Инфоурок Другое Другие методич. материалыСценарий "Қыз намысы-ұлт намысы"

Сценарий "Қыз намысы-ұлт намысы"

Скачать материал

«Қыз намысы – ұлт намысы»

 

Мақсаты: қыз балаларға адамгершілік, адалдық, іс-қимыл, жүріс-тұрыс дағдысы, қыз намысы, сымбаты туралы жан-жақты мағлұмат беру арқылы қыз балалардың бойына рухани -адамгершілік, әдептілік, сыпайылық, тиянақтылық, имандылық, тазалық қасиеттерді дамыту. Жеке бас гигиенасын сақтауға, әдепсіздік пен азғындық жолға түспеуге тәрбиелеу.

 

Дөңгелек үстел өтілетін орын: мектептің мәжіліс залы


Безендірілуі: Шарлар, гүлдер, тақырыпқа орай жасалған көрме, ұлағатты сөздер жазылған қағаздар

 

1-жүргізуші:

Армысыздар құрметті ұстаздар, оқушылар, кешіміздің қонақтары! Бүгін мектебімізде осынау нәзік жандар, әсем арулар тақырыбына арналған «Қыз намысы - ұлт намысы» атты дөңгелек үстелге қош келдіңіздер!

 

2-жүргізуші:

Бүгінгі тілге тиек болар әңгіме жастарға, оның ішінде қыз балаларға беріліп жатқан тәрбие. Сөз басын елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлының «Шығыс халықтарының арасында, жалпы мұсылман елдерінде әйел затын ерекше бағалайтын, қарындасты қатты қастерлейтін халықтың бірі де, бірегейі де – біздің қазақ » , – деген сөзден бастасақ.

 

1-жүргізуші:

Ендеше бүгінгі дөңгелек үстелге бірнеше қонақтарымыз келіп отыр. Сол қонақтарымызды таныстырып өтсек.

1.____________________________________________________________________________

2.____________________________________________________________________________

3.____________________________________________________________________________

4.____________________________________________________________________________

 

2-жүргізуші:

Дөңгелек үстелімізді ашу үшін ортаға мектебіміздің директоры Шайкенова Лязат Шаймұратқызын шақырамыз.

 

1-жүргізуші:

Халқымыз «қыз – қонақ» деп, төрінен орын беріп, қыздарды алтынның сынығына балап өсірген. Жалпы бала тәрбиесіне, соның ішінде қыз бала тәрбиесіне өте көп көңіл бөлген. Ата-бабаларымыз «Қызға қырық үйден тыю, қала берсе қара күңнен тыю» деген мақалға қанша ой сыйғызған. Яғни қыз бала тәрбиесіне тек ата-анасы жауапты емес, бүкіл ауыл, ел жауапты болып отыр.

Келесі видео фильмге назар аударыңыз(Алтын Иманбаева)

2-жүргізуші:

Сұрақ: ата бабамыздың тәрбиесі мен қазіргі тәрбиенің айырмашылығы бар ма? Бар болса неде? Осы жайлы Қазақ радиосының «Алтын қор» бөлімінің меңгерушісі, Қазақстанның Еңбек сіңірген қайраткері Алтын Иманбаеваға сөз берсек.

 

1-жүргізуші:

Қазақ қыздарын бала күнінен еркелетіп, бетін қақпай өсірген. Бұл қыз бала тәрбиесіне көп көңіл бөлгендігін аңғартады. Сондықтан да, тәрбиелі, инабатты, намысты, ибалы арулар қазақ отбасында тәрбиеленіп шығады. Жастықтың өзi – сұлулықтың, нәзiктiктiң белгiсi.

2-жүргізуші:

Қыз балалардың көрiктi болып өсуiне ертеде аналары ерекше көңiл бөлген. «Аттың көркi – жалы, арудың көркi – шашы» деп ұққан аналар қыздың шашын дұрыстап күтiп-өсiрудi өнер санаған. Шаштарын қос бұрым немесе бестемше етiп өру бойжеткен қыздардың көркi болған. Халық жырларында аруларды «Шашының ұзындығы iзiн басты» немесе «Шаштарын он күн тарап, бес күн өрген», «Қыпша бел, қиылған қас, қолаң шашты» деп сипаттаған.

Халық арасында бойжеткен қызды ажарына қарай жетіге бөлген:

Әдемі қыз, Көрікті қыз, Шырайлы қыз, Сұлу қыз, Ару қыз,  Ажарлы қыз,

Әсем қыз.

 

1-жүргізуші: Дайындаған видео фильміміз бар назар аударыңыз. (Саида және Алтынай)

Келген қонақтарымызға мынандай сауал қойғымыз келеді. «Қазіргі қазақ қыздары бұзылу қаупін кешіруде» - дегенге не дейсіз? Қазіргі қыздардың тәрбиесіне көңіліңіз тола ма?

 

1-жүргізуші: «Қазақ қызы!» Қандай қастерлі сөз! Ежелден ер азаматпен қатар түзде жауға қарсы найза ұстаған, үйде ошақтың берекесі, алыптардың анасы атанған Қазақтың қызы. Он мың әскерімен парсының патшасына қарсы тұрған Тұмар, даналығымен белгілі Айша бибі, Жиреншеге серік болған Қарашаш, жары дүние салғанда ошағын сөндірмей тағын ұстап, хандық құрған Айғаным ханым, жер мен су жарлыға берілсін деп ұрандаған Шолпан, Алма, фашистке қарсы қан майданда ерліктің қайталанбас үлгісін көрсеткен Әлия мен Мәншүк, еңбек майданында алға озған Кәмшат, Желтоқсанда ұлтым деп ұрандаған Ләззат, егемендіктің туын көтерген сәтте барша жұрттың анасындай болып жүрген Сара апайымыз тізімін бастаған қазақ қыздары қашанда өз қадірімен ерекшеленді. Тарихтан ойып тұрып орын алды.

