Қазақ тілі 10 сынып
Сабақтың тақырыбы: Тұйық етістіктің түрленуі
Сабақтың мақсаты:
Білімділік:
- Етістіктің ерекше бір түрі тұйық етістіктің мағынасы мен тұлғасын түсіндіру,
оқушылардың етістік жайлы білімдерін кеңейту;
Дамытушылық:
- Ауызша және жазбаша жаттығулар, сабақта пайдаланатын мәтіндер арқылысабақта тұйық
етістікті тапқызу, жан-жақты талдау, оқушы ойын дамыту;
Тәрбиелік:
- Сабақта пайдаланылған мәтіндер мысалдар арқылы адамгершілік және эстетикалық
тәрбие беру.
Сабақтың
типі: жаңа
материалды түсіндіру сабағы
Сабақтың
түрі: жаңа
сабақ
Сабақтың көрнекілігі: сызбалар, оқулық, дәптер.
Пән аралық байланыс: әдебиет
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру.
-амандасу;
-түгендеу;
-сабаққа дайындығын тексеру.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.
Етістіктің ерекшеліктерін,
түрлерін еске түсіру.
ІІІ. Жаңа сабақ.
Сабақтың мақсатымен
таңыстыру.
Тұйық етістік туралы
түсінік беру.
Тұйық етістік –етістіктің
ерекше түрі. Ол етістіктің өзге түрлері сияқты емес. Етістіктің шақ және рай
категориялары жақпен де, шақпен де байланысты болғанын көрдіңдер. Тұйық етістік
жақпен де, шақпен де байланысты болмайды. Тұйық етістік етістіктің атауы
ретінде ғана қолданылады.
Тұйық етістік –у
жұрнағы арқылы жасалады:
-негізгі етістік +у
(отыр+у, жүр+у т.б.)
-туынды етістік +у
(шегеле+у, арала+у т.б.)
-етіс жұрнақтары +у (
айт-қыз+у сөйле-с+у т.б.)
-болымсыз етістік жұрнағы
+у ( бөге-ме+у, кел-ме+у т.б.)
Тақтада жазылған
етістіктің септелу, тәуелденуін түсіндіру.
- Ал осыдан нені байқап
отырсыңдар, тұйық етістік қалай жасалады екен және қалай түрленеді екен?..
Тұйық
етістіктің емлесін мысал арқылы түсіндіру.
Бар+у=бару (у- дауысты)
Сана+у=санау (у-дауыссыз)
Оқы+у=оқу (ы-түсіп қалды)
Ері+у=еру (і-түсіп қалды)
Ақ+у=ағу (қ=ғ)
Кеп+у=кебу (п=б)
Үк+у=үгу (к=г)
IV. Бекіту кезеңі.
Мына сөйлемдердегі көп
нүктенің орнына тұйық етістікті қойып жаз.
Тапсырманы уақытында …
керек. Мектепте және үйде тәртіпті … керек.
Үлкендерді … керек. Ұйым
жұмысына … керек. Мәдениетті … керек. Сабаққа белсенді… керек.
Оқулықпен жұмыс істеу.
261-жаттығуды ауызша, 263-жаттығуды жазбаша орындату.
Тапсырма. Әр оқушы өзі қалаған бір
тұйық етістіктің түрленуін жазбаша көрсету керек.
Терме диктант
Сабақ, сөгу, жау, сау,
сұрау, танау, қарау, қалқу, күлу, сарғаю,шырмау, аю, елу, күлімдеу, жылу,
абайтану.
V. Қорытынды
VI. Бағалау. Сабаққа қатысқан белсенділіктеріне
қарай бағалаймын.
VIІ. Үйге тапсырма: Заттанған тұйық етістіктерге көркем
әдебиеттен 10 мысал теру.
Оставьте свой комментарий
Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.