағынаны тану

 

Дыбыс түрлері:
Дауысты Дауыссыз
Жуан Жіңішке Қатаң Ұяң Үнді
Дауыссыз дыбыстар 3 - ке бөлінеді.
Дауыссыз дыбыстарды айтқанда ауа
1) кедергіге ұшырайды
2) тосқауылдан өту кезінде, дыбыстау мүшелеріне күш түседі де, ауа лап етіп шығады
3) созып айтуға келмейді.
Үнді: л, м, н, ң, р, й, (у)
Ұяң: б, в, г, ғ, д, ж, з,
Қатаң: к, қ, п, с, т, ф, х, һ, ц, ч, ш, щ,
Кі - тап, 5 дыбыс, 5 әріп, 2 дауысты, 3 дауыссыз, 2 буын
К - дауыссыз, қатаң
І - дауысты, жіңішке
Т - дауыссыз, қатаң
А - дауысты, жуан
П - дауыссыз, қатаң

Оқулықтағы тапсырмаларды орындау

Сергіту сәті

Жайғаным –түкті кілем,

Ілгенім-тықыр кілем. ( Жасыл шөп.)

Мұхиттардың ортасында

Аппақ тау бар, түк өспейді.

Жер шарының картасында

 Оған еш шың теңеспейді.   ( Оқжетпес.)

 Туған жердің белбеуі

 Шұбатылып қалыпты.

 Керемет-ау кернеуі,

Тасты тесіп, жарыпты. (Бұлақ)Жұмбақтың шешуіне фонетикалық талдау жасау.

 

Оқушылар денелерін жатықтырады

Ой толғаныс

 «Венн диаграммасы»

Өкпеден шыққан ауаның кедергіге ұшырап, салдыр мен үннен пайда болуы.

 

  Дыбыстау     мүшелері арқылы жасалады.

 

Өкпенден шыққан ауаның еш кедерсіз үннен ғана жасалуы.

 Дауысты дыбыс.                   Ортақ қасиеті.                   Дауыссыз дыбыс.

Мына сөздерге көрсетілген жұп дауыссыздардың тиістісін жазыңдар.
П - б: ...айдасыз, ...аласыз, ...алың, са...ар, са...тау, қа...ылда, ла...ылда, са...ақ;
Т - д: ба...пақ, қа...ақ, са...ақ, ...ақ, ...абыс, ...алап, ...әрі, ...аналық;
К - г: ә...е, е...ін, кө...тем, кө...ер, ...үл, ...еремет, тө..., тер...еу;
Қ - ғ: қа...аз, қа...ты, ба...дарлама, ба...ыр, ...асыр, ...арыш, ...асық, қа...;
С - з: а...амат, ба...тыр, сү...бе, сү...істі, ...ағыз, қа...;
Ш - ж: ша...пау, қа...ымас, қа...қын, ...апырақ, ...иен, ... аттық, ...алтылда.

Үй тапсырмасы

Оқулықтағы тапсырмаларды орындау

Күнделіктеріне жазады

 Бағалау

Бағалау парақшаларын тарату

Парақшаларды толтырады

Кері байланыс

 

 

Қазақ тілі

Уақыты:

Кабинет: 

Мұғалім:

Сабақтың атауы

Дауыссыз дыбыстардың түрлері

Дауыссыз дыбыстан өткенді қайталау

Сілтеме

Қазақ тілі оқулығының әдістемесі

Сабақтың жабдығы

Тақта,суреттер,кеспе қағаздар

Жалпы мақсаттар

А) білімділік: Алдыңғы сабақтарда меңгерген дауысты дыбыстар ұғымын жетілдіру (дауысты дыбыстардың емлесін дұрыс айтылу және жазылуын кеңейту, тереңдету)
Б) Логикалық ойын дамыту, дұрыс ашық сөйлеуге жаттықтыру, сөздік қорларын молайту, шығармашылық қабілеттерін арттыру.
В) Сабаққа деген құштарлықтарын дамытып, ана тілін құрметтеуге тәрбиелеу.
Көрнекілігі: үлестірме кесте, карточкалар, плакатқа жазылған сөздер.

Оқыту  нәтижесі

Топқа бөлу

Сыныпты жыл мезгілдеріне қарай төрт топқа бөлу. Күз айында туылғандар 1 - топ, қыс айында дүниеге келгендер 2 - топ, көктем айындағылар 3 - топ, жаз айындағылар 4 - топ болып бөлінеді.

Ынтымақтастық атмосферасы

Қоңырау біздің сиқырлы,

Сыңғырлап тағы ән салды.

Шақырды түріп ұйқыңды,

Шеңберге тұр, – деп баршаңды!

Үй тапсырмасын сұрау

 

"Кім шапшаң" ойыны. Мақал - мәтелді жалғастыра оқу
Досы көпті жау алмайды
Ақылы көпті дау алмайды.
Батыр туса ел ырысы
Жаңбыр жауса жер ырысы
Жұмбақ шешу
Ішіне тамақ салынған
Есігі тастай жабылған. (жұмыртқа)
Алтын терек, он екі бұтақ
Үш жүз алпыс бес жапырақ (жыл, он екі ай, күн)

Мағынаны тану

 

1-тапсырма  «Көрші ойыны»

(Жуан, жіңішке «у» дыбысы бар сөздерді екі бағанға бөліп жазу)

Сөздер: Тану, ілу, шешу, тігу, қазу, бері, жолығу, уақ, уыс, бару

«Шежіре» (Дауысты дыбыстардың жіктелуін толықтыру,қосымша: оқушылардан өз 7 атасын сұрау)

Тіл қатысына қарай: 1. Жуан  2. Жіңішке

Жақ қатысына қарай: 1. Ашық  2. Қысаң

Ерін қатысына қарай: 1. Еріндік  2. Езулік

 «Көненің көзі» (ұлттық құндылықтар туралы сұрау)

А) Дауыссыз дыбыстардан  басталатын ұлттық киім атауларын жазғызу.

Б) Қатаң дыбыстардан басталатын ұлттық аспап атауларын жазу.

 «Жасырынбақ» ойыны. (Көп нүктенің орнына тиісті дауысты дыбыстарды қою)

Әл...де болс...  с...лқ...н, б...рлық ж...рд... қ...р бас...п  ж...тыр. Н...урыз  к...ні әл...мг... шу...ғ...н  ш...ш...п т...р, бір...қ  қ...зуы  әлс...з  ...йткен...н  к...кт...м  де к...ліп  қ...л...пты.

 «Дыбыстар елінде». Дыбыстық талдау

Алтыбақан, ұлттық мұра, салт-дәстүр

 «Кім тапқыр?» (Буындар бойынша өлең  жолдарын құрастыру)

 -ла-ла-ла,  -да-да-да,  -ра-ра-ра,  - ды-ды-ды,- са-са-са, - се-се-се, - ма-ма-ма, ой-ой-ой, -ай-ай-ай, -дай-дай-дай, -пан-пан-пан, -лар-лар-лар, -қай-қай-қай, іп-іп-іп

Оқулықтағы жаттығуларды,топтарда орындау.

Сергіту сәті

Анаграмманы оқу
Бірінші сөз.
Табылды аңшыдан
Екінші сөз.
Жердің өркеш биігі
Жолдың ақыры мен қиыры
Қос жұмбақ сөз.
Сөз құраса бірігіп,
Бізге бер деп
Аспа келер жүгіріп. (оқ - отау)

 

Оқушылар есте сақтауын жатықтырады

Ой толғаныс

Қысаң дауыстылары бар сөзді көрсетіңіз. 
A) Әділет. 
B) Жауырын. 
C) Ғылыми. 
D) Төсек. 
E) Іңкәр. 
Дұрыс жауап: C

Қысаң дауысты дыбыстарды көрсетіңіз. 
A) Ү, У, Е. 
B) А, Ә, И. 
C) Э, Е, Ү. 
D) Ы, Ұ, И. 
E) Ә, Ү, Ы. 
Дұрыс жауап: D

Әріптің анықтамасын көрсетіңіз. 
A) Үннен ғана тұратын дыбыстар. 
B) Дыбыстық жақты зерттейтін. 
C) Дыбыстың жазудағы таңбасы. 
D) Алиф пен би атауларының бірігуі. 
E) Кедергісіз шығатын дыбыстар. 
Дұрыс жауап: C

Әліпбидегі әріптердің түрін анықтаңыз. 
A) Жазба, ашық түрі. 
B) Жазба, баспа түрі. 
C) Ашық, тұйық түрі. 
D) Баспа, ұяң түрі. 
E) Қатаң, ұяң түрі. 
Дұрыс жауап: B

“Ә” әрпінің емлесіне байланысты сөздің дұрысын көрсетіңіз. 
A) Күман. 
B) Күмән. 
C) Күмен. 
D) Күмөн. 
E) Құман. 
Дұрыс жауап: В

Дауысты дыбыстарды белгілеңіз. 
A) Б, Ж, С, Р. 
B) Х, А, Ч, Е. 
C) Ц, Щ, Ө, У. 
D) А, Ә, О, У. 
E) Б, В, Г, Ғ. 
Дұрыс жауап: D

“Ұ” дыбысы қай сөзде жазылатынын көрсетіңіз. 
A) С...мке
B) ...
стаған
C)
Жая...лап
D)
Т...сін
E)
Т...скен
Дұрыс жауап: B

Жіңішке дауысты дыбыстарды көрсетіңіз
A)
Ы, І, Ә
B) О, Ұ, Ү. 
C) Ө, Е, І. 
D) Ұ, Ү, Ы. 
E) А, Е, Ы. 
Дұрыс жауап: C

“Б” дыбысының қандай екенін анықтаңыз. 
A) Ұяң дауыссыз дыбыс. 
B) Қатаң дауыссыз дыбыс. 
C) Ашық дауысты дыбыс. 
D) Қысаң дауысты дыбыс. 
E) Еріндік дауысты дыбыс. 
Дұрыс жауап: А

Үй тапсырмасы

Оқулықтағы тапсырмаларды орындау

Күнделіктеріне жазады

 Бағалау

Бағалау парақшаларын тарату

Парақшаларды толтырады

Кері байланыс

 

 

Қазақ тілі

Уақыты:

Кабинет: 

Мұғалім:

Сабақтың атауы

Диктант «Аю мен бөрене»

Қатемен жұмыс.Тіл ұстарту.

Сілтеме

Қазақ тілі оқулығының әдістемесі

Сабақтың жабдығы

Тақта,суреттер,кеспе қағаздар

Жалпы мақсаттар

а) білімдік: тақырып бойынша жан-жақты мәлімет бере отырып,

лексиканы  пысықтау,  сауатты жазуға  және  сөйлеуге  үйрету;

ә) дамытушылық: ауызша және жазбаша тілді дамыту,

қызығушылығын арттыра отырып, танымдық көзқарастарын

қалыптастыру;

б) тәрбиелік: өз елін, жерін, Отанын сүюге, мемлекеттік  тілді

құрметтеуге, қоғамдық ортада өзін-өзі ұстауға  тәрбиелеу;

Сабақтың  түрі: пысықтау сабағы

Сабақтың әдісі: түсіндіру, сұрақ-жауап

Оқыту  нәтижесі

Топқа бөлу

Сыныпты жыл мезгілдеріне қарай төрт топқа бөлу. Күз айында туылғандар 1 - топ, қыс айында дүниеге келгендер 2 - топ, көктем айындағылар 3 - топ, жаз айындағылар 4 - топ болып бөлінеді.

Ынтымақтастық атмосферасы

Күн күлімдеп нұр төкті, бізге жолдап...

Балалар: Сәлем!

Жақсы сөздер нұр септі, бізге жолдап...

Балалар: Сәлем!

Еске сақтап кеңесті, достарға сыйла...

Балалар: Сәлем!

Кел,қосылып айтайық бір-бірімізге...

Балалар: Сәлем!

Үй тапсырмасын сұрау

Үй тапсырмасы жазылған дәптерлерін тексеру,бағалау

Мағынаны тану

 

АЮ МЕН БӨРЕНЕ

            Орманды аралап келе жатқан аю бал  арасына кез  болады. Ағаш басындағы бал арасына  тамсана  қарады. Ол ағаш басына өрмелеп, ұяға жақындады. Ілініп тұрған бөрене оған кедергі жасады. Балға ұмтылған аю бөренені итеріп жіберді. Ары серпілген ауыр бөрене өз салмағымен қайта оралды. Аюдың басына сарт ете қалды. (46 сөз)

Жазылуы қиын сөздер: өрмелеп, ұмтылған, серпілген.

            1.Соңғы сөйлемнен зат есімдерді табыңдар. Олардың түбірінің астын сызыңдар. Сұрақ қойыңдар.

            2.Дәрігер, тәрбиеші, жұмысшы деген сөздердің түбірін және қосымшасын табыңдар. Оларға сұрақ қойыңдар.

Сергіту сәті

Орнымыздан тұрайық,
Алақанды созайық.
Оңға қарай иіліп,
Солға қарай иіліп,
Бір отырып, бір тұрып,
Сәл тынығып алайық.

 

Оқушылар денелерін жатықтырады

Ой толғаныс

Туа сала мұрт өсірген мырза,

Пеш түбінде жатқанына ырза.  (Мысық)
Үстінен тоны түспеген,
Сонда да араз қыспенен.  (Аю)
Санай алмай шаршадым – 
Найзасы бар қанша мың.
Батыр емес бірақ та,
Қашып жүрер жыраққа.    (Кірпі)
Бітімі, тұрқы – 
Аумаған жылқы.
Мәйкесі жолақ –
Айыбы сол-ақ.   (Зебра)
Басында көп-ақ бұтағы,
Адамды көрсе зытады.  (Бұғы)
Тастай қатты бұл шапан,
Қалай жуып жұмсартам?   (Тасбақаның сауыты)
Тұмсығы дөңгелек,
Денесі он бөлек.    (Шошқа)
Жұмыр тасты төрт аяқ
Көтеріп тұр, көп таяп.   (Тасбақа)

Үй тапсырмасы

Оқулықта берілген тапсырмаларды орындау

Күнделіктеріне жазады

 Бағалау

Бағалау парақшаларын тарату

Парақшаларды толтырады

Кері байланыс

 

 

Қазақ тілі

Уақыты:

Кабинет: 

Мұғалім:

Сабақтың атауы

Буын. Буынның түрлері

Сілтеме

Қазақ тілі оқулығының әдістемесі

Сабақтың жабдығы

Тақта,суреттер,кеспе қағаздар

Жалпы мақсаттар

1.Білімділік: оқушыларға буын туралы түсінік беру,буынның түрлерімен таныстыру және жасалу жолдарын үйрету.

2.Дамытушылық: оқушылардың есте сақтау қабілеті мен ойлау дәрежелерін дамыту.

3. Тәрбиелік :жауапкершілік пен ұқыптылыққа тәрбиелеу.

Сабақтың түрі:      Жаңа білімді меңгерту сабағы.

Көрнекілігі:           Сызба,плакат,улестірмелі қағаз.

Сабақтың әдісі:     Проблемалық әдіс,түсіндіру,оқу,сұрақ-жауап.

Оқыту  нәтижесі

Топқа бөлу

Құттықтау қағазының қиындыларын құрастыру

Ынтымақтастық атмосферасы

Күн күлімдеп нұр төкті, бізге жолдап...

Балалар: Сәлем!

Жақсы сөздер нұр септі, бізге жолдап...

Балалар: Сәлем!

Еске сақтап кеңесті, достарға сыйла...

Балалар: Сәлем!

Кел,қосылып айтайық бір-бірімізге...

Балалар: Сәлем!

Үй тапсырмасын сұрау

1. Қайталау –  оқу анасы.

2. Кітап-  досың , ақылшың.

3. Білімді  мыңды  жығар.

4. Кім тапқыр?  Ойыны.

5. Біліміңді байқап көр.

1.        Қайталау  - оқу  анасы.

(оқушылардың бұрыннан білетін білімдерін еске түсіру арқылы буын тақырыбынан өткенді қайталау.)

а)Бірін –бірі тексеру .(сұрақ-жауап) Буын. 

1.Буын дегеніміз не?

2.Балалық-деген сөзде неше буын бар.

3.О-қу-шы-лар са-бақ-қа кел-ді. Деген сөйлемді буынға бөл.

4.Дыбыс нешеге бөлінеді.

5.Дауысты дыбыстардың жігін ата.

6.Жуан сөз айт.

7.Дауыссыз нешеге бөлінеді.

8. Қатаң сөзге мысал келтір.

Мағынаны тану

 

Буын жеке дауыстыдан және дауысты мен дауыссыз дыбыстардың тіркесінен жасалатын болғандықтан ,оның құрамы үнемі бір қалыпты болмайды.Қазақ тілінде буынның үш түрі бар.

                         Буын

1. Ашық буын.       2.Тұйық буын.        3.Бітеу буын.

Қа-ла, да-ла,           ұл,ұн, ант.                 дос-тық, жаз,

Ата, ша-ға-ла.                                           күз-дік, мал.

А.  Сөздерден  сөйлем құрастыру.

Сөздік қорды құрайтын түбір сөздердің көбі тұйық және бітеу буынды болып келеді.

 Оқулықтағы жаттығуларды,топтарда орындау.

Сергіту сәті

Орнымыздан тұрайық,
Алақанды созайық.
Оңға қарай иіліп,
Солға қарай иіліп,
Бір отырып, бір тұрып,
Сәл тынығып алайық.

 

Оқушылар денелерін жатықтырады

Ой толғаныс

Білімді мыңды жығар.

а.б +а.б +а.б.  (ша-ға-ла, са-на-ма, қа-ла-ға.)

б.б +б.б +б.б. (дос-тар-дың, мек-теп-тер.)

б.б  +б.б. (қыз-дар, тас-тар.)

а.б  + а.б. (ба-ла, ша-на.)

т.б +б.б. (ұл-дар, ат-тар.)

4.Кім тапқыр?

1.ата.                  1.Тұйық буынды сөз.(өрт,ұл,ат.)

2.ат.                    2.Ашық буынды сөз.

3.бала.                     (ата,бала, қала.)

4.тал.                   3.Бітеу буынды сөз.

5.қант.                     (тал, қант.)

6.өрт.

7.ұл.

8.қала.

5.Біліміңді байқап көр.

а) Сөздердің орнын тап.

Ашық буын.

Тұйық буын.

Бітеу буын.

 

 

 

ә) Тест.

Тестік тапсырмалар (оқушылар жауап кілті арқылы өздерін бағалайды.)

1.Ашық буынды сөзді тап.

а) аз.            ә) қаз.         б) боса.

2.Бітеу буынды сөзді тап.

а)оқушы.     ә) дауысты.   б) мектеп.

3.        Бірыңғай ашық буынды сөзді тап.

а) тамаша.     ә) еркіндік    б) басылым.

4.Тұйық буынды сөзді тап.

а) анар.   ә)ант.  б) қант.

1.       Буынның неше түрі бар.

а) екі   ә)  төрт.   б) үш

6. Буын түрін көрсет.

А)  қысаң.    ә)бітеу   б)езулік.

 

111. Сабақты қорыту кезеңі.

Не өттік?

Не білдік?

 

 

Үй тапсырмасы

Оқулықтағы тапсырмаларды орындау

Күнделіктеріне жазады

 Бағалау

Бағалау парақшаларын тарату

Парақшаларды толтырады

Кері байланыс

 

Қазақ тілі

Уақыты:

Кабинет: 

Мұғалім:

Сабақтың атауы

Тасымал.

Сілтеме

Қазақ тілі оқулығының әдістемесі

Сабақтың жабдығы

Тақта,суреттер,кеспе қағаздар

Жалпы мақсаттар

 а)  Оқушыларға ұлттық тіліміздің өркендеп оянуына ана тілімізді сүюге,ана тілін аяққабаспай мәртебесін биік ұстау жөнінде түсіндіру,соған дәріптеу ;
ә)  жаттығулар , мәтін арқылы бекіту,дағды – машықтарын қалыптастыру,шешен сөйлеуге мақал – мәтелдің оқушы тілінде қолданыс аясын кеңейту ;        

б)  Ақыл – ойларын,іскерлік белсенділіктерін арттыру,өз ойын дұрыс айта білу негізінде әдемі сөйлеуге баулу,адмгершілік тәрбиесін бойына сіңіру.
Сабақтың түрі :                                Аралас сабақ
Сабақтың әдісі :                               сұрақ - жауап
Сабақтың көрнекілігі :                   үлестірмелі кеспе қағаздар
Пәнаралық байланыс :                   әдебиет

Оқыту  нәтижесі

Топқа бөлу

Пазл арқылы топтарға бөлу

Ынтымақтастық атмосферасы

Шеңбер болып тұрайық жылы жүзбен, 
Бізге келсін қуаныш нұр іздеген. 
Шуақ толы жанымыз,жүрегіміз, 
Үлгі алсын көрген жан мына бізден. 
Бір-бірімізге күлімдейміз, қолымызды қысып амандасамыз, қатты құшақтасамыз. 

Үй тапсырмасын сұрау

 

Ережені еске түсіру. « Сөздер буындардан құралады. 
Сөзде қанша дауысты дыбыс болса, сонша буын болады.» 
/ауызша мысалдар/ 
Ойын «Аспаннан буын жауғанда» 
/буындарды орнына қою/ 
Тақтаға кезектесіп шығып жазады. 
Ба,ла, пар,та, тақ,та, кі,тап. / буындарынан сөз құрау./ 

Мағынаны тану

 

Жазып келе жатқанда сөз жолға сыймай қалса, тұтас бір буынды немесе бірнеше буынды екінші жолға көшіруді тасымал дейді. 

Мына төмендегі сөз түрлерін тасымалдауға болмайды.
   1. Бір буынды сөздерді тасымалдауға болмайды. Мысалы : от,кел,ет,қарт.
   2. Сөздердің бір әрпін келесі жолға тасымалдауға немесе жолдың соңынап қалдыруға болмайды. Сондай – ақ ата,аң,кең,еш,қия сөздеріндегі и,а,я,ю әріптерін тасымалдауға болмайды.
   3. А.Құнанбаев,М.Жұмабаев деген сияқты қысқартылып жазылған кісі атын оның фамилясынан бөліп тасымалдауға болмайды.
   4.Қысқартылып жазылған өлшем атауларын ( км,кг,м,см,мм ) алдындағы санынан бөліп тасымалдауға болмайды : 10кг,25см
   5.Бас әріптері және бас әріп пен сөздің басқа буыны арқылы қысқарған сөздер тасымалданбайды.АҚШ.ТМД,ҚАЗ МУ.

Оқулықтағы жаттығуларды,топтарда орындау.

Сергіту сәті

Орнымыздан тұрайық,
Алақанды созайық.
Оңға қарай иіліп,
Солға қарай иіліп,
Бір отырып, бір тұрып,
Сәл тынығып алайық.

 

Оқушылар денелерін жатықтырады

Ой толғаныс

Дұрыс тасымалданған сөзді көрсетіңіз. 
A) Театр-рлар. 
B) Баяндау-ыш. 
C) Та-рақ. 
D) Бір-ыңғай. 
E) О-тан. 
Дұрыс жауап: С

Дұрыс тасымалданған сөзді табыңыз.. 
A) Қал-алық. 
B) Тәу-елді. 
C) А.С.-Пушкин. 
D) Арық-тау. 
E) Таран-ыс. 
Дұрыс жауап: D

Дұрыс тасымалданған сөзді белгілеңіз. 
A) О-юлы. 
B) Үміт-сіз. 
C) 25-кг. 
D) Кітаб-ымыз. 
E) Қазақс-тан. 
Дұрыс жауап: В

Буын үндестігінің ғылыми түрдегі атауын көрсетіңіз. 
A) Дыбыс үндестігі. 
B) Ілгерінді ықпал. 
C) Кейінді ықпал. 
D) Сингармонизм. 
E) Тоғыспалы ықпал. 
Дұрыс жауап: D

Үндестік заңының нешеге бөлінетінін көрсетіңіз. 
A) 1. 
B) 2. 
C) 3. 
D) 4. 
E) 5. 
Дұрыс жауап: B

Буын үндестігі сақталып жазылған сөзді көрсетіңіз
A)
Балгер
B)
Әсемпаз
C)
Сәнқой
D)
Өнерлі
E)
Әкетай
Дұрыс жауап: D

Буын үндестігіне сай емес сөзді көрсетіңіз
A)
Жартас
B)
Кітап
C)
Қоғамтану
D)
Ұлболсын
E)
Өнер
Дұрыс жауап: B

Буын талғамайтын жұрнақ арқылы жасалып тұрған сөзді көрсетіңіз
A)
Еңбекші
B)
Еңбекқор
C)
Еңбеккер
D)
Еңбектер
E)
Еңбексіз
Дұрыс жауап: B

Сингармонизм заңына бағынбайтын сөзді анықтаңыз
A)
Балалық
B)
Әуезов
C)
Жігерлі
D)
Құрманғазы
E)
Балалар
Дұрыс жауап: B

Буын үндестігіне сай қосымша сөзге қалай үндесетінін көрсетіңіз
A)
Буынның жуан-жіңішкелігіне қарай
B)
Дауыссыз дыбысқа қарай
C)
Тұйық буынға қарай
D)
Тек жіңішке буынға қарай
E)
Тек жуан буынға қарай
Дұрыс жауап: A

Үй тапсырмасы

Оқулықтағы тапсырмаларды орындау

Күнделіктеріне жазады

 Бағалау

Бағалау парақшаларын тарату

Парақшаларды толтырады

Кері байланыс

 

 

Қазақ тілі

Уақыты:

Кабинет: 

Мұғалім:

Сабақтың атауы

Үндестік заңы.Буын үндестігі

Сілтеме

Қазақ тілі оқулығының әдістемесі

Сабақтың жабдығы

Тақта,суреттер,кеспе қағаздар

Жалпы мақсаттар

Жалпы мақсаты: Жас ерекшеліктеріне сәйкес білім беру мен оқуда негізгі идеяны жадына сақтауына бағыт беру.
Интер тақтадан электрондық оқулықты, слайдты пайдалану арқылы жаңа тақырыпты меңгерту;
Сыни тұрғыдан ойлау арқылы өз бетінше ізденуге, өз ойын
еркін жеткізуге баулу, жылдам жауап беруге дағдыландыру, шығармашылық қабілеттерін дамытуға жол ашу.
Тапсырма барысында дарындылық қабілеттерін байқау;
Оқыту үшін бағалау мен оқытуды бағалау арқылы білім
деңгейін анықтау және бірін - бірі бағалай білуге үйрету.

Оқыту  нәтижесі

Топқа бөлу

Сыныпты жыл мезгілдеріне қарай төрт топқа бөлу. Күз айында туылғандар 1 - топ, қыс айында дүниеге келгендер 2 - топ, көктем айындағылар 3 - топ, жаз айындағылар 4 - топ болып бөлінеді.

Ынтымақтастық атмосферасы

Күн күлімдеп нұр төкті, бізге жолдап...

Балалар: Сәлем!

Жақсы сөздер нұр септі, бізге жолдап...

Балалар: Сәлем!

Еске сақтап кеңесті, достарға сыйла...

Балалар: Сәлем!

Кел,қосылып айтайық бір-бірімізге...

Балалар: Сәлем!

Үй тапсырмасын сұрау

 

Сұрақтарға жауап беру
1. Фонетика нені зерттейді?
2. Дыбыстар нешеге бөлінеді?
3. Дауысты дыбыстар дегеніміз не?
4. Буын дегеніміз не?
5. Буын нешеге бөлінеді?
6. Дауыссыз дыбыс дегеніміз не?
7.
Тасымал дегеніміз не? Тасымалданбайтын сөздер.
8. Дауыссыз дыбыстардың түрлерін ата

Мағынаны тану

 

Үндестік заңы – түбір мен қосымшаның және сөз аралығындағы дыбыстардың бір – біріне ықпал етіп, өзара үйлесіп, айтылуын үндесті заңы дейміз. Үндестік заңы екіге бөлінеді:
1) буын үндестігі 2) дыбыс үндестігі.
Буын үндестігі
Сөз бен қосымшалардағы дауыстылардың не біріңғай жуан, не біріңғай жіңішке болып үндесуін буын үндестігі (сингармонизм) деп атаймыз.
Сингармонизм – гректің Sun «бірге» hanmoni «байланысу,
үндесу» деген мағынаны білдіретін сөздері бойынша жасалған термин.
Үндестік заңына сай қазақ тілінің байырғы сөздері не біріңғай жуан, не біріңғай жіңішке болады. Мысалы, ата, ана, бақыт, кереге, кілем, өріс.
Жуан және жіңішке дауысты дыбыстар мынадай сөздерге араласып келеді:
1. Басқа тілден енген сөздерде:
Мысалы: кино, математика, кітап
2. Біріккен сөздер мен қос сөздерде:
Мысалы: Екібастұз, асығыс-үсігіс
/Мұндай сөздер аралас сөздер деп аталады./

Оқулықтағы жаттығуларды,топтарда орындау.

Сергіту сәті

Орнымыздан тұрайық,
Алақанды созайық.
Оңға қарай иіліп,
Солға қарай иіліп,
Бір отырып, бір тұрып,
Сәл тынығып алайық.

 

Оқушылар денелерін жатықтырады

Ой толғаныс

І топ 

1.Тасымалдауға  болмайтын  сөзді  және  буынды  тап.

Ата – ана, жасырынбақ,  ат,  шебер,  бет,  талап,  көктем,  көк,  жаз,  ай,  жұлдыз,  мол,  айқын.

ІІ топ  

1.Төмендегі  сөздерді  тасымалдауға  бола  ма? 

 Электр, станция,  ансамбль,  вольт.

ІІІ  топ 

1. Қай  жағынан  оқысаңда  бірдей  жазылып,  бірдей  айтылатын  сөздер  тауып  жазыңдар.

2. Төмендегі  сөздерге  фонетикалық  талдау  жаса

 Жұлдыз,  Ұлдай.

Үй тапсырмасы

Оқулықтағы тапсырмаларды орындау

Күнделіктеріне жазады

 Бағалау

Бағалау парақшаларын тарату

Парақшаларды толтырады

Кері байланыс

 

 

Қазақ тілі

Уақыты:

Кабинет: 

Мұғалім:

Сабақтың атауы

Буын үндестігіне бағынбайтын қосымшалар

Сілтеме

Қазақ тілі оқулығының әдістемесі

Сабақтың жабдығы

Тақта,суреттер,кеспе қағаздар

Жалпы мақсаттар

1) Білімділік: Оқушылардың грамматикадан оқып, үйренген ережелерін ойындар арқылы қайталап бекіте түсу. Үндестік заңына бағынбайтын қосымшаларды мысалдармен келтіру арқылы дәлелдеу. 
2) Дамытушылық: Жауапты тез таптырып, тапқырлыққа дағдыландыру. Тіліміздегі көп қолданылатын мақал-мәтелдер мен тұрақты сөз тіркестерінен молырақ мәлімет беру. жаттығу жұмыстары арқылы мағынаны таныту. Есте сақтау, ойлау қабілеттерін арттыру.
3) Тәрбиелік: Тіл дамыту жұмыстарын жүйелі әрі қызықты етіп ұйымдастырудың тиімділігін сезіндіру.
Сабақтың көрнекілігі: плакаттар, оқу құралдары (түрлі-түсті қағаздар, қалам т.б.), кеспе қағаздар, ойындар.
Сабақтың түрі: теориялық және практикалық жұмыстар

Оқыту  нәтижесі

Топқа бөлу

Сыныпты жыл мезгілдеріне қарай төрт топқа бөлу. Күз айында туылғандар 1 - топ, қыс айында дүниеге келгендер 2 - топ, көктем айындағылар 3 - топ, жаз айындағылар 4 - топ болып бөлінеді.

Ынтымақтастық атмосферасы

Күн күлімдеп нұр төкті, бізге жолдап...

Балалар: Сәлем!

Жақсы сөздер нұр септі, бізге жолдап...

Балалар: Сәлем!

Еске сақтап кеңесті, достарға сыйла...

Балалар: Сәлем!

Кел,қосылып айтайық бір-бірімізге...

Балалар: Сәлем!

Үй тапсырмасын сұрау

 

1. Үндестік заңы сақталатын мысалдар келтіріңіздерші ережесімен
2. Жуан буынды сөздер келтіріңіздер ережесімен
3. Жіңішке буынды сөздер келтіріңіздерші ережесімен
Үш оқушыны тақтаға шығарып сатылай кешенді талдату

Мағынаны тану

 

Қазақ тіліндегі қосымшалар негізінен буын үндестігіне бағынып жалғанғанымен біраз қосымшалар бұл заңдылыққа бағынбайды.

   Буын үндестігіне бағынбайтын қосымшалар мыналар :

   Буын үндестігіне бағынбайтын қосымшалар : 1.көмектес септік жалғауы.Мысалы : баламен,қонақпен,күрекпен   2. –нілі (-ділі,-тілі ) –тай,-тал,-дар,-еке,-тар Мысалы : даланікі,әкетай,діндар,ағаеке,өсімтал ;   3. –бей,-би,-кер,-гер,-қор,-паз,-қой,-пеш,-хана Мысалы: бейшара,балгер,жемқор,әсемпаз,сәнқой,емхана,жұмыскер,зиянкес.   4. –ов,-ова,-ев,-ева,-ин,-ина.мысалы: Әуезов,Жұмабаев,Сейфуллин,Жұмағазина т.б.

 Оқулықтағы жаттығуларды,топтарда орындау.

Сергіту сәті

Орнымыздан тұрайық,
Алақанды созайық.
Оңға қарай иіліп,
Солға қарай иіліп,
Бір отырып, бір тұрып,
Сәл тынығып алайық.

 

Оқушылар денелерін жатықтырады

Ой толғаныс

1. Қазақ әліпбиін жасаған кім?
2. Дыбыс емес, таңба.
3. Қосарлы дыбыстар қаншау?
4. Қазақтың төл әріптері қаншау? Ата.
5. Үнді дауыссыздарды ата.
6. Аяқта: Өз елін сүймеген Адам, ештеңені де ... сүйе алмайды.
7. Тіліңмен жүгірме, (Біліммен жүгір).
8. Оқылмайды, жазылады. Бірақ сөзден табылады. Ол қай әріп еді?
9. Бір дыбыстан құралған қандай сөздерді білесің?
10. Әрі дауысты, әрі дауыссыз, әрі жуан, әрі жіңішке дыбыстар қатарында қолданылатын қай дыбыс? Мысал келтіріп, дәлелдеп бере алады?
11. Мына сөздерде неше дауысты, неше дауыссыз дыбыстар бар? Қауын, жуан, жуу, қияр.
12. Үндестік заңы деген не?
13. Буын үндестігіне қандай қосымшалар бағынбайды?
14. «Ойлан тап!». Мына сұрақтарға тиісті тұрақты сөз тіркестерімен жауап беріңдер:
А) Адамның төбесі аспанға жете ме?
Ә) Сөйлегенде сөз ауыздан түсіп қала ма?
Б) Бір қазанға сыймайтын қандай бастар?
Е) Екі аяқ бір етікке сия ма?
Тұрақты сөз тіркесінің мағынасын тап:
маңдай тер (адал еңбек),
тепсе темір үзеді (күшті),
қолы алтын (шебер)

Үй тапсырмасы

Оқулықтағы тапсырмаларды орындау

Күнделіктеріне жазады

 Бағалау

Бағалау парақшаларын тарату

Парақшаларды толтырады

Кері байланыс

 

Қазақ тілі

Уақыты:

Кабинет: 

Мұғалім:

Сабақтың атауы

Дыбыс үндестігі. Дыбыс үндестігі,түрлері. Ілгерінді ықпал

Сілтеме

Қазақ тілі оқулығының әдістемесі

Сабақтың жабдығы

Тақта,суреттер,кеспе қағаздар

Жалпы мақсаттар

а) үндестік заңының екінші түрі дыбыс үндестігін алдыңғы тақырыптармен сұрақ-жауап арқылы жетелей отырып сөзжұмбақ негізінде шешіп, жаңа сабақты жан-жақты меңгерту;

б) дауыссыз дыбыстар арқылы жасалатынына түсінік беріп, мысал арқылы ойларына ой қосу;

в) сауаттылыққа , ізденімпаздылыққа тәрбиелеу.

Сабақтың көрнекілігі: СТО стратегиялары  (БББ кестесі, бағалау парағы, сызба кесте), пернетақта, т.б.

Сабақтың әдіс-тәсілдері: сұрақ-жауап, жаттығумен жұмыс, оқулықпен жұмыс

Сабақ түрі: жаңа

Оқыту  нәтижесі

Топқа бөлу

Сыныпты жыл мезгілдеріне қарай төрт топқа бөлу. Күз айында туылғандар 1 - топ, қыс айында дүниеге келгендер 2 - топ, көктем айындағылар 3 - топ, жаз айындағылар 4 - топ болып бөлінеді.

Ынтымақтастық атмосферасы

Сабақтың ұраны :

Қазақ тілім - өз тілім дана тілім.

Абай, Мұқтар сөйлеген дана тілім.

 Қастерлейді ұл-қызың мәңгі сені

Болашағым,бақытым қазақ тілім

Үй тапсырмасын пысықтау

 

БББ кестесі

білемін

білгім келеді

білдім

 

 

 

 

 

Өткенді қайталау (сөзжұмбақ арқылы)

1 Түбір мен қосымшаның жігінде бір-бірімен ыңғайласып үйлесіп біркелкі болып қолданылуды не деп атаймыз?    (үндестік)

2 Үндестік заңының алғашқы түрі қалай аталады? (буын)

3 Буын үндестігіне бағынбайтын қосымшалардың бірінші түріндегі жалғауын ата (бен)

4 Буын үндестігі қандай дыбыстар арқылы жасалады?   (дауысты)

5 Үндестік заңының екінші түрін ата (дыбыс) .

Мағынаны тану

 

                     Дыбыс пен Әріп жасаған заң

                Ертеде Тіл  деген үлкен қария өмір сүріпті. Оның өмірлік серігі атақты Сөз атты ана екен Осы екеуінен Дыбыс деген ұл көп  күттіріп өмірге келеді. Ол әке-шешесіне қуаныш әкеледі. Ұлан-асыр той жасайды. Дыбыс тез өсіп , ерте ер жетеді, алып батыр болады. Өте зерек , білімді, оқуға жаны құмар екен. Екі қария немере сүйгісі  келіп, ұлдарын үйлендіреді. Келіндері ақылына көркі сай, сұлу да сырбаз. Әріп атта өз ауылдастары екен. Дыбыс пен Әріп екеуі бақытты да баянды ұзақ ғұмыр кешеді. Олардың дауысты деген қызы және дауыссыз деген ұлдары болады. Екеуі әке-шешелерінің жолдарын қуып, оқып білім алады. Елге сыйлы үлкен азамат болады. Бірі үйленіп отау құрса, бірі ата-баба жолымен ұзатылады. Осылай өмір өз жалғасын тауып, ұрпақ қамымен күндер жылжып өте береді.

            Адам көбейген сайын небір бұзықтықтар да болып жатады. Сондықтан ол елге заң керек болды. Ол заңды Дауысты мен оның елі Буын және Дауыссыз бен келіншегі Тасымал  аталары Тілдің көмегімен жасап шығады. Оны өздерінше «Үндестік заңы» деп атайды. Осы заң ережелерінің арқасында ел бір-бірімен ұрыспай-таласпай, әркім өз орнымен жүріп, бейбіт өмір сүріпті.

2. Дыбыс үндестігі-сөз бен қосымшаның немесе сөз бен сөздің аралығында дауыссыз дыбыстардың бірін –бірі өзіне ұқсата әсер  етуі.

           Мысалы. Мектебі –мектепі, қасығы-қасықы, тастан- тасдан, жазға –жазқа.                                      

                                                         

                                                    ілгерінді ықпал

3. Дыбыс үндестігі

                                                     

                                                      кейінді ықпал.

а) ілгерінді ықпал- көрші дыбыстардың  алғашқысы соңғысын өзіне ұқсата әсер етуі.

Мысал: бала –дан, қала +ға, әке+ге.

Ә) кейінді ықпал- сөз бен қосымшаның, сөз бен сөздің аралығында кейінгі дыбыстың алғашқы дыбысқа әсер етуі.

Мысалы: сабақ –сабағы, кітап –кітабы, есік-есігі, теп-теуіп

Оқулықтағы жаттығуларды,топтарда орындау.

Сергіту сәті

Орнымыздан тұрайық,
Алақанды созайық.
Оңға қарай иіліп,
Солға қарай иіліп,
Бір отырып, бір тұрып,
Сәл тынығып алайық.

 

Оқушылар денелерін жатықтырады

Ой толғаныс

Тапсырма: Берілген сөздердің түбірі мен қосымшасын айырып, дыбыс үндістігінің түрлеріне ажырату.

1-қатар. Бесігі, теуіп, табаққа, достан, кітабым, қолға, т.б

2- қатар. Табағы, жауып, серігі, баладан, дәптерім, далаға, т.б

3-қатар. Жазығы, тауып, кітабы, қаладан, жазба, өмірге, т.б      

Асты сызылған сөздерден ілгерінді ықпалды көрсетіңдер. Сәрсен бірнеше рет әлдекімдермен телефон арқылы сөйлесті.

№2. Асты сызылған сөздерден кейінді ықпалды көрсетіңдер.

Жанғазы- ән десе ішкен асын жерге қоятын жігіт.

№3. Мына сөздердің айтылуы мен жазылуындағы өзгешелікті атап, қай ықпал заңына жататындығын анықта.

                 Жазылуы                                        Айтылуы

               Жанболат                                        Жамболат    

                Егінбай                                              Егімбай

               Көрікбай                                            Көрікпай

               Жақыпбек                                          Жақыппек

Тест сұрақтары

Кейінді ықпалды табыңыз.

       а) ешкі

       в) жұмысшы

       с) өнерпаз

      д) бір күні

      е) баспасөз

2. Біріккен сөздегі ілгерінді ықпалды табыңыз.

      а) көк базар

      в) ала қой

      с) көрші қолаң

      д) Ырысбек

      е) Күмісжан

3. Ілгерінді ықпалды табыңыз.

      а) басшы

      в) шекара

      с) бұрынғы

      д) саудагер

      е) көзқарас

4. Біріккен сөздегі кейінгі ықпалды табыңыз.

      а) Қазанқап

      в) добымыз

      с) Ырысбек

      д) Аманбек

      е) Жан-жағына

Үй тапсырмасы

Оқулықтағы тапсырмаларды орындау

Күнделіктеріне жазады

 Бағалау

Бағалау парақшаларын тарату

Парақшаларды толтырады

Кері байланыс

 

 

Қазақ тілі

Уақыты:

Кабинет: 

Мұғалім:

Сабақтың атауы

Кейінді ықпал

Сілтеме

Қазақ тілі оқулығының әдістемесі

Сабақтың жабдығы

Тақта,суреттер,кеспе қағаздар

Жалпы мақсаттар

Оқыту  нәтижесі

Кейінді ықпал – қатар келген екі дыбыстың соңғысының өзінен бурынғы дыбысқа әсер етуі туралы түсінік  Ой белсенділігін, қазақ тіліне деген сауаттылығын қалыптастыру.

Топқа бөлу

Сыныпты жыл мезгілдеріне қарай төрт топқа бөлу. Күз айында туылғандар 1 - топ, қыс айында дүниеге келгендер 2 - топ, көктем айындағылар 3 - топ, жаз айындағылар 4 - топ болып бөлінеді.

Ынтымақтастық атмосферасы

Күн күлімдеп нұр төкті, бізге жолдап...

Балалар: Сәлем!

Жақсы сөздер нұр септі, бізге жолдап...

Балалар: Сәлем!

Еске сақтап кеңесті, достарға сыйла...

Балалар: Сәлем!

Кел,қосылып айтайық бір-бірімізге...

Балалар: Сәлем!

Қызығушылықты ояту

 

Кейінді ыкпал

         Кейінді ықпал – қатар келген екі дыбыстың соңғысының өзінен бурынғы дыбысқа әсер етуі.

 

а) Кейінді ықпалдың кездесетін орындары:

 

1.      Түбір мен қосымша арасында, бас + шы башшы;

2.      Күрделі сөздерде:

 

         а) біріккен сөз: Есенгелді (Есемгелді)
         ә) тіркескен сөз: он бес (ом бес)

         б) кос сөз: астан-кестен (астаң-кестең)

1.      Екі сөз арасында: ақ лақ (ағ лақ)

 

ә) Кейінді ықпалдың жазылуда ескерілетін орындары:

 

         1) (қ, к, п + дауысты = ғ, г, б )

         Сөз қатаң қ, к, п дауыссыз дыбыстарының біріне аяқталып, оған дауысты дыбыстан бастапатын қосымша жалғансақ, к, п дыбыстары өзгеріп, уяң ғ, г, б дыбыстарына айналады.

                            аяқ + ы - аяғы

                            күрек + і = күрегі

                            доп + ы = добы

                            жақ (жаға бастады)

                            төк (төге бастады)

                            сеп (себе бастады)

 

         2) (п + -ып, -іп =уып, уіп)

         Етістіктің түбірі п дыбысына аякталып, оған көсемшенің -ып, -іп жұрнағы жалғанса, п дыбысты өзгеріп, үнді удыбысына айналады.

                            шап + ып = шауып

                            кеп + іп = кеүіп

                            сеп +іп = сеуіп

                            жап+ып=жауып

 

Мағынаны тану

 

Кейінді ықпал (регресивті)-прогрессивті ықпалға 

қарама-қарсы, кейінгі дыбыстың алдыңғы дыбысты тәуелді етуі, игеруі.   

Тарақ   +    ы     –     тарағы.                         қ – ы =  ғы.                

Күрек  +  і –    күрегі.                                    К – і =  гі. 

Жан + бады – жамбады.                               Н – б = мб

Сөз - жоқ –  сөж жоқ.                                    З – ж = жж.

 КЕЙІНДІ ЫҚПАЛ Сөз ішінде немесе сөздер аралығында кейінгі дыбыстың өзінен бұрынғы дыбысқа әсер етіп өзгертуін кейінді ықпал дейміз. Сөздің соңғы дыбысы қатаң п, қ, к болып, жалғанатын қосымша дауыстыдан басталса, олар ұяң сыңарларына (п-б, к-г, қ-ғ болып) айналады, кейде п дыбысы у-ға айналады. Мысалы:- күрек — күрегі, доп — добы, тарақ — тарағы, тап — таба, тауып — (тапып емес). Кейінді ықпалдың жазуда ескерілмейтін түрі де бар: а) Сөздің соңғы дыбысы н болса, жалғанатын қосымшалар қ, ғ, г, б, п дыбыстарынан басталғанда, н өзгеріп ң не м болып айтылады, бірақ жазғанда түбірі сақталады. Осылайша дауыссыздардың үндесуі біріккен сөздер мен сөз тіркестерінің арасыңца да болады. Мысалы: айтылуы: жазылуы: Жампейіс Жанпейіс Ермағамбет Ермағанбет

Оқулықтағы жаттығуларды,топтарда орындау.

Сергіту сәті

Орнымыздан тұрайық,
Алақанды созайық.
Оңға қарай иіліп,
Солға қарай иіліп,
Бір отырып, бір тұрып,
Сәл тынығып алайық.

 

Оқушылар денелерін жатықтырады

Ой толғаныс

1.Дыбыс  үндестігінің  неше  түрі  бар?

А.1;       В.2;       С.3;     Д.4;      Е.5;

2.Д. ү. Қазақ  тілінің  қай  саласы  қарастырады?   

А.лексика.                               Д.синтаксис

В.фонетика                             Е. стилистика

С.морфология              

3.Сөз  аралығындағы  ілгерінді  ықпалды  тап.

А. арыстанда  бар.                   Д.қырық жігіттің

В. күші  бар                              Е.  жігіттің жүрегі 

С.жігіттің  күші                                                                                                                         4.Кейінді ықпалды көрсет.

А.Көрікбай                              Д.Ашса.          

В.Көк гүл                                 Е.Ала көз       

Е.Жан пейіс.

5.Дыбыс үндестіне тән термин:

А алдыңғы ықпал

В Артқы ықпал

С жанындағы ықпал

Д ілгерінді ықпал 

Е шеткі ықпал

6. Кейінді ықпалы бар  сөйлемді тап.

А Пияздың дәрулігі адамға ежелден – ақ мәлім. 

В. Оны әр түрлі ісікке, жараға пайдаланып келіпті. 

С. Пияз неге ащы?

Д. Пияздың түрлері көп.

Е. Шөлдің сөлін тартқан пияз, жанның жарасын сормақ.

Үй тапсырмасы

Оқулықтағы тапсырмаларды орындау

Күнделіктеріне жазады

 Бағалау

Бағалау парақшаларын тарату

Парақшаларды толтырады

Кері байланыс

 

Қазақ тілі

Уақыты:

Кабинет: 

Мұғалім:

Сабақтың атауы

Тест-фонетика

Жаттығу жұмыстары

Сілтеме

Қазақ тілі оқулығының әдістемесі

Сабақтың жабдығы

Тақта,суреттер,кеспе қағаздар

Жалпы мақсаттар

1.Білімділік: оқушыларға  тіліміздегі  дыбыстарды,  соның  ішіндегі еріндік  және  езулік  дауысты  дыбыстарды меңгерту  және   олар   туралы түсініктерін кеңейту,  жаттығу жұмыстары мен қосымша тапсырмалар арқылы фонетикалық талдаудың сатыларын меңгерту.  

 2.Тәрбиелік: оқушыларды адамгершілікке еңбекті дәріптеуге ана тілді    құрметтеуге, ұжымдық қарым-қатынасқа, сабақ үстіндегі белсенділіктерін арттыруға және өзіне-өзі сын көзбен қарай білугетәрбиелеу.

3.Дамытушылық: оқушылардың  дауысты  дыбыстардың  түрлерін ажырата алу дағдыларын арттыру, өзіндік жұмыс дағдысын қалыптастыру.

Сабақтың типі: аралас

     Сабақтың түрі: баяндау, талдау сабағы

Сабақтың әдіс-тәсілі: түсіндіру, сұрақ-жауап, жаттығу, салыстыру.

Оқыту  нәтижесі

Топқа бөлу

Сыныпты жыл мезгілдеріне қарай төрт топқа бөлу. Күз айында туылғандар 1 - топ, қыс айында дүниеге келгендер 2 - топ, көктем айындағылар 3 - топ, жаз айындағылар 4 - топ болып бөлінеді.

Ынтымақтастық атмосферасы

Бәріміз бірге мына сөздерді айтайық:

Отбасының гүліміз,

Көңілді өтер күніміз.

«Қайырлы таң!» деп айтамыз,

Бір болып, кеште қайтамыз.

Үй тапсырмасын сұрау

 

Кім жүйрік?»

Сұрақтарға тез жауап беру.

1.     Дыбыстарды зерттейтін сала.

2.     Тілдің қатысына қарай дауысты дыбыстар нешеге бөлінеді?

3.     Жуан және жіңішке дауысты дыбыстардың жасалуы жолы.

4.     Ашық және қысаң дауысты дыбыстар жасалуы жолы.

Мағынаны тану

 

Дауысты  дыбыстың  жасалуы  кезіндегі ерін  мен  езудің  қалпына  қарай  олар  еріндік  және  езулік  болып  бөлінеді.

Еріннің  дөңгеленіп,  алға  қарай  созылуы  арқылы жасалған  дауысты  дыбыстарды  еріндік  дауыстылар  деп  атайды. Олар:о,ө,у,ү,ұ.

Езудің  кейін  қарай  тартылуы  арқылы  жасалған  дауысты  дыбыстарды  езулік  дауыстылар деп  атайды. Олар:а,ә,е,э,ы,і,и.