 

2-жүргізуші:

Ал, «бүгінгі қазақ қызы ертеңге қалай барады? Барғанда не алып барады?» деген заңды сауалдар айналаға қараған сәтте өзінен-өзі туындайды. Айман-Шолпан, Қыз Жібек пен Баян сұлудай қазақтың бұрымды, сұлу келбетті қыздарын қазіргі кезде шынымен де жырдан ғана оқитын болдық па?!. Бүгінгінің Баяны, ару Айманы, атына сай есілген Жібегі қайда жүр?! Оларды көшеден де, киелі сахнадан да, теледидардан да көру арман болып кетті-ау.

 

(Оқушылардың дайындаған интервьюі)

Олай болса, бүгінгі дөңгелек үстелге арнайы дайындаған видеоролигімізді тамашалаңыздар. (Регинаға сұрақ)

Осында отырған қыздарымыз бұл туралы не ойлайды екен? Пікірлерімізді ортаға салайық. Қазіргі заманның қыздарының жүріс-тұрысы туралы көп мағлұматқа қанық болдық. Осыған орай тағы да өз ойларымызды білдіріп өтсек.

 

1-жүргізуші:

Дана халқымыз: «Қыз өссе – елдiң көркi, гүл өссе – жердiң көркi», «Шешесі отырып, қызы сөйлегеннен без», «Қызым саған айтам, келінім сен тыңда» демекші, ата-бабаларымыз қыз баланың тәртібі мен тәлім тәрбиесін жоғары бағалап, қыздарды адамгершілікке, ізгілікке, әдеп-тілікке, ар-ұяттылыққа, нысаптылыққа, мәдениеттілікке, тәртіптілікке, еңбекшілдікке, сұлулыққа, сымбаттылыққа баулып отырған.

 

2-жүргізуші:

Бүгін біз қыз бала тәрбиесіне қатысты көптеген ойларымызды ортаға салдық, ендігі кезекте сөзді Жетісу ауданының прокуроры Бекназаров Нариман Бектасовичке береміз.

 

 

Қымбатты қонақтар! Мына әсем әніміз өздеріңізге арналады. Қабыл алыңыздар!

«___» сынып оқушысы________________орындауындағы ән _____________________________________________________________________________

 

Ендігі осы ойларымызды сараптау үшін дөңгелек үстелге қатысып отырған сарапшы қонақтарымызға сөз кезегін берейік.

1. Жетісу ауданы білім бөлімінің басшысы-Кусайнова Салтанат Амангельдиновна

2.____________________________________________________________________________

3.____________________________________________________________________________

 

2-жүргізуші:

Қыз ананың көркі де, жаны да,

Қыз бақтың жапырағы, талы да.

Қыз көңілдің бүршігі ғой гүл атқан,

Қыз елдің жүрегі де бағы да.

 

1-жүргізуші: «Ел болам десең – бесігіңді түзе » деген, ел сенімін ақтап, болашақ ана болар, тәуелсіз еліміздің болашағын алға апарар білімді, тәрбиелі, инабатты, сыпайы, әдепті қыз бала тәрбиелеу ұлы парызымыз деп білейік.

 

2-жүргізуші:

«Қыз- ұлттың жаны» демекші, ата-аналардың аяулысы, құрбы-құрдастарыңыздың қадірлісі мен қымбаттысы, даламыздың гүлі, өміріміздің сәні бола беріңіздер! Әдемі болыңдар, әсем болыңдар! Ақылды болыңдар! Сұлу да сымбатты болыңдар! Саналы болыңдар! Қыздар ұйқышыл болмаңдар, ұмытшақ, ұрысқақ болмаңдар!
Инабатты, ілтипатты, ұйымшыл болыңдар! Тәуелсіз еліміздің ертеңгі тұтқасы – сендерсіңдер!

 

Құрметті, ұстаз, қыз тәрбиесі туралы ой бөліскеніңізге рахмет. Сізге шығармашылық табыс тілей отырып, сіздің құрметіңізге арналған әсем күйді тыңдауды ұсынамыз.

 

Қыздар! Өздеріңді алақанға салып әлпештеп отырған осынау бір елімізге адал перзент,асыл азамат боламын десеңдер, еңбекшіл болыңдар! Әдемі болыңдар, әсем болыңдар! Ақылды болыңдар! Сұлу да сымбатты болыңдар! Саналы болыңдар! Қыздар ұйқышыл болмаңдар, ұмытшақ, ұрысқақ болмаңдар!
Инабатты,ілтипатты,ұйымшыл болыңдар! Тәуелсіз еліміздің ертеңгі тұтқасы – сендерсіңдер!

 

 

 

 

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Сценарий "Қыз намысы-ұлт намысы""

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Инструктор по туризму

Получите профессию

Экскурсовод (гид)

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 664 948 материалов в базе

Скачать материал

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 10.04.2017 10631
    • DOCX 41 кбайт
    • 467 скачиваний
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Ылясов Ербол Усенович. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Ылясов Ербол Усенович
    Ылясов Ербол Усенович
    • На сайте: 8 лет и 1 месяц
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 26399
    • Всего материалов: 10

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой