Инфоурок Русский язык КонспектыСабақтың тақырыбы: Мұқағали – мәңгілік ғұмыр

Сабақтың тақырыбы: Мұқағали – мәңгілік ғұмыр

Скачать материал

Сабақтың тақырыбы:   Мұқағали – мәңгілік ғұмыр

Сабақтың мақсаты:

1. М. Мақатаевтың «Қазақ поэзиясының жаңа дәуірін бастаған» тамаша жырларымен оқушыларды таныстыру, оқырман қауымға кеңінен насихаттау.

2. Ақын шығармалары арқылы елін, туған жерін, Отанын сүйе білуге, адамгершілікке, мейірімділікке, отансүйгіштікке, тіл, сөз өнерін қадірлеп қастерлей білуге, ақынжандылыққа тәрбиелеу, поэзияға деген сүйіспеншілігін арттыру, сөйлеу мәдениетін қалыптастыру, ақын өлендерін сүйе білуге үйрету.

Сабақтың көрнекілігі: ақын суреті, слайд.

Сабақтың әдісі: Әдеби монтаж

Сабақтың барысы:  а) Ұйымдастыру кезеңі.

                                     ә) Негізгі бөлім.

1-жүргізуші.  Кеш жарық!Құрметті қонақтар мен оқушылар!Жыл керуені алға жылжыған сайын М.Мақатаевтың артына қалдырған өшпес мұрасы жарық жұлждыздың қараңғы түн қойнауынан құпия сәулесін шашқандай жарқырай,өркендей өсіп,айшықтала түсуде.Абай үндес Мұқағалидай перзенті бар халық-шынымен бақытты халық.

2-жүргізуші.  Иә,Мұқағали-ғажайып,ақиық,сыршыл,гуманист ақын.Ол бізге көрінбейтін сиқыр бояулардан,бізге естілмейтін құпия дыбыстардан тоят алатын жұмбақ ақын.Ақын өлеңдерін оқыған сайын ақиқат бейнелі рух,сезім мен сананың бірлігі көңілге ұялайды.

1-жүргізуші.  Әлем – дархан,саялаңдар,

Бәріңе де орын бар,

Қорған емес,салтанатты

Сәнді сарай соғыңдар.

Ей,адамдар,сендер тату,

Сендер тату болыңдар!-деп жырлап өткен ақын М.Мақатаев 1931 жылы Алматы облысының Нарынқол ауданында дүниеге келген.Тума дарын Мұқағалидің өмір мекетебі Қарасазда басталып,өзі сүйген Алматысында аяқталған еді.

-Туған жерің?

-Ұланымын,Қарасаз деп аталатын ауылдың.

-Туған жылың?

-1931.Құрдасымын Шәмілдің.

-Жынысың кім?

-Еркекпін ғой,еркекпін!..

-Мекен-жайың?

-Мекен-жайым-жер менің.

Жерде жүрген ақын деген пендемін.

Қалам,қағаз,уақыт бер аздаған,

Мен өмірді жырлау үшін келгемін!

2-жүргізуші.  «Мені сөзге,жырға үйір еткен,халықты сүюге тәрбиелеген-әжем» дейді ақын.

М.Мақатаев-драматург,сатирик,публицист,жазушы,ұстаз,журналист.

Оның «Армысың достар», «Қарлығашым келдің бе?», «Мавр», «Дариға жүрек», «Аққулар ұйықтағанда», «Шуағым менің», «Өмір-датан», «Өмір-өзен» т.б. көптеген өлеңдер жинағы бар.

Мұқағалиға арнау.  Данагүл

1-жүргізуші. 

Үй тұрар шумақтарын қойсаң қалап,

Өлеңдері өзіндей жайсаң ғажап.

Азамат,ірі ақын боп,ұлы ақын боп,

Қайта туған ұлыңды қарсы ал,қазақ!

  Шетінен өлең-жыры шұғылалы,

  Әр қыры әр түске еніп құбылады.

  «Зертте мені» деп еді,Мұқаңды біз

  Түсініп болған жоқпыз,ұғып әлі.

«Мұқағали поэзиясы-таңғы шықтай мөлдір,сырлы,мұңлы поэзия»,-дейді Ф.Оңғарсынова. «Шын поэзия жасырынып тұрған дүние сұлулығының шымылдығын сыпырып тастайды»,-деген еді Шелли.Қане,Мұқағали поэзиясымен қалай сырласқанын тыңдап көрелік.

«Поэзия» өлеңі. Сабина

«Қара өлең» өлеңі. Әсет

1-жүргізуші.-Әкесі Сүлеймен-қарапайым шаруа адамы,аздап ұсталығы да болған.Осы өңірде колхоз ұйымдастырушысы болды.1941 жылы майданға аттанып,соғыстан оралмады.Үйде әжесі,туған анасы,екі інісі бар еді.Мұқағали Алматыдағы Шет тілдер институтында неміс тілі факультетінде оқып жүріп,артындағы үй ішінің тұрмыс ауыр болғандықтан,оқуды еріксіз тастап,ауылға қайтыпты.Өзінің зеректігінен бе,аздаған оқуынан ба,Мұқағали неміс тілін едәуір білетін.

2-жүргізуші.

Жазылар естеліктер мен туралы,
Біреулер жан еді дер өр тұлғалы.
Біреулер тұлпар еді дер де мүмкін,
Бүтінделмей кеткен бір ер-тұрманы.
   Аңыз ғып айтар мүмкін қылығымды,
   Қылығымды ұнатқан жұлынуды.
   Жақсы  көрген дер мүмкін “жылынуды”
   Әйтеуір қазбас былық-шылығымды.

1-жүргізуші.

Жоқ жанды қиған емес жамандауға,
(Сол үшін рақмет адамдарға!!!)
Білемін, әйтеуір бір замандарда,
Жүреді жүз жыл жасап жаман қарға...
   Жазылар естеліктер нешеленген,
   Көрерміз оның бәрін пешенеден.
   Әйтеуір, білетінім бір-ақ нәрсе –
   Өледі өлең немесе өшеді өлең!
Қулары таудың қызыл түлкісі дер,
Момындар біздің үйдің кірпіші дер.
Мәңгілікке өзіммен ала кеткен,
Менің нәзік жанымды кім түсінер?!

Аружан. «Көнеміз де...»

Ән. «Есіңе мені алғайсың» - Данагүл

2-жүргізуші.Ақынды әжесі Тиын баққандықтан,шешесі Нағиманды «Нақа» атаса керек.Анасы Нағиманның айтуынша,Қарасаздың Шалкөде жағы саздау екен де,сазда қаз жақсы өседі екен.Шешесінен екі қаз сұрап алып,почта машинасын айдайтын орысқа қазды беріп,орыс тілінде жазлған әдебиеттерді алып қалады екен.Машина келесі қайтып келгенше кітаптарды оқып,белін буып дайындап қояды екен.Міне,ақын осылайша бір орысы жоқ таза қазақ ауылында білімін көтерген.

1-жүргізуші.Атасының аты-Мақатай,әжесі-Тиын.Мұқағали Тиын әжесінің бауырында өсті.Тиын әжесі мейірлі,кісілігі мол,адуынды адам еді.Әжесіне арнап ақын өлең жазды да,Н.Тілендиевтен ән жазуды сұрады.Ән тамаша болып шықты. «Әжем,ұлы әжем,еңбегің ақталды» деп қатты қуанды,қуанып тұрып жылады да.

2-жүргізуші.Ақынның жары-Лашын.Әрі бақытты,әрі бейнетті,азапты әрі арманды жан.Мұқағалидің мұңы мен музасын,өмірге көктем көгіндей дүркіреп келген асау да арынды,ағынды өлең дастандарын алғаш тыңдаған адам.

Аружан. «Орманға,тоғай-талдарға»

Сабина. «Арманым тірі көз ілген»

1-жүргізуші.Ақынның жары болу оңай дүние емес.Ол үшін ақынның нәзік жанын түсіне білу,оның ыстығына,суығына шыдау кез-келген адамның қолынан келетін шаруа емес.

2-жүргізуші.-Мұқағали ата балаларды жанындай жақсы көретін.Қандай ашуы келсе де,балаларды көргенде майдай ериді екен.Балаларын ұйқысынан оятып,улатып-шулатып балабақшаға сүйрегенге жаны ашып,дұрыс көрмейді екен.Қазіргі кезде әкенің жасына жеткен ұлы Жұлдыз әлі де әкелік махабатты сағынады.

1-жүргізуші.Поэзия махаббаттан басталып,парасаттылықпен аяқталады.Махаббатқа,бояусыз сұлулыққа соқпай,оны жырламай өткен өлі де,тірі де данышпан жоқ дей келе,ғашықтардың пірі Мұқағали ата махаббатты мына бір шумақпен-ақ түсіндіреді:

Махаббат бақыт емес қонатұғын,

Түлкі емес ойдан-қырдан шолатұғын.

Махаббат-кездеспейтін керемет бір,

Өмірде бір-ақ рет болатұғын.

« Махаббат диалогі » 2 оқушы оқиды. Асанәлі мен Томирис

- Құс боп ұшып жоғалсам,не етер едің?

- Сені іздеумен мәңгілік өтер едім.

- Отқа түсіп өртенсем,не етер едің?

- Күл боп ұшып соңыңнан кетер едім.

- Бұлдырасам сағымдай,не етер едің?

- Жел боп қуып,ақыры жетер едім.

- Қайғы әкелсем басыңа,не етер едің?

- Қойшы,сәулем,бәрін де көтеремін.

« Ғашықпын » өлеңі.  Данагүл

« О,махаббат » өлеңі.  Диана

2-жүргізуші.Туған халқын,тілін,Отанын бақытты деп санаған ақын өз бақытын халыққа қызмет етуден тапқан.Ақынға халық деген ұғымның өзі де өмі деген сөз.Халқы бар болса адам қор болмайтындығын айтады.Екіншіден,ақын шыр етіп дүниеге келген күннен бастап-ақ ананың ақ сүтімен бойға даритын тілдің құдіреттілігін айтады.Өз тағдырын өзінің туған тілінен іздеген,содан түңілмей,өз бақытын табатынына кәміл сенген.Сондай-ақ «Бақытым бар үшінші-Отан деген».Неліктен...Мұқағали ата тағдыры қандай қиын белестер әкелсе де өз Отанынан түңіліп көрген емес. «Отан!Отан!Сен болмасаң не етер ем?...» деп жырлаумен өтті.

 «Үш бақытым» өлеңі. Ерасыл

«Елім барда» өлеңі. Али

1-жүргізуші.

Тіршілікте көрінерміз өлместей,

Тұра алмаймыз ерегіспей,белдеспей.

Өтейікші бірімізді-біріміз,

Өшіктірмей,өкпелетпей,сен деспей.  

Аружан

«Егер бір кездерде менің өмірім,творчеством әлдекімнің көңілін аударса,оларға былай дер едім:-Менің қымбатты дотарым!Мені өз өлеңдерімнен бөліп қарамауларыңызды өтінем.

Естеріңізде болсын,менің өлеңім жеке тұрғанда түк те емес.Біріктіріп қарағанда ол поэма іспетті.Басы және аяғы бар.Адамның өмірі мен өлімі,қасіреті мен қуанышы туралы поэма.Егер нанбасаңдар,барлық өлеңімді жинап,бір жинаққа топтастырып көріңдерші.

Естеріңде болсын,әрбір өлеңім өз орнында тұрсын.Яғни жылына және бойына қарай,

сонан соң көз алмай оқыңдар.Сюжетіне көңіл аудармай-ақ қойыңдар,ал композициясы мен архитектоникасына зер салыңдаршы.Егер мені содан таппасаңдар,онда ақын болмағаным.»