Сөздің  алдыңғы  буынындағы  еріндік  дауыстылар  кейінгі буындағы  езулік  дауыстылырға  әсер  етеді.  Оны  өзіне  қарай  бейімдеп  еріндік  дауыстыға  айналдырады. Мысалы:  құлын  сөзі  - құлұн  болып  айтылады.жазудағы  нормасы  құлын  болғанымен,  айтудағы  нормасын  сақтап  айту  керек.  Себебі,  сөздерді  дұрыс  айта  білу де – тіл  мәдениетінің  бір  шарты.

Оқулықтағы жаттығуларды,топтарда орындау.

Сергіту сәті

Орнымыздан тұрайық,
Алақанды созайық.
Оңға қарай иіліп,
Солға қарай иіліп,
Бір отырып, бір тұрып,
Сәл тынығып алайық.

 

Оқушылар денелерін жатықтырады

Ой толғаныс

Үлестірмелі қағаздармен жұмыс.

    Деңгейлік тапсырмалар.

III деңгей

  Жабық тест сұрақтарға жауап жаз.

1. Фонетика нені зерттейді?

2.   Сөйлем мүшелеріне нелер жатады?

3.   Әліпбиді жатқа жаз.

II деңгей

     Кестені толтыр.

 

Дауысты

дыбыстар

Жақтың атысына

Тілдің қатысына

Еріннің

қатысына

 

 

 

 

ашъқ

кысаң

жуан

жіңішке

еріндік

езулік

 

 

 

 

 

 

 

    І деңгей

 Фонетиканың схемасына сүйене отырьп, ауызша ереже айту.

 

Үй тапсырмасы

Оқулықтағы тапсырмаларды орындау

Күнделіктеріне жазады

 Бағалау

Бағалау парақшаларын тарату

Парақшаларды толтырады

Кері байланыс

 

Қазақ тілі

Уақыты:

Кабинет: 

Мұғалім:

Сабақтың атауы

Бақылау диктанты   «СИЫР»

Қатемен жұмыс.Тіл ұстарту.

Сілтеме

Қазақ тілі оқулығының әдістемесі

Сабақтың жабдығы

Тақта,суреттер,кеспе қағаздар

Жалпы мақсаттар

Сиыр тақырыбындағы диктантты жаздыру арқылы,төрт түлік туралы түсінік беру. Ойлау,сөйлеу,жазу дағдыларын қалыптастыру. Жазу сауаттылығына баулу.

Оқыту  нәтижесі

Топқа бөлу

Сыныпты жыл мезгілдеріне қарай төрт топқа бөлу. Күз айында туылғандар 1 - топ, қыс айында дүниеге келгендер 2 - топ, көктем айындағылар 3 - топ, жаз айындағылар 4 - топ болып бөлінеді.

Ынтымақтастық атмосферасы

Бәріміз бірге мына сөздерді айтайық:

Отбасының гүліміз,

Көңілді өтер күніміз.

«Қайырлы таң!» деп айтамыз,

Бір болып, кеште қайтамыз.

Үй тапсырмасын сұрау

Оқулықтағы тапсырмаларды орындау

Мағынаны тану

 

                                             СИЫР

            Сиыр – күйіс қайыратын ірі қара мал. Сиырдың тұяғы айыр және мүйізі үлкен болады. Мүйізсіз сиырды тоқал сиыр дейді. Адам баласына сиырдың пайдасы аса зор. Олар ет беретін және сүт беретін сиырлар болып екі топқа бөлінеді. Етті сиырдың терісі қалың және денелі келеді. Сүтті сиырдың терісі жұқа және бөкселі болады. (53сөз)

Жазылуы қиын сөздер: мүйізсіз, бөкселі.

            1. Соңғы сөйлемде неше сөз бар?

            2.Төртінші сөйлемдегі сөздердің байланысын сызықпен қосып көрсетіңдер.

 

Сергіту сәті

Орнымыздан тұрайық,
Алақанды созайық.
Оңға қарай иіліп,
Солға қарай иіліп,
Бір отырып, бір тұрып,
Сәл тынығып алайық.

 

Оқушылар денелерін жатықтырады

Ой толғаныс

Шығармашылық тапсырма:

1-топ

«»Сиырдың пайдасы»  постер

2-топ

«Төрт түлік» постер

Үй тапсырмасы

Қайталау

Төрт түлік туралы мәліметтер жинақтау

Күнделіктеріне жазады

 Бағалау

Бағалау парақшаларын тарату

Парақшаларды толтырады

Кері байланыс

 

 

Қазақ тілі

Уақыты:

Кабинет: 

Мұғалім:

Сабақтың атауы

Орфография

Сілтеме

Қазақ тілі оқулығының әдістемесі

Сабақтың жабдығы

Тақта,суреттер,кеспе қағаздар

Жалпы мақсаттар

Білімділік: Оқушылардың грамматикадан оқып, үйренген ережелерін ойындар арқылы қайталап бекіте түсу. Сөздердің айтылу және жазылу нормаларымен таныстыру, мысалдар келтіру арқылы дәлелдеу.
Дамытушылық: Жауапты тез таптырып, тапқырлыққа дағдыландыру. Жаттығу жұмыстары арқылы мағынаны таныту. Есте сақтау, ойлау қабілеттерін арттыру.
Тәрбиелік: Тіл дамыту жұмыстарын жүйелі әрі қызықты етіп ұйымдастырудың тиімділігін сезіндіру, ұқыпты, таза сауатты жазуға тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Аралас сабақ.
Сабақтың әдісі: баяндау, талдау, сұрақ - жауап

Оқыту  нәтижесі

Топқа бөлу

Геометриялық фигуралар арқылы сыныпты 3-топқа бөлу

Ынтымақтастық атмосферасы

Қазақ тілі – өз тілім, ана тілім,
Абай, Мұхтар сөйлеген дана тілім,
Қастерлейді ұл - қызың мәңгі сені
Балалығым, бақытым, қазақ тілім - дей келе сабағымызды бастаймыз.

Үй тапсырмасын сұрау

Үй тапсырмасы жазылған дәптерлерін тексеру

Мағынаны тану

 

Орфография туралы
             Тілдегі сөздердің дұрыс жазу ережелерінің жиынтығы орфография (гректің орфос — дұрыс, түзу және графия — жазу деген сөздерден алынған) деп аталады. Тіл жүйелі, қоғамдық құбылыс болғандықтан, жұрттың бәріне ортақ оның жазу ережелері болады. Әркім өзінше әр түрлі жаза беретін болса, ол жүйелі тіл болмақ емес. Кейде дұрыс жазу ережелерін емле деп те атайды.
Тілде жазу үш принципке сүйенеді.
1. Морфологиялық принцип. Бұл принцип бойынша сөздер айтылуынша емес, бастапқы түбір тұлғасы сақталып жазылады. Мысалы: бас-шы (айтылуындай башшы емес), түн-гі (түңгі емес), Жан-пейіс (Жәмпейіс емес) болып сөздің түбірі де, қосымша да өз тұлғаларын сақтап жазылады.
2. Дәстүрлі (тарихи) принцип бойынша сөздер әуелгі тұлғасында емес, тілде қалыптасқан тұлғасы бойынша жазылады. Мысалы: хал, хат, хабар т. б. сөздер қал, к,ат, қабар болып жазылмайды, дәстүр бойынша қалыптасқан тұлғасында жазылады.
3. Фонетикалық принцип бойынша сөздер дыбыстық заңдарга сүйеніліп, айтылуы және естілуі бойынша жазылады. Мысалы, жаздыгүні, сексен, бүгін, жауып қойды, белбеу сияқты сөздер осылай айтылуынша, естілуінше жазылады, ал бұл сөздердің тарихи тұлғалары — жаздың күні, сегіз он, бұл күн, жап+ып қойды, белбау.
Қазақ тіліндегі сөздер бір ғана принцип бойынша жазылмайды. Сөздердің көпшілігі морфологиялық принцип бойынша жазылса да, фонетикалык және дәстүрлі принциптер бойынша да жазылатын сөздер аз емес. Оны қазақ тілінің ресми бекітілген «Орфографиялық (емле) ережелері» мен — орфографиялық сөздіктері белгілеп отырады. Орфографиялық ережелерді Қазақстан республикасының Жоғаргы Кеңесі бекітеді.

Оқулықтағы жаттығуларды,топтарда орындау.

Орфография – сөздердің дұрыс жазылу заңдылығы.

Сергіту сәті

Орнымыздан тұрайық,
Алақанды созайық.
Оңға қарай иіліп,
Солға қарай иіліп,
Бір отырып, бір тұрып,
Сәл тынығып алайық.

 

Оқушылар денелерін жатықтырады

Ой толғаныс

     «Орфография» деген сөз «дұрыс жазамын» дегенді білдіреді.Орфография-сөзді бірізді жазудың тәсілдерін белгілейтін ереже.Орфография дыбыстарды қандай әріппен беруді,сөздерді,оның бөлшектерін бірге,бөлек немесе дефис арқылы жазуды,бас әріптің қолданылуын,тасымал тәртібін белгілейді.

№1

Төмендегі сөздердің тұсына олардың орфографиялық нормасын сақтап жазыңдар.

Жылан гөз -                              жыланғұрт –

қайқаяқ –                                  қайран ғалу –

қайрақ тас –                              қайыр ғош –

қақ пөлу –                                  қағ алды –

саптаяқ –                                 сарауыз –

сегіз ғанат –

Үй тапсырмасы

Оқулықтағы тапсырмаларды орындау

Күнделіктеріне жазады

 Бағалау

Бағалау парақшаларын тарату

Парақшаларды толтырады

Кері байланыс

 

 

 

Қазақ тілі

Уақыты:

Кабинет: 

Мұғалім:

Сабақтың атауы

Орфоэпия.

Сілтеме

Қазақ тілі оқулығының әдістемесі

Сабақтың жабдығы

Тақта,суреттер,кеспе қағаздар

Жалпы мақсаттар

Сабақтың мақсаты :

а)  Оқушылардың ойлау қабілетін сабаққа деген қызығушылығын арттыру және негізгі мәселелерге аса көңіл бөлуге үйрету ;

 ә)  Өз бетінше ізденуге,ойлау қабілетін арттыруға ықпал ету,өз ойын еркін жеткізуге баулу,жылдам жауап беруге дағдыландыру,тіл,сөйлеу тілдерін етілдіру,сөйлеумашықтарын,шығармашылық қабілеттерін дамытуға жол ашу,ойлау қабілеттерін,сөздік қорларын дамыту  ;                                                                                                                                                                                                                                                   

 б)  Мақал – мәтел арқылы оқушылардың рухани байлығын қалыптастыру,адамгершілікке тәрбиелеу,тапқырлық,іздемпаздық қасиеттерін қалыптастыру,адамгершілік қасиеттерге,ұлттық құндылықтарды сүйе білуге дағдыландыру.

Сабақтың түрі :                                Аралас сабақ

Сабақтың әдісі :                               сұрақ - жауап

Сабақтың көрнекілігі :                   үлестірмелі кеспе қағаздар

Халықтық педагогика                    нақыл сөздер

Оқыту  нәтижесі

Топқа бөлу

Сыныпты жыл мезгілдеріне қарай төрт топқа бөлу. Күз айында туылғандар 1 - топ, қыс айында дүниеге келгендер 2 - топ, көктем айындағылар 3 - топ, жаз айындағылар 4 - топ болып бөлінеді.

Ынтымақтастық атмосферасы

 Оқушылармен амандасу,түгелдеу,оқу құралдарын тексеру.

Сыныптың тазалығына көңіл бөлу.

зейінін сабаққа аудару.

Үй тапсырмасын сұрау

 

1.Үндестік заңы дегеніміз не?

2.Буын үндестігіне бағынбайтын қосымшаларды ата?

3.Дыбыс үндестігі дегеніміз не?

4.Орфография дегеніміз не?

Мағынаны тану

 

«Орфоэпия» - «дұрыс айтамын» деген сөз. Орфоэпия – ауызша сөздің бірізді дыбысталуын қамтамасыз ететін ұлттық тіл нормасының жиынтығы.Әдетте сөздің бірізді дыбысталуы тілдесуді жеңілдетеді.

   Дыбыс үндестігі орфоэпияның негізгі нормаларының бірі болып табылады.

Оқулықтағы жаттығуларды,топтарда орындау.

Сергіту сәті

Орнымыздан тұрайық,
Алақанды созайық.
Оңға қарай иіліп,
Солға қарай иіліп,
Бір отырып, бір тұрып,
Сәл тынығып алайық.

 

Оқушылар денелерін жатықтырады

Ой толғаныс

Шығармашылық тапсырма

«Теледидар жүргізушісіне еліктеу»

Үй тапсырмасы

Мәтіндегі жазылуы мен айтылуында айырмашылық байқалатын сөзді тап.

Оқулықтағы тапсырмаларды орындау

Күнделіктеріне жазады

 Бағалау

Бағалау парақшаларын тарату

Парақшаларды толтырады

Кері байланыс

 

 

Қазақ тілі

Уақыты:

Кабинет: 

Мұғалім:

Сабақтың атауы

Екпін

 Екпіннің түрлері

Сілтеме

Қазақ тілі оқулығының әдістемесі

Сабақтың жабдығы

Тақта,суреттер,кеспе қағаздар

Жалпы мақсаттар

 а)  Оқушыларға ұлттық тіліміздің өркендеп оянуына ана тілімізді сүюге,ана тілін аяққабаспай мәртебесін биік ұстау жөнінде түсіндіру,соған дәріптеу ;

 ә) Әр оқушының өзіндік ой – қиялына ерік беріп,өзінше ой қорытуға,ой түюге баулу,шығармашылық жұмысқа жұмылдыру арқылы таным – түсініктерін дамыту ;                                                                                                                                                                                                                                                    

  б)  Оқушылардың бойына әдептілік,инабаттылық,қарапайымдылық қасиеттерін қалыптастыру.

Сабақтың түрі :                                Дәстүрлі сабақ

Сабақтың әдісі :                               сұрақ - жауап

Сабақтың көрнекілігі :                   үлестірмелі кеспе қағаздар,кітап

Оқыту  нәтижесі

Топқа бөлу

Сыныпты жыл мезгілдеріне қарай төрт топқа бөлу. Күз айында туылғандар 1 - топ, қыс айында дүниеге келгендер 2 - топ, көктем айындағылар 3 - топ, жаз айындағылар 4 - топ болып бөлінеді.

Ынтымақтастық атмосферасы

   Оқушылармен амандасу,түгелдеу,оқу құралдарын тексеру.Сыныптың тазалығына көңіл бөлу.Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

Үй тапсырмасын сұрау

 

   Үйге берілген жаттығуды тексеремін.Оқушыларға бірнеше сұрақтар қоямын.

1.Буын үндестігі дегеніміз не?

2.Дыбыс үндестігі дегеніміз не?

3.Орфография дегеніміз не?

4.Орфоэпия дегеніміз не?

Мағынаны тану

 

Тілдің сөйлеу нормасына тән ендігі бір фонетикалық құбылыс – екпін.Сөйлеп тұрғанда,бір сөз басқа сөздерге,бір буын басқа буындарға,бір дыбыс басқа дыбыстарға қарағанда күшті,көтеріңкі айтылуын екпін дейміз.

   Екпін сөз екпіні,ой екпіні,тіркес екпіні,дыбыс екпіні болып бөлінеді.

   Екі немесе одан да көп буынды бір сөздің ішіндегі бір буынның көтеріңкі айтылуы сөз екпіні деп аталады.Қазақ тіліндегі сөз екпінінің орны тиянақты болады: екпін сөздің ең соңғы бөлігіне түседі.Мысалы: Үзді’к оқушыларға’ бағалы’ сыйлықта’р беріледі’.

Кейде тілімізде бірнеше сөз тізбектеліп барып түгелімен бір ғана екпінге ие болады.Екпіннің мұндай түрі тіркес екпін деп аталады. Мысалы: тәлім-тәрбие’,ата-ана’,оқу үші’н,сен ғой’,қырық шақты’,ән са’л,көк ала’,қыпша бе’л,Абай көшесі’,ат үсті’,қас пен көздің арасында’,құлақ са’л,көп сөйледі’,тез жазды’,т.б.

  Айтылуда тіркес құрамына енген сөздердің ара жігі үзілмей,бірігіп айтылады.

Тапсырма

Үлгі-сызбада көрсетілген бір тіркес екпініне бағынатын сөздердің тұсына соған тұлғалас бірнеше сөз жазыңдар.

 

Жүн-жұрқа

 

үйге дейін

 

еңбек ет

 

ну орман

 

биік шың

 

ұзақ сөйлесті

 

жүрек жұтқан

 

      Сөйлем ішінде ерекше көңіл аударуға тиісті болған бір сөзді оқшаулап,бөліп айту ой екпіні деп аталады.Ой екпіні тұрақты болмайды.Өйткені бір сөйлемдегі кез келген сөзге ерекше көңіл аударыла беруі мүмкін.

       Мысалы:  Атасы бүгін ауылға келді.

                         Атасы  ауылға  бүгін келді.

                         Ауылға  бүгін атасы келді.

   Осындағы бірінші сөйлем атасы ауылға келгенін,екінші сөйлемде атасы бүгін келгенін,үшінші сөйлемде ауылға басқа емес,атасы келгенін нақтылап хабарлау мақсаты көзделген.Сондықтан тыңдаушының назарын ой екпіні түскен сөзге аудару үшін ол сөздің қалыпты орны басқа орынға (баяндауыштың алдына ) ауыстырып қолданылған. Назар аударылатын сөз сөйлемнің басында не соңында,көбінесе баяндауыштың алдында тұрады.

      Сөйлеушінің көтеріңкі көңіл күйін,абыржыған ішкі сезімін тыңдаушыға жеке бір дыбыс арқылы жеткізетін сәттер болады.Бір сөздің ішіндегі бір дыбысты көтеріп не созып айту тәсілі дыбыс екпіні деп аталады.Қуанышты көңіл күйді дауысты дыбыстарға түскен екпін білдіреді: тама-ша-аә-ә-рекелді,жара-а-йсың, т.б. Реніш,кею,қынжылу сезімдерін дауыссыз дыбысқа түскен екпін білдіреді: т-тарт қолыңды,тыныш отыр-р-р,ж-жап есікті,т.б.

Оқулықтағы жаттығуларды,топтарда орындау.

Сергіту сәті

Орнымыздан тұрайық,
Алақанды созайық.
Оңға қарай иіліп,
Солға қарай иіліп,
Бір отырып, бір тұрып,
Сәл тынығып алайық.

 

Оқушылар денелерін жатықтырады

Ой толғаныс

1.Ой екпіні дегеніміз не?

2.Ой екпіні көбінесе қай сөйлем мүшесінің алдында тұрады?

3.Дыбыс екпіні дегеніміз не?

4.Дыбыс екпіні бір сөзге түскенде ол сөз қандай сезімдерді білдіреді?

Үй тапсырмасы

Оқулықтағы тапсырмаларды орындау

Күнделіктеріне жазады

 Бағалау

Бағалау парақшаларын тарату

Парақшаларды толтырады

Кері байланыс

 

 

Қазақ тілі

Уақыты:

Кабинет: 

Мұғалім:

Сабақтың атауы

Бақылау диктанты  «Балалық шақ»

Қатемен жұмыс.Тіл ұстарту.

Сілтеме

Қазақ тілі оқулығының әдістемесі

Сабақтың жабдығы

Тақта,суреттер,кеспе қағаздар

Жалпы мақсаттар

а) Балалардың есте сақтау қабілетін дамыту,өз ойын еркін жеткізе білуге,сауатты жазуға дағдыландыру.

ә) Мұхият тыңдап, ұқыпты жаза білуге үйрету.

б) Өз ісіне ұқыпты,мейірімді,кешірімшіл болуға тәрбиелеу.

Сабақтың түрі :                    қайталау

Сабақтың әдісі:                      баяндау

Сабақтың көрнекілігі :          диктанттар жинағы

Халықтық педагогика           мақал-мәтелдер.

Оқыту  нәтижесі

Топқа бөлу

Сыныпты жыл мезгілдеріне қарай төрт топқа бөлу. Күз айында туылғандар 1 - топ, қыс айында дүниеге келгендер 2 - топ, көктем айындағылар 3 - топ, жаз айындағылар 4 - топ болып бөлінеді.

Ынтымақтастық атмосферасы

Балалық шағым менің есімде,

Мәңгілік қалшы!

Мектепбім,аяулы ұстазым

Балалық тілегім осы!

Үй тапсырмасын сұрау

Үй тапсырмасы жазылған дәптерлерін тексеру

Мағынаны тану

 

                                                 Балалық шақ

 

   Менің туған отбасым – кәдімгі отбасыларының бірі.Әкем кедей шаруадан

шыққан.Әкемнің аздаған білімі болатын.Қолы өнерлі еді.Сондықтан ол ағаш

ұстасы,шешем сауыншы болды.Тұрмыс жақсарып,жұрт дәулетті тұрды.Біздің үйіміз ауылдың шетінде тұратын.Кішкене бақшамызда алма,шие,алша,қарақат өсетін.Үй сыртындағы алаңда балалар асыр салып ойнайтын.Өзімнің үш жасар кезім әлі есімде.Апам май мейрамы күні мектепке ала барды.Мен орындыққа шығып тұрып,тақпақ айттым.Оқушылар мені мақтап қол шапалақтады.Содан былай мен мектепке баруды арман еттім.

Сергіту сәті

Орнымыздан тұрайық,
Алақанды созайық.
Оңға қарай иіліп,
Солға қарай иіліп,
Бір отырып, бір тұрып,
Сәл тынығып алайық.

 

Оқушылар денелерін жатықтырады

Ой толғаныс

Шығармашылық тапсырма:

1-топ

«Менің балалық шағым» сурет салу

2-топ

«Балалықты аңсаймын» эссе жазу

Үй тапсырмасы

Оқулықтағы тапсырмаларды орындау

Күнделіктеріне жазады

 Бағалау

Бағалау парақшаларын тарату

Парақшаларды толтырады

Кері байланыс

 

Қазақ тілі

Уақыты:

Кабинет: 

Мұғалім:

Сабақтың атауы

Сөзжасам туралы түсінік

Сілтеме

Қазақ тілі оқулығының әдістемесі

Сабақтың жабдығы

Тақта,суреттер,кеспе қағаздар

Жалпы мақсаттар

а)  Оқушылардың ойлау қабілетін сабаққа деген қызығушылығын арттыру және негізгі мәселелерге аса көңіл бөлуге үйрету ;

ә)  Өз бетінше ізденуге,ойлау қабілетін арттыруға ықпал ету,өз ойын еркін жеткізуге баулу,жылдам жауап беруге дағдыландыру,тіл,сөйлеу тілдерін етілдіру,сөйлеумашықтарын,шығармашылық қабілеттерін дамытуға жол ашу,ойлау қабілеттерін,сөздік қорларын дамыту  ;

б)  Мақал – мәтел арқылы оқушылардың рухани байлығын қалыптастыру,адамгершілікке тәрбиелеу,тапқырлық,іздемпаздық қасиеттерін қалыптастыру,адамгершілік қасиеттерге,ұлттық құндылықтарды сүйе білуге дағдыландыру.

Сабақтың түрі :                                Аралас сабақ

Сабақтың әдісі :                               сұрақ – жауап,тіл дамыту әдістері

Сабақтың көрнекілігі :                   үлестірмелі кеспе қағаздар

Оқыту  нәтижесі

Топқа бөлу

Сыныпты жыл мезгілдеріне қарай төрт топқа бөлу. Күз айында туылғандар 1 - топ, қыс айында дүниеге келгендер 2 - топ, көктем айындағылар 3 - топ, жаз айындағылар 4 - топ болып бөлінеді.

Ынтымақтастық атмосферасы

Оқушылармен амандасу,түгелдеу,оқу құралдарын тексеру.Сыныптың тазалығына көңіл бөлу.Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

Үй тапсырмасын сұрау

Үй тапсырмасы жазылған дәптерлерді тексеру

Мағынаны тану

 

        «Сөзжасам» дегеніміз – жаңа сөздердің жасалуы.Ойла дегенде ой деген сөзге –ла қосымшасы жалғану арқылы ойлау іс-әрекетін білдіретін жаңа сөз ( ойла ) жасалған.Мал деген сөзге –шы қосымшасы жалғану арқылы малды бағатын адам жөніндегі жаңа мағыналы сөз  ( малшы ) жасалған.Бес және атар деген екі сөздің бірігуінен  жаңа мағыналы бесатар сөзі жасалған,ол – мылтықтың бір түрі.

   Кәрі және жас  деген сөздердің қосарлануы арқылы (кәрі-жас) бүкіл жұртшылық дегенді білдіретін жаңа мағыналы сөз жасалған.

   Тілімізде қол деген сөз бар: бастапқы мағынасы – дене мүшесінің атауы,кейінгі мағынасы - әскер (қол).

   Айғыр және жуа сөздерінің тіркесуінен (айғыр жуа) өсімдіктің атын білдіретін жаңа мағыналы сөз туған.

   Жаңа сөздер тудырудың бірнеше тәсілі бар:жұрнақ арқылы,екі сөзді біріктіру арқылы,екі сөзді қосарлау арқылы,екі сөзді тіркестіру арқылы жасалады.

   Қазақ тіліндегі сөздер түбір сөздер туынды сөздер болып бөлінеді.Жоғарыдағы келтірілген мысалдар – туынды сөздер.Ал түбір сөзге сөздің бастапқы мағынасы жатады:

Ой,мал,бес,ат,кәрі,жас,бала,айғыр, т.б.

Оқулықтағы жаттығуларды,топтарда орындау.

Сергіту сәті

Орнымыздан тұрайық,
Алақанды созайық.
Оңға қарай иіліп,
Солға қарай иіліп,
Бір отырып, бір тұрып,
Сәл тынығып алайық.

 

Оқушылар денелерін жатықтырады

Ой толғаныс

1.Сөзжасам дегеніміз қандай сөздердің жасалуы арқылы жасалады?

2.Жаңа сөз тудырудың тәсілдерін ата?

Үй тапсырмасы

Оқулықтағы тапсырмаларды орындау

Күнделіктеріне жазады

 Бағалау

Бағалау парақшаларын тарату

Парақшаларды толтырады

Кері байланыс

 

Қазақ тілі

Уақыты:

Кабинет: 

Мұғалім:

Сабақтың атауы

Лексикалық жолмен жасалған сөздер

Сілтеме

Қазақ тілі оқулығының әдістемесі

Сабақтың жабдығы

Тақта,суреттер,кеспе қағаздар

Жалпы мақсаттар

а) Оқушылардың шығармашылықты жұмыс істеуіне ықпал ету.Ойлау шеберлігін,сөйлеу мәдениетін арттыру

ә) Оқушылардың ойын кеңейтіп,тілді байытатын мазмұнды да көркем сөз үлгілері мол мақал-мәтелдер,нақыл сөздер үйрету.

б)   Оқушылардың бойына әдептілік,инабаттылық,қарапайымдылық қасиеттерін қалыптастыру.

Сабақтың түрі :                                Аралас сабақ

Сабақтың әдісі :                               сұрақ-жауап,баяндау

Сабақтың көрнекілігі :                   үлестірмелі кеспе қағаздар

Оқыту  нәтижесі

Топқа бөлу

Сыныпты жыл мезгілдеріне қарай төрт топқа бөлу. Күз айында туылғандар 1 - топ, қыс айында дүниеге келгендер 2 - топ, көктем айындағылар 3 - топ, жаз айындағылар 4 - топ болып бөлінеді.

Ынтымақтастық атмосферасы

Оқушылармен амандасу,түгелдеу,оқу құралдарын тексеру.Сыныптың тазалығына көңіл бөлу.Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

Үй тапсырмасын сұрау

 

Өткен сабақты еске түсіру үшін оқушыларға бірнеше сұрақтар қоямын.

1.дыбыс екпіні дегеніміз не?                    

2.ой екпіні дегеніміз не?

3.Сөзжасам дегеніміз не?

Мағынаны тану

 

     Туынды сөздердің лексикалық жолмен жасалуы дегеніміз – сөздің сыртқы түрі өзгермей-ақ,жаңа мағыналарға ие болуы.Мысалы,Ақ: 1) ақ (ағу – бастапқы мағына); 2) ақ (ақ жіп,ақ сүт – түсті білдіретін бастарқы мағына); 3) ақ – жаңа мағына (сүттен жасалатын тағамның атауы). Айдар: 1) ерекшелікті көрсету үшін әскери бас киімнің үстіне жасалатын бөлігі (бастапқы мағына); 2) баланың шашын алғанда,көз тимесін деп маңдай шашын әдейі алмай қалдырған оның шоқ шашы (бастапқы  мағына)басөзде, телерадиохабарларда  берілетін жаңа тақырыптар (жаңа мағына).

   Қазақ тілінде осындай жолмен жасалған сөздерге көп мағыналы және омоним сөздер жатады.

Оқулықтағы жаттығуларды,топтарда орындау.

Сергіту сәті

Орнымыздан тұрайық,
Алақанды созайық.
Оңға қарай иіліп,
Солға қарай иіліп,
Бір отырып, бір тұрып,
Сәл тынығып алайық.

 

Оқушылар денелерін жатықтырады

Ой толғаныс

1.Туынды сөздер қандай жолмен жасалады?

2.Сөздің сыртқы түрі өзгермей-ақ,жаңа мағынаға ие болуын не деп атаймыз?

3.Көп мағыналы және омоним сөздер қандай жолмен жасалған сөздерге жатады?   

Үй тапсырмасы

Берілген сөздердің әрқайсысы бірнеше мағынада жұмсалатындай  етіп сөйлем құраңдар    Ер,асау,қорық,жақ,жарық,қал,шаш,түс.

Күнделіктеріне жазады

 Бағалау

Бағалау парақшаларын тарату

Парақшаларды толтырады

Кері байланыс

 

 

Қазақ тілі

Уақыты:

Кабинет: 

Мұғалім:

Сабақтың атауы

Жұрнақ арқылы жасалған сөздер

Сілтеме

Қазақ тілі оқулығының әдістемесі

Сабақтың жабдығы

Тақта,суреттер,кеспе қағаздар

Жалпы мақсаттар

а)  Түрлі әдістерді пайдалана отырып балаларды тапқырлық,жылдамдық,есте сақтау қабілеттерін артыру.Сөйлеу тілін жетілдіріп,шешендік өнерге баулу ;

ә)  Оқушылардың туған жер тарихына деген патриоттық сезімін ояту,адамгершілікке баулу,халық даналығы,халық өсиеттерінен нәр алғызу,сөз өнеріне деген қызығушылығын арттыру ;

б) Ой еркіндігіне,ізденімпаздыққа баулу,сөйлеу мәдениетін жетілдіру,өз бетімен әрекеттенуге дағдыландыру.

Сабақтың түрі :                                Аралас сабақ

Сабақтың әдісі :                               сұрақ - жауап

Сабақтың көрнекілігі :                   үлестірмелі кеспе қағаздар

Пәнаралық байланыс :                   әдебиет

Оқыту  нәтижесі

Топқа бөлу

Сыныпты жыл мезгілдеріне қарай төрт топқа бөлу. Күз айында туылғандар 1 - топ, қыс айында дүниеге келгендер 2 - топ, көктем айындағылар 3 - топ, жаз айындағылар 4 - топ болып бөлінеді.

Ынтымақтастық атмосферасы

   Оқушылармен амандасу,түгелдеу,оқу құралдарын тексеру.Сыныптың тазалығына көңіл бөлу.Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

Үй тапсырмасын сұрау

 

Үйге берілген жаттығуды тексеремін.Оқушыларға бірнеше сұрақтар қоямын.

1.Орфография дегеніміз не?                   4.Сөз екпіні дегеніміз не?

2.Орфоэпия дегеніміз не?                       5.Сөз жасам дегеніміз не?

3.Екпін дегеніміз не?                               6.Лексикалық жолмен жасалған туынды сөздер дегеніміз не?

Мағынаны тану

 

    Түбір сөздерге  сөз тудырушы жұрнақтар жалғанғанда,жаңа мағыналы сөздер жасалады.мысалы: кес+пе,сүз+бе,көр+ме,қаш+қын,тас+қын,өр+мек,ек+ін (егін),жең+іс,біл+ім,қуан+ыш,ал+ғыр,тоң+ғақ,қол+да

ақ+та,көк+те..

Оқулықтағы жаттығуларды,топтарда орындау.

Сергіту сәті

Орнымыздан тұрайық,
Алақанды созайық.
Оңға қарай иіліп,
Солға қарай иіліп,
Бір отырып, бір тұрып,
Сәл тынығып алайық.

 

Оқушылар денелерін жатықтырады

Ой толғаныс

1.Жұрнақтар жалғану жолымен жасалған туынды сөздер дегеніміз не?

2.Түбір сөздерге қандай жұрнақтар жалғанғанда,жаңа мағыналы сөздер жасалады?

Үй тапсырмасы

Оқулықтағы тапсырмаларды орындау

Күнделіктеріне жазады

 Бағалау

Бағалау парақшаларын тарату

Парақшаларды толтырады

Кері байланыс

 

Қазақ тілі

Уақыты:

Кабинет: 

Мұғалім:

Сабақтың атауы

Бірігу жолымен жасалған туынды сөздер

Сілтеме

Қазақ тілі оқулығының әдістемесі

Сабақтың жабдығы

Тақта,суреттер,кеспе қағаздар

Жалпы мақсаттар

а)  Оқушылардың ойлау қабілетін сабаққа деген қызығушылығын арттыру және негізгі мәселелерге аса көңіл бөлуге үйрету ;

ә)  Өз бетінше ізденуге,ойлау қабілетін арттыруға ықпал ету,өз ойын еркін жеткізуге баулу,жылдам жауап беруге дағдыландыру,тіл,сөйлеу тілдерін етілдіру,сөйлеумашықтарын,шығармашылық қабілеттерін дамытуға жол ашу,ойлау қабілеттерін,сөздік қорларын дамыту  ;

б)  Мақал – мәтел арқылы оқушылардың рухани байлығын қалыптастыру,адамгершілікке тәрбиелеу,тапқырлық,іздемпаздық қасиеттерін қалыптастыру,адамгершілік қасиеттерге,ұлттық құндылықтарды сүйе білуге дағдыландыру.

Сабақтың түрі :                                Аралас сабақ

Сабақтың әдісі :                               сұрақ – жауап,тіл дамыту әдістері

Сабақтың көрнекілігі :                   үлестірмелі кеспе қағаздар

Халықтық педагогика                    мақал-мәтелдер

Оқыту  нәтижесі

Топқа бөлу

Сыныпты жыл мезгілдеріне қарай төрт топқа бөлу. Күз айында туылғандар 1 - топ, қыс айында дүниеге келгендер 2 - топ, көктем айындағылар 3 - топ, жаз айындағылар 4 - топ болып бөлінеді.