 

 

2-жүргізуші:     « Айтылар естеліктер мен туралы,

                            Біреулер жан еді дер өр тұлғалы,                         

                            Біреулер тұлпар еді дер мүмкін;

                            Бүтінделмей кеткен бір ер –тұрманы»

Иә, естеліктер де жазылуда, пікірлер, дастандар жазылып, лебіздер айтылуда.

« Анау – аспан,мынау – бақ » өлеңі.  Данат

1-жүргізуші

12 ақпан,1976 жыл –күнделігінен

«Ескі ауру.Аурухана.Емдеу.Ауруым менің оңай болмаса керек.Егер дәрігерлер диагнозды дұрыс қойған болса,онда мені тек бір сиқырлы күш ғана сақтап қалады.Бұл жолы шынында да ауру екенімді мен өзім де ұғындым.Қатты жүдедім.Көңіл-күйім нашар.Шаршадым,бүкіл өне бойым сырқат.Мен өлеңді үзіп-жұлқып,орайы кегенде,кез келген жерде жазуға әрекеттенбегем.

Жоқ.Поэзия-жан бұлқынысы,бұлқыныс пайда болғанда қаламннан қол үзбей отыру керек.

Кімнің қайтетінін қайдан білейін,мен өзім шабыттың бүкіл сөлін сығып алып,құр сүлдерін қалдырғанша орнымнан тұрмаймын.Аурудың аты ауру,бірақ жұмыс өте жақсы істелді.Кейде ол творчество мені бүкіл сырқаттан сауықтырып жібереді.»

« Аққулар ұйықтағанда » поэмасынан көрініс.

« Ақын атаға »  Бекзат

Ән. « Ана,сен бақыттысың! » - Диана

Қорытынды:

1-жүргізуші.

Білемін керемет бір күн келеді,

Жайнайды, жасыл бағым гүлденеді

Көремін керемет бір күн кешемін,

Болашағым сенімен бірге өсемін, -  деп өз заманымен ғана емес, болашақпен бірге өмір сүретінін ақын білді, ол жырларының болашағына сенді.

 2-жүргізуші.  Жылдар өтер... Әлі не бір ақындар дүниеге келер. Бірақ қара өлеңнің құдіретін аспанға бір-ақ көтерген Мұқағали есімі қашан да биіктен көрінер. Мұқағали поэзиясы әрбір мезгілмен бірге, әр ұрпақпен бірге мәнгілік жасай бермек деп бүгінгі кешімізді аяқтаймыз.

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Сабақтың тақырыбы: Мұқағали – мәңгілік ғұмыр"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Специалист по кредитованию

Получите профессию

Интернет-маркетолог

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 665 040 материалов в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 22.01.2016 913
    • DOCX 21.9 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Муканова Мейрамгуль Тобылжановна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    • На сайте: 8 лет и 9 месяцев
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 6189
    • Всего материалов: 5

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Копирайтер

Копирайтер

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс профессиональной переподготовки

Педагогическая деятельность по проектированию и реализации образовательного процесса в общеобразовательных организациях (предмет "Русский язык и литература")

Учитель русского языка и литературы

300 ч. — 1200 ч.

от 7900 руб. от 3650 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 55 человек из 30 регионов
  • Этот курс уже прошли 62 человека

Курс повышения квалификации

Специфика преподавания предмета «Родной (русский) язык» с учетом реализации ФГОС НОО

36 ч. — 144 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 234 человека из 59 регионов
  • Этот курс уже прошли 3 167 человек

Курс повышения квалификации

Особенности преподавания родного (русского) языка и родной литературы в образовательной организации

36 ч. — 144 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 20 человек из 14 регионов
  • Этот курс уже прошли 148 человек

Мини-курс

Политология: теория, практика, законодательство

10 ч.

1180 руб. 590 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Готовимся к ЕГЭ по литературе

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Психология и педагогика в работе с подростками

5 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 57 человек из 30 регионов
  • Этот курс уже прошли 29 человек