Ынтымақтастық атмосферасы

Оқушылармен амандасу,түгелдеу,оқу құралдарын тексеру.Сыныптың тазалығына көңіл бөлу.Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

Үй тапсырмасын сұрау

 

1.Сөзжасам дегеніміз не?

2.Лексикалық жолмен жасалған туынды сөздер дегеніміз  не?

3.Жұрнақтар жалғану жолымен жасалған туынды сөздер дегеніміз не?

Мағынаны тану

 

Екі я одан да көп сөзден бірігіп,жаңа лексикалық мағына беретін сөздер жасалады.Мысалы:Ақтөбе,көкқұтан,өнеркәсіп,үштөбе,Сырдария,болатбек,тасбақа,т.б.

Бұларды тіл білімінде біріккен сөздер деп атайды.

Оқулықтағы жаттығуларды,топтарда орындау.

Сергіту сәті

Орнымыздан тұрайық,
Алақанды созайық.
Оңға қарай иіліп,
Солға қарай иіліп,
Бір отырып, бір тұрып,
Сәл тынығып алайық.

 

Оқушылар денелерін жатықтырады

Ой толғаныс

Топпен жұмыс :  Бірігу тәсілімен жасалған қандай құс,аң,өсімдік,жер атауларын білесіңдер? Өз білімдеріңді тексеріп көріңдер.  

Білімді бекіту: Оқушылардың түсінбеген сұрақтарына жауап беремін.өздеріне сұрақтар қоямын.

1.Бірігу жолымен жасалған туынды сөздер дегеніміз не?

2.Жаңа лексикалық мағына беретін сөздер қанша сөздің бірігуі арқылы жасалады? т.б.

Үй тапсырмасы

Оқулықтағы тапсырмаларды орындау

Күнделіктеріне жазады

 Бағалау

Бағалау парақшаларын тарату

Парақшаларды толтырады

Кері байланыс

 

Қазақ тілі

Уақыты:

Кабинет: 

Мұғалім:

Сабақтың атауы

Қосарлану жолымен жасалған сөздер

Сілтеме

Қазақ тілі оқулығының әдістемесі

Сабақтың жабдығы

Тақта,суреттер,кеспе қағаздар

Жалпы мақсаттар

а)  Оқушылардың шығармашылықпен жұмыс істеуіне ықпал ету.Ойлау шеберлігін сөйлеу мәдениетін арттыру ;

ә)  адамгершілік қасиеттерге баулу,үлгі - өнеге ету ;

б)  шығармашылық ізденіске бағыттау,ой бөлісу,өз ойын көркемдеп еркін айтуға баулу,мәнерлеп оқуға дағдыландыру,ізденімпаздыққа төселу.

Сабақтың түрі :                                Аралас сабақ

Сабақтың әдісі :                               сұрақ – жауап,тіл дамыту

Сабақтың көрнекілігі :                   үлестірмелі кеспе қағаздар

Пәнаралық байланыс :                   әдебиет

Оқыту  нәтижесі

Топқа бөлу

Пазл арқылы сыныпты топтарға бөлу

Ынтымақтастық атмосферасы

Оқушылармен амандасу,түгелдеу,оқу құралдарын тексеру.Сыныптың тазалығына көңіл бөлу.Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

Үй тапсырмасын сұрау

 

Үйге берілген жаттығуды тексеремін. Оқушыларға бірнеше сұрақтар қоямын.

1.Орфография дегеніміз не?                  2.Орфоэпия  дегеніміз не ?

3.Екпін дегеніміз не?                         4. Ой екпіні дегеніміз не?

5.Сөзжасам  дегеніміз не?       6.Лексикалық жолмен жасалған туынды сөздер дегеніміз не?

7.Жұрнақтар жалғану арқылы жасалған туынды сөздер дегеніміз не?

8.Бірігу жолымен жасалған туынды сөздер дегеніміз не?

Мағынаны тану

 

Кейде екі сөз қосарланып,бір лексикалық мағына береді.Мұндай сөздерді қос сөздер деп атайды.қос сөздің сыңарлары мағыналық жағынан байланысы бар,бір тектес заттардың аттарынан,синоним сөздерден,кейде антоним сөздерден жасалады.Мысалы: сауыт-сайман,көрпе-жастық,ыдыс-аяқ,үлкен-кіші,жақсы-жаман,алыс-жақын,туған-туысқан,ығы-жығы.

Тақтамен жұмыс: Мына сөздерден қос сөз жасап жазыңдар.

   Дәрі                     киім                құрбы

   мал                      ойын               зорлық

   жора                    ине                  ата

Топпен жұмыс : Төмендегі қос сөздердің қайсысында жаңа лексикалық мағына бар екенін,қайсысында жоқ екенін анықтаңдар.

  Азды-көпті,қызыл-жасыл,құрт-құмырсқа,көре-көре,оқтын-оқтын,сөйлей-сөйлей,дүркін-дүркін,кәрі-жас,зәбір-жапа,азық-түлік,қазы-қарта,жетім-жесір,ауыл-аймақ,абысын-ажын,қайта-қайта,қора-қора.

Оқулықтағы жаттығуларды,топтарда орындау.

Сергіту сәті

Орнымыздан тұрайық,
Алақанды созайық.
Оңға қарай иіліп,
Солға қарай иіліп,
Бір отырып, бір тұрып,
Сәл тынығып алайық.

 

Оқушылар денелерін жатықтырады

Ой толғаныс

1.Екі сөздің қосарланып бір лексикалық мағына беруін не деп атаймыз?

2.Қосарлану жолымен жасалған туынды сөздер қандай сөздер арқылы жасалады?

Үй тапсырмасы

Оқулықта берілген тапсырмаларды орындау

Күнделіктеріне жазады

 Бағалау

Бағалау парақшаларын тарату

Парақшаларды толтырады

Кері байланыс

 

 

Қазақ тілі

Уақыты:

Кабинет: 

Мұғалім:

Сабақтың атауы

Тіркесу жолымен жасалған сөздер

Сілтеме

Қазақ тілі оқулығының әдістемесі

Сабақтың жабдығы

Тақта,суреттер,кеспе қағаздар

Жалпы мақсаттар

а)  Түрлі әдістерді пайдалана отырып балаларды тапқырлық,жылдамдық,есте сақтау қабілеттерін артыру.Сөйлеу тілін жетілдіріп,шешендік өнерге баулу;

ә)  Оқушылардың туған жер тарихына деген патриоттық сезімін ояту,адамгершілікке баулу,халық даналығы,халық өсиеттерінен нәр алғызу,сөз өнеріне деген қызығушылығын арттыру ;

б) Ой еркіндігіне,ізденімпаздыққа баулу,сөйлеу мәдениетін жетілдіру,өз бетімен әрекеттенуге дағдыландыру.

Сабақтың түрі :                                Дәстүрлі сабақ

Сабақтың әдісі :                               сұрақ - жауап

Сабақтың көрнекілігі :                   үлестірмелі кеспе қағаздар

Оқыту  нәтижесі

Топқа бөлу

Сыныпты жыл мезгілдеріне қарай төрт топқа бөлу. Күз айында туылғандар 1 - топ, қыс айында дүниеге келгендер 2 - топ, көктем айындағылар 3 - топ, жаз айындағылар 4 - топ болып бөлінеді.

Ынтымақтастық атмосферасы

Оқушылармен амандасу,түгелдеу,оқу құралдарын тексеру.Сыныптың тазалығына көңіл бөлу.Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

Үй тапсырмасын сұрау

 

   Үйге берілген жаттығуды тексеремін.Оқушыларға бірнеше сұрақтар қоямын.

1. Екпін дегеніміз не?                    

2.бірігу жолымен жасалған туынды сөздер дегеніміз не?

3.Ой екпіні дегеніміз не?      

4.Қосарлану жолымен жасалған туынды сөздер дегеніміз не?

Мағынаны тану

 

   Тіркесу жолымен жасалған сөздер екі не одан да көп сөзден құралып,бір екпінмен айтылып,бір ғана лексикалық мағынаны білдіреді.Мысалы: он алты,қызыл ала,қол созым жер,көз ілмеді,темір жол,ғарыш кемесі,келіп кет,көк ала,жер жүзі,күн сәулесі, т.б. Мұндай күрделі сөздердің әрбір сыңары бөлек жазылады.

Тақтамен жұмыс: Төмендегі күрделі сөздер нелердің атауы болып тұрғанын түсіндіріңдер.

    Кәрі жілік,сары шымшық,қара құс,асық жілік,тоқ ішек,ауыз омыртқа,бас бұзар,сүмбіл шаш,бесікке салу.

Оқулықтағы жаттығуларды,топтарда орындау.

Сергіту сәті

Орнымыздан тұрайық,
Алақанды созайық.
Оңға қарай иіліп,
Солға қарай иіліп,
Бір отырып, бір тұрып,
Сәл тынығып алайық.

 

Оқушылар денелерін жатықтырады

Ой толғаныс

«Ыстық орындық»

Жаңа тақырып бойынша  сұрақтарға жауап беру

Үй тапсырмасы

Оөулықтағы тапсырмаларды орындау

Күнделіктеріне жазады

 Бағалау

Бағалау парақшаларын тарату

Парақшаларды толтырады

Кері байланыс

 

 

Қазақ тілі

Уақыты:

Кабинет: 

Мұғалім:

Сабақтың атауы

Жаттығу, талдау жұмыстары

Сілтеме

Қазақ тілі оқулығының әдістемесі

Сабақтың жабдығы

Тақта,суреттер,кеспе қағаздар

Жалпы мақсаттар

а)Буын туралы түсінікті еске түсіре оырып,буын түрлеріне тоқталу,сөз қолданыста,мәтін құрауда бунын түрлерін ажырата білгізу,буын түрлерін мәтін ішінде тапқызып,жасалау жолдарын ұқтыру ;

ә)  сурет және дидактикалық ойын арқылы оқушының сөздік қорын молайту,тілін демыту,өз бетінше кез келген сөзді буынға бөле білуге дағдыландыру және мәтін құру арқылы оқушыны сөйлеутіліне төселдіру ;

б)  Оқушылардың қоғамға деген өзіндік көзқарасының қалыптасуына ықпал ету,өз ойларын еркін,нақты жеткізе білуге баулу,тіл байлықтарын дамыту,өз бетімен ізденуге,ой қорытуға дағдыландыру.

Сабақтың түрі :                                Қайталау

Сабақтың әдісі :                               мәтінмен жұмыс,пікірін айту.

Сабақтың көрнекілігі :                   кесте,кітап,үлестірмелі парақшалар,дидактикалық материалдар,суреттер

Оқыту  нәтижесі

Топқа бөлу

Сыныпты жыл мезгілдеріне қарай төрт топқа бөлу. Күз айында туылғандар 1 - топ, қыс айында дүниеге келгендер 2 - топ, көктем айындағылар 3 - топ, жаз айындағылар 4 - топ болып бөлінеді.

Ынтымақтастық атмосферасы

           Оқушылармен амандасу,түгелдеу,оқу құралдарын тексеру.Сыныптың тазалығына көңіл бөлу. Әнұран айтқызу.оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру.Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

Үй тапсырмасын сұрау

 

Үйге берілген жаттығуды тексеремін.Оқушыларға кеспе қағаз үлестіріп жауап талап етемін.

1.мәтін дегеніміз не?                     6.Синоним сөздер дегеніміз не?

2.көп мағыналы сөздерді қалай түсінесің?     7.омоним дегеніміз не?

3.лексика нені зерттейді?                        8.Эвфемизм дегеніміз не?

4.Табу дегеніміз не?                                   9.Дисфемизм дегеніміз не?

5:Антоним дегеніміз не?          10.Тұрақты тіркестер дегеніміз не?

Мағынаны тану

 

Төмендегі мысалдарда қарамен жазылған сөздердегі дыбыстың орны ауыстырылып берілген дыбыстарды тап.

                                                  Адасқан әріптер.

1.Күз түсті,

   Тырмалар жылы жаққа ұшты.

2.Ешкі егіз бақ тапты,

   Балалар оны күтіп бақты

3.Марат мектептен келіп жемалды

   Мамасы берген тарақты

  Тойғанынша жеп алды.

4.Қыздар сынып бөлмесін ақтады,малалар еден жуды.

5.Мақаш мақтаға есеп шығарды Бадиша партаны қабырғаға іліп,басты өзендерді көрсетті.

6.Күлай кеспе  тігіп,Құрбанбүбі құлақ құрап отыр.

7.Малды ауылда қой қоздап,қозылар жамырап жатыр.

   Егесін  таппаған қозылар қаңырап  тұр.

Оқулықтағы жаттығуларды,топтарда орындау.

Сергіту сәті

Орнымыздан тұрайық,
Алақанды созайық.
Оңға қарай иіліп,
Солға қарай иіліп,
Бір отырып, бір тұрып,
Сәл тынығып алайық.

 

Оқушылар денелерін жатықтырады

Ой толғаныс

Төмендегі дыбыстарды тиісінше тіркестіріп сөз жасау

 1) р,о,б ;    2) а,ш,а,ғ ;    3) т,р,е,м ;    4) а,б,л,ы,қ ;    5) қ,ы,а,з,қ.

 

Үй тапсырмасы

Оқулықтағы тапсырмалрды орындау

Күнделіктеріне жазады

 Бағалау

Бағалау парақшаларын тарату

Парақшаларды толтырады

Кері байланыс

 

Қазақ тілі

Уақыты:

Кабинет: 

Мұғалім:

Сабақтың атауы

Диктант Қатемен жұмыс.Тіл ұстарту.

Сілтеме

Қазақ тілі оқулығының әдістемесі

Сабақтың жабдығы

Тақта,суреттер,кеспе қағаздар

Жалпы мақсаттар

а) Балалардың есте сақтау қабілетін дамыту,өз ойын еркін жеткізе білуге,сауатты жазуға дағдыландыру.

ә) Мұхият тыңдап, ұқыпты жаза білуге үйрету.

б) Өз ісіне ұқыпты,мейірімді,кешірімшіл болуға тәрбиелеу.

Сабақтың түрі :                    қайталау

Сабақтың әдісі:                    баяндау

Сабақтың көрнекілігі :          диктанттар жинағы

Халықтық педагогика           мақал-мәтелдер.

Оқыту  нәтижесі

Топқа бөлу

Сыныпты жыл мезгілдеріне қарай төрт топқа бөлу. Күз айында туылғандар 1 - топ, қыс айында дүниеге келгендер 2 - топ, көктем айындағылар 3 - топ, жаз айындағылар 4 - топ болып бөлінеді.

Ынтымақтастық атмосферасы

– Балалар, бүгін біз бірінші рет шаттық шеңберіне жиналайық! Шеңберге тұрайық, достарымызбен қол ұстасайық! Барлығымыз жақсы көңіл-күйде бір-бірімізге тілегімізді айтайық! Бір-бірімізге қарап күлкімізді сыйлайық!

Қол алысып, қәне, біз,

Достасайық бәріміз.

Айтарым бар сендерге,

Тез тұрыңдар шеңберге.

Қандай жақсы бір тұру,

Достарменен бір жүру!

Қандай жақсы дос болу!

Үй тапсырмасын сұрау

Тест тапсырмалары

Мағынаны тану

 

                                           Асан мен Үсен

 

   Үсен Асанды ертіп,молаға қарай жүрді.Молаға жақындап келгенде,қаңқылдаған қаздың даусы шықты.Үсен жақын жерде көл бар екенін сезді.Өйткені қаз сусыз жерді мекен етпейді.Екеуі қырға шықты.Қырдың төмен жағы көл екен.Көлдің айналасы да,іші де

құжынаған мал.Бір топ жылқы көл ішіне түсіп,белінен құраққа кіріп тұр.Сортаңды жағада түйелер жатыр.Бұларды көріп балалар қырдан түсті.Жүгіріп малға келді.Сөйтсе,өз ауылының малдары екен.

   Малшылар Асан мен Үсенді көрді.Олар да қуанып,біреуі әке-шешелерінен сүйінші сұрауға шауып кетті.Өзгелері балаларды атқа мінгізіп,ауылға алып жүрді.

 

                                   (Ы.Алтынсариннен.)  (93 сөз)                                      

 

Сергіту сәті

Күнде аспанға қараймыз,
Қайтқан құсты санаймыз.
Үшбұрыш боп тырналар,
Көк жүзінде сырғанар.
8)Боран соғар оң жақтан,
Боран соғар сол жақтан
Қар лақтырып ойнасақ,
Суық өтер қолғаптан.

 

Оқушылар денелерін жатықтырады

Ой толғаныс

 Ыбырай 1841 жылы қазан айының 20-сында қазіргі Қостанай облысы, Қостанай ауданында дүниеге келеді. Үш-төрт жасында әкесі Алтынсары қайтыс болып, атасы Балғожаның қолында өсіп, тәрбиеленеді.

Атасы Балғожа би өз аймағының атақты кісілерінің бірі болған. Ел ішіндегі көп билікті қолында ұстаған би, Орынбор әкімшілігінің алдында да беделді, белгілі кісі болған.

 

Үй тапсырмасы

Қайталау

Күнделіктеріне жазады

 Бағалау

Бағалау парақшаларын тарату

Парақшаларды толтырады

Кері байланыс

 

 

Қазақ тілі

Уақыты:

Кабинет: 

Мұғалім:

Сабақтың атауы

Сөзжасамды қайталауға арналған тапсырмалар

Сілтеме

Қазақ тілі оқулығының әдістемесі

Сабақтың жабдығы

Тақта,суреттер,кеспе қағаздар

Жалпы мақсаттар

Білімділік: Сөзжасам туралы мағлұмат беру, сөзжасамның жасалу жолдарынан алған білімдерін пысықтау, мысалдар арқылы дәлелдей білуге үйрету
Дамытушылық: Оқушылардың алған білімдерін кеңейтіп, жаңа дағдысын қалыптастыру, өз бетінше сөзжасамның жасалу жолдарын ажырата білуге дағыдыландыру, есте ұстау, ойлану қасиеттерін дамыту
Тәрбиелік: Ұйымшылдыққа, достыққа, жылдамдыққа, тілдік - эстетикалық сезімге тәрбиелеу
Сабақ түрі – Түрлендірілген аралас сабақ
Әдіс - тәсілдері: Сұрақ - жауап, түсіндіру, сын - тұрғысынан ойлау технологиясының элементтері (семантикалық карта, Инсерт кестесі)
Сабақ көрнекілігі: кеспе қағаздар, слайд, сызбалар, буклет
Пәнаралық байланыс - әдебиет, биология, математика, информатика

Оқыту  нәтижесі

Топқа бөлу

Сыныпты жыл мезгілдеріне қарай төрт топқа бөлу. Күз айында туылғандар 1 - топ, қыс айында дүниеге келгендер 2 - топ, көктем айындағылар 3 - топ, жаз айындағылар 4 - топ болып бөлінеді.

Ынтымақтастық атмосферасы

– Балалар, бүгін біз бірінші рет шаттық шеңберіне жиналайық! Шеңберге тұрайық, достарымызбен қол ұстасайық! Барлығымыз жақсы көңіл-күйде бір-бірімізге тілегімізді айтайық! Бір-бірімізге қарап күлкімізді сыйлайық!

Қол алысып, қәне, біз,

Достасайық бәріміз.

Айтарым бар сендерге,

Тез тұрыңдар шеңберге.

Қандай жақсы бір тұру,

Достарменен бір жүру!

Қандай жақсы дос болу!

Қызығушылықты ояту

 

1. МИҒА ШАБУЫЛ сұрақтарға жауап беру
1. Дара және күрделі сөздердің арақатынасы қандай?
2. Жасалу жолына қарай күрделі сөздердің қандай түрлері бар?
3. Біріккен сөздер деген не?
4. Кіріккен сөздер деген не?
5. Қос сөздің қандай түрлері бар?
6. Қысқарған сөздердің емлесін түсіндіріңіз.
7. Тіркесті сөздердің емлесін айтыңыздар.
8. Үндестік заңына бағынбайтын септік жалғауы
9. Жуан, жіңішке буындарға бірдей жалғана беретін және бір ғана дыбыстан тұратын жалғау қай септікі?
10. Көптік жалғауы жалғанбайтын сөздер бола ма?
11. Тәуелдік жалғауының синонимі
2. Схема
 Септік жалғаулары
АТАУ
Барлығыңа үлгі болар, қарақтар,
Байсалды да, ақылды да Марат бар.
ІЛІК Жеке басым ең алдымен Мараттың
Жасы үлкенді сыйлағанын жараттым.
БАРЫС
Сенбейсің бе, күнделікті парақта:
Талай бестік қойылыпты Маратқа.
ТАБЫС
Батыл емес дей алмайсың Маратты,
Сол үйретті ауылдағы бар атты.
ЖАТЫС
Алғыссыз күн болған емес Маратта,
Жетеді онда ынта, жігер, талап та.
ШЫҒЫС
Қай өнер де табылады Мараттан,
Ән салғанда жұртты аузына қаратқан.
КӨМЕКТЕС
Міне, сондай жақсы бала Маратпен
Дос бола алмай жүргендер де бар, әттең!
(Қ. Мырзалиев)
4. Кім тапқыр. Тиісті орынға септік жалғауларын қойыңыз
(оқулықпен жұмыс)
Бала жүгірді. Асқар... компьютері. Су... сылдыры. Әкесі... қарады. Екі ай... созылды. Сурет... көрді. Інісі... кездестірді. Тау... өседі. Күз... жауады. Анасын... бар. Беті... сүйді. Кірпіш... қалады. Үй... шықты. Былтыр... білемін. Балта... шапты. Сөз... жеңді.
Гүлнұр... бірге істеді. Көл... шомылды. Кітап... алды.

Мағынаны тану

 

Кім жылдам? (Өлеңдерден жіктік жалғауын табу)
Мен Арғын деген арыспын,
Азуы кере қарыспын.
Сен бұзау терісі шөндіксің,
Мен өгіз терісі талыспын. (Бұқар жырау)
Сен бір жапанға біткен шынарсың,
Қазаң жетіп сынарсың.
Мен бір қалың қара тоғаймын,
Табылуға оңаймын. (Тілекші би)
Ақ басты Алатаудың Жамбылымын,
Өлеңнің ұлы сүре даңғылымын.
Көктемгі қызғалдақтай қызық заман,
Қайта туып жасарған балғынымын. (Жамбыл)
 ӨЗДІК ЖҰМЫС. Қай сөздер жіктеледі
Заңгер, құжат, заң, зейнетақы, зейнеткер, ғарыш, ғарышкер, үйрек, бүркіт, бүркітші, қой, жылқышы, ар, тілек, тілекші, Арман, Қанат, Сәуле.
Семантикалық карта №1 Тиісті сөздерді орнына қою.
Жіктік жалғау Көптік жалғау Септік жалғау Тәуелдік жалғау Жұрнақ
Схема
 Ойланыңыз, ізденіңіз, табыңыз. Сөздердің құрамын, грамматикалық мағыналарын сатылай кешенді талдау
Биыл Құнанбайдың өз ауылдары да, жақын ағайындары да күзеуді елден ерекше ерте алды. Оқулықтағы жаттығуларды,топтарда орындау.

Сергіту сәті

Көбелек те ,гүл де бір 
Қызыл-жасыл күллі өңір
Аспан төрі ақша бұлт,
Бау-бақшада барша жұрт.
Саңқылдаған саз әні,
Көлде құстың базары.

 

Оқушылар денелерін жатықтырады

Ой толғаныс

 І деңгей.1-тапсырма.

 Сөз тіркесінің құрамындағы сөздерді тура және ауыспалы мағынаны білдіруіне қарай топтап жазу.

  а) Жақсы сөз,жақсы адам,жақсы бала,жақсы ат

  ә) Терең сай,терең білім,терең құдық,терең сезім

  б) Долы ауыл,долы күш,долы жел,долы адам

  в) Әкемнің көзі,қазынаның көзі,терезенің көзі,бұлақтың көзі.

2-тапсырма.Сөздерді орфография ережесіне сай жаз.

  Бүгін,сөсіз,келемекен,тайақ,Ешшан,жаш шағында,бүрсігүні,жұмышшы.

ІІ деңгей. 3-тапсырма.Тиісті ұ,ү,ы,і әріптерін қою.

  Ұз...н, құр...қ, б...рс...г...ні, күн...зг...  ыст...қ, ...нт...мақ, сөзін мақ...лдау,үск...р...кт...ң соғу..., б...лай қарай кетті.

4-тапсырма.Қайсысы мақал,қайсысы мәтел? Мақал-мәтелдің жалғасын тап.

1)Кәрі түлкі қақпанға түспес.Еңбек етсең емерсің.Айдағаны бес ешкі,ысқырығы жер жарады.Әке – асқар тау,ана – етегіндегі бұлақ,бала – жағасындағы құрақ.Екі қораз ен қораға сыймас.

2) Мақал-мәтелді жалғастыр. «Жылы –жылы сөйлесең, ...», «Білгенің бір тоғыз ...»

ІІІ деңгей.5-тапсырма.Тұрақты тіркестердің мағынасын тап.

Бетінен оты шығу ...(ұялу), ит терісін басына қаптау ...(ұрысу).

Көз ілмеу ... (ұйықтамау), тас бауыр ...(мейрімсіз), ит өлген жер ...(алыс).

6-тапсырма.Тест тапсырмасы бойынша жұмыс.

(Парақшаларға алдын-ала жазылған тест тапсырмалары таратылады.)

1) Ауа өкпеден кедергісіз шығып,үннен ғана тұратын дыбыстарды ... дыбыстар дейміз.

  а) дауыссыз   ә) дауысты б) екпін   в)  буын,дауыссыз

2) Дауыстыдан басталып,дауыссызға аяқталған буынды ... буын деп атаймыз.

  а) ашық    ә) тұйық     б) бітеу      в) ашық,бітеу

3) Қайсысы артық?

  өнеркәсіп,ата-ана,Айдар,тасбақа

1)      Тасымалдаудың қайсысы дұрыс?

а)а-ра,о-ю,а-лақан   ә) еле-уіш,ара-лас,қа-ра  б) АҚ-Ш,Б-Ұ-Ұ  в) 1995-жыл,ХХ-ғасыр,25-кг

5) Қатаң дауыссыз қайсысы?

  а) б,в,г,д   ә) р,л,м,н   б) п,ф,к,қ   в) а,о,ү,ұ.

Үй тапсырмасы

Оқулықтағы тапсырмаларды орындау

Күнделіктеріне жазады

 Бағалау

Бағалау парақшаларын тарату

Парақшаларды толтырады

Кері байланыс

 

Қазақ тілі

Уақыты:

Кабинет: 

Мұғалім:

Сабақтың атауы

Тіл мәдениеті

Сілтеме

Қазақ тілі оқулығының әдістемесі

Сабақтың жабдығы

Тақта,суреттер,кеспе қағаздар

Жалпы мақсаттар

а)  Оқушылардың шығармашылықпен жұмыс істеуіне ықпал ету.Ойлау шеберлігін сөйлеу мәдениетін арттыру ;

ә)  Болашақ ұрпақты имандылыққа,салауаттыққа тәрбиелей отырып,халықтық дәстүрді жүрегіне ұялату,танымдық деңгейін көтеру,ауызекі сөйлеуге,әңгімелей білуге үйрету,сын тұрғысынан ойлау қабілеттерін дамыту,шығармашылықпен жұмыс істеуге ұмтылдыру ;

б)  Қазақ халқының өнерімен таныстыру,халық өнерін  бағалай білуге тәрбиелеу,отансүйгіштікке,тапқырлыққа тәрбиелеу.

Сабақтың түрі :                                Аралас сабақ

Сабақтың әдісі :                               сұрақ – жауап,тіл дамыту

Сабақтың көрнекілігі :                   үлестірмелі кеспе қағаздар

Халықтық педагогика                    нақыл сөздер

Оқыту  нәтижесі

Топқа бөлу

Сыныпты жыл мезгілдеріне қарай төрт топқа бөлу. Күз айында туылғандар 1 - топ, қыс айында дүниеге келгендер 2 - топ, көктем айындағылар 3 - топ, жаз айындағылар 4 - топ болып бөлінеді.

Ынтымақтастық атмосферасы

– Балалар, бүгін біз бірінші рет шаттық шеңберіне жиналайық! Шеңберге тұрайық, достарымызбен қол ұстасайық! Барлығымыз жақсы көңіл-күйде бір-бірімізге тілегімізді айтайық! Бір-бірімізге қарап күлкімізді сыйлайық!

Қол алысып, қәне, біз,

Достасайық бәріміз.

Айтарым бар сендерге,

Тез тұрыңдар шеңберге.

Қандай жақсы бір тұру,

Достарменен бір жүру!

Қандай жақсы дос болу!

Өткен сабақтарды пысықтау

 

Үйге берілген жаттығуды тексеремін.Оқушыларға бірнеше сұрақтар қоямын.

1.Жұрнақ жалғану арқылы жасалған туынды сөздер дегеніміз не?

2.Қосарлану арқылы жасалған туынды сөздер дегеніміз не?

3.Бірігу жолымен жасалған туынды сөздер дегеніміз не?

4.Тіркесу жолымен жасалған туынды сөздер дегеніміз не?

Мағынаны тану

 

Тіл мәдениеті дегеніміз  - сыпайы,ізетті,сауатты сөлей білу мен жаза білу және сөзді дәл айта білу,оны орнымен,әсерлі етіп қолдана алу шеберлігі.Халықтың ұшан-теңіз сөз байлығының ішінен ең қажетті,ең ұтымды тілдік құрамдарды таңдап алып,оларды айтылмақ ой мен мәтіннің мазмұнына,мақсатына сай етіп тіркестіре алу білгірлік пен шеберлікті қажет етеді.Мәтінді жүйелі түрде мазмұндай алу да тіл мәдениетіне жатады.

Кітаппен жұмыс:  Әсем әннен ғажап ләззатты үн шығар,

                                 Ойы сергек жан оны ұғынар.

                                 Бар сезіміңді қозғар ән-күйге

                                 Жастар,тілімді ал,бол құмар.

                                 Үн сырын ұғар адам аз,

                                 Айғайға құр болар мәз.

 

Мәтіндегі ой қандай тәсілмен берілген? Пікірлеріңді дәлелдеңдер.

Оқулықтағы жаттығуларды,топтарда орындау.

Сергіту сәті

Көбелек те ,гүл де бір 
Қызыл-жасыл күллі өңір
Аспан төрі ақша бұлт,
Бау-бақшада барша жұрт.
Саңқылдаған саз әні,
Көлде құстың базары.

 

Оқушылар денелерін жатықтырады

Ой толғаныс

Тіл мәдениеті – әдеби тілдің нормасы мен оның дамуын, сөйлеу тілімен қарым-қатынасын зерттейтін тіл білімінің саласы. Тіл мәдениетінің тіл білімінің басқа салаларынан айырмашылығы – оның күнделікті өмірде тілді қолдану, жазу, сөйлеу мәдениетімен тығыз байланыста болатындығында. Тіл мәдениеті дегеніміз – коммуникативтік қарым-қатынас кезінде тілдік тәсілдерді дұрыс ұйымдастырып, белгілі бір тәртіппен жүйелі қолдану.

Тіл мәдениеті тілдік норманың 3 түрін қамтиды:

1.      тілдік норма (лексикалық, сөзжасамдық, грамматикалық, дыбысталу нормасы);

2.      этика – сөз нормалары (сөйлеу этикасының ережелері);

3.      коммуникативті норма (сөйлеу қарым-қатынасының тиімділік қағидалары).

Сөйлеу мәдениеті орфоэпиялық нормаға негізделеді. Орфоэпиялық норма – сөздерді дұрыс айту, лексикалық норма – сөздерді іріктеп, сұрыптап, талғаммен қолдану болса, грамматикалық норма сөйлеу мәдениетінде біршама тұрақталып, қалыптасқан норма саналады. Сөйлеу мәдениетінде ойдың дәлдігі, сөздің анықтығы, тазалығы, көңіл күйге әсер ететін шынайылығы (ол қарапайым сөзден немесе бейнелі образды сөздерден құралуына қарамастан), көркемдігі маңызды рөл атқарады.

Үй тапсырмасы

Оқулықтағы тапсырмаларды орындау

Күнделіктеріне жазады

 Бағалау

Бағалау парақшаларын тарату

Парақшаларды толтырады

Кері байланыс

 

Қазақ тілі

Уақыты:

Кабинет: 

Мұғалім:

Сабақтың атауы

Тест-сөзжасам

Сілтеме

Қазақ тілі оқулығының әдістемесі

Сабақтың жабдығы

Тақта,суреттер,кеспе қағаздар

Жалпы мақсаттар

Оқушылардың 5-сыныпта алған білім,білік дағдыларын қалыптастыру. Ойлау,сөйлеу белсенділігін дамыту. Жазу,есте сақтау қабілеттерін қалыптастыру.

Оқыту  нәтижесі

Топқа бөлу

Сыныпты жыл мезгілдеріне қарай төрт топқа бөлу. Күз айында туылғандар 1 - топ, қыс айында дүниеге келгендер 2 - топ, көктем айындағылар 3 - топ, жаз айындағылар 4 - топ болып бөлінеді.

Ынтымақтастық атмосферасы

Сендерді «Шаттық шеңберіне» шақырамын. Кәнеки, бір-бірімізбен амандасайық!

Армысың, Әлем!

Армысың, Жарық күн! (Қолдарын жайып, көкке көтереді.)

Армысың, абзал Адам! (Қолдарын алға созады.)

Армысың, менің досым!

Үй тапсырмасын сұрау

Үй тапсырмасы жазылған дәптерлерді тексеру

Мағынаны тану

 

1. Жазылуда ескерілетін кейінді ықпалды тап.

А) Үйдің ауласы тап-таза.        В) Асан суды төгіп тастады.         С) Таңғы сағат бесте жолға шықтық

Д) Бұл айтыста Сәкен жеңіп кетті.                Е) Ол сөзден жеңіліп масқара болды.

2. Сөз ішіндегі кейінді ықпалды тап.

А) Біріне-бірі алшақ салынған он шақты үй тұр.            В) Жерұйықты іздеп жөнелді.

С) Олжабек табиғатында момын ,қақ-соқпен ісі жоқ кісі.           Д) Аманғалидың мазасы болмай отыр

Е) Ғабиденнің «Өмір мен өлім» романы жарық көрді.

3. Сөз аралығындағы кейінді ықпалды тап.

А) Он жылдың ішінде талай шығармалар дүниеге келді.         В) Олардың отау құрғанына биыл отыз жыл болды.          С) Бір кездерде ақынның қасына еріп жүрген еді            Д) Батыраш тым-тырыс болып ,жерге кіргендей күйге түседі.         Е) Соғыс кезінде жаудың қорғанысын бұзып кетті.

4. Кейінді ықпалды тап.

А) Мен бұл өлеңді газеттен жазып алдым.          В) Жиылып тұрған халық шулап қоя берді.

С) Далаға шықсаң,көк пен жерді көресің.         Д)  Ит-адамға шын дос жануар       

Е) Екі әскер жолдың шетіне отырып тынықты.

5.Орфоэпиялық заңдылықпен жазылған сөзді тап.

А) жұлын          В) құман           С) құмұрсқа               Д) бұрыс           Е) Гүлнұр

6. Сөз бен қосымша арасындағы кейінді ықпалды тап.

А) Менің  сұрағаным бола қоймады.            В) Сөйлесіп тұрған бала кенеттен тоқтай қалды.

С) Өлі риза болмай,тірі байымас.      Д) Менің қазақ тілін үйренгім келеді     Е) Су айнадай тап-таза

7. Орфоэпия бойынша жазылған сөзді тап.

А) Сарыағаш            В) дейінгі            С) кемеңгер        Д) бейбітшілік         Е) күндүз

8. Естілуі бойынша жазылған сөзді тап.

А) сыйымдылық            В) тайаныш          С) қиыншылық        Д) жиналыс         Е) хайуан

9. Қай сөз орфографиялық нормаға сай жазылған?

А) біріңғай          В) Бегарыс          С) Жаңғожа            Д) бұлұттұ          Е) Жанпейіс

10. Дәстүрлі принцп бойынша жазылған сөзді тап.

А) бастаңғы       В) диуана                С) жаңбыр           Д) қоңыз                  Е) Мақсат

 

Сергіту сәті

Орнымыздан тұрайық,
Алақанды созайық.
Оңға қарай иіліп,
Солға қарай иіліп,
Бір отырып, бір тұрып,
Сәл тынығып алайық.

 

Оқушылар денелерін жатықтырады

Ой толғаныс

«Араласып кеткен оқиға» стратегиясы

Үй тапсырмасы

Қайталау

Күнделіктеріне жазады

 Бағалау

Бағалау парақшаларын тарату

Парақшаларды толтырады

Кері байланыс

 

 

Қазақ тілі

Уақыты:

Кабинет: 

Мұғалім:

Сабақтың атауы

Шығармашылық жұмыс

Сілтеме

Қазақ тілі оқулығының әдістемесі

Сабақтың жабдығы

Тақта,суреттер,кеспе қағаздар

Жалпы мақсаттар

а)  Оқушылардың ойлау қабілетін сабаққа деген қызығушылығын арттыру және негізгі мәселелерге аса көңіл бөлуге үйрету ;

ә)  Өз бетінше ізденуге,ойлау қабілетін арттыруға ықпал ету,өз ойын еркін жеткізуге баулу,жылдам жауап беруге дағдыландыру,тіл,сөйлеу тілдерін етілдіру,сөйлеумашықтарын,шығармашылық қабілеттерін дамытуға жол ашу,ойлау қабілеттерін,сөздік қорларын дамыту  ;

Оқыту  нәтижесі

Топқа бөлу

Мақал-мәтелдердің мағыналарына қарай топтарға бөлінеді.

Ынтымақтастық атмосферасы

Сендерді «Шаттық шеңберіне» шақырамын. Кәнеки, бір-бірімізбен амандасайық!

Армысың, Әлем!

Армысың, Жарық күн! (Қолдарын жайып, көкке көтереді.)

Армысың, абзал Адам! (Қолдарын алға созады.)

Армысың, менің досым!

Үй тапсырмасын сұрау

 

1.Қай сөйлемде термин сөз бар?

А) Апам ұршық иіріп отыр.      В) Жазда қауын-қарбыз жеуге болады.         С) Еуразия—ең үлкен құрлық

Д) Кеше қатты бұрқасын болды.                   Е) Балалар балық аулауға кетті.

2. Терминдерге тән ең басты белгі не?

А) дара мағыналы              В) көп мағыналы            С) жалпы халыққа түсінікті

Д) белгілі аймақта ғана қолданылады.                Е) халық арасында жиі қолданылады.

3. Екі сыңары да кірме сөзден болған  қос сөзді тап.

А) адам жаны         В) азды-көпті             С) тарс-тұрс          Д) оқу-білім          Е) хат-хабар

4. Әрі термин сөз,әрі кірме сөз болатын сөзді тап.

А) бағам          В) ұжым             С) қор              Д) нарық               Е) нотариус

5.Кірме сөздле қандай заңдылық сақталмайды?

А) орфографиялық  заңдылық             В) орфоэпиялық           С) үндестік заңы         Д) стильдік ерекшелік         

Е) пунктуация

6. Тілдің сөздік құрамын байытатын сөзді тап.

А) диалект сөз         В) көнерген сөз          С) кәсәби сөз         Д) термин сөз            Е) кірме сөз

Мағынаны тану

 

Оқулықтағы жаттығуларды,топтарда орындау.

1-топ

Жұмбақтар жинастыру

2-топ

Мақал-мәтел құрастыру

3-топ

Жаңылтпаштар жатқа айту

Сергіту сәті

Орнымыздан тұрайық,
Алақанды созайық.
Оңға қарай иіліп,
Солға қарай иіліп,
Бір отырып, бір тұрып,
Сәл тынығып алайық.

 

Оқушылар денелерін жатықтырады

Ой толғаныс

Шығармашылық тапсырма:

1-топ

«Біздің ауыл» шығарма

2-топ

«Менің есімде қалған сабақ» постер

3-топ

Маған ұнайтын сөз табы. Жоба.

Үй тапсырмасы

Оқулықтағы тапсырмаларды орындау

Күнделіктеріне жазады

 Бағалау

Бағалау парақшаларын тарату

Парақшаларды толтырады

Кері байланыс

 

Қазақ тілі

Уақыты:

Кабинет: 

Мұғалім:

Сабақтың атауы

Бақылау диктанты

 Қатемен жұмыс.Тіл ұстарту

Сілтеме

Қазақ тілі оқулығының әдістемесі

Сабақтың жабдығы

Тақта,суреттер,кеспе қағаздар

Жалпы мақсаттар

а) Балалардың есте сақтау қабілетін дамыту,өз ойын еркін жеткізе білуге,сауатты жазуға дағдыландыру.

ә) Мұхият тыңдап, ұқыпты жаза білуге үйрету.

б) Өз ісіне ұқыпты,мейірімді,кешірімшіл болуға тәрбиелеу.

Сабақтың түрі :             қайталау

Сабақтың әдісі:               баяндау

Сабақтың көрнекілігі :   диктанттар жинағы

Халықтық педагогика       мақал-мәтелдер.

Оқыту  нәтижесі

Топқа бөлу

Сыныпты жыл мезгілдеріне қарай төрт топқа бөлу. Күз айында туылғандар 1 - топ, қыс айында дүниеге келгендер 2 - топ, көктем айындағылар 3 - топ, жаз айындағылар 4 - топ болып бөлінеді.

Ынтымақтастық атмосферасы

    Оқушылармен амандасу,түгелдеу,оқушылардың зейінін аудару.

Үй тапсырмасын сұрау

Үй тапсырмасы жазылған дәптерлерін тексеру

Мағынаны тану

 

 

                           Дастарханға нан қалай келді?

 

            Нан тарихының тамыры сонау ежелгі заманға кетіп жатыр.Ғалымдардың пікіріне қарағанда,ол он бес мың жылдан асса керек.Әйтсе де алғашқы нанның өсімдігі бидай да,сұлы мен арпа да емес,кәдімгі емен екен.   Ерте заманда адамдар емен жаңғағынан мол өнім алып,үгіп,онан ұн жасаған.Бұдан бес мың жыл бұрын адамдардың емен жаңғақтарынан ұн жасап, пісірген нанның қалдықтарын Кировоград облысының аумағындағы Триполь елді мекенін қазу жұмыстар жүргізген

археологтар тапқан.

   Дәнді дақылдарды қолдан егуді,оның дәнінен ұн жасауды адамдар бірте-бірте меңгерген.

 Оқулықтағы жаттығуларды,топтарда орындау.

Сергіту сәті

Орнымыздан тұрайық,
Алақанды созайық.
Оңға қарай иіліп,
Солға қарай иіліп,
Бір отырып, бір тұрып,
Сәл тынығып алайық.

 

Оқушылар денелерін жатықтырады

Ой толғаныс

Шығармашылық тапсырма:

1-топ

Нанның пайдасы   шығарма

2-топ

Нан болмаса не істер едік? Сурет салу

Үй тапсырмасы

Оқулықтағы тапсырмаларды орындау

Күнделіктеріне жазады

 Бағалау

Бағалау парақшаларын тарату

Парақшаларды толтырады

Кері байланыс

 

Қазақ тілі

Уақыты:

Кабинет: 

Мұғалім:

Сабақтың атауы

Жаттығу,талдау жұмыстары.

Жыл бойы өткенді қайталау

Тіл ұстарту жұмыстары

Сілтеме

Қазақ тілі оқулығының әдістемесі

Сабақтың жабдығы

Тақта,суреттер,кеспе қағаздар

Жалпы мақсаттар

Сабақтың білімділік мақсаты: оқушылардың білімін одан әрі дамыту,тереңдету, ізденгіштігінартыра отырып,ой-өрісін кеңейту,тіл байлығын молайту,ауызша және жазбаша сөйлеу мәдениетін,сауаттылығын арттыру,шығармашылық қабілетін дамыту.

Сабақтың тәрбиелік мақсаты: оқушылардың бойына адамгершілік қасиеттер дамыту,ізгілікке,ынтымаққа халықтық педагогика негіздеріне баулу,өзара сыйластық,достыққа тәрбиелеу.

Сабақтың әдісі:іздендіру,салыстыру,проблема қоя іздену,диалогты ойын түрлері,мәтін құрастыру.

Сабақтың түрі: танымдық,жарыс,тіл дамыту.

Сабақтың көрнекілігі: түрлі-түсті суреттер,сызбалар,топ аттары жазылған плакат.

Оқыту  нәтижесі

Топқа бөлу

Пазл арқылы топтарға бөлу

Ынтымақтастық атмосферасы

Тіл ұстарту сабағы тілінен өтіп жатқан лексика тарауына арналады.Қазақ тіліндегі сөз,оның мағынасын зерттейтін саланың қыр-сырын меңгеру-мақсатымыз.Сабақ топтық жарыс түрінде өтеді.Жарысжеті айналымнан тұрады.

І топ «Тілшілер»,ІІ топ «Тапқыштар», ІІІ топ «Шешендер».

І. Топтың аты – «Тілші,

Кәне,тауып білші.

ІІ.Тобымыз біздің – «Тапқыш»,

Білейік кім айтқыш?

ІІІ.Аталған топ – «Шешен»,

Не болса да шешем!

1-айналым.Топтық тапсырма.Әр топқа тірек сөздер беріледі.Сол сөздер қатысқан мақал-мәтел айту.

І. «Тілші: қазан,су,қой.

ІІ.»Тапқыш»: үй,қыс,мысық.

ІІІ. «Шешен»: тон,көз,тауық.

2-айналым.Балалар,қазақша ай аттарын жатқа білеміз бе?Кәне,енді «Жаңылдырсаң да жаңылмаймын» ойыны арқылы білім сынаймыз.

  Тақтаға жазылған қате атауларды дұрыс жазып шығу.

І. «Тілшілер» - а) ҢАҚАРТ   ә) ПАҚНА  б) УАРЗЫН   в) РЫММА

ІІ «Тапқыштар» а) МЫСУМА    ә) РКҮҚЫЙКЕ  б) АРҚАША   в) ЗАҚАН

ІІІ «Шешендер» - а) ЛЕЖСАНТОҚ   ә) МАЗЫТ   б) ДЕЛІШ  в) СУІРӘ

3-айналым.Топтық тапсырма.Үлестірмелі парақша суырып,тақтаға жауабын жазу.

І. «Тілшілер» - Тұрақты сөз тіркесінің мағынасын жазу.

а) Ит арқасы қиянда –

ә) қоян жүрек –

б) тісінен шығармау –

в) бармағын тістеу –

ІІ. «Тапқыштар» - Жеті,үш,тоыз сөзі қатысқан қандай тіркес,қандай халықтың ырым-тыйымы бар?

   Мысалы: жұт жеті ағайынды,жеті шелпек,жеті күн,жетісін беру,ер кезегі үшке дейін,тоғыз тоқырау,жеті қазына,жігіттің үш жұрты,т.б.

ІІІ. «Шешендер» - Тыйым сөздердің мәнін түсіндір.

  «Бүйіріңді таянба,түнде суға барма,тізеңді құшақтама,үйге жүгіріп кірме»,т.б.

4-айналым.Сурет бойынша әңгіме(мәтін).Төрт түліктің,жыл мезгілдерінің суреттері ілінеді.Суреті пайдалана отырып,тақырыпқа қатысты мақал-мәтел,тұрақты тіркестер жазу.

5-айналым. «Кім тапқыр» ойыны бойынша мақалдарды антонимдермен толықтыру.

І. «Тілшілер». а) Ненің    ...қыс түскенде білерсің,

                             Кімнің      іс түскенде білерсің.

ә) Ашу ..., ақыл- ...

б) ... сөз – көмір, ... сөз – алтын.

ІІ. «Тапқыш».Шаш,қас,бақ сөздері омоним болатын сөйлемдер құрау,осы қатысқан мақалды айту.

Мысалы.а) Әйелдің шашы ұзын,ақылы қысқа.

                ә) Қасың берген асты дұшпан көрме.

                б) Бақ – ұзатылған қыз.

ІІІ. «Шешендер».Табу,эвфемизм,дисфемизм аралас мәтін құрап әңгімелеу.

Үлгі: Менің былттыр ағам үйленді.Жеңешем бәрімізге ат қойды.Мені «Кішкенем»,інім «Шырақ»,сіңілімді «Шырайлым» деп атап кетті.

Ағайымның үлкен ағалары мен жеңгелерін де атымен атамайды. «Үлкен үйдегі қайнаға»,

«Жеделдес қайнаға», «Әнші жеңгем», «Үндемес», «Әкім абысын» деген аттары бар.Жеңешем о дүниелік болған адамдардың да атын тергейді.

  Жақында жеңешем бәрімізге қуаныш сыйлайды.Біздің жанұя атұстатар мен шайқұяр бөпелермен толықты.Мен жеңешеме дән ризамын.

  Осы мәтінде табу,эвфемизмдер бар.

6-айналым.Топ басшыларынатапсырма.

«Сөзтізбек ойыны».Шарты: әр сөздің соңғы дыбысынан басталатын сөздер тізбегін жасау.2минут уақытта 10 сөз жазып шығу.

7-айналым.Сабақ эпиграфына жауап ретінде.

«Тіл қадірін білмеген,Ел қадаірін білер» - тақырыбына ойтолғау жазу.

 Сонымен сабақтың қорытындысынды үш топтың оқушыларының бағасы бағалау парақшалары бойынша шығарылады.Ең жақсы жауап беріп,белсенділік көрсткен әр топтың үш оқушысына «Озат тілші», «Тапқыш ұлан», «Зерделі шешен» атағы табыс етіледі.

  Оқушылар құраған мәтіндер

                                                  Жаз

  Жазда аспан айналып жерге түскендей болады.Бұл кезде адамдардың жаны жаз,көңілі көктем болады.Ми қайнтар ыстықта жаныңды қоярға жер таппайсың.Күн ұясына қонған кезде ғана жаның жай табады.

     Жан-жануар да,жәндіктер де демалыс күйіне енеді.

 

                                                   Қыс

  Қыс мезгілі қаһарлы.Күннің қабағынан қар жауып тұрады.Ақ қар,көк мұзда түкірігің жерге түспейді.Қыс – қатал сыншы.Қысқа дайындықты көз ілмей жасаған жөн.

 

                                                  Күз

   Күз жылауық.Аспан лезде түнере қалады.

    Ас атасы – нан.Кірпік қақпай күзеткен астық қамбаға сыймай жатады.Береке мезгілі күзде жатыпішерлік жараспайды.

 

                                                   Көктем

  Нағыз жан жадыратар кез – көктем.Ағаштарға жан бітеді,жапырақ жаяды.Жерге жасыл кілем төсегендей.Күн күліп,көк аспан шуағын төгеді.Май тоңғысыз жылылық басталады.Шаруа бір қолын екі ете алмайды.Түн ұйқысын төрт бөліп еңбек еткен шаруа

Үй тапсырмасын сұрау

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Мағынаны тану

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Сергіту сәті

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Ой толғаныс

Үй тапсырмасы

 

Күнделіктеріне жазады

 Бағалау

Бағалау парақшаларын тарату

Парақшаларды толтырады

Кері байланыс

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Сабақ жоспары 5-сынып қазақ тілі"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Юрист

Получите профессию

Технолог-калькулятор общественного питания

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 669 366 материалов в базе

Скачать материал

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 26.02.2017 9857
    • DOCX 634.1 кбайт
    • 35 скачиваний
    • Рейтинг: 3 из 5
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Бекежанова Гульнура Алмухамбетовна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    • На сайте: 7 лет и 6 месяцев
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 30318
    • Всего материалов: 9

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